SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі

Орындаған:
Қабылдаған:

қаласы 2021 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І ТАРАУ. SMART ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
28.1 Smart education - білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы ... ... ... ... ... ..8
28.2 SMART-оқытудың жаңа мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ ТАРАУ. SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ... ... ..21
2.1 Білім беру саласында Smart технологияларды пайдалану тиімділігі ... ... 21
2.2 Smart-экономика, Smart-оқыту,Smart-қоғам сияқты жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
III.Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.1 Математика сабағында SMART технологияларды тиімді пайдалану
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер тізмі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:ХХІ ғасырда еліміз ақпараттық қоғамға көшкелі жаңа технологиялар өміріміздің басты құралына айналды. Қазіргі таңдағы ең үлкен ақпараттар көзі - Интернеттің арқасында адамдар жаңа түр, жаңа мазмұнда виртуалды қарымқатынасқа түсіп, айналасына құндылықтары мен қызығушылықтары ортақ қолданушыларды топтастырды. Былтыр еліміз интернет пайдаланушыларының көрсеткіші бойынша 137 елдің арасында 36 орынға көтеріліп, жылдың қорытындысы бойынша халықтың 77 пайызы интернетті қолданған екен. Соңғы дерек бойынша, Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Цифрлық технологиялардың мұндай қарқынды дамуы адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар енгізуіне әкелді. Цифрлық технологиялардың көмегімен байланыс орнатып, шегарасыз ақпараттық кеңістікті қалыптастырды. Сөйтіп өмір сүру формасы мен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдеріне жол ашты. Бүгінде бүкіл әлемде цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Әр ел ұлттық цифрландыру бағдарламаларын өздері айқындауда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания сияқты 15-тен астам ел ұлттық экономикаларын цифрландыру бойынша алдыңғы қатардан көрінуде. Қай елдің технологиясы қуатты, сол елдің экономикасы озық, халқының тұрмысы көш ілгері екені аян. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылы бекітілген Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін - 83%-ға арттыру көзделген. Елімізде жұмыстың тиімділігі мен жылдамдығын арттыру үшін адами капиталды цифрландыруға баса назар аударылып, азаматтар мен мемлекет арасында қарапайым әрі ашық диалог жүруде. Аталған бағдарламаны іске асыру бес негізгі бағыттан тұрады: 1. Экономика салаларын цифрландыру - еңбек өнімділігін арттыру және капиталдандырудың өсуін қамтамасыз ететін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты. 2. Цифрлық мемлекетке көшу - еліміздегі барлық саланы сандық технология көшіру арқылы халыққа қызмет көрсетулерді оңтайландыру. 3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру - еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді жіберу, сақтау және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты. 4. Адами капиталды дамыту - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құру бағыты . 5. Инновациялық экожүйені құру - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты). Цифрлық технологиялардың ақпараттық қоғамда білім беруді оңтайландыру мен жеделдету мәселелерін және оған жеке тұлғаның бейімделуі мен тәрбиесін табысты шешетін құрал ретінде маңызы артып келеді. ХХI ғасыр адамдарына Интернет пен мобильді телефон, компьютер - ауа мен су сияқты маңызды элементке айналды. Заманауи білім беруді дамыту үшін бұрынғыдай тек адами капиталдың ықпалы жеткіліксіз болып қалды, сонымен қатар оның білім беру ортасын өзгерту, тек білім берудің көлемін ғана емес, оның мазмұнын, әдіс-тәсілі мен құралдарының сапасын қайта қарау мәселесі өзектілікке айналды.
Оқу үрдісіне қойылатын заманауи талаптар ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты,мәдениет, экономика, технология және әлеуметтік сала. Бұл ретте SMART-білім беру педагогтарға жаңа мүмкіндіктер ашады: өз тәжірибесімен бөлісу және идеялар, ғылыммен көбірек айналысу, оның міндеттеріне байланысты курсты жекелендіру және бұрыннан бар мазмұнды аяқтау арқылы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді оны нөлден бастап. Білім берудегі SMART-технологиялар тұжырымдамасына сәйкес жаңа сипаттамалар заманауи оқу курсын алады. Ол бір уақытта сапаны қамтамасыз етуі керек оқушыті оқуға ынталандыру.
Білім беру үдерісінде SMART-технологияларды пайдалану нәтижесінде:
- IT-ортада "табиғи білім" көлемі артып келеді;
- білім алушылар қажетті ақпаратты мобильді түрде ала алады;
-SMART-білім беруді енгізу кезінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі артады;
- бір оқу орны аясында ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастық орнатуға болады түрлі оқу орындары арасында ақпарат алмасу желісін құру. Білім беру үрдісіндегі Smart технологияның жоғарыда сипатталған артықшылықтары жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: SMART-технологияларды қолданудың тиімділігін зерттеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
-білім берудегі SMART-технологиялардың қолданыстағы әдістері мен алгоритмдеріне талдау жүргізу;
- SMART-технологияларды қолдану арқылы;
- автоматтандырылған оқыту жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын орындау;
Зерттеу нысаны білім беру процесіндегі SMART-технологиялар болып табылады.
Зерттеу пәні SMART-технологияларды қолдану тиімділігі болып табылады
білім беру процесі.

І ТАРАУ. SMART ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Smart education - білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан білім қоғамы жолында атты дәрісінде заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың Халық пен халықты теңестіретін - білім деген нақыл сөзін өсиет ете отырып, мемлекетіміздің ұлы мұраты - білімнің кілтін табу екендігін атап көрсетті. Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан да еліміздің алға өрлеуінің, дамыған 30 елдің қатарына қосылуының ең негізгі түп қазығы ғылым мен білімнің әлемдік стандартқа сәйкес дамуы болып табылатынын ұғынамыз.Олар білім саласына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін енгізу, оқытудың инновациялық жаңа технологияларын пайдалану болып табылады. Сондай технологиялардың бірі - электронды оқыту (e-learning). Электронды оқыту деген не? Алғаш рет E-learning термині 1999 жылы қазан айында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында CBT Systems семинарында енгізілген екен. E-learning - адамға ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндік беретін ақпараттық, электрондық технологияларды қолдану, білімді арттыру мен еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін кең спектрлі шешімдерді беретін Интернет-технологияларды қолдану. Электронды оқыту әлеміне электронды онлайн курстар, оқытушы мен білім алушы нақты уақытта қарым-қатынас жасайтын виртуалды сыныптар, аудио- және видеоконференциялар, чат, форумдар, т.б. жатқызуға болады.

Электронды оқыту
Электронды оқыту
Синхронды
Синхронды
Асинхронды
Асинхронды
Оқытушы мен білім алушы үнемі белгіленген уақытта онлайн түрде, яғни виртуалды сыныпта кездесіп, бірге дайындалады.
Оқытушы мен білім алушы үнемі белгіленген уақытта онлайн түрде, яғни виртуалды сыныпта кездесіп, бірге дайындалады.
Білім алушы көбіне өздігінен оқиды, ал оқытушымен кейде тіпті онлайн түрде де кездеспейді, кейде сирек кездеседі, мысалы, тек бағаланар уақытта.
Білім алушы көбіне өздігінен оқиды, ал оқытушымен кейде тіпті онлайн түрде де кездеспейді, кейде сирек кездеседі, мысалы, тек бағаланар уақытта.

Ал қазіргі кезде аралас оқыту кең танылған және ол көптеген маңызды артықшылықтарға ие. Бұл оқытудың мәні бір оқу программасында электронды оқыту құралдарымен қоса басқа тәсілдер қолданылады. Мысалы, алдымен білім алушы электронды курстан өтеді, содан соң шеберханада жаттығады, одан кейін виртуалды сыныпта дайындалады, сосын қайтадан өздігінен онлайн оқиды, соңынан емтихан тапсырады.
Осыдан қарап, электронды оқытудың бірқатар артықшылықтарын атап кетуге болады. Біріншіден, білім алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде, тек желіге қосылған компьютер (смартфон, планшет, т.б.) болса ғана жарайды. Кей жағдайларда тіпті Интернеттің де қажеті жоқ. Екіншіден, кез келген уақытта өтілген материалға қайта оралуға болады. Көптеген зерттеулер электронды оқытудың дәстүрлі іштей оқытуға қарағанда әлдеқайда тиімді екендігін көрсеткен.
Қашықтан білім беру және электронды оқыту жаңа бүкіләлемдік құбылыс - Smart Education-нің дамуына бастау болды. Smart Education білім дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады десек, практика жүзінде білім алудың жеңіл, тиімді жолдарын жүзеге асыру, Smart Education-ге көшу проблемасы туралы өз көзқарасымды білдіріп көрейін.
Smart Education деген не? Бұл сұраққа Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің (бұл оқу орнында аталған бағыт өте белсенді түрде даму үстінде) ғылыми жетекшісі Владимир Тихомиров: Smart Education, немесе ақылды оқыту - бұл еркін қолжетімділікте болып табылатын бүкіл әлем контентінің көмегімен интерактивті білім беру ортасында оқыту. Smart Education - білімнің ең жоғарғы қолжетімділігі деп жауап берген.
Өткен онжылдықта электронды мәдениет, электронды үкімет, электронды ғылым, электронды денсаулық сақтау салалары белсенді түрде дамыды. E-learning-мен қатар жаңа инновациялық технологиялар дамыды. Бұл технологиялардың тиімділігі неде деген сұраққа Smart Education тұрғысынан жауап беруге болады. Ол қазіргі әлемнің мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім берудің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, білім алушыға тез өзгеретін ортаның шарттарына бейімделуге, кітаптық контенттен белсендіге ауысуға мүмкіндік береді.
Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай?
Кешегі күні білім алушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге білім алушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. Бүгін білім тек оқытушы мен білім алушыға ғана емес, білім алушылар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы білім алушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Барлық дамыған елдер сияқты біздің елімізде де сапалы бірегей білім беру жүйесін құру үшін ауқымды жұмыстар жасалуда.
Ал ертеңгі күні Интернет білім алушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан білім алушыға, білім алушыдан оқытушыға немесе білім алушыдан білім алушыға жылжуы болып табылады.
Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді.
Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады.
Smart Education - бүкіл әлемнің оқытушыларының, білім алушыларының және олардың білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.

1.2 SMART-оқытудың жаңа мүмкіндіктері
Осы күнге дейін мұғалім оқушы үшін білім алудың жалғыз көзі болып келді және ол қосымша мағлұматтарды кітапханадағы кітаптардан немесе тек нақты бөлінген күндер мен сағаттарда теледидардан сирек көрсететін ғылыми-танымдық бағдарламалардан қосымша ақпарат ретінде алды. Қазіргі уақытта білім тек мұғалімнен оқушыға ғана емес, сондай-ақ оқушылар арасында да әртүрлі тәсілдермен беріліп жүр, яғни ол білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік беріп отыр. Оқытуда жаңа білім беру технологиялары белсенді түрде қолданыла бастады, ал мұғалімдер білімдерін тек сыныптарға ғана емес, сонымен қатар өз әріптестерімен де бөлісуге қабілетті деңгейге жетті. Өзара оқыту қазіргі уақытта мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіру жүйесіндегі жаңа кезең болып табылады және бұл біз үйренген тәлімгерлік емес, бұл өзара тиімді ынтымақтастық.
Интернет оқушы үшін негізгі білім көзі болатын уақыт та алыс емес. Технологиялар жеке бағдарланатын және жаңа білімді қалыптастыруға бағытталатын болады. Оқу процесі кез-келген бағытта білім объектілерінің өзгерістерін қамтиды және қазіргі заманғы мұғалім мұндай өзгерістерге дайын болуы керек және ол өзінің тәжірибесін әріптестеріне оқыту үшін кәсіби дағыдылары мықты болуы керек. Осы мақсатта Смарт-оқыту - әртүрлі облыстар мен аудандардағы жарыстар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарына және т.б. қатысу үшін қозғалыс проблемаларын шешуді ұсынады. Электронды университет халықаралық консорциумының президенті В.П. Тихомировтың айтуы бойынша интернетті және жаңа білім жасайтын арнайы дайындалған адамдарды талап ететін Smart - бұл қоғам дамуының жаңа парадигмасы [1]. Мұндай оқыту кәсіптік өсу траекториясын өз бетімен дамытуға, қалалық және ауыл мектептері мұғалімдерінің білім деңгейін теңестіруге, халықаралық білім кеңістігіне шығуға мүмкіндік береді.
SMART технологиясы ұғымы, яғни ақылды оқыту пайда болды және бүгінде Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз, яғни, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына smart қоғам-ның қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер - АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері [5,6]. Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.
Smart білім беру тұжырымдамасы - үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі, сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыруы [2].
Smart education немесе ақылды білім беру - бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары [3].
Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражайда, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкінке ие болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немесе мұғалім) Интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
SMART сөзі ағылшын тілінен аударғанда Ақылды дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, Ақылды мақсаттарға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S - Self-directed (өзін-өзі зерттеуге бағытталған)
M - Motivated (белсенді танымдық белсенділікті ынталандырады)
A - Adaptive (білім беру пәніне бейімделген)
R - Resource Free (білім беру ресурстарына еркін қол жеткізе алады)
T - Technology Embedded (технологиямен қамтамасыз етілген) [7].
Smart-оқыту мақсаты: ХХІ ғасырдағы адам үшін қажетті құндылықтар, білім мен дағдыларға негізделген электрондық ортадағы мұғалімнің кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға жәрдемдесу [4].
Smart-оқытудың негізгі идеясы - ол адамды өмірге және жұмысқа дайындық жасауға мүмкіндік беретін білім қоғамы. Smart-оқыту сізге қандай салада білімді жетілдіру керек екендігін өзіңізге таңдауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, мұғалімдер бүгінгі таңда Smart-оқытуға қаншалықты дайын және ауылдық жерлерде қаншалықты қол жетімді деген сұрақ туындайды:?
Мұғалімдерді оқыту орталықтары тренерлері осы оқыту технологиясын меңгеруге қалай көмектесе алады?
Smart-оқыту білімнің жаңартылған мазмұнына мұғалімдер үшін қаншалықты сәйкес келеді?
2020 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жаңа ұлттық көрмені ұсынатын болады: 2020 жылы Қазақстан - білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті кадрлар бағдарламасына көшпек. Ақылды smart-технологиялар ақылды үйлерде, кеңселерде, өнеркәсіптік қондырғыларда және т.б. қолданылатын болады. Республикамыздың Елордасында мемлекеттік білім басқару салаларында ақпараттық ақылды технологиялар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілетін болады. Ол мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, сондай-ақ бүкіл мемлекет, білім беру мен басқару саласындағы жаңа білім беру мүмкіндіктері мен экономика саласындағы білім беру үшін ең өзекті мәселелердің бірі болмақ.
Қазіргі уақытта жаңа ақпаратты байланысқа және аудиовизуалды технологияларға көбірек қызықтыру ұсынылып отыр. Зияткерлік технология - оқытудың жеңілдетілген әдісі болып табылады. Ол сабақта немесе аудиторияда шағын сынып оқушыларымен жұмыс істеуге, сондай-ақ әртүрлі анықтамалық және электрондық кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарапайым процесс. Зияткерлік технологияларды пайдалану дәрісті неғұрлым серпінді етеді, мотивацияны ынталандырады, сондай-ақ мұғалімге, қоғамға сәйкес сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту технологияларын пайдалану интерактивті тақталарды, проекторларды, компьютерлерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемдеуді қамтиды. Бұл кешенді пайдалану дәстүрлі мультимедиалық мазмұнды реттеуге мүмкіндік береді.
Оқушыларды оқытуда Smart - технологияларды қолдану мүмкін және қол етімді. Бірақ кез-келген жаңа технология қолданылған кезде ғана тиімді. Smart Еducation білімге деген көзқарасты желі ресурстарын тиімді пайдалану үшін маңызды жұмыспен және практикалық қадамдармен ауыстырыуға тиіс.
Оқыту процесін жаңарту үшін ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа білімге қызығушылықты арттырып қана қоймай, олар жаһандық қоғамдастықта сәтті қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді және сонымен бірге оқытуды әлдеқайда тиімді етуге және қазіргі заманғы экономика талабына сай өмір бойы жұмыс дағдыларын жақсарту қырларын ашады.

ІІ ТАРАУ. SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Білім беру саласында Smart технологияларды пайдалану тиімділігі

Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, оқушылардың қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.
Елбасымыздың жолдауында: Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс-дегенболатын. Ол бүгінгі білім беру кеңістігінде ауадай қажет, әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалды. Сондықтан ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, оқушылардың қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.
ХХІ ғасыр - технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сұранысқа орай, технология даму үстінде. Соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы, яғни, ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына smart қоғам қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесіне тапсырыс берушілер: мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда.
Smart жұмыс АКТ көмегімен уақытқа, кеңістікке шектелмей ыңғайлы жұмыс істеу.
Бүгінгі таңда кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады.
Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында: Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында басты басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс,- деп белгілеген болатын.
Осыған сәйкес, қазіргі заманғы ақпараттық қоғам біртіндеп Смарт-қоғамға (Smart Society) қадам басып келеді. ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді.
Smart технологиясы көптеген маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. Атап айтсақ:
* Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы ;
* Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі;
* Оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістерін қолдануы;
Smart технологиясы арқылы Білім беру мекемелерінде:
* Оқу курсының әрбір қатысушысын бақылау;
* Үлгерімді қадағалау;
* Мектеп өмірінің мәселелрі бойынша мұғалімдердің кеңестері;
* Электронды оқулықтар қолдану;
* Планшеттер пайдалану жүзеге асады.
Smart оқыту- оқытудың жаңа түрі, уақытқа, кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүміндігі қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеуметтік желілер арқылы білім алу, алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға бағытталған, бағдарланған, орталықтандырылған оқыту ортасы, ең соңында Smart құрылғыларды пайдалана отырып оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.
S-specific (нақты)
M-measurable (өлшенетін)
A-achievable (қолжетімді)
R-realistic (шынайы)
T-time-limited (уақыт шектеулі)
SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, Ақылды мақсаттарға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S-specific - мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
M-measurable - мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
A-achievable - мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R-realistic - мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
T-time-limited - мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.
SMART жүйесі арқылы әр оқушыны өмір бойы: оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға бағыттайтын, тәуекел ету және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін, ынталандыру ортасын құру болып табылады.
SMART технологияларының басты жүйелері:
* Объективтілік заңдылық;
* Отандық білім жүйесінің сай келуі;
* Жаңа практикалық әдісті тарату;
* Электронды жүйемен оқыту.
Қазіргі таңда интернет желісіне еркін ену функциясы дамудың перспективалық бағыттарының бірі болып отыр. Білім саласында үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза айқын көріп қана қоймай, Google сервистер видеоларды көруге мүмкіндік беретін RuTube немесе YouTube, Hangouts және Google Docs сервистерін , нтернет беттерін парақтауға арналған веб-браузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, т.б пайдалануға болады. СМАРТ құрылғыларды өздігінен басқарып үйрену өте жеңіл. Біздің алдымыздағы шәкірттеріміз күнделікті қолданып жүрген смартфон, планшетті компьютерлер, нетбкутер, электронды кітаптар, смартбуктерді тез меңгеріп, сабақта өзіне қажетті мәліметтерді тез әрі ыңғайлы жолмен алуға дағдыланған. Бұл мұғалімнің сабақты түсіндіруіне, оқушының толық білім алуына көмектесетін бірден-бір көмекші құрал. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі не айналды. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Адам үйде отырып-ақ, кәсіпкерлікпен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту Smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет - сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін Smart оқыту ортасын дамыту.
Жоғарыда аталған осы міндеттерді жүзеге асыру технологияның дамуына тікелей байланысты. Бір кезде біз білімді тек мектепте немесе арнайы оқу орындарында оқытушыдан ғана алатын болсақ, бүгінде білімді алудың алуан түрлі көздері бар. Яғни, бүгін кез келген адамның технология арқылы өздігінен жетілуіне мол мүмкіндік беріліп отыр. Соның негізінде Кибер білім беру кең етек жая бастады. Кибер біліммен қатар Кибер мектептер, Кибер мектептер деген ұғым қолданыла бастады.
Кибер білім алу дегеніміз - онлайн түрінде өздігінен білім алу. Бұл - оқушылардың үй жағдайында қашықтықтан мектеппен байланыс жасау түрі. Ең алғашқы Кибер мектепақпарат көздерінде Жапонияда ашылған.
Сонымен қатар АҚШ, Оңтүстік Кореяда да Кибер оқу орындары құрыла
басталған. Кибер білім алу оқушылардың өздігінен дамуына мүмкіндік
беретін болғандықтан, Smart мектептер құрыла бастады. Кибер білім алу - онлайн тәртібінде өздігінен білім алу болса, Smart білім алу - ақылды білім алу мағынасын береді. Яғни кез келген жағдайда, кез келген ортада кедергісіз білім алып қанақоймай, оны тұлғаның қажетіне қарай жарата білуіне мүмкіндік беретін білім ортасы.
Сонымен Smart дегеніміз не?
ХХІ ғасыр - технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ соңғы
жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart
қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз.
Яғни, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына smart қоғам қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер - АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.
Smart білім беру тұжырымдамасы - үлкен көлемдегі әр түрлі білім Ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам,
ыңғайлы түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Smart education немесе ақылды білім беру - бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер
Сабақта smart технологиясын қолдану
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Пәндер