Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ Қолжазба құқығында
Кәкім Ә. Н.
«ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ СҮЮ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
7М01101 - «Педагогика және психология»
Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Успанова Клавдия Жаркеновна
к. п. н, доцент
Қазақстан Республикасы
Көкшетау, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Отбасылық некелік өмірге даялаудағы отбасы әлеуметтік дамуының теориялары . . . 8
1. 2 Қазақ халқының отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері . . . 18
2. ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫ - НЕКЕЛІК ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
2. 1 Студент жастарды болашақ отбасылық өмірге дайындаудағы халықтық
әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің рөлі . . . 35
2. 2 Қазіргі кезеңдегі қоғамда жастардың отбасы құруының кейінгі ұрпақтың физиологиялық және генетикалық дамуына ықпалы . . . 43
3 . ЭКСПЕРИМЕНТ БАРЫСЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
3. 1 Қазіргі отбасының қоғамда атқаратын қызметтері және рөлдік құрылымы . . . 47
3. 2 Жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделу мəселесі . . . 59
3. 3 Отбасының басқа тәрбие институттарымен әрекеттесуі . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Біз XXI ғасырда, қарқынды өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүріп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер жаңа қоғамға, ақпаратты қоғамға енуде. Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың стратегиялық негізгі даму бағытын анықтау, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін приоритет жүйесін құру өте маңызды.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табуымыз керек. Неке және отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, » - деп атап көрсетті [1] .
Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы Республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.
Білім жүйесінің қоғамдық өмірінің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да тигізетін ықпалы мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік қарым-қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалы, студенттердің отбасы өмірінің құндылықтары ішінде отбасының психологиялық және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы, құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді. Бұдан басқа білім жүйесі жоғары оқу орны деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып, отбасы және некенің бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.
Отбасы қоғамда - ең маңызды орта. Ол қылықты әрқашан азшылық, кішкене топ, жеке адам істейді. Тарихтың шұғыл ұлы өзгерістерінде жеке адам белсенділігінің рөлі артатыны кездейсоқ емес. Бұл жағдайда жастардың сана деңгейімен, неке және отбасы өміріне дайындық дәрежесімен байланыстырылған субъективтік фактордың отбасы орнықтылығына әсері сөз болып отыр. Осыдан жоғары оқу орнының, білім беру жүйесінің атқаратын рөлдерін бүтіндей қайта бағалау өте қиын. Қазіргі уақытта жоғары оқу орны бірінші кезекте студенттің парасатты өсуіне бағыт алып, жеке бастың жан-жақты қалыптасып, өнегелі дамуына көңіл бөліп, бірақ студенттерді отбасы өміріне даярлау аспектісін ұмыт қалдыруда.
Көп жылдар бойы жоғары оқу орындары жоспарларында тиісті пән тіпті қарастырылмаған.
Отбасы - некелік қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу көп факторлардың әсерімен болады. Қазіргі ғылымның міндеті олардың сырын ашып қана қоймай, ғылыми басқарудың жолдары мен әдістерін көрсету болып табылады.
Бұл проблемалар, қандай білім болса, сондай отбасы қалыптасады дегендей, отбасы мәселесі көп зерттеушілердің нысанына айналды.
Педагогтар, философтар, тарихшылар, демографтар, әлеуметтанушылар, психологтар және басқа да мамандардың зерттеулерінде олар өз аспектілері тұрғысынан қарайды, бірақ педагогикада «оқу», «тәрбие» ұғымдары әрқашан да өзекті проблема болып қала береді. Білім жүйесі іс жүзінде отбасы мәселесіне бармайды, ал отбасы қажетті шамада білім жүйесімен жалғаспайды. Нәтижесінде бейтарап алаң пайда болады, дәл осындай алаңда жеке бастың әлеуметтену проблемасының бірі, атап айтқанда, білімнің әлеуметтік қызметі ретінде жастарды отбасы өміріне даярлау болып табылады. Мұның бәрі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға және оның талдануына пәнаралық зерттеу тұрғысынан келуге себепші болды.
Жоғары оқу орны студенттерін отбасы-некелік өмірге даярлаудың мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау, студент жастарды отбасы-некелік өмірге даярлау мәселесінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығы көрінеді. Демек, студент жастарды отбасы-некелік өмірге жүйелі түрде даярлау арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда, еліміздің жастарын отбасылық өмірге дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің тәрбие теориясы мен практикасында нақты тиімділігін таппағандығы арасындағы қайшылық алып тұрғандығымен ерекшеленеді. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында зерттеу тақырыбын «Қазіргі студент жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселелері» деп алуға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Жастардың болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау.
2. «Отбасылық өмірге дайындық» ұғымына ғылыми - педагогикалық түсініктеме беру.
3. Жастардың болашақ отбасылық өмірге даярлау үшін тәрбие жұмысының маңыздылығын айқындау.
4. Жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық шарттарын жасау.
5. Студентерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Зерттеудің гипотезасы:
-
отбасылық мәселелерді шешудегі, отбасы татулығын сақтау жұмыстарын қолдана алу.
-некеге, жастардың өтбасылық өмірге студенттер тұлғасының дайындықтарын алдын -ала қалыптастыру;
- отбасы тәрбиесі жағдайында жастарда қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруды жетілдіру үшін қоғам тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі
ұйымдастырылса.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңалығы:
1. Жастардың болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздері анықталды.
2. «Отбасылық өмірге дайындық» ұғымына ғылыми - педагогикалық түсініктеме берілді.
3. Жастардың отбасылық өмірге даярлауда тәрбие жұмысының маңыздылығы айқындалды.
4. Жастардың отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық шарттары жасалып, мүмкіндіктері көрсетілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
1. Жастардың отбасылық өмірге даярлаудың қазіргі сипатын айқындайтын қағидалар берілді.
2. «Отбасы-некелік өмірге дайындық» элективті курсының бағдарламасы құрастырылды.
3. Жастардың отбасылық өмірге даярлаудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуiмiзге философиялық, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер негiз етiп алынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дамуына бағытталған теориялар мен тұжырымдар адам психикасының онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы Л. С. Выготскийдің[2], А. Н. Леонтьевтің[3], С. Л. Рубинштейннің[4], А. Н. Ананьевтің[5], Д. Б. Элькониннің[6] т. б. ғалымдардың еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар К. Ж. Қожахметованың[7], Қ. Б. Жарықбаевтың[8], С. Қ. Бердібаеваның[9], А. Ж. Аяғанованың[10], А. А. Жұмаділлаеваның[11] этнопедагогикалық, этнопсихологиялық зерттеулерінде көрініс тапқан.
А. Байтұрсынов[12], Ы. Алтынсарин[13], М. Жұмабаев[14], Ж. Аймауытов[15], М. Әуезов[16], К. Д. Ушинский[17], А. С. Макаренко[18], В. А. Сухомлинский[19] отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлес қосқан ғалымдар.
К. Кенжахметов [20], С. Қалиев[21], С. А. Ұзақбаева[22], С. Ғаббасов[23], З. Әбілова[24] және т. б. ғалымдар өз еңбектерінде халықтық педагогиканың жан-жақты мәселелерін зерттеген, отбасының педагогика, психология, өнер және әлеуметтану ғылымдарымен байланысының нығайуына үлкен еңбек сіңірген.
Қазақ отбасы туралы мәселелер А. Биекенова [25], Е. Мұқанғалиев[26], М. Баймұқанова[27], А. Бекжігіт, Ә. Ыстыбай[28], Б. Айтмамбетова[29] еңбектерінде қарастырылған. Қазақ халқының отбасылық ерекшеліктері туралы бұл ғалымдардың еңбектері жоғары оқу орны студенттерін отбасы-некелік өмірге даярлауда бізге маңызды теориялық, этнографиялық, этносоциологиялық материалдар болып табылады.
Отбасылық өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынастардың сырлары туралы білімдер мен көзқарастар Х. А. Арғынбаев[30], Б. Қожабекова[31], Т. Төлендиев, Иманбаев Қ. [32] еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген.
Отбасына байланысты ресейлік және шет елдік ғылымда қойылған негізгі проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар. Отбасы мен неке мәселелері М. С. Мацковский, А. Г. Харчев[33], В. А. Сысенко[34] және басқа да ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Шет елдік мамандардың ішінде Э. А. Тийт[35], Ф. Я. Варга[36], Д. В. Винникотт[37] және т. б. зертеулерінде ашылып көрсетілген.
Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың міндетін орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бұл тұрғыда педагогика және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар жасалынды. Болашақ отбасы иесін даярлау проблемасының педагогикалық аспектілері И. В. Гребенников[38], Л. М. Панкова[39], Б. Шапиро[40], С. Д. Лаптенюк[41], Б. Круглов[42], В. А. Бальцевич, С. Н. Бурова, Ф. Н. Воднева[43] және басқалардың еңбектерінде берілген. Бұдан басқа жыныстық тәрбие пролемалары И. С. Кон[44], В. Е. Какан[45] зерттеулерінде бейнеленген.
Зерттеу көздері: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, Қазақстан халқына жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдаулары, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу мәселесі бойынша психологтардың, педагогтардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, демографтардың ғылыми еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер : тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау, бақылау, әңгіме, интервью, анкета т. б.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы . диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша «Ізденіс білім әлемі» журналында жарық көрген.
Зерттеу жұмысының кезеңдері .
Бірінші кезеңде отбасы мәселесіне байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының өзектілігі, нысаны, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері.
Екінші кезеңде студенттерді болашақ отбасылық өмірге дайындау зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.
Үшінші кезеңі зерттеу, эксперименттік тұрғыда зерттеліп, нәтижелері талданды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1. 1 Отбасылық некелік өмірге даялаудағы отбасы әлеуметтік дамуының теориялары.
Қазіргі қазақ отбасыларындағы көптеген проблемалар жастардың отбасы-некелік қатынастарға дайындықтарының нашарлығынан туындауда. Бұл жерде әнгіме өте маңызды саналатын шаруашылық дағдыларына оқыту жөнінде ғана емес, отбасы мүшелерінің қатынастарына негізделген отбасылық өзара тұрақты қарым-қатынастардағы қиыншылықтарда кездесіп қалатын психологиялық дайындықтар жөнінде болып отыр.
Халық педагогикасының элементтерін қолдану арқылы неке, отбасы қатынастарының ерекшеліктері жөніндегі білімді арнайы шығарылған басылымдар көмегімен, жас жұбайлар арасында лекция оқумен, жастарды неке қатынастарына дайындауға бағытталған радио және теле бағдарламалар ұйымдастырумен толықтырып отыруға болар еді. Қажетті дағдылар мен икемділікті орнықтыру бұдан гөрі шаруашылық, тұрмыстық дағдыларды үйрету оңайырақ болады, ал екі адам арасындағы қатынастарды байыптылық негізінде орната қою күрделірек келеді. Алайда, ең күрделі де ұзаққа созылатын үдеріс - жастардың қүндылық бағыт-бағдары мен қағида-тұжырымдарын қалыптастыру, мұны ерте кезден бастап қолға алған отбасының жоғары беделі, өзге адамдарға деген жауапкершілік сезімі, өзгелердің мүдделерiн ескеріп отыруға және түсінуге икемділік, өзара көмек пен өзара қамқорлық ұстанымы - міне, осылардың барлығы да отбасы өмірінің, оның ежелгі дәстүрлерінің, ата-аналар мен балалардың бірлескен қызметі мен бірлескен тыныс тіршілігінің ықпалымен тәрбиеленеді. Бұл жерде жасөспірімдерді өндiрістік ұжымдардағы болашақ өмірге бағыттап отырумен қатар отбасылық рольді ойдағыдай орындауға тәрбиелеп отыратын мектеп үлкен қызмет атқарады.
Жастарды некеге дайындау бағдарламасының шеңберінде шартты түрде тәрбиелеуді болжамдау деп атауға болатын шаралар жиынтығы белгілі бір деңгейдегі маңызға ие бола алады.
Төмендегідей халық даналықтары ұлттық педагогикалық тәрбиенің жетекші әдістері болып табылады: “Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, ұйым жоқ болса, күйің жоқ”, “Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол”, “Жас күніңде еңбек қылсаң, есейгенде жетілерсің” және т. б.
Жасыратыны жоқ, соңғы кездері үйленгендерден ажырасқандардың саны артып, тастанды, жетім балалар, жесірлердің саны көбеюде. Мұндай етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесірін тигізетіні бәрімізге мәлім. Сондықтан да, халқымыз М. Әуезовтің «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген даналық сөзін естен шығармауы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай жастарды отбасы-некелік өмірге даярлауда ата-ананың рөлі мен міндеттері аса жауапкершілікті талап етеді.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық т. б. адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады.
«Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және отан қоғам алдында жауап береді», - деп А. С. Макаренко атап көрсеткендей, әрбір ата-ана өзінің міндетін адал жене түсініп орындауы қажет. Баланың жеке басын, мінез-құлқын, ой-санасын қалыптастыратын, өмірге жол ашып, жөн сілтейтін, бағыт беретін бас ұстазы - ата-анасы.
Отбасы мүшелерінің бірлігі, әсіресе, ерлі-зайыптыдардың ынтымақтығы мен сүйіспеншілігі, бір-біріне қамқорлығы, өзара адамгершілік қарым-қатынастарын кеңейтеді. Мұндай принципте құрылған отбасы - балаларға үлгі, енеге көрсететін, келешекте өз орнын тауып, бақытты, баянды ететін отбасы.
Отбасының тату-тәтті өмірі жастардың ер жетіп есуіне, адамгершілік қасиеттердің барлығын бойына сіңіруіне жағдай жасайды. Мұндай отбасы қоғам үшін адал кызмет ететін әрі оның дамуына пайда келтіретін жастарды дайындайды.
Отбасы-некелік өмірдің басы жыныстық тәрбиеден басталады. Ал жыныстық тәрбие адамгершілік тербиенің негізінде жүзеге асырылады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, адамгершілік қасиет атаның қанымен, ананың сүтімен берілетін нәрсе.
Орыстың ұлы педагогы А. С. Макаренко отбасы тәрбиесіне байланысты көптеген мәселелерді, соның ішінде жыныстық тәрбие жайлы меселелерді зерттеді. Ол балалардың жыныстық тәрбиесінің бірқалыпты және адамгершілік тұрғысынан дамуына ата-ананың жауапты екендігіне назар аударды. А. С. Макаренко: «Жыныстық қатынастардың жоғары мәдениеті біздің алдымыздағы маңызды қоғамдық мақсаттардың бірі болуы тиіс» - деді[18] .
Жыныстық тәрбие - жоғары адамгершілік сезім, бір-біріне сенушілік, адалдық, тазалық, өзара махаббат мәселесі.
Бұндай тәрбиенің негізі - ата-ана өнегесі. Әке мен шеше арасындағы шынайы махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты, сыйлаушылықты, қамқорлықты бала сезіп, көзімен көріп отыруы керек. «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» деген халықтың дана сөзінің тәрбиелік маңызы зор. Ата-ананың теріс қылықтары мен мінездері жыныстық тәрбиеге үлкен кедергі жасайды. Олардың арасындағы ұрыс керіс, ұстамсыздық, неке бұзушылығы баланың жанына жара түсіреді. Ал моральдық жағынан ұстамды, мейірімді, тату отбасы жыныстық қатынастың дұрыс дамуына септігін тигізеді.
Ата-ана арасындағы шынайы махаббатқа, өзара сыйласуға негізделген мызғымас достық - жыныстық тәрбиенің негізгі шартының бірі. Баланың ата-анаға, аға-інілеріне, апа-қарындастарына, достарына деген сүйіспеншілік сезімі адамгершілік тәрбиесінің жыныстық тәрбиеге әсер ететін ең маңызды жақтары. Егер балада мұндай сүйіспеншілік сезімі тәрбиеленбесе, онда оның келешектегі, таңдаған жарын сүюге қабілеті болмайды. Сондықтан балаларды өздерімен құрдас ұл-қыздарға көңіл бөліп, ықыласпен қамқорлық жасауға үйрету қажет. Әсіресе, баланы жас кезінен бастап шынайы махаббаттық өмірге даярлауда әрбір ата-ана отбасында үлгі-өнеге көрсетуі керек.
Қазіргі отбасы және оның мәселелері психология, педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты бірқатар ғылымдардың зерттеу нысанына айналып келеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы отбасы қызметтерін және оның даму мәселелерін өз ерекшелігіне орай қарастырады. Экономика - бұл отбасының тұтынушы аспектілерін және оның өндірістегі материалды игіліктері мен қызметтерін қарастырады. Этнография - түрлі этникалық сипаттағы отбасылардың тыныс-тіршілігі ерекшеліктерін зерттейді. Демография - халықтың өсу үрдісіндегі отбасы рөлін қарастырады. Педагогика - отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындайды.
Отбасын зерттеуде аталған бағыттардың бірігуі әлеуметтік құбылыс ретіндегі отбасы жайлы біртұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.
Отбасы психологиясы - отбасындағы тұлғааралық қатынастар, тұлғаның дамуына ықпал ету тұрғысында отбасы ішіндегі қатынастар (олардың тұрақтылығы) заңдылықтарын зерттеуге баса назар аударады. Заңдылықтарды білу - отбасылармен практикалық жұмыс жасауға, диагностика жүргізуге және отбасылық өзара қатынастарды қайта құруға көмектеседі. Тұлғааралық қатынастардың негізгі параметрлері - статусты-рөлдік ерекшеліктер, психологиялық дистанция, қатынастар валенттілігі, динамикасы және тұрақтылығы.
Отбасы психологиясының пәні - отбасының қызметтік құрылымы, негізгі заңдылықтары және оның даму динамикасы; отбасында тұлғаның дамуы.
Отбасы психологиясының міндеттері:
- өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасының қалыптасу заңдылықтарын және оның қызметтік-рөлдік құрылымының дамуын зерттеу;
- некеге дейінгі кезеңді, некелік серіктесті іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу;
- ерлі-зайыптылық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- бала-ата-аналық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- баланың әртүрлі жас кезеңдерінде дамуындағы отбасылық тәрбиенің рөлін анықтау;
- отбасының қалыпты емес дағдарыстарын зерттеу және оларды жеңу стратегияларын жасау.
Отбасы психологиясы саласында практикалық білімдерді қолдану - отбасы психологы мен отбасына кеңес беруші қызметінің келесі түрлерін талап етеді:
- неке, некелік серіктесті таңдау және некелесу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру;
- ерлі-зайыптылық қатынастар мәселелері (диагностика, түзету, алдын алу) бойынша кеңес беру;
- отбасына дағдарыстық жағдаяттарда және ажырасуда психологиялық көмек көрсету;
- бала-ата-аналық қатынастарға кеңес беру, диагностика жүргізу, алдын алу және түзету;
- балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелері (дамудағы бұзылыстар мен ауытқушылықтарға диагностика жүргізу, алдын алу және түзету) бойынша психологиялық кеңес беру;
- «тәуекелдік топ» балаларын және дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру;
- бала асырау және асыранды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсету;
- «отбасынсыз» (жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайындағы) тәрбиеленіп жатқан балалар мен жеткіншектердің дамуындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстардың алдын алу;
- нағылеттер жүктілігіне психологиялық кеңес беру және психологиялық қолдау;
- ата-аналардың қалыптасуына психологиялық қолдау көрсету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz