Медициналық әртүрлі құралдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК " ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ"
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Бекітемін
Директордың оқу жөніндегі орынбасары
_____________Алибекова Л.Д.
____ _______________2020 ж


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Модуль: Денсаулықты нығайту мен халықтың қауіпсіздігі
Пән : Мейіргер ісіндегі қауіпсіздік және сапа
Мамандығы: 0302000 Мейіргер ісі
Біліктілігі: 0302033 Жалпы тәжірибелік мейіргер
4 көктем 2020-21 оқу жылы
2 курс 19-03, (12) топ
Барлық сағаттардыңкредиттердің жалпы еңбек сыйымдылығы-1806
Оның ішінде:
СОӨЖ - 10

Алматы, 2020

Пәннің оқу әдістемелік кешенін құрастырған:
__________________А.И.Естемесова.

0302000 Мейіргер ісі мамандығының оқу жұмыс жоспары бойынша.

№5 ЦӘК отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды
2020 жылғы "28" 08, № _1 хаттама__

ЦӘК төрағасы ____________ Қ.Е Еркінов .
(қолы) ( А.Ж.Т.)

ҒӘБ басшысы қарады ____________ Г.А Амрина.

Әдістемелік кеңес отырысында мақұлданды

№ _ _ _ хаттама"____" ______________ 20___ж

ӘК төрайымы ____ Л.Д.Алибекова

Пән: Мейіргер ісі негіздері
ШЖҚ Жоғары медицина колледжі
№ 2 сабақтың тақырыбы: Денсаулық саласымен байланысты жұқпалар. Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу. МҰ санитарлық эпидемияға қарсы шаралар.Зарарсыздандыру. Үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық шаралар. Залалсыздандыру
Мамандық: 0302000
Мейіргер ісі.
Біліктілігі: 0302033
Жалпы тәжірибедегі мейіргер.
Мейіргер ісі ЦӘК оқытушысы: Естемесова
Айгул Ибраевна

Курс -1, семестр-2,
Курс -2, семестр-4,

№ 2 дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды:
6.1. № 2 сабақ тақырыбы: Денсаулық саласымен байланысты жұқпалар. Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу. МҰ санитарлық эпидемияға қарсы шаралар.Зарарсыздандыру. Үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық шаралар. Залалсыздандыру

6.2. Мақсаты: Сабақтың басты мақсаты - мейіргерлік стандартты тереңірек зерттеу және мейіргерлік іс-шараларды жетілдіру.

6.3. Оқыту міндеттері:
Білімділік: Теорияда алған білімдерін және дағдыларын қалыптастыру. Мейіргерлік қызметкер ретінде жұмыс орнына бейімделу саласындағы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік жұмыс жасауды, өзінің болашақ мамандығына жауапкершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу. Науқастармен жұмыс жасау барысында медициналық этика және деонтология ережелерін сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту, логикалық ойлауды, іс- әрекетін дамыту, мәселені талдай білуге, себебін табу, салыстыру, ұсыныстар енгізу, бақылауды ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, үйрету.
6.4. Өткізу түрі - күндізгі бөлім

6.5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Мейіргердің жұмыс орнына бейімделуі тақырыбына іздену.
2. Осы тақырып бойынша презентация дайындау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ мазмұны
Сабақ кезеңіндегі іс-әрекет
Уақыты
Ұйымдастыру бөлімі
Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
5 мин
Үй тапсырмасын тексеру
Студенттердің өткен тақырыпты ауызша айтуы,тәжірибелік дағдыларын көрсетуі.
55 мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыптың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру. Жаңа тақырыпқа байланысты алгоритмдерді айтып, түсіндіру.
60 мин

Жаңа тақырыпты талқылау
Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін тексеру.
Сұрақ - жауап
40 мин
20 мин
Өзіндік жұмыс
Студенттердің жаңа тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды жасап көрсетуі.
30 мин
Жаңа сабақты бекіту
Рөлдік ойындар, тесттер, тапсырмалар, алгоритмдерді орындау арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
45 мин
Қорытынды
Қорытынды жасап, бағалалау.
10 мин
Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма беру.
5 мин
Барлығы

270 мин

6.6. Таратылатын материал:

6.7. Дәріс тезистері:

№ 357 бұйрық 31 мамыр 2017 жыл Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру мен залалсыздандыруды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-сайман алдын ала дезинфекциялаусыз жоюға жатады.
2. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі - КМБ) пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерилдеу алдында тазаланады, кептіріледі, қапталады және стерилденеді.
3. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде әртүрлі тәсілдермен (қайнату, бумен, ауамен, химиялық) жүргізіледі.
4. КМБ-ны дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген күйінде өңделеді.
Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.
5. Дезинфекциялық ерітінділер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралды пайдалану жөніндегі нұсқауда (әдістемелік нұсқаулықта) көрсетілген мерзімдерге сәйкес пайдаланылады.

Асептика дегеніміз -- ағзаға, жараға қоздырғыштардың түсуінің алдын алу үшін жүргізілетін іс-шаралар.

Антисептика - бұл ағзаға түскен қоздырғыштарды емдеу бағытында жүргізілетін іс-шаралар. Антисептиканың механикалық (жұқтырған тіндерді, бөгде денелерді алу, жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу,т.б.), физикалық (гигроскопиялық таңғыштар, ерітінділер жоғары қысыммен әрекет, құрғақ жылу, ультрадыбыс және т. б.); химиялық (әр түрлі бактерицидті және бактериостатикалық заттарды пайдалану); биологиялық (антибиотиктер, антитоксиндер, бактериофагтар, ферменттер және т. б.) әдістері бар.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰҚПА.

Денсаулық сақтау саласымен байланысты жұқпалардың ену себебі және эпидемиологиясы.
ДЖДСYen (ВОЗ) анықтамасы бойынша аурухана ішілік инфекцияға (АІИ) - пациенттің ауруханаға жаткан кезінен көмекке жүгінгенде (аурухана кызметкерлерінің осы мекемеде істеу барысында) немесе ауру себептері пациенттердің ауру белгілері ауруханада болған немесе одан шықкан кезеңдеріне болған жэне аныкталынған клиникалык ауру түрлері жаткызылады.
Аурухана ішілік жұқпа бұл - кез келген клиникалық жағдайда анықталатын ауру. Ауруханаға түскен кезінде немесе медициналық көмек көрсету кезінде болсын науқасқа жұғуы мүмкін, (ондай жағдай осы мекемеде жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың жұмыс істеу барысындағы салақтықтың салдарынан болады). Аурудың бұл белгілері науқастың ауруханаға түскен кезінде болуы немесе емделіп шығып кеткеннен кейін де болуы мүмкін.
АІЖА госпиталды және нозокоминальды деп те атайды. Аурулардың ішіндегі АІЖА-ға қатысы бар аурулар көбіне медициналық араласуға байланысты. Мысалы, АІЖА-дың 85% іріңдеу-септикалық инфекциясын, 6 - 7 % В. С. Д. сары ауруын (вирусты гепатит), 7 - 8 % ішек инфекциясын құрайды.
Аурухана ішіндегі жұқпалы ауруды (АІЖА) қоздырғыштары.
Негізгі микроорганиздердің түрлері, АІЖА-ды тудыратын: патогенді
микроорганизмдер, балалардың қызылша, скарлатин, іш өту және балалардың басқа да аурулары жатады. Сонымен қатар В мен С сары ауруы.
Патогенді микрофлораға жататындар - стафилококк, жылтырақ алтын түстес стафилококк, стрептококктар, көкілдир таяқшалар, грамоотрицательдік бактерия және осылардың токсиндері.
Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жүғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.
Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады.
Шартты патогенді микрофлора.
ШПМ - бұл үлкен және әртүрлі микробтар тобының жүйелік қарым-қатынасы, яғни адамда арнайы жағдайда ауру шақырады. Олардың өкілі бактерияларда, саңырауқұлақтарда, қарапайымдыларда кездеседі. Көптеген белгілері бойынша ШПМ - ға вирустың бірнеше түрлері жақын (а-герпес вирустары 1 және 2, β-герпесвирустар, паповирустар, кейбір аденовирустар, Коксаки және ЕСНО вирустары).
ШПМ-ар кейбір жағдайда адам ағзасымен симбиоздық комменсализм, нейтрализм кейбірлері конкуренттік қатынасқа түсіп, ауруға алып келеді. Сондықтан олар шартты-патогенді микробтар, яғни адамдар үшін төменгі патогенділікке ие болғанымен, ағзаның иммунды статусы төмендеген кезде ауру тудырады. ШПМ-ар әдебиеттерде жиі микробтар оппортунисттер (ағылшын тілінен to take opportunity), олар шақырған аурулар оппортунистік инфекциялар деп аталады. ШПМ-дер экологиялық тұрғыдан біркелкі емес, олардың арасында еркін өмір сүруші топтар түрлері болып, негізгі мекен етуші ортасы әр түрлі биорганикалық субстраттардан (тағам өнімдері, су, дәрілік препараттардың аэрозольдары ).тұрады. Көбінесе осы түрлердің көбі адам ағзасында мекендейді және қалыпты жағдайда ауру шақыруы мүмкін (сапроноздар), олардың түрінің сақталуы және көбеюіне тірі ортаның болуы маңызды емес, ауруханалық стационарларда осы түрлерден клебсиеллалар, протейлер, серрацилер, псевдомонадалар, ацинетобактериялар мекен етеді.Адам ағзасындағы (биотоптарда) көптеген мүшелерде мекен ететін ШПМ-дар тұрақты қалыпты болып, симбиотикалық қатынаста болады. Белгілі жағдайда олар қожайынымен қарсыластық қатынасқа түсіп, әр түрлі аурулар тудыруы мумкін, бірақ бұл құбылыс оларға биологиялық үстемдік бермейді, кейбір жағдайда қожайынын жоғалтуға әкеліп соқтырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
АІИ тудыратын негізгі қоздырғыштар:
Бактериялар
Вирустар
Қарапайымдылар
Саңырауқұлақ
тар
Стафилококк
Стрептокок
Көкшіл ірің таяқшасы
Энтеробактерия
Эщерихия
Сальмонелла
Шигелла
Иерсиния
Листерия
Капилобактерия
Легионелла
Клостридия
Вирусы ВГВ,
ВГС және ВГД
ВИЧ
Тұмау вирусы
Корь вирусы
Эпидемиологиялық паротит
Ротовирус
Энтеровирус
Норвоин вирусы
Пневмоцисталар
Криптоспоридиялар
*Кандида
Аспергилла

Аурухана ішіндегі инфекцияның таралуының басты көздері:
Қызметкерлердің қолы;
Ішек және несеп жолдары, мұрын қуысы, тері, шаш, ауыз қуысы;
Қоршаған орта: қызметкерлер, шаң, су, азық-түлік;
Медициналық әртүрлі құралдар;
Аппараттар;
Дәрі-дәрмектер және т.б.

АІЖА-дың негізгі қонақтайтын жерлері.
Медициналық мекемелерде - резеңкеден жасалған бұйымдар (катетерлер, дренажды түтіктер), су және антисептика құйылған приборлар (дистилляторлар, ингаляторлар, ионизаторлар және т.б.), қолдан дем алдыратын аппараттар, құралдар.
Адам ағзасындағы негізгі қонақтайтын орындар: тері және жұмсақ ұлпалар, несеп жүретін жолдар, ауыз қуысы, мұрын қуысы, қынап, ішек.
Қызметкерлердің қолымен: алтын түстес жылтырақ стафилоккок, эпидермиальды стафилакокк, А стерептококкі, энтерококк, эшерихт, клебсиела, энтеробактерия, протей, сальмонел, көкіріңді таяқша, полиомиелит, А сары ауруы.
АІЖА-дың берілу механизмі:
Аэрозольды (ауадағы тамшы).
Тұрмыстық қарым-қатынаста.
Қолдан жасалған (артифициальный).

Аурухана ішілік жұқпанын таралу жолдары:
- экзогенді (ағзаға жүқпаның коршаған сыртқы ортадан түсуі).
- эндогенді (жүқпаның ағза ішінде таралуы).
Жұқпаның экзогенді таралу түріне жататындар:
:: ауалы-тамшылы (жұқпаның ағзаға закымдалған ауа арқылы енуі)
:: қарым-катынасты (залалсыздырылмаған медициналык кұрал-жабдыктармен емдік-шара орындау кезінде)
:: имплантациялық (залалсыздырылмаған протездерді)
:: трансмиссивті (жәндіктердің тістеуі аркылы)
:: алиментарлы (сапасыз тағамды колданған кезде)
Жүқпаның эндогенді таралу түріне жататындар:
гематогенді - бұл кан ағысы аркылы
лимфогенді - лимфа ағысы арқылы таралады.
Алдын алу нәтижелі жүргізу үшін аурухана ішілік жұқпаның көзі мен тарату жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауыктыру мекемелеріңде жұқпаның таралуын болдырмауға болады.
Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндері:
1) зәр бөлу жүйесінің инфекциялары;
2) іріңді-септикалык инфекциялары;
3) тыныс жолдарындағы инфекциялары;
4) бактериялар;
5) тері инфекциялары.
Эпидемиялогиялық үрдіс - бұл ұжымда қоздырғыш айналымынан туындаған симптомсыз тасымалдаушылық пен манифестік ауруға дейінгі спецификалық инфекциялық жағдайлардың тұрғындар арасында пайда болу және таралу үрдісі.
Эпидемиялогиялық үрдістің қалыптасу жағдайлары мен механизмін , оны зерттеу әдістерін , және де жұқпалы ауруларды азайту және оның алдын-алуға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын зерделейтін арнайы ғылым саласы бар - ол эпидемиология деп аталады.
Эпидемиялогиялық үрдістің үшінші элементіне ұжымдық қабылдаушылық жатады. Егер популяцияның иммунды қоғамдық тобы 95% және одан жоғары болса , сол ұжымда эпидемиялық аман-саулық жағдай орнығатыны байқалған және қоздырғыш айналымы тоқтайды. Сондықтан, эпидемияның алдын алу міндеті қоздырғыштарға қарсы егу жүргізу арқылы осы ұжымдарда иммунды топ қалыптастыру болып табылады.
Осыған сәйкес ұжымдарда атқарылатын эпидемияға қарсы шаралар эпидемиялық процестің әртүрлі звеноларына бағытталуы мүмкін. Шаралардың 1-тобы инфекция көзіне, 2-тобы - берілу механизмі мен жұғу жолдарына, ал 3-тобы-қабылдаушы ұжымға бағытталған.
Шаралардың 1-тобына инфекция көзіне бағытталған кешенді әрекеттер жатады: науқа старды анықтау, оқшаулау және емдеу; тасымалдаушыларды-анықтау, есепке алу және сауықтыру қажет; ауру малдарды - әдетте жояды.
Шаралардың 2-тобы берілу жолдары мен механизмін үзуге бағытталған. Оған мыналар жатады: тұрғындық жерлерді сауықтандыру шаралары (мысалы, орталықтандырылған канализациямен және құбыр суымен жабдықтау), ұйымдасқан ұжымдарды ірілендіру, карантиндік шаралар, тағамдық өндірістерді, қоғамдық тамақтандыру орындарын қадағалау, емдеу профилактикалық мекемелерде асептикалық, антисептикалық, дезинфекциялық және стерилдеу ережелерін қатал сақтау т.б.
Қабылдаушы ұжымға бағытталған 3-топ шараларына егер мүмкіндік болса , жүре пайда болатын жасанды белсенді (егу арқылы) немесе енжар( сарысулар мен иммуноглобулиндердің көмегімен ) иммунитет жасау кіреді. Дәрігердің қолында спецификалық иммуноглобулиндік профилактикалық препараттар болмаса , 3-топ шаралары тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізумен шектеледі. Егер эпидемиялық процестің бір немесе бірнеше звеноларына тиімді әсер ете алатын шаралар болса (мысалы вакцинациялау ) оны басқарылатын , ал ондай шаралар жоқ болса, басқарылмайтын инфекциялар деп ажыратуға болады.Сондықтан басқарылатын инфекциялармен күресуде эпидемиологияның түбегейлі мақсаты оларды глобалды масштабта, бүкіл дүниежүзінде жою болып табылады.

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ.

Зарарсыздандыру- патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

МЕДИЦИНАДА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тагайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздандыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы
киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі:
- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
- ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, Медбикенің қолы;
1-ші ыдыста
- пайдаланғаннан кейін медиңинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- медиңинада тағайындалған қүралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;
2-ші ыдыста
- медининада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;
- ыдысты қакпақпен жабыңыз;
- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;
- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медиңинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;
- № 2-ыдыстағы медиңинада тағайындалған қүралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;
- медиңинада тағайындалған қүралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;
- медиңинада тағайындалған қүралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минүт бойы жуыңыз;
- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналғаң контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
- медиңинада тағайындалған қүралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз.

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Зарарсыздандыру түрлері
Алдын-ала сақтандыру және ошақты зарарсыздандыру болып бөлінеді:
Алдын-ала сақтандырып зарарсыздандыру мақсаты аурухана ішілік жұқпалы аурудың болмауын алдын-алу.
Ошақты (очаговая) зарарсыздандыру ошақты және күнделікті зарарсыздандыру болып бөлінеді:
Зарарсыздандыру түрлері
Зарарсыздандыру түрлері

Алдын-ала
зарарсыздандыру
Алдын-ала
зарарсыздандыру
Ошақты (очаговая)
Ошақты (очаговая)

күнделікті (текущая) зарарсыздандыру
күнделікті (текущая) зарарсыздандыру
қортынды (заключительная) зарарсыздандыру
қортынды (заключительная) зарарсыздандыру

а) қортынды (заключительная) зарарсыздандыру - жұқпалы аурудың шыққан жерінде, науқасты оңашаланғаннан кейін, жұқпалы аурухана бөлімшесіне түскеннен кейін, науқас ауруханандан жазылып шыққаннан кейін немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі. Мақсаты ошақтағы жұқпалық ауру қоздырғыштарынан толығымен босату.
б) күнделікті (текущая) зарарсыздандыру - күніне бірнеше рет жұқпалы аурумен ауырған науқастың төсек орнында жатқан жерінде жүргізіледі.
Медицина мекемелерінде зарарсыздандыру шаралары, көбінесе орта медицина қызметкерлеріне жүктеледі. Сондай-ақ, емдеу алдын-алу ұйымдарында зарарсыздан-дыру, әдістемелік (инструкциялық) құжаттармен басқарылып жүргізіледі.

Терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет тұтас жалпы жинастыру жүргізіледі.
Медбике арнайы халат кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз зарарасыздандыру ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағатқа қоямыз, 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСІ

Зарарсыздандыру әдісі - механикалық, физикалық, химиялық және аралас (комбини-рованные) болып бөлінеді.
Механикалық зарарсыздандыру әдісі.
Бөлімшелерді ылғалдап жуу;
Киімдерді, төсек жабдықтарын, төсек орындарды қағып-сілку;
Шаңсорғыштың көмегімен бөлімшені шаңнан босату, ақтау және бөлімшені бояу;
Қолды жуу.

Физикалық (термикалық) зарарсыздандыру әдісі
Физикалық зарарсыздандыру әдісіне жататындар:
Күннің көзін қолдану (кептіру);
Ауаны зарарсыздандыру үшін ультра күлгін сәулесімен күйдіру;
Күйдіру, қыздыру, ыстық үтікпен үтіктеу;
Құны жоқ құралдарды және қоқымдарды жағу;
Пастеризация жасау;
Тиндализация (бөліп пастеризация жасау 6-7 күн ішінде 60[0]С-та уақыты (экспо-зициясы) - 1 сағат.
Толығымен салып, дистилденген суда қайнату - 30 минут, толығымен салып, сода ерітіндісінде қайнату - 15 минут. Қайнату алдында, басқа ыдыста ластанғанын тазалау, эпидемияға қарсы қорғану шараларын жасай отырып, ағынды суды шайқап, канализацияға төгу. Қайнату уақыты қайнаған кезден есептеледі.
Ыстық ауамен зарарсыздандыру әдісі (ыстық ауа шкафында t - 120[0]C-та, уақыты (экспозициясы) - 45 минут, температура деңгейіне жеткен уақыттан бастап есептеледі.
Бу қысымымен зарарсыздандыру. Зарарсыздандыру агенті: су буы қысымы 0,5 атм. Зарарсыздандыру тәртібі: температурасы - 110[0]С, уақыты (экспозициясы) 20 минут, зарарсыздандыру қорабында бикста және дезкамерада автоклавта жүр-гізіледі.
Химиялық әдіс
Медициналық мекемелерінде химиялық әдісте зарарсыздандыру толығымен салып қою кеңінен қолданылады.
Зарарсыздандыру кезінде сүртуге пайдаланбайтындар: сайдекс, формалин, глута-рал, бианол, дезоксон-1. Бұлар адамның ағзасына токсикалық кері әсерін беретін болғандықтан қолданылмайды..
Химиялық зарарсыздандыру әдісіне жататындар:
Шашырату, шашып себу (орошение), шаңдату (распыление);
Сүрту (протирание);
Салып қою (полное погружение).
Аралас (комбинированный) зарарсыздандыру әдісі
Аралас зарарсыздандыру әдісі арнайы зарарсыздандыру камерасында (дезинфекция) жүргізіледі.
Ауаны булау (паровоздушный) - ауаны ылғалдап зарарсыздандыру температурасы t - 110[0]С қысымы 0,5 атм., уақыты (экспозициясы) 20 минут.
Формалинмен булау (пароформалиновый): 0,5 атм. тәртібінде, t - 90[0]С, уақыты (экспо-зициясы) 30 минут.
Зарарсыздандыру камерасының атқаратын қызметі ауаны ыстық бумен белгілі бір температураға дейін жеткізіп және қысымы мен бу әсерін күшейту қажет болғанда - формальдегидті (формалинді) қосымша камераға енгізу арқылы жүргізіледі.

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЗАТТАР

Химиялық тобы
Препараттары
1. Құрамында галогені бар қосылыстар
Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.
Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон
2. Тотықтырғыштар
Сутегі асқын тотығы, калий перманганаты
3. Ауыр металл тұздары
Ауыр металл тұздары
Сынап: сынап дихлориді сулема, сынаптың сары тотығы.
Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.
Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,
Мыс: мыс сульфаты
Висмут: ксероформ, дерматол
4. Альдегидтер мен спирттер
Формальдегид, гексаметилентетрамин
Этил спирті
5. Фенол мен оның
туындылары
Таза фенол карбол қышқылы, ихтиол
6. Нитрофуран туындылары
Фурациллин
7. Бояғыштар
Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.
8. Қышқылдар мен сілтілер
Қышқылдар : бор,салицил

Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9. Табиғи препараттар
Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

5% ГИПОХЛОРИТ КАЛЬЦИЙ НЕГІЗГІ (маточный) ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ

Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін колданылады.
Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз.
2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.
3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.
4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атын көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлаған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.
Ескерту:
- ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастың қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;
- негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.

Гипохлорит кальцнйдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
Жұмысшы
Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет
ерітінділердегі
компоненттердің мөлшері

Гипохлорит
10 л-
■ге
1 л-ге
кальцийдің қоюлық
Негізгі 5%
Судың
Негізгі 5%
Судың
дәрежесі (%)
ерітінді (л)
мөлшері (Л)
ерітінді (мл)
мөлшері
(мл)
0,25
0,5
9,5
50
950
0,5
1
9,0
100
900
1
2
8,0
200
800
1,5
3
7,0
300
700

Дезэффект ерітіндісін дайындау кестесі.

1% Дезэффект л.
Дезэффект
мөлшері
Судың мөлшері
2,5%
Дезэффект л.
Дезэффекта мөлшері
Судың мөлшері

1 литр
10 мл
990 мл
1 литр
25 мл
975 мл
2 литр
20 мл
1980 мл
2 литр
50 мл
1950 мл
3 литр
30 мл.
2970 мл
3 литр
75 мл
2925 мл
4 литр
40 мл
3960 мл
4 литр
100 мл
3900 мл
5 литр
50 мл
4950 мл
5 литр
125 мл
4875 мл
6 литр
60 мл
5940 мл
6 литр
150 мл
5850 мл
7 литр
70 мл
6930 мл
7 литр
175 мл
6825 мл
8 литр
80 мл
7920 мл
8 литр
200 мл
7800 мл
9 литр
90 мл
8910 мл
9 литр
225 мл
8775 мл
10 литр
100 мл
9900 мл
10 литр
250 мл
9750 мл

Хлорамина ерітіндісін дайындау кестесі.

1%
хлорамина
литрда

Хлорамина
мөлшері
гр.

Судың мөлшері
3%
хлорамина
литрда

Хлорамина
мөлшері
гр.

Судың мөлшері
1 литр
10 гр
990 мл
1 литр
30 гр
1 литр
2 литр
20 гр
980 мл
2 литр
60 гр
2 литр
3 литр
30 гр
970 мл
3 литр
90 гр
3 литр
4 литр
40 гр
960 мл
4 литр
120 гр
4 литр
5 литр
50 гр
950 мл
5 литр
150 гр
5 литр
6 литр
60 гр
940 мл
6 литр
180 гр
6 литр
7 литр
70 гр
930 мл
7 литр
210 гр
7 литр
8 литр
80 гр
920 мл
8 литр
240 гр
8 литр
9 литр
90 гр
910 мл
9 литр
270 гр
9 литр
10 литр
100 гр
900 мл
10 литр
300 гр
10 литр

Жұмысшы ерітіндісін сутегі асқын тотығымен 0,5% жуушы ерітіндісін дайындау кестесі.
Ерітіндінің аты
30% пергидрол, мл.
Жуушы ерітіндісі, г
Судың мөлшері, мл.
3%-перекись водорода
100
5
895,0
4%перекись водорода
133,3
5
861,0
5%перекись водорода
200,0
5
795,0

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЕРІТІНДІЛЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1. Адамға зиянды болмау керек;
2. Арзан болуы керек;
3. Өткір иісті болмау керек;
4. Жуу қасиеттері болу керек;
5. Бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;
6. Биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;
7. Аз уақытта микробтарды тез жою керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері:
Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Критикалық емес заттар- тонометр, ыдыстар, балдақтар, қолтық астылық термометрлер жатады
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Тек терімен жанасатын жылытқыш, мұзды мұйық, т.б. заттарды екі реттен қайталап 15 аралықпен сүрту қажет. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс. Ал фонендоскоп, тономерлер, термометр 70 % спиртпен екі рет сүртіп аламыз.

№ 357 Бұйрық Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдықтарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
1. Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет (операция жасалатын орындарда операциялар арасында) жүргізіледі.
2. Медицина жиһазының сыртқы және ішкі беті тегіс болуы және жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалған болуы тиіс.
3. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып палаталы бөлімшелердің үй-жайларын, функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді күрделі жинау қабырғаны, еденді, жабдықтарды, мүкәммалды, шамшырақтарды өңдей отырып, айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
4. Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босатылған палатада қорытынды дезинфекция типі бойынша жинау жүргізіледі, төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялауға және дезинфекциялау ерітіндісімен өңдеуге жатқызылады.
5. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилдеу үй-жайларын, қарқынды терапия палаталарын, асептикалық режимді үй-жайларды ауқымды жинау жабдықты, жиһазды, мүкәммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.
6. Операциялық, таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара, инфекциялық бокстарда, сүт бөлмелерінде, асептикалық режимді үй-жайларда әрбір жинаудан кейін отыз минутқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.
7. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіш үй-жайдың бір текше метріне (бұдан әрі - м[3]) 2,0-2,5 вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіштер үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м[3]-не 1,0 вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікте орнатылады. Қарқынды үздіксіз жүктемесі бар үй-жайларда ультракүлгін рециркуляторлар орнатылады.
Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелегіш қосылып тұр! деген жарық берілетін тақтамен блокталады.
8. Науқастардың киімдерін ауыстыру жеті күнде кемінде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі. Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын, іш киімдері, сүлгі және төсем сулықтар күнсайын жүргізіледі.
9. Операциялық, босандыру блоктарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда ауруханалық стерилді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.
10. Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді.
11. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.
12. Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады.
13. Киім-кешектің ауруханадан тыс киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желілер бөлінген жағдайда, барлық меншік нысанындағы кір жуу орындарында киім-кешекті жууға жол беріледі. Инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.
14. Стационардың таза және лас киім-кешектерін тасымалдау қаптамаланған күйде арнайы бөлінген көлікте жабық таңбаланған ыдыста (таза немесе лас киім-кешек) жүзеге асырылады.

Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық ережелерін орындау Сан-норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.
Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу.
Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.

Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және бақылау.
Науқастар палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде, мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек. Ол кезде жуу ерітінділерін және зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып отыру керек.
Аурухана жайларында құрт құмырсқалар пайда болған жағдайда олар жойылады. Оны дезинсекция деп атаймыз. Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз. Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

ЕПҰ-да жинастыру түрлері.
Мақсаты:жинастыру санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету,жқұпа таралуының алдын алу,санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтау,микроорганизмдерді жою және бөлмеге эстетикалық көрініс беру үшін жүргізіледі. Жинастыруды орта және кіші медицина қызметкерлері жүргізеді.
Жинастыру жүргізуді бөлімшенің аға медбикесі және шаруашылық медбикесі бақылайды. Жинастыру жүргізуді бақылау және мониторингтеу жұмыстарын инфекциялық бақылау қызметі жүзеге асырады. Жинастыру түрлері:
Ылғалды жинастыру.
Жалпы жинастыру.
Қорытынды жинастыру.
Ағымдық ылғалды дезинфекция жасалатын,ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайларда (операциялық,таңып-байлау,босандыру ,операция алды,наркоз беретін,емшара,манипуляциялық,микоб актериалы көптеген дәрілерге төзімді туберкулезбен ауыратын пациенттерге арналған стационардың егу,үй-жайлары,сондай-ақ ванна,себезгі бөлмелері,санитариялық тораптар,клизма жасайтын,лас киім-кешекті сақтауға және бөлшектеуге арналған үй-жайлар) қабырғалары әшекйлі тақталармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен барлық биіктігі бойынша қапталады. Үй-жайлар қабырғаларының,едендері мен төбелерінің беттері тегіс,ақаусыз,ылғалды жууға қолайлы және жуу мен дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді материалдардан жасалады. Палаталардың,дәрігерлер кабинеттерінің,холдардың,асханалард ың,физиотерапиялық,емдік-диагностик алық кабинеттердің қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.
Медицина жиһазының сыртқы және ішкі беті тегіс,жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдан жасалады.
Асептикалық бөлімше-пациентте іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар. Асептикалық бөлімшелерге мыналар кіреді:дәретханасы,ваннасы немесе себезгісі бар,палаталар,емшара қабылдау бөлмесі,дәрігер кабинеті ,буфет,стерильді материалды сақтауға арналған үй-жайлар.
Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді,жиһазды,жабдықты,терезе алдын,есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып,тәулігіне кемінде екі рет (операция жасалатын орындарда операциялар арасында) жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып қабырғаны,еденді,жабдықтарды,шамшыр ақтарды өңдей отырып,айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша палаталы бөлімшелердің үй-жайларын,функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді жалпы жинау жүргізіледі. Жалпы жинау жүргізу үшін персонал арнайы киіммен,жеке қорғаныш құралдарымен,таңбаланған жинау мүліктерімен және таза шүберекпен қамтамасыз етіледі.
Операциялық блокты,таңып-байлау,босандыру залдарын,емшара манипуляциялық,стерильдеу үй-жайларын,қарқынды терапия палаталарын,асептикалық режимді үй-жайларды жалпы жинау жабдықты,жиһазды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.
Операциялық, таңып-байлау,босандыру залдарында,реанимация палаталарында,жаңа туған,шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында,емшара бөлмелерінде ,инфекциялық бокстарда,асептикалық режимді үй-жайларда әрбір ағымдағы жинаудан кейін 30 минутқа,жалпы жинаудан кейін 2 сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады. Адамдар жоқ кезде ашық және аралас бактерицидтік сәулелегіштер және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Қан тоқтату тәртібі
Пациенттерді оңалту жүйелері
Фармацевтік кәсіпорындар
Оқиға болған жерді қараудың сатылары
Медициналық техниканы жіктеу
Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі. Ақпаратты қорғау негіздері
Дәріхана деректер базасын жобалау
Пәндер