Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
Жакиялин Ш.О.
Курстық жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
0105000 Бастауыш білім беру мамандығы
Көкшетау, 2021

Қорғауға жіберілді
_______________2021ж.
Кафедра меңгерушісі
____________________________
____________________________
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындады
Жакиялин Ш.О.
Ғылыми жетекшісі
Амиртай С.
Көкшетау, 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3-4
1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Жеке тұлға шығармашылығының даму ерекшеліктері
5-8
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту туралы
ғалымдардың ой-пікірлері
8-13
2-БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ШАРТТТАРЫ
2.1 Оқу бағдарламасының базалық мазмұны
13-17
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы іс-әрекет 18-27
ҚОРЫТЫНДЫ
28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
29-30
Кіріспе
Мектептегі оқыту - оқушылардың еліміздің жан-жақты білімді, жеке
тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің
мемлекеттік стандартында көрсетілгендей бастауыш сатыдаы білім берудің
приоритетті мақсаты оқу әрекетін қалыптастыру, этикалық, эстетикалық қарым-
қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті
деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп
отырылуы қажет.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына арналған
стратегиясында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің
балаларымыз бен немерелеріміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз
бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім
өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады деп
көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас
мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып,
олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін,
сауаттық. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты
мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін
дамыту, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: Жеке адамның шығармашылық, рухани
және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы интеллектін байыту- дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді
де айқындайды [1].
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы көптеген факторлардың
әсерімен жүреді. Оқыту психологиясында шығармашылық қ интеллект
көрсеткіштерінің бірі ретінде ерте дамытуға арнайы жағдай жасау мәселесі
жан-жақты зерттелуде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет
көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы
қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын
болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай
бейімдеу–білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Қазақстан 2030
стратегиясы білім беру саласының мемлекеттік саясатының мемлекеттік
саясаттың мемлекеттік басты мақсаты ретінде адамның білімділігін арттыру,
дарындылығын дамыту мәселелері айқындалып, маңызды міндеттер қатарына
қойылған. Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасында елбасының біз
балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-
қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек деген сөзі бүкіл ағартушы қауым
алдында Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту
өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруды
мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық
ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуының
бір жолы – дидактикалық түрлі тәсілдерін ұтымды пайдалану негізінде мектеп
оқушыларының шығармашылығының даму деңгейін көтерудің, білім алуға
ынталандырудың тиімді технологиясын жасау болып табылады. Оқушылырдың
шығармашылық қабілетін дамыту соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің басты
мақсаттарының біріне айналған. Белгілі ғалым А. Байтұрсынов: Бала білімді
тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал, мұндағы қызметі – балаға
орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін
бағыт-бағдар беріп отыру - деген [2]. Оқушылардың шығармашылық әрекетін
педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер
жүргізілген. Шығармашылық, шығармашылық қабілет жөнінде көптеген ғұлама
ғалымдар өз еңбектерінде жазып кеткен. Соның ішінде Әл-Фараби, Ж.Баласағұни
сияқты қазақ ойшылдарының еңбектерінде шығармашыл тұлға бойындағы сапалық
белгілердің бала дамуындағы рөлі көрсетілген. Көрнекті педагогтер
К.Х.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин шығармаларында
қабілеттерді дамыту жолдару қарастырылған. Оқушылардың шығармашылығына
бағыт-бағдар алғаш рет білім мазмұнына енгізілген педагог – М.Жұмабаев.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін, шығармашылығын дамыту мәселесі
Ш.А.Амонашвили, Г.А.Давыдов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, Б.М.Теплов еңбектерінде
қарастырылады [3].
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында білім беру жүйесінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, осы заңның 41-бабында: педагог
қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген
деңгейден төмен емес, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісіне дамуы
үшін жағдай жасауға міндетті делінген. Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту әдебиеттік оқу сабақтарында жазба жұмыстарын орындай отырып, тілдік
құралдарды өз тәжірибесінде пайдалану негізінде орындалады. Себебі, тіл
адам мәдениетінің, жан-жақтылығының көрсеткіші. Адамдармен қарым-қатынаста
еркін сөйлеуі, өз ойын байланыстырып дұрыс айтуы жатады.
1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жеке тұлға шығармашылығының даму ерекшеліктері.
Қоғамдағы шығармашылық қабілет психология саласында бір сарында ғана
қаралмайды. Бұл бұрыннан келе жатқан қасиет. Атап айтатын болсақ, құпия
қасиеттің сырын психология, философия ғылымдары ашуға міндетті. Ол қасиетті
ғалымдар түрліше түсіндіреді. Шығармашылық қабілет-адамның әлі ешкім
білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-
әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне
жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен
түсіндіріледі.
Шығармашылық - пайда болған мәселелерді ғылымда белгілі болған
тәсілдермен шешу үшін талап етілген жоғары формадағы ойлау.
Шығармашылық - оқуда жаңашылдығымен ерекшеленетін, оң өнім алуға
мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктіліктің болуы. Бұрын болмаған жаңа өнім өндірудегі адамның танымға
және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы мақсатты іс-әрекеті (Б.
Коротяев, Я. Пономарев, О. Тихомиров), онда шығармашылықты ізденушілікпен,
зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады [4].
Шығармашылық - адам баласының сөйлей бастаған сәтінен бастап, бүгінгі
күнге дейінгі жеткен жетістіктері. Ал, қазіргі кездегі балалардың
шығармашылық бастамасы басты мәселе болып отыр. Шығармашылық ұғымы
мәдениеттің әр кезеңіндегі ойшыл-ғалымдарының назарында болған. Ежелден-ақ
ойшыл-ғалымдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абай Құнанбаевты ерекше
толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке қасиеттерін, қабілеттерін
дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин
еңбектерінде шығармашылықты дамыту қарастырылса, оқушылардың
шығармашылығына бағыт-бағдар беруді алғаш болып мазмұнына енгізген
М.Жұмабаев болатын. Психологтармен мен ғалымдар Л.С. Выгодский, В.В.
Давыдов, Д.Б. Эльконин, В.А. Крутецкий, қазақтың көрнекті ғалымдары
Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ә.Алдамұратов, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың
еңбектері жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелерінің теориясы және
тәжірибиесінің алтын қоры ретінде танимыз [5].
Шығармашылықтың психологиясы жайлы зерттеулерді Р.Солсо, С.Л.
Рубинштейн, А.В. Брушлинский, Я.А. Пономарев, О.К. Тихомиров адамның арнайы
және жалпы қасиеттерін тікелей байланысты дамитынын дәлелдеген. Арнайы және
жалпы қасиеттердің психофизиологиялық негіздерін зерттеген Б.М. Теплов,
И.С. Якименская, Д. Әубәкірова, В.В. Рубцов өз еңбектерінде қабілеттің
анықтамасын беріп, жалпы және даралық өзгешеліктерін көрсеткен. Қабілетті
дамыту психологиясын зерттегендер Н.С. Лейтес, А.В. Крутецкий, Д.С. Брунер,
А.С. Готенидер зерттеулерінде қабілеттілік қалыптасатын қасиет екенін
дәлелдеп, оны дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Дж. Гильфорд, Ж. Пиаже еңбектерінде
оқушылардың таным процесінде болатын күрделі өзгерістерге негіз болатын
сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып олардың шығармашылығының дамуы
іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті, мұның арқасында заттық әрекеттер
адамның санасы мен ойлауында бейнеленеді. Тиісті міндеттерді орындаған
кезде бұйымды бөлу, ажырату жайындағы заттық іс-әрекет ойдағы жүйке
моделіне айналып, ол модель біртіндеп іс-әрекетпен ғана шектелмейді,
сонымен қатар ішкі, жеке негіздермен анықталады. Сонымен бірге ішкі
баңдарлардың дұрыс құрастырылуы ойды дамытудың шарттырының бірі болып
табылады. Осы жүйке моделі алдыңғы тәжірибеде болғанның елесімен
байланысты. М.А. Холодная, З.И. Калмыкова, М. Беркинблит, А.К. Маркова,
В.С.Гончаров т.б. ғалымдардың айтуынша осындай көріністегі ойлау
шығармашылық қабілеттің көрінісі болып табылады.
Сөз шығармашылығы – дейді профессор И.С. Соловьев – сөз балалардың
жетілуінің бастамасы мағынасында. Өйткені жеке бас ойы, өзінің өзіндік
өмірлік тәжірибе, әр түрлі ортадағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
ана тілімізде білу, сөзде өзіндік бір өзгеріс енгізу үшін сөздік
шығармашылыққа қажет. Оқушылар оны толығымен қамти алмаса да, шартты түрде
меңгеруі қажет [6].
Соңғы екі ғасырдың ішінде шығармашылық және интеллектуалдық
қабілеттілікті талдауға психологияда өте үлкен мән беруде. Себебі
шығармашылық қабілет жоғары тұлғалар барлық іс-әрекет жағдайларында жоғары
жетістікке жететіндігі дәлелденген. Психологиялық зерттеулерге іс-әрекетін
белгілі бір саласында білікті маман болып табылатын тұлғалар тарихта
өзіндік із қалдырған тұлғалар және соңына қарай адамдардың қалыпты
өміріндегі оқиғаларды тиімді талдауға, бағалауға қабілетті тұлғалар жатады
[7].
Шығармашылық - рухани құндылықтарды, жаңа материалдарды жасайтын
адамдар тобының немесе жеке адамның іс-әрекеті. Э.Штерн білікті мамандарды
зерттеу нәтижесінде олардың көпшілігі интеллектінің салыстырмалы орташа
деңгейінің 120 шамасында болғаны туралы атап көрсетеді.
Шығармашылық әрекет дегеніміз - адамның қандай бір жасаған жаңалығы,
яғни қандай да бір зат немесе сезімнің құрылымы деп жазады В.С. Выготский
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. Нақты
адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті
игеру желісінде ғана көрінеді.
Адамдардың қабілеттері жалпы, тәжірибелік, арнайы және жоғары теориялық
болып бөлінеді. Шығармашылық қабілет сөйлемен, логикалық ойлаумен,
тәжірибелік және теориялық интеллектпен ұштасады [8]. Осы аталған
қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын ғалымдарды ертеден қызықтыруда.
Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның қабілетін анықтау
формуласын құраған. Пифагор адамның қабілеттілігін жан дүниесінің ерекше
қасиеті деп санап, қабілетті тұлға барлық іс-әрекет түрлерін тез үйреніп
сапалы орындайтыны осы қасиеттің басты көзі деген. Қабілеттіліктер ішінде
шығармашылық ойлау үрдісімен өте тығыз байланысты. Ойлау үрдісі барлық
қасиеттердің негізі болып табылады. Адамның барлық тұлғалық қасиеттері
ойлау үрдісінің ерекшеліктерінен пайда болады. Белгілі бір іс әрекетпен
айналысқан адамның қызығушылық пен бейімділік ерекшеліктерімен қатар
еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық, басқалардың еңбегін бағалай білу.
Шығармашылық қабілетті дамытуға себеп болатын ойлау үрдісітері екенін
барлық уақытта ескеру қажет екенін Л.С.Выготский өз еңбектерінде талдап
кеткен. Оның ойынша білім алмай жүрген ойын баласының оқуға барғаннан кейін
ойымен интеллектісінде көп өзгерістер туады: көрнекі бейнелі ойдан
біртіндеп мәдени немесе ұғымдар арқылы ойлауға көшеді. Бастауыш буындағы
оқушылардың ой операциялары көрнекі - бейнелеу түрінен біртіндеп сөздік-
логикалық ойлау түріне қарай ауысады. Ал, логикалық ойлау адамның шешімін
білмейтін жағдайларды шешуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан да логикалық
ойлау шығармашылықтың негізі деп айтуға болады.
Шығармашылықтың дамуына қызығушылықтың қосатын үлесі өте көп. Қызығу
дегеніміз – жеке тұлғаның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялы күшіне
қарай таңдамалы қатынасы. Қызығушылық қажеттіліктердің есебінен пайда
болады. Терең тамыр жайған қызығушылық қажеттілікке айналуы мүмкін. Қ.
Жарықбаевтың айтуынша қызығушылықтың қалыптасуы әр уақытта қажеттіліктерді
талап етуден немесе қоғамдық борышты сезінуден бастау алмайды. Қызығу
объектінің эмоциялық тартымдылығы өз-өзінен көрінуі мүмкін, ал қоғамдық
талаптар қабілеттілік сияқты көптеген себептер арқылы анықталып, танылуы
мүмкін [8,116б.].
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту жолдарын зерттеуші
Б.Байжұманова оның елеулі тұстары ретінде адамның қызығушылығына беріле
әуестенуі және сол бағытта табысты болуға талпынуы [9]. Әуестенген адам
үшін шығармашылық өмірінің мәніне айналады. Шабыт бір жағынан
жемістілігімен, екінші жағынан адамның қуатының зор өсуімен сипатталады.
Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның орынды сапалы белгісі ретінде
оқушылардың жан-жақты дамуына оң нәтиже береді, ақыл-ой және адамгершілік
қуаты оның ерік-жігерін, елестету, ойлау қабілеттерін белсендіретін қызықты
шығармашылық іс-әрекетінде көрініс табады. Бұл жеке тұлғаның қоғамда
дәрежесін көтеруде және оның өз-өзіне сенімін нығайтып, өзіне баға бере
білуіне әсер етеді. Шығармашылық қабілет жайында жазылған ғылыми еңбектерді
талдау нәтижесінде шығармашылық өте күрделі психологиялық үрдіс екені
анықталды. Шығармашылық сөзінің төркіні-шығару, ойлап табу. Шығармашылық
қасиетті тәрбиелеуге болады. Шығармашылықты зерттеуші дидакттар бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық бастамасын дамыту үшін ең негізге алынатын
нысаны дамыта оқыту жүйесі екенін дәлелдеген. Дамыта оқыту оқушыны оқыта
отырып жалпы дамыту, оқуға дағдыландыру, өз бетінше ізденуге, шешім
қабылдауға бағыт беру. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында күрделі
өзгерістер болып жатқан уақытта мәдениетке, өнерге қабілетті жастарды
іріктеп, олардан шығармашылық орта құру жағдайын ойластырып қойған жөн
болар еді.
Шығармашылық қасиеті дамыған адам бұл шығармашылыққа деген тұрақты да
жоғары қызығушылығын көрсететін, шығармашылық қабілеттің қалыптастырудың,
оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне жеке мәндегі шығармашылық
қабілетті қалыптастырудың бірлігінде, оның бір немесе бірнеше әрекет
түрлеріне жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін шығармашыл тұлға.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту туралы
ғалымдардың ой-пікірлері
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптастыру, рухани
байлығын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру және дарындылығын дамыту
қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі. Себебі, қазіргі кездегі
қоғамның қарқынды дамуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты
болса, ал болашақта техника мен ғылымды, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп
бүлдіршіндері. Сондықтан оқушылардың жауапкершілігі мен білімділігі жоғары
деңгейде қажет етеді. Мектеп оқушыларының өз-өзіне сенім арттыру,
шығармашылығын дамыту, өткен тақырыптың материалын терең ұғынуға білу -
ұстаздың педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің әрбір өтілген
тақырыбы қазіргі оқыту бағдарламаларына сай болуды қажет етеді. Осы
талаптардың орынды атқарылуы ғана оқушылардың шығармашылық қабілеттері дами
түседі және оқуға, білімге деген қызығушылықтары дамиды [2,27б.].
Ұстаз еңбегі - оқушылардың білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
қиындығы әрбір оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әр оқушының бойындағы
қабілеті арқылы өз-өзін, өмірді, қоғамды танытып, сезіндіруінде жатыр.
Ұстаздардың шеберлігін зерттеуші Зязюн ұстаз бойында шығармашылық қасиет
болуы тиіс деп көрсеткен болатын. Бұл қасиеттерді тізіп, анықтаған болатын
[10].
- ұстаз өз оқушыларының басқаға ұқсайтын қасиеттерін аша білуі;
- ұстаздың ой-өрісі кең, жан-жақты, өз мамандығының шебері болуы;
- мұғалім ір уақытта өз біліммін дамыта, шыңдай түсуі қажет.
- Мұғалім оқушыларына төмендегі қасиеттерді күте білуі тиіс.
- оқушының ойлау жүйесі өзінің білім деңгейіне байланысты болуы
керек;
- оқушының сабаққа деген қызығушылығының тұрақты болуы;
- оқушы білімі, ынтасы барлық пәндерге дұрыс бағытта болуы;
- оқушы білімінің тереңдігі пәндер арасынада байланыста болуы
тиімді.
Шығармашылық-бұл ішкі дүниедегі талассыз өзгерісті, ондағы пайда болған
мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың түсуіне деген сұранымға адам
сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді. Шығармашылық
жұмыстармен айналыспайтын адамның ішкі дүниесіндегі бейнелер, ойлармен
түрленеді.Оның үстіне осы ішкі дүниесіндегі қандай нәрсеге лайық екенін
білу қызық болып көрінеді. Сондықтан да нағыз шығармашыл адамның
мүмкіндіктерін байқап көруі болып саналады. Бала шығармашылығын зерттеген
Д. Рахымбек шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін бұл
қабілеттің дамуы қызығушылықтан басталатынын дәлелдеген. Қызығушылықты
қалыптастыру үшін оның үш типологиялық айырмашылықтарын білу қажет деп
көрсеткен. Біріншіден, қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Атап
айтатын болсақ: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен
тыс, таңқаларлық күлкілі заттарға бала бойында уақытша байқалатын сырттай
қызығушылық. Құмарлық – қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен
тереңірек танысуға және бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас
пайда болады. Нағыз қызығушылық – іс-әрекеттің бір немесе бірнеше
бағытындағы жеке тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы [11].
Төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу
және қалыптастыру, мазмұны мен жас ерекшеліктеріне сәйкес сипатталатын іс-
әрекет ыңғайлы негіз. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын себептердің
бірі – балалардың проблемалық сипаттағы шығармашылық әрекеті, жаңа
құралдарын қалыптастыруды, қол жеткен жетістіктердің бағасын беру
ойластырылады. Шығармашылықтың негізгі мәні жаңалық ашу, жаңа әдіс-тәсілдер
табуға ұмтылу деуге толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа тың нәрселер
жатады, ертеден келе жатқан дүниені қайталау немесе көшіруді шығармашылық
деп айтуға келмейді. Шығармашылық әрекетке – оқушылардың проблеманы көруі,
өз істерінің бағдарламасын құрастыра білуі және жүзеге асыра білуі жатады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сиапаты оқушының танымдық белсенділігін
қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік
қасиеттеріне ықпал етеді. Топтық сабақтарда сыныптасының кемшілігін
байқауға, оған көмек беруге, өз ісінен сабақ алуға, танымдылық, әлеуметтік
ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірі, көзқарастары әсер етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері және ізденімпаздық
қасиеті арқылы дами түседі. Шығармашылық қабілетті дамытатын сабақтар –
жаңа технологияларды пайдалану болып табылады.
Шығармашылық қабілет әртүрлі сапада болуы мүмкін. Оның күрделі
табиғатының өзі жеке тұлғаның дамуы, қозғаушы күші екендігін көрсетеді. Д.
Рахымбек шығармашылық дербестікті оқушының алдында тұрған мәселені шешуде
талданған негізгі мәселелердің көлемі мен мазмұнына қарай отырып, оқушының
қалыптастырудың мағынасын төмендегідей анықтаған [11, 154 б.]:
- қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып, ғылым жаңалықтарына
тұрақты қызығушылықтардың пайда болуы;
- оқу-танымдық міндеттерін, мақсаттарын орындауға бағыттау;
- оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде дамыту;
- жеке тұлғаның интеллектуалдық қасиетінің сапалық көрсеткішін
дамыту;
- тұрақты ізденімпаздылығы, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі
дамуы.
Психология саласында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
арналған арнайы тапсырмалар мен тесттер жасалған. Осы тапсырмалар мен
тесттерді орындау барысында балалардың таным процестерінің көрсеткіштері
жоғарылайды. Шығармашылық тесттерді шешу нәтижесінде оқушының білімді
меңгеруге деген құштарлығының өзгергенін байқауға болады. Танымдық білім
алу әрекеттерін отбасында кеңінен қолдануға болатынын және олардыі
нәтижесінде балалардың оқуға қызығушылығын оятуға болатынын түсінеді. Ата-
аналар көптеген білімділік мағынасы бар материалдарды балалармен бірге
талдауға үлкендердің де қызығушылығы пайда болады. Балалар психологиясында
баланың әр жас кезеңінде психикалық даму ерекше орын алатыны белгілі. Жас
ерекшеліктеріне орай танымдық әрекеттерін жедел дамуының жолдарын ашу, оқу-
тәрбиелік жұмыс жүргізуінің негізгі мәселелерінің бірі. Балалардың
психикасының қалыптасуындағы аса нәтижелі немесе сензитивті кезеңді ескере
отырып жеке даралық өзгешеліктерінің жан-жақты дамуына түрткі – оқу іс-
әрекетін тиімді ұйымдастыру кезеңдерін зерттеушілер баланың психологиялық
қалыптасуына оқытудың әсері ерекше екенін Р.С. Немов еңбегінде талданған
[11,97б.]. Ол бастауыш мектеп білім алушыларының оқу материалдарын меңгеру
мүмкіншіліктері мен ақыл-ой қабілеті өте жоғарылығы оқытуды дұрыс
ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда
жоғары нәрселерді қабылдап, жетік меңгере алатындығы, бастауыш мектеп
кезінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс –
жетістікке жететіндігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық
дамуының дамуына бірден-бір себеп – оқу үрдісі екенін атап кетті.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдайы
және жеке адамды даярлауда кіші мектеп кезеңіндегі оқу кезеңін тиімді
ұйымдастырудың алатын орны ерекше. Сондықтан оқушы бойындағы шығармашылық
қабілеттің жанжануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында тәжірбиелік
психологияда ерекше көңіл бөлінеді. Дамыту әдістемелерінің барысында есте
сақтау, ойлау, қиял үрдістерін дамытуға арналған тапсырмалар субъектінің
қажеттілігіне, себептеріне және себептер арасындағы байланыстарды табуға
арналғандары баланың ерекше ойлауының пайда болуына себеп болады. Ал,
ойлауды зерттеу және қалыптастыру адамның іс-әрекетті орындау жолдарын
қарастырады. И.М. Розет және т.б. баланың ойлау қабілетін зерттеудің түрлі
бағыттары көбіне қарама-қарсы мағынада, бірақ онда баланы дамыту үшін
маңызды ортақ сипаттамалары бар деп көрсетеді. Оларды осы баптармен
көрсетуге болады:
1. оқушының ойлау қабілетінің дамыту үрдісі оқушылардың белсенді
танымдық және тәжірибиелік іс-әрекетінде көп жетістіктерге жетуді
көздейді,
2. бұл іс-әрекетті психологиялық қызмет көрсетудің шартты жүйесі болып
қалыптасқанда психологиялық қызмет көрсетудің шығармашылық қабілетті
дамытуға болатынын көрсету;
3. оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеттің маңызды сәті ойлау
қабілетінің тәсілдері енізілген оқу мазмұнын меңгеру болып табылады
[12].
Шығармашылық ақыл-ой қызметінің негізгі тәсілі – белгілі бір топтағы
мәселелерді шешу үшін арнайы ұйымдастырылған логикалық операциялар
жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстрактілеуді,
қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару
кіреді. Олардың жиынтығы жаңа білім, яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін
қалыптастырады. Баланың танымдық әрекеті арқылы олардың логикалық ойлауын
дамыту және сол арқылы шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген Ф.
Кликс, К. Бұзаубақова т.б.ғалымдар шығармашылық қабілеттің анықтамасын
беріп оны оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
қалыптастыру жолдарын көрсеткен. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту
үшін қажетті шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар өте қажетті.
Шығармашылық жұмыстар түрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана
қоймай, сонымен қатар ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың
үрдісінде меңгерілген ғылыми танымдарында пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей
бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын
жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның
шығармашылық мүмкінщілігіне байланысты. Сондықтан мектептегі оқыту
үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін
қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық
қабілеттерңін тәрбиелеп дамыту болып табылады [8,96б.].
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді
жатқызуға болады:
1. баланың ойлау ерекшеліктері мен шығармашылық қабілетінің арнайы
зерттеу әдістемелерінің көмегімен қалыптастыру деңгейін анықтау;
2. арнайы дамыту және коррекциялық жұмыстар көмегімен балалардың
қызығушылығын, шығармашылығын және танымдық белсенділігін арттыру;
3. оқушының потенциалы мен мүмкіншіліктеріне сай шығармашылық
тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату;
4. шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен
қарама-қарсы есепке алып зерттеу жүргізу;
5. оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді баланың жас кезеңдегі
бойынша сатылап дамыту;
6. психолог өз ісіне ізденіспаздықпен қарап, психологиялық қызмет
көрсету үрдісін шығармашылықпен өткізуі.
Қызығушылықтың нәтижесінде білімде, оны игеру үрдісі интелекті дамуда
өзекті мәселе және жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуде маңызды фактор болуы
мүмкін. К.Д. Ушинский: еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған
ақыл тудыра қояр ма екен ? - деген. Сондықтан білім алуда оқыту негізгі
ерікті негізгі жағдайлар болғаны жөн. Олар:
- оқушылардың өз бетімен ізденуге, жаңа білім алуға, белгілі оқудағы
мәселелерді шешуге тартылуы;
- бірізді, біртекті ақпарат оқушыларды жалықтырады. Жаңа материалдың
жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіндігінің болуы;
- оқу материалын бергенде ұстаз анық, эмоционалды болуы оқушыға, оның
пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді [7,51б.].
Қазіргі уақыттағы техника мен ғылымның алдыңғы қатарға шығу деңгейі әр
оқушыдан оның білімі терең және сапалы іскерліктің болуын, олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Осындай ерекше мағынаға ие болып отырған кезде бүгінгі кездегі мектеп
алдында оқушыларға білім берумен бірге, олардың ақыл-ой белсенділігін,
шығармашылық жұмыс істеуін дамыту мәселесі тұр. Оған әр пәннің қосатын
үлесі зор. Математика пәнінің қарастыратын объектісінің табиғат
заңдылықтарымен байланысты болуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғары деңгейі іс-
әрекеттерін қажеттеді. Осы кезде оқушының танымдық дүниесін кеңейтетін,
оның әрекетін шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін
математикалық есептерді шығарудың маңызы зор. Оқушылардың шығармашылық есеп
шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның нәтижелерін
алудағы сұранысы оның есептерді шығаруда қарапайым есептерден айырмашылығы
– оқушының есептерді шығарудағы іс-әрекет талпынысын қалыптастырады.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын
қалыптастыру, жүйелі түрде қорытынды жасай білу, дәлелді пікірлер айту
дағдысын арттыру, дедуктивті ойлау – салыстыру, талдау, жинау, бір жүйеге
келтіру математика пәнін оқытудың жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктері
көп. Шығармашылық қабілеттің психологиялық табиғатын, әр адамға тін жеке
ерекшеліктерін зерттеуге көптеген психодиагностикалық әдістер мен арнайы
тесттер қолданылады. Оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
логикалық ойлауды дамытуды бастауыш сыныптардан бастауы қажет. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың маңызы көп.
Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше
іздене білуге дағдыландыру, икемділігін шеберлікке баулу мақсатында
пайдаланылады. Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын
пәндерге – қазақ тілі және әдебиеттік оқу жатады. Яғни осы пәндер негізінде
сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін меңгереді. Сонымен
қатар оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды бастауыш сынып математикасында
мүмкіндіктер өте көп.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту теориясы мен әдістемесін
талдау негізінде, шығармашылыққа деген қызығушылықтың пайда болуы, орны
қалыптастырудағы және дамуына қозғау салатын қайнар көзі, шығармашылық іс-
әрекеттің мазмұны, дербес жеке дара не болмаса топтық шығармашылық әрекет,
балалар шығармашылығын ұйымдастыру мен өту сипаты, шығармашылық процеске
қатысушылар арасындағы қалыптасатын қарым-қатынас жатады [2,18б.].
2-БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН
ШАРТТТАРЫ
2.1. Оқу бағдарламасының базалық мазмұны
Қазақ тілі пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға,
жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен,
мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады.
Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез
келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне
байланысты.
Қазақ тілі пәнінің басты бағыты – тіл арқылы оқушының ақыл-ой
қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына
іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.
Қазақ тілі пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік
дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау
дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын
дамытуға бағытталады.
Қазақ тіліпәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат
туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген
көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын
ұғынады.
Қазақ тілі пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде
коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп
жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр
түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды
пайдалана білуіне көмектеседі.
Қазақ тілі пәні бағдарламасының мақсаты – тілдің функционалдық және
коммуникативтік қызметі арқылықоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты
жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым) дамыту;
- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография)
игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен
дағдыларын дамытуға ынталандыру;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша
жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру,
жинақтау, бағалауға дағдыландыру;
- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға
жетелеу;
- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін
талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін
жеткізу дағдысын қалыптастыру;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге
жетелеу;
- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің
маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу
және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм
құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып,
игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде
қолдануын қамтамасыз етедi.
Қазақ тілі пәні бағдарламасы:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде
жалпы мағлұмат алуға;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу,
әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін
қалыптастыруға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі.
Қазақ тіліпәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Қазақ тіліпәні бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып Апталық сағат саны Жылдық сағат саны
2-сынып 4 сағат 136 сағат
3-сынып 4 сағат 136 сағат
4-сынып 4 сағат 136 сағат
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін
жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап
сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы
орындар болуы қажет.
Қазақ тілі пәнінсапалы, тиімді оқытуға қажеттіқұрал-жабдықтар:
Дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-
жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-
әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио-,
бейне- материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер
(памфлеттер және брошюралар, т.б.); анықтамалықтар (түсіндірме,
орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер); энциклопедиялар; грамматикалық
кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);
мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.
Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер
ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) білім
алужолдарын білетін, өз бетімен білім алуғаұмтылатын, шешім қабылдауға
қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді,
өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі
педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда,
олар:
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым);
- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар не білемін, нені білгім келеді,
нені үйрендім тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп,
өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті,
мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен
әдістері:
- мұғалім мен оқушының субъект-субъектілік дидактикалық қатынаста
білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz