Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің дидактикалық принципі
І. Кіріспе бөлім
Тақырыптың өзектілігі. Бейнелеу қызметінде оқыту мен тəрбиелеудің негізгі міндеті - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Тəрбиелеуші оқыту принципі шығармашылық жəне оқу міндеттерінің бірлігі ретінде тұжырымдалуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған заттар мен құбылыстар қызықтырады, оларды өз жұмыстарында көрсетуге тырысады. Сурет барысында бала затты терең таниды. Шығармашылық білім беру саласының әр бөлімінде принциптер түрлерін басшылыққа ала отырып, оқытудың әдістерін қолдану болып табылады. Бейнелеу қызметінің оқыту жəне құрастыру əдістері балалардың практикалық жəне танымдық қызметін ұйымдастыратын педагогтың ісқимыл жүйесі, ол балабақшадағы тəрбиелеу жəне оқыту бағдарламасында анықталған білім мазмұнын меңгеруге бағытталған. Оқыту тəсілдері əдістің жеке бөлшектері, құрамдас бөліктері деп аталады. Бейнелеу қызметінің əр түрлерінде оқыту тəсілдері ерекше, өйткені сурет əртүрлі құралдармен жасалады. Бірде-бір əдісті қойылған міндеттерді, ұйымдастырылған оқу қызметінің бағдарламалық материалын жəне осы топтағы балалардың даму ерекшеліктерін мұқият ойланбай қолдануға болмайды. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қызметі көркемдік іс-əрекет түрі ретінде эмоционалдық, шығармашылық сипатта болуы тиіс.
Ғылыми теориялық негіздер: Балалар бейнелеу шығармашылығына Е.И.Чарушин үлкен көңіл бөлді. Дарынды суретші-иллюстратор жəне педагог, мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу мəселесімен көп айналысты. Е.И.Чарушин балалар суреттерінің мазмұнын бағыттап, шығармашылығына үлкендер тарапынан басшылық жасауды, балаларға бейнені қалыптастыруға, мəнерлілік құралдарын іздеуге көмек көрсетуді ұсынды. Ол балаларға бейне жасауда бояулармен жұмыс істеу техникасын жеңілдетуге мүмкіндік туғызды
Мағжан Жұмабаев өз еңбегінде Тәрбиешінің міндеті - балада шығармашылықтың қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету -деп жазған.
В.А.Сухомлинский Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі-оның саусағының ұшында-, деп айтқандай, мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында жаңа технологияларды тиімді қолданып, балалардың шығармашылық қабілетін одан әрі жетілдіру керек.
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде қарау туралы нақтылы ой айтқан француздың ойшылы Жан Жак Руссо болды. Ол өзінің Эмиль атты еңбегінде балаға табиғаттан артық ұстаз жоқ, заттардың өзінен артық үйренетін үлгі жоқ деп көрсеткен. Ол нұсқаға қарап сурет салуға үлкен мән берген. Руссо сурет сабағын табиғат арасында өткізу, оларға перспектива құбылысын көрнекті түрде көруіне жағдай туғызатынын, оның заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретінін айтқан.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің негізгі принциптері мен сабақты жоспарлау жолдарын зерттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
Шығармашылық бөлімді жоспарлаудағы жалпы принциптерді анықтау;
Әр түрлі жастағы топтарда оқытудың ойын тəсілдерін қолдану және сабақтағы жобалау әрекеті туралы зерттеу;
Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдана отырып жас ерекшеліктеріне сәйкес дидактикалық ойындар құрастыру.
Белгілі бір принциптер негізінде сабақтар мен тақырыптар төмендегідей жоспарлануы қажет:
Жүйелілік пен реттілік маңызды (қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа).
Қызығушылықты оқыту принциптері - бұл оқытудың мазмұнын, ұйымдастырылуы мен əдістерін іріктеу кезінде педагог қолданатын оқыту əдістері, бастапқы ережелер.
Сабақты жоспарлауда қолданылатын негізгі принциптер:
Бағдарламаның негізгі принциптерінің бірі - оқыту сипатының тəрбиелеуші принципі;
Біртіндеп үйрету принципі - бұл күрделі тақырыптарды орындауға үйрету барысында таныс жəне қарапайым сюжеттерді біртіндеп меңгерумен байланысты болып табылатын негізгі дидактикалық принциптердің бірі;
Материалды жайдан күрделіге дейін орналастыру принципі - сурет объектілерін іріктеуде де көрініс табады;
Балабақшада қайталау принципі барлық топтар арасындағы сабақтастыққа қатысты жүзеге асырылады;
Балабақшаның педагогикалық үдерісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру - баланың өзіндік сезімталдығын кеңейту, оның эмпирикалық білімін анықтау;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар қоршаған болмыстың заттары мен құбылыстарын тікелей қабылдау процесінде жəне педагогтың хабарламаларынан (түсініктемелер мен əңгімелер), сондай-ақ тікелей практикалық іс-əрекеттерде (құрастыру, мүсіндеу, сурет салу жəне т.б.) білім алады, ондай əдістер былайша бөлінеді:
Сөздік әдіс;
Көрнекі әдіс;
Практикалық әдіс.
Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі өзара тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жүзеге асады. Балаларды бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдеріне үйрету - эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады.
ІІ. Негізгі бөлім
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің негізгі принциптері мен түрлері
Бейнелеу іс-əрекеті мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең қызықты үрдіс болып табылады. Бала көргенін, алған əсерлерін қозғалыс, сөз жəне мимикамен көрсетуге өте ерте ұмтыла бастайды. Ол үшін оған мүмкіндік беруіміз керек, яғни оның қалыптасатын бейнелерді өрнектей білу аймағын кеңейтуіміз қажет. Ол үшін балаға жапсыруға арналған қағаз, қарындаш, саз, құрылысқа арналған барлық материалдарды беру жəне осы материалмен жұмыс істеуге үйретуіміз қажет. Балалар шығармашылығын қандай түрде білдірсе де, оны барынша көтермелеу керек. Негізгі міндет - балаларды сурет салуға үйрету үшін тəрбиеші оқытудың əр түрлі тəсілдерін қолдануы. Жұмысты талдауды педагог балалардың жасына жəне орындалған бейненің сипатына (заттық, сюжеттік немесе ой бойынша) байланысты саралап жүргізеді. Бейнелеу қызметінің əр түрлерінде оқыту тəсілдері ерекше, өйткені сурет əртүрлі құралдармен жасалады. Бірде-бір əдісті қойылған міндеттерді, ұйымдастырылған оқу қызметінің бағдарламалық материалын жəне осы топтағы балалардың даму ерекшеліктерін мұқият ойланбай қолдануға болмайды. Сурет салу оқу қызметінде пайдаланатын əдіс-тəсілдер өте көп, олардың барлығы да сөзбен түсіндіріледі

Қызығушылықты оқыту принциптері - бұл оқытудың мазмұнын, ұйымдастырылуы мен əдістерін іріктеу кезінде педагог қолданатын оқыту əдістері, бастапқы ережелер. Тәрбиеші мен бала қызметінің ішкі табиғи жақтарын көрсетеді, оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формаларында əр түрлі жас кезеңдерінде оқытудың тиімділігін анықтайды.
Балабақшаның бейнелеу қызметі бойынша бағдарлама мазмұны балаларды осы пəнді үйретудің алдында тұрған міндеттері негізінде əзірленген. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы жалпы дидактикалық оқыту принциптерін есепке ала отырып құрылған. Балабақшада бейнелеу өнері техникасын оқытуда ең маңызды мəні бар принциптерді қарастырайық. Бағдарламаның негізгі принциптерінің бірі - оқыту сипатының тəрбиелеуші принципі. Бейнелеу қызметінде оқыту мен тəрбиелеудің негізгі міндеті - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Тəрбиелеуші оқыту принципі шығармашылық жəне оқу міндеттерінің бірлігі ретінде тұжырымдалуы мүмкін. 3-6 жастағы баланы қоршаған заттар мен құбылыстар қызықтырады, оларды өз жұмыстарында көрсетуге тырысады. Сурет барысында бала затты терең таниды. Мектеп жасына дейінгі баланың əлемді тануға деген ұмтылысын психолог жəне физиологтар ерекше атап өткен болатын. И.М.Сеченев былай деген: ...ерте балалық шақтың барлық ақыл-ой мүдделері тек сыртқы əлем заттарына ғана шоғырланған. Педагог бағдарламаның барлық тақырыптарымен жетік танысып, сол бойынша бейнелеу үшін объектілерді іріктеуге мұқият қарау керек. Бұл принцип сурет объектілерін таңдау жəне əр жастағы балалар үшін бейнелеу шеберлігі мен дағдыларының көлемін анықтау кезінде ескерілуі тиіс.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тəрбиелеу бағдарламасында бірінші орында қолды дамыту, қарапайым формаларды жасау үшін күрделі емес қозғалыс жасау қабілеті ескерілген. Қол қимылдарын үйлестіру (координация) жəне осы қозғалыстарды көзбен бақылау - бала үшін өте қиын міндет. Ортаңғы топтағы балалар үшін бағдарлама мазмұны бойынша материалды кеңейту қарастырылған, өйткені балалардың бейнелеу шеберлігі анағұрлым дамыған. Олар адам фигурасының бейнесін сала алады. Үлкен жаста, əсіресе дайындық тобында, тұрмыстық жəне табиғи тақырыптардан басқа, қоғамдық өмірдің тақырыптары (мерекелер, қаладағы жəне ауылдағы еңбек жəне т.б.), сондай-ақ əдеби шығармалардың тақырыптарын бейнелеу кезінде кеңінен қолданылады. Өмірлік əсер қорының негізінде балалар заттар тобының жалпы белгілерін біле отырып, заттар тобына жататын ертегі, фантастикалық бейнені көрсете алады. Мысалы, олар торғай, көгершін, қарға - жануарлар əлемінен ортақ белгілері бар құстар екенін біледі. Балалар ерекше пішін, түсі бар құстың белгілерін жоғалтпайтын ертегілік құсты құстардың жалпы белгілері негізінде жасап шығады. Балалар сонымен қатар естерінде қалған немесе білетін ертегі кейіпкерлерінің де бейнесін жасайды.
Біртіндеп үйрету принципі - бұл күрделі тақырыптарды орындауға үйрету барысында таныс жəне қарапайым сюжеттерді біртіндеп меңгерумен байланысты болып табылатын негізгі дидактикалық принциптердің бірі. Бейнеге қойылатын талаптардың күрделенуі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қоршаған болмысы туралы түсініктерін біртіндеп дамытуға жəне нақтылауға негізделуі тиіс. Егер:
кіші топтың балалары заттың кейбір белгілерін ғана анықтай алатын болса, онда орта топта олар форманың, түстің негізгі белгілерін анықтайды, ересек жəне даярлық топтарында осы түрдің негізгі белгілерін ғана емес, сондай-ақ оған тəн бөлшектерді де табады.
Ортаңғы топ үшін міндет қиындауда - балалар ағашпен бұтақтардың қалыңдығын, жапырақтардың түсін жазда жəне күзде беруін көрсетуі керек.
Ересек топта суретте діңнің пішіні, жапырақты жəне ағаш бұтақтарының орналасуын, діңнің түсін, жапырақтарды көрсетуі тиіс.
Мектепалды даярлық тобында осы тапсырманы орындау кезінде əртүрлі ағаштардың түрлері мен құрылысындағы айырмашылықты, бір түрдегі ағаштардың жеке айырмашылықтарын көрсету, діңдері мен бұтақтарын, жпарықтарының түрлі түстермен штрихтау немесе бояулары қажет.
Материалды жайдан күрделіге дейін орналастыру принципі - сурет объектілерін іріктеуде де көрініс табады. Мысалы, кіші топтар үшін қарапайым нысаны бар заттарды бейнелеу ұсынылады (лента - ұзын көлденең сызық, қой - тұйық дөңгелек сызық, жалауша - тік сызықпен қосылған тіктөртбұрыш жəне т.б.). Бұл заттарды талдау 3 жасар балаға өте күрделі емес. Мектеп жасына дейінгі баланың зат туралы түсінігі анық емес, назарлары тұрақсыз жəне ол тек көру немесе есту арқылы дамитын болғандықтан, қабылдауында тұтас жəне анық бейнені жасау үшін бұл жеткіліксіз. Сурет үшін бірінші нысанның қарапайымдылығы қажет, өйткені мұндайда өте күрделі формалар саусақтардың дұрыс дамымауына əкеп соғады жəне затты қабылдау мен талдау жүргізе алмайтын болады. Ортаңғы жəне ересек топтарда нысаны мен мазмұны бойынша неғұрлым күрделі заттар мен құбылыстарды бейнелеу беріледі. Білімді берік меңгеруге жəне бейнелеу дағдыларын бекітуге үйренген баланың істеген ісəрекетінің қайталануы қажет етіледі. Бірнеше рет қайталанған материал жақсы есте сақталады жəне меңгеріледі.
Келесі принциптердің бірі - қайталау принципі. Балабақшада қайталау принципі барлық топтар арасындағы сабақтастыққа қатысты жүзеге асырылады. Екінші кіші топ үшін сурет салу бойынша бағдарламалық материалды қарастырайық. Мұнда тік сызықтарды (лентаның, жолдың, қарындаштың, дуалдың бейнесі) жəне дөңгелек сызықтарды (допты, шарикті, дөңгелекті, қоршауларды жəне т.б.) салу жəне жапсыру, жасау іскерліктері беки түседі. Доптың жəне шариктің немесе лента мен жол арасында мəні бойынша айырмашылығы болмайды: мұнда бұрын иегерген іскерліктері беки түседі, бірақ əр түрлі заттардың бейнесін салу балалардың осы форманы салуға деген қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді. Бірінші тоқсанда əрбір жас тобында сабақ мазмұны алдыңғы топта меңгерілген материалды қайталаудан басталады, оның біраз қиындықтары да бар. Мысалы, барлық топтағы балаларға жемістің суретін салуға бергенде:
кішкентай топта қарапайым шеңбер түрінде алма бейнеленген болса;
ортаңғы топта олар бұл шеңберді бір немесе екі түске бояйды;
ересек топта балалар алма түрінің ерекшеліктерін оның сортына байланысты салады.
Қайталау принципі пəнаралық жəне сюжеттік тақырыптар арасында жүзеге асырылады. Оқылған материалды қайталау əрқашан жаңа элементтерді қамтуы тиіс, бұл оқытудағы біртүрлілікті болдырмауға көмектеседі. Қандай да бір жаңа затты бейнелеп, бала шығармашылықпен оны ойлай бастайды.
Бейнелеу өнері бойынша сабақтарды жоспарлау кезінде педагог бағдарламаның талаптарын ескеруі, осы қызметтің басқа сабақтармен байланысын есте сақтауы тиіс. Бағдарламалық міндеттерді қою жəне жұмыс мазмұнында бейнелеу қызметінің түрлерінің өзара байланысына назар аудару қажет. Сондықтан студент олардың түрлері бойынша сабақтардың кезектілігін ойластырып, балаға бейнелеу сабағының қандай түрінде жаңа бағдарламалық материалды оңай меңгеретінін ескеруі тиіс. Бейнелеу қызметінің барлық түрлері біркелкі жоспарлануы, сондай-ақ сабақтар алдын ала ұйымдастырылып, бақылаулар жүргізіліп, кітап оқу, суреттерді қарау бойынша алдын ала жұмыстар да ескерілуі тиіс. Дұрыс құрылған жұмыс жоспары тəрбиешіге балаларды көркемдік тəрбиелеу міндеттерін шешуге көмектеседі.
Көрнекілік принципі. Балабақшаның педагогикалық үдерісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру - баланың өзіндік сезімталдығын кеңейту, оның эмпирикалық білімін анықтау. Балаларды оқытуда көрнекілік ең алдымен жаңа білім беруде, бекітуде, балалардың дербес қызметін ұйымдастыру кезінде қолданылады. Сабақтарда қолданылатын көрнекілікке келесі талаптар қойылады:
олар айналадағы барлығын толық көлемде көрсетуі;
мектепке дейінгі балалардың даму деңгейіне сəйкес келуі;
мазмұны мен ресімделуі бойынша жоғары көркемдік деңгейде болуы тиіс.
Нақты заттар мен көрнекі бейнелер балалардың ойлау қызметін дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді. Оқытудың көрнекілік мəні негізгі ақпаратты адам көру жəне есту арқылы меңгеретіні көрсетілген зерттеулермен дəлелденген. Көру ақпараты бірден қабылданады. Есту ақпараты миға дəйекті келіп, əлдеқайда аз уақыт сақталады. Сондықтан да, көрнекілікті сабақта пайдаланудың маңызы өте зор.
Бейнелеу қызметінің оқыту жəне құрастыру əдістері балалардың практикалық жəне танымдық қызметін ұйымдастыратын педагогтың ісқимыл жүйесі, ол балабақшадағы тəрбиелеу жəне оқыту бағдарламасында анықталған білім мазмұнын меңгеруге бағытталған. Оқыту тəсілдері əдістің жеке бөлшектері, құрамдас бөліктері деп аталады.
Дəстүрлі оқыту əдістері балалардың білім, дағды мен іскерлікті алатын көзі бойынша, осы білім, білік пен іскерлікті үйрететін құралдар бойынша жіктеледі. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар қоршаған болмыстың заттары мен құбылыстарын тікелей қабылдау процесінде жəне педагогтың хабарламаларынан (түсініктемелер мен əңгімелер), сондай-ақ тікелей практикалық іс-əрекеттерде (құрастыру, мүсіндеу, сурет салу жəне т.б.) білім алады, ондай əдістер былайша бөлінеді:
Көрнекі әдіс
Иллюстрация: иллюстрациялық құралдар - плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі;
Демонстрация: заттар мен құбылыстар тəжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдар, кинофильмдер, диафильмдерден көрсетіледі
Сөздік әдіс
Әңгіме;
Сөздік;
Түсіндіру;
Кітаппен жұмыс;
Әңгімелесу
Практикалық әдіс
Жаттығулар: ауызша, жазбаша;
Зертханалық: кесте, сызба, оқу қызметінің жоспары, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер;
практикалық жұмыс: бақылау, тəжірибе, эксперимент, өлшеу т.б.
Репродуктивті əдіс - бұл балалардың білімі мен дағдыларын бекітуге бағытталған əдіс. Бұл дағдыларды автоматтандыруға дейін жеткізетін жаттығулар əдісін қамтиды: - қайталау; - сызбамен жұмыс істеу; - қолмен орындау. Эвристикалық əдіс - сабақта қандай да бір уақытта дербестік танытуға бағытталған, яғни балаға жұмыстың бір бөлігін өз бетінше орындауды ұсыну. Зерттеу əдісі - балалардың дербестігін ғана емес, қиял мен шығармашылығын дамытуға бағытталған. Сабақта қандай да бір бөлігін емес, барлық жұмысты өз бетінше орындауды ұсыну. Бақылау əдісі бейнелеу өнеріне оқытудың барлық жүйесінің негізінде жатыр.
Балалардың қоршаған ортаны бақылау, шынайы құбылыстар арасында байланыс орнату, ортақ жəне жеке бөле білу біліктілігінің қаншалықты дамитындығына, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына байланысты. Бірақ сабаққа дейінгі бір бақылау көрінетін бейнені толық қамтамасыз етпейді. Баланы арнайы сурет салу, түрлі бейнелеу материалдарын пайдалану тəсілдеріне үйрету қажет. Тек жүйелі оқыту барысында сабақтарда балалардың қабілеттері толық қалыптасады.
Оқытудың көрнекі əдістері мен тəсілдері. Балабақша балаларын сурет салуға үйретудің басты əдісіне көрнекілік жатады: бала өзі бейнелейтін затты немесе құбылысты білуге, көруге, сезінуге тиіс жəне балалардың заттар мен құбылыстар туралы анық түсініктері болуы қажет. Оқытудың көрнекі əдістері мен тəсілдеріне:
суреттердің, үлгілердің жəне басқа да көрнекі құралдардың заттай, репродукциясын пайдалану; жеке заттарды қарау;
педагогтың бейнелеу тəсілдерін көрсетуі;
балалардың жұмыстарын сабақ соңында, бағалау кезінде көрсетуі жатады.
Бейнелеу өнеріндегі табиғи зат деп - тікелей бақылау кезінде бейнеленетін зат немесе құбылыс айтылады. Мұнда негізгі көрініс қабылдау, жазықтықта (сурет, аппликация) бейнеленгенде зат тек бір жағынан қабылданады; мүсіндеу жəне құрастыру кезінде балалар табиғаттағы көлемді форманы талдай алады. Затты қабылдау қабілеті, оның қасиеттерінің жиынтығын анықтау мектепке дейінгі кіші жастағы балаға тəн. Затты натурадан бейнелеу қажеттілігі бөліктердің ара қатынасын, олардың кеңістікте орналасуын талдай білу керек.
Психологтар мектеп жасына дейінгі бала дұрыс педагогикалық басшылық болған жағдайда ғана осындай аналитикалықсинтетикалық қабылдауға қабілетті болады деп санайды. Затты қабылдай отырып, бала оның көлемін көрсетуі тиіс (жазықтықтағы үш өлшемді натураның екі өлшемді бейнесін беру), бұл жарық беруді қолдану, заттың перспективалық өзгерістерін беру, күрделі ракурстарды көрсетумен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар бұл сурет тəсілдерін əлі жасай алмайды. Сондықтан олар үшін мүсін ретінде қарапайым нысанды заттар іріктеледі. Педагог мүсінді балалар əр жағынан қабылдап, көре алатындай етіп орналастырады. Балалармен бірге сөзбен жəне қимылмен бағыттай отырып, мүсінді егжей-тегжейлі қарастырған жөн. Жоғарғы топта шырша бұтағын бейнелеген кезде балалар бұтақтың кеңістіктегі орналасуын (көлбеу немесе тік), тармақтардың саны мен көлемін сол жəне оң жаққа береді, қара немесе ашық түсті қалың қылқан жапырақты салады. Мысалы, сурет салу процесінде бала қандай да бір заттың суретіне көмектесуді сұрайды. Педагог балаға қолайлы, қажетті ойыншықтарды ғана қояды. Жалпы алғанда, бейненің жұмысы ойдың мазмұнымен анықталады. Табиғатта осы процесті жүргізу, оны жақсы жүзеге асыруға көмектеседі. Жоғарғы топта кейбір заттарды қарастыру кезінде мысалы, Үш аю ертегісін сурет салу немесе мүсіндеуде, болашақ маман балаларға ойыншық аюға қарап, оның жеке бөліктерінің пішіні мен пропорциясын ерекшелеуді, заттың бұрылуына байланысты олардың орналасуын бақылауды ұсынады. Әрбір бала аюды сурет үшін таңдалған эпизодқа сəйкес келетін күйде бейнелейді. Үлгі, мүсін, бейне сияқты əдіс жеке оқыту əдісі ретінде əрекет ете алады. Негізгі мақсаты қоршаған ортаны қабылдаудан алған əсерді бекіту емес, осы қызметтің жеке бөлшектері бойынша қабылдауды дамыту міндеттері тұрған бейнелеу қызметінің түрлерінде (көбінесе сəндік жəне конструктивтік жұмыстарда) үлгі арқылы оқыту әдісі ретінде қолданылады.
Суретшінің өнер туындысын көрсететін көркем мəнерлік құралдары шығармашылық бейнені береді. Психологтар мен педагогтардың зерттеулері (Е.А.Медведева, Е.Ю.Левченко, Е.О.Смирнова) 2 жастағы балалардың суреті, заттың сыртқы пішінін түсінуге қол жетерлік екенін көрсетті. Сурет кейіпкерлерінің арасындағы байланыс, яғни іс-əрекетті түсіну, 4-5 жасында балаларда кейінірек сезіледі. Қоршаған шындықты бақылау жиі жəне қысқа мерзімді болады (мысалы, қаладағы жануарларды бақылау). Мысалы, тəрбиеші балаларға жазықтықта орналасқан заттардың кеңістіктегі бейнесін түсіндіру үшін суретті көрсетеді. Осы мақсатта суретті 6 жастағы балалармен жұмыс жасауда қолдану, олардың кеңістікте сурет салу тəсілін тез түсінуіне тиімді. Суретті қарастыра отырып, бала жер бір сызықпен емес, жалпақ жолақпен бейнеленетінін, ал қашықтағы заттар жоғары, жақындары төмен, парақтың шетіне орналасқанын көреді. Педагог бейнелеудің көрнекі-пəрменді тəсілдерін көрсетуі балаларды нақты тəжірибе негізінде саналы түрде қажетті форманы жасауға үйретеді. Көрсету екі түрлі болып негізделеді:
қимылмен сурет салу тəсілдері;
сөздік түсіндірмелі.
Заттың парақта орналасуы қимылмен түсіндіріледі. Қол немесе қарындашпен сурет тапсырмаларын қағаз бетіне 3-4 жастағы балалар орнастыра алады. Қимылмен баланың жадында заттың негізгі нысанын немесе оның жеке бөліктерін жасай алады. Мысалы, балаларды үйді салғызған кезде үй корпусының контурын қатты көрсетіп салса, олардың икемділігі дамитын болады. Кіші жастағы бала өзінің іс-əрекеттері мен нəтижелерін толық көлемде бақылай жəне бағалай алмайды мақұлдайды, олардың оң бағасы бейнелеу қызметіне қызығушылықтың сақталуына ықпал етеді.
Оқытудың сөздік əдістері мен тəсілдері. Оқытудың сөздік əдістері мен тəсілдеріне:
əңгіме;
сабақтың барысында педагогтың нұсқауы;
сөздік көркемдік бейнені пайдалануы жатады.
Бейнелеу қызметі бойынша сабақтар тəрбиешінің балалармен əңгіме жүргізуінен басталады. Әңгіме әдісінің мақсаты - балалардың жадында бұрын қабылданған бейнелерді туғызып, сабаққа деген қызығушылығын ояту. Балалар көрнекі құралдарды пайдаланбастан (өз ойы бойынша немесе педагогтың берген тақырыбы бойынша) қойылым негізінде жұмыс істейтін сабақтарда əңгіме əдісі ерекше рөл атқарады. Әңгіме қысқа, бірақ мазмұнды жəне эмоционалдық болуы керек. Егер балалардың əсері бай болса жəне оны беру үшін қажетті іс-əрекеттерге ие болса, мұндай əңгіме қосымша амалдарсыз тапсырманы орындау үшін жеткілікті болады. Тақырып бойынша балалардың түсініктерін нақтылау, оларды бейненің жаңа тəсілдерімен таныстыру үшін педагог əңгіме барысында қажетті затты, суретті көрсетеді, ал тапсырманы орындау алдында балалардың жұмысты қабылдауын байқайды.
Әңгіме оқыту əдісі ретінде 4-7 жастағы балалармен жұмыс жасауда қолданылады. Әңгіме әдісіне қойылатын талаптар:
1. Әңгімелесу балаларға бейнелейтін затты еске салу немесе жұмыстың жаңа тəсілдерін түсіндіру қажет болған жағдайларда жүргізіледі;
2. Балалардың қабылданауына қарай қысқа болуы керек;
Балалардың іс-əрекеті, эмоцияларын жандандырып, шығармашылық көңіл-күйін жоғалтпауы үшін 3-5 мин аспауы қажет. Сөздегі көркемдік бейне (өлең, əңгіме, жұмбақ жəне т.б.) өзіндік ерекшелікке ие. Көркем шығармаларды мәнерлеп оқу - шығармашылық көңіл-күйді қалыптастыруға, ойдың белсенді жұмысына, қиялға оңтайлы ықпал етеді. Осы мақсатта көркем сөз əдебиет туындыларын иллюстрациялау сабақтарында ғана емес, оларды қабылдағаннан кейін заттарды бейнелеу кезінде де қолданылуы мүмкін. Барлық жас топтарында балалардың санасында заттың жарқын бейнесін тудыратын жұмбақпен сабақты бастауға болады.
Практикалық əдістерді сабақ барысында қолдану. Алдымен сурет салуда бірінші кіші топ үшін негізгі əдіс - қарындаштар мен бояуларды қалай қолдану керектігін көрсету. Ең тиімді əдіс - пассивті қозғалыс, бала өздігінен емес, көмегімен əрекет етеді: педагог баланың саусақтарына қарындашты береді жəне баланың қолымен сурет салу қозғалысын жасайды. Екінші кіші топта сурет салу сабағында ақпараттық-рецептивті əдіс көп қолданылады. Сабақ алдында заттың формасымен танысудың тиімді тəсілі пайдалы:
балалар нысанды қолмен айналдырады;
жалаушалармен, доптармен, шарлармен ойнайды;
олардың кескіндерін сезеді.
Затты мұндай тексеру ол туралы толық түсінік алуға мүмкіншілік береді. Сондай-ақ, затты қолдың контуры бойынша қозғалысымен тексеру жəне ауада осы қозғалысты көрсету де тиімді. Бұл əдіс сурет тəсілін тікелей көрсету болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар қоршаған болмыс заттары мен құбылыстарын тікелей қабылдау процесінде жəне педагогтың хабарламасынан (түсініктеме, əңгіме), сондай-ақ тікелей практикалық қызметте (құрастыру, сурет салу, мүсіндеу жəне т.б.) білімді игереді.
Балабақшадағы жас тобына қарай сурет салуға үйретудің жолдарын қарастырайық.
Кіші топ: мұнда көрнекіліктің негізін студент сурет салу оқу қызметінің үстінде түсіндіреді, сəбилер сол студенттің сурет салу кезіндегі əрекеттеріне еліктей бастайды. Педагог сурет салу жолдарын қолмен көрсетуіне де немесе сөзбен ауызша айтуына да болады. Мұндай кезде, балалар берілген тапсырманы тірек суретінсіз өздері орындай алады. Ауызша айтылған сөз көрнекі құралмен бірге бекітіле түссе, онда мұның өзі сəбидің көргені мен түсінгенін талдауға жəне берілген тапсырманы есіне сақтауға көмегін тигізеді. Олар алғашқы айларда сурет салу барысында түрлі заттарды бейнелеуде педагогқа еліктесе, енді керісінше педагог оларға өзінше дербес түрде өз ойынша салуға əр түрлі тапсырмаларды бере алады.
Ортаңғы топ: əр түрлі формаларды бейнелеу икемділігі қарындаштар мен қылқаламды пайдалану үстінде техникалық дағдыларды жəне түрлі заттарды бейнелей алу ептілігін дамытуға тікелей байланысты. Таныстыру жолдары:
1. Материалдар неғұрлым нақты болуы тиіс.
2. Қоршаған өмірді өз көзімен қабылдату, барлық кескінге байланысты болып келетін сызықтар мен шеңберлер, нүктелерді көзбен көретіндей түсінікті, белсенді қимыл болуы керек.
3. Ойын жаттығулары арқылы үйрету.
4. Белсенділіктерін арттыру арқылы бала санасына салғалы отырған суреттердің образын ешнəрсеге бұрмау.
5. Сурет салу тəсілдерін дəл көрсету. Қарындашты қалай ұстау, қылқаламды бояуға батыру, содан кейін қағазға қалай жағу.
6. Көркем сөздерді пайдалана отырып, өзге заттардан бөлектеу, формасының айқын болуы, түсі, затын белгілеуге үйрету.
Ересек топ: мұндағы міндет - балаларды заттарды дұрыс бейнелеуге, сол заттардың құрылысы мен түсі тəрізді негізгі белгілерін беруге үйрету жатады. Бұған дейін балалар бейнелеу амалдарын меңгерген жəне заттардың белгілері мен формаларын бере алады. Үйрету, таныстыру жолдары:
1. Натураны пайдалана отырып заттың формасы мен бөліктерінің орналасуына, мөлшеріне, түсіне, əр түрлі бөлшектеріне назар аударады. Барлық белгілерді суретте берілу тəртібі түсіндіріледі.
2. Бейнелерді барынша жақсы шығару үшін тəрбиеші салған картина не суретті қолдану. Заттардың бөліктерін бейнелеудегі дəйектілік, ырғақ, оюөрнекті орналастыру, солар туралы ұғым бере кетуі қажет. Мысалы: аққаланы салғызған кезде, ол үшін өзара сəйкес пропорцияны құру жəне оларды бейнелеудегі бір тəртіпті сақтау.
3. Сəндік сурет салуға үйретуде балаға сурет үлгісін пайдалана отырып, композициямен таныстыру, ырғағын суретке түсіру, элементтерін көрсету, құрастыруға үйрету қажет. Көркем сөз обараздарын пайдаланып, өздері салған суреттері туралы айтып бере білуге үйрету.
Мектепалды даярлық тобы: өзіндік шығармашылығына көп көңіл бөлінеді, шығармашылықпен еңбектенуге үйрете отырып қабылдау түйсігі дамиды.
1. Заттан қарап салғызарда балаға оның ерекшеліктерін аңғарту мен реңктерді тануға үйрету қажет. Қарапайым формалардың басқа зат формаларынан ірілігі, құрылысы жеңіл заттармен саралап салуға үйрету. Мысалы: гүл салу.
2. Геометриялық формасы симметриялы затты дұрыс орналастыру.
3. Жанды объектілердің жеңіл қозғалысын бергізу, қозғалысқа тəн сипаттарды жəне оған байланысты дене мүшелерінің орнын көрсету.
4. Затты қағаз бетіне дұрыс орналастыру жəне оның қосымша бөліктерін біртіндеп орналастыру.
5. Сабақтың соңында суреттерді талдау жəне шығармашылық элементтері бар суреттерді қолдау.
Ескерту: сəтсіз шыққан суретті талқылауға болмайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар заттың пішінін, оның бөліктерінің ара қатынасын, нысандардың кеңістікте орналасуын, олардың түсін жəне т.б. анықтауды үйренеді. Тақырыптық композицияны құру талабы бойынша бала бір-бірімен логикалық байланысқан заттар тобының бейнесін жасау қажет. Өмірде бала заттар арасындағы байланыс пен қарым-қатынасты оңай меңгере алады. Балаға композициялық міндеттерді шешу арқылы олардың арасындағы байланысты көру үшін заттарды қандай түстермен бояу керек, оларды қандай қалыпта бейнелеу керек екенін үйрету қажет. Бұл бейнелеу тəсілдерін меңгерту негізінде ойлауды дамытуды талап ететін өте күрделі іс-əрекет. Балабақшада бұл жұмыс ең алдымен үлкен топтарда жүзеге асырылады. Оқытудың маңызды талаптарының тағы біріне - ырғақ, симметрия, түстерді ескере отырып, өрнектерді құрастыра білуді дамыту жатады. Бұл мектепке дейінгі баланың эстетикалық талғамын дамытумен байланысты. Балаларға қарапайым құрылымдарды орындау жəне мəнерлі композиция жасау үшін түстердің (үлкен жастағылар реңктердің) жарқын, қарама-қарсы үйлесімдерін пайдалану қолжетімді. Бұл міндет сəндік сурет салу жəне аппликация сабақтарында жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қызметі көркемдік іс-əрекет түрі ретінде эмоционалдық, шығармашылық сипатта болуы тиіс. Педагог бұл үшін барлық жағдайды жасайды: ол ең алдымен шындықты эмоциялық-бейнелі қабылдауды қамтамасыз етеді, эстетикалық сезімдер мен көріністерді қалыптастырады, бейнелі ойлау мен қиялды дамытады, балаларды бейнелерді жасау тəсілдеріне, оларды мəнерлеп шешу құралдарына үйретеді. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда көркем-шығармашылық қызметтің түрлері: сурет салу, мүсіндеу, қағаздан фигураларды кесу жəне оларды жапсыру, табиғи материалдардан жасалған əртүрлі құрылымдарды жасау жəне т.б. баға жетпес маңызға ие. Осындай сабақтар балаларға таным, шығармашылық қуаныш сыйлайды. Бұл сезімді бір күн бастан өткізген сəби өзінің суретінде, аппликациясында не білгенін, көргенін, бастан кешкенін айтуға ұмтылады.
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің дидактикалық принципі
Бейнелеу іс-əрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар ұқыптылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді. Бейнелеу іс-əрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Ең алдымен мектеп жасына дейінгі балаларды қарындаш, қылқалам, ұсақ борларды қолда дұрыс ұстауға үйрету керек. Олар бастапқыда бұған тез үйрене алмайды. Қарындаш пен щетканы дұрыс ұстамау сурет қимылдарының дамуын тежейді және суреттің жасалуын қиындатады. Балалар үш саусақпен қылқалам мен қарындашты ұстауды үйренуі тиіс: үлкен жəне ортаңғы саусақтар арасында, жоғарыдан сілтегішті ұстай отырып, əр түрлі жолмен басу арқылы қарындашпен сурет салу (ашық реңктер мен жұқа, жеңіл сызықтарды алу үшін қағазға жəй тигізіп жəне жарқын түсті, күшті, қуатты сызықтарды алу үшін қатты түртіп). Бұл бейнедегі барлық сызықтардың дұрыс сызылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді, себебі сызық - суреттің негізгі компоненттерінің бірі. Балаларды қылқаламмен сурет салғызған кезде, кең жəне жұқа сызықтарды алу үшін қылқалам түгінің ұшымен жүргізуге үйрету керек. Мектепке даярлық тобындағы балалар бейнелерді дұрыс бояуды үйренеді (сызықтарды бір бағытта жүргізу, оны бір контурдың шегінде өзгертпей, штрихтарды контурдан тыс жерге шығармау). Балалар штрихтардың, сызықтардың ұзындығын реттей алады, бұл заттарды, олардың бөліктері мен фактураларын бейнелеу үшін қажет
Олар қылқалам жəне бояулармен жұмыс жасаудың түрлі тəсілдерін меңгереді: құрғақ фоны бойынша, ылғалды, жуу тəсілі бойынша. Бояуларды ақ түске бояумен араластыруға (гуашь) жəне түрлі түсті реңктерді алу үшін оларды сумен (акварельде) ажыратуға, сурет салудың жəне түсті реңктерді алудың əр түрлі тəсілдерін қолдануға, суретті жасау кезінде əртүрлі техниканы қолдануға (қарапайым қарындаш пен бояулар - гуашь, акварель; түсті балауыз борлары мен гуашь немесе акварель т.б.) үйретеді. Сурет салу техникасын меңгеру қол қозғалысын дамытады, шығармашылық ойды еркін жүзеге асыруға, қызықты мəнерлі суреттер жасауға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балалар шындықты шынайы бейнелеудің əдіс-тəсілдерін толық меңгере алмайды. Бейнелеу мəселелерін шешуде, атап айтқанда, заттың бояуын беруде, дұрыс пропорцияларды сақтауда жəне т.б. кездесетін қиындықтарды ескермей қоюға болмайды. Әрине, оқыту тек қарапайым бейнелеу мəселелерін шешумен шектелмеуі керек. Алайда, балалар өсіп, дамиды, олардың қабілеттері тəрбиелеу мен оқытудың əсерінен қалыптасады, осы сəтте тəрбиешінің міндеті - балаларды шындықты шынайы бейнелеуге итермелеу.
Сәбидің заттық іс-әрекетінің дамуына байланысты ерте балалы шақта сурет салуды игерудің алғышарттары пайда болады,ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне - бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Ерте балалық шақта бала қағазға қарындашпен әр түрлі штрихтар жасап шатпақтар сызады, суреттің бейнелеу функциясын меңгереді сурет арқылы әлдебір заттың бейнесін келтіруге болатынын түсіне бастайды. Үлкендер берген қарындашпен қағазға шатпақ түсіру баланың іс-әрекетінің бір түрі. Үлкендерге еліктеп қағазға қарындашпен сызық түсірген кезде онда белгілі із қалатынын байқайтын болады .Қағазға қалған қарындаштың ізі үзік - үзік, әр жері дөңгеленіп ,иіліп келген, солғын сызық түрінде көзге түседі. Кешікпей бала қарындаштың негізгі міндеті қағазға сызық түсіру екенін түсіне бастайды. Баланың қимылы неғұрлым дәл әрі түрліше болады. Осыған орай оның қағазға түсірген шатпақ сызықтары әр түрлі болады. Бала оған көз тоқтатып, назар аударады. Ол шатпақтрдың бірінен екіншісін жақсы көріп, көңіліне қонғанын көбірек қайталап, сызуға әуестенеді. Сызығы көңілінен шықса, бүкіл іс-әрекетін тоқтатып, оны көңіл қоя қарайды, содан соң оны қайтадан сызады. Бірақ,бұл жолы сызықтар алғашқы шатпаққа ұқсаңқырап келеді. Бәрібір бала бұған да назар аудара қарайды. Көбіне көп бала айқын шатпақтарды сызуға әуес. Оған қысқы түзу сызықтар, нүктелер , қисық белгілер, серіппе тәрізді иір сызықтар жатады. Бұл сызықтарды еш нәрсеге ұқсатуға, одан еш нәрсе түсінуге болмайды. Сондықтан да оларды бейнелеуге дейінгі сызықтар деп атайды. Баланың бейнелеуге дейінгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бәрінен-бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық табады, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады. Әрине үлкендер баланың сурет салу ісіне жетекшілік етуге тырысады, допты, күнді қалай сызу керек екенін көрсетіп, түсіндіреді, ол қағазды сыза бастағанда ненің суретін салғанын сұрайды. Бірақ белгілі бір мезгілге дейін бала мұндай нұсқауды да, сұрақты да қабылдамайды. Ол қарындашпен шатпақтайды да, сосын өзіне мәз болады. Кейін сол шатпақтарынан әр нәрсеге ұқсақтық тауып, мынау таяқ мынау ағай т.б деп айыра бастағанда ғана балада өзгеріс пайда болады. Мұндай ұқсастықтың пайда болуының баланы қызықтырып, еліктетіретіні соншама, ол қолына қарындаш алып, қағаз бетіне сызық түсірген сайын сондай ұқсастықты асыға күтеді. Сондықтан да тіпті өзгеше шатпақтың өзінен ұқсастық іздеп, кейде оны бірнеше нәрсеге қатар ұқсатады.(Терезе... жоқ камод... немесе Ағай... жоқ барабан...Ағай барабан қағып тұр,- дейді.) Дегенмен бір нәрсенің суретін әдейі, ойлап салу бірден пайда болмайды. Біртіндеп бала өзі сызған шатпақты әрнеге ұқсатудан енді суретін салғалы отырған затты ауызша түсіндіруге көшеді. Ойын сөзбен тұжырымдау, баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамасы болып табылады. Сәбилік шақта бала бір нәрсенің суретін салғысы келгенде (Ағаның ...күннің ...қоянның суретін салайыншы )ол өзіне таныс графикалық бейнені бұрынғы шатпақтарынан ұқсатқан нәрсенің бейнесін көз алдына келтіреді. Көптеген нәрсенің графикалық бейнесі айналасы тұйықталып дөңгеленген сызықтар болып табылады. Мысалы екі жасар қыз дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін апайым екіншісін ағайым, үшіншісін шар деп атайды. Ал, шынында бұл сызықтардың бірінен-бірінің айырмашылығы жоққа тән. Дегенмен ұқсастығы жоқ сызықтарды әр нәрсеге балау басқаларды қанағаттандырмайтынын бала түсіне бастайды. Бұл суретшінің өзін де қанағаттандырудан қалады, өйткені ол біраздан кейін ненің суретін салғанын өзі де ұмытады. Содан соң бала өзі сызғандарына ұқсастығы бар нәрселерді ғана салуға тырысады. Соның өзінде ол жаңа графикалық бейнелер іздейді. Графикалық бейнесі жоқ заттардың яғни қалай бейнелеу керек екендігін білмейтін заттардың сурет салмайтыны былай тұрсын, тіпті үлкендер сұраған кезде де бас тартады. Мысылы, бір бала үйдің, адамның, құстың суретін салудан үзілді-кесілді бас тартты да, өзі : Одан да мен қалай жазуға болатынын салайын, керек десең баспалдақтың суретін салайын,- деді. Бұл кезеңде бейнелейтін заттар тобы тым шектелген болады. Бала бір немесе бірнеше объектіні суретке сала бастайды. Сондықтан сурет салу дегеннің өзі ол үшін осы объектілерді бейнелеу жөніндегі қызметке айналады. Соған сәйкес осы іс-әрекет кейде адам жасаймын деген сияқты ерекше атқа ие болады. Бала пайдаланатын графикалық бейнелердің шығу тегі түрліше болуы мүмкін. Олардың кейбірін ол өзі шатпақтау кезінде табады, екіншілері еліктеудің, үлкендер үлгі ретінде ұсынған, бірақ өте қарапайым басқа суретті көшіру нәтижесі болып табылады. Мұның соңғысына балалар бас пен аяқ түрінде салған адам бейнесі әр жеріне нүкте қондырып, ішіне сызықшалар салған дөңгелектер (бұл адамның басы деп есептелінеді.) мен одан тарайтын әртүрлі сызықтар (адамның денесі мен аяқтары) жатады.Әзірге балада графикалық бейнелер қоры тым аз. Оның суретінен ойластырылған бейненің ұштасуы (мысалы, адамның бас-аяғы), сондай-ақ қағазға түскен сызықтардан, әзірге олардың графикалық бейнесі жоқ болса да, өздеріне белгілі заттарды тануы байқалады. Қандай да болсын күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді. Мақсатты анықтау, оны жүзеге асыру, өзіс-әрекетін тексеру - бала үшін қиын міндет. Ол шаршайды да Мен шаршадым. Енді ештеңе істегім келмейді-деп, өзі бастаған бейнесін аяқтаудан бас тартады. Дегенмен ,баланың заттар мен сыртқы дүние құбылысын бейнелеуге құштарлығы соншалық, бүкіл қиындықты біртіндеп жеңеді. Рас, дені сау,жақсы өсіп келе жатқан баланың өзінде де әлдебір сабептермен графикалық бейнелердің шықпай қалатын кездері болады. Ондай балалардың,қабылдауы мен ойлауының мейлінше дамуына қарамастан бейнелеудіарнайы құруға қабілеті жетпейді. Мысалы, бір бала сурет салуға кірісер алдында әрқашан былай дейтін: Қазір көреміз не шығар екен . Содан соң қағазға әр түрлі сызықтар шатпақтап, өзі сонысына мұқият көз жіберетін. Кей сәтте әлгі сызықтардың қосылған жері белгілі бейнеге ұқсап кетсе, ол оған ат қойып, онан әрі толықтыра түсетін. Ал, өзінің кейбір шатпақтарынан ештеңе ұқсастық таба алмаса, бала: Ештеңе де шықпайды,- деп мұңаятын. (Мұндай сурет салу бес жасқа дейін, қашан балабақшаға барғанша тоқтамайды). Біз айтқан ерекше жай емес. Үлкендер басшылық жасамаған жағдайда көптеген балалар өздерінің шатпақтарын әрнеге ұқсатып, соны жетілдіру сатысында ұзақ кідіріп қалады. Олар өте күрделі сызықтар сызуға және әр жаңа параққа жаңаша,бұрынғыға ұқсамайтын суреттер салуға ұмтылады. Өзінің бейнелеу іс-әрекетін қалыптастыру үшін сызық сызудың техникасын меңгеру және қабылдау мен елестетуді байыту жеткіліксіз. Графикалық бейнені қалыптастыру қажет, ол үлкендердің үнемі әсер етуі нәтижесінде ғана асуы мүмкін
Мектеп жасына дейінгі 2-3 жастағы бала сурет сала бастағанда да, бала өзі бейнелейтін заттың немесе оған ұсынған үлгінің түсін есепке алмайды да, өзі ұнатқан қарандашпен пайдаланады. Әр түрлі заттардың қасиеттерімен- түрлі формасы мен, түсімен, көлемімен т.б. танысқан бала осы қасиеттер жайлы ұғымдар қорын жинақтайды, мұның келешек баланың ақыл-ойының дамуы үшін маңызы зор. Дегенмен, егер нәрсе тек қана баланың көз алдында тұрса, тіпті бала оны ұстап қарау мүмкіндігіне ие болса, бірақ оған заттың формасы, түсін, көлемін т.б. қасиеттерін әдейі түсіндірудің қажеті болмаса, мұның өзі әлде бір айқын ұғымның қалыпсуына қол жеткізбейді. Мұндай ұғым белгілі қасиеті бар затпен қабылдау іс-әрекетін әлде неше рет орындағаннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz