Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандық: 5В050300- Психология

Қостанай 2021 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Қорғауға жіберілді
Теориялық және қолданбалы
психология кафедрасының
меңгерушісі ____
________________2021 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Мамандық: 5В050300- Психология

Орындаған _____________

Ғылыми жетекші
Психология магистрі, аға оқытушы ______________

Қостанай 2021

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
____ ________2016ж.

Диплом жұмысын орындауға тапсырма

Студент ----
1. Жұмыстың тақырыбы:
2. 2. Жұмыстың аяқталған уақыты
3.Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны.
Студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдердің ерекшеліктерінің ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі. Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні. Эмоциялық қалыпты реттеудегі психотерапиялық тренингтің міндеттері мен ұстанымдары. Арт-терапия- өнермен емдеуге бағытталған шығармашылық терапиясы ретінде. Студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдермен жұмыс жүргізу жүйесі.
Арт-терапия арқылы студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдердің эмоциялық қалпын реттеуге бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент. Тәжірибелік эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау қорытындылау, салыстыру.

4. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. Т.1.-М., 1998. -380 с.
2. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.,201. -286 с.
3. Зейгарник Б.В Теории личности в зарубежной психологии. М.,1997. 128 с.
4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 2005.- 575 с.
5. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии: Учеб.метод.пособие для студентов фак. Пихол. Гос. Ун-тов. М., 1999. -77с.
6. Лисина М.И. Генезис форм общения у детей. Принцип развития в психологии. -М., 1998. С. 268-294.
7. Бодалев А.А. Восприятие и понимание человека человеком.-М., 1992.- С. 199.
8. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве: норма и отклонения. - М., 1990.
9. Борисова А.А. Эмоциональный облик человека и психологическая проницательность Особенности познания и общения в процессе обучения. - Ярославль, 1982. - С. 92-96.
10. Денисова З.М. Механизмы эмоционального поведения ребенка. - СПб., 1999.
11. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций. - М., 1979.
12. Рожина Л.Н. Развитие эмоционального мира личности. Учебно-методическое пособие. - Минск, 1999.
13. Сермягина О.С. Эмоциональные отношения в семье. - М., 1991.
14. Тищенко С.П. Самооценка младших школьников как эмоциональный фактор их учебной активности Эмоциональная регуляция учебной и трудовой деятельности. - М.; Одесса, 1986.
15. Ильин Е.П., Пономарева М.С.Возрастно-половая динамика базовых эмоций Ананьевские чтения-2001: Тезисы научно-практической конференции. - СПб., 2001.
16. Никольская И.М. Психологическая диагностика, коррекция и профилактика патогенных эмоциональных состояний у младших школьников: Автореф. дис. ...канд. наук. - СПб., 2001.
17. Рахманина Т.Н., Гайдапак А.Н. Диагностика и коррекция эмоциональных нарушений у дошкольников Активные формы работы практического психолога. Сб. научных статей. - Шадринск, 1994.
18. Личностная шкала проявления тревоги (Дж.Тейлор, адаптация В.Г.Норакидзе) Диагностика эмоционально-нравственного развития. Ред. и сост. Дерманова И.Б. - СПб., 2002. С.126-129.
5. Графикалық материалдар тізімі (кесте, сызба, диаграмма т.б.):
Кесте 1. Баллдардың жиынтығы симтомдар кешені бойынша бөлінуі
Кесте 2. Жанұяның кинестетикалық суреті әдістемесі жүргізілу барысынан алынған нәтижелер
Кесте 3.Спилбергер - Ханин бойынша мазасыздықты зерттеу әдістемесі жүргізілгеннен кейін алынған нәтижелер көрсеткіші
Кесте 4.Жүргізілген әдістемелерден алынған нәтижелердің салыстырмалы талдануы
Кесте 5.Спирмен формуласы бойынша рангтік корреляция коэфицентін зерттеу
Кесте 6.Студенттердің эмоциялық қалпының (көңіл-күйлерінің) түстер арқылы бейнеленуі
Кесте 7. Студенттердің бақылаушы экспериментте алынған нәтижелерін диагностикалау

Тапсырма берілген күн:
Ғылыми жетекшісі _______________ .
Тапсырманы орындауға алған студент __________

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
________
____ ________2021ж.
Диплом жұмысы үшін күнтізбелік жұмыс кестесі

Диплом жұмысының тақырыбы:

Студенттің аты-жөні:

Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны
Орындау мерзімі
1
Зерттеу пәнін анықтау

2
Кітапхана қорымен және электронды ресурстармен танысу

3
Жұмыстың құрылымын анықтау

4
Диплом жұмысының тақырыбын бекіту

5
Құжаттар мен дереккөздерді жинақтау және зерттеу

6
Бар материалдарды сараптау, материалдар жинау, тәжірибелер жүргізу

7
Жеке бөлімдерді жазу

8
Жұмыстың жалпы тұжырымдарын анықтау

9
Баяндама тезисін жазу

10
Жұмыстың аталуын, мақсатын, негізгі міндеттерін және олардың тұжырымдарға сәйкестігін нақтылау

11
Жұмыс мәтінінің жоба нұсқасын дайындау және жетекшіге ұсыну

12
Түзету енгізу

13
Жұмысты безендіру

14
Кафедрада диплом жұмысын алдын-ала қорғаудан өткізу

15
Студенттер конференциясына баяндамамен қатынасу

16
Жұмысты кафедраға тапсыру

Ғылыми жетекшісі _______________
Тапсырманы орындауға алған студент __________

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. ... ..5
1.1 Тұлғаның эмоциялық қалпы және оның әлеуметтегі мәні... ... ... ... ... .7
1.2 Психотерапиялық тренингтердің эмоциялық қалыпты реттеудегі міндеттері мен ұстанымдары... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІ. Арт.терапия - өнермен емдеуге бағытталған шығармашылық терапия ретінде... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 30
2.1 Жасөспірім шақтағы бала қалыптасуында эмоция күйлерінің эксперименттік зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...40 2.2 Эксперименттік. психологиялық зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары ..48 ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

Кіріспе

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, оның әсерімен бірге, адамдардың уайым түрінде өзінде пайдалы әр түрлі құбылыстар мен заттардың субьективті бағалануы мазмұнының көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға бағыт-бағдар береді: пайдалы- зияндылығы, негізді-негізсізділігі, т.б. Эмоциялық бағыт-бағдар мен рационалды бағыттың ерекшелігін қарастыратын болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтін (яғни туа біткен) , ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктерін түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді (жиі тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез-келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік сигналы болып табылады. Осы орайда, келесі ойы мен әрекетін басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептері мен негізін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ олардың дәлдігіне сенімді болуы шарт. Тұлға деңгейінің ішкі сенімділігі әрқашан да жоғары эмоциялық сипатта қалады. Психологиялық әдебиеттерде эмоцияға адамдардың рухани өміріндегі ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу, т.б. түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын ауыстыруы мен толықсуы кіреді [1;2;3;4].
Эмоциялық құбылыс құрылымында үш компоненті көрсетуге болады: пәні, эмоциялық уайым және қажеттіліктері (мотив- түрткілер). Сондықтан тұлға өмірінде эмоцияның алар орны ерекше. Эмоция біздің іс-әрекет нәтижемізде басты орынға ие. Практикалық психология саласында адамның ішкі күйінің жағымды сезімдерге қарай өзгеруін қамтамасыз ететін тәсілдерді соңғы кездері ғылыми негіздеп жүр [5;6]. Осы орайда, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін эмоциялық қалыпты реттеу жолдарын ғылыми негіздеу басты мәселелердің бірі болып отыр.
Арттерапия- қазіргі психологиялық ғылым мен практикада адамзат өмірлік әрекетінің қарқындылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.
Біздің жұмысымыз арт-терапияны ғылыми және практикалық тұрғыда негіздей отырып, эмоциялық қалыпты реттеу үшін пайдалану жолдарын жүйелеуді көздейді. Сондықтан қазіргі таңдағы жаһандану жағдайындағы тұлғаның психологиялық денсаулығын нығайтуда бұл мәселе өзінің өзектілігін туындатып отырғаны сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің эмоциялық қалпын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан талдап, арт-терапияны пайдалану арқылы тәжірибелік эксперимент жүргізіп зерттеу.
Зерттеудің пәні:Студенттік шақтағы жасөсіпірімдердіңэмоциялық қалпы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, студенттік шақтағы жасөсіпірімдерменарттерапия элементтері қосылған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырылса, олардың эмоциялық қалпын реттеп отыруға болады.
Жеке болжамдары:
1. Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияны пайдаланған тиімді;
2. Арт-терапия тұлғаның үйлесімсіз күйін реттей алады.
Зерттеу міндеттері:
1.Эмоция мен арт-терапия туралы ғалым- ойшылдардың зерттеулеріне теориялық талдау жасау.
2.Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияның элементтерін пайдалану жолдарын негіздеу.
3.Студенттік шақтағы жасөсіпірімдердіңпсихологиялық ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жүргізу жүйесін зерттеу.
4. Арт-терапия арқылы студенттік шақтағы жасөсіпірімдердіңэмоциялық қалпын реттеуге бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент өткізу.
Мәселенің деректік көздері: Зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық психолог ғалымдардың еңбектері, ҚР Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 Жолдауы.
Теориялық негізі:философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы; Л.С. Выготский [49], А.Н. Леонтьев [50], С.Л. Рубинштейн [51], Б.Ф. Ломовтартың [52] іс-әрекет қалыптастыру принциптері, К.А. Абульханова- Славскаяның [53] іс-әрекет субъектісі даму принциптері; В.В. Давыдов [54], Д.Б. Эльконин [55], Н.Ф. Талызина [56], Л.В. Занков [57], С.М. Джакуповтың [58] оқыту процесіндегі тұлғаның оқу іс-әрекетін дамытуға дәйектелген қағидалары және нұсқалары талданды. Л.И. Божович [59], Ж.И. Намазбаева [60], Қ.Т. Шерьязданованың [61] жеке тұлғалық қасиеттер мен қарым-қатынас қалыптасуының қағидалары айқындалды.З. Фрейдтің, К.Г. Юнг, К. Роджерс, А. Хилл, М. Наумбург, А. Маслоу , Н.И. Чуприкова, Асмолов А.Г.,В.И. Мясищев, Ж.Пиаже мен С.Л. Рубинштейн, П.Симонов тағы басқалардың қарастырылып отырылған мәселе туралы ой-пікірлері мен зерттеу жұмыстары негіз болды.

Зерттеу әдістері:
oo зерттеу барысында теория мен практиканы жүйелі талдау, студент жеке тұлғасын психологиялық зерттеу әдістері, сонымен бірге алынған эмперикалық мәліметтерді жүйелі талдау кең қолданылды;
oo эмперикалық мәліметтер алу үшін психо-педагогикалық бақылаулар, әңгімелесу, интервью, анкеталау, құжаттарды талдау және т.б. әдістер пайдаланылды;
oo талдау процесінде математикалық және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Ғылыми жаңашылдығы:
1.Арт-терапияның эмоциялық қалыпты реттеуде пайдалану жолдары теориялық және практикалық тұрғыда жүйеленді;
2. Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияны пайдалану жолдары көрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеуден алынған мәліметтерді оқу орындарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыруда пайдануға болады. Арт-терапияны колледж педагогтары, педагог- психологтары, ата-аналардың балаларымен жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының базасы: Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенттері алынды.
Дипломдық жұмыс көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейтестілігі мен маңызы анықталып, ғылыми жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы көрсетілген.
Психология ғылымында тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің теориялық негіздері атты бірінші тарауда зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау, студенттердің психологиялық ерекшеліктері мен олармен жұмыс жүргізу жүйесі, эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияның элементтерін пайдалану мәселелері талданған.
Студенттік шақтағы жасөсіпірімдердіңэмоциялық қалпын арт-терапия арқылы реттеуге бағытталған эксперименттік зерттеу атты екінші тарауда эмоциялық қалыпты арттерапия арқылы реттеуге бағытталған диагностикалық зерттеу және психологиялық эксперименттің нәтижелері қорытындыланған.

І ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚАЛПЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Тұлғаның эмоциялық қалпы және оның әдістемелік мәні

Эмоция пәні - адамның өмірінде эмоциялық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамда мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханда алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-пікірлер т.б. Мұндай мағыналы оқиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік деп аталады [7;8]. Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе біреудің көздеген ойынан тууы мүмкін. Жалпы алғанда адамның уайымдары эмоция пәнінің мазмұнын анықтайды.
Эмоциялық уайымдар сыртқы құбылыстардың негізгі компонентін құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін шиеленістер түсінбеушілік, у-шу, таң қалу т.б. субьективті реакциялар туғызады. Эмоциялық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоциялық уайым түрлі деңгейде саналы және адамның ішкі рухани әлемін (зейінін, ойлауын, есін, қабылдауын), физиологиялық процестерін (жүрек, қан - тамырлары, тыныс алу, ас қорыту, т.б.) өзгертеді.
Қажеттілік эмоциялық құбылыстың компонентін құрайды. Қажеттілік адамның ішкі психологиялық негізі (көрсеткіштері) болып бағаланады. Болып
жатқан немесе өтіп кеткен жағдаяттардың мәні - қазіргі жағдайда өзекті қажеттілігімен белгілі бір мөлшерде байланысы қажеттіліктерге кедергі немесе қанағаттандыруға жағдай жасауы мүмкін. Адам өмірлік әрекетінің мағыналық әрқашан да қажеттіліктермен белгіленеді. Егер мағыналық жағдайлар болмаса эмоция көрінбейді. Мәселен, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бірақ та сол жағдаяттар тек тамақ қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейін адамға мағынасы мәнсіз болып қалады.
Тұрақсыз әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүлі ауытқулардың өсуіне бейімделдендіреді. Біріншіден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиі ұшырасқанда адамдарда эмоциялық шиеленісу болады.
Екіншіден, әлеуметтік ортадағы, жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңіл-күйге, яғни осы өмірге деген қорқыныш, сенімсіздік пайда болады. Мәселен, қоғамда қауіпті жағдай кездескенде онымен күресудің әдіс-тәсілдерін, ыңғайын іздестіру керек.
Біздің зерттеумізде эмоцияның қызметтерін қарастыруды жөн көріп отырмыз. Эмоциялар адамның әдеуметтік болмысын қамтамасыз ететін маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның ішкі жан дүниесінің қажетті жағы ретінде пайда болады және өмір сүреді.
Тұлға эмоциялары төмендегідей функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативті,сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясы.
Эмоцияның алғашқы және маңызды функциясы адам үшін қоршаған заттардың, құбылыстардың, адамдардың, оқиғалардың өз ойларының, жоспарларының, шешімдерінің және т.б. субьективті мәнін бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшін әр түрлі өмірдегі оқиғаларда, адамдарға және өзіне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік беретін өзінше бір шеті компас рөлін атқарады. Бізге эмоциялық бағалаулар интеллекттік бағалауға қарағанда сенімдірек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да адам никотиннің зияндылығын біле тұрса да, темекіні тастамайды. Бұл білімі оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекіге деген қарым-қатынасын өзгерту үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек.
Эмоциялар адамға оның қажеттілігінің күйі туралы сигнал беріп тұрады. Бір нәрсеге деген мәжбүрлік өзектілігінен, сәйкесінше эмоциялық күйзелістер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктің күйіне байланысты күшеюі, азаюы, мүлдем жоғалып кетуі, белгісі бойынша қарама-қарсыға ауысуы мүмкін. Қажеттіліктің өмір сүруінің эмоциялық негізі мен субьективті формасын құрайды.
Эмоциялар оятушы функцияларды да атқарады, яғни белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкіндіктері тікелей олардың күші мен белгісіне байланысты. Мәселен, бұл жерде қатты және жай ауруды, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсенділіктің бағыты эмоцияның белгісімен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттерді оятады. Әсіресе, қуаныш эмоциясы адам өмірінде ерекше маңызды болып табылады. Кейбір зерттеулерде ...біздің бойымыздағы қуанышымыз өмірге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем береді деген тұжырым жасайды [9]. Қоғамға пайдалы шындық біздің бойымызға қуаныш әкеледі. Ал, келесі зерттеуші Н.И. Чуприкованың пікірінше жағымды эмоциялар адам өз жолын таңдау барысында өмірлік бағдар береді [10].
Жағымсыз эмоциялар керісінше ояту функцияларын орындайды. Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етеді, себебі эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйені құрайды. Сондықтанда эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көпті өзгерістермен бірге жүреді. Физиологиялық функцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкіндіктері өте көп. Олар әртүлі бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруі мүмкін: күшеюі, әлсіреуі, тіптен толық өшіп қалуға дейін жақсаруы, паталогияға дейін нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. басқа көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негізде пайда болады.
Эмоциялар адамның санасымен танымдық процестеріне де дәл осылай әсер етеді. Эмоциялардың әсерімен олардың мүмкіндіктері мен функционалдық сипттамалары қатты өзгеріске ұшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды).
Мәселен, адам қатты стресстің әсерінен ойлауға, есте сақтауға зейінін тұрақтандыруы, нашарлауы, өз әрекеттерін саналы бақылауы, төмендеуі мүмкін. Эмоцияның бұл функциялық ерекшеліктерінің практикалық мәні маңызды.
Эмоциялар ішкі психикалық процестер болып табылады. Бірақ та олар сырттай жақсы көрінеді: мимикадан көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудің басқа да ерекшеліктерінен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйін түсінуге және олармен нәтижелі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Эмоцияның формалары және негізгі түрлері көрсеткен қасиеттерін теориялық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерін айқындауға болады. Бірақ белгілі, жақсы кейбіреулері ғана жеткілікті суреттелген. Американдық психолог К. Изард еңбектерінде фундаменталды он эмоциялардың түрлерін көрсетілген [11].
Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыю, ой-өрісті кеңейте білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуесқойлық және сезім құшағына күйзелу. Тиімді әсіресе, танымдық мотив (түрткі) іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз [12]. Ол монотондық жағдайда туады. Субьектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоциясы күшейеді. Таңырқау қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бірақ, тез уақытта өтетін эмоция болып көрінеді. Күшті танымдық мотив ретінде көрінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни айқындау, білу, анықтау, көз жеткізу, т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктерін және негізгі тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және өмірге қанағаттану күйі. Оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімінен байқалады.
Эмоция азабы өмірлік мақсақа жетуге ұмтылықа кері әсерін тигізе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйін талдау адам құндылықтарын елеке етуіне себеп болуы мүмкін. Адамдарға азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш береді. Күшті азап аффектіге және ашық күреске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда адамның өзіндік бақылауы, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ оң бағытталуы мүмкін.
Ұялу эмоциясы субьектінің өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиеттеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшелігіне сәйкес емес әрекеттерін жасаған кезде туады. Бұл күйзелісте субьект өзін басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтін , әлсіз, кішкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезінеді. Оған басқалар оның кемшіліктерін көріп, жек көретіндей көрінеді. Сондықтан ол басқа адамдардан өзін алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. Ұялудың формасы- қызару. Ұялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекеті мен қылықтарына қатты әсер етеді, сананы жаулап алады. Тұлғаны қоршаған механизмдері белсендіреді. Өмірдегі түрлі жағдайлар ұялу мен одан адамгершілік деңгейде құтылу - тұлғалық борыш болып табылады [13].
Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй - мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейінде туындайды. Ол өзінің мағыналылығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебіздер естіген кезде сезінеді. Ұялу мен мақтаныш эмоциясы негізінде адамда өзіне қатысты тұрақты дамуы жүреді.
Айну эмоциясы субьектінің моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, обьектілерге, құбылыстарда немесе адамдарда туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б. Айну эмоциясы сәйкес обьектіні өзгертуді , жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе одан алшақ жүруді тудырады. Сонымен қатар, ол жек көрген адамнан немесе топтан өзін алшақ ұстап өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы жағынан ұқсас келеді, бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар. Ол сәйкес обьектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе топтан өзін алшақ ұстап, өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді.
Өзін кінәлау эмоциясында адам өзінің күнәсін мойындайды, өзінің оған қатысына немесе шығынға жауапкершілігіне басқа адамдардың жайсыздығына, жолының болмауына өзін күнәлі сезінеді. Бұл кезде ол өзін-өзі күнәлайды және өкінеді (үлгірген жоқпын, істей алмадым, ескерте алмадым, кең пейілдік көрсете алмадым және т.б.). Көбінесе өзінің күнәсін ақтауға тырысады (зардап шегуге көмектесу, кешірім өтіну, түсіндіруге тырысу). Тұлғаның негізгі кемелдену көрсеткіші - ол өзінің қылығына жауап беру және күнә сезімін сезіну, күнәсін ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалығына немесе дене бітіміне, өміріне қауіптің төнуі кезінде пайда болады. Қауіп төну деңгейіне байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін. Адам өзінің күштілігін немесе батылдығын осы сезімдерден өткенде бағалайды [14].
Кез-келген адамның өзінің қайталанбас эмоциялық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейімділікте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, күнәні сезінуде көрінеді. Эмоциялық таңдауына байланысты тұлғаның эмоциялық типтерін анықтауға болады.
Адамның эмоциялық өмірі бірінен соң бірі келетін күйлердің әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Бірақ, эмоциялар әр алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгі, интенсивтілігі мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерімен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлері мен формаларын ажыратуға болады.
Эмоцияның көрінісі - бұл әрбір күйзеліске өзгешелік пен қайталанбастық беретін сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негізінде жатқан қажеттіліктің сипатымен анықталады. Әрбір қажеттілік жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бірге жүреді. Мәселен, тамаққа деген қажеттілік эмоциялық бояудың бір типін, танымдық- екіншісінен, жыныстық - үшіншісінен тудырады. Сәйкесінше, боялуына байланысты эмоцияларда қажеттілік қанша болса, соншама болады.
Эмоциялық көріністі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оны тікелей бастан өткізу керек. Эмоцияның белгісі эмоция қандай болса да субьективті жағымды және жағымсыз және екі жақты( амбивалентті) эмоцияларды атайды .
Жағымды эмоциялар ситуацияның және оқиғаның адам үшін пайдалы екенін көрсетеді. Олар қажеттіліктер қанағаттанғанда немесе осыған септігін тигізетін жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Біздің рахаттануға деген талпынумыздан қанғаттанбаушылықтан та\уатын жағымсыз эмоциялар адам үшін сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетеді. Олар қажеттіліктердің ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергі келтіретін жағдаяттар пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығуға , жеңуге немесе жоюға бағытталған әрекеттерді оятады. Екі жақты эмоциялар белгілі бір арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелістерді қатар алып жүреді. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынсаының күрделілігін және қарама- қайшылығын көрсетеді [15].
Эмоцияның күштілігі- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екі фактормен анықталады. Сәйкес қажеттіліктің қанағаттанбағандық деңгейімен және оның қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен сипатталады. Бұл жердегі заңдылық мынада: қажеттілік және субьект ушін оның қанағаттануына кедергі келтіретін жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай күшті болса, бұл жердегі эмоцияның күйзелісіде сондай күшті болады. Осы факторлар арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни олардың күшеюіне немесе әлсіреуіне әсер етуге болады. Күштілігіне байланысты эмоциялардың көп түрін бөлуге болады. Аз көрінетін және нашар сезілетін түйсінудің эмоциялық жағынан басқаруға келмейтін аффектілермен аяқтауға болады.
Ұзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогенді жағдаяттар мен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттілік қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын ала өзгертіп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлері өте көп, қысқа уақыттың аффектілі реакциядан бастап бірнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мәселен, көңіл-күйді алуға болады. Қазіргі кезде эмоцияға көп әсер ететін теледидардағы бағдарламалар мен компьютерлер болып отыр.
Қазіргі түрлі техникалар мен электроникалар адам тұрмысы мен өмір сүруін жеңілдетеді, бірақ ар-намысына тырысып, биік деңгейде өмір сүру үшін не керек? Рухани , моральды құндылықтармен байытып (жәрдем беруге, адамгершілікке, өнерге, әдебиетке, поэзияға, т.б.) толықтыру қажет. Мәселен, адамдардың өмірін компьютермен салыстырсақ, компьютердің адамдарға қарағанда мүмкіншіліктері біршама артық болып келеді. Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, оқуда тиімді (жеңілдету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғыза отырып, техникалық, экономикалық прогреске жол ашады. Бірақ та ақыл-ой еңбегін жеңілдете отырып, ол адамның жалпы дамуын шектейді, яғни ақыл-ой дағдылары тиісті деңгейде көтерілмейді. Балалардың қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестеріне тиісті тосқауыл қояды. Компьютер балалардың ішкі әлемін өз экраны сияқты тарылтады. Олардың ақыл-ойын қарапайым сезімсіз интегралды сұлбаға айналдырады. Компьютердің есінде жан, жоғары сезім туралы түсінік жоқ. Тек қана жан адам баласының ойын мынадан: өзара тақыр есептесуден сақтайды. Жан ғана адамның ақыл-ойын жоғары сезімдерден (жоғары махаббат, адамдарға ақ ниетпен қарау, әлемді сүю, т.б.) сәулелендіреді. Дамыған жан адамның ақыл-ойын қатыгездіктен, салқындылықтан, адамзатқа зиян келтіретін ойлардан сақтайды. Осыны түсіне отырып, белгілі Асмолов А.Г. былай деп жазған: Мен ғажап уақытта өмір сүргенмін, талай ғылым жетістіктерінің (газ пеші, электрлі тұрмыс құралдары т.б.) куәгері болдым. Көп қиындықтарды ғылым арқылы жеңдік. Бірақ, адамдар осы уақыттың арасында өзгерген жоқ. Адамдар бір-біріне жақын болғысы келмейді және жақсармады [16, 45.].
Егер қабылдау, түйсік, ой және елестерде сан алуан заттар мен құбылыстар, олардың түрлі сапалары мен қасиеттері бейнеленсе, эмоция мен сезімдерде адам танып білетін нәрселердің мазмұнына өзінің қатынасын білдіреді. Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттардың ерекшеліктеріне тәуелді. Адам мен қоршаған дүние арасында мида бейнелене келе сезім затына айналатын, обьективтік қатынас қалыптасады.
Эмоция мен сезімдерден, сол сияқты адамның өз мінезіне, қылығына, пікіріне, әрекеттеріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы көрініп жатады.
Эмоция мен сезім - бұл айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс-әрекетінен тыс болмайды. Олар іс-әрекет процесінде пайда болады және оның жүзеге асуына әсер етіп отырады.
Обьективті дүние бар заттар мен құбылыстар, орындалатын әрекет, біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі болып табылады. Бір заттың мән-мағынасы әр кезеңде әр түрлі болады. Шөлдегенде ішкен бір стакан су рахат сезімін туғызады. Егерде шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеңіз, онда наразылық, реніш сезімі тууы мүмкін. Мәселен, музыканы тыңдау сүйсіндіреді, бірақ, концерт тым ұзаққа созылса, толғаныс күші әлсірейді, адам жалығады.
Эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшегі адамның қажеттіліктерімен, талабымен ниетімен оның еркі мен мінезінің ерекшеліктерімен анықталады. Мотивтердің өзгеруіне қарай қажеттілік затына деген қатынас та өзгереді. Бұдан адамның шындыққа деген жеке бастық қарым-қатынасы көрінеді. Сезім мен эмоциялар әлемі өте күрделі де алуан түрлі болып табылады. Оның құрылымының нәзіктігі мен көрінісінің сан қырлығын көп жағдайда адамның өзі де аңғара бермейді. Бастан кешкен сезімдерді психикалық талдаудың таным әрекеті немесе ерік белсенділігіне тәуелді екендігімен де түсінідіріледі. Өз сезіміңді, тебіреніс толғаныстарыңды сөзбен білдірудің қиын екендігі әркімге аян. Сөзді қанша саралағанмен түрлі эмоциялық күйлер мен оның көріністерін дұрыс бейнелендіре алмайтындай болады да тұрады. Жоғарыда біз сезімнің қызметін атап өткенбіз. Солардың ішінде біздің екі сезімдеріміз ерекше маңызға ие. Бұл реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.
Сезімнің реттегіштік қызметі көңіл - күйінің тұрақтылығы мінез- құлқымызға бағыт- бағдар беретіндігінен, оны қолдап, кездескен келергілерді жеңуге итермелейтіндігінен көрінеді. Эмоцияның реттегіш қызметі механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мәселен, сағыныш, торығу, қайғы адамның бүкіл жан-дүниесін күйзелтеді, олар тек психикалық күйініш тудырып қана қоймай, жүйке ауруына да душар етуі мүмкін. Мұндай психикалық күйде болу өте қауіпті және оны белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекетпен жойып жіберу көбіне қолдан келмейді. Сол сияқты, адам үшін қатты қуану, шаттану, масаттану да егер олар бұлшық-ет қимылдары, күлкі , сөз арқылы сыртқа шығып, босаңсымаса қауіпті болады. Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы бет және тыныс жолдары бұлшық етерінің жиырылуы тәрізді залалсыз процестер арқылы әлсірейді. Жылау көбінесе 15 минут уақыттан аспайды. Өксікті басу үшін осы уақыт толық жетіп жатыр. Бұдан кейін адам босаңсиды, сәл есеңгіреп, мең-зең болады, мұның бәрі жеңілдену ретінде қабылданады.
Адамның эмоциялары мен сезімдері мимикалық (бет бұлшық-еттерінің қимылы), пантомимикалық (дене бұлшық еттерінің қимылдары, ымдаулар) сияқты мәнді қимылдармен бірлесе жүзеге асады. Шын шаттанған адамның көзі жайнап, екі езуі екі құлағына дейін жетеді, құшағы айқара ашылады. Мәнді қимылдар эмоциялар мен сезімдердің экспрессивтік жағын сигналдық қызмет атқарады. Олар толғаныс тебіреністері толықтырып , айқындай түседі және оларды басқалардың қабылдауын жеңілдете түседі.
Дауыстық және мимикалық сигналдар әңгімелескен адаммен қарым-қатынастың белгілі стилін тудырады, өзара байланыс атмосферасын жасайды. Сөз ырғақтары, дауыс реакциялары, мимикалық көріністер - қарым - қатынастың өте нәзік құралдары болып табылады. Біздің күлімсіреуіміз, мәселен, жай жымию, әзілді, жасанды, мұңлы, келекелі, жайдары т.б. болуы мүмкін.
Ч. Дарвин зерттеулерінде адамдардың арғы тегі болып саналатын жануарлардың мәнді қимылдары мақсатқа сай болған, өмір сүру жолындағы қатал күреске төзе білуге көмектескен деп көрсетілген [17]. Адамзаттың тарихи даму процесінде адамдардың сыртқы дүниемен өзара қатысының көп формалары өзгеріске ұшырады. Эмоция мен сезімдерге қосарлана жүретін мәнді қимылдар өздерінің бастапқы мәнінен айырылды. Қазіргі заман адамдарының мәнді қимылдары жаңа міндет атқарады - олар қарым-қатынас формаларының бірі. Соларға қарап біз көңіл - күйінің жайын білеміз.
Студенттердің зейінін аудару, оларды жігерлендіру немесе оларға деген ренішін білдіру, студенттерге белгілі әсер ету үшін оқытушылар да мәнді қимылдарды жиі пайдаланып отырады. Адам психикасының күрделілігі сонша, мәнді қимылдарға қарап оның толғаныс-тебіреністері жайлы анық пікірге келе қою қиын. Эмоциялар мен олардың көріністерінің сай келе бермейтіндігі жасөспірімдердің өзінен-ақ байқала бастайды. Адам есейіп, сезімі нәзіктене және байи түскен сайын, оның көрініс беруі де құбылып, күрделене түседі.
Өмір тәжірибелерін молайта отырып, адам толғаныс-тебіреністерін және олардың көрініс беруін игеру шеберлігін арттырады. Көтеріңкі көңіл көлеңкесінде қымсыну, абыржудың жасырын жатуы, ал жайбарақаттылықтың арғы жағында реніштің бұғып қалуы кездеседі.
Көңіл- күйін бет, дененің мәнді қимылдарымен беру арқылы актерлік өнерде шеберлік шыңына көтеріледі. Естеліктерде Ф.И. Шаляпиннің мимика мен ымдаудың орасан зор шебері болып, солар арқылы айқын бейнелер жасағандығы жайлы айтылады. Шетелге бірінші рет саяхат жасағанда ағылшын тілін білмейтін Федор Шаляпин бірде ресторанда қатар столда отырған көршілері - ағылшындарға ағылшын тілінің ырғағымен ыммен келтіріп қошемет сөз айтты - дейді өз естелігінде В. Римский- Корсаков. Әрине, бұл қошемет сөздің еш мәні де, мазмұны да жоқ еді. Бірақ мұның ағылшын тілінде сөйлескенге ұқсауы және биік шляпалы Шаляпиннің айбарлы келбетінің сенімді әсер еткені сонша, аңылшынның оны түсініп, өздерінің отандасы екен деп қабылдағандай ыммен стақан соғыстарды, мазмұны Ф. Ивановичтың өзінің ағылшынша сөйлегені (тәрізді түсініксіз, бірақ бет әлпеттеріне қарағанда ізетті тост сөзін айтып жауап қайтарады.
Сезімдер мен эмоциялардың өзара қатынасы бар. Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста. Сезімдер эмоциялар негізінде қалыптасып дамиды.
Эмоциялар ас ішу, тұрғын үй, киім қажеттіліктері, жыныс қажеттілігі, ұйқы қажеттілігі қанағаттандырылған немесе қанағаттандырылмаған жағдайда туады. Олар айнала қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарға адамның жауап реакциясы кездерінде сондай-ақ түйсік процестерінде де олардың эмоциялық реңкі пайда болады. Түрлі иіс, шу, сықырлар белгілі бір түйсіктер туғыза отырып, эмоциялық реңкпен қорланады және жеке адамның сенсорлық, эмоциялық құруылының біртұтастығын ашып көрсетеді.
Эмоциялар адамға да, жануарларға да тән. Дегенмен, адамның бірінші сигнал жүйесі қызметін жануарлардың бірініші сиганалдық құрылымынан айырып отарғанымыз сияқты адам эмоциясын жануарлардікінен ажыратып отыру керек. Адам эмоциясына оның өмірінің әлеуметтік бейнесі, орындайтын әрекетінің өзгешеліктері өз іздерін қалдырған соның нәтижесінде эмоциялар сипаты мен көріну формалары өзгерістерге ұшыраған. Адам сусынды асты, киімді, оған қажеттілік туған сәтте тарпа бас салмайды, өз қажеттіліктерін орнымен, бар мүмкіндіктерді ескере отырып қанғаттандырады.
Егер жануарлардың өмір сүруі үшін жалғыз ғана тән талабының қанағаттандырылуының өзі- ақ жеткілікті болатын болса, адам жоғары, адамға тән рухани, идеялық қажеттіліктерге ағзалық қажеттіліктерді бағындырып қана қоймай, көп жағдайда оларды саналы қыспаққа алады.
Эмоциялар қарым-қатынастағы эмоциялық күй түрінде пайда болады. Әңгімеге араласқан адам әңгімелесушіге эмоциялық ыңғайлана икемделеді. Биязылық, дөрекілік, ілтипаттылық, ожарлық жеке адамның ерекшелігіне сәйкес коммуникациялық қатынас мазмұнын толықтырады және қалыптаса бастаған байланыстың эмоциялық сипатына (қарым-қатынастық тілектестік, тартымдылық немесе жабыраңқылық атмосферасы) айналады.
Айнала қоршаған орта тікелей реакция ретінде туғанымен эмоциялар алғаш алған әсермен байланысты. Жиналмаған бөлме көрінісі жағымсыз эмоциялық реакция туғызады, мұнтаздай бөлме , жарасымды орналастырылған жиһаз тартымды әсер етеді. Адаммен танысудан туған алғашқы әсер таза эмоциялық сипатта болады, оның ерекшеліктеріне қайсыбір сытқы көріністеріне тікелей реакция болып табылады. Әңгімелесушінің мінез- құлқындағы немесе қоршаған ортадағы өзгерістер әсерінен ойламаған жерден туған реакциялар белгілі бір эмоция болып табылады.
Адамның әлеуметтік қатынастары, оның өз ісі мен заттық дүниеге деген қатынастары, адамзат тарихы процесінде пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыруы оның сезімдерін қалыптастырады. Дүниеге деген сезімдік қатынастың мұндай ерекше формасы тек адамға ғана тән. Ол еңбек рахаты, патриоттық және коллективтік сезіну, ұят және ар, білуге құмарлық , күдіктену сияқты және көптеген жоғары сезімдерді бастан кешіреді.
Адамның қоршаған дүниеге деген қатынасының өзіндік сапалық өзгешелігі алуан түрлі сезімдерден көрініп отырады. Адамның индивидуалдылығы оның айнала қоршаған шындық заттары мен құбылыстарына деген жеке бастық қарым-қатынастан көрінеді.
Эмоциялар мен сезімдердің негізгі сапалары: сезім ағымы динамикалығымен, фазалығымен сипатталады. Алдымен ол шиыршық ата қинайды. Содан соң босаңсиды. Қиналу сыртқы жағдайдағы өзгерістерге қарай арта беруі мүмкін. Адамның батыл да өзінше әрекет жасауына тура келетін қайсыбір оқиғаны күтуі қиналуды күшейтеді. Қиналыс іс-әрекет үстінде қызметтің және жағдайдың мазмұнына, тұлғаның индивидуалдылық ерекшеліктеріне орай әрекетке реңк беретін белсенді күй ретінде өтуі мүмкін, сол сияқты ол адамның қимыл, ой, қылықтарының бөгелісі кезінде де көрініс беруі мүмкін.
Шиыршық атқан қиналыстан соң адамның бойы жеңілдегенін, оның тынышталғанын немесе мүлде әлсірегенін білдіретінін босаңсу орнайды. Сапасы жағынан әрқилы сезімдер (сүйіспеншілік, ыза, үрей, есіркеу, мейірім, өшпенділік т.б.) жағымды, жағымсыз немесе екі ұшты (бағдарлы) болып қарастырылуы мүмкін. Егер қажеттілік қанағаттандырылса немесе оны қанағаттандыру үміті туса, жағымды эмоциялық әсерленушіліктер пайда болады. Егер қажеттіліктерді қанағаттандыруға бір нәрсеге бөгет болса немесе оны қанағаттандырудың мүмкін еместігі аңғарылса, жағымсыз эмоциялық қатынас орнайды.
Екі ұшты (бағдарлы) эмоциялық әсерлену жаңа , бейтаныс ситуацияда, қоршаған дүниемен қатынас жасау тәжіибесі болмаған жағдайда немесе әрекет затымен танысу кезінде пайда болады. Бұл күй ұзақ тұрақталмайды. Ситуацияның өзгерісімен алмасады. Әсер етуші обьектілердің тұрақтылығына және бағдарлау реакцияларының алмасуына қарай екі ұшты күй жағымды немесе жағымсыз эмоцияға ауысады. Эмоция мен сезімдердің қарама-қарсылықты көрсететін өзіндік бір қасиетін бөле айтқан жөн: қарама - қарсылық - бұл екі жақты немесе амбивалентті эмоциялық қатынас , яғни қарама-қарсы сезімдердің (шаттық - мұң, сүйіспеншілік -өшпенділік, тартымдылық - жиіркендіргіштік) тұтастығы. Сезімдердің екі - жақтылығы өмірдегі ситуациялардың күрделігімен және адамның олармен байланысының қайсыбір қарапайым қатынаспен ғана шектелмейтінімен түсіндіріледі. Конфликтілі сипаттағы жағдайлар кезіндегі күшті әсерден екі жақты сезімдер араласып кетеді. Седлецк түрмесінде отырғанда Ф. Э. Дзержинский қарындасына: Мен қасірет үстінде өзімді бақытты сезінемін және сол бақытпен сенімен бөліскім келеді. Мен сен туралы ойлаймын және сенімен бірге сенің балаларыңды жақсы көріп, солар үшін қиналамын..,-деп жазған.
Сезімнің физиологиялық негіздеріне тоқталамыз. Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың жүйкелік қозуынан және вегетативтік жүйке жүйесінде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам ағзасына оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек - тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару, байқалады, жүрек өкпе, орталық жүйке жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әртүрлі көңіл күйлері вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістермен қосарланады. Эмоцияларда және әсіресе сезімдерде жетекші рөлді адамның ми сыңарларының қыртысы атқарады.
Белгілі физиолог И.П. Павлов ми қыртысының эмоция мен сезімдердің барысы мен көрінісін реттеп, денеде болып жатқан барлық құбылыстарды қадағалап отыратынын көрсетіп берді. Қыртыс ми қыртысы астындағы орталықтарға тежелу әсерін тигізеді оларды басқарады [18]. И.П. Павлов күрделі сезімдердің пайда болуын ми қыртысының қызметімен байланыстыра қарады. Байланыстар жүйесінің сақталуы немесе бұзылуы шындыққа деген субьективті қатынасты өзгертеді. Динамикалық стереотиптердің жасалуы мен сақталуы кезінде болатын ми сыңарларының жүйкелік процестерін жағымды, жағымсыз түрдегі екі негізгі категорияда және орасан зор үдемелі сатыда кездесетін кәдімгі сезімдер деп ойлауымыз керек - деп көрсетті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
Жалпы психологиялық дайындық
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу
Сана және астар сана
Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Экологиялық білім беру сатысы
Пәндер