Аптаның жеті күні


Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
Амангелді Д. Б.
Курстық жұмыс
Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы
Көкшетау, 2021
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
Қорғауға жіберілді
«»2021ж.
Кафедра меңгерушісі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы
«Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі» тақырыбында
Орындады Амангелді Д. Б.
Ғылыми жетекшісі Амиртай С.
Көкшетау, 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3-4
1- БӨЛІМ. СЫН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Санның шығу тарихы 5-16
1. 2 Cан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдары. Грамматикалық жаттығулар 16-26
1. 3. Бастауыш мектеп оқушыларына сан есімді меңгертудің психо- педагогикалық ерекшеліктері 26-28
2- БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ СЫН ЕСІМ ТАҚЫРЫБЫ
2. 1 Бастауыш сынып бағдарламасында «сан есімді» өту процесінде жалғаулар мен жұрнақтардың маңызы 29-34
2. 2 Сан есімді оқытудың принциптері 34-40
ҚОРЫТЫНДЫ 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 43-44
Кіріспе
Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған. Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Тақырыптың өзектілігі. Өкінішке орай казір оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде:
• Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялык жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын калыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты максат - оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың санын білдіретін сөздерге», т. б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне, оқи алатына, жаза алатына қанағаттанып жүрміз.
• Бастауыш кластарда тілді окытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналык бойларына сай оларды дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе «Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде окушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.
• Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жаткан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
• Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға казақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта
қарап, жаңарату қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс.
• Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға лайық мәселелерБүгінгі танда мемлекеттік саясаттың бір тармағы - қазақ тілінің қоғамдық қүндылығын арттыру. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы оның мемлекеттік тіл тұрғысында қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіру - мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдында тұрған маңызды мәселе . Себебі оқушылардың қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдылары мектептен қаланады. Осы себепті дипломанттың зерттеу жұмысы мемлекеттік бағдарламалар, қазақ тілін өркенднтуге арналған заңдар негізінде жүргізіліп, осы мәселені өзіндік сан есімді оқыту тұрғыдан шешкен. Өйткені тілдік қарым-қатынаста оқушы бірде сөйлеуші, бірде тыңдаушы болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеушіге болсын, тыңдаушыға болсын фонетикалық дағдыларды меңгертудің маңызы зор. Себебі морфологиялық тұлғалардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де ортақ. Қазақ тілін оқытудағы басты басты мақсат - оқушыны қазақ тілінде дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Ізденуші түрлі тапсырмалар аркылы оқушыларға сае есімнен білімді тоериялық тұрғыдан ғана беріп қоймай, сонымен қатар морфологиялық білік пен дағдыларын іс жүзінде, яғни тілдік қатынас барысында қолдануды үйреткен. Осы тұрғысында карастырғанда дипломанттың зерттеу тақырыбы өзекті. Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, оның білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан да әрбір сабақта оқушыларды қызыктыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Оқытушы бастауыш сынып оқушылардың сабаққа деген қүлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Әрбір сабақта оқу мазмұнын жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл - сан есімді оқыту арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты. Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқытуды тиімді колдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Себебі сан есімді оқыту кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, үжымды сыйлауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді[1] .
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-БӨЛІМ. СЫН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Санның шығу тарихы
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша қазақстан республикасының президенті н. ә. назарбаев өзінің бағдарламасында: «көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы - төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау». Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі - математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол - жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз - сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын - «сунья» деген сөзінің аудармасы екен[2] .
Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 - «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі үнді жерінде цифр - «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (хү-хүі ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, ай, күн - біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары - жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары - жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар - екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды - даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін - терең, таяз, бөлшек ұғымдарды - жарым, жарты деген.
Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны - ұлы дала, ол даланың иесі - көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны - шынтақ, бой, ал ұзындықты - шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.
0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында алла жалғыз, алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді.
Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.
1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: ай және күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай жер мен аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. Өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «оңай» сөзінің омонимі.
Пифагорлықтарда екі саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пен суықтық, мейрімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұртшылдықтың арасында жүреді.
3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі төле би, қазыбек би және әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі - жұлдыз, күн, ай. Үш бастау - аспан, жер, адам. Отбасының үш элементі - еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «өсу» сөзінің синонимі.
Пифагорлықта үш санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі грекияда бұл сан - бақыттың саны. Ежелгі вавилонда үш құдайға: күн, ай, шолпанға табынатын болған. Діни сенім-нанымдарда, ертегілерде үш саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады. Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.
4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс - от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт кітап: мұсаның кітабы - таурат, дәуіттің кітабы - забур, исаның кітабы - інжіл, мұхаммед пайғамбардың кітабы - құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат. Төрт дария: ніл, фират, жейхун (амудария), сейхун (сырдария) . Қазақта жаратқан иеміз адам атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған.
Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. Өйткені қытайларда төрт - «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: жер, аспан, күн және ай. Төрт мифологиялық жануар: жалғызмүйіз, феникс, панголин және айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген - бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз - бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.
Абай атамыздың өлеңінде «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпанды білсеңіз. » деп, бес саны жайлы айтып кеткен.
Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар - меркурий, венера, марс, юпитер және сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар - су, металл, от, ағаш және топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар. Бестік шарықтау шегіне жетудің белгісі. Бес саны күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептелінеді. Сондықтан оны белеске теңейді. Жалпы, қытайларда ерекше көңіл мен сипатқа ие негізгі сан - бес саны.
6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса - ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл - адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.
Пифагор алты санын ерекше сан деп білген, басқа сандардан өзгешелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек қайтадан алты саны шығады (1+2+3=1*2*3) . Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. Алты саны - жетістіктің, еркіндіктің белгісі. сонымен бірге қытайлықтар үшін әсемдік пен үйлесімдік саны.
7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі - тауратта жеті саны 500 рет қайталанады[3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz