Петропавл қаласының бағыт желісін әзірлеу


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

«Құқық пәндері» кафедрасы

4 Өндірістік тәжірибе бойынша

ЕСЕП

білім беру бағдарламасы үшін: 5В030100 - «Құқықтану»

тобы: зЮ2-18-к

Студент: Абишев Жалгас Манарбекович

Тәжірибе базасының жетекшісі:

А. Куандыков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы

Тәжірибе жетекшісі:

Кантарбаева Д. Е., «Құқық пәндері» кафедрасы меңгерушісінің м. а.

Петропавл, 2021 ж.

Мазмұны

Кіріспе3

Өндірістік тәжірибенің І бөлімі4

Өндірістік тәжірибенің ІІ бөлімі8

І Тапсырма8

ІІ Тапсырма12

ІІІ Тапсырма13

ІV Тапсырма18

Қорытынды20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі21

Кіріспе

Студенттердің өндірістік практикасы болашақ мамандарды практикалық даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибенің мазмұны білім беру процесінің вариативті бөлігінде қарастырылған талаптарға сәйкес келеді. Өндірістік практика бағдарламасы негізгі оқу құжаты болып табылады, оған сәйкес жоғары оқу орнынан практика жетекшілерінің қызметі жоспарланады және регламенттеледі. Бағдарламада өндірістік практиканың мақсаты, міндеттері мен мазмұны, оны өткізуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар және жұмысты қорытындылау баяндалады.

Өндірістік тәжірибе орны: Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Өндірістік тәжірибенің мерзімі: 2021 жылғы 05 сәуірден бастап 2021 жылғы 08 мамырға дейін.

Жеке жұмыс жоспарының тапсырмалары:

  1. «Құқықтық жүйе. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі. Қазіргі замандағы құқықтық жүйелер» тақырыбына тест тапсырмасын құрастыру;
  2. «Құқықтық қатынастар» және «Құқыққа сай жүріс-тұрыс, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту жолдары» тақырыбына сканворд жасау;
  3. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру» тақырыбына тест тапсырмасын құрастыру;
  4. «Еңбек даулары» тақырыбы бойынша сызбаларды құру;
  5. Тәжірибе бойынша материалдарды жинап, есеп тапсыру, құжаттарды тапсыру.

Өндірістік тәжірибенің І бөлімі

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес ол бұған уәкілетті болған жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық тарапынан қатынастарға түседі.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 150 000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттар жасауға тыйым салынады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қорын басқару, сондай-ақ Петропавл қаласы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында тұрғын үй қатынастары және мемлекеттік бақылау төңірегіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1) Петропавл қаласында үздіксіз тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру саласындағы мәселелерді қарау және шешу;

Қызметтері:

1) бағыттар пакетіне(теріне) қызмет көрсету конкурстары жеңімпаздарымен келісім-шарттар жасау және оларға бағытта жұмыс істеу құқығын растайтын куәліктер беру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй беру бойынша тұрғын үй комиссиясына қарауға құжаттар дайындау;

3) коммуналдық меншіктегі кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау;

4) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су өткізу желілерінің қызметін қамтамасыз ету;

5) қаланың коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру;

6) көшелерді жарықтандыру, санитарияны қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

7) коммуналдық меншіктегі жерлеу және тексіз жерленген орындарды, гүл бақтарын, саябақтарды және жағажайларды күтіп ұстау;

8) көлік инфрақұрылымын дамыту;

9) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық, қала маңы тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

10) жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

11) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу арқылы алу және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иесіздендіру;

12) Петропавл қаласының бағыт желісін әзірлеу;

13) есепке қою және кезектілік, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдау;

14) мемлекеттік кәсіпорыннан немесе мемлекеттік мекемеден тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру;

15) жер жұмыстары өндірісіне (құрылыс, жөндеу) ордерлер беруді жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне қарай жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

2) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілер шығару;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің және өз функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Петропавл қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлкеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

Өндірістік тәжірибенің ІІ бөлімі

І Тапсырма

  1. Мына құқықтық жүйеде заңдық прецедент құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады:
  1. Дәстүрлі/әдеттік
  2. Роман-германдық
  3. Англо-саксондық
  4. Мұсылмандық
  5. Социалистік
  1. Мына құқықтық жүйеде нормативтік құқықтық акт құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады:
  1. Дәстүрлі/әдеттік
  2. Роман-германдық
  3. Англо-саксондық
  4. Мұсылмандық
  5. Діни

3. Құқықты жеке және жария деп деп бөлу мына жүйеге тән:

  1. Дәстүрлі/әдеттік/құқық жүйесіне
  2. Роман-германдық құқық жүйеге
  3. Англо-саксондық құқық жүйеге
  4. Дұрыс жауабы жоқ
  5. Діни құқық жүйеге

4. Құқық жүйесінің негізгі, бастапқы элементі болып табылады:

  1. Моральдық нормалар
  2. Құқықтық қатынастар
  3. Құқықтық нормалар
  4. Құқық саласы
  5. Діни нормалар

5. Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленетін құқықтың түрі

  1. әкімшілік құқық
  2. қылмыстық құқық
  3. азаматтық құқық
  4. еңбек құқығы
  5. Конституциялық құқық

6. Құқықтық жүйе дегеніміз . . .

  1. қоғамдық қатынастарды реттейтін, өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құқықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элемент.
  2. күрделі әлеуметтік құбылыс, оның көпжақтылығын ғылыми категориялардың жүйесімен анықтауға болады.
  3. Құқықтық өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуіңнің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны
  4. Барлық жауабы дұрыс
  5. Дұрыс жауап жоқ

7. Ұғымдардың қайсысы келесідей анықталады: "Құқық нормалары мен заңды фактілерге сәйкес туындайтын ерікті қоғамдық қатынас, оның қатысушылары субъективті құқықтармен бөлінеді және заңды міндеттерді атқарады”:

  1. құқық субъектілігі
  2. құқықтық қатынастар
  3. әрекет қабілеттілігі
  4. барлық жауабы дұрыс
  5. дұрыс жауап жоқ

8. Құқықтық қатынастар реттеуші және қорғаушы болып бөлінетін негіз:

  1. құқық функциялары бойынша
  2. құқықтық қатынастар субъектісі бойынша
  3. даралау тәсілі бойынша
  4. барлық жауабы дұрыс
  5. дұрыс жауап жоқ

9. Құқықтық қатынастардың қай субъектісі бір уақытта құқықтық қабілетке және әрекетке қабілеттілікке ие:

  1. жеке және заңды тұлғаларда
  2. жеке тұлғаларда
  3. заңды тұлғаларда
  4. барлық жауабы дұрыс
  5. дұрыс жауап жоқ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
LTE желісінде MIMO технологиясының жалпы принциптерін қарастыру
Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Көлік кешенін муниципалды басқару
Автожолдар
Көлік жүйесін өңірлік дамыту
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Экономикадағы көлік саласы
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz