Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3
І. Мерекелердің даму тарихы
1.1.Мереке бастауы-
әдет-ғұрып ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .5
1.2.Бұқаралық мерекелердің өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8
ІІ.Ашық алаңдарда, стадион мен саябақтарда өткізілетін мерекелерді
ұйымдастыру
2.1.Балаларды қорғау күні мерекесінің ашық алаңда
өткізілуі ... ... ... ... .13
2.2.Наурыз мейрамын ашық алаңда өткізу арқылы халықтың мәдени демалысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3. Ашық алаңдар мен стадиондарда өтетін мерекелерді музыкамен
көркемдеп безендіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34







Кіріспе
Қазіргі таңда, рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық
дәстүрге, ұлттық жан- дүниемізге айтулы үлес қосып келе жатқан елімізде
өткізіліп тұратын мерекелердің рухани-мәдени өмірімізде алар орны
ерекше.
Әсіресе, қоғамдық сапаға ықпал ететін, бұқаралы ортақ мақсатқа
жұмылдыратын бірден-бір күш, бұқаралық мерекелердің – халыққа мәдени
демалыс ұйымдастырудың бір көрінісі екені белгілі. Мерекелердің мәдени
қоғамымызда алатын орын да ерекше. Ол тек ғана насихатшы емес, сонымен
қатар мәдени өмірді жарнамалап, қалыптастыруда да болып отыр. Әсіресе,
ұлттық мәдениетімізді, ұлттық мерекелерімізді насихаттау майданындағы
бітіспес күрес ісінде атқарылып отырған жұмысты ерекше айтуға болады.
Өкінішке орай еліміз демократиялық қоғамға бет бұрғаннан кейін, бұрынғы
кеңестік қоғамдағы коммунистік идеологиядан әбден шаршаған қоғамымыз
тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары рухани мәдени өмір, жастардың мәдени
демалыс бағытында кейбір кемшіліктер жіберіп алды. Мемлекетіміздің
мәдени және рухани саласында айқындалған нақты саясат болмады.
Рухани дүниеміздегі ұлттық рухтың оянуы экономикамыздағы нарықтық
қатынастар қиындықтарымен қатар жүріп, жүздеген білім және мәдениет
ошақтарының жабылуымен тұспа-тұс келді. Бұл келеңсіз құбылыс – рухани
санамыздың ажырағысыз бір бөлігі мәдениет мекемелерін да айналып өтпеді.
Соңғы жылдары еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын жаулап алған жат
жұрттың мақсаты – мәдениетіміздегі ұлттық сипат пен ұлттық нышандарды
әлсірету арқылы “батыстық мәдениетті” жастарымыздың санасына тықпалау.
Бүгінде жалпы мәдениетіміздің даму барысына шолу жасай отырып, олардың
біршама табыстарға қол жеткізгеніне куә болудамыз.
Батыстың мәдениет тасқынын тоқтатып, оған қарсы тұрудың бірден-бір жолы
– ұлттық сананы көтеру, халқымыздың мәдениетін жарнамалап, ұлттық
құндылықтарын барынша жеткізе білу. Осы орайда, еліміздегі мерекелерге
үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелуде. Олай дейтініміз, мәдени
мерекелер қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, рухани кеңістігімізді
қорғап, мәдениет саласында барлық жақсылық пен жамандықты алдымен
байқап, насихаттап, түсіндіруі тиіс.
Қазіргі кезде мерекелер ұлттық мәдениетті қорғауда, ата-салт
дәстүрімізді сақтауды уағыздауда, демократиялық мәдениетті
қалыптастыруда зор үлес қосып отырған ерекше тәрбие үрдісіне айналып
келеді.
Бүгінгі ашық аспан астында,ашық алаңдарда өткізілетін мерекелердің
мәдени қоғамымызда атқарып отырған қызметіне жоғары баға беріп, оның
мәдени демалыс жұмысын жарнамалаудағы тұстарын да айта кеткеніміз жөн.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мәдени демалыс түрлерінің ауқымын
кеңейту, оны ашық аспан астында өткізу арқылы таныту.
Мақсаты: Халықтың мәдени демалысты тиімді пайдалануын ұйымдастыру.Мәдени
демалыс түрлерінің ауқымын кеңейту, оны таныта білу.
Міндеті: Мерекелерді ұйымдастыру барысында халықты іс шараларға баулу,
қызықтыру шараларын дамыту.
Зерттеу әдісі: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдерін салыстыру ғылыми
тұрғыдан баға беру арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында анкета,
тест, бақылау, сұхбат әдістерін қолдану арқылы мерекелердің пайдасы мен
қажеттілігін білу..
Объектісі: Ашық алаңдар мен саябақтарда өткізілетін мерекелер арқылы
мәдениетті насихаттау.


І. Мерекелердің даму тарихы
Мерекелердің барлығы да әдет-ғұрыптардан бастау алады.
Тарихтың есептеуінше, халықтың салт-дәстүрлер азаматтық тұрғыда болуы
мүмкін. Әдет-ғұрыптың бастапқы элементтері дін пайда болмастан бұрын
пайда болған. Ертеректе “инициация” атты әдет-ғұрып пайда болды. Қауым
жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінді: балалар және
жасөспірімдер, орта жастағы адамдар, қарттар. Балалар өз құрдастары
арасында тәрбиеленіп, қарттармен қарым-қатынас жасап отырған, олардан
өмірлік тәжірибе жинақталып, бала келесі жас ерекшелігіне байланысты
топқа еніп отырған. Әдет-ғұрып бойынша жастардың өмірге әзірліктерін
тексеріп отырған. Жоралар арқылы әр түрлі мерекелерді атап өту қажеттігі
туындаған. Матриархат кезеңінде “Жастар үйі” атты орындар пайда болған,
оған ер балалар мен қыздар қатысқан, ал үлкендері болашақ жас ұрпақты
өмірге дайындауда әзірлік жүргізіп отырған.
Бүгінге дейін жас ерекшеліктері инициациясының әр түрлі формалары
сақталған. Олар христианды шоқындыру мен мұсылман, иудейлердің баланы
пішу дәстүрі.
1.1.Мереке бастауы- әдет-ғұрып
Әдет-ғұрыптар тәжірибе алмасу және мерекелерді ұйымдастырудың
негізгі формасы болып табылады. Осылайша адам баласы әр түрлі
мерекелерді атап өтіп отырған.
Халық наурыз айын қарсы аларда қыспен қоштасу мерекесін
ұйымдастырған. Ол мереке өзіндік ерекшеліктерімен, өзіндік қызықтарымен
халықтың көңілінен шығып отырған және оны өткізудің өз заңдылықтары
болған.
Масленица кезінде жас жұбайлар міндетті түрде ата-аналарына, ата
енелеріне барып сәлемдескен.Бұл мейрам көбінесе орыс халқы арасында
тойланады. Егер бұл мереке тарихына толығырақ тоқталар болсам, масленица
ежелгі славян елдерінің ертеден тойланатын қыстың кетуі мен көктемнің
келуіндегі жер жырту жұмыстарының бастауынан туындайды. Кейбір елдерде
желтоқсанның аяғы мен қаңтардың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды.
Православ шіркеуінде қабылданған діни мереке қысты шығарып салу
мерекесі деп аталады. Бұл мереке күндері ет тағамдарына шектеу қойып,
сүт, ірімшік, жұмыртқа жеуге ғана рұқсат етілген. Масленица мерекесін
қабылдау сенбі күннен басталып апта бойы құймақ пісіріп адамдар бір-
біріне қонаққа барады.
Мұндай мерекелер әдетте ашық аспан астында өткізіледі. Далада әдемі
безендірілген ат жегіліп , ән айтылып, ауылдарды аралаған.Ат шана
тіркемесін жасақтап ауылды айнала ән салып ойын- сауық құрған. Орыс
тілінде мереке сөзі бос дырду деген сын есімнен келген. Мұздан
қалашық жасап , шанамен сырғанақ тепкен. Саломнан жасалған қарақшыға
сарафан кигізіп, басына әдемі жаулық тартып бір қолына таба, бір қолына
құймақ ұстатады. Қарақшының қасына от жағып, айнала билейді.
Масленица мерекесінің ең қызықты ортасы жастар-жастар-үйленушілер
қыдырады. Олар әдемі киініп, мұз тебуге ат салысады. Мереке аптаның әр
күні өзіндік атауымен ерекшеленеді.
Дүйсенбі-кездесу. Әр түрлі тағам дәмдерімен үстел дайындалып мерекеге
арналған.
Сейсенбі-Ойын –әзіл, қалжыңдасу. Ертемен қыз- жігіттер құймақ жеп,
сырғанақ тебуге шақырылады. Әр үйде қонақтарды кіре берісте қарсылаған
жас жігіттер қалыңдықты көруге асықса, ал қалыңдық болашақ күйеулерін
таңдауын сыпайылықпен қабылдап немесе сыртынан жасырын қарайтын болған.
Сәрсенбі-бұл күні күйеу балаларын қайын енесі құймаққа шақырып
қызықты болу үшін тума- туыстарының бастарын біріктірген.
Бейсенбі-Шұғыл өзгеріске енетін бейсенбілік күн. Ойын-сауықтан
басталып ,көшелерде сырғанақ тебу, әр-түрлі салт- дәстүрлермен сақталып
отырған. Кейбір жерлерде жұдырықтасу, күрес, барын салып жүгіру, найза
лақтыру өткізіледі.
Жұма-қайын ене күйеу балаларын шақырып алып құймақпен
тамақтандырған. Күйеу баласы қайын енесін арнайы өзі барып шақыруға
міндетті.
Сенбі- Қайын апа, қайын сіңлілері отырыстары. Жас қалыңдық қайын
апаларын, сіңлілерін үйіне қонаққа шақырады. Балалары қармен ойнап,
сырғанақ тебеді.
Жексенбі- Шығарып салу, қоштасу,тума- туыс, дос- жарандарымен
қоштасу кеші.
Қоштасу аяқталғаннан кейін көктемгі таза арыңмен қарсылау деген
ұғыммен масленица соңы барлығының моншаға түсуімен аяқталады. Жастар
арасында святки ойындары ойналып, түрлі бал ашулармен жалғасады.
Осылайша мерекелер ұлттық салт-дәстүрлер, жоралар арқылы танылып
отырған. Әр халықтың өз салт-дәстүрлеріне байланысты мерекелері аталған.
Ресейде жаңа туылған нәрестені екі адам шоқындырған: өкіл әкесі және
өкіл шешесі, ал Эстонияда үш адам: ер баланы – екі ер адам, бір әйел
адам, ал қызды – екі әйел, бір ер адам шоқындырған.
Баланың туылуы әдет-ғұрыптар арқылы ананы тазарту әдет-ғұрып,
және баланы отбасына тарту әдет-ғұрып. Сонымен қатар әкесін де
тазартқан.
Шіркеу халықты салтанатты түрде мерекелерді атауға шақырған.
Мұсылман халқы да тұсау кесу, бесік тойы, үйлену тойларын өз салт
жоралғылары арқылы танытқан.Халқымыз бұл мерекелерді ерекше қастерлеп,
халқымыздың асыл мұрасы ретінде күні бүгінге дейін сақтап, жалғасын
табуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл мерекелердің тәрбиелік мәні өте
зор, жас ұрпақты халқын, елін, жерін сүюге тәрбиелеген.
1.2.Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері
Мереке- өз дәуірінің айнасы. Мерекенің мәніне қарап отырып қоғамдық-
экономикалық форманың саяси, тарихи, рухани өмірін , мақсатын, әр түрлі
әлеуметтік топтардың мүддесін айна қатесіз анықтауға бағалауға болады.
Мереке- тіл, сана секілді тек адамға ғана тән. Халықтық мерекеде
әлеуметтік мәдениеттің ықпалы және бір- біріне тигізер әсері мол.
Мерекелерді тойлауда бұрынғы және қазіргі дәстүрлі мерекелерді
байланыстыра отырып, оны қызықты да тәрбиелі етіп ұйымдастыру қажет.
Мерекенің аса маңызды сипаты:1.Көне заманнан бүгінге дейін эстафета
ретінде берілуі;
2.Мейрамның заңды ритмикалық құбылыстың байланысы: табиғат, мифологиялық
уақыт, тарих көші, яғни мерекенің тұрақтылығы және мазмұны мен түрінің
ішкі өзгерісі.
3.Тойды өз игілігі деп түсінетін топтың, қоғамдастықтың айтқанындай
мерекенің ұжымдық сипаты болады.
4.Мерекенің мәдени бағалылығы: сақтап, қорғап, ұрпақтан- ұрпаққа
жеткізілуі.
Адамдар арасында рухани байланыс бар жерде мереке де болады. Халықтың
әлеуметтік- мәдени өмірінде мереке жалпыға бірдей тұрақты құбылыс болып
саналады. Мерекелерде адамдардың басын қосу немесе біріктіру бола тұрса
да әр халықтың мерекесін тойлаудың өзіндік ерекшеліктері болады.
Көптеген халықтардың ұлттық мерекелерін ұйымдастыруда түрлі жарыстар,
сайыстар өткізіліп, әр отбасы оған дайындалады. Мерекенің ең қызықты
жері әрбір қатысушының мереке кезінде күштілікке, ептілікке,
ыждағаттылыққа, сынға түсуі болып табылады.
Мереке ойын немесе өмір құбылыстарына байланысты адамның
жеке басында кездесетін қуанышын, жетістігін, бірлігін білдіретін және
өзара қатынастың айшықтығын көрсетеді. Мереке деп жиын той ,дәстүрлі
салтанаттар мен әдет – ғұрыптарды, салт- дәстүрлер, тойлар мен
қарсылауды айтамыз.
Мәдени салада әр мерекеге байланысты өзіндік сатысы мен
айырмашылығына қарай ұйымдастыру жолдары жүргізіледі.
Мерекелік мәдени демалыстың ерекшеліктері: Айрықша мереке,
өзара қатынастың ерекше түрі, көлемділігі, эстетикалық мәнін түсіну,
компенсаторлық сәті-жан-жақты әсер ететін әр түрлі факторлар.
Айрықша мереке-мысалы, Қазақстандағы Ресей жылы.
Өзара қатынас дегеніміз- Мәдени байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту
үшін немесе халықтар арасындағы сыйластық ынтымақтастықты, бірлікті
білдіретін мереке.
Көлемділігі-Әр мерекенің (қоғамдық, дәстүрлі, күнтізбелік,
ритуалдық, тұрмыстық немесе мерекенің түрлеріне қарай: әдеби- көркем
музыкалық, поэзия, спорт, туризм т.б. ұйымдастырылады. Көлемділігі кең
түрде ұйымдастырылатын болса мемлекеттік немесе халықаралық деңгейдегі
мерекелерді арнайы комитет құру арқылы жүзеге асырады.
Эстетикалық мәнін түсіну-Әр мерекенің өткізілуі мен ұйымдастырылуында
өзіндік эстетикалық тәрбие беретін мағынасы болады.Мысалы: Музыка, өнер
салаларының мерекелік күндерін өткізу арқылы мәдениет пен татулық,
эстетикалық талғам, талпыныс, таланттарды таңдау т.б. іске асыруға
болады.
Бұқаралық-мәдени жұмыс халықтың елімізде өтіп жатқан дәстүрлі мерекелері
мен іс-шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет.
- Мәдени демалыс қызметін ұйымдастырушылар рөлдерін орындап ғана
қоймай, идея тудырады, оның негізінде, мысалы, сценарий жасап, оны
талқылайды, өздерінің рөлдерін бөледі, жетістігін барлығы бөліседі;
- Өткізілген істің жүргізілуін және нәтижесін топтық (рефлексиядан)
талқыдан өткізеді;
Болашақ қадамдарды жоспарлайды.
Бүгінде елімізде бұқаралық мерекелер кең көлемде, өз деңгейінде
тойлануда.
Бұқаралық мерекелерді өткізудегі әдістемелік қызметтің негізгі
мақсаты - халықты рухани биікке жеткізетін, рухани байыта
түсетін түрлі қызықты жұмыстар болып отыр.
Бұқаралық мерекелердің режиссурасы, әдістемелік жұмысы белгілі бір
принципке негізделген және еліміздің мәдени жұмыстарын өткізуге өз
үлестерін қосып келеді, сонымен қатар мұнымен ғана шектелмей, мәдени
жұмысқа ынталандыру арқылы әр адамның рухани байлығын дамыту
міндетін көздейді. Сондай-ақ жарнамалық қамтамасыз етудің мақсаты -
әрдайым бұқаралық мерекелерді жоғары деңгейде өткізуге, жаңаша
әдістермен толықтырып, халықтың көңілінен шығуға талпыну болып
табылады.Осы орайда бұқаралық мерекелер – халыққа мәдени қызмет
көрсетудің басты формасы болып табылары сөзсіз.сондықтан да мұндай
мәдени шараларды халыққа таныту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы көрсетіп отырған тиімді.
Мысалы Тәуелсіздік күнін, Республика күнін тойлау арқылы жас ұрпақты
еліміздің тарихымен таныстырып, Отанын сүюге тәрбиелейді, Қазақстанды
өркендетуге білімді, саналы, рухани бай, мәдениетті адамдарды
тәрбиелейді. Сондықтан да мәдениет қызметкерлері осындай мерекелерді
атап өту бағдарламаларын халықтың көңілінен шығатындай етіп құрып, оны
теледидар арқылы, мерзімді басылымдар арқылы халықха жеткізген дұрыс.
8 наурыз мерекесі – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалау
бағытында тойланады. Өйткені Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі,
ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен
жылынып, ананың құшағында мейір алып жүрген біз 8 наурыз мерекесін
ерекше атауымыз да сондықтан.
Наурыз – жыл басы демекші, бұл мерекенің орны ерекше. Бұл қазақ
халқының басты мерекелерінің бірі. Наурыз мерекелерінің негізгі
ерекшелігі – бұл ұлттық тұрғыда бір-біріне тілек айту, жақсылық сыйлау
мерекесі.
Сол сияқты Жеңіс күні де елімізде жоғары дәрежеде тойланады. Бұл
мереке өзіндік ерекшеліктеріне ие. Осы мереке арқылы жастарды
отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелейміз.
“Адам ұрпағымен мың жасайды” – дейді халық. Ендеше бүгінде
мерекелер – қоғамдағы басты тәрбие құралдарының бірі болып табылады.
Міне, сондықтан да көркем-бұқаралық шара ұйымдастыру барысында алдымен
жарнама жасаудың басты талаптарын игере отырып, дағды қалыптастыруды
толық игерген дұрыс, оның құрылымдық элементін түсінген дұрыс.
Өз кезегінде осындай мерекелерді халыққа жеткізу барысында
журналистердің де еңбегі айрықша. Олар адамның ойының қалыптасуына, оның
қоғамдағы өміріне, бос уақытын ұйымдастыруына бірден-бір себепкер бола
алады. Бүгінде журналист мамандығының рөлі өсіп, қызмет деңгейінің
ауқымы да кеңейді. Теледидар арқылы, мерзімді баспасөз арқылы ақпарат
алу заман талабына айналып отыр. Бұл да журналистердің тың еңбектері мен
ізденістерінің жемісі.
Халқының мәдени өмірінде болып жатқан әр түрлі мәселелерге құлағын түре
жүріп, оларды жарнамалауға тырысып бағады.
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты мынадай қорытынды шығаруға
болады: мәдени демалысты ұйымдастырушылар қызметі екі бірімен-бірі
тығыз байланысты функциямен анықталады – ақпараттық және
ұйымдастырушылық. Екеуі де халықтың толыққанды демалып, дамуына жағдай
жасайды.
Жетістік арқылы даму адамның және оның отбасының қадір-қасиеттеріне,
құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде мейлінше тереңірек түсінуге
деген жеке адам мен мәдениет саласының ұмтылысын көздейді. Мәдениет
қызметкерлерінің тиімді тәжірибесін пайдалану, демалыс үрдісінің барлық
субъектілерінде отбасының және отбасылық дәстүрлердің басымдылығын
көтеру олардың әрқайсысы, жеңістің дәмін татып, оны өз басынан өткізіп
көретін жетістіктік ортасын жасауға мүмкіндік береді.
Мыңдаған отбасы күн сайын, мереке тойлап отырады: баланың дүниеге келуі,
шілдехана, үйлену тойы, кәмелеттік жасқа толу, жаңа үйге қоныстану т.б.
Бұл мерекелерді барлығы да адам есінде, тек мереке иесінің емес, сонымен
қатар мерекеге қатысқан жақын адамдары, ия болмаса, достары, әріптестері
есінде мәңгі сақталуы әбден мүмкін. Мереке өзіне-өзі өтпейді. Оған алдын
ала үлкен дайындық қажет, жақсы атмосфера қалыптасу керек. Әдемі
жайылған дастархан, қожайындардың ақ пейілі, ойындар, би бағдарламасы
көптің көңілінен шығатындай болуы тиіс.
Кей адамдардың есептеуінше мұндай мереке тек мол дастарханмен шектеледі
деседі. Ол дұрыс емес.
Бүгінгі таңда көпшілік туған күн тойлау, той салтанатында не істеу
керек, оны түсіне бермейді. Сондықтан да мәдениет қызметкерлері осының
бәрін халыққа жеткізуде өздерінің кәсіби шеберліктерін пайдаланғандары
дұрыс.








ІІ.Ашық алаңдарда, стадион мен саябақтарда өткізілетін мерекелерді
ұйымдастыру
Мерекелер өзінің мәні мен маңызына қарай түрлерге , топтарға
бөлінеді.Соның ішінде, айтар болсақ, көпшілік шеру ашық алаңдарда
көпшілік халықтың қатысуымен өткізіледі.Бұл мерекелер ашық алаңдарда
өткізілетін болғандықтан оған халық мейлінше көп жиналады.Мысалы, 1- ші
мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні болса,ол күні мерекені
тойлауға барлық халық алаңда жиналып, шеруге шығады. 9 мамыр Ұлы Жеңіс
күні әскери шеру өткізіледі.Халқымыз Жаңа Жылды қарсылау кезінде де
үлкен алаңдарда концерттік номерлер мен түрлі ойын- сауықты тамашалайды.
Яғни айтқанда, бүгінде барлық дерлік елімізде өтетін бұқаралық,
күнтізбелік, діни,халықтық мерекелер ашық аспан астында өткізіле береді.
Мереке өткізілетін жер айрықша безендіріліп, құлаққа жағымды музыка
ойналады. Ән мен би , театрландырылған қойылымдарды халықтың көңілінен
шығатындай етіп ұйымдастырады.
Бұл мерекелердің мақсаты - халықты достыққа, бірлікке шақыру болып
табылады.
2.1.Балаларды қорғау күні мерекесінің ашық алаңда өткізілуі

1-ші маусым күні бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін
мерекелейді. Көңілді бақытты кезең демалыстары басталған оқушылар үшін-
ғажайып мереке. Бізге, ересектерге, бұл күн балаларымыздың сәттіліктері
біздің іс-әрекеттерімізге тиісті екенін есімізге салады
Бастауыш 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні  әдетте ашық
алаңдарда, саябақтарда және стадиндарда өткізіледі.



1 және 12 маусым аралығында балаларды қорғау күніне орай өткізілетін
мерекенің негізгі ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен
Интелектуалдық еңбектің әйелдер одағы, сонымен қатар, қоса орындаушылары
- өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғау департаменттері болып
табылады. V-ші Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн ұлттық ақпараттық
науқан Қазақстанда БАҚ арқылы бала еңбегі мәселесін болдырмау және
түп-тамырымен құртуға арналған.
- Қазақстан балалары спортты тандайды! атты жаппай спорттық мереке
Аталған іс-шара 1 маусымда Қазақстанның барлық аймақтарында Мемлекет
басшысының жолдауларын іске асыру, балалар мен жастар арасында жаппай
спорттық қозғалысты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау
мақсатында өтті. Қазақстан балалары спортты таңдайды! атты спорттық
мереке Астана қаласынның Астана-Байтерек алаңында өтті, оған 500-ден
астам балалар қатысты. Мерекелік бағдарламада спорттық конкурстар, жеңіл
атлетика эстафеталары, футбол және стритбол бойынша достық жарыстар
болды. Қазақстан балалары спортты таңдайды! атты жаппай спорттық
іс-шаралар Алматы қаласында Орталық бақ пен 7 өңірлік қалаларында өтті.
Мерекенің бағдарламасына балалар бақшаларының тәрбиеленушілері арасында
велосипед тебу спорттық жарыстары, аула клубтары арасында баскетбол,
стритбол және тоғыз құмалақ ойындары кірді. Алматы облысында Үштөбе
балалар үйінің 160 тәрбиеленушілеріне спорттық жарыстар ұйымдастырылды,
соммасы 100 000 теңгеге сыйлықтар тапсырылды (спорттық керек-жарақтар,
ойыншықтар, кәмпиттер мен балмұздақтар). Қазақстан балалары спортты
таңдайды! атты акцияның шеңберінде мерекелік іс-шаралар Алматы
облысының 19 аймақтарында және қалаларында өткізілді. 1 маусымда
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының Жастар стадионында 2000 адамның қатысуымен
спорттық мектеп тәрбиеленушілерінің спорттық көрсетілімдері (гимнастика,
акробатика, күрес), жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың үш топтық
жаппай жүгірістері, футбол, стритбол ойындары, іс-шараға қатысушыларды
марапаттау салтанаты өтті. 1 маусымда Қазақстан балалары спортты
таңдайды! атты жаппай спорттық мерекесі Қызылорда облыстық орталық
стадионында, аймақтық орталықтар мен басқа елді мекендердің спорттық
алаңдарында өткізілді. Бағдарламада жаппай спорттық жүгіріс, аймақтың
атақты спортшылардың сөз сөйлеуі, Қазақстан Республикасы Әнұраны
айтылған флеш-моб акциясы қарастырылды.
- Астана - Елбасы деп соққан жүрегі атты балалар суреті альбомының
презентациясы да ашық алаңда өткізілген.Астана - Елбасы деп соққан
жүрегі атты республикалық балалар суреті конкурсының қортындылары
бойынша Қазақстанның 14 аймақтарынан келген 230 жұмыстар соңғы жарыста
Алматы облысының бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебіне
жолданды. Балалар суреті альбомына 101 жұмыс енгізілді, осы жұмыстардың
90 авторы конкурс жеңушілердің дипломдарын, 144 қатысушы конкурс
қатысушыларының сертификаттарын алды.
Жалпы республикада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
ұйымдастырылған іс-шараларға 3 млн.-ға жуық балалар қатысты. Осы
мақсаттарға қаражаттан 98 893 207 млн. теңге қарастырылды.
1 маусымда өткізілген іс-шаралар Қазақстанның барлық бұқаралық
ақпараттарында көрсетілді.
  Бұл мереке алғаш рет 1950 жылғы 1 маусымда әлемнің 50-ге жуық елінде
атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанда да маусымның бірінші күнін жыл сайын
Балалық шақ күні деп атап өту дәстүрге айналған.
Бұл күні барлық облыстар мен ауылдарда мектеп жанындағы лагерлер мен
аула клубтары ашылады.Барлық жерде балалар шығармашылығының
фестивальдары, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, суреттер байқауы
мен қайырымдылық акциялары өтіп, сыйлықтар мен жүлделер тапсырылады.
Мерекелік шеруге республикалық V Таң Шолпан балалар байқауының
қатысушылары мен қонақтары, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері,
балалар қоғамдық ұйымының, жас жол инспекторы қатысты.
Мерекелік шерудің бағдарламасында Н.Әбдіров ескерткішіне гүл қою,
спортсмендердің өнерлері (спортты жеке жарысқа түсу, бокс, гимнастика),
цирк әртістерінің қойылымдары, балалар ұжымының би шоуы болды.
Мәдени және демалыс орталық бағында балаларға арналған танымдық -
ойын-сауық бағдарламалар өткізілді, концерттік нөмірлер, аттракциондар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Мерекелер түрлері
Діни мерекелердің рөлі
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Пәндер