Капиталды басқару
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Экономика және кеден ісі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: .Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері
Орындаған: Тулешева Гульнур
Мамандығы: Қаржы 3 курс
Тексерген: Жиенкулова Ляззат
Атырау 2021
Жоспары:
Кіріспе
1 .Қаржы менеджментінің мазмұны
Қаржы менеджментінің анықтамасы
Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері
Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері
Ұзақмерзімді (стратегия) және қысқа мерзімді сипатты (тактика) қаржылық шешімдер
2. Қаржылық менеджментінің базалық (негізгі) тұжырымдамалары мен көрсеткiштері
2.1. Санаттарды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер (табыстар), шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, капитал тұжырымдамаларын бағалау әдістері
2.2. Ақшаның уақытша құны, тәуекел активтердің құны
2.3. Қаржылық менеджментінің теориясы мен практика-сында пайдаланатын негізгі көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Менеджмент (ағылшынша мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]
Менеджмент ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән Қаржылық менджмент қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз - қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгалтер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
Қаржы менеджменті экономикалық ғылымдағы келешегі ең зор бағыт болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда қаржы менеджері кәсіпорынның басты тұлғаларының бірі. Ол қаржылық сипатты мәселелердің дұрыс шешілуіне, кейде мақсатқа сәйкес соңғы шешімді қабылдау үшін жауапты. Көбінесе қаржы менеджері қабылданған шешімнің жауапты орындаушысы болып, сонымен бірге қаржылық қызметін де іске асырады. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттері үш негізгі бағыттар бойынша шешімдерді қабылдауда тұрады: активтерді басқару, инвестициялық қызмет және кәсіпорын дамуының қаржыландыру көздерін іздеу.
Осы оқу құралының материалдарымен танысу бірқатар сұрақтарға жауапты іздеп табуға көмектеседі. Мысалы:
Қаржылық менеджменті дегеніміз не?
Кәсіпорынның жағдайы мен мүмкіндіктерін қалай бағалауға болады?
Фирма ресурстарын қалай дұрыс үлестіруге болады?
Компанияның негізгі ресурстарының (қорларының) оңтайлы құрылымы қандай?
Кәсіпкерлік қызметінің негізгі міндеттерін шешу үшін қажет қаржыларды қайдан табуға болады?
Инвестициялық жобаларды бағалау барысында қандай әдістерді пайдалануға болады?
Тапқан пайдаға қалай дұрыс ие болып, дивиденттік саясатын іске асыруға болады?
Осы оқу құралының мақсаты - Қаржылық менеджмент пәнінің негізгі мазмұнын қысқа да түсінікті түрде баяндау: қаржылық басқарудың қазіргі заманғы әдістер жүйесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық қызметі аясында басқарушылық шешімдерді қабылдау қисынын көрсету; қазіргі заманғы қаржы құралдарымен таныстыру. Сонымен бірге, осы құрал оқырманды қаржы менеджментінің негізгі түсініктері мен құралдарын айыруға, кәсіпорынның қаржылық есеп беру әдістерімен танысуға мүмкіндік береді. Активтердің құрылымы айналымдағы және ақша активтерімен жұмыс істеу ерекшелігі, негізгі активтерді кеңейту мүмкіндігі жөніндегі сұрақтар бойынша білімдерін тереңдетуге көмектеседі.
Қаржы менеджментінің анықтамасы.Экономикалық тұрғыдан алғанда қаржылық менеджмент капиталды оңтайлы (ұтымды) және тиімді пайдалану жүйесі ретінде анықталады, яғни ақша құралдарының, инвестиция-лардың және капиталдың көбеюіне бағытталған.
Қаржылық менеджментіне жатады:әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануымен фирманың қаржы саясатын әзірлеу және іске асыру;
қаржы мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау, оларды нақтылау және іске асыру әдістерін әзірлеу;
фирманың қаржылық есеп беруі мен талдауы арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялар қоржынын қалыптастыру;
қаржылық жоспарлау мен бақылау;
фирманың қаржылық - шаруашылық басқару аппаратын ұйымдастыру;
Қаржылық менеджментінің әдістері бағалауға мүмкіндік береді:
қайсыбір ақша салымы тәсілінің тәуекелі мен пайдалылығын;
капитал айналымының жылдамдығын, шапшаңдығын және оның өнімділігін.
Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл - келесі мақсаттар:
пайданы көбейту;
алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.
Қорытындысында, барлық осы мақсаттар салымшылардың (акционерлердің) немесе иелердің (капитал иегерлерінің) табыстарын жоғарылатуға бағытталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, қаржылық менеджмент кәсіпорынның ақша құралдарын және олардың көздерін басқару жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Кез келген басқару жүйесі ретінде оған объекті мен субъекті жатады, яғни басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер.
Басқару объектісі - кәсіпорынның ақша құралдары мен олардың көздері, сонымен бірге қаржы жүйесінің әр түрлі тізбектері және шаруашылық қызметінің басқа қатысушылары арасында пайда болатын қаржы қатынастары. Қаржылық менеджмент жүйесіндегі басқару субъектілері - иегерлер, қаржы менеджерлері және оның басқару кіші жүйесін құрайтын тиісті қызметтер мен ұйымдастыру құрылымдары.
Басқарудың басты субъектісі - кәсіпорын иегері болып келеді. Басқарушы кіші жүйесінің құрамында құқықтық, әдістемелік, кадр, ақпараттық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді айыруға болады. Экономикада кез келген жүйенің қызметі Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңдар шеңберінде іске асырылады. Олар: Қазақстан Республикасының заңдары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері, сонымен бірге нақты кәсіпорынның ережелері мен нұсқаулықтары. Қаржылық менеджметінің әдістемелік қамтамасыз етудің негізін жалпы экономикалық, аналитикалық және арнайы амалдар, әдістер, құралдар мен үлгілер (модельдер) кешені құрайды. Олар шаруашылық объектінің қаржылық ресурстарын тиімді басқаруын қамтамасыз етеді.
Қаржылық менеджменті жүйесінің басты элементі - кадрлық қамтамасыз етуі болып табылады, яғни адамдар тобы (қаржы директорлары, менеджерлері және т.б.) арнайы әдістер, құралдар мен тәсілдер арқылы объектіге мақсатқа сәйкес басқарушылық әрекеттерді іске асырады.. Кез келген экономикалық объектіні басқару оның құрылымдық элементтері мен қоршаған орта арасында ақпаратпен алмасуымен байланысты. Бұл ақпараттың дер кезділігі, толықтығы, дәлділігі мен сенімділігі қазіргі заманғы бизнесте табысты анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып келеді. Осыған орай, қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің маңызды элементі - оның ақпараттық қамтамасыз етуі. Қалыптасу көздеріне байланысты ақпарат ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі ақпарат бухгалтериядан, өндіріс бөлімдерінен, материалдық-техникалық (жабдықтау) қамтамасыз ету, өткізу, маркетинг бөлімдерінен алынады. Бұл ақпарат қаржы менеджеріне толық көлемде белгілі болуға тиісті, фирманың табыстылығы мен тиімділігі көбінесе оның сыртқы ортаға бейімделуімен байланысты.
Қаржы менеджерінің ақпараттық қажеттіліктерінің маңызды бөлігі сыртқы ақпаратқа келеді: нарық коньюнктурасы, сатып алушылар, бәсекелестер, пайыздық мөлшерлемелер, бағалы қағаздар, заңдардағы өзгерістер туралы деректер. Ақпараттық технологиялар саласында қаржы менеджері кәсіби білікті болуға тиісті. Бұндай ақпараттың қолжетімділігі, дер кезділігі әр түрлі факторлардан тәуелді, олардың ішіндегі ең маңыздысы: ақпараттық нарықтың даму деңгейі мен техникалық қамтамасыз етуі. Қазіргі уақытта экономикалық объектілерді автоматтандырылған басқару жүйесін салу барысында техникалық шешімдердің негізі ретінде жоғары өнімді жеке ЭЕМ болып табылады.
1.2. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері.
Бүгінгі таңда қаржы менеджері ақша ағындарын белсенді де тиімді басқару үдерісіне жауапты. Бұл кәсіби қаржы менеджерінің кәсіпорындағы рөлін кұшейтуге әкелді. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттерімен танысу алдында фирманың қаржы сызбасын көрейік. Фирманың қаржы сызбасы
Қаржы талдауы мен жоспарлауы
Активтерді басқарубаланс
Активтер
Пассивтер
Капиталды басқару
Ағымдағы активтер
Қарыз (заем) капиталы
Негізгі активтер
Жеке капитал
2 сурет. Фирманың жалпы қаржы сызбасы.
Қаржы менеджері компания қаржыларымен әр тұрғыдан басқаруы мүмкін. Қойылған мақсаттарға байланысты басқару объектілері ретінде активтер болуы мүмкін, қалай құрамы бойынша, солай құрылымы бойынша да. Пассивтерді басқару капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруға, меншік және қарыз капиталының ара қатысын оңтайландыруға, қысқа мерзімді қаржыландырудың үлесін айқын көруге көмектеседі.
Қаржы менеджерінің маңызды міндеттері:
:: қаржылық талдау мен жоспарлау
:: активтерді басқару
:: капиталды басқару
:: тәуекелдерді басқару.
Тәуекелдерді басқару. Қаржылық талдау менеджерге қаржы жағдайындағы өзгерістерге әкелетін факторларды тауып, негізгі үрдістердің болжамын жасап, фирманың қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыс та өндірістің өсуіне қажет ресурстардың мөлшері мен құрамын бағалап, қосымша қаржыландырудың көздерін табуға жол ашады. Активтерді басқару міндеті шеңберінде қаржы менеджері активтердің сатып алуы мен қызмет көрсетуімен байланысты бірқатар мәселелердің шешуін қамтамасыз етуге тиісті. ең алдымен негізгі және айналымдағы қаражаттардың оңтайлы құрамы мен тиімді құрылымын анықтау қажет. Сонан соң қаражаттарды ресурстардың әр түрлеріне (материалдық, еңбек, қаржы және т.б. инвестициялау қаншалықты экономикалық тиімді екенін анықтау керек. Осыдан басқа, барлық активтер жиынтығының жағдайы мен тиімді пайдалануына бақылау жүйесін әзірлеу маңызды. Соңында - бағаларды қарастырып (салыстырып), активтерді пайдалану тәуекелін бағалау.
Қаржы менеджерінің маңызды өнімі - инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдау. Олар фирмаға қаржылық тұрақтылық беруге, оның ағымдағы және келешек дамуына бағытталады. Инвестициялық және қаржылық шешімдер әдетте сатулар көлемінің өсу қарқындарын оңтайландыруға, инвестициялардың нақты түрлерін таңдауға, инвестицияларды қаржыландыру құралдарының көздерін іздеуге, қарыз және акционерлік қаражаттар құрылымын оңтайландыруға, бағасы бойынша қолайлы ұзақмерзімді және қысқамерзімді займдарды таңдауға бағытталған. Инвестицияларды басқару кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған инвестициялық саясатын қалыптастыруда тұрады. Осы міндеттің шеңберінде ең тиімді немесе қолайлысын іріктеп таңдау мақсатында жеке жобалары мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын бағалауы, қаржы салымы бюджетін әзірлеуі, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыруы және басқаруы іске асырылады. Ақша ағындарын басқару кәсіпорынның ағымдағы, күнделікті қызметінде рөлі маңызды. Осы міндеттің іске асу нәтижелілігінен төлемқабілеті, өтімділігі мен қаржы тұрақтылығы байланысты.
Тәуекел - шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын факторы болып келеді. Іске асыру үдерісінде олардың негізгі түрлері анықталып, осы тәуекелдер деңгейінің және олармен байланысты шығындар көлемінің бағалауы өткізіледі. Алынған ақпарат пен талдау нәтижелерінің негізінде тәуекелдерді кешенді басқаруы бойынша, олардың жеке түрлерін алдын алу және азайту, әртараптандыру, сақтандыру және хеджирлеу бойынша шаралар жүйесі қалыптасады.
1.3. Қаржылық менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері.
Ғылым ретінде қаржылық менеджмент - компанияның қаржылық ресурстарын басқару теориясы мен методологиясына арналған білімдер саласы. Жеке ғылым ретінде қаржылық менеджмент жақында ғана қалыптасты. Г. Марковиц инвестициялық қоржынның қазіргі заманғы теориясының негізін қалаған. Қоржын теориясы: тәуекелдерді азайту мақсатында салымдардың әртараптандыруын зерделеу, нарықтағы бағалық үрдістерді қадағалау үшін нарықтарды шолу. Сонымен бірге бұл теория активтер (бағалы қағаздар) қоржынының құрылымын және күтілетін табыстармен оның ара қатынасын қарастырады.
Бұл еңбектерде қаржы активтеріне қаржыландыру саласында шешімдерді қабылдау методологиясы мен тиісті ғылыми құралдары ұсынылды. Арғы дамуын бұл бөлім бағалы қағаздардың баға белгілеуіне, капитал нарығының тиімділігі тұжырымдамасында тәуекелдерді және табыстылығын бағалау үлгілерін құруға және олардың тәжірибелік растауында жаңа қаржы құралдарын әзірлеуге арналған зерттеулерде жалғастырды. 60 - шы жылдарда У. Шарт, Дж. Линтнер, Дж Моссин бірігіп, қаржы активтердің табыстылығын бағалау моделін (үлгісін) әзірледі, ол үнемі (жүйелі) түрдегі тәуекел мен қоржын табыстылығын байланыстырады. Бұл модель (үлгі) қазіргі уақытқа дейін қаржы теориясының ең беделді ғылыми жетістіктері болып табылады. Бірақ ол үнемі сынға бөлене бергесін, кейінірек бірнеше амалдар әзірленді, мысалы арбитраждық баға белгіленуі теориясы (Arbitrage Pricing Theory APT). АРТ тұжырымдамасын қаржы саласының белгілі маманы Стивен Росс ұсынды. Үлгі (модель) негізінде келесі пайымдау жатыр: кез келген акцияның нақты табыстылығы екі бөліктен тұрады: кәдімгі (күтілетін) және тәуекелді (белгісіз). Соңғы сәт көптеген экономикалық факторлармен анықталады, мысалы, елдегі нарықтың ахуалымен, жалпы ішкі өніммен, әлемдік экономикалық тұрақтылығымен, инфляциямен, пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен және т.б. Капитал құрылымы теориясы
Активтердің табыстылығын бағалау моделі (үлгісі)
Дивиденттік саясаты теориясы
Арбитраждық баға белгілеу теориясы
Опциондардың баға белгілеу теориясы
3 сурет. Қаржылық менеджментінің негізін қалайтын теориялары.
50 - ші жылдардың екінші жартысында капитал құрылымының және қаржыландыру көздері бағасының теориясы бойынша зерттеулер өткізілді. (Дж. Уильямс, Д. Дюран, Ф. Модильяни, М. Миллер және т.б.) 1958 жылы қолданбалы микроэкономикадан қаржылардың қазіргі заманғы теориясы жеке бөлініп шықты. Қаржылардың қазіргі заманғы теориясының шеңберінде ірі компанияның қаржыларын басқару әдіснамасы мен техникасына арналған ғылым ретінде қаржы менеджменті қолданбалы пәні қалыптасты. Қазақстан экономикасының нарық жолына түсу шеңберінде 90-шы жылдардан бастап банк жүйесіне түбегейлі өзгерістерді енгізу, меншіктің жаңа түрлерін енгізу, бухгалтерлік есептің өзгеруі қаржы ресурстарын басқаруды өзектіге айналдырды.1.4. Ұзақмерзімді (стратегия) және қысқа мерзімді сипатты( тактика) қаржылық шешімдер.Қаржы менеджментінің мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Ұзақмерзімді келешекте олар кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес келіп, оның іске асыруын қамтамасыз етуі керек. Дәстүрлі және практикада кең таралған басқару мақсаттарына жатқызуға болады:
:: пайданы көбейту;
:: қаржы тұрақтылығын ұстап тұру;
:: тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемдерін көбейту.
Кәсіпкерліктің басты мақсаты - алынған пайда көлемінің шығындардан асып түсуі. Тиімділік пен шығындар арасындағы айырым пайда түрінде білінеді. Сонымен, коммерциялық кәсіпорынның соңғы мақсаты оның қызметінен пайданы көбейту болып табылады. Әрине, кәсіпорын сол пайданың көбеюіне ұмтылады, бірақ бұл мақсатқа жету үшін күш-қуатының шоғырлануы келешекте келеңсіз жағдайларға әкелеуі мүмкін: өнімдер мен қызмет көрсетулер сапасының төмендеуіне, негізгі қорлардың тозуы мен моральдік ескіруіне, сатулар көлемі мен бәсеке қабілеттігінің түсуіне, нарық үлесін жоғалтуына, білікті қызметкерлердің кетуіне және т.б. Бұлар пайданы азайтып, шығындардың пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz