Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

М. Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген жаңа әдіс-тәсілдер

Мамандығы: 0111000- «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111013- «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі»

Тобы: ҚТ-Ж-17

Пәні: Педагогика

Орындаған: Жупар Салтанат Асанқызы

Қабылдаған: Әбиева Гүлжайна Утепбергеновна

Қызылорда қаласы, 2021 жыл

Жоспары

І. КІРІСПЕ . . . 3-5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6-25

І ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлаудың ғылыми анықтамасы. . . 6-10
  2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдер оқушыны сыни ойлауға баулудың негізгі құралы ретінде. . . 11-15
  3. Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлері. . . 16-25

ІІ ТАРАУ. НЕГІЗГІ СЫНЫПТАРДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР МЕН ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

  1. Мектеп бағдарламасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану және сабақ жоспарына кіріктіру. . . 26-36

ІІІ. Қорытынды . . . 37

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38

Кіріспе

Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім

болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», деп атап көрсеткен [13] . Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген [14] .

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім [4]

Сыни ойлау туралы мынадай анықтамалар бар:

"Жауапқа, не қорытындыға жету үшін ақпаратты белсенді, ері шебер түрде тұжырымдау, қолдану, анализдеу, синтездеу және бағалау процесі".

"Айқын, рационалды, ашық-саналы және дәлелді түрде тәртіпті ойлау".

"Мақсатты, өз-өзін реттеп отыратын тұжырым, ол түсіндіруді, анализдеуді, бағалауды және қорытынды шығаруды көздейді, сондай-ақ осы тұжырымды негіз еткен дәлелді, ұғымдық, әдіснамалық, критериологиялық немесе контексттік түсініктерді түсіндіру".

"Ол сенімімізді қалыптастырудағы зердені қолдану талабы".

Толғаныстық скептицизммен айналысу өнері мен дағдысы (McPeck, 1981)

Сыни ойлау ішке-бағытталған болып, ол ойлаушының рационалдылығын максимумға жеткізуді көздейді. Біреу сыни ойлауды қолданып проблемаларды шешпейді, ол сыни ойлауды қолданып өз ойлау процесін жақсартады.

"Мұқият аналитикалық анықтауға негізделген бағалау".

"Сыни ойлау бір ойлау үлгісі түрі болып, ол адамдардан толғанысты (reflective) талап етеді, сенімдері мен әрекеттеріне жетекшілік ететін шешім қабылдауға назар аудартады. Сыни ойлау адамға логикалы тұжырым жасауға, күрделі ақпаратты өңдеуге, істі әртүрлі жағынан қарауға үйретеді, сөйтіп олар неғұрлым сенімді тұжырым жасай алады".

Сыни ойлауға бірнеше әдіспен анықтама беруге болатынына қарамастан, оның негізгі құрамы туралы жалпы келісімді пікір бар - қанағаттанарлық нәтижеге жетуге деген күшті аңсар, бұған рационалды ойлау мен нәтиженің қозғатуы (result-driven) тәсілі арқылы қол жеткізу керек. Гальперннің ойынша, сыни ойлау бірінші кезекте үйрену қабілеттерін қамтиды, олар проблема шешу, есептеу және ықтималдықтарды өнімді қолдану секілділер. Бұған тағы ойлау процесіне қатысу тенденциясы да кіреді. Станович соңғы жылдары заманауи IQ тестінің сыни ойлау қабілетін өлшей алмайтынын айтты.

Осы заманғы сыни ойлау ғалымдары бұл дәстүрлі анықтамаларды сапа, ұғым және процеске кеңейтіп, жасампаздық, қиял, зерттеу, толғаныс, эмпатия, білімді байланыстыру, феминизм теориясы, субъективтілік, күңгірттік және бейнәтижелік қатарлыларды қамтуға тырысты. Сыни ойлаудың кейбір анықтамалары бұл субъективті тәжірибелерді жоққа шығарады.

Қазақ философиясында Абай Құнанбайұлы сыни ойлаудың жаңа көкжиегін ашушы болды. Абайдың авторитетке бағына салмауды дәріптеген, білім мен сенімде рационалды нақтылық пен дәлелділікті талап еткен кей өлеңдері мен қара сөздері сыни ойлаудың тамаша үлгісі деуге болады. Мысалы Абай айтады:

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты -

Ақылменен жеңсеңіз.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Мұнда өз ақыл көзің жетпей тұрып "ештеңеге, ешкімге сене салма" деп ескертеді, сондай-ақ: "Мұны жазған кісінің, Атын білме, сөзін біл!" - деп, ойдың шын-өтіріктігіне адамның өзі кепіл болмайтынын, дұрыс пікірлерді аты-жөні (беделі) бойынша емес, пікірдің мазмұны бойынша қабылдауды талап етеді. [15]

Сол себепті жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қолдану қарастырылғанымен, баса талқыланатын мәселе - жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды талап етеді. Бұл мәселе берілген зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңартылған білім беру мазмұнында сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану Өзекті болғандықтан, осы тақырыпты теориялық-практикалық тұрғыда зерттеп-негіздеуге алдым.

Зерттеу жұмысының нысаны: Негізгі мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көзін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруі

Зерттеу жұмысының пәні: Негізгі мектептердегі тәжірибелік-зерттеушілік процесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген жаңа әдіс-тәсілдерді теориялық зерттеу және ғылыми-практикалық негіздеу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың ғылыми анықтамасын және автор пікірлерін жинақтау;
  • Сын тұрғысынан ойлау құрылымын
  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына негізделген әдіс-тәсілдердің қолданылуын зерттеу;
  • Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлерін саралау;
  • Мектеп бағдарламасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану және сабақ жоспарына кіріктіру

Зерттеу жұмысының көздері: жаңартылған білім беру мазмұнынына сәйкес оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және оның түрлері жайлы ғылыми-теориялық, әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер, әдістемелер, ғаламтор желісіндегі сайттар, ОМЖ, ҰМЖ, ҚМЖ және ресурстар.

Зерттеу жұмысының әдістері: теориялық әдістері: негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, жіктеу; эмпирикалық әдістер: бақылау, сауалнама, сараптау

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер негізгі мектеп оқушыларына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша меңгеруге тиісті білімді сын тұрғысынан оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы меңгертсек, жас ерекшеліктеріне қарай әдістемелік жұмыстар жүргізсек, онда пайдаланылған әдістер мен жұмыстар оқушылардың тақырыпты меңгеріп, толық ақпарат алғанын анықтайды және саналы шешім қабылдауды сабақтарда үйренеді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлаудың ғылыми анықтамасы

Бүгінгі білім беру саласының басты мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие үрдісін дамыту, білім алушыларға жүйелі, білім берумен қатар қоғамда өз орнын табу, өзін-өзі жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы студенттердің білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кәсіптік білім беру жүйелерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер, орта және арнайы, жоғарғы оқу орындары оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.

Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларынан ол қосымша материал іздеп табуы қажет және өздігінен презентация жасауға да дайын болуы тиіс. Оқытушы студентке өз ойын барынша толық жеткізуге қолдау көрсетуі қажет. Осы тұста оқытушы басқа студенттерден: «Сіздер не қоса алар едіңіздер?» деген сұрақ қойып, аудиториядағы өзге оқушыларды да ойландыруы қажет. Оқушылардың берген жауаптарын оқытушы сынамай және оларға қарсы пікір танытпай: «Мынау қызық мәлімет екен, ол жайында ойланып көрмеппін», деген ойды айтып, оларды тиісті мәселе төңірегінде ары қарай сыни тұрғыда жан-жақты ойлануға ынталандырған жөн. Сонда ғана студент ашылып, ойындағысын толық жеткізуге тырысады, ойланады, қысылмай ашық сөйлейді, ізденеді, қосымша мағлұматтар жинақтайды. Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:

 өздігінен ойлау;

 ойды қорытындылау;

 проблемалық және сол ойды бағалай білу;

 ойды дәлелдеу;

 сын тұрғысынан ойлауды нәтижесін өмірмен байланыстыру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 6 компоненттен тұрады.

Сыни ойлаушы:

 өз ойын қалыптастыра алады;

 әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;

 тақырып бойынша мәселені шеше біледі;

 дәлелді пікірталас құра алады;

 бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;

 кез келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынын түсінеді және бағалай біледі. [1]

Сыни тұрғыдан ойлау - бұл адамда белгілі бір тақырыпқа немесе тақырыпқа қатысты бар ақпаратты талдау және бағалау қабілеті арқылы көрінетін қабілеттілік, айтылған ақпараттың растығын анықтауға тырысып, осыған байланысты мүмкін болатын сыртқы жақтарды ескермей, осыған байланысты негізделген идеяға жету.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін қажет әрекеттер:

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:

- қызығушылықты ояту;

- мағынаны ашу;

- ой толғаныс.

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнің мақсаттары:

- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;

- оқушының белсенділігін ояту;

Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнің мақсаты:

- жаңа ақпаратпен танысу;

- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.

Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер

- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;

- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;

- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

Белсенді оқу әдістерін қолдану:

- инсерт;

- екі жақты күнделік;

- қосымша журнал;

- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнің мақсаты:

- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.

- оқылған материалды талдау және қорытындылау.

- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.

- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.

- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.

- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру

- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.

- түйін сөздерге қайта оралу.

- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.

- рефлексивті сұрақтар

- пікір алмасу.

- шығармашылық жұмыстар

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі. [15]

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

• тиісті ақпарат жинауды;

• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. [2]

Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен - орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.

Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. [5] Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. [13]

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдер оқушыны сыни ойлауға баулудың негізгі құралы ретінде

Қазақ тілінің грамматикасының сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқытуда нақты тәрбиелік мүмкіншіліктер қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тіл дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі грамматика сабақтарының салмағы қандай? Деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастаудан аламыз. Бұл мәселе туралы қарастырған кезде төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс: қазақ тілін оқытудың тәрбиелік ықпалы, жалпы тәрбиелік мазмұнының құраушы бөлігі болып табылады. Өйткені, әрбір сабақтың, оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарының, сабақтан тыс жұмыстарының ішкі тәрбиелік мүмкіншіліктері болатыны және олардың мол потенциалы болатыны белгілі. Мәселе солардың көзін ашып тануда.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.

Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, толғаныс.

Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.

1) Қызығушылығын ояту стратегиялары: ой қозғау, топқа бөлу, топтастыру.

2) Мағынаны ашу стратегиялары: ассоциация, Венн диаграммасы, бес жолдық өлең.

3) Толғаныс стратегиялары: автор орындығы, бірлескен жоба, эссе.

Ал грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас (сөйлеу, жазу, айту, оқу) жасауға, ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін шешен жеткізе білуге үйретеді.

Оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы инновациялық педагогикалық әдістердің ішінде мәселені қоюда оқыту тиімділігі тұрғысынан сәтті шыққан әдістердің бірі болып саналады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі ережелері негізгі үш кезеңнен немесе сатыдан тұрады, олар:

1) әңгімеге тарту (вызов) ;

2) жаңа ақпараттың мәнін түсіну (смысловая стадия) ;

3) ой қорыту (рефлексия) .

Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқу әрекеті түрлері бойынша оқыту үдерісін қамтитын белгілі бір әдістер, тәсілдер, мен стратегияларды ұсынады. Әр сатының өзінің нақты, мысалы, әңгімеге тарту сатысына арналған қолданылатын тәсілдер мен стратегиялары бар.

Сыни ойлауды дамыту технологиясы шеңберінде жұмыс істейтін мұғалім төмендегі ережені қатаң сақтағанда ғана, өнімді еңбекке қол жеткізуі тиіс:

1) Сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпараттық материалды дұрыс таңдау;

2) Сабақ беру әдісін дәл таңдау.

Сонымен, сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпарат қандай болуы тиіс? Өзекті ақпараттың тез меңгерілетіндігі айтпай-ақ түсінікті. Дегенмен мұғалімдердің пікірі көп жағдайда оқушылардың «өзектілік» мәселесі жөніндегі ойымен дөп келе бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Жобалық оқыту технологиялары
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz