Мақал - мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

logo1.png

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ағылшын, орыс, қазақ мақал-мәтелдерін ағылшын тілін оқытуда салғастырмалы түрде қолдану

Орындаған: ИЯ-23 тобының студенті Қалдыбаева А. А

Тексерген: аға-оқытушы, магистр Насимуллина А. Б

Орал қаласы, 2020 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР - ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАНРЫ

1. 1 Мақал-мәтелдердің шығу тегі . . . 6

1. 2 Мақал-мәтелге жалпы сипаттама, ортақ тұстары және айырмашылықтары . . . 8

1. 3 Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары . . . 12

1. 4 Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдерінің мағыналық ұқсастығы . . . 13

II. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА САЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНУ . . . 16

2. 1 Мақал-мәтелдерді дыбыстардың айтылу дағдыларын дамытуда

қолдану . . . 18

2. 2 Үш тілдегі мақал-мәтелдерді лексиканы оқытуда пайдалану . . . 19

2. 3 Үш тілдегі мақал-мәтелдерді грамматиканы оқытуда

пайдалану . . . 21

III. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

ҚОСЫМШАЛАР . . . 28

КІРІСПЕ

Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шет тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кездегі жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктерге сай осы заманғы білім беру жүйесі қажет. [1: 56] Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімді, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және тәрбилі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді меңгеруі тиіс.

Курстық жұмыстың өзектілігі. ЮНЕСКО XXI ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін, өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін біліп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеріп, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныс болуы тиіс. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде, шетел тілінің лексикасымен таныстырып, меңгертуде оқу-тәрбие процесін қызықты, ұтымды және ыңғайлы қылу үшін, үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануды ұсынамын. Сондықтан да бұл жұмыс қазіргі уақытта ағылшын тілін оқытуда өзекті мәселелердің бірін құрайды.

Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.

Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік проблемалардың бірі - мақал-мәтелдер болып табылады. Оның себебін тілдің фразеологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, "сәтсіздіктерге" ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, оңдағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық, ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.

Бұл жұмыста шетел тілін меңгертуде үш тілдегі мақал-мәтелдерді салғастырмалы түрде қолдануды ұсынамын. Мақсатым - қазіргі заман талаптарына сай келетін, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолданудың әр түрлі әдістерімен таныстырып, салғастыра отырып, оқу-тәрбие процесінде мақал-мәтелдердің маңыздылығы мен ұтымдылығын көрсету. Бұл жұмыс тек қана өзінің теориялық құндылығымен ғана пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар ағылшын тілі сабағындағы практикалық күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі деген үміттемін.

Курстық жұмысымың зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс барысында салыстырмалы, салғастырмалы, ғылыми талдаудың этнолингвистикалық, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.

Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердiң ерекше қасиетi көлемiнiң шағындығы, мазмұнының кеңдiгi, тiлiнiң өткiрлiгi, мағынасының тереңдiгi. Әрi ол барлық халыққа әсерлi, жалпы адамзатқа ортақ, көңiлге бөлекше қонымды, ұтымды келедi. Негізінде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса, кемімейді. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну - бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi. Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi - тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын мақал-мәтелдерін үйрету негiзiнде балаларды тек ағылшын және көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

I. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР - ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАНРЫ

1. 1. Мақал-мәтелдердің шығу тегі.

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi - мақал-мәтелдер.

“Мақал-мәтел - сөз мәйегі”, “Мақал - сөздің мұнарасы” деп, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда Ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі - мақал-мәтелдер баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Мақал-мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал - үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз. [2:89] Мәтел - тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.

Мақалдар - нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен ( көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың негізі), екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады ( «Тазалық бар жерде денсаулық бар», «Чистота - залог здоровья», «If each would sweep before his own door, he should have a clean city») . Тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Денсаулық - зор байлық», «Здоровье дороже богатства», «Good health is above wealth») . Мәтелдер тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданылады. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған мақалдар мен мәтелдер өте көп. «Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Бұл мақалдың авторы Абай Құнанбаев. [3: 46] . Бұндай мысалдарды ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерден де келтіруге болады. «The wish is father to the thought» ойын ең бірінші рет Юлий Цезарь айтқан. Уақыт өте келе бұл мақалдарды халық қолдана бастады. [4: 123] .

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің шарықтау кезеңі Шекспир заманына тура келеді. Шекспирдің, яғни онымен айтылған мақалдар Тәураттан кейін екінші орында. Оның мақалдарының кейбіреулері түп нұсқасында сақталған. Мысалы, «Brevity is the soul of wit», «Sweet are the uses of adversity». Басқалары оның сөздерінің бейімделуі болып табылады. Мысалы, «A rose by any other name would smell as sweet». Яғни мақал-мәтелдердің қайнар көзі әдеби және халықтық болып табылады. Бұл мақал-мәтелдермен қатар ағылшын мақал-мәтелдерінің қайнар көздерінің бірі - басқа тілден келген мақал-мәтелдер. Бұнда да мақал-мәтелдердің шығу тегі туралы сұрақ күмән тудырады. Өйткені, мақал ағылшын мақалы болудың алдында, латын, француз немесе неміс тілдерінде болса, бұл мақалдың бұрын басқа тілдерден енген болуы мүмкін. Мүмкін, бұл мақал жазылып алғаннан бұрын ағылшын болған шығар. Сондықтан да мақал-мәтелдің шығу тегіне байланысты мәліметтерге толығымен сенімді бола алмаймыз.

Кейбір басқа тілден енген мақал-мәтелдер Англияда толығымен ассимиляцияға түсті, бірақ көбі бұны істей алмады. “He gives twice who gives quickly” мақалының қандай латын мақалының негізінде пайда болғанын ойлап табу қиын емес, бірақ “Through hardship to the stars” мақалы оғаштау естіледі және де латын “Per aspera ad astra” мақалына қарағанда, мақалға да ұқсамайды. Бірақ басқа тілден енген мақал-мәтелдердің көбі түпнұсқасында сақталған.

Мысалы: Noblesse oblige.
In vino veritas.

Тәураттан енген мақал-мәтелдер де басқа тілден енген мақал-мәтелдер болып саналады, өйткені Тәурат ивриттан аударылған, оның дана ойлары ежелгі еврей қоғамының өмірін бейнелейді. Ертеде Тәурат өте көп оқылған еді, сондықтан да оның нақыл сөздерінің көбі қоғам санасына сіңгені сонша, тіпті қазіргі кезде кейбір мақал-мәтелдердің қайнар көзі. Тәураттан деп те ешкім ойламайтын шығар. Соған қарамастан Көптеген ағылшын мақалдар толығымен Тәураттан алынған, мысалы:

You cannot serve God and mammon.
The spirit is willing, but the flesh is weak.

Әдеби шығармалардың көптеген сөздері кей-кезде мақалдар ретінде қолданылады, бірақ олар мақалға айналмайды немесе мақал мен цитатаның арасында жарты жолда қалады. Оларға мыналарды жатқыза аламыз, мысалы:

The wages of sin is death (Romans) .
No man but a blockhead ever wrote except for money (Samuel Johnson) .

Солай мақал-мәтелдерге жылжу тән, олар әрқашанда қозғалыста. Оларға әрқашан ескіргендер де қосылады. Әрқашан жаңа мақалдар қосылып, біреулері ескіріп, қолданыстан шығады. [ 5: 99] .

1. 2 Мақал-мәтелге жалпы сипаттама, ортақ тұстары және айырмашылықтары.

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, . Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. Б. Кунин, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады [8: 93] .

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Appearances are deceptive" (сөзбе-сөз ауд. : келбет - алдамшы), "Better late than never" (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялык емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды[9: 46] .

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі
кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші
жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек
халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған.

Тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешіліктерін саралауға бағытталса, Ә. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық, мәдени компоненттерін анықтайды.

Мақал-мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі. Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шықты.

Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында ғана зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Менің пайымдауымша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының нәтижелері тіл білімін теориялық тұрғыдан толықтыра, жетілдіре түсері даусыз.

Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түп деректігі қалтықсыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б. Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде, аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кен қолданыс тапқаны байқалды:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін аш" Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.

Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты; Қайда барса Қорқыттың көрі, Аяз би.

Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең, кесек туындыларымен ерекшеленетін дарынды ақын-жазушылардың, дара тұлғалардың көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніп, тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың. ( Ыбырай) ; Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле (М. Әуезов) ; Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ. Мұстафин) т. б. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көпшілігі тарихтың терең кат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап Інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, Інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің түпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: " You cannot serve God and mammon" (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен байлыққа бірдей кызмет ете алмайсың) ; " A soft answer turneth away wrath " (c. c. a. : Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т. б.

1. 3 Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары.

Тіл білімінде мақал-мәтелдерді топтастырудың бірнеше принциптері бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басты әрпі негізге алынады. Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлылығымен, ал кемшілігін басқа әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің әр басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Мұзафар Әлімбаевтің халық ауыз әдебиетін аудару тәжірибесі мен сапасы
Қазақтың шешендік сөздері
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану
Мақал - сөздің мәйегі
Мақалдар мен мәтелдер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz