Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Негізгі бөлім.

Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың үлгі өнегесін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны . . . …… . . . 7

1. 2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы . . . …… . . . 12

II бөлім Практикалық бөлім.

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттарын экспериментальды зерттеу

2. 1 Ата - аналарды жиналыстарға іс шараларға тартудың маңызы… . . . 18
2. 2. Ата -анамен жұмысты ұйымдастыру өту барысы мен зерттеу нәтижелері . . . 30

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 45

Қосымшалар . . . 46

Тақырыптың өзектілігі . «Отбасы» ұғымына Р. Н. Нұрғалиев өзiнiң философиялық сөздiгiнде «отбасы - әлеуметтiк қауымдастықтың түрi, яғни ерлi-зайыпты одаққа және ері мен әйелінің, ата - аналар мен апа - қарындастардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан-алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы"- деп сипаттама береді, ал ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев өздерінің педагогикалық еңбегінде: "Отбасы - ол бiрге тұратын некеге негiзделген қандас туыстар тобы", - деп анықтама берген. Жоғарыда келтірілген анықтамалардан отбасы қоғамдық құбылыс ретінде әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдар тобынан тұратын қауымдастықтың іс-әрекеті барысында өздерінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін мемлекеттің кішкене құрамдас бөлігі қызметін атқаратындығын түсінеміз. Мұндай көзқарасты француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы - ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға ұқсайды“, - деп айтқан сөзі арқылы отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді. Ал, ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына мынадай анықтама береді: "Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке - шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде - кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны "қожайын" деп атайды", - деп отбасын оның құрылымдық бөліктері тұрғысынан сипаттайды. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай. Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі - отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда Кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті Кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын - балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т. б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, Е. О. Смирновалар атап көосеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын - Ю. П. Азарова, И. В. Гребенников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матеичик, Х. Фигдор т. б. белгіленген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчицкая т. б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген.
Отбасында бала тәрбиелеу ешкандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау не болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттелуге алынбаған. Сондықтан бұл мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты : Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың үлгі өнегесін, балалардың ата -анамен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің нысаны: бастауыш сынып оқушысының отбасы тәрбиесіндегі үлгі өнегесін зерттеу.

Зерттеу пәні : Отбасы тәрбиесіндегі ата -ананың үлгі өнегесі.

Зерттеудің болжамы : Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың үлгі өнеге тәрбиесін қалыптастыруға болады, егер:

- отбасы тәрбиесі жағдайында үлгі өнегесі теориялық тұрғыда негізделсе;

- отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасын қалыптастыру мазмұны мен әдістемесімен қамтамасыз етілсе;

- балаларды ата- аналарымен қарым-қатынасын
қалыптастыруды жетілдіру үшін мектеп тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі ұйымдастырылса.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ата - аналарға арналған әдістемелік құрал ұсыну.

Зерттеу көздері: Психологиялық, педагогикалық бағытта жазылған еңбектер, ғылыми-зерттеулер қорытындысы бойынша жарияланған мақалалар, отбасы тәрбиесі мен мәдениетін қалыптастыруға қатысты жазылған тұжырымдамалар және т. б.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
  2. Отбасы тәрбиесі түсінігін ашу;
  3. Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;
  4. Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
  5. Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау;
  6. «Күн шуағым отбасым» тәрбие сағатын ұйымдастыру арқылы отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесін анықтау

Зерттеудің әдістері: Зерттеу барысында сұрақ-жауап, тест, сұхбат,
т. б. әдістердегі ата- анамен балаларға қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, эксперимент әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің базасы: Орал қаласындағы №25 Жалпы білім беретін орта мектебі.

Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

I тарау Негізгі бөлім.

Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың үлгі өнегесін қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны

Отбасы тәрбиесі - ата - аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас. Ол қоғаммен, бүкіл қоғадық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да ол адамдардың белгілі дәрежедегі дебес, сырлас тобы. Отбасы және отбасылық қатынастар педагогикасы - күрделі үдеріс. Ол халықтың махаббат, отбасы, балалар және ата - аналар туралы түсінігі ретінде сан ғасырлық өмір тәжірибесі негізінде қалыптасты. Отбасы - ең сырлас ұжым болғандықтан, бала өзінің ішкі сырын ата - аналарына айтып отырады. Отбасында ішкі отбасылық қатынастар орнап, әке мен ананың тәрбиелік қызметі анықталады, балаларға жақсы ықпал етуге жағдай жасалады. 1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрып қанат қағар ошақ қасы - үйі, алтын бесігі. Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, балалары, ата - анасы, әжесі, шөбересі т. б), бірлесіп әлеуметтік - тұрмыста өмір сүретін адамдар. Адам өміріндегі қызығы, дәрежесі, тұрмыстық ахуалы осы өздері құрған отбасы - ошақ қасында өтіп жатады. Отбасы шын мәнінде тату - тәтті болса одан адамгершілік пен әділеттіліктің көрініс туады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бірегей адамгершілік талаптарын бірегей саяси көзқарасты ұстауынан, соған орай өзара көмек қарым - қатынасын, ерлі - зайыптылық және ата - аналық сезімін терең түсіне білулеріне көрінеді. Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүру білуге үйрету.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйлесімдік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі. Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмыс бастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмыс бастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т. б. Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады. Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі. 2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі зор.
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;
- отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы - шағын мемлекет, Мен - президент, сен - премьер, дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып табылады. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- ананың міндеті. Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі.

1. 2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы

Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайды. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады.
Отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер өте ертеден бастау алған. Осы орайда біз түркі халықтарының психологиялық-педагогикалық ой-пікіріне сай қалыптасқан отбасылық тәрбие дәстүрін оның өткен өмірімен, салт-санасымен, тұрмыс-тіршілігі мен етене бірлікте, тығыз байланыста қарастырғанды жөн көрдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
Әке - бала үшін асқар тау
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz