Қазақ тілін оқыту методикасы


Мазмұны
I. Кіріспе бөлім . . . 3-4
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын дағдылар туралы түсінік . . . 5-9
2. 2. Оқушы бойында репродуктивті дағдыларды қалыптастырудың ерекшелігі . . . 10-13
2. 3. Жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру және бағалау ерекшеліктері . . . 14-26
III. Тәжірибелік бөлім
3. 1. Репродуктивті дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалар . . . 27-28
3. 2. Репродуктивті дағдылардың жиынтығынан құралған сабақ жоспары
(қашықтықтан оқыту барысында 130 бұйрыққа негізделіп жасалған) . . . 29-40
IV. Қорытынды . . . 41
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 42
І. Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ тілі сабағын оқытуда қойылатын алғышарттар оларды оқытудың негізгі принциптеріне сүйене отырып жасалады және ескерледі. Осы ретте қазақ тілін оқытуда, сабақ барысында қазақ тілін оқытудың принциптерінің жұмсалу аясы мен қатар, зерттелуі және қолданылуын зерттей отырып білім алушыларға беріліп жатқан білімнің деңгейін анықтау аса маңызды. Сабақ жоспар құру барысында және оны игерту барысында қашанда біз қазақ тілін оқытудың принциптеріне сүйеніп жасайтынымыз анық. Соның ішінде Репродуктивті дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалардың қазақ тілі мен әдебиеті сабағы үшін рөлі басым. Осы ретте қазақ тілін оқытудың принциптерін зерттеу өз маңыздылығын туғызады.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы: Қашықтықтан оқыту барысында қазақ тілі сабағынан сабақ жоспарын құру және оны қазақ тілін оқытудың принциптеріне сүйене отырып жасау. Репродуктивті дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмаларды құрастыру және сабақ жоспарын жасау барысында көрсету.
Зерттеу нысаны: Репродуктивті дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмаларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында құрастыру ерекшеліктері (5-9 сынып) .
Зерттеу пәні: Негізгі орта мектептегі қазақ тілі пәнін оқыту процесі.
Зерттеу мақсаты: Мектеп оқушыларына шығармашылық тапсырма орындату арқылы репродуктивті дағдыларын қалыптастыру. Соңғы ғылыми еңбектерге сүйене отырып, ақпарат көздерін саралау. Қазақ тілін оқытудың принциптеріне негізделіп жасалған сабақ жоспарын жазу және қашықтықтан оқыту барысында сабақ жоспарын құру ерекшеліктерін баса көрсету.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ғылыми- теориялық, ғылыми- әдіснемелік оқулықтар мен әдебиеттер, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ үлгілері, басылым материалдары, бейнероликтер мен интернет ресурстары.
Зерттеу болжамы: Егер репродуктивтік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары теориялық тұрғыдан толықтай зерттеліп, практикалық жұмыс түрлері жаңа форматта ұйымдастырылса, оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа деген ынтасы артады.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақ тілін оқытудың негізгі принциптеріне жеке жеке тоқталу;
- Қазақ тілін оқытудың принциптеріне негізделіп жасалған сабақ жоспарын жазу;
- Мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу барысында орындалатын практикалық тапсырмаларын үлгісін көрсету.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, талдау, жинақтау, диагностикалық әдістермен жұмыс.
Құрылымы : Кіріспе бөлім мен негізгі бөлім. Негізгі бөлім «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын дағдылар туралы түсінік», «Оқушы бойында репродуктивті дағдыларды қалыптастырудың ерекшелігі»тақырыбын қамтиды. Практикалық бөлім «Репродуктивті дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалар», «Репродуктивті дағдылардың жиынтығынан құралған сабақ жоспары (қашықтықтан оқыту барысында 130 бұйрыққа негізделіп жасалған) »тақырыбын қамтиды. Қорытынды бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын дағдылар туралы түсінік
Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, оқушыны тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуге тиіс. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі оқу бағдарламасының бөлімдері төрт тілдік дағдыны қамтиды: тыңдалым және айтылым бір бөлімге біріктірілген.
Тыңдалым - анағұрлым маңызды тілдік дағды деуге болады, бірақ қадағалау анағұрлым қиынға түсетін дағды. Дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеріп, бағамдау үшін тыңдалымның тиімді стратегиялары қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып табылады.
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді, алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Бейтарап оқылым - оқушылар мәтінге сыни талдау жасауды мақсат етпей, өзінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін оқу. Мұғалім оқушыларды өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін бейтарап оқылымды қолдануға түрткі бола білгені дұрыс, алайда сыныпта басты назарда белсенді оқылым тұруы қажет.
Белсенді оқылым - тілді оқытудың негезгі элементтерінің бірі, мұндай оқылым барысында оқушы өзінің сыни талдау дағдыларын дамыту мен жетілдіру үшін мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде бірқатар әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқылым әдіс-тәсілдері 3 кезеңді қамтиды:
Жазылым бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздері меңгерген шеберліктерін үнемі көрсете бермейді, өйткені жазу барысында олар өз назарларын басқа дағдыға шоғырландырғандықтан, айталық, бай сөздік қорын көрсету мақсатында әдемі тілдік құралдарды қолданамын деп, тыныс белгісін назарсыз қалдыруы мүмкін.
Жазылым үдерісін жоспар-нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей отырып, әрі оқушыларға осы ретпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, мұғалімдер оқушыларға кідіріс жасап, жазылым жаттығуы үшін талап етілетін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға мүмкіндік беретін жағымды ахуал қалыптастырады.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды.
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысу керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.
Оқушыларға қазақ тілінде толық және тұрақты білім беру үшін мұғалімдер ескеретін жұмыс көп. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлеміне және жүйесіне байланысты мұғалім оқыту әдістерінің ең құнды, тиімді түрлерін қолданады. Сондықтан қазақ тілінде теориялық білім мен практикалық дағдыларды беру кезінде мұғалім дидактикалық принциптер мен әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа алады.
Оқытудың шамаға лайық жүйелілік принципі: Жүйелі оқыту принципі - дидактикалық материалдар (әр пән бойынша) Біртіндеп қалыптасудың логикалық тәртібі, аудару тәртібі жүйелі оқыту принципі деп аталады. Яғни, оқытудағы бірізділік пен жүйелілік ғылыми білімнің негізі болып табылады. Мысалы қазақ тілінен жай сөйлемдердің ережелерін жете меңгермейінше, құрмалас сөйлемдер түрлерінің (салалас, сабақтас, оның ішінде басыңқы, бағыныңқы сөйлемдердің) жасалу жолдарын білу қиын.
Бұл принцип бойынша бұрын өтілген тілдік материалдарды оқушы əбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал таныстырылады. Қазақ тілі программасы жүйелілік принципі негізінде құрастырылады. Программадағы бұрын берілген материал мен келесі материалдың
сабақтас болуын байланыстырып отыру көзделеді. Демек,
оқу материалдарының логикалық ішкі заңдылықтарын жүйелі оқып үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негіздерін шын мағынасында меңгеруге болады. Оқытудың мәліметтерді дұрыс орналастыру принципі: Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі - оқу материалдарының дұрыс бірбірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлем тұрақты мүшелерден кейінгі тұрақсыз ұсыныс мүшелері, зат есімдерден кейінгі сын есімдер, сан есімдер, етістіктер, сандардан кейінгі көсемшелер. Бұл біздің жаттығуларымызды дұрыс орналастыру принципі. Біз сөйлеп жатырмыз.
Оқытудың мәліметтерді дұрыс орналастыру принципі: Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі - оқу материалдарының дұрыс бірбірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен
қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды.
Мысалы, сөйлем тұрақты мүшелерден кейінгі тұрақсыз ұсыныс мүшелері, зат есімдерден кейінгі сын есімдер, сан есімдер, етістіктер, сандардан кейінгі көсемшелер. Бұл біздің жаттығуларымызды дұрыс орналастыру принципі. Біз сөйлеп жатырмыз.
Оқытудың алдын-ала болжау принципі: Оқытудың алдын-ала болжау принципі - үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту. Мысалы, бастауыш кластарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7 - 8-кластарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.
Оқытудың берік тиянақты болу принципі: Оқытудың берік, тиянақты болу принципі - оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту
үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор.
Сіз бұл жұмысты отыру сияқты жасауыңыз керек. Білімнің сенімділігі мен жүйелілігі принципін жүзеге асырыңыз. Оқылған материалды жан-жақты игеру, жаттау, құрғақ жаттаудан аулақ болу, үйренгенін жаттауды қайталау, білімді бағалау. және оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру шешуші рөл атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі мен дағдысын жетілдіре түседі.
Оқушыларға берілетін тілдік мəліметтер төмендегі өлшемдерге сəйкес болуы қажет:
1. Меңгерілетін обьектінің термині анық болуы қажет. Мысалы, 4 жəне 5 сынып оқушыларына берілетін терминнің аясын аса ғылыми дəрежеде беруге болмайды. Айталық, дауысты дыбыстардывокализм деп, ал дауыссыз дыбыстарды - консонантизм деп, қосынды дауыстыларды - дифтонгоид деп түсіндіруге болмайды.
Қазақ тілін жан-жақты оқытуға негізделген жалпы дидактикалық принциптер: ғылыми принцип, жүйелік принцип, демонстрациялық принцип, сана мен белсенділік принципі, теория мен практиканың жеке студенттер арасындағы байланыс принципі. Психикалық ерекшеліктерді ескеру принципі.
Мұғалім тілді ұсынуда осы принциптерді біріктіреді. Ол сонымен қатар қазақ тілін оқытуда, оқу әдістемелерінің құрылымдық жүйесін жүзеге асыруда және сыныптан тыс жұмыстарда тілдік материалдарды байланыстыру үшін қарастырылған. Дидактикалық принциптермен жұмыс жасағанда екі түрі ажыратылады. Біріншісі - қазақ тіліндегі оқу материалдарының жеті өлшемділігі. Бұған оқушылардың материалды түсінуі және оқушылардың белсенді қатысуы арқылы қол жеткізуге болады. Қазақ тілін оқыту методикасы .
Nemis agidaty Principi (латынша Principim - ағым; негіз, бастамашылық) - білім беру мекемесінің негізі, алғысөз, өмірдің дерексіз мәні. Сондықтан дидактикалық принциптер ерлер пәндерін оқыту жүйесінің, оның жұмысында ана тілін оқыту жүйесінің негізінде жатыр. . Ғылыми танымда идея, теория, əдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланысты тұжырымдалады.
Адам тамақсыз, сусыз өмір сүре алмайды. Сондай-ақ, қарым-қатынас адам үшін өте маңызды. Осыған орай әлемде көптеген түрлі тілдер бар. Кез-келген ұлт үшін ең үлкен байлық - оның ана тілі, мәдениеті және ұрпақ үшін мұрасы. Әр халық оны мыңдаған жылдар бойы салып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Қазақ тілі өте бай және бай тіл. Бұл тілде екі миллионнан астам термин бар. Біздің халқымыз өз тілімен ғана емес, ата-бабаларымыздан бастап бәрін бойына сіңірген бай мәдениетімен де танымал. Біз қол жеткіздік.
Қазақ балаларын оқытуда Ы. Алтынсарин өте жоғары талап қоя білген: « . . . əрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз
оқулығында («Қырғыз хрестоматиясы») тақырыптарға сəйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, əріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету . . . шəкірттердің барлық сезім
мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы жəне оған өз бетімен жұмыс істеу керек» - деген əдістемелік нұсқау қалдырды. Ы. Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту
- саналылық принципін ұсынған. Көптеген «қазақ батырлары» ұлттың тәуелсіздігі мен өркендеуі үшін күрескен, олардың арманы - ата-бабасы ештеңеге мұқтаж болмауы, ашық аспан астында өмір сүруі және барлығына өзінің мемлекет екенін мақтанышпен жариялай алуы.
Қазіргі заман талабына сай қазақ тілін оқытудың жеті негізгі қағидасы бар:
Қазақ тілін оқытудың ғылыми принципі: Оқытудың ғылыми принципі
Осы қағидаға сәйкес қазақ тілінің бағдарламалары мен оқулықтары осы принципке негізделген. Ғылымды қажет ететін пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелей алады көмектеседі. Сонда ғана ана тілі теориясы мен теориясының ережелері мен анықтамалары қатесіз болуы мүмкін, сіз теориялық материалдарды қолдана отырып, оны лингвистикамен үнемі байланыстыра отырып, түсіндіру мысалдары негізінде практикалық сабақтарда отыра аласыз. Саналылық пен белсенділік принципі: Зейінді оқытудың принципі - оқушылардың оқытылған материалды құрғақ жаттаусыз толық түсініп, игеруі. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше орындауға бейімделеді. Сонымен бірге ережелер мен анықтамаларды саналы түрде түсіну үшін студенттер тілдік фактілерді ажырата білуі керек. Оқу материалдарын саналы түрде түсіну үшін студенттердің белсенділігі мен оқуға деген ынтасы артады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен сөйлей алады.
Теорияны практикамен, өмірмен байланыстыру принципі: Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі арқылы оқушылардың мектептегі оқу-тəрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.
2. 2. Оқушы бойында репродуктивті дағдыларды қалыптастырудың ерекшелігі
Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан білімнің негізгі екі түрін көрсетеді:
1) репродуктивтік;
2) конструктивтік.
Философ Джон Дьюи «Өмірлік тәжірибе және білім беру атты еңбегінде білімді дәстүрлі және прогрессивтік деп екіге бөлсе, Жан Пиаже «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» атты еңбегінде білімнің мынадай екі түрін атаған. : «әлеуметтік - ырықсыз» білім және белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім. Білімді мынадай түрлерге жіктеуге болады: репродуктивтік және құрастырылған (конструктивтік немесе соңғы кездесындарлы деп те айтып жүр) білім. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір педагог білім жүйесіне деген өз көзқарасы мен ұстанған құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясы мен сенімдерін көрсетеді, яғни өзінің білім жүйесін қалайша түсініп, осы түсініктен туындаған дидактикалық әдістері мен үйренушіге деген ықыласын айғақтайды. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға болады: репродуктивтік тұрғыдан білім беру өткен дәуірдің әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі күннің білімі.
Репродуктивті білім. Білімнің бұл түрі мыналарды білдіреді: еріксіз белсенді (пассивті) түсіну (қабылдау) ; мұнда оқушының субъективті және бастапқы түсінуіне жол берілмейді: репродуктивті білім «өзгертусіз, өзгертусіз қайталау» ұғымын білдіреді. Репродуктивті білім сақтау және қайталауға негізделеді, қарастырылып отырған ақпарат студенттің көзқарасы тұрғысынан сәл өзгертіліп түсіндіріледі. Репродуктивтік білімдебағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады («бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады. Репродуктивтік білімде басты тұлға - үйретуші («ұстазцентристік» білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады.
Репродуктивтік білімнің түрлері:
1) Сипаттаушы білім:
- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады;
- негізгі сипаты: көрнекілік;
2) Түсіндіруші білім;
- объективтік дәлелдемеге ұмтылады;
- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу) .
Конструктивтік білім. Сындарлы оқытуда «пәнге» немесе «бағдарламаға» емес, студентке (студентке) баса назар аударылады, ал ұсынылған білім адамды өзгертуге итермелейді: егер оқушы алған білімін (ақпарат, мәліметтер, ұғымдар және т. б. ) өзгертсе, онда ол үйренеді. Білім оқушының жеке басын да өзгертеді (дамытады, нәрлейді), сондықтан сындарлы білімді кейде трансформациялық білім деп те атайды.
«Конструктивтік» деп аталу себептері:
- білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады;
- конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады;
- сындарлы білім адамға нақты және айқын мақсаттар мен өзін-өзі өзгертудің құралдары (өзгерістері) беріп қана қоймай, оларды бүкіл адам бойына сіңіріп, оның өзін-өзі жетілдіруге бағыттайды.
Конструктивтік білімнің өзектілігі
Сипаттамалық және түсіндірмелік білім, дегенмен, қажет болғанымен, әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның трансформациялық әрекеттері арқылы өзгеруі мүмкін, яғни білім беруде зейін жеке қасиеттерге және оның белсенді әрекеттеріне бағытталуы керек.
Конструктивтік білімнің негізгі сипаты [2-кесте]
Трансформациялық әсердің (әрекеттің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі өзгерту процесіне жұмылдыру қабілетіне байланысты. Осы себепті сындарлы білім сапасы әр оқушының білімге деген қызығушылығы мен қызығушылығымен анықталады.
Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты. Сол себепті, конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады. Адамның көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес.
[2] кесте- Әдістемелерді салыстыру
Алынған білім ұзақ уақыт бойы есте қалады және өмірде кеңінен қолданылады, өйткені олардың мазмұны оқушылардың қызығушылықтары мен қызығушылықтарына байланысты. Осыған орай сабақтарда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерге тоқталатын болсам: (3) Жигсо, Венн Диаграммасы, РАФТ, автор орындығы, семантикалық карта, INSER, «Әуе шары» т. б.
Жигсо -1 оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі (мәтінді оқу)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz