Қарым - қатынас ақпарат алмасу ретінде


Тақырыбы: Қарым-қатынас процесі, оның түрлері, құрылымы мен қызметтері.
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Қарым-қатынас ұғымы туралы жалпы түсінік.
1. 1. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
1. 2. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде
2. Қарым-қатынас түрлері мен топтастырылуы.
2. 1. Тұлға аралық және рөлдік қарым-қатынастар.
2. 2. Салт-жоралық, монологтық, диалогтық қарым-қатынастар.
2. 3. Қарым-қатынастың топтастырылуы.
3. Қарым-қатынас процесінің құрылымдық талдауы мен қызметтері.
3. 1. Перцептивтік, коммуникативтік және интерактивтік жақтары.
3. 2. Қарым-қатынастың атқаратын қызметтері.
- Тәжірибелік бөлім
3. Негізгі мектеп оқушыларының қарым-қатынас процесінің түрлерін, құрылымын анықтау мен дамытуға арналған жұмыстар
3. 1. Жасөспірімдерде қарым-қатынас дамуын анықтауда ұйымдастырылатын іс-шаралар
3. 2. Жасөспірімдерде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары және зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері
3. 3. Қарым-қатынасқа негізделген тәрбие сағаты
3. 4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен үлгілі сабақ жоспары
- Қорытынды
- Қосымшалар
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақытына дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қатынастардың кеңістігіне енеді. Бұл өзара әрекеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен немесе шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде - байланыс құралдары арқылы немесе өнердің әр алуан түрлері арқылы әрекеттесулері мүмкін. Қазіргі кезде қарым-қатынас, бір жағынан, іс-әрекеттің ерекше бір түрі, екіншіден, басқа да іс-әрекет түрлерін жасаудағы дербес және өзара әрекеттестік процесі деп түсіндіріледі. Демек, қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы зор. Сол себепті де, зерттеу жұмысымыздың тақырыбы: «Қарым-қатынас процесі, оның түрлері, құрылымы мен қызметтері».
Тақырыптың өзектілігі: Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.
Болашақ мұғалім ретінде жеткіншек жасындағы оқушылармен жұмыс жасап, қарым-қатынас жасайтын болғандықтан көп жағдайда жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынасын зерттедік. Жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л. С. Выготский /1/, Б. Г. Ананьев /2/, Е. И. Головаха /3/, А. Б. Добрович /4/, А. А. Бодалев /5/, И. С. Кон /6/, Л. А. Петровская /7/, В. В. Столин /8/, Н. И. Шеврандин /9/, Л. Д. Стрляренко /10/, Қ. А. Айдарбеков /11/, Т. М. Шалғынбаев /12/ т. б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж. Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қыбілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т. с. с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.
Мектепте оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне үлкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде - оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, курстық жұмыстың тақырыбын: «Қарым-қатынас процесі, оның түрлері, құрылымы мен қызметтері» - деп анықтадық.
Зерттеу нысаны: Негізгі мектеп оқушыларының қарым-қатынас процесі.
Зерттеу пәні: Негізгі мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Негізгі мектеп оқушыларының қарым-қатынас процесін, түрлерін, құрылымын, қызметтерін ғылыми тұрғыдан сипаттап, диагностикалық зерттеу әдістерін ғылыми-практикалық тұрғыдан тұжырымдау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологиялық қызметінде жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының тұлғааралық қарым-қатынасында ауытқу байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау;
- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын жүргізуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып психокоррекция жүргізу.
Зерттеу көздері: Қарым-қатынас процесі, оның түрлері, құрылымы мен қызметтерінің заңдылықтары жайлы ғылыми-теориялық ғылыми әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер, диагностикалық әдістемелер, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ үлгілері, басылым материалдары, бейнероликтер мен интернет ресурстар.
Ғылыми зерттеу әдістері: Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, талдау, жинақтау, бақылау, диагностикалық әдістемелермен жұмыс. тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым - қатынастың дамуын зерттеуде психологияның әдістерін: әңгіме әдісін, анкеталық әдістерді қолдану.
Зерттеу болжамы: Егер негізгі мектеп оқушыларының қарым-қатынасын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ана тілінде толғымен тұжырымдалып зерттелсе, онда мектеп мұғалімдері оқушылардың қарым-қатынасының түрлерін, құрылымын және қызметтерін толығымен ажыратып, оқу-тәрбие істерін осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қарым-қатынас ұғымы туралы жалпы түсінік.
1. 1. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақыты на дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қаты настардың символдық (таңбалық) кеңістігіне енеді. Бұл өзара әре кеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен неме се шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама турде-байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері ар қылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекеле ген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т. б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның зат тық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.
«Қарым-қатынас өзінің бастапқы сыртқы түрінде де, бірлес кен іс-әрекет түрінде немесе тілдік қарым-қатынас немесе тіпті тек ойша түрінде де адамның қоғамда дамуының қажетті әрі специфи калық шарты болып табылады».
Бұл пікірге қоғамның өзін де қосамыз, өйткені ол Г. М. Андрееваның айтуынша индивидтердің даму тәсілі, әрі олар дың қатынасын нығайту тәсілі де болып табылады (Г. М. Андреева) .
Қарым-қатынас - адамдар әлемінің аса маңызды сипаттама сы. Ол - адамдар қатынастарының даму механизмі, осы қатынас тардың болу формасы және жекелеген адамның психикалық элемі нің маңызды аспектілерінің болу тәсілі. Қарым-қатынас пен пси хикалық процестердің тектестілігін ресейлік және шетелдік автор лар: Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, В. Штерн, К. Бюлер бірнеше рет атап көрсеткен.
Бәлкім, адамзат болмысында қарым-қатынастың түрлері мен қызметтерінің көп түрлі болуы бұл ұғымның психологиядағы ерекше мәртебесін анықтаған да шығар. Аталмыш ұғымды талдай тын авторлардың әрқайсысы оған накты аныктама бермейді. Негізінде құбылыстың мәні жайлы емес, қарым-қатынас пен іс-әрекеттің байланысы жайлы көп айтылады.
Қарым-қатынас, бұл - адам аралық қатынастардың әр текті түрлерінен туындайтын және қуаттанатын Адам болмысының әмбебап шындығы. Бұл шындықта әлеуметтік қатынастардың әр ал уан түрлері де, сондай-ақ, жекелеген адамның психологиялық ерекшеліктері де қалыптасады және дамиды.
Ғылыми ұғым ретінде ол ағылшын тілді психологиялық әде биеттерде кең тараған «коммуникация» ұғымына караганда ана- ғұрлым бай әрі тереңірек. Өзінің рухы жағынан «қарым-қатынас» - гуманитарлық ұғым; ол құндылықтар мен субъективті мағыналарға толы; ол технологиялық емес және лабораториялық жағдайларда әрқайсысы қарым-қатынас болып табылмайтын жекеленген элементтерге бөлінеді. «Қарым-қатынас» ұғымының көмегімен ресейлік әлеуметтік психология адам аралық қатынастардың нақты әлемімен өзара әрекеттесуге талпынады.
Гуманитарлық әлеуметтік психологияның ұғымы ретінде «қарым-қатынастың» дамуына XX ғасырдың ресейлік ойшылдары М. М. Бахтин мен А. А. Ухтомский айтарлықтай үлес қосты. Бахтин «диалог» деп, ал Ухтомский «әңгімелесушіге үстемдік ету» деп атаған қарым-қатынас, олар үшін әрбір адамның қайталанбас даралығының болуы мен дамуының түрі болып табылды.
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, «қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас әрекет - екі дербес, тең құқылы процесс пе?» - деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жа уапты хабарлауы т. с. с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір кыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретін де, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас) болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құрала тын іс-әрекет процесінде белгілі-бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту, машина құрастыру және т. с. с. ) адам тек осы мен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшелік терін, өзінің ерекшелігін басқа адамдарға көрсетеді, ұсынады, өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Жасалған зат (тұрғызылған ғимарат, нақты поэзиялық шумак, отырғызылған ағаш, жазылған кітап, шығарылған немесе орындалған ән) бұл, бір жағынан, іс-әрекет онімі, ал екінші жағы нан - адамның қоғамдық өмірде өзін шыңдауына көмектесетін құ рал, өйткені осы зат, басқа адамдар үшін жасалған құрал арқылы адамдар арасындағы қатынас iске асады, затты жасаушыға да, оны тұтынушы мен игерушіге де теңдей тиесілі ортақ өнім ретіндегі қарым-қатынас құрылады.
Өзін басқаларда жалғастыру ретіндегі қарым-қатынас екінші түрдегі қарым-қатынас болып табылады. Егер, бірінші түрдегі қа рым-қатынас (коммуникация түріндегі қарым-қатынас) бірлескен іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінсе, екінші түрдегі қарым-қа тынастың маңызды қыры қоғамдық құнды және тұлғалық мәні бар затты өндіруге байланысты іс-әрекет болып табылады. Бұл жерде тәуелділік алмасады да, іс-әрекет қарым-қатынастың аспектісі, бөлігі, қажетті алғышарты ретінде болады.
Сонымен, іс-әрекет - қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қа рым-қатынас - іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қаты нас пен іс-әрекет барлық жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.
Сонымен, біз қарым-қатынас ұғымымен, оның атқаратын қызметтерімен және кейбір түрлерімен таныстық. Қарым-қатынас - біртұтас процесс, оған қатысушылар өзінің ішкі жан дүниесінің бу кіл мазмұнымен - сезімдерімен, ойларымен, әрекеттерімен - каты сады. Алайда гылыми мақсаттардан басқа, материалды зерттеу мен мазмұндауға қолайлы болу үшін қарым-қатынастың әр түрлі құрылымдық компоненттерін бөлiп көрсетуге болады. Біз Г. М. Андреева ұсынған қарым-қатынастың үні компонентті кұрылымын қолданамыз (И. Ә. Әбеуова) . Ол қарым-қатынастың:
- коммуникативті аспектісін (ақпарат беру) ;
- перцептивті аспектісін (серіктестердің бір-бірін қабылдауы мен түсінуі) ;
- интерактивті аспектісін (қарым-қатынас процесіндегі өзара әрекеттесу) бөліп көрсетеді.
Олардың әрқайсысына кейін тереңірек тоқталамыз. Қазірше қысқаша қорытындыны ұсынамыз.
1. Тұлғааралық қарым-қатынас - адам болмысының әмбебап шындығы, ол адам аралық қатынастардың әртүрлі формаларынан туындайды және бекіп отырады. Бұл шындықта әлеуметтік қаты настардың әр алуан түрлері, сондай-ақ, жекелеген адамның психо логиялық ерекшеліктері қалыптасады, әрі дамиды.
2. Жеке адамның және адамзат қауымдастығының өмірінде қарым-қатынас айрықша маңызды қызметтер атқарады: шынайы адамдық қасиеттер мен мүмкіндіктердің қалыптасуы мен пайда болуы, бірлескен іс-әрекетті коммуникативті қолдау, адамның психикалық және физикалық аман-саулығын қолдау.
3. Қарым-қатынастың түрлері де әр алуан. Қарым-қатынас Тың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға жанамалану дәреже сіне қарай рөлдік және тұлғааралық қарым-қатынас деп бөлуге бо лады.
4. Қарым-қатынасты сондай-ақ, салттық (объект-объектілі), монологтық (субъект-объектілі) және диалогтық (субъект-субъек тілі) деп бөлуге болады; қарым-қатынастың әр түрінің адами бан ланыстар мен қатынастардың күрделі сипатында атқаратын өзіндік қызметтері бар.
1. 2. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде
Қарым- қатынас - адамдардың басқалармен қоғам мүшесі ре тінде өзара әрекеттесуінің арнаулы формасы. Сайып келгенде, қа рым - қатынас екі немесе одан көп адамдардың ақпарат алмасу мақ сатымен өзара байланысқа түсуі: ойларымен, сезімдерімен, әрекет терімен. Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік міндеттері жү зеге асады,
Көптеген зерттеулер нәтижелеріне жүгінсек, адамдардың ба сым көпшілігі өзінің 70% уақытын өзара тілдесіп, қарым-қатынас жасауға жұмсайды екен. Ал, басшылық ететін немесе жетекші қызмет қарым-қатынасты адамдар арасындагы өзара әрекеттесу мен бірлескен іс-әрекет барысында көрініс беретін ортақ үрдіс деп түсінуден, тіл, бұл - қарым-қатынас құралы деген ұғым туады. Тіл карым-қатынасқа түсушілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, себебі ақпаратты хабарлау үшін сөздерді мағынасына қарай қолданатын адам да, ол ақпаратты қабылдайтын адам да бірін-бірі түciнiп, apаларында байланыс орнайды.
Ақпаратты басқа адамға багыттайтын адам (коммуникатор) және оны қабылдайтын адам (реципиент) екеуі, бір кодтау мен де кодтау жүйесін пайдаланса ғана, яғни «бір тілде» сөйлессе ғана, карым-қатынас пен ортақ іс-әрекеттің мақсатына жетеді. Коммуни катор мен реципиент әртүрлі кодтау жүйесін қолданса, олар бірін бірі түсінбей, ортақ іс-әрекеттер жасау, көбіне - коп ешқандай нә тиже бермейді. Әр тілде сойлесетін адамдар бір-бірімен келісе ал- майды, сондықтан олардың бірігіп іс-әрекет жасауы да мүмкін емес. Ақпарат алмасу процесі барысында қолданылатын таңбалардың (сөздердің, ым-ишараның, иероглифтердің және т. с. с. ) мағыналары қарым-қатынасқа түсуші адамдарға таныс болса ғана, ақпарат алмасу мүмкін болады.
Сөздік таңбалардың жүйесі тіл, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру және келесі ұрпакка жеткізу құралы ретінде қолданылады.
Тіл қоғамдық тәжірибені жинақтау және жеткізу құралы ре тінде, еңбек процесінің барысында пайда болды және қоғам тапқа болінбей турган кезенде дами бастады. Ақпаратты бір-біріне жет кізу үшін адамдар, белгілі-бір мағынаны құрайтын дыбыстарды пайдалана бастады.
Сондай-ақ карым-қатынасқа түсушілер арасындағы қашықтық айтарлықтай алыс болған жағдайда, қараңғыда, тұманда, тоғай немесе орман ішінде, дыбыстар арқылы ойларын жеткізу біршама ыңғайлы болды.
Қарым-қатынастың арқасында тілдің көмегімен жеке адамда калыптаскан ой, басқа адамдардың мәліметтерімен толықтырылып отырады, ягни, ой мен ақпарат алмасады. Қарым-қатынас ба рысында адам маңыздыны маңызды еместен, керектіні керексізден ажыратуға, жалқы заттардан олардың жалпы қасиеттерін ажырата алады, создердің мағынасын түсіну арқылы осы топқа жататын зат тардың барлығы белгілі болады, сөйтіп, сөз болып отырған затқа қатысты ұғым, түсінік қалыптасып, толыға түседі. Мәселен, «газет» деп айтқанда, біз қолымызда тұрған газеттің бетін ғана емес, соны мен қатар бұл заттың қай топқа жататындығын, оның басқа басы лымдардан айырмашылығын ескереміз.
Жалпы, сөздердің әрбір затқа қатысты мағынасы болады. Оқытушы создерді қолданғанда, оның өзі де, тыңдаушылары да бір кұбылыс туралы ойлауы керек, сонда ғана арада түсінбеушіліктер орын алмайды. Мағыналар жүйесі адамның өмір сүру барысында молайып, әрі дамып отырады және оны мақсатты түрде қалыптас тыру - орта және жоғары білім берудің негізгі мақсаты.
2. Қарым-қатынас түрлері мен топтастырылуы.
2. 1. Тұлға аралық және рөлдік қарым-қатынастар.
Әлеуметтік нормалар мен ережелер анық емес және жанама әсер ететін қатынастар тікелей, контактілі деп сипатталады. Ал оларды туғызатын қарым-қатынас түрі тұлғааралық деп аталады. Әлеуметтік талаптар мен күтінулермен ғана жанамаланған қаты настар дистантты, жанама деп аталады. Олар рөлдік қарым-қаты наста жүзеге асырылады.
Аталмыш контексте «тұлғааралық» термині оте специфика лық, тар мағынада қолданылып отыр. Адамдар арасындағы барлық қатынастар қандай сипат алатындығына қарамастан - тұлғааралык, Өйткені, оларды құруға тек қана тұлға, яғни нақты адамдар ғана ка білетті. Біздің жағдайда бұл анықтаманы қолдана ғааралық қарым-қатынастың эмоциялық сипатын атап көрсетеміз. Адамдардың қатынастары серіктестердің құндылықтары ұқсасты ғының, эмоциялық тартымдылықтың негізінде құрылады және әлеуметтiк рангтері мен рөлдеріне онша тәуелді болмайды.
Тұлғааралық қарым-қатынасқа түскен кезде адамдар өздері нің ішкі мақсаттары мен құндылықтарына бағдарланады. Олардың серіктесіне деген қатынасы «қазір және осы жерде», байланыс барысында, олардың жариялайтын мінез-құлықтары мен көзқараста рының негізінде қалыптасады. Қарым-қатынастың мазмұнының өзі, оның формаларының оңай өзгеруі және серіктестің байланыс про цесінде қалыптасқан бейнесіне икемделуі мүмкін. Әрине, мұндай қарым-қатынасқа ор серіктестің екіншісіне деген қатынастарын дағы күтінулер де ықпал етеді, бірақ оларды оңай өзгертуге, нақты мінез-құлыққа жалғастыруға болады. Егер серіктестерде өзара сим патияны қалыптастыра алса мұндай қарым-қатынас жалғасын та буға ұмтылады. Керісінше, бір-біріне эмоциялық жек көрушілікті серіктестерде қарым-қатынасты әрі қарай жалғастыруға еш себеп жоқ. Сөйтіп, тұлғааралық қарым-қатынас өз қатысушыларына қа рым-қатынас «режимін» таңдауда, оны әрі қарай жалғастыру не месе доғару жөнінде шешім қабылдауда айтарлықтай еркіндік бе реді. Әрине, бұл артықшылықтың да өз ішкі қаупі бар. Ол мынада, тұлғааралық қарым-қатынас - әлеуметтік өнердің құнды және нә зік туындысы. Әртүрлі жағдайлар - серіктестердің көңіл-күйлері нің түсулері, олардың коммуникативтік олактығы, қайшылықтарды шеше білу дағдыларының жоқтығы - эмоциялық байланыстардың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz