Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ортағасырлық Жанкент қалашығының топографиясы жане құрылымы (жаңа зерттеулер бойынша)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І ТАРАУ. Жанкент қалашығының зерттелу тарихы

  1. Жанкент қалашығы жайлы жазба деректер 7
  2. Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер 11
  3. Жаңа зерттеулер 16

ІІ ТАРАУ. Жанкент қалашығының топографиясы

2. 1 XIX-XX ғасырдың ортасындағы Жанкент қалашығының жоспары және құрылымы 19

2. 2 Шахристан 22

2. 3 Цитадель 30

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

ҚОСЫМШАЛАР 40

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ел Президенті «Сыр -Алаштың анасы» деп атаған киелі өңір-көне дәуір шежіресі, мәңгі өшпес те өлмес тарихи және мәдени мұралардың асыл көмбесі. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл қасиетті мекенде біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын дамыған адамзат өркениеті дүниеге келген. Осы өңірдегі ежелгі және ортағасырлық Шірік-Рабат, Алтын Асар, Жанкент, Жетіасар, Моншақты Асар, Жент сияқты қырыққа жуық қираған қалалардың орны бабалар дәуірінің ескерткішіндей. Зерттеу жұмысында Шығыс Арал маңы, Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Жанкент қалашығының тарихы, мәдениеті және осы кезге дейінгі жүргізілген зерттеулер кеңінен қаралады. Сонымен қатар Жанкент қаласының Арал маңындағы тарихи дәрежесі айқындалып көрсетіледі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сыр өңірі - батысында Арал теңізін, солтүстігі мен шығысында Орталық Қазақстанға дейін, ал оңтүстігінде Қызылқұм мен Қарақұм шөлейттеріне дейінгі жерлерді қамтитын Тұран ойпатының бір бөлігі. Сырдария өзені Аралға құяр сағасында бірнеше салаларға бөлінеді. Олар: Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария және Ескідариялық. Біздің заманымыздың І мыңжылдығының соңында Ескідариялық арнасы кеуіп, бұл жерде Жетіасар мәдениетін қалыптастырған халық көше бастайды. Осы жерден үдере көшкен халықтың бір бөлігі Сырдарияның қазіргі арнасының Аралға құяр жерінен «Батпақты қалалар» мәдениетін өркендетті. Олардың қатарына Кескен-күйік қала, Жанкент және Күйік қала жатады. Патша үкіметі кезеңіндегі зерттеушілер бұл аймақты мекендеген халықтар көшпелі өмір сүрген деген пікір қалыптастырған еді. Соңғы зерттеулер болса бұл пікірге өзгеріс енгізді. ХАЭЭ-сының зерттеушілері мен отандық ғалымдар (Ж. Құрманқұлов, К. Байпақов, М. Елеуов, Ә. Тәжекеев) Сырдың төменгі алқабын мекендеген халықтың негізгі тұрмысы ежелден жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік кәсібі екенін дәлелдеп жатыр. Отырықшылықтың дамуы «қала мәдениетінің» қалыптасуына әкелді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, мықты бекіністі қорғаныс жүйесі мен әскери құрылымы жақсы дамыған қалалары Арал маңы оазисіндегі жоғарғы мәдениет ошағына және сауда-саттық мегополисіне айналған. Сонымен қатар көптеген оқиғалардың ортасында болған бұл аймақтың саяси, экономикалық, мәдени байланыстары Еуразия құрлығында маңызды рөл атқарғандығын тарихтан көреміз. Ел тарихында астаналық дәрежеге ие болған: Арал маңын мекендеген ежелгі сақтардың ордасы - Шірік-рабат, Ортағасырлық оғыз мемлекетінің орталығы болған - Жанкент, Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, кейіннен қазақ хандығының астанасы болған - Сығанақ және 1925-1929 жылдары Қазақ АКСР-нің астанасы атанған - Қызылорда (Ақмешіт) қалалары бұған дәлел болады. Дипломдық жұмыстың өзектілігі Шығыс Еуропа мен Жетісу, Орыс жерлерінің оңтүстігі мен Хорезм арасындағы кең-байтақ аумақта мемлекетіліктің дамуындағы негізгі фактор - оғыз мемлекеті қалыптастырған «қала мәдениетінің» тарихи маңызын, сонымен қатар, оғыз мемлекетінің астанасы болған Жанкент қалашығының зерттелу тарихы және құрылымы мен жоспары, топографиясын кеңінен қарастырады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі .

Жанкент- орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан. Жувенидің, Несевидің және Омаридің кейбір еңбектерінде ол «Шаһаркент» деп те берілген. В. В. Бортольдтің пайымдауынша, Жанкент 10-11 ғасырларда Оғыз мемлекеттік бірлестігі билеушілерінің қысқы ордасы болған. Жанкентте 1867жылы П. И. Лерх және М. К. Приоров кішігірім қазба жұмыстарын жүргізіп, жобасын түсірген. Зерттеуді келесі жылы (1868) В. В. Верщагин жалғастырды. Ал 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы ( жетекші. С. П. Толстов) кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың нақты жобасын сызып, әуеден, суретке түсірген. Ортағасырлық деректерде Жанкент қаласын мұсылмандар қоныстанған. Гардизидің жазбаларында Ертіс өзенінің бойын жайлаған қимақтарға апаратын сауда жолына Жанкент арқылы өткен. Сондай-ақ, Сырдың бойымен Мауренахрдан Жанкентке астық тасылған. Қаланың өрлеген шағы Шыңғысханның шапқыншылығына дейінгі уақыт, яғни 10-12 ғасырлар аралығы. Оның парсыша аты Дех-и-Нау, арабша әл-Карьят әл-Хадиса, түрікше Янгикент, қазақша Жанкент, демек «Жаңа қала» деген мағынаны білдіреді.

2005 жылы ескерткішті зерттеуде жаңа кезең басталып, яғни Арал маңының тарихын тануда ұлттық көзқарас қалыптасты. Сол жылдан бастап құрамында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен студенттері және Ресей елінің Н. Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының археолог ғалымдары бар «Жанкент археологиялық экспедициясы» қазба жұмыстарын бастады. Бұл экспедицияның жұмыстары бүгінгі күнде де жалғасын табуда. 2005-2015 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде 2010 жылы «Ежелгі қала - Жанкент» және «Сводный отчет об археологических работах на городище Джанкент в 2005-2007, 2009 годах» атты кітаптары баспадан шықты.

Сонымен қатар «Материалы Джанкентской археологической экспедиции. Археологические работы на городище Джанкент»,

«Ортағасырлық Жанкент қалашығында 2013 жылы жүргізілген археологиялық жұмыстардың қысқаша қорытындылары», «Early medieval urbanization and state formation east of thе Aral Sea: Fieldwork and international workshop 2011 in Kazakhstan», «Средневековые городища древней дельты Сырдарьи» т. б. мақалалары ғылыми конференциялар мен газет-журналдарда жарияланды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Шығыс Арал маңы, Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан оғыз тайпаларының ордасы Жанкент қаласының тарихын, маңызын және топографиялық жоспарын айқындау:

1. Жанкент қаласының орналасу аймағын көрсету;

2. Жанкент қаласына байланысты деректерді барынша көрсетіп, талдау жасау;

3. Жанкент қалашығының құрылымын зерттеу

4. Жанкент қалашығына жүргізілген археологиялық зерттеулерді көрсету;

Зерттеу жұмысының нысаны. Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы Жанкент қалашығының тарихы. Сонымен қатар, Жанкент қаласының құрылыс жүйесі мен қаланың ортағасырдағы тарихи орны, зерттеудің негізгі нысаны болып отыр.

Диплом жұмысының деректемелік көзі. Қызылорда облысының ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы баяндалған «Сыр елі» энциклопедиясындағы мәліметтер пайдаланылды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ғылым Академиясы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедциясының ғылыми еңбектерінен және Ресей Федерациясының Н. Н. Михлухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының археолог ғалымдары мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген «Ортағасырлық қалалар: Жанкент қала жұрты» атты жобасы бойынша Жанкент археологиялық экспедициясының ғылыми есептері мен еңбектері пайдаланылды. «Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы» атты ұжымдық кітабы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жеке кітап қорынан алынды.

Жұмыстың зерттелу әдісі. Еліміз егеменді болып, еңсесін көтергелі ширек ғасыр уақыт өтті. Содан бері ұлтымыздың тарихы қайта қаралып, әр кезеңге жазылған еңбектер тарихи салыстырмалық әдіспен зерделеніп жатыр. Бұл жұмыстыңда зерттелу әдісінің негізіне Шығыс Арал маңын мекендеген оғыз тайпаларының саяси және мәдени даму процесін, олардың қала салу мен жер суландыру жүйелерінің қалыптасу тарихына байланысты археологиялық материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырып талдау болып табылады. Бұл методологиялық әдісті Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының мүшелері С. П. Толстов, Б. В. Андрианов, М. А. Итина және т. б ғалымдар өз еңбектерінде қолданған. Олар көзқарастарында Шығыс Арал маңын мекендеген тайпаларда жер өңдеуші және көшпенді халықтың арасындағы байланыстар бар деп есептейді. Осы зерттеу жұмысында жоғарыда айтылған экспедицияның материалдары бүгінгі күнгі қалыптасқан жаңа көзқараспен қаралады. Сонымен қатар Жанкент қаласына жүргізілген соңғы қазбалардың нәтижелері пайдаланылады.

Жұмыстың қолдану аясы. Дипломдық жұмыс ортағасырдағы Шығыс Арал маңының саяси және мәдени дамуында Жанкент қаласының тарихи рөлін айқындауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жүргізілген зерттеу жұмысын жоғарғы және орта оқу орындарындағы тарих және археология мамандықтарының студенттеріне Қазақстан тарихын оқытуда, ал мектеп оқушыларына өлке тарихын оқытуда пайдалануға болады.

Географиялық аймағы. Ескерткіш Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Өркендеу ауылының территориясында орналасқан.

Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Ортағасырлар кезеңі

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып және оның тәжірибелік маңыздылығы көрсетілген. Диплом жұмысының негізгі мәселесі өңіріміздегі ортағасырлық ескерткіш - Жанкент қаласының ел тарихындағы маңызын анықтау мен оны дәріптеу еді. Осы жұмыс аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бастамасымен өлкедегі тарихи нысандарға жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін көрсету болатын. . Осыған байланысты зерттеу жұмысының мазмұны екі тарау түрінде жасалды.

Қорытынды да зерттеу нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар айтылды.

І ТАРАУ. Жанкент қалашығының зерттелу тарихы

1. 1. Жанкент қалашығы жайлы жазба деректер

Сан қилы тарихи оқиғаларға куә болған Сыр өңірі «оғыз» кезеңі деп аталатын IX ғасырдың ортасынан XIII ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықты қамтитын уақытта да саяси және тарихи-этникалық процестерден туындаған талас-тартысқа толы аймақ болды. Осы кезеңде өлкедегі табиғи-экологиялық жағдайдың өзгеруі де жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына, мәдениетіне тікелей әсер етіп, олардың жан-жаққа қоныс аударуына, осылайша, аймақтағы миграциялық процестердің күрделене түсуіне әкелді. Алабында қаңлылардың жетіасар мәдениеті өркендеген Ескідариялық арнасының VIII ғасырдан бастап тартыла бастауы оның тұрғындарының батысқа қарай бет алуына және бір тобы көршілес Амударияның төменгі ағысы бойына көшіп кетуіне мәжбүр етті. Дегенмен, Жетіасарлық тұрғындардың кейбір топтары Сырдарияның жаңадан қосылған арнасы Қуаңдария бойына және ішінара қайта суланған Іңкардария, Жаңадария алаптарына қоныс тепкен болатын. Табиғи-экологиялық өзгерістерден туындап, шиеленіскен осындай этникалық және миграциялық процестер Жетісу жерінен келген оғыз тайпаларының аймақтағы саяси үстемдікке біршама тез жетуіне жағдай жасады. Бұған дейін ортағасырлық араб-парсы жазба деректерінде Канг, Кангха, Қытай жылнамаларында Кангюй аталып келген Сырдария аймағы X ғасырдан бастап «Мафаззат ал-гузз» - «Оғыз даласы» деп атала бастайды .

Оғыздар - этникалық қалыптасу тарихы Батыс Жетісу жерінен бастау алатын, IX ғасырдың ортасында Сырдарияның төменгі ағысында саяси билікке ие болып, мемлекет құрған түркі тілдес тайпалар. Олар X-XI ғасырларда көршілес Орта Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тығыз саяси, экономикалық байланыстар жасай отырып, сол кезеңдегі саяси аренада өзіндік беделге ие болды. Сонымен қатар, оғыздар ортағасырларда қазіргі Қазақстан жерінде ғана емес, Орта Азия және Кіші Азия жерлерінде өмір сүрген мемлекеттердің тарихында аса үлкен рөл атқарды. Оғыздардың Сырдария жағасындағы ең атақты қалалары Янгикент (Жанкент), Жент, Үзкент (Өзгент), Баршынкент (Қызқала) .

Қорқытпен қосақталып айтылатын тарихи хикаяның бағалысы әсіресе Жанкент қаласы туралы аңыздар. Сол аңыз бойынша бұл қаланы көп заман билеген кісінің бірі елге үгіт-насихат айтушы, өзі жүзден асқан ойшыл қарт болады. Әбілғазының түркімен шежіресінде оғыз елі әр уақыт Жанкент қаласына жиналып, қайы халқынан Инал Яуиды хан көтеріп, оған Қорқыт атаны уәзір ететіні айтылады.

Жазба алғаш рет араб тарихшысы Ибн-Рүстемнің еңбегінде аталады. Сондай-ақ араб географы Ибн-Хаукал оғыздардың басты қаласы Жанкент болды, оны ирандықтар Нау-Керде, арабтар Эл-Харият, сарматтар Дахи Нау деп атаған дейді. Жанкент (Күйік қала) -биікке орналасқан. Жанкент атауының өзі Янгикент- Жанакент-Жанкент (Жаңа қала) деген мағынаны білдіреді. Жанкент тарихы ғасырлар қойнауында жатыр. Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырды ІІ-жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі. Жанкент шаһары-аумағы 15-20 гектар, егіншілігі, саудасы мықтап өркендеген қала болды. Қала маңындағы ирригациялық жүйелер егіншіліктің шаруашылықтағы негізгі басты саласы болғандығын әйгілеп тұр. Ол кезеңде Арал теңізін Жент теңізі деп атаған. Жанкент тұрғындары осы теңіз маңынан үлкен тұз көзін тауып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастарын жасаған.

Қыпшақ-қимақ мыңдап мал айдап, Қарлан өткелі арқылы Жанкентке келіп, сауда жасаған. Қаланың шет көшелері құмыра жасаушылардың, ұсақ қолөнршілердің, зергерлердің, қару-жарақ жасаушы ұсталардың балшықтан соққан сабан үйлері мен ұстаханаларына толы еді. Ал шаһар орталығындағы гүлзар баққа оранған, хауыздары мөлдір суға тұнған қала бектерінің биік дуалмен қоршалған үйлері болды. Қала сырты үш орам болыпсуға толтырылған орлармен қоршалған. Шаһардың сыртпен араласатын төрт қақпасы болды.

Әрбір жұма күні шаһар орталығындағы базар алаңында сауда қызу жүріп жататын. Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы тоғыз жолдың торабына орналасуы қаланың географиялық, экономикалық маңызын арттыра түсті. Қытай жібектері, Үнді маталары мен жемістері, араб елдерінің құрмасы, науаты, Иран құлдары базарда өтімді тауар болып саналатын.

Оғыздарда қалалы мәдениет жоғары дамыды. Х ғасырда Жанкент бойының оғыздары Жайықтағы печене (печенег) және башқұрттармен 34 жыл жауласады (922-956 ж. ж) . 956 жылдан соң бұл алалық түркімен және қыпшақ оғыздарының арасында өтеді. Негізінде ұлыстың түбіне жеткен де осы қайшылық болды.

Ислам мәдениеті Сыр өңіріне Хорезм, Бұхар, Отырар арқылы еніп, Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы бүлінеді. Яғни Жанкент оғыздарының арасында көсемі Қазан-Салор мұсылман дінін 963 жылы қабылдап, ал Қорқыт болса тәңірлік ескі культті (шаманизм) жақтап, қимақ-қыпшақ арасына кетеді. Қимақ (Әлім), Қыпшақ (Қоңырат) тайпалары көшпелі тұрмыста қалып шаман нанымын тұтынады. Ал Жанкент болса, Қазан-Салордың (Түркмен) елі болып қалады.

ХІ ғасырдың басында оғыздардың бір қанаты - селжуктар күшейіп, Селжұқ мемлекетін құрады. Әлемге әйгілі болған осы мемлекеттің сюбашы (көсемі) Селжұқөз жолын осы Янгикенттен 935 жылы бастаған болатын. 1034 жылы Селжұқ әскерінің қолбасшысы Тұғрылбек Хорасан патшалығын әскери күшпен өзіне қаратады. Бұдан соң селжұқтарға Хорезм, бүкіл Иран мен Азербайжан бағынады. 1055 жылы Тұғрылбек араб халифатының астанасы-Бағдатты басып алады. Бағдатта Тұғрылбек сұлтан болып отырады.

Тұғрылбектен кейін сұлтан болған Алып Арысланның және оның баласы Жәлеледин Мәлік шахтың бүлік жүргізген кезінде селжұқтар қатты күшейді. Қытайдан Жерорта теңізіне, кавказдан Иеменге дейінгі созылып жатқан жерлерде селжұқтар билейді. Жәлеледин Мәлік шахөлген соң, оның орнына отырған баласы Санжар астананы Хорасаннан Мервке (Түркіменстан), одан Жанкентке көшіреді. Жанкент мықты бекініске айналды. Парсы тарихшысы Равэнди 1158 жылғы оғыздар мен селжұқтардың арасында болған соғыстың дерегін келтіреді. Бұл екі тайпа оғыздардың екі бұтағы болса да, Санжар сұлтан тұсында өзара қатты жауласқан. Осы шаһарда Хорасанды, Шығыс Иранды, Хорезм мен Мауреннахрды билеген Селжұқ сұлтаны Санжардың өкіметі 1153 жылы тіршілігін тоқтатты. ХІІІ ғасырда монғолдардан ығысқан олар Кіші Азия, Анадолы жеріне барып, Селжұқтар династиясын (1225-1258) құрады.

1219 жылдың күзінде Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары монғол-татар шапқыншылығы салдарынан күл талқан болып қирады. 400 жыл бойы қалалы мәдениет жасағын оғыз-қыпшақ тайпалары таға да көшпелі өмірге түседі.

Монғол-татарлар салған ойран басылмай жатып-ақ, Янгикент сауда мен қолөнер орталығының бірі ретіндеқайта көтеріліп, ХІҮ ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мұсылман мәдениеті ықпалында болған бұл қала Жаңақала-Жанкент деп аталады.

Алайда ХҮ ғасырдан бастап қала жазба деректерден кездеспейді. Қала жоғалады. Оның жойылу себебі неде?

Қала бірнеше жойқын соғысты басынан өткерді. Бірі жолындағының бәрін талқан қып, төбеге айналдырған монғол-татар шапқыншылығы. Енді бірі Ақсақ Темірдің тонау-талқандау жорықтары. Мүмкін осы соғыстар суармалы егіншілікпен айналысқан, бейбіт ғұмыр кешкен қала халқын тоз-тоз еткен де шығар.

Араб саяхатшысы Хафизи-Абрудың жазбаларында Сырдарияның ХҮ ғасырда Отырар тұсынан батысқа бұрылып, Әмудариямен біргеКаспийге құйғандығын айтады. Әрине бұл Сырдың төменгі ағысындағы Жанкент қаласына да ықпалын тигізбей қоймайды. Егіс алқаптары, ирригациялық жүйелер су жүрмегендіктен құм басып шөлге айналады. Негізгі тіршілік су болған, егіншілік айналысқан қала тұрғындарының шаһарды тастап кетуіне мұның да себеп болуы әбден ықтимал.

Жанкент қаласының орнын бірнеше рет қазып зерттеген ғалым П. И. Лерх (1857 ж) . Ол кісі көрген кезде қаланың ескі қабырғалары, кейбір архитектурасы, көшелерінің ізі әлі жоғала қоймаған. Сыртынан қарағанда Жанкент қаласының түрі үлкен төбе сияқты үйінді болып жатады. Оның аумағы төрт бұрышты, жан-жағы тұтасымен биік қыш қамалмен қоршалған. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрдей. Ең жақсы сақталғаны оңтүстік қабырғасы, онда қатар -қатар тізбектелген бірнеше биік мұнаралар, оқ ататын тесік көздер сақталынған. Ең биік мұнара оңтүстік батысында болған. Қаланың ортасында жан-жағын қоршаған ескі сарайдың орны, онда ел басқарушылары тұрған.

Үйлердің орнын, қабырғасын аршып көргенде, одан көптеген архитектура үлгісі, қабырғаға түсірген суреттер, күйдірілген кірпіштер, көк қызғылт шынымен (глазурь) жапқан көзе тақталар, террокоталар, ғанышпен жасалған өрнектер, көзе сынықтары, араб жазуымен әшекейленген сауыттар, тағы сол сияқты өнер өрнектері табылған. Қазғанда табылған өзгеше нәрсенің бірі-сол ескі дәуіде әдемі дүние жасайтын шеберхананың орны. Оны қазғанда ішінен кірпіш күйдіретін, көзе сауыт күйдіретін, әдемі глазурь шынылары, шеберхана орындары табылған. Олардың барлығында сол кезде өндірісте істеген жұмыстардың қалдығы көп табылған, соның бірі-араб әріпімен жазылған кірпіш.

IX-X ғасырларда орталығы Сырдарияның төменгі ағысындағы Янгикент (Жанкент) қаласы болған. Оғыз мемлекетінің қалыптасуы толық аяқталады [4, 132 б] . Оғыздарда қалыптасқан мемлекеттің болғаны туралы алғашқы хабарлар ортағасырлық араб тарихшылары әл-Якубидің (IX ғасыр) және Ибн әл-Факихтің (X ғасыр) шығармаларында кездеседі. Араб деректемелерінде, сонымен қатар, оғыздардың әулеттік билеушілерінің Сырдарияның төменгі бойы мен Арал өңірін басып алғанға дейін-ақ өздерінің ордасы болғаны, оның Ескі Гузия деп аталғаны және оның астана делінгені жайлы айтылады. Оғыздар мәселесін зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, Ескі Гузия шамамен Тянь-Шаньның батыс сілемдері, Шу өзені мен Қаратау аралығында орналасқан болуы керек [2, 316 б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сортөбе қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Орналасуы, құрылымы және заттар кешені
Жaнкeнт қaлaшығының қыш бұйымдар кeшeні
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
Жaнкeнт қaлaшығының қыш – ыдыстaр кeшeні
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz