Қызылорда облысының суармалы егістік жерлерінің орнықтылығы


МАЗМҰНЫ
1. 2.
1. 3
Геология және гидрогеология. Топырақтардың қасиеттері
Су көзінің көрсеткіштері
2. 3
2. 3. 1
Егіс алқабындағы мелиоративтік жағдайдың заңдылықтары
Аймақтық мелорациялық баға, мелоративтік аудан
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаға антропогендік жүктеменің өсуі бірінші орынға оны қорғау мәселелерін тудырады, ал шаруашылық айналымға көптеген мөлшерде табиғи ресурстарды қолдану немесе енгізу, оларды тиімді пайдалану қажеттігін алға қояды. Мұндай күрделі жағдай Сырдария өзені бассейнінде де қалыптасты. Соңғы жылдары бұл аумақта сушаруашылығы жағдайының қиындығы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы халықты сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсті, аумақтың экологиялық жағдайын күрделендірді, адамдардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын нашарлатты. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бойынша суармалы егістікте жұмыс атқаратын адамдарда өзен суымен жұмыс атқармайтын халықпен салыстырғанда аскаридоз ауруымен ауырудың жоғары деңгейде өсу тенденциясы анық байқалады.
Сырдария өзенінің төменгі ағысында жерлердің табиғи құрғауы мен тұз-дануы, аң және өсімдік әлемінде экологиялық жүйенің терең тозуы анықтал-ған. Грунт сулары деңгейінің төмендеуі фауна мен флораға қатты әсер етеді.
Біздің уақытымызда адамның табиғатқа әсері геологиялық өзгеру элементтерімен теңесуде. Агроөндіріс кешенінің тармақтарын жылдамдату, ауыл шаруашылығын химиялау, мехнанизациялау көлемі мен жылдамдығы табиғи қоршаған ортаға қысымның ұлғаюына әкеліп соқты. Соңғы 30-40 жылда еліміздің егіспен, жер өңдеумен айналысатын аудандарда топырақ қарашірігінің 1/3 жоғалды. Мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі төмендеді, егіс алқаптарының шайылған минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың көп бөлігі су көздерін ластады. Соңғы 25 жылда халық шаруашылығында топырақ өңдеу және басқа салаларында дұрыс жүргізілмеуінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына 552, 6 млн АҚШ доллары көлемінде материалдық шығын келтірілді.
Аймақ үшін маңызды мәселелердің бірі болып тоғайларды сақтап қалу міндеті қойылады. Соңғы ширек ғасырда Сырдария өзені аңғарында 34 мың га тоғай, 470 мыңга жуық сексеуіл және басқада өсімдік түрлері жойылды. Ауыз судың сапасы бірталай нашарлады, өзенге улы төгінді және кәрізді-дренаждық сулар тастау тыйылмады. Бұл өз кезегінде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы гидрохимиялық режимді нашарлатты.
Осыған байланысты өзенді ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген Сырдария өзенінің төменгі ағысында су сапасын сақтай отырып, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселелері өзекті маңызға ие болды. Мұндай жағдайды қарастыру су көз-дерін ластаудан қорғау, суармалы суды үнемдеу, егіс алқаптарын тыңайтқыш элементтерімен қамтамасыз ету, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері шешіледі.
Қазіргі кезде Отандық және шетелдік ғылымда ауыл шаруашылығына берілетін суды тиімді және ұтымды пайдалану концепциясын құруға көпте-ген талпыныстар бар. Бірақ, оларды Сырдария өзенінің төменгі ағысына қол-дану табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты мүмкіндік түдырмайды. Сондықтан, қойылған қойылған мақсатқа жету үшін нақты топырақ-климат-тық жағдайларды, өзен суының гидрохимиялық құрамын ғылыми негізділі-гіне, егілетін дақылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егістік жүйесін-де ауыл шаруашылығы дақылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егіс-тік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару технологиясы, топырақ қасиетінің және құрамының өзгеру факторлары, және өнім сапасына көңіл бөлу керек.
Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарынан өнімі оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесін суды егіске пайдалану ма-ңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Осының барлығы тақырып өзектілігінің негізгі дәлелі.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеулер негізінде аймақта Сырдария суын тиімді пайдалану жөнінде іс-шаралар анықталады.
Міндеттері: Зерттеулер міндеттеріне суармалы жүйенің қазіргі жағ-дайын талдау, суармалы жүйенің пайдалы әсер коэффициенттін анықтау, су-ды пайдалану жумыстарының кемшіліктерін анықтау, суды тиімді пайдала-нуды қамтамасыз ететін әдістер анықталады.
Зерттеу нысаны: Зерттеу нәтижелері суармалы жүйенің тиімділігін арт-тырады. Судың шығыны азаяды, қоршаған ортаға салмақ болып келген мелиоративтік жүктеме төмендейді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Аталған аймақта егіс алқаптарында суды тиімді пайдаланудың ерекше жолдары мен әдістері ұсынылады.
- ОБЛЫСТЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРГЕ ӘСЕРІ
- Облыстың географиялық орны және климаттық жағдайы
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысы-ның байтағы 228, 1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3, 9 пайызы тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2, 7 адамнан келеді.
Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстік шығысында - Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысында - Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдармен қоса 28, 5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық кө-лемінің 11, 8 пайызы. Оңтүстігінде - Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде - Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.
Арал теңізінің құрғау нәтижесінде аймақтың климаты нашар жағына қарай біраз өзгергені белгілі. Бұл ұзақ жылдар бойы ауа ылғалдылығының төмендеуі, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түсуінің төмендеуі байқалады. Осының бәрі топырақ пайда болу процесінде біраз өзгерістер тудырды, екпінді шөлейттену және тағы басқалар байқалады. Сондықтан, аймақтың климаттық жағдайларына біршама бағалаулар беру қажеттігі туындайды. Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәлі-меттер баршылық болғанымен, олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зеріттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша, Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады (Боровский, Погребинский, 1958ж. ) .
Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпа-лымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы - қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәуілік, ай жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқал-майды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта темпера-турасы +25 о - 28 о . Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 - 47 о . Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, об-лыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы - 13, 4 о , ал оңтүстігінде «Аққұмда» - 6, 8 о десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6, 6 о С.
Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік тем-перетура 40 - 45 о -қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі темперетураның айырмасы - 85 - 90 о С.
Ауаның тәуіліктік орта температурасы 0 о - тан жоғары болатын күннің саны 235-275. Ол 23 ақпан - 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 - інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі - құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 пайызы қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігініде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2, 5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатты.
Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3, 1-ден 6, 0 м/с. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Аал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айла-рында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-түлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.
1. 1-кестеден көретініміз, Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде аймақтың климаты тез өзгерген. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының орташа мәні 2-6 пайызға төмендеген, жауын-шашын 10-15 мм-ге төмендеген, желді күн-дер саны көбейген, қыстың аз қарлылығы қалыпты жағдайға айналған.
Қызылорда метеорологиялық станциясында тіркелген негізгі метеорологиялық параметрлер
1. 1-кесте
Облыс байтағының басым дені құмды және сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Ве-гетация кезіндегі жылу мен ылғадың көрсеткіштеріне орай, облыстың терри-ториясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс терри-ториясында вегетация кезінде +10°-тан жоғары болатын темпуратураның жинағы 3400-4300° аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді:
- Ыстық аудан - жылудың (+10°-тан жоғары) жинағы - 3400-4000°;
- Өте ыстық - 4000-4300°;
- Сырдария өңіріндегі агроклиматтық өңір;
- Тау бөктері.
Сонымен қатар топырақ жағдайына байланысты тағы екі ауданға бөлінеді, барлығы 4 агроклиматтық аудан. Олардың қысқаша сипаттамасы.
1. Өте құрғақ ыстық агроклиматық ауданға кіретін әкімшілік аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы, (орталық бөлігін қоспағанда), Қармақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөлігін қоспағанда) Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданының орталық бөлігі. Аталмыш ауданда температураның жинағы 3400-4000°.
Ауаның температурасы +10°-тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орта темпе-ратура +25-27°. Қаңтар айында - 9-13°. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері - 115-130 мм. Қар желтоқсанның екінші онкүндігінде жауады, қа-лыңдығы 10-25см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа райы қолайлы.
2. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан - негізгі егіншілік аймақ. Ол не-гізінен Сырдария өзенінің бойына орналастырылған. Бұл Арал әкімшілік ауданының шағын ғана оңтүстік батыс бөлігі және Қазалы, Қармақшы, Жа-лағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудадарының ор-талық бөлігін қамтиды.
Ауаның +10°-тан жоғары температурасының жинағы 3600-4200°, ал мез-гілдің ұзақтығы 180-200 күн. Жазы ыстық, ұзақ, шілдеде орта температура-6, 5-11°. Жауын-шашын аз жылына -35-75 мм. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15 см қар жауады, ол 1, 5-2, 5 ай бойы жатады. Бұл ауданда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі (күріш, жеміс-жидек, жүзім, көкөніс, бақша) .
- Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік ауданда-рының оңтүстік жағын алып жатыр. Ауаның температурасы +10°-тан жоғары болатын жылу жинағы - 4000 - 4300°С. Осы кезеңнің ұзақтығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді. Оның ұзақтығы 180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жаз өте ыстық. Шілдеде орта температура +27-28°С. Жаз айларында Иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның темпера-турасы +45°-қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс - бақшада көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда жауады, жылдық нормасы - 35 - 60 мм. Қыста қар жоқ, жаусада тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.
- Тау бөктерінде құрғақ агроклиматтық ауданда +10°-тан жоғары, тем-ператураның жинағы -3700-3500°. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорған мен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін камтитын оңтүстік шы-ғыс бөліктері кіреді. Ауаның температурасы +10°-тан жоғары болатын мау-сым-сәуірдің ортасында басталып 185-188 күнге созылады. Қазанның бірінші он күндігінде егінді суық ұрады. Жылдық жауын шашын 75-125мм. Қыста жауатын қардың калыңдығы 20-25см, ол 65-70 күн жатады. Климат көптеген жылу сүзгіш дақылдар егуге қолайлы. Бұл ауданда суармалы егіншілікпен қатар азын-аулақ тәлімі егіншілік бар.
1. 2. Геология және гидрогеология. Топырақтардың қасиеттері
Облыс аумағының топырақ жыныстары құрамының геологиялық және литологиялық құрылысы 4 литологиялық аудан көрсетілген геологиялық-литологиялық картаның негізінде суреттеледі:
І. Литологиялық аудан - құмдақ линзалары араласқан саздақтармен құралған көлемі жағынан айтарлықтай үлкен емес жер аумағы алып жатыр. Бұл қабаттың қалыңдығы 0, 0-1, 0 м. Бұдан төменірек зерттелген тереңдік - 7, 50 м. көрсеткішінде шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар жатыр.
II. Литологиялық аудан - ең кең таралған жер аумағы. Негізінен саз-дақтардан, құмдық линзалары араласқан саздан құралған, қабаты 1, 0-2, 0 м. Одан төменірек -7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар, кейбір жерлерде бұл құмдар саздақ немесе сазбен араласып жатады.
III. Литологиялық аудан - солтүстік батыс және шығыс бағытында жер аумағын алып жатыр. Саздақ, құмдақ линзалары араласқан сазбенен құрал-ған, қабаты 2, 0-3, 0 м. Одан төменірек 7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар алып жатыр. Кейбір жерлерде бұл құмдар саздақтармен араласып жатыр.
IV. Литологиялық аудан - негізінен жер аумағының солтүстік және ба-тыс бөліктерінде таралған. Саздақтармен, құмдақ линзалары бар саздан құ-ралған, қалыңдығы 3, 0 м-ден асады. Одан төменірек 7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар жатыр.
Аэрация аймағындағы топырақтардың гранулометрикалық құрамы жә-не суландырылуы лабораториялық жағдайда бұзылған структуралы 42 үлгісін зерттеу арқылы анықталады. Сазды бөлшектер (d<0, 001мм) . Кесінді-лерден көрініп тұрғандай саздар пласт тәріздес қабаттар мен линзалар түрінде жайылған қабат қалыңдығы 0, 0-2, 0 м болады.
Пайызбен бергенде фракциялардың құрамы мынадай: Төменгі көрсеткіш- жоғарғы көрсеткіш
Сазды бөлшектер (d<0. 0001м. )
Шаңды бөлшектер (d 0, 001-0, 05мм)
Құмды бөлшектер (d<0. 05мм. )
Саздақтар. Пласт тәріздес қабаттар түрінде жайылған. Қабат қалың-дығы 0, 0-ден 3, 0- ге дейін ауытқиды. Пайызбен бергенде фракциялардың құрамы келесідей:
Сазды бөлшектер (d <0, 001мм)
(59, 23-21, 29) /43, 4
Шаңды бөлшектер (d 0, 001-0, 05мм)
Құмды бөлшектер (d >0, 05мм)
Құмдақтар. Пласт тәріздес қабаттар мен линзалар түрінде жайылған. Олардың қалыңдығы 0, 0-ден 1, 5м-ге дейін ауытқиды. Процентпен бергенде фракциялар құрамы келксідей: төменгі көрсекіш-жоғары көрсеткіш орташа-сы.
Сазды бөлшектер (d<0, 001мм) 14, 3
Шаңды бөлшектер (d0, 001-0, 05мм) 85, 6
Құмды бөлшектер (d>0, 05мм) 0, 1
4. Құмды топырақтар - лабораториялық талдаулар көрсеткендей, аэрация жә-не суға қанған қабат аумағында шаңды және ұсақ түйіршікті құмдарға жата-ды. Қабаттың қалыңдығы 0, 0-ден 6, 0м-ге дейін ауытқиды. Гранулометриялық құрамы 2- кестесінде көрсетілген.
Жоба мәліметтері бойынша бұл жер үшін сүзілу коэффиценті келесідей:
- Саздар үшін -0, 1-0, 2 м/тәу;
- Саздақ үшін -0, 35 м/тәу;
- Құмдақ үшін -0, 5-1, 0 м/тәу;
- Шаңды топырақ -1, 0-2, 0 м/тәу;
- Ұсақ түйіршікті топырақ -4-6 м/тәу.
Құмды топырақтардың гранулометриялық құрамы төменде 1. 2-кесетеде берілген.
Құмды топырақтардың гранулометриялық құрамы
1. 2- Кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz