Операциялық жүйені оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру»
Мамандығы: «0111063» математика пәні мұғалімі
Дайындаған: 4 а МК тобының студенті Саттарова Г. А.
Ғылыми жетекшісі: Бақтығалиева А.
Орал - 2014
Мазмұны
Кіріспе. 3
1 тарау. Информатика пәні және оның ұйымдастырылуы
- Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны5
1. 2. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың екершеліктері …7
1. 3. Информатика курстын оқытудың маңыздылығы13
2 тарау. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде ұйымдастыру әдістемесі
2. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы . . 22
2. 2. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық ойын түрлері…. . 25
2. 3. Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері 28
Қорытынды . . . 30
Қолданылған әдебиеттер. 32
Қосымшалар . . . ……. …. . 33
Кіріспе
5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, информацияның қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану мәселесiне Е. Сарманов, Н. Ермеков сынды әдіскерлердің, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев және т. б. педагогтардың еңбектерi арналған.
Ал А. Жанпейісова, Д. Давыдов және т. б. зерттеулерiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жаңа педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың тигізер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi В. М. Монахов, А. Бұзаубақованың және т. б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдiстемесi А. Әмірбеков, А. Ибашова және т. б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi
талдау нәтижесiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану - оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдістемесін ұсынамыз. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.
Курстық жұмыс мақсаты: 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу міндеттері: негізгі сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыс объектісі: орта мектептердегі информатика курсын оқыту процесi.
Зерттеу пән: негізгі сынып оқушыларын сабақтарын типтерінің оқыту әдістемелік жүйесі.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік оқулықтармен, жаңашыл бағдарламашылардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т. б.
Зерттеудің практикалық маңызы - оқытудың сапасын арттыру, әдіс- тәсілдерін жетілдіру, оқытудың негізгі қағидалары мен бағыт- бағдарын жаңаша түрлендіру үшін, еліміздің мемлекеттік білім беру жүйесін және жалпы математиканы оқыту әдістемесін дамыту үшін барлық оқу орындарында / мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, колледждер мен жоғары оқу орындары / пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу жұмысының базасы: Талап орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы
1 тарау. Информатика пәні және оның ұйымдастырылуы
1. 1. Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны
Еліміздің білім беру жүйесінің дамуы -жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің , оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты, білім беру жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы орта мектептер мектептер компьютер және интербелсенді тақта, мультимедиалық кабинеттермен толықтай жабдықталды. Қазіргікезде ақпараттың қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканың мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Соған сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі де үнемі өзгеріп отырады. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнін оқыту әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметінің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ информатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімді қолдана білу міндетін жүктейді.
Қазіргікезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу -әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. 12 жылдық мектепке өту жағдайында оқушының ғылыми шығармашылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің әрбір сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты. 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы -информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Яғни курстық жұмысым информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен маңызы, үйірме сабақтарын өткізу, информатика пәнінен кеш ұйымдастыру, олимпиаданы ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына дайындау, дарынды балалармен жұмысты жандандыру әдістемелері қарастырылған.
12 жылдық мектепке өту жағдайында информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасымен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстармұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік ептілігіне, оқушылардың тілегіне, мектеп төңірегіндегі өндірістік объектілерге, информатика кабинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі. 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі -білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл -ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы. Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Информатика -компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Мектепте информатика сабағын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласыныңбірқатар мектептерінде А. П. Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А. П. Ершов, Г. А. Звеногородский, Ю. А. Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. «Рапира тілі» бағдарламалау жүйесін Г. А. Звеногородский жасады. 1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды қолдану енгізілді. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А. П. Ершов, В. М. Монахов, А. А. Кузнецов, Я. Э. Гольц, М. П. Лапчик және т. б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталды. 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шыға бастады. 1986ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М. П. Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А. П. Ершов, А. Г. Кушниренко, В. Г. Житомирский, В. А. Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
1. 2. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың екершеліктері
Информатика кеші - бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар - бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.
Іскерлік ойындар - оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Информатикадан диспуттар - бқл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.
Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау - бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.
Информаикадан үйірме жұмыстарын жүргізу. Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.
Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бқылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.
Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.
Ауызша журнал - оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.
Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.
Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.
Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А. П. Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А. П. Ершов, Г. А. Звеногородский, Ю. А. Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А. П. Ершов, В. М. Монахов, А. А. Кузнецов, Я. Э. Гольц, М. П. Лапчик және т. б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М. П. Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А. П. Ершов, А. Г. Кушниренко, В. Г. Житомирский, В. А. Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А. П. Ершов, В. Н. Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайық:
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен, ережелерімен танысу т. б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыту, қолдану бқл да ақпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, компьютер, алгоритм ұғымдары беріледі.
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: 1. жүйелік блок, 2. монитор, 3. пернелік тақта туралы олардың қызметі жөнінде айтылды. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т. б. ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізігі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1-F10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төмеңгі жағында қысқаша анықтама беріледі.
Дискұяшақты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн.
Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, өосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т. б. сұрақтарға жауап беріледі.
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеу үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі - операциялық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft Disk Operation System (MS DOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жіктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін ең алдымен: DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың
Компьютерде орындайтын іс-әрекеті сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т. с. с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мқғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі - мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлщемі және т. б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген». NC-дің MS DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әрі уақыт та үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz