МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Эмоция адамның айналасындағы өмір шындығы және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады, және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қою.
Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте ақыл-парасат иесінің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олардың ең бастылары: торығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахаттану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т. б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге де ұласуы ғажап емес.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ. Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады. Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі».
Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың жағымды, жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді тәрбиелеу қажеттігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде баса айтады. Қорқу сезімі - адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады, - деп оның терең талдай отырып, бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі - баланың қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз - деген тұшымды ой айтады. Алдымен баланың қорықпауына мән беру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге бара алмайтындығымен түйіндейді. Мектепке дейінгі кезеңнің эмоционалдық реакциясына қарқындылық пен тұрақсыздық тән. Бұл жаста балалар өздерінің эмоцияларын еш қымсынбастан көрсетеді, олар қуаныштан секіріп, шауып жүгіруі немесе ашу ұстамасында еденге өзі құлауы да мүмкін. Қанағаттанбауды білдірудің әлеуметтік тұтынушылық әдістерін меңгермей жатып, олар ашуланып, кейде тістеп, тырнап немесе төбелесе бастауы да мүмкін. Ашуды көрсетудің физикалық әдістері көбіне ұлдарға тән. Дегенмен балалардың ашу реакциясы ересек жастағы балаларда байқалатын ұқсас реациялардан ерекшеленеді. Ол қандай да бір тура ынтаға атылғыш, көндіксіз, қысқа реакциялар болуы мүмкін. Жас балалар арасындағы жанжалдар мен ұрыстар жиі болып отырады және, негізінен қайсыбір нәрсені меңгерудегі таластың нәтижесі болып табылады. Алдын-ала ойластырылған және жоспарланған қарым-қатынастар уақыт өте дамиды, ол баланың өзінің энергиясын белгілі мақсатқа бағыттау қабілетінің өсу деңгейіне байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңында ойынды жоспарлаудағы ойлары мен қызығушылықтарының қиылыспауы ұрыстардың салмақты себебі болып табылады. [1]
Мектепке дейінгі балалық шақ - денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы адамның өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар-бұл кезде бала айналасындағы ересектерге, яғни ата-аналары мен ұстаздарға тәуелді. Келеңсіз жағдайлар, жүрiс-тұрыс, әлеуметтiк және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей әсерін тигізеді.
Баланың іс-әрекетін сипаттайтын ең маңызды салалардың бiрi-негiзiнде нормалар және ережелердiң меңгеруi оның әлеуметтiк дамытуы болып табылады: бiр жағынан, баланың заттық әлемнің қағидаларын түсінуі қажет. Екінші жағынан - адамдарға деген қарым - қатынастың ережесi. Бұл процессте баланың мінез - құлқының эмоционалды күйзеліске ұшырауы ата - аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін. Мiнез-құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен - аналық қатынастардың бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар негативтi факторлардың бiр қатарының әсерiмен бiрақ балада әлеуметтiк - эмоцианалды сәтсiздiктiң белгiлерi қалыптасады. Орынсыз терiс эмоциялар болады, жеке организмнiң дамуының процессiне кері әсер етеді. Демек, педогоктар мен психологтерiнiң алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамда және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезiмiнде елең ету (оған көмекке келу, қуану және қайғыру) . Өз эмоцияларымен басқара білу - мектепке дейiнгi жастағы балалардың ең басты жетістігі. . Сондықтан эмоцияналдық функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп аталады және соған еріксіз түрде айналады. Л. С. Выготскийдің айтуынша мектепке барғанша баланың эмоцианалды - реакциялары баланың мiнез - құлығына тiкелей үстемшiлдiк етуін жоғалтады. Сәби өз эмоцияларымен басқаруды үйренедi. ” Бұл, алайда, мектеп жасына дейінгі мерзiмнiң соңғы кезінде қызу өмiрдiң жеткiлiктi тәжiрибесiмен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкiн. Ұлы педогоктардың пiкiрiнше, м. ж. д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. М. ж. д. баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп - қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл - күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді. Міне осыған орай м. ж. д. баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады. Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ сәбидің әлеументтік - эмоцианалды дамуы ол м. ж. д баланың өте күрделі социализациялық мәселесі. “Социализация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың жүйелері.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі мектепке дейінгі мекемелерде балалардың эмоциясы мен сезімдерін дамыту. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларда жағымды эмоцияларын қалыптастыру.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезім мен эмоционалдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін зерттей отырып, тұлғаның сезім мен эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелерін қарастыру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын және мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуын сипаттау;
- мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық сферасын дамыту психологиялық-педагогикалық эксперименттінің нәтижелерін талдау.
Зерттеу жұмысның базасы: Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №17 "Көктем" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімі мен эмоциясы.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.
Зерттеу мәселесінің деңгейі: мектеп жасына дейінгі балалардың сезім мен эмоциясы.
Зерртеу жұмысының болжамы: Егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сезімі мен эмоциясын дамыту негіздемесі жасалса, онда бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардың сезімі мен эмоциясын дамытуда психологиялық зерттеу жұмыстары, зерттеу барысында пайдаланылған әдістемелер қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын болады.
Зерттеу жұмысының әдістері: әңгімелесу, анкеталы, тренинг, әдістемелер қолдану арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы: Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың сезімі мен эмоциясы дамытылуда және де психологиялық зерттеу жұмыстарын пайдалануға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімі мен эмоциясын дамыту барысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер балалардың дамуына, қалыптасуына әсер етті.
Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың сезім мен эмоциясын дамыту туралы. Сезім, эмоция ұғымдарының пайда болуы. Жалпы эмоция мен сезім туралы түсінік, эмоция мен сезімнің адамда пайда болуы мен дамуы туралы. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері, мектеп жасына дейінгі балалар бойындағы физиологиялық сезім мен эмоцияның ерекшеліктері туралы жалпы мәліметтер. Балада эмоциялар мен сезімдердің қалыптасуы, дамуы. Бала бойындағы эмоция мен сезімнің қалыптасуын зерттеген ғалымдардың ой-пікірі, зерттеу жұмыстары.
Екінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық көңіл күйін анықтау, белгілі ғалымдардың бала көңіл-күйін анықтаудағы зерттеу жұмыстары мен ой - пікірлері. Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды сезімдерін дамыту. Өзім зерттеу жұмысы бойынша жүргізген зерттеу жұмыстары мен нәтижелері.
Қорытынды жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша мәліметтерден, алға қойған талаптардың шешімінен және ұсыныстардан тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде тaқырыпқa бaйлaнысты психологиялық, педaгогикaлық және әдістемелік әдебиеттер тізімі беріледі.
Диплом жұмысы 4-суреттен, 1-кестеден, 4-диаграммадан, машинамен терілген 61 беттен тұрады.
I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ
1. 1 Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері - қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т. б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс . «Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі - эмоция - жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. 6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін. Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет. Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсріне, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді. Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. [2]
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін- «сезім» немесе «эмоция» деп атайды. Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз - «еңбек, оқу, ойын», оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады. Тұрмыстағы жай сөздерде «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, «мен қорқынышты түйсінемін», «ауырғанымды сезіндім» дейміз, оны дұрысында: «қорқынышты сезіндім», «ауырғанымды түйсіндім», - деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен кұбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын керсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, кажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Эмоциялар мен сезімдер: 1. Эмоция адамның турлі органикалық, қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы. Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын тұрақты процесс. Достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса коймайтындығы белгілі. Бұларға жалпыламалық сипат тән. Мәселен, ата-ананы, атамекенді, Отанды сүю секілді патриоттық сезімдер.
2. Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz