МОТОРЛЫ АЛАЛИЯ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бөлім: Тіл бұзылуының түрлері және оларды түзету

Тақырып : Алалия.

Үйге тапсырма:

1. "Алалия" тақырыбында презентация әзірлеу

Сілтеме:

1. Основы логопедической работы с детьми) . Т. В. Волосовец Основы логопедия с практикумом по звкопроизношению.

2. Өмірбекова Қ. Қ., Серкебаев Қ., Логопедия - Алматы, 1996.

3. Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. - М., 1968. - С. 7 30.

5. Правдина О. В. Логопедия. -- М., 1973. С. 5-20.

6. Дербисалова Г. С. Логопедия бойынша арнаулы курс: Оқу құралы. Қарағанды. ЖШС "Medet Grour", 2019 -220 б

7. Основы логопедической работы с детьми (25-106 беттер) .

8. Шабанова "Логопедия негіздері" (32- 34 беттер) .

Дәріс:

1. Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Бас ми қабығының тіл аймақтарының жастайынан зақымдануы әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Статистика бойынша алалия 1% мектеп жасына дейінгі балаларда байқалады. Ұл балаларда қыз балалардан қарағанда 2 есе көп байқалады. В. А. Ковшиков алалияның пайда болуына жатыр ішіндегі патологияға негізделген босану алдындағы бассүйек, ми жарақаттары және асфиксияны жатқызады. Жатыр ішіндегі патология емделмейтін оттегі жетіспеушілікті тудырады, яғни демалу орталығы қызметінің төмендеуі. Алалияға энцефалит, минингит, интоксикация негіз болады, ол ми затының диффузиялық зақымдануына әкеледі. Алалия соматикалық аурулардың әсерінен де болады. Ол орталық нерв жүйесінің жұқаруына әкеледі. Сондай-ақ тұқымқуалаушылықта алаияның пайда болуының бір себебі.

Алалияның екі формасы бар: сенсорлық және моторлық. Сенсорлыққа тіл-есту анализаторларының орталық бөлігінің толымсыз жұмысы жатады. Баланың физиологиялық естуі сақталған, бірақ акустикалық дыбыс сигналдарын сараптауға қабілетсіз, соның негізінде тілді түсінбеу жатады. Моторлық алалия негізінде тіл қозғау анализаторларының аналитико - синтетикалық қызметінің бұзылуы жатады. Моторлы алалияның екі түрі бар: афферентті және эфферентті. Афферентті алалияда бала жеке дыбысты айта алмайды, қажетті артикуляциялық тұрысты табуда қиналады. Эфферентті моторлы алалияда бала бір артикуляциядан екінші артикуляцияға көшуге қиналады, тілдің бір қалыптылығы бұзылады.

Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамуымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау мағынаны білдіреді. Одан ары бала сөйлеуді меңгергеннен кейін де қиындықтар туындайды: сөздік қорды жинау баяу жүреді, фразаны құруға қиналады (Ұл сырғанақ шанамен тебеді) . Сөздердің орындарын ауыстырады, қысқартады, бір дыбысты екінші дыбыспен ауыстырады. Тәрбиеші баламен жалпы сабақта көмектесіп қана қоймай аранйы жеке жұмыстарға уақыт бөледі.

Баланың сөздік қоры көбеюуі үшін картиналарды көбірек қарап, серуенде нысандарды атату керек. Бала (20-30) сөзді үйренгеннен кейін байланыстырып сөйлеуге талпындырамыз. Баланың әрбір даму кезеңінде тілдік мүмкіндіктерін білу керек. баладан әлі білмейтін сөздерді айтуды талап етіп қажеті жоқ. Балаларға тілдік материалдарды үйіп-төгіп беруге болмайды, ол баланың кекештенуіне әкеп соғады. Осындай балалармен жұмыс ата-анамен, логопедпен, психоневрологпен бірге істелінеді.

Сөйлеу тіліндегі акаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мақау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз гректің а - жоқ деген мағнада қолданылатынның латынның logos сөйлеу деген ұғымдарын білдіріп, ол бас, ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамымауынан болатын кемістік.

Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.

Алалия кемістігі бар баланың есіту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады.

Баланың мүлде сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Осы жағдай қосымша сипат беретін ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдеуге әкеп соғады. Сөйлеу тілінің шама шарқына, пайда болуына және арнайы оқытудың ықпалымен ой өрісінің кешеуілдеуінің біртіндеп жойылатындығына қарай алалик балалардың олигрофен, яғни ақыл ойы кем балалардан елеулі айырмашылығы бар.

Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу, себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менинко-энцефалиттен, қызамықтан /краснуха/ және жарақаттанудан кейінгі асқыну; бас миының жарақаттан зақымдануы; ісіп қызаруы; ауыр және тез босанудың салдарынан миға қан құйылуы; ұрықтың құрсақтағы даму кезеңіндегі, босану кезеңіндегі, сондай-ақ баланың бір айлығынан жылдығына дейінгі кезендердегі зат алмасуының бұзылулары жатады. /Н. Н. Трауготт, В. К. Орфинская, М. Б. Эйдинова және басқалар/. Сонымен бірге балалардың алалиясы мешелмен қатты ауырғаннан кейін, тыныс жолдарының күрделі сырқаттарынан, өмірінің алғашқы айларындағы ұйқының және тағамның бұзылуынан пайда болуы мүмкін. /Э. Фрешельс, Ю. А. Флоренская, Н. И. Красногорский және басқалар/.

Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі аймағындағы зақымдануын жайылтпаушылық артықшылығына байланысты алалияны қозғаушы моторный және сезгіштік /сенсорный/ деп екі түрге бөлуге болады.

Қозғаушы алалия сөйлеу тілі қимылдарындағы анализатор әрекетінің бұзылуына байланысты, ал сезгіштік алалия сөйлеу тілін есіту анализаторының бұзылуына байланысты болады. Бірақ қазіргі уақытта баланың алалиясының барлық көріністерінің әр алуан түрлерінің бұлай бөлінуі әлдеқашан жеткіліксіз болған.

МОТОРЛЫ АЛАЛИЯ

Моторлы алалия орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай неврологиялық теріс көрініс сөйлеу тілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге зауқының жойылуына және ой өрісі мен психикасының дамуының біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады. Балалардың сөйлеу тілінің белгілі зерттеушісі А. Б. Богданов-Березовский балалардың афазиясы \алалиясы\ салдарынан сөйлеу тілінің барлық қызметтері дертке шалдығатын тек мидың белгілі бір бөлігінің бұзылуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге міндетті түрде жалпы ой өрісінде де бейнеленеді деп көрсетті.

Невралогиялық кемістіктің көрінісі ата-аналардың өзі дімкас және әлсіз баланың асты-үстіне түсіп шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп дұрыс тәрбиелеу алмаулары жиі қосылады. Бұндай балаларға тапсырма берілмейді, талап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан келетін қажетті жеңіл жұмысқа да жуытпай қорғаштайды. Бұндай қолпаштаулар баланың қасарысқан, қырсық, ерке, ашуланғыш қылықтарды жиі көрсетіп, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үлкен зиянын тигізеді.

Бұндай балалар күнделікті тұрмыс тіршілігіне өздігінен көндіріп дағдыланбаған киімін дұрыстап кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ киімінің бауын байлауды білмейді және сол сияқты тағы басқа да өзін күтудің ең қарапайым жеңіл түрлерін орындай алмайды. Бұндай балалардың жалпы қимыл-қозғалысы да бұзылады. Олардың жүрістері қорбаңдап епетейсіз болады, көбінесе тайғанақтап немесе өз аяғына өзі шалынып құлап қала береді, бір аяғымен секіріп және бөрененің үстімен жүре алмайды, музыканың ырғағымен жылжи білмейді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстары да жетілмеген. Бала тілін жоғары көтеріп ұстап тұру, үстіңгі ерінін жағалай жалау, таңдайын қағу сияқты сөйлеу тілі мүшелерінің белгілі бір қимылдарын қайталап орындай алмай, сондай-ақ бір қимылдан екінші қимылға көше алмайды.

Алалик балардың тағы бір ерекшеліктері ықыласпен тыңдау, жадында сақтау жоғары психикалық қызметтері жеткілікті дамыған.

Моторлы алалияға шалдыққан баланың шаршағыштығы ұлғайып, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, психофизикалық жағдайы нашарлайды.

Н. Н. Трауготт алалик балалардың психиялық енжарлығымен, тарқыншақтығымен, ынтасыздығымен ақыл-ойы кем балаларға ұқсағанымен шын мәнінде алалик балалардың ой-өрісінің оларға сәйкес келмейтінін атап көрсетті.

Моторлы алалияның ерекшелік белгісі сөйлеу тіліндегі сөздің бұзылып айтылуының басымдылығы, демек өздігінен қиыстырып сөйлеу мүмкіндігінің күрт төмендеуі болады. Белсенді сөздік қорын, сөйлеу тілінің граматикалық құрамын меңгеру кезінде балалардың қиналатындығы байқалады. Бұндай көрініс сөйлеу тілін толық түсінуінде де байқалады.

Профессор Р. Е. Левиннің сипаттағаны бойынша моторлы алалиядағы сөйлеу тілінің әр деңгейде дамитындығы байқалады. Ол жалпы қолданылатын сөйлеу тілінің мүлде жоқтығынан бастап лексико-граматикалық және фонетикалық элементтері толық дамымаған байланыстарын ауызекі сөйлеу мүмкіншілігін игеруіне шейін ғана.

Сонымен, алалик балалардың сөйлеу тілінің жағдайлары неврологиялық бұзылуының ауырлығына, қарым-қатынастағы сөйлеу тілінің және тәрбиесінің жағдайына, логопедиялық ықпалдың уақытына және ұзақтығына, сонымен бірге баланың психиялық белсенділігі, ой-өрісінің жағдайы және көңіл күйіне, компенсаторлық мүмкіндігіне көп байланысты әр түрлігімен сипатталады.

Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейіндегі алалик балалардың сөйлеу тілін егжей-тегжейлі анықтап білу үшін біріншіден көп уақытты керек етеді, екіншіден өз ісін жақсы білетін тәжірибелі маман болу керек, ал іс жүзіндегі тәжірибесі аз адам қысқа мерзім ішінде жарытып ештеңені біле алмайды. Пайда болған тұлғасыз сөздерден ға-ке \аға келді\ сөйлеу тілінің сүйемелдеуімен ымдау мен дене қимылдары арқылы тура сол мезеттегі жағдайды тікелей түсінуге болады. Дамудың бірінші деңгейінде бала іс-қимылды, оқиғаны немесе тілекті дәл сол мезеттегі көрініп тұрған жағдайға байланысты болмаса жеткізе алмайды, сөйтіп тіл қатынасынан шеткері қалады.

Бала сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейінде өзінің кейбір бақылағандарын айналасындағыдарға қарапайым тілмен пікірін білдіруіне мүмкіндігі болады.

Бала сөйлеу тілі дамуының үшіші деңгейінде айтатын ойын кеңірек, айқынрақ түсіндіруге тырысады. Бірақ байланыстырып сөйлеу тілін талдау кезінде лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық қателері айқын көрінеді.

Жоғарыда көрсетілгендей моторлы алалияда баланың өзіне арнайы айталатын сөйлеу тілін түсінуі бір шама сақталған. Ересектердің ауызша айтқан сөздеріне бірден құлақ асады, жеңіл өтініштерін және тапсырмаларын ықыласпен орындайды. Ата-аналар тәрбиешілерімен және логопедтің қабылдауына өздерінің балалары туралы әңгімелерінде: «Ол бәрін түсінеді, бірақ сөйлнмнйді» дегенді жиі айтады. Бірақ бұндай баларды психолого-педагогикалық бағытта мұқият тексерудің нәтижесінде сөйлеу тілін күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайында түсінуімен ғана шектелетіндігі анықталады. Алалик балалар үшін қиын тапсырма етістікті және зат есімнің жекеше және көпше түрлерін \ «Мен оқығанмын, сендер оқығансыңдар», «Не жүзіп келе жатқанын және нелер жүзіп келе жатқанын айтыңдар»\; етістіктің өткен шағын \оның не істегенін айтыңдар\; лексикалық мағыналардың кейбір түрлерін \ «Көшемен кім келе жатқанын және көшені кім кесіп өткенін айтыңдар»\; заттың кеңістіктегі орнын \ «Қолыңды кітаптың үстіне қой, қолыңды кітаптың арасына қой»\; себеп-салдардың байланысын анықтауын түсінуі болады.

Бұл сияқты тапсырмаларды орындағанда жіберетін қателіктерді балалардың көбінесе нұсқау жасайтын сөздің лексикалық мағынасын бағалайтандығымен, сонымен бірге мағынасын анықтайтын грамматикалық және морфологиялық элементтерді ескермейтіндігмен түсіндіріледі.

Сөйлеу тілін түсінбеуі ұзақ уақытқа созылады, оны жою үшін арнайы оқытуды ұйымдастыру керек. Баланың өзіне айтылған сөйлеу тілін түсінуінің ата-аналар үшін сәтті болып көрінуі әдеттегідей қарым-қатынастағы және күнделікті тұрмыс-тіршілекте қолданып жүрген жаттанды сөйлеу тілдерін түсінудегі дағдылы жағдайлар екені белгілі.

Бірақ сөйлеу тілінің бұл сияқты жағдайы жалпы бала бақшаға барып, оқу-үйрену сабағына толық қатынасып жүрген алалик балаға кедергі жасайды, бағдарламаны меңгеруін көшеулдетеді.

Баланың бұл сияқты өзінің сөйлеу тілінің деңгейі мен мектеп жасына дейінгі мекеменің қоятын талаптарының арасындағы қарама-қайшылық невротикалық әлсіздіктің, қыңырлықтың пайда болуына себепші болады және кейде бұндай бала өзі қатарластарымен және тәрбиешілермен ренжісіп, жанжалдасуға дейін барады. Бұндай қатынастық қиындығының себебін білетін тәрбиеші шыдамдылық және қырағылық көрсету қажет, балалардың сөйлеу тілдерініңі дұрыс айтылуына өнегелікпен жәрдем беру керек, оларды дендері сау қатарластарының жағымсыз қылықтарынан қорғау керек.

Оқу сабағында және оқудан бос уақытта тәрбиеші алалик баланың көшеуілдеуін ескеру қажет, оның дербес ерекшелігіне назар аударып және ол үшін тапсырманың жеңіл түрін іріктеп алу керек.

Моторлы алалик балалардың мағыналы сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт түзетуді талап етеді. Бұл ақаулық арнайы оқытусыз түзелмейді, тәрбиеші қозғаушы алалик балаларды арнайы бала бақшаға орналастыру үшін алдымен логопедтің тексеруіне жіберуі міндетті.

СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар туралы қысқаша мағлұмат
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар
Алалия түрлері
Алалияның пайда болу себептері
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Тіл мүкістіктері бар балалардың сөйлеуі
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz