Экономикалық қауіпсіздік элементтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .: КІРІСПЕ . . .
5: 5
КІРІСПЕ . . .:
  1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1
5: Экономикалық қауіпсіздік түсінігі және оның факторлары . . .
7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2
5:

Сыртқы экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз

етудегі протекционистік саясат . . .

13
КІРІСПЕ . . .:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ҮРДІСТЕРІ
5: 19
КІРІСПЕ . . .: 2. 1
5:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

жағдайына импорттық операциялардың әсерін талдау . . .

19
КІРІСПЕ . . .:
  1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму

ерекшеліктерін реттеу . . .

5: 27
КІРІСПЕ . . .:
  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
5: 35
КІРІСПЕ . . .: 3. 1
5:

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік

іс-шараларды жүзеге асыру бағыттары . . .

35
КІРІСПЕ . . .: 3. 2
5: Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлемдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктері . . .
42
КІРІСПЕ . . .: 3. 3
5: Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік құралдарын жетілдіру жолдары . . .
48
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
5: 57
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
5: 59
КІРІСПЕ . . .:
5:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші - ұлттық экономикалық даму деңгейі болады.

Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анықталмай, бірініші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2020-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда «Қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған тиімді де осы заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс» деп көрсеткен [1] .

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т. б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға салмақ салынады.

Осы негізде таңдалып алынған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - еліміздің әлемдік экономикаға интеграциялану барысында ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сыртқы экономикалық саясатын жасақтау мәселелерін зерттеу.

Зерттеу объектісіне - Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы, зерттеу пәніне - мемлекеттің экономикалық саясат шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік іс-шаралар мен құралдарын қолдану тиімділігін жоғарылату үрдісі жатады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты анықталады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады және экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қазіргі тенденциялары және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік іс-шараларды жетілдіру жолдары қарастырылды. Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыс тарауларының бөлімдері бойынша қысқаша түсініктер беріледі.

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық-нормативтік актілері, статистикалық ақпарат деректері, мемлекеттік бағдарламалар, ҚР-ның экономикалық көрсеткіштерінің нәтижелері туралы есебі, тауар айналымының қозғалысы (экспорт пен импорт) есебі және мерзімді басылымдар мен әдебиеттер пайдаланылды.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Экономикалық қауіпсіздік түсінігі және оның факторлары

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамытып қана қоймай, бүкіл қоғамдық өмірде елеулі ілгерілеуді қамтамасыз етуде. Еліміз экономикалық өсу қарқыны бойынша ТМД, Орта Азия, Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінің үлкен шоғыры арасында алдыңғы қатарда тұр.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі жолдауы Егемен еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылу бағыттарын тағы бір айқындап берді.

Нарық жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде экономикамыздың тұрақтылығы болып табылады. Ол табиғи байлықтарды, ресурстарды үнемдей отырып, ЖҰӨ - нің және ЖІӨ - нің көлемін жоғарлату.

Экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни экономикалық қауіпсіздік - тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік жүйе ретінде әрекет етеді, яғни ұлттық шаруашылықтың меншік, өндіріс, сауда, ақша жүйесі, салықтық-бюджеттік салаларында мемлекеттің ұлттық экономикалық мүдделерін жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, АҚШ президенттігіне 1933 жылы 4 наурыздан бастап Ф. Рузвельт тағайындалып, ол президенттігіне кіріскен 100 күн ішінде, дағдарысты болдырмау бойынша іс-шараларды әрі қарай жетілдіретін база болып табылатын 15 заң қабылдаған. Ф. Рузвельт классикалық теориядан бас тарту және мемлекеттің экономикалық өміріне араласпауына жол ашты. Ф. Рузвельт және оның командасы ХХ ғасырдағы нарықтық механизм - бұл шаруашылық процестерге мемлекеттің қатысуы мен нарықтық мотивтердің оңтайлы үйлесімділіктің бір себебі, қоғамдағы әлеуметтік климатқа әсер етудің қажеттілігі, -деген. Өйткені жеке тұлғаның экономикалық мүддесі мемлекеттің әлеуметтік саясаты арқылы ғана жүзеге асады. Бұл саладағы жұмысты үйлестіру мақсатында 1934 жылы алғаш рет «Экономикалық қауіпсіздік туралы» Кеңес құрды. Бұл жерде ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан ұлттық қауіпсіздікке қатер туған. 60 жылдан кейін АҚШ президенттігіне Б. Клинтон келіп, ол да өзінің әкімшілігінде «Ұлттық экономикалық қауіпсіздік» Кеңесін құрды. Бірақ бұл жерде американдық мамандардың айтуынша, АҚШ-тың ұлттық мүддесімен қоса, оның экономикалық қауіпсіздігіне сыртқы көздерден, яғни дүниежүзілік экономикадағы халықаралық бәсекеден қауіп туған. Ішкі және сыртқы - халықаралық нарықта американдық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз етуді әкімшілік өз міндетіне алған [2] .

Осыдан экономикалық қауіпсіздік ұғымы зерттеушілердің алдына қойған мақсаттарына байланысты өзгешеленетіндігі көрінеді. Бұл жағдай зерттеушілердің субъективті көзқарасы негізінде ғана емес, әрбір мемлекеттің нақты экоонмикалық жағдайы мен алдына қойған ұлттық экономикалық мүдделеріне байланысты болып отыр. Ол мәселені өтпелі, дамушы елдердің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақтылық, егемендікке байланыстырса, дамыған елдер экономикалық озықтығын, шикізатпен қамтамасыз ету, бәсекелестігін жоғарылату арқылы жүзеге асыруда.

Экономикалық қауіпсіздіктің проблемасы - оның жеке объектісі және басқа қызметтердің мүмкін болатын сфераларымен (әскери, әлеуметтік, саяси, экономикалық, ақпараттық және т. б. ) өзара әсер ету объектілері болады. Сондықтан экономикалық қауіпсіздіктің проблемаларын ішкі экономикалық және сыртқы экономикалық мәселелерді қамти отырып, жеке экономикалық сферада, оның ішінде олардың бірігетін жерлері: экономикалық сфералардан тыс аралас экономикалық сфералардың салаларында қарастырған жөн. Оларға: әскери-экономикалық сала; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы (көлеңкелі экономика проблемалары, экономикадағы сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыс) ; елдің интеллектуалды және ғылыми-техникалық потенциалды саласы; экономика мен табиғаттың өзара әрекет сферасы жатады.

Барлық қызмет салалары мен сфераларындағы қауіпсіздік проблемасын шешудің маңыздылығын ескере отырып, экономиканың негізгі рөлін тереңірек айту керек, өйткені өндіріс, материалдық игіліктердің бөлінуі мен тұтынылуы қоғамның тіршілігін анықтайды.

Экономикалық қауіпсіздік объектілеріне - мемлекет, экономикалық жүйенің негізгі элементтері және жалпы мемлекеттің экономикалық жүйесі, оның бүкіл табиғи байлықтары, экономиканың барлық деңгейіндегі шаруашылық субъектілері, мемлекеттің барлық институттары мен мекемелері және жеке тұлға, сонымен бірге олардың өмірлік маңызды экономикалық мүдделері жатады.

Экономикалық қауіпсіздік субъектілері - бұл саладағы өзінің негізгі функцияларын, заң, атқару, сот биліктері: функционалдық және салалық министрліктер және ведомстволар, салық және кеден қызметтері арқылы мемлекеттің өзі болып табылады [3] .

Осылайша, экономикалық қауіпсіздік мәселелерін қарастыра отырып, оның ішкі және сыртқы қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті тұрақтылықты сақтауға, ұлттық экономиканың қорғалушылығына бағдарланған ортақ міндеттерімен және өзгеше функцияларының өзара байланысты жүйені білдіреді. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік - ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет) .

Ескертпе - автордың құрастыруы

Сурет 1 ─ Экономикалық қауіпсіздік элементтері

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъектісі мемлекет болып табылып, оның жүзеге асыру механизмін 2-суреттен көруге болады.

Ескертпе - Молдабаев. С. Д. Ашық экономика жағдайында протекционизм саясатының орны // ҚазЭУ хабаршысы. -2018. -5. -7-12бб.

Сурет 2 - Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру механизмі

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік - салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық қауіпсіздігінің жиынтығы ретінде қарыстырылады. Яғни, ұлттық экономикалық мүдделердің ішкі және сыртқы рыноктарда қорғалған жағдайы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің алғы шарты ретінде анықталады [4] .

Экономикалық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет пәні төмендегілер болып табылады:

- ұзақ және қысқа мерзімдегі мемлекетпен әлеуметтік - экономикалық жүйенің тұрақтылығын бұзатын факторларды анықтау және мониторингі;

- бірегей экономикалық реформа бағдарлама аясындағы бұл факторлардың зиянды әсерін жеңілдететін немесе жоятын экономикалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.

Экономикалық қауіпсіздік экономикалық әдістермен және экономикалық сипаттағы емес (саяси, әскери) әдістердің құралдарымен қамтамасыз етіледі. Аралас экономикадан тыс салалардағы қауіпсіздік тек соларға тән әдістермен және экономикалық әдістермен, оның ішінде ақша қаражаттары мен экономикалық сипаттағы ресурстарды тарту арқылы қамтамасыз етіледі. Кез-келген салалардағы қауіпсіздік салдарын экономикалық бағалау, зиянның көлемін бағалауға және осы негізде басымдықтар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастарға өту кезінде экономикалық қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеу - қоғамның және мемлекеттің ыдырауын болдырмаудың қажетті шарты. Қазіргі кезде елдің экономикасы, шетелдік өндірушілер тарапынан жан-жақты қысымына ұшырады. Қазақстанның тарихи дамуының қазіргі кезеңінде, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің нақты ішкі және сыртқы қауіптері бар және олардың алдын алу немесе болдырмау, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі болуы тиіс.

Өндіріс, инвестициялық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы ұлттық мүдденің мақсаты - азаматтық қоғамның даму мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеруге негізделген, нарықтық шаруашылық әлеуеті бағдарлы инновациялық типін қалыптастыру, жаңаша технологиялық құрылымның қалыптастыру негізіндегі қазіргі мемлекеттің экономикалық дамуының бағытын анықтайтын экономикалық салаларын қолдау.

Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің маңызды ерекшеліктері бар, олар:

1. Нақты - тарихи мазмұны, ол нақты жағдайларды талдауда елге деген қауіп экономиканың қай саласында төнеді, оның қатерлі деңгейі қандай болатынын анықтайды;

2. Шекті мазмұнда болады, және экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамасымен анықталады, яғни оған қатерлі белгілі бір қауіптермен;

3. Экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің маңызы мен мазмұны елдің, жеке өңірлердің және жалпы халықаралық қоғамдастықта дамуының бөлінген шектерінде өседі;

4. Экономикалық қауіпсіздіктің барлық критерийлері мен параметрлері қозғалыста болғанмен, әртүрлі елдер үшін оның ерекшелігі - адамзаттың экономикалық даму тенденцияларымен олардың байланысы болып табылады.

5. Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің мазмұнына сөзсіз ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен ұлттық идея әсер етеді [5] .

Жоғарыда айтқандай, экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен - қауіптермен анықталады. Экономикалық қауіпсіздік қатерлері деп - ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы потенциалдық мүмкіндікті айтамыз. Осылайша, экономикалық мүддеге қатер дұрыс дамушы қоғамдық ұдайы өндірістің жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.

Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:

- горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;

- шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;

- жұмыссыздық;

- инфляция;

- салық салудан көпшіліктің қашуы;

- қазақстандық экономиканың монополизациясы;

- экономиканың және қоғамның қылмысы;

- ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;

- валюталық ресурстардың азаюы.

Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:

  • импорттық тәуелділіктің өсуі;
  • экономиканың тым ашық болуы;
  • Қазақстанның өзіндік инициативасымен табиғи ресурстардың нетто-экспортерына айналуы;
  • экономикалық динамиканың жаһандануы;
  • халықаралық ұйымдар мен байланыстардың ролі;
  • халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы [6] .

Аталған қауіпсіздік факторлары (қауіптері) және олардың нәтижелері өзара байланыстық жүйені құрағандықтан, әрбір фактордың жағдайының өзгеруі тікелей немесе жанама түрде экономикалық қауіпсіздікке әсер етеді.

Экономикалық қауіпсіздік мақсатында Қазақстандағы экономика саласындағы ұлттық мүдделер мен басымдықтарда жүзеге асыру - мынадай міндеттерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • сыртқы экономиканың ынтымақтастық үшін оның ашықтығын есепке ала отырып, кеңейтілген ұдайы өндіріс тәртібіндегі экономиканың жұмыс істеуіне, техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайды қамтамасыз ету;
  • экономиканың тиімсіз институционалдық құрылымын трансформациялау, рыноктар мен шаруашылық субъектілерін тиімді жүйесін қалыптастыру, тиімді меншік иелерін қалыптастыруға жағдай жасау, әлемдік шаруашылық байланыс жүйелерін интеграциялау, микродеңгейдегі бизнесті дамытудағы кедергілерді жою;
  • мұнай-шикізат потенциалын ұдайы өндірісі, оның дамуын, сақталуын үйлестіретін экономиканың құрылымын қалыптастыру, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін өнім өндірісін дамыту;
  • транзакциялық және әкімшілік-басқарушылық шығындарды төмендетуді айналым капиталын үнемдеуді қамтамасыз ететін, оның ұйымдастырушылық және институционалдық құрылымын жетілідіру жолымен экономиканың саласын реструктуризациялау;
  • инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру және осы негізде негізгі өндірістік қорларды, өндірістік потенциал мен өндірістің жоғарғы ғылыми және техникалық деңгейін қамтамасыз ететін өндірістік потенциал мен технологияны түбегейлі модернизациялау және жаңалау және жоғарғы деңгейдегі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • фундаменталды және қолданбалы ғылымның басыңқы бағыттарынның, ғылыми - техникалық прогрестің стратегиялық маңызды бағыттарындағы қазақстанның тәелсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті, ғылыми - техникалық потенциалды мақсатты дамыту, жоғарғы технологиялық және ғылыми өндірісті құру және дамыту;
  • экономиканың барлық салаларының тиімді және мақсатты дамыту әсіресе, интеллектуалдық меншік рыногын, ғылыми-зерттеушілік мекемелер мен өндірісті, шағын және орта кәсіпорындарының рыногын қалыптастыруға аса назар аудару;
  • мемлекеттің әскери және экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын нормативтік - құқықтық құжаттар әзірлеу.

Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаты - Қазақстан Республикасы субъектілерінің дамуында дифференциацияны төмендетуге, аумақтық диспропорцияны оңтайландыру, Қазақстан Республикасының жеке субъектілерінде дағдарыстық әлеуметтік экономикалық жағдайларды болдырмау мына негіздерде жүзеге асырылады:

  • бірегей құқықтық және ақпараттық кеңестік жасау;
  • Қазақстанның заңының бүкіл мемлекет аумағында сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімді механизмін қалыптастыру;
  • бұрынғы шаруашылық байланыстарды дамыту және жаңа аймақаралық байланыстар орнату;
  • мемлекет және аймақтың бюджеттің табыстарының оңтайлы ара - қатынасын анықтау, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларға қаржылық ресурстарды аймақаралық қайта бөлу қорларын құру;
  • Қазақстан Республикасының субъектісінің, оның даму факторларын ескере отырып, қаржылық және экологиялық потенциалын молырақ пайдалану.

1. 2 Сыртқы экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудегі протекционистік саясат

Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі еліміздің халықаралық аренада белсенді және мақсатты сыртқы экономикалық саясатымен тікелей байланысты болып отыр. Халықаралық еңбек бөлінісінде алатын орны мен елдің экономикалық даму бағытын анықтайтын бұл саясат, қазіргі заманда әлемдік экономиканың объектитвті үрдісіне, экономикада сыртық факторлар әсеріне сезімталдық тәуелдігінен шығады. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық өсуге және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі, экономикалық қауіпсіздікке кері әсерлерін толықтай жоққа шығармады. Сыртқы экономикалық қауіпсіздік көбіне сыртқы факторларға тәуелді болғанына қарамастан, оның жағдайы көбінде елдің ішкі экономикалық жағдайымен, ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетіне, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатына байланысты болады.

Сыртқы экономикалық қауіпсіздікті Қазақстанның ұлттық экономикасының, оның тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін сыртқы жағдайлардан, үдерістер мен факторлардан қорғалу жағдайы ретінде айқындауға болады. Экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі бола отырып, сыртқы экономикалық қауіпсіздік «Қазақстан 2030» Стратегиясындағы ұзақ мерзімді басым бағыттарының біріншісі ретінде белгіленген ұлттық қауіпсіздік блогына жатады. Стратегия Қазақстанның сыртқы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгілі бір механизмдерін бейнелейді [7] .

Біріншіден, құжатта Қазақстанның, өзінің соның негізінде ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра алатындай, экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін біздің көршілерімізге қатысты тыныштық пен тұрақтылықтың болжамды арақашықтығын пайдалану қажеттігі айтылған. Сыртқы саясат институттарына Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия, АҚШ, Еуроодақ елдермен ұзақ мерзімді тиісті саясат жүргізу, сондай-ақ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Азия, Еуропа және Ислам даму банктері тәрізді халықаралық ұйымдар мен форумдардың мүмкіндіктерін пайдалану нақтылы тапсырылады.

Екіншіден, стратегияда сыртқы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің экономикамыздағы энергетикалық құрамдастықтың ролі айрықша бөліп көрсетіледі. Энергия көздерін экспорттаудан түсетін табысты қазынаға оралтуға, келісім-шарттар бекіту барысында мүдделерді қорғауға (экология, жұмыспен қамту, біздің мамандарды даярлау, әлеуметтік мәселелерді шешу) бағыталған саясатты жүзеге асыру да бірінші кезекте осы санатқа жатады. Стратегияда « . . . мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан құтыламыз» деп нақты атап көрсетілген.

Оның сыртында, «Отан ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау» делінген.

Аталған позициялардың барлығы елдің ұзақ мерзімді сыртқы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты механизмдері болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
Потенциалды қауіпті экономикалық нысандардың беріктігіне баға беру және болжау әдістері
Қауіпсіздік белдіктері және қауіпсіздік белдіктерінің кернеу құрылғылары
Көлік жүйелерін жетілдіру
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау
«Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті
Доңғалақты көлік құралдарының сәйкестігін бағалау
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Мектептің мәліметтер базасын құру
Несие қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz