Жазылу тілінің бұзылу себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бөлім: Тіл бұзылуының түрлері және оларды түзету

Тақырып: Жазбаша тілдің бұзылуы

Үйге тапсырма:
1."Жазбаша тілдің бұзылу" тақырыбында презентация жасау

Сілтеме:
1. Основы логопедической работы с детьми). Т.В. Волосовец Основы логопедия с практикумом по звкопроизношению.
2. Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ., Логопедия - Алматы, 1996.
3. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж
4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. -- М., 1968.- С. 7 30.
5. Правдина О. В. Логопедия.-- М., 1973. С. 5-20.
6. Дербисалова Г.С. Логопедия бойынша арнаулы курс: Оқу құралы. Қарағанды. ЖШС "Medet Grour", 2019 -220 б
7.Основы логопедической работы с детьми (25-106 беттер).
8.Шабанова "Логопедия негіздері" (32- 34 беттер) .

Дәріс:
1. Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазба тілдің бұзылуы болады. қандай бала болмасын ешуақытта бірден жазып, оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды-көпті қателіктер жібереді. Бірақ бұл жерде табиғи және заңды қателіктер туралы емес, керісінше патологиялық қателіктер туралы сөз болғалы тұр. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында -ақ қажетті сөздік қорларын игергендіктен, сөйлеу тілдерінің грамматикалық түрлерін меңгергендіктен, сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындығына дайын екендігі белгілі. Алайда сөйлеу тілдерінің әртүрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеулетіп артта қалып қояды. Жазу патологиялары (аграфия) дислексия және дисграфия деген термин сөздермен аталады.
Дисграфия гректің dis- қосымшасы бұзылу ұғымын білдіреді, ал grarho - жазамын деген сөзіне қосылады да жазудың ерекше кемістіктері деген ұзымды білдіреді. Ал дислаксия оқудың ерекше кемістіктері деген ұғымды білдіреді. Қазіргі уақытта балалардың оқу мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық, лексико-грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамуының салдарынан жиі болатыны айқындалды.
Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің III деңгейінде пайда болады, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлерінде (I II деңгейлеріндегі) оқуы мен жазуды меңгеру мүмкін емес. Мұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.
Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді.
Жазу-бұл графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас жасаудың ерекше түрі.
А. Р. Лурия оқу импрессивтік сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады. Дегенмен, екеуінің арасында айырмашылықтар болады:
- ауызша сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста қалыптасады;
- ауызша сөйлеу тілі үлкендермен қатынас үдерісінде пайда болса, жазбаша сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады;
- жазбаша сөйлеу тілінде күрделі пунктуациялық ережелер жүйесін қолданады;
- жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас түрлері (мимика, жест, т.б) қолданбайды;
2. Дислексияның түрлері.
Фонематикалық дислексия. Оқығанда балалар акустикалық ұқсас дыбыстар мен әріптерді алмастырып, орындарын ауыстырып, әріп пен буындарды оқымайды.
Оптикалық дислексия, көргенді қабылдау, көргенді еске сақтау негізінде болады.
Семантикалық дислексия. Бала оқығанда сөйлемдегі сөздердің байланысы анық болмайды.
Аграмматикалық дислексия. Бала оқығанда жақтан, септіктерден қателіктер жібереді.
Мнестикалық дислексия. Бала оқығанда сөздегі әріптердің тәртібін бұзады.
3.Дисграфия түрлері:
1Акустико-артикуляциялық дисграфия. Оның негізінде дыбысты дұрыс айтпау, қате айтуға сүйену. Ауызша тілдегі дыбыстарды айтпай кету және сәйкес дыбыстармен орын ауыстыру, әріптерді тастап кету орын ауыстыру.
2.Акустикалық дисграфия. Фонем танудың фонемдік бұзылуларға негізделген. Мұнда ауызша тілде дыбыстар дұрыс айтылады, ал әріптерді жазғанда олар акустикалық белгілер бойынша ауыстырылады.
3.Тіл талдау мен жинақтау негізіндегі бұзылу дисграфиясы. Негізінде тіл талдау мен жинақтаудың түрлі формаларының бұзылуы жатады: сөйлемді сөздерге, сөздерді буындарға, фонематикалық талдау мен жинақтауға бөлу жатады.
4.Оптикалық дисграфия. кеңістік түсініктерінің, жинақтау мен талдаудың көру гнозисінің артта қалушылығымен байланысты. Жазуда әріпті қате жазумен ауысыруда көрінеді.
5.Аграмматикалық дисграфия. Аграмматикалық дислаксия факторларына ұқсас.
3. Жазылу тілінің бұзылу себептері.
А.Н. Корнеевтің мәліметтері бойынша, жазу тілінің бұзылуында неғұрлым маңызды рөл жүктілік кезеңіндегі кеш әсер ететін патогендік факторлар жатады. Жазылу тілінің бұзылуына келесі себептер маңызды рөл атқарады:
-тұқымқуалаушылық қиыншылықтар - 45%
- шекаралық психикалық бұзылулар - 60%
-бас миының жарты шарларының қызмет специализациясы
-отбасындағы кемістікке бейімділік: туыстарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Мектепке дейіңгі ересек жастағы СТЖЖ бар балалардың оқу мен жазудың алдын алу және түзету-педагогикалық жұмысының теориялық негізі
Дислексия және кеңістік түсініктердің бұзылысы
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Зияты зақымдалған оқушылардың жазуында кездесетін қателер және сауаттылыққа үйрету жолдары
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Тіл кемістігін топтастыру
Пәндер