Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы


Дипломдық жұмыс
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
І. Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих . . . 6-8
1. 1. Қaлaлaрдың қалыптасуыныңсаяси алғы шарттары . . . 8-13
1. 2. Қaлaлардың құрылуы. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы қала мәдениеті . . . 14-22
ІІ. Алтын Орда мұрасы - Сыр бойы қалалары жаңа жәдігерлермен . . . 23
2. 1. Сыр бойы қaлaлaрының зерттелу тарихы . . . 23-29
2. 2. Aлтын Орда тұсындағы қалалардың дамуы . . . 29-41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 43-45
АННОТАЦИЯ
Диплом жұмысының өзектілігі:
Диплом жұмысында Сыр бойының Алтын Орда дәуіріндегі ортағасырлық қалаларына жүргізілген жаңаша зерттеулері сөз болады. Қызылорда облысында жүздеген тарихи-мәдени ескерткіштердің бар екенін ескерсек, олардың әрқайсысының тарихы, өзіндік ерекшелігі мен құндылықтары бар. Зерттеу жұмысы барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасында Өңірлік қасиетті нысандар тізбесіне енгізілген Алтын Орда дәуірі қалаларының тарихы жан-жақты баяндалады.
2019 жылы Президент Қ. К. Тоқаевтың бастамасымен Алтын Орданың 750 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланғаны белгілі. Осы мақсатта Сыр бойындағы Алтын Орда дәуірінің мұралары болған қалалартарихын зерттеу, ғылыми айналымға енгізу диплом жұмысының өзектілігі болып табылады. Сыр бойы қалаларының көпшілігіне кешенді қазба жұмыстары тұрақты жүргізілмеген. Атап айтатын болсақ, Сыр бойы қалаларын зерттеудеакадемик С. П. Толстовтың Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын, археолог-ғалымдар Н. Н. Вактурская, П. И. Лерх, В. В. Бартольд, Е. Смирнов, К. А. Пищулина, С. Г. Кляшторный, В. Каллаур, Т. И. Сұлтанов, А. Ю. Якубовский, Т. Мәмиев еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Мaқсaты мен міндеттері: Ортaғасырлық қалалардың тарихи-мәдени қырларын анықтау, Сыр бойы қалаларының жергілікті халықтар мәдениеті мен көрші елдер мәдениетінің тоғысуындағы ролін анықтау, қалалардың қалыптасу, даму және құлдырау кезеңдерін жас зерттеуші ретінде қарастырып, өзіндік баға беру жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Сананы жаңғырту, өткен тарихымызды түгендеу, киелі жерлер мен рухани қасиетті орындар - халықтың рухани дәстүрінің тірегі. Сыр бойы тарихи қалалардың шоғыры. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы ұлттық нышандарды, қазақстандық ұлттық бірегейліктің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Елбасы мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қaсиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі», - деген болатын.
Сыр өңіріархеологиясында, қалалық мәдениеттің дамуында «Қасиетті қосөзен» Сырдария мен Әмудария аймағында ежелден өркениеттер ізі сақталған.
Әлімсақтан өркениеттің ізі өшпеген Сырдың бойы әр төбесі қасиетті жер болып табылады. Сол себепті, тарих көзімен қарағанда кешегі, яғни кейінгі ортaғасырлық пантеонға айналған ірі қорымдар немесе киелі сaнaлып кеткен тарихи орындарға тоқталмас бұрын өңіріміздің киелі (қасиетті) орындарының орналасуы, мерзімделуі және ерекшеліктерін талдауды жөн санадық. объективті тұрғыдан баға беру жұмыстың сипаттамасын анықтайды.
Диплом жұмысыныңөзектілігі:
Оғыз-қыпшақ кезеңінде орын алған үздіксіз соғыстар мен қақтығыстарға, саяси-этникалық жағдайлардың шиеленісуі мен өлкедегі табиғи-экологиялық ахуалдың өзгеріске ұшырауына қарамастан, Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген тұрғындар IX-XII ғасырларда. осы аймақта ортағасырлық қала мәдениетін жасап, дамыта алды. Сырдарияның ескі арналарының бассейндеріндегі оғыз-қыпшақтардың бекініс жүйесі мықты қалалары олардың көршілес Хорезм және Шығыс Еуропа елдерімен арадағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстарында маңызды роль атқарды.
Тарихи деректерге жүгінсек, Сырдың бойында жүздеген ортағасырлық қалалар бары анықталған. Бірақ, олардың ішінен оғыздардың астанасы болған Жанкент, Жент, қыпшақ хандығының, Ақ Орда мемлекетінің және Қазақ хандығының астанасы - Сығанақ қалашықтары ортағасырлық киелі мекендер санатына жатады. Оларға атақты Асанас, Баршынкент, Сауран сияқты ірі шаһарларды қосуға болады. Осы қалалардың ішінде 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Асанас қалашығында кешенді археологиялық қазба жұмыстары басталды. Бүгінде аймақтағы жаңашазерттеу, елеусіз қалған қалаларды тарих бетіне шығару, бұрмаланған және зерттеуге тыйым салған мәселелерін зерделеп, ұрпақ жадында жаңғырту, табылған деректерді көпшілік назарына ұсыну.
Дипломдық жұмыстыңзерттеу нысаны
Сыр өңірі, ежелден Алты Алаштың отаны, қазақтың қара шаңырағы болған аймақтардың бірі. Оған аймақ жерінен табылған тас дәуірінің іздері, сақ, ғұн, қаңлы, ортағасырлық түркі тайпаларынан қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, Сыр жағасында көне қалалардың орындары, «Ұлы Жібек жолының» батыс пен терістікке шығатын тоғыз жолдың торабында болуы, мемлекеттердің орталығы болғандығының дәлелі. Осы мақсатта жұмысты жазу барысында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының Хорезм және Қызылорда облыстарының жерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері пайдаланылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдаламасы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері және С. П. Толстовтың «По древним дельтам Окса и Яксарта» // М. : Изд-во восточной лит-ры. 1962. 324 с., Н. Вактурскаяның «Этнография и археология Средней Азии» (М. Наука, 1979г. ) Ә. Қоңыратбаев, Ғ. Мұсабаев және жергілікті археолог-ғалым Т. Мәмиев еңбектерін пайдалану археология ғылымына қосылған сүбелі үлес болып табылады.
Диплом жұмысыныңмақсаты мен міндеттері.
Қойылған мақсатқа сай Сыр бойындағы Алтын Орда дәуірінің ортағасырлық қалалары туралы барлық мәліметтер жинақтау. Зерттелінген ескерткіштерді негізге ала отырып, қалалық мәдениеттің қалыптасу кезеңдері жайлы бөлім жазылды. Өлкемізде соңғы жылдары жүргізілген, керемет қалалардың туындылары шыққан археологиялық зерттеулер арнайы түрде толық сипаттала жазылды. Тақырып зерттеуді қажет ететін, мол мәлімет беретін Қазақстан археология ғылымындағы өзекті салалардың бірі болып табылатын қалалардың тарихын жан-жақты объективті түрде ашып көрсету - диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті болып саналады.
Зерттеу жұмысының пәні. Археология.
Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысының негізгі дерек көзінегізінен кеңестік және отандық археологтар В. Каллаур, С. Толстов, П. Лерх, В. Бартольд, Ә. Марғұлан, К. Байпақов, Ә. Қоңыратбаев, С. Жолдасбайұлы, Т. Мәмиев, Ә. Тәжекеев еңбектері мен облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы материалдар пайдаланылды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері . ХІІІ-ХV ғасырдағы Алтын Орда кезеңінің тарихы қамтылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Диплом жұмысының негізгі жаңалығы - Алтын Орда мұрасы болған Сыр бойы қаларының тарихын жаңаша зерттеу;
- Алтын Орда дәуірінде Сыр бойы қалаларының орнын анықтау, баға беру;
- Қазақ тарихында Сыр бойы қалаларының қайта жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, тың деректер ұсыну.
- Археология ғылымының дамуына жол ашу.
Тақырыпқа байланысты жинақталған мағлұматтарды жинақтап, зерделеу;
- Сыр бойы қалалары жайлы дерек көздерін жинақтау;
- Қалалардың тарихын мәдени қабаттарына байланысты жіктеу;
- Тарихи-мәдени мұралаларға сипаттама беру;
- Сыр бойы қалаларын болашақта киелі орындар қатарына кіргізіп, туристік маршруттар орталығына айналдыру.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарихы
1. 1. Қалалардың қалыптасуының саяси алғы шарттары.
Сыр өңірінде қала мәдениеті сонау сақ-массагет дәуірінен дамыған. Әсіресе, оғыз-қыпшақ дәуірлерінде Женд, Жанкент, Сауран, Сығанақ, Өзкент қалаларының аты шыға бастағаны ортағасырлық еңбектерден белгілі. Х-ХІ ғасырларда Арал теңізі «Жендтің» атымен аталды. Қалада болған ортағасырлық ғұлама Жамал Қаршидың мәліметінше, моңғол шапқыншылығынан қала бүлінген кейінгі кездердің өзінде экономикалық мәдени маңызын жоғалтпаған.
ХІІІ-ХІV ғасырларда Арал аймағында жоғары қолөнер мен сауда орталықтары болған, Жентте, баршынкентте және Сығанақта, Сауранда теңгелер соғылғаны жайлы деректер кезедеседі.
Қала салу ісін, оның құрылымын жан-жақты елестету үшін, өз қалпын сақтаған Орта Азия және Қазақстанның ертедегі қалаларына жасалған археологиялық зерттеу тәжірбиелерін ескеріп, бүгінде салыстырмалы талдауды қажет етуде. Қалалардың қалыптасуын зерттей келе, қалалардың дамуы және бекіністік құрылыстары, құрылымдары саяси-экономикалық деңгейі мен табиғи орналасуына орай икемделе отырып, қалалар бұрыңғы қалыптасқан дәстүр бойынша өркендеді немесе олардың территориялары қысқарды.
ХІІІ ғасырда осы өлкеден өткен ортағасырлық саяхатшылар Плано Карпини мен Вилгельм Рубрук өз жазбаларында: «Бұл жерде біз сансыз қираған қалалар, бекіністер мен бүлінген тұрақтарды кездестірдік. Осы жерде аты белгісіз өзен бар. Онда белгілі Янкент атты, басқа да Бархинь және үшіншісі Орнас есімді қалалар орналасқан» - деп нақтылайды. Бұдан кейінгі зерттеулер көрсеткендей, Сыр өңірінде кейінгі орта ғасырлар кезеңінде қалалардың өмірі жалғасқанын көруге болады[1. 58] .
С. П. Толстов VІІ ғасырлардағы Елтеріс қағанның жорығына байланысты айтылатын «Балық» сөзін Арал маңының «батпақты қалалары» тарихымен байланыстырып, б. з. б. І мыңжылдықтың ортасындағы балықшылық пен отырықшылыққа мазмұндас екенін айта келе, алғашқы «қала» сөзі жайлы болжам айтады.
Зерттеушілер қазақтардың отырықшы тұрақтарын кент-қала деп айтады. «Кент» сөзі - иран тілінен шыққан. Ол түркі тіліне VІІ-VІІІ ғасырларда еніп, кейінде қазақтар бастапқы кент-қала мазмұнымен түсінген. Оларға Арал өңіріндегі Жанкент, Құмқала, Баршынкент, Жент және т. б. ертедегі қалалары жатады.
Кейінгі орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалалық мәдениеттің қалыптасу кезеңдерін зерттеу барысында қала атауы әртүрлі атауларға ие болғанын көреміз. Мысалы, «хисар» - қала және оның сыртқы маңынан ерекшеленетін бекініс қабырғасы. Зерттеушілердің дерегінше мұнда, үкімет үйлері, басты мешіт, базарлар мен қолөнер шеберханалары, ақсүйектердің үйлерінен тұрған.
Жазба деректерде Қазақстан даласындағы қалалар «шахр» (парсыша - қала) - вилайета (ірі дуалдармен қоршалған елді мекен) орталығы атаулары қолданылған. Сонымен бірге Е. Агеева мен Г. И. Пацевичтің зерттеулерінде цитадель - «диз» немесе «кухендиз» шахристан және оған іргелес «рабад» т. б. атауларға әркезеңде ие болған. Зерттеуші-ғалыымдар әртүрлі терминдерді қолданып, сол елді мекеннің: саудалық маңыздылығына, қолөнершілеріне, мешіт пен медреселеріне, бекіністік құрылыстарына, саяси-экономикалық, мәдени алатын орнына байланысты жіктеуді ұсынады. Қалалардың қалыптасуы халықтардың араласуы мен дерек берушілердің танымынан десек, «қала» ұғымы, қалалардң құрылымына сай цитадель, шахристан, цитадельден тұратыны жүйеленді.
Соңғы жылдарда орта ғасыр қалаларының қазақ ұлты мен мемлекетінің қалыптасуындағы рөлі мен орналасуы тарихшылар, шығыстанушылар және археологтардың қажырлы еңбектерінің арқасында айқындалып келеді. Әсіресе, қалалардың қалыптасуы мен мәдениетінің археологиялық жағынан тереңірек зерттелуі оны құрайтын жан-жақты мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалды. Тарихнамалық түп деректері жарияланып, қалалардың мәдени-экономикалық, әскери-саяси маңыздылығын сипаттайтын көптеген мәліметтер талқыланған.
Қала мәдениетінің археологиялық жағынана тереңірек зерттелуі бірқатар ертедегі қалалардың мерзімделіп шендестірілуіне және оның құрайтын жан-жақты мәселелерді шешуге мүмкіндік жасап отыр. Кейінгі ортағасырдағы Арал өңіріндегі қалалардың орнын нақтылауда В. А. Каллаур, С. П. Толстов, К. М. Байпаков т. б. зерттеушілер негіз қалаған. [2. 168]
С. П. Толстов бір пікірінде әл-Ыдырыси, М. Қашқари т. б. орта ғасыр тарихшыларының деректеріндегі Сырдария, Жаңадария және Қуандарияның төменгі ағысы басқа да аудандар бойынша ертедегі қалалар мәдениеті Түркістан археология әуесқойлары В. Каллаур, Е. Смирнов т. б. тарапынан мардымсыз зерттелгенін көрсеткен. Ол кейінгі зерттеушілердің қалалар негізін «мәдениетті кірмелер қалаған» деген пікірлерін теріске шығарып және ХАЭЭ, ОҚАЭ-ның археологиялық ізденістерінде отырықшы тұрғындар мәдениеті екенін ғылыми дәлелденді.
Дегенімен, Арал өңірі қалаларының орналасуы мен мәселелер жан-жақты зерттеліп болған жоқ.
ХІІІ-XIV ғасырларда Сырдария бойы қалаларындағы өмір сүрген қаңлы және қыпшақтар бұрын Хорезмшах мемлекетіне тәуелді болса, кейін моңғолдардың билігіне мойынұсынды. XIV ғасырдың 30-жылдарында Хорезм қайта көтеріліп, 1391 жылы Ақсақ Темірдің жаулаушылық жорықтарынан кейін Хорезм мемлекеті әлсіреп, кейін XV ғасырдан Алтын Орданың құрамында болғаны еңбектерде кездеседі. [3. 640]
Ортағасырлық кезеңінде Сыр өңірі қалаларының өмірі зерттелу деңгейіне сәйкес, жазбаша және археологиялық деректерінде мәдени-экономикалық, тауар-ақша мен халықаралық қатынастары тұрғысынан Хорезм, Алтын Орда және Түркістан атаулы үш даму аймақтарының ықпалында болғаны Р. З. Бурнашева, В. Н. Настич және К. А. Пищулинаның зерттеулерінде белгілі болып отыр. Кейбір авторлар нақты оқиғаларға айланысты жазба деректерге кездеспеген себепті Сырдарияның төменгі ағысындағы Женд, Янгикент, Баршынкент қалаларының өмірі ХІІІ-ХІV ғасырларда тоқтаған деген пікірді ұстануда. Ал, Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы мен кейінгі зерттеулер нәтижесі жоғарыдағы ескерткіштерде ХVII ғасырға дейін қалалық және отырықшы жер шаруашылығы, кәсіптік өмірінің болғанын археологиялық деректер арқылы дәлелдеуде[4. 32] .
Сырдария, Жаңадария, Қуаңдарияның төменгі ағысы басқа да аудандар бойынша ертедегі қалалардың орналасуы жайлы Түркістан археология әуесқойлары В. Каллаур, Е. Смирнов және т. б. тарапынан мардымсыз зерттелген. Сондықтан С. П. Толстов зерттеушілердің қалалардың негізінен «мәдениетті кірме тайпалар қалаған» деген пікірлерді теріске шығарып, ғыылыми дәлелденді.
Жазбаша тарихи деректерді саралай отырып, қалалардың қалыптасуы екі даму аймағына жатқызуға болады.
Біріншісі - Алтын Орда қоластында болған қалалар: Женд, Баршынкент, Жанкент, Асанас, Құмқала.
Екіншісі - ХV-ХVII ғасырлардағы Түркістан аймағына қатысты Сыр бойы қалалары: Сауран, Қырөзкент, Аққорған, Сығанақ. Қалалардың қалыптасуын осылай топтастыру барысында ертедегі қалалардың экономикалық, шаруашылық, мәдени дамуына ықпал жасайтын тарихи-географиялық орналасуы қамтылады[5. 121-122] .
Археологиялық әдебиеттерде қалаларды типологиялық зерттеуде қалыптасқан бағыттары бойынша:
1. топографиялық ұқсастықтары жағынан топтастыру,
2. мерзімдік,
3. географиялық жағдайы мен қоршаған ортасымен ара қатынасы,
4. құрылыс материалдары мен архитектуралық ерекшеліктеріне қарай топтастырады. Қалаларды салыстырмалы типологиялық жіктеуде Қазақстан орта ғасыр археологиясында біршама жазба мен қазба деректер сақталған. Қалалардың құрылымы және Қазақстанда отырықшылар мәдениеті ескерткіштерін алғаш А. Н. Бернштам 1948 жылы жіктеп, бірінші болып талдайды. (топографиясы мен типологиясы бойынша)
1950 жылы Қазақстан археологиясының негізін салушы Ә. Х. Марғұлан Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы елді мекендер мен қоғамдық ғимараттарды:
1. Билеушілер сарайы;
2. Саудагерлер мен қолөнершілер мекен-жайы;
3. Әскери бекіністер;
4. Керуен сарайлары;
5. Егінші шаруалардың мекені;
6. Ақсүйектер мекені сияқты түрлерге бөлген.
Белгілі - археолог М. Елеуов Шу өңірінің ескерткіштерінің тәжірбиесінде ескерткіштерді орналасқан жеріне су көздерінің барлығына, топографиялық ерекшелігіне, қалыптасқан уақытына, құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бөлсе, С. Жолдасбаев Сауран маңындағы табылған тұрақтар мен қалалардың орнын:
1. Қыстау - қыстақ;
2. Қыстақ-қыстау-орын немесе ауыл;
3. тас қабырғалы орлы қабырғалармен қоршалған қорған-сарай;
4. кент (қала) - ертедегі қала.
Жазба деректер бойынша ІХ-ХII ғасырлармен салыстырғанда, Арал өңірі қалаларының ХV-ХVI ғасырларда азая бастаған, Жанкент, Женд, Баршынкент қалаларының атағы төмендеп, тұрғындары қысқарады. Сығанақ, Өзкент, Ашанас сияқты қалалардың аумақтары кішірейіп, қорғандардың мәні кеткендігі айтылады. Ал, ХVI-ХVII ғасырларда өлкенің саяси және экономикалық дамуында Аркук (Бұзықтөбе), Аққорған, Өзкент қалалары орын алып, Яссы-Түркістан Оңтүстік Қазақстан өңірінде астана ретінде көтеріле бастайды. Бірақ, Сығанақ, Құмқала бұрынғы сауда орталықтары ретінде өз маңыздылықтарын жоғалтпады[6. 127] .
1946 жылдардан басталған орта ғасырдағы Хорезмнің шеткі аймақтарын зерттеу барысы Арал өңіріндегі «батпақтағы қалалар» дамуында кешенді түрде жартылай көшпелі тұрмыс шаруашылығының сақталғанын көрсетті. Қалаларды археологиялық зерттеу дәстүрі бойынша археолог К. Байпақов екі топқа бөледі. Көлеміне қарай 20 гектардан артық қалалар: Сауран, Женд, Баршынкент, Сығанақ. 20 га жетпейтін қалалар: Аққорған, Қырөзгент, Жанкент, Асанас, Құмқала. Сондықтан Арал өңірі қалаларын - астаналық, саудалық, кәсіби-шаруашылық деп 3 топқа бөлеміз. Тарихи әдебиеттерде «шахр» (шаһар) деп өлкенің әкімшілік орталық қалаларын атаса, Сырдария маңының ірі қалалары - Сауран, Сығанақ, Өзкентте көбіне қала атауы кездескен[7. 36, 64] .
Астаналық қалалардың ең ертедегісі - Жанкент десек, ол арабша Әл-Карьят Әл-Хадиса - парсыша Дихи - и - нау, қазақша мағынасы «Жаңа мекенде» қалада Х-ХІІ ғасырларда оғыздардың патшасы мен билеушілері тұрған. Осы қалалармен қатар оғыз билеушілерінің орталығы Женд, ХIV ғасырда Ақ Орданың астанасы болған Сауранды да қосуға болады. Арал өңіріндегі сауда-қалалар мен дала ара қатынасында маңызды рөл атқарды. Көшпелілермен шектескен қалаларда - Сауран, жанкентте сауда көбінесі жәрмеңкелік, көтерме сауда сипатта болса, саудамен айналысқан қалаға - Баршынкентті де айтуға болады. Бұл қала нумизматикалық және қыш өндірісі, сәулет деректері байлығымен дәлелденеді. Сонымен бірге кәсіп шаруашылығы топтағы қалаларға - сыр бойындағы Аққорған, Қырөзгент, Асанас, Құмқала да айтуға болады. Атап айтатын болсақ, осы қалалардың ішінде Асанас қаласы орналасқан Асанасөзек деп аталатын арна бойында ондаған шақырымға созылған қыш зауыттары болған[8. 135] .
Диплом жұмысымдағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей ортағасырлық қалалар жоспар құрылымына қарай төрт түрге бөледі.
Біріншісі: «доғал шеңберлі», хисарлы қалалар. Бұл типке Сауран, Аққорған, Қырөзгент, Асанас және Құмқала жатады.
Екіншісі: «төрт бұрышты» жоспарлығы Жанкентті мысал келтіруге болады. Топографиялық құрылымы «Т» әрпіне ұқсас, құрылысқа қарап, қала дуалды бекінісі екі рет салынған деп тұжырымдауға болады.
Үшіншісі: «көп қабырғалы дуалды» яғни, ертедегі Сығанақ қаласы. 1906 жылы В. Каллаур сызған жоспар қрылымына қарағанда, цитаделін қоршаған бірінші дуалы төрт қабырғалы, одан кейінгі екіншісі-бес бұрышты қабырғалы. Шығыстанушы В. Бартольдтің деректеріне сүйене отырып, су жүйесінің әсері болуы мүмкін деген тұжырым жасаймыз.
Төртінші қатарына: «Қорғаныс дуалы жоқ» Баршынкент қаласы жатады. Академик С. П. Толстов зерттеулерінде көрсеткендей бұл қалада отырықшылық пен көшпелілердің арасындағы ақша сарайы мен сауда-саттықтың қайнаған ортасында болғандықтан, моңғол әскеріне ұрыссыз берілудің себебі, қалада төтеп беретін қорғаныс бекінісінің болмауынан деп тұжырымдайды. Қалалардың пайда болуы мен қалалық мәдениет жөнінде К. Байпақов, С. Жолдасбаев, М. Елеуов, Е. Смағұлов т. б. еңбектерінде біршама талданған[9. 156] .
Бөлімді қорытындылай келе, орта ғасырларда Сыр бойында қала мәдениеті ерекше өркен жайды. Оған Қызылорда облысы территориясындағы ертедегі жәдігерлер куә. Сонымен бірге қалалардың саяси-экономикалық кезеңдеріне байланысты оның құрылымы да өзгеріп отырғаны белгілі болды. Атап айтсақ, Сығанақтағы қышшы пештерінің қала қабырғасының ішіне тығылуы, Саурандағы сыртқы қожалық-аулалардың көптігі, Құмқала ІІ, Женд қалаларынан мыстан жасалған өнімдердің көптеп табылуы мысал болады. Бүгінгі археология ғылымында қалалардың қалыптасуы мен табылған жәдігерлерді археологиялық тұрғыдан зерттеу және типологиялық жіктеу барысында: қала құрылымы, қолөнер, сауда, этномәдени тегі, демографиялық жағдайы т. б. арқылы өлке тарихындағы рөлі мен алыс-жақын елдермен байланысы, даму деңгейін айқындау мүмкін болып отыр.
1. 2. Қалалардың құрылуы. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы қала мәдениеті
Әлемдік өркениет ошақтары қай кезеңде де өзен-көлдердің жағасында дамығаны белгілі. Тарихта «Қосөзендер» деп аталатын өзендер атырабында пайда болған өркениет ошақтары қалалық мәдениеттің қалыптасуына әсерін тигізді. Сырдария мен Әмударияның арнасында пайда болған қалалардың құрылуы мен дамуына Ұлы Жібек жолының да ерекше әсері болды. Соңғы жылдары зерттеуші ғалымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында жүрігізілген жаңаша зерттееулер археология ғылымына тың жаңалықтарды енгізді. Көпшілік көркем шығармалардан қалалардың барлығын моңғолдар жермен жексен етіп, қиратқан деген пікір білдіруде. Одан бергі уақытта қазақтар көшпелі халық, оларда қалалар қайдан болсын деген жайсақ пікір қалыптасқаны белгілі. Көшпелілік, гректерше - номадизм. Бұл халықтардың өзіндік тұрмыстық өмір сүру сипатымен ерекшеленетін өмір сүру формасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz