Дамыта оқыту теориясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім
Біліктілігі: 0111013 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Тобы: ҚТ-Ж-17
Пәні: Педагогика
Орындаған: Бергенбек Айзада
Жетекшісі: Абиева Гүлжайна

Қызылорда 2021 жыл
Тақырыбы: Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары
Мазмұны
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 -5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негізі
1.1. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты, міндеті, әдістемесі, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-11
1.2. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту, ондағы мұғалімнің басты міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2-15
1.3. Дамыта оқыту технологиясы туралы ғалымдар пікірі ... ... ... ... ... .16-22
1.4. Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-25
1.5. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы ... ... ... ... ... ..2 5-30

ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Мектепте жүргізген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын пайдаланудағы тәжірибелік жұмыстарымның нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-50

IY. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51-53

Y. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

І. КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер деген болатын. Ал ол жастарға терең білім беру, ойлау жүйесін дамыту, жауапты шешім қабылдай алуға үйрету. Осы тұста білім мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан-жақты терең қарастыруды талап етеді. Кезінде білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болған. Дамыту кезінде оқушыларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу керек. Дамыта оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген. В. В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы -- дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары, дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы XXI ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру-оқытушының басты міндеті болып табылады. Берілген курстық жұмыста дамыта оқыту әдістерінің оқыту үдерісінде қолданудың негізі, ерекшеліктері, мәселелері, келешегі, мүмкіндіктері туралы сипатталды.

Зерттеу нысаны: Дамыта оқыту теориясы

Зерттеу пәні: Негізгі мектептердегі оқу-тәрбие процесі

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдарын теориялық және практикалық негіздеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі туралы мәліметтер жинақтау ;
-Дамыта оқыту технологиясына үлес қосқан ғалымдар пікірі;
-Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдарын қарастыру;
-Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру.

Зерттеу болжамы: егер негізгі сыныпта қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, себебі, дамыта оқыту оқушыларды өз ойын еркін әрі толық жеткізе алуға, алдына қойған мақсатқа жетуге, сондай-ақ, дұрыс ой қорытынды шығаруға итермелейді.

Зерттеу көздері: Ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер, басылым материалдары, бейнероликтер мен интернет ресурстары, ҚР Білім туралы Заңы, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері, оқу - әдістемелік құралдар, басылым материалдары.

Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негізі.
1.1. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты, міндеті, әдістемесі, ерекшелігі

Дамыта оқыту технологиясы. - оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық - қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік - тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты - оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп - салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру - сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. Жақсы оқушы, Жаман оқушы ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", мұғалімнің тасасындағы объект емес.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі. (11.141)
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128) Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

1.2. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту, ондағы мұғалімнің басты міндеті

Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы.
Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімен деп сезінеді. Материал қайткенде есіиде жақсы өқалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтамақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты жалпы баланы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдейді.
Занков жүйесінің басты міндеті-баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізгі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін тұлға. Олай болса, мақсат-баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В.Занков жүйесіндегі бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесіндеэкскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгенін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарам-өайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушының өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші нысаны-сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын бюолып келеді Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталу мүмкін. Дәстүрлі оөытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз бақлауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытудың ұйымдастырудың маңызды нысаны-экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет.Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес.Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланыңбайқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғарысыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес псиологы Л.аыготский (1896-1934! Оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды дейді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны-жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлеу алуы-актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап"жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптермен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережелермен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-рй жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші-әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытудың мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.

1.3. Дамыта оқыту технологиясы туралы ғалымдар пікірі
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз. Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты - оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп - салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру - сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс. Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Жалпы дамыту, даму терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
Ø Оқу міндетін қою сабағы
Ø модельдеу сабағы
Ø түсінікті нақтылау сабағы
Ø нақтылау сабағы
Ø бағалау сабағы
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп,әр оқушыға өз ойын ,өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшіреді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды. (ЛүВ.Занков).
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгертуге мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігі,оның маңызындәлелдейді. Дамытаоқу арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
Оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
Теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстырады, заңдылықтарды ашу;
Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;
Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімен деп сезінеді. Материал қайткенде есіиде жақсы өқалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтамақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты жалпы баланы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдейді.
Занков жүйесінің басты міндеті-баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізгі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін тұлға. Олай болса, мақсат-баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В.Занков жүйесіндегі бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесіндеэкскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгенін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарам-өайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушының өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші нысаны-сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын бюолып келеді Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталу мүмкін. Дәстүрлі оөытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз бақлауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытудың ұйымдастырудың маңызды нысаны-экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет.Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес.Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланыңбайқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалр кім"озат", кім"үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындайтын кеінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар-сыншыл.
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдай туралы ойлануы, өзінің толғаныстыратын талдай білуге бейімділік. Бала өзінің ммінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады.Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

1.4. Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы;
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Демек, дамыта оқытуда - оқушы өз іс - әрекетін өзі құруға, өзін - өзі дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге, шешімнің дұрыс - бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге, өзін - өзі бағалауға үйретіледі.
Сабақ білім беру процесінің негізгі элементі болып қала береді, бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске енеді. Оның инвариантты (тұрақты) сапалары төмендегідей :
- сабақтың мақсаты тек жаңа материалдардан хабардар ету мен білік, білім,дағдыны тексеруде ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады;
-сыныпта оқушылардың өз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жүзеге асады;
-мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.
Сабақтың әдістемелік мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін көтеруіне жағдай жасау. Бұл мақсат төмендегі жолдар арқылы жүзеге асады:
мұғалім сабақта проблемалық жағдай туғызады;
оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашатын оқу қызметін ұйымдастырудың сан-алуан формасы мен әдістерін қолданады;
сабақ жоспарын оқушылармен бірге отырып жасап, талқылайды;
әр оқушының жұмысқа қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды;
оқушыны ынталандырып отырады, тапсырманы орындауда қателесуден, дұрыс емес жауаптан қорықпау үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға үйретеді;
сабақ барысында оқушы оқу мазмұнынының неғұрлым маңызды түрі мен формасын таңдауға көмектесетін дидактикалық материалдарды пайдаланып отырады;
тек соңғы нәтижені ғана емес, оқушының қызмет әрекетінде бағалап отырады;
оқушының есеп шығаруда т.б. жұмыста өзінше әдіс табуға ұмтылуын қолдап, басқа оқушылардың әдістерімен салыстырып, тиімдісін мақұлдап отырады;
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", "мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы оқушы ретінде дәлелдей алады.

1.5. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Танымдық белсенділік тәсілдері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Пәндер