Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар


Дипломдық жұмыс
Ералиева Лаззат Серикбаевна Тобы: ЗТП-18-12ку
Институт инновационных технологии образования
Кіші мектеп жасындағы балаларда арифметикалық түсініктерін қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
1. 1 Арифметикалық амалдар жән олардың қасиеттері мен заңдары
1. 2 Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
2. Кіші мектеп жасындағы балаларда арифметикалық түсініктерін қалыптастыру
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың арифметикалық есеп туралы түсініктерінің ерекшеліктері
2. 2 Сандарды оқытудың есептік әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Білім беру заңында “Қазіргі өскелен өмір талабына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіптік біліктерін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процессі” - делінген. Осыған орай мектепке дейінгі жастағы та математиканы оқытуда әр алуан шаралар жүзеге асырылуда.
Балаларды есеп шығарудың жалпы білігі мен дағдысын қалыптастырудың қиындығы олардың есеп шығару барысындағы іс-әрекеттеріне жүйелі де тиянақты талдау жасау, есептердің барлығына ортақ жалпы істің мән-жайының балаларға түсінікті болуына, сондай-ақ есеп шығара білу әдіс-тәсілдерін меңгеруге және олардағы жүйелілік пен сабақтастықтың қалай болатынын анық білуге байланысты екені мәлім.
Қазіргі заманның талаптарына сай еңбекке, қоршаған ортаға, қоғамға деген қарым-қатынастылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру мектеп курсының барлық пән дерін оқыту процесінде жүргізіледі, орындалады. Алайда, осы бағытта математика пәнін алып қарастыратын болсақ, оның оқытудағы әдіс-тәсілді ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеуде өте қуатты құрал болып табылатынын сөзсіз.
Математикалық ұғымдардың нақты және тиімді болуы балалардың жеке тәрбиесіне байланысты, оқу жүйесіне қойылатын бірінші шарт - ол балалардың оқу процесі өмірімен байланысты болуы. Математикадан алған білім, біліктерін балалар тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолданып қоймай, сонымен қатар мәдениеттің басқа салаларын да меңгертуге де пайдалануға болады. Математиканың тәрбиелік әсер етуі - балалардың бойында ой-өрісті, саналы ойлай білу ерекшеліктерін, өмірге деген көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, патриоттылық сезімдерін оята отырып дамыту, қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ал, ондай жетістіктерге практикалық мазмұнды есепті қолдана отырып қол жеткізу мүмкін .
Мектепке дейінгі кезең - бұл бала тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да тәрбиелеу деңгейін, оқыту деңгейіне дейін жетелей білу ғана емес, сонымен бірге оқу мен тәрбиенің бірыңғай ағымына жүйелей білу маңызды. Бірқатар мұғалімдер қауымы жас буынның ізгілік адамгершілікті ерекшеліктерін тек қана гуманитарлы ғылымдар ғана тәрбиелей алады деп қателі ой-пікірге бой береді. Қазіргі заманның ізгі ниетті өнегесі мен сипаттық ерекшеліктерін сай жас буынды тәрбиелеудегі гуманитарлық ғылымның ролі мен мәнін қайта бағалау күрделі әрине. Алайда өмірлік тәжірбиенің көрсетулерінше гуманитарлы ғылымдар баланың бойында ең бастысы, өмірдің құрылысшысы болуына ұмтылыста тәрбиелеййтін болса, дәлдік ғылымдар, ең алғашқысында орын алатын математика ғылымы Міне, осы мақсатта балалардың арифметикалық амалдардың дербес жағдайларына есеп шығара білу дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың, есеп шығара білудің әдіс-тәсілдерін жүйелі меңгерту көкейтесті мәселе.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : мектепке дейінгі жастағы арифметикалық амалдарды меңгертудің есеп шығаруда математиканың алатын орнын анықтау; негізгі үлгі есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі жастағы балаларына математиканы оқыту процессі.
Зерттеу пәні - мектепке дейінгі жаста есептер шығару арқылы балалардың ой-өрісін дамыту жолдары мен әдістері.
Зерттеу әдісі - педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар сұрыптау, тәжірибелі озат мұғалімдердің сабағына қатысу, бақылау, ізденушілік, зерттеушілік жұмыстары.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
2. Мектепке дейінгі жастағы мектеп мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың тәсілдерін, олардың түрлерін, есептерді өзбетінше шығаруда балалардың шығармашылық жұмыс дағдысының қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау, тиімділігін тексеру.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы арифметикалық амалдардың дербес жағдайларына мектепке дейінгі жастағы балаларыдың есеп шығару дағдысын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі жастағы қарапайым математикадан есептер шығаруға жаттықтыру әдiстемесi ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы Мектепке дейінгі мекеме оқулықтарына әдiстемелiк құралдарды дайындағанда, мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру курстарында және жоғары оқу орындарының математика мұғалiмдерiн дайындайтын бөлiмдерiнде пайдалануға болады.
1. Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
1. 1 Арифметикалық амалдар жән олардың қасиеттері мен заңдары
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты, себебі, балаларды оқыту, тәрбиелеу процесі қатар жүретіндіктен мектепке дейінгі педагогикада оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру т. б. дидактикалық міндеттерді шешу жолдары қарастырылады. Қарапайым математикалық 9 түсініктерді қалыптастыру проблемасын зерттеу өз кезегінде педагогика теориясы жаңа нақты материалдармен толықтырады. Бұл әдістеме мектепке дейінгі педагогикамен, яғни балалардың тәрбиесі туралы ғылыммен барынша тығыз байланысты екені анық. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі оқытудың міндетін мектепке дейінгі педагогика және дидактика міндетіне, сондай-ақ, жас ұрпақтың ой тәрбиесіне сүйенеді: ұстанымдар, жолдар, мазмұн, құралдар, әдістер, ұйымдастыру түрлері және т. б. Бұл байланыс өзінің сипаты жөнінен өзара байланысты: өз кезегінде балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін зерттеу және жасау жаңа нақты материалдармен байыту арқылы педагогикалық теорияны жетілдіреді.
Балаларды мектепке математиканы меңгеруге даярлау мектеп жасына дейінгі балаларды және кіші жастағы балаларды оқытудың теориялық негізі болып табылатын өзінің болмыстарының байланысы болмайынша oның жүзеге асырылуы табысты болмайды. Mектепте математиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру балаларды мектепке даярлауға тікелей мектептегі оқуға барар алдындағы кезеңде жаңа көзқарастың болуын көздейді. Қазіргі кездің өзінде мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық ұғымдарды дамыту бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. (ауызша есеп көлемін көбейту, заттар топтарының есебі, жекелеген көлемдерді өлшеуге үйрету, геометриялық білімдерді кеңейту, т. б. ) оқытудың барынша тиімді әдістері мен құралдары табылды (үлгілерін жасау, проблемалық міндеттер мен жағдайлар, дамытушылық ойындар және т. б. ) . Бастауыш мектепте математикаға үйрету әдістемесімен байланыс мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін одан әрі жетілдірудің негізгі жолдарын дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.
Оқыту танымдық қызметті, баланың жеке басының дамуы заңдылықтарының есебін алумен құрылыуы тиіс. Өйткені ол психологиялық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Түйсіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар оқыту үрдісі кезінде қарқынды дамиды. Баланың көп затты, санды, кеңістікті, уақытты түйсінуінің психологиялық ерекшеліктері мен зандылықтары қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін жасауда оның негізі болады. Психология балалардың білімдер мен дағдыларды игеруде өзгеріп отыратын жас ерекшелік мүмкіндігін айқындайды. Қазіргі психологиялық зерттеулер математикалық ұғымдарды меңгеруде мектеп жасына дейінгілердің қабілеті зор және әлі де ақырына дейін ашылып болмағанын, толық зерттелмегенін көрсетеді. Оқыту үрдісінің ұтымды құрылымы кішкене балалардың анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері негізінде қолайлы жағдайлар жасаумен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларда физиологиялық үрдістердің өту заңдылығы балабақшадағы әр жастағы топ үшін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жөніндегі сабақтардың орны мен ұзақтығын 10 айқындау үшін негіз болады, олардың құрылымының өзі, оқытудың түрлі әдістері мен құралдарын ұштастыруға себепкер болады ( сергіту сәтін қосу, оқу-танымдық міндеттерді шақтау және т. б. ) . Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі салыстырмалы түрде алғанда әлі жас ғылыми педагогикалық пән, бірақ оның бастау бұлағы терең.
Тарихи шолу математикаға алғаш үйрету тұжырымдамасы өмірдің сұраныстарына және математикалық ғылымның өзінің дамуына байланысты біртіндеп өзгеріп отырғанын көрсетеді, бай мұраны сын көзбен бағалауға, көптеген қателіктерден аулақ болуға, өткеннің оңды тәжірибесін, сондай-ақ жаңа зерттеулердің нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді [7, 15] . Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Белгілі ғалым А. Меңжанова «мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегінің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету» деп анықтаған.
Балаларға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда ақпараттар көлемін беру ұғымын жан-жақты қарастыра отырып қараймыз. Ақпараттар көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса, ақпарат көлем ұғымы - салыстырмалы ұғым. Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелер, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларындағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар, ақпаратқа сол білімдерді мен тәсілдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Анализ дегеніміз - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру [11] . 11 Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани казынасымен, ұлттық тәрбиеннің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы, оның рухани және материалдық дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Әр баланың қалыптасып дамуында өзі күнбе - күн сезінетін, еститін, көретін заттары құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі - қазақтың халық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, аңыз - ертегілері, жұмбақ, мақал - мәтелдері, өлең - жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл мәселе жан -жақты талданған. Кейбір пәндер - математика, әдебиет, биология, еңбек сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүр тиімді пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде педагогика ғылымының докторы, профессор А. Әбілқасымованың ғылыми жетекшілігімен жүргізіліп жатқан «Бастауыш мектептегі математиканы оқыту үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану» арнайы курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында қолдануды меңгерту және сол алған білімдерін мектеп қабырғасында қолдану көзделген. Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.
Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз. М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында оқытудың білімділік және тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негізделгенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтылады. А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете сипатталады. Д. Әшімхановтың «Бес арыс» еңбегіне шолу жасағанда кемеңгер ойшылдарымыздың қай - қайсысы да балаға тәрбие беруде, олардың білімін кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім -тәрбиенің, әдет - ғұрыптың алатын орынын баса көрсеткен. Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы - жастарды жан - жақты дамыту үшін нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп, берілетін білімді ұлттық педагогикаға негіздеу арқылы олардың бойында халықтың рухани байлығын сіңіруге болатынын дәйектейді.
Халықтық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс - тәсілдерімен ұштастыра пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне ашады. Ең бастысы, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану - мазмұндық тұрғыдан білім көздерінін бірі. Сондықтан ол ғылыми негізде жасалған оқытудың құралымы және мектепке дейінгі мекеме іс - тәжірибесінде сыналған әдістемені кажет етеді. Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе түседі. Олар: ертегілер, "жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық ойындар мен ойыншықтар
. Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді. Батырлар жыры мен лирикалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік жыры адамгершілік тәрбиесінің куатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке, халқын сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш сезімін тудырады. Аңыз әңгімелер шыншылдықка, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін кеңейтеді.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық, юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың арнайы түрлері де болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр. Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады.
Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата - бабаны - ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән - мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия. 13 Әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға мұра болып қалған, ауыздан - ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер - қазақ халқының тыныс -тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жеткізуін, аңсаған арманын, философиялық күрмеуін, дүниетанымын, халық тәрбиесінің сыр -сипатын бейнелейді. Осылардан да өз үні мен лебі, қыры мен сыры, мазмұны мен көлемі, тілі мен орамы бар. Оларды бүгінгі күннің ой - өрісіне, білім мазмұнына, тәлім тәрбиесіне икемдеп пайдалану - қазіргі күн талаптарының бірі. Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу керек.
Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе кара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшытасады. Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы түрінен, сондай-ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады. Мына жұмбақты алайық. Бір емен, жеті терек, алты қайын, Бұтағы толып жатыр дайым, дайым. Ішінде шынар терек, үш қарағай, өңгесін айта беріп не кылайын. Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш түрлерімен салыстыру арқылы ен танылған жұлдыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз. Өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған.
Мәселен, Темірқазықтың емендей берік, жалғыз екендігі айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан көгінде қозғалмайтындығы жасырылған. Ұстаздың міндеті әр жұлдыздың аспанда орны бар екендігін, оны табуға болатындығын айтып, әртүрлі әңгімелер қозғайды. Бірде жұлдыздарды есепке алып, оның орнын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса, екіншіде Декарт координаттар жүйісінің маңызына тоқталынады. Үшіншіден жұлдыздардың тууы мен батуы айтылып, олардың өмірдегі маңызына мән беріледі. Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлдызының орнын, тууы мен батуын зерттей отырып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан. Олар мысыр күнтізбесін жасаған. Мұның маңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған байланысты халық даналығы, ғылыммен оның астарласуы, тәрбиелік мәні айтылады. Темірқазықтың орналасуы арқылы дүние тараптарын айқындауға болады. Қазір пайдалынылып жүрген Декарт остері осының негізінде ойланылып табылды. Кейін бұл керест түріне айналған. Кірешілер мен керуеншілер айсыз түнде Темірқазық арқылы жол тауып, барар жеріне адаспай жеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz