Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1. Еңбек ресурстарының мәні және оларды пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
1. 1 Еңбек мәні және еңбек ресурстарының ұғымы 7
1. 2 Еңбек ресурстары жіктелуі және оларды басқару негіздері 15
1. 3 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын бағалау 21
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қазіргі жағдайы
2. 1 ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының ұйымдық-құқықтық негізі 31
2. 2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекциясының экономикалық сипаттамасы 36
2. 3. Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарын мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайы 44
3. «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» ММ қызметін дамыту стратегиясы және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары
3. 1 «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» ММ қызметін дамыту стратегиясы 52
3. 2 Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдары 58
3. 3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары 67
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 76
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген кәсіпорынның нарықтық экономикада қатаң бәсекелестік жағдайда табысты жұмыс істеуі ол ең алдымен еңбек ресурстарына байланысты. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыра отырып көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады.
Еңбек ресурстары - бұл халық шаруашылығында пайдаланылатын қажетті физикалық дамуы бар, жұмыс істеуге білімі және машықтық тәжірибесі бар республика халқының бөлігі. Еңбекке деген жарамдылық көзқарасынан еңбекке қабілетті халық экономикалық тұрғыдан белсенді және белсенді емес халықтан тұрады. Белсенді халық (жұмысшы күші) - қызмет пен тауарды өндіруге жұмыс күшін қамтамасыз ететін экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеуге белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын жұмыссыздар мен экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмыспен қамтылғандар құрайды.
Экономикалық тұрғыдан белсенді емес (әрекетсіз) халық - қарастырылатын кезең ағымында жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған болып табылатын экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеуге белгіленген жастағы тұлғалар.
Жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық - өзінің жағдайына қарай жалға немесе жеке өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылар сәйкес келетін жастағы барлық тұлғалар.
Нарық экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты, ғылыми - техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчестволық жағынан қарауға және жоғарғы дәрежеге мамандар дайындауға ықпал жасайды.
Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз - жұмысшылардың еңбек функцияларын атқарған кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістердің жиынтығы.
Еңбек ресурстарын басқару мынадай бағыттардан тұрады:
• еңбек ресурстарын жоспарлау;
• өндіріске қажетті еңбек ресурстарын анықтап, оған кететін шығындарды жұмысқа қабылдау;
• еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдау;
• жұмыс орындарына кандидаттар дайындау, конкурс ұйымдастыру арқылы жұмыскерді таңдап алу;
• жұмыскердің еңбекақысын анықтау, еңбекақы құрылымын анықтау;
• жұмысқа алынған адамдарды кәсіпорынмен, ұйыммен, және оның басқа да бөлімшелерімен таныстырып, болашақ жұмыс орны жайлы түсінік беру;
• берілген жұмысты неғұрлым тиімді орындау үшін еңбек ресурстарын оқыту және оқыту бағдарламасын жасау;
• жұмыскердің еңбек іс-әрекетін бағалау, және бағалау әдістерін жасап, онымен жұмыскерді таныстыру;
• еңбек етушінің жұмысын өсіру, төмендету, жұмыстан шығару, бір қызметтен басқа қызметке ауыстыру;
• басқарушы кадрларды дайындау, келісім-шартын тоқтату, басқарушы кадрларды дайындаудың бағдарламасын жасау; басқарушы кадрлардың еңбек тиімділігін арттыру және мүмкіншіліктерін арттыруға бағыттау;
• еңбек қарым-қатынастарын жақсарту;
• халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау мен көтеру жолдарының теориялық негізін зерттеу және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- еңбек және еңбек ерсурстары ұғымының осы заманғы теориялық негіздерін зерттеу;
- еңбек ресурстарының жіктелуі мен басқаруды қарастыру;
- ҚР еңбек нарығының қазіргі жай күйіне талдау жасау;
- «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» ММ ұйымдық - экономикалық жағдайын талдау;
- «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» ММ еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорын қызметін дамыту бойынша ұсыныстар беру
- еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдарын ұсыну;
- Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау мен көтеру жолдарының теориялық негізін зерттей отырып, «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» ММ қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар тұжырымдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: статистикалық, монографиялық және бағдарламалық әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде тақырыпқа қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік-құқықтық актілеріне, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды.
1. Еңбек ресурстарының мәні және оларды пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
1. 1 Еңбек мәні және еңбек ресурстарының ұғымы
Еңбек адам және қоғам өмірінде өзінің объективті негізін және олардың әрекет етуінің жағдайларын білдіре отырып жетекші рольді атқарады. Еңбек процесі барысында тек қана жекелеген адамдардың, олардың топтары мен барлық қоғамның қажетілігін ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар елдің тұтастай әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ететін материалдық және рухани құндылықтар жасалады. Еңбек және оған дайындық барлық негізгі әлеуметтік топтардың уақыт ресурсын пайдалану құрылымында жетекші рольге ие. Әсіресе еңбекте адамның қабілеттілігі ашылады және дамиды және де оның кәсіби және өмірлік тәжірибесі жетілдіріледі. Біріккен еңбек нәтижесінде өндірістік ұжымдар ішінде байланыстар қалыптасады; еңбек процесінде қоғамдық (әлеуметтік) топтардың өзара әрекеті іске асырылады.
Еңбек еңбек экономикасы үшін базалық категория болып саналады. Кеңестік кезеңнен бастап отандық экономикалық әдебиеттерде келесідей анықтама қолданылып келеді: еңбек - бұл әр жеке тұлғаның және тұтастай қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша адамдардың мақсатты бағытталған қызметі.
Бұл қарапайым және жеткілікті дәл анықтама еңбектің мәнін ашады және соңғы нәтижеде оның мақсаттылығын көрсетеді. Онда еңбекті еске түсіретін, бірақ та инстинкті сипатқа ие (ақ тиін жаңғақтар, аю - бал жинайды, аралар ұя жасайды т. б. ) жануарлар қызметінен адамның мағыналы еңбегін ерекшелейтін «мақсатты бағытталғандығы» атап көрсетілген.
Еңбекті жеке тұлғаның және қоғамның қажеттілігін қанағаттандырушы құндылықтарды жасау бойынша адамдардың мақсатты бағытталған қуат шығынды қызметі ретінде анықтауға болатын өзгеде трактовкалары бар. Еңбектің басты, мағыналы қасиетін білдіретін бұл қысқаша анықтама келесілермен толықтырылуы мүмкін:
- еңбек - жекелеген адамның және тұтастай қоғамның өмір сүруінің негізі;
- еңбек белгілі бір мотивтер мен ынталандырулар негізінде жүзеге асырылады;
- еңбек адамдарды және процестерді басқаруда көрінуі мүмкін;
- еңбек тұлғаның өзін өзі көрсету және өзін өзі таныту құралы болуы мүмкін;
- еңбек бақылауды білдіреді (сыртқы немесе ішкі) ;
- еңбек процесі еңбек кооперациясына және бөлінуіне негізделуі мүмкін.
«Еңбек» категориясы көп қырлы және өндіріс факторы, құндылықтарды жасау бойынша адамдардың мақсатты бағытталған қызметі және адамның физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерін іске асыру процесі ретінде талдануы мүмкін. Процес ретінде еңбек үш компонентті кірістіреді: еңбектің өзі мақсатты бағытталған қызмет ретінде; еңбек заты (түрлі құндылықтарды өндіру кезінде адам еңбегінің неге бағытталғандығы) және еңбек затына оның көмегімен әсер ету жүзеге асырылатын еңбек құралдары.
Еңбек процесі кезінде адамдар технологияны қолданумен, өндірісті мамандандырумен, еңбекті кооперациялаумен және бөлінуімен, еңбектік субординациямен (ұйымдық - экономикалық қатынастар), сондай-ақ еңбек ресурстарына және өнімдеріне меншікке байланысты бір - бірімен өндірістік қатынастарға түседі.
(Мазин А. Л. Экономика труда 3-е издание)
Жоғарыдағы пікірлер мен көзқарастарды сараптай отырып, еңбек тек адамды өзінің өміріне қажетті материалдық және өзге де жеке құндылықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар адамның ақыл - ойының толысуына үлкен себеп болатындығына көз жеткізуге болады. Жоғары да айтып кеткеніміздей, адам баласы пайда болған кезден бері өзінің қол еңбегін жеңілдету мақсатында еңбек құралдарын үздіксіз үнемі жетілдіріп келеді. Аң аулауға жасалған тас үшкір құрал-саймандарды бүгінде осы заманғы құрал - жабдықтар алмастырды. Адам баласы қай заманда да өзінің алдына қойған мақсаты мен қандай да бір жетістіктерге тек еңбек арқылы ғана қол жеткізгені мәлім.
Еңбек ұғым ретінде өнім өндіру немесе қызмет көрсету бойынша адамның мақсатты қызметін білдіреді және қашанда қуаттың физикалық және психологиялық шығындарымен байланыста болады. Еңбек өндірілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің көзі бола отырып, өзі еңбек нарығында сатылатын тауар болып табылады.
Еңбек нарығында ұзақ уақыт бойы үстемдік еткен маркстік теория еңбек нарығында сатып алу - сату заты болып еңбекке деген қабілеттілік ретінде жұмысшы күші, ал еңбек ақы - жұмысшы күшінің құны болып табылады деп санады.
Бір жағынан, еңбек - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи заттарды өзгерту бойынша адамның мақсатты қызметі. Басқаша айтқанда, еңбек - еңбек және қызмет өнімдерін алмасу процесінде адамдардың өзара әрекеті.
Еңбек - еңбек құралдары арқылы адамдардың еңбек затына әсер ететін және дайын еңбек өнімін алу процесіндегі адамның мақсатты бағытталған қызметі. Еңбек заты - табиғат заттары (шикізаттар, жартылай фабрикаттар, негізгі және көмекші материалдар, табиғи және жасанды материалдар) .
Жұмыс - мақсатты бағытталған қызметтегі адам энергиясын біріктіру процесі.
Жұмыс өзі үшін және жалдау бойынша жұмыс болады.
Еңбектің эконоикалық қызметі - адамның өмір қызметінің ұдайы өндірісі.
Еңбектің әлеуметтік қызметі - әлеуметтік өмірдің жағдайларының ұдайы өндірісі. (кулинцев 5 стр. )
Еңбек - бұл адамдардың өздерінің әр түрлі мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін күш-жігердің ой, физикалық, жүйке қуаттарын жұмсаумен байланысты. (5 б)
Еңбек күш-жігері ұйымдық нысаны бойынша бөлінеді. Қазіргі жағдайда бұл дербес жұмыспен қамту: үй немесе жаниялық шаруашылық, жеке немесе өзгелермен бірігу негізіндегі кәсіпкерлік, шағын немесе жалдамалы жұмысшылардың сәйкес саныны тартумен ірі бизнес және т. б., сондай-ақ жалдау бойынша жұмыс болуы мүмкін. (завельский 11б)
Еңбек адам капиталының шығындарымен байланысты қызметті (материалдық құндылықтар дайындауға және қызмет көрсетуге бағытталған адамның интеллектуальды, кәсіби, физикалық, психикалық және өзге де қабілеттерінің жиынтығы) білдіреді. (Ильин С. С., Маренков Н. Л. Основы экономики. Серия «Высшее образование». Ростов-на-Дону: Изд-во «Феникс», 2004. - 672 с. 161 стр)
Еңбек өзіне 3 қажетті элементтерді біріктіреді: адамдардың мақсатты бағытталған қызметі, еңбек заты және еңбек құралы.
Еңбек адам өмір сүруінің негізі болып табылады, оның қоғамдағы орнын анықтайды.
Еңбек заты болып адам еңбегіне бағытталған барлығы табылады. Еңбек құралдары - адам өзінің арасында және еңбек затымен араластырады және оның көмегімен осы затқа әсер етеді және оның түрін өзгертетін заттар (тимошенко 9-10б)
«Еңбек» түсінігі, оның адам қоғамындағы орнына жан-жақты талдау жасай отырып, оның келесідей құндылықтарын көруімізге болады:
- адам еңбек арқылы қоршаған әлеммен байланысқа түседі, өзінің ішкі ойлаулары мен тікелей орта шеңберінен шығады;
- еңбек - шағын жанұя және тікелей қоршау шеңберінен тыс қарым-қатынастардың көзі; ол тұлғаралық қарым-қатынастардың шеңберін кеңейтеді, адамды неғұрлым үлкен ұжым, орта, сынып мүшесіне айналдырады. Еңбек арқылы адам өзіне қарасты сезімін, өзінің маңыздылығын бағалауға және сезінуге, оның негізінде мәнін ашады, маңызды бөлігін түсінуге мүмкіндік алады.
- еңбек - міндетті іс - қызметтің көзі, жеке мінез-құлықты реттеуші және ұйымдастырушы. Адамдар жұмыссыз қалған кезде өзінің тұтастай күнін енжар өткізуі, түс немесе болмайтын нәрсеге арманға, қиялға берілуі мүмкін. Өмірдің мұндай сипаты тұлғаның өзін - өзі бағалуының төмендеуіне және қалыптасқан жағдайға компессаторлық өзін - өзі ақтау сілтемелер жасауға ұмтылуға әкеледі.
- еңбек творчестволық қабілеттердің және кәсіби жаңалықтардың дамуына мүмкіндік береді, яғни өзінің қабілеттерімен мақтануға жағдай жасайды, сенімділік және қауіпсіздік сезімін туғызады;
- еңбек психологиялық уақытта құрылымдайды, күн, жыл, өмірді ұйымдастырады және толтырады. (Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М. : Аспект пресс, 1997г. - с. 121 - 124)
Еңбек адам өмір сүруінің негізі болып табылады, оның қоғамдағы орнын анықтайды, өзін өзі көрсету және өзін өзі белсендірудің маңызды нысандарының бірі ретінде қызмет етеді, сондықтан да ол адамның осы ерекшеліктері сәйкес деңгейлес марапаттауды қамтамасыз ететіндігі көрсетілетіндей ұйымдастырылуы қажет.
Зерттеу және оқып білудің объектісі ретінде еңбектің ерекшелігі келесілерден тұрады, біріншіден, еңбек - бұл тиімді, үнемді ұйымдастырылған, рационалды болуы қажет құндылықтар және қызмет құру бойынша адамдардың мақсатты бағытталған іс-қызметі; екіншіден, ол жеке тұлғаның өмірлік қызметінің негізгі жағдайлары ғана емес, сонымен қатар тұтас қоғамның, кез-келген ұйымның (кәсіпорынның) қызмет етуінің факторы болып табылады; үшіншіден, ол тауар ретінде қарастырылмауы мүмкін, бірақта тауар ретінде өзі емес, еңбек қызметі табылады және ең соңында еңбек процесі кезінде жекелеген тұлға, фирмалар, аймақтар, мемлекет экономикасы деңгейінде қоғамдық қатынастар негізін құрайтын әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі қалыптасады. (Меликьяна Г. Г. 10 бет)
«Еңбек» ұғымының мәнін ашуға ұмтылысты одан әрі «еңбек нарығы» түсінігімен жалғастырамыз.
Еңбек нарығы жұмысшының (шаруа, қолөнерші) өндіріс құралдарынан, соның ішінде жерден оған заңды еркіндік ұсынылуымен бөлінуі жүрген кезден бастап тарихи түрде пайда болды. Бірақта, заңды түрде еркін, бірақ өндіріс құралдарынан айырылған ол өмір сүруге қауқарсыз еді. Аштан өлмес үшін ол өзінің еңбекке деген қабілеттілігін немесе жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Осылай жаңа нарыққа атау берген жаңа тауар пайда болды.
Бірақ та жаңа тауардың атауы және жаңа нарықтың атауы бойынша бұл құбылысты зерттеушілер арасында келіспеушіліктер туындады.
Көрнекті ағылшын экономистері, саяси экономиканың классиктері А. Смит және Д. Рикардо қарастырылып отырған нарықта тауар болып еңбек табылады, «еңбек өзінің табиғи және өзінің нарықтық бағасына ие» деп санады. Мұндай пікірді бүгінгі таңда экономикалық ойлаудың неоклассикалық бағытының өкілдері қолдайды.
ХІХ ғасырда көрнекті неміс экономисті, ойшыл және социолог К. Маркс өзінің «Капитал» еңбегінде нақты тауар болып еңбек емес, жұмыс күші - еңбекке қабілеттілік табылады деп басты атап көрсетті. Осыдан нарықта бір экономистер еңбек нарығы деп атай бастаса, өзгелері - К. Маркс ойын жалғастырушылар - жұмыс күшінің нарығы деп атады. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы термин кеңінен танылды деп айтуға болады.
Радикальды экономикалық реформалар кезінде отандық экономикалық әдебиеттерде бұл нарықты қалай атаған «еңбек нарығы» немесе жұмыс күшінің нарығы» дұрыс деген пікір таластар қайтадан оянды. қандай тауар сатылады? Сонымен қатар экономикалық әдебиеттерде ( шетелдік және ресейлік) «еңбек ресурстары нарығы» және «еңбектік қызметтер нарығы» деген де терминдер пайда болды. Барлық аталған терминдер синоним түрінде қолданылатындығы аз кездеспейді.
Сонымен бірге олардың әр түрлі мағыналы жүктемеге ие екендігін көрсеуге болмайды. Олардың негізінде «жұмысшы күші», «еңбек», «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» түсініктері сәйкес келмейді. Мысалы, жұмысшы күші - бұл еңбекке қабілеттілік, еңбек - бұл табиғи заттарды адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын затқа айналдыруға бағытталған адамның мақсатты бағытталған қызметі. Еңбектік қызмет - бұл термин «еңбек» терминіне өте жақын, бірақта ол қызметтің бұл түрі оны жүзеге асыру кезінде қажеттілікті қанағаттандырады, яғни құндылықты зат нысанында емес, керісінше қызмет нысанында ұсынады, мысалы, оқыту, емдеу, көліктік, тұрмыстық қызмет көрсету және т. б. Сонымен, еңбек ресурстары - еңбекті жүзеге асыруға физикалық және рухани қабілеттіліктерге ие елдің тұрғындарының бір бөлігі. Тәжірибеде оларға біздің елімізде жұмыс істемейтін І, ІІ топтағы мүгедектерді қоспағанда еңбекке қабілетті жастағы адамдар: 16-59 жастағы ерлер, 16-54 жастағы әйелдер жатады. Оларға нақты жұмыс істеуші зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) жатады. Жалпы алғанда бұл анықтама жалпыға танылған болып саналады деп айтуға болады. Көріп отырғанымыздай, олар бір-біріне сәйкес келмейді. Сондай-ақ нарықтардың сәйкес атаулары сәйкесті түзетулерсіз туыстас түсініктер болып табылмайды.
Егер де сатып алу - сату объектісі болып табылатын тауарды неғұрлым дәл бөліп қарастырса, онда бұл проблеманы шешуге болады. Бүгінде отандық экономикалық әдебиеттерде екі негізгі көзқарас үстемдік етеді. Олардың біріншісі тауар болып жұмыс күші - еңбекке деген потенциалды қабілеттіліктер табылады деп дәлелдейді. Екінші көзқарас еңбекті тауарды таниды. Бірақта оның жақтаушылары еңбекті -мақсатты сипаттағы қызмет процесі ретінде тауар түрінде ұсыну қиын екіндігін түсіне отырып, мұндай «потенциалды еңбек» болып табылатындығын растайды.
Қай көзқарас неғұрлым дәл айтылған? Егер де бірінші абстрактылы «еңбекке деген потенциалды қабілеттілік» түсінігі адамның шынайы тірі организмінде әрекет етеді, ал екінші абстрактылы түсінік («потенциалды еңбек») шынайы әрекет етпейді деп айту жеткілікті. Сондықтанда еңбек нарығындағы шынайы тауар болып жұмыс күші табылады. Бірақ та онда бұл нарық еңбек нарығы деп аталады?
Бұл сұрақтың шешімі осы заманғы адам өзінің массасында көптеген қабілеттіліктерге ие және олардың барлығы бірдей қандай да бір нақты еңбекте қолданыла бермейтіндігі байланысты. Нақты еңбек адамның ие қабілеттіліктерінің жиынтығынан сол еңбекте шынында қолданылуы мүмкіндерін ғана бөліп шығарудың шегі болып қызмет етеді. Нақты еңбекте қатысатын бұл қабілеттіліктер немесе қызмет етуші қабілеттіліктер сатып алу - сату объектісі, яғни тауар болып табылады. Бұл қабілеттіліктердің көрінуі нақты еңбекте жүреді, мұндай нарықты қызмет етуші жұмыс күші немесе еңбек нарығы деп атауға толық құқылы. Еңбек нарығы тек біріншіден, өз кезегінде қоғамдағы тауарларға сұраныспен анықталатын жұмыс күшіне сұраныспен; екіншіден, адам қабілеттіліктерін пайдаланумен (шартты түрде оларды бастапқы және кәсіби деп атауға болады) және оларды марапаттаумен; үшіншіден, уақыт өте жұмыс күшін пайдаланумен; төртіншіден, қайтадан құрылатын құнды бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы (қызмет етуші қабілеттіліктер), еңбектік қызметтер нарығы, еңбек ресурстары нарығы (қызмет етуші) синоним ретінде қолдануға болатын туыстас ұғымдар ретінде көрінеді. Сонымен қатар, «еңбек нарығы» терминінің әлемдік экономикалық әдебиеттерде кеңінен таралғандығын есепке алу қажет.
Егерде неғұрлым нақтырақ айтса, «еңбек нарығы» түсінігі жұмыс күшін пайдалану құқығын жұмыс берушіге белгілі бір уақытқа берумен; еңбек ақы мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтылығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыстың мерзімін, мемлекетпен бекітілген еңбек уақытынан бөлек демалыс және мейрам күндеріндегі еңбекке ақы төлеуді, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтем ақы белгілеумен; өндірісті қандай да бір уақытқа тоқтату (мысалы, көтеріліске шығу уақытында), жұмысшының кінәсінсіз жұмыстан шығарылумен байланысты жұмысты жоғалтумен және т. б. байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді.
Сонымен бірге, «нарық» түсінігіне «сұраныс-ұсыныс» моделі нысанында көрінетін және бәсеке және баға өзгерісі түрінде келіп түсетін ақпарат негізінде қызмет ететін оны жүзеге асыру механизмі кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz