Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Сәбитұлы Елжан
Археологиялық деректер негізінде Сырдарияның ежелгі сағаларының сулану кезеңдері
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 5В020800-«Археология және этнология»
Қызылорда 2021 жыл
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Сырдарияның ежелгі атырабының палеогеографиясы және зерттелу тарихы 8
1. 1 Сырдарияның ежелгі сағаларының сулану тарихы жайлы археологиялық зерттеулер 8
1. 2 Арал маңының палеогеографиясына шолу 13
1. 3 Сырдарияның төменгі ағысы мәдени ланшафтарының эволоциясы
16
ІІ-ТАРАУ. Сырдарияның ежелгі сағалары бойындағы археологиялық кешендер 18
2. 1 Іңкәрдария арнасы 18
2. 2 Жаңадария арнасы 25
2. 3 Қуаңдария мен Ескідариялық арналары 32
Қорытынды 39
Пайдаланылған әдебиеттер 41
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыс Орталық Азия аумағында Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алып, Арал теңізіне құятын, Қазақстандағы ең ірі су арналарының бірі - Сырдария өзенінің ежелгі сағаларының сулану кезеңдерін археологиялық деректерге сүйене отырып анықтауға бағытталады.
Сырдария өзені Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерін кесіп өтеді, ұзындығы 2 212 метр, Нарын өзенін қосқанда 3 019 км.
1946-1990 жылдар аралығында ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізген Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысының нәтижелері Сырдың төменгі ағысында неолит дәуірінен орта ғасырдың аяғына дейін халықтың тығыз орналасқандығын көрсетті. Экспедиция өзінің зерттеулері барысында қола, темір, ортағасырлық кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.
Археологиялық ескерткіштердің топографиясын талдау нәтижесінде ежелгі өзен арнасының тарихын кем дегенде жалпы түрде қалпына келтіруге мүмкіндік аламыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Сыр - Алаштың анасы». Бұл - көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.
Сыр өңірі - тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жандарға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы.
Сырдария мен Әмудария Сейхун, Жейхун болмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. Яһудилердің жазбаларында Писон және Гихон деген өзендер жайлы айтылады. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз. Моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолданыста шығып, Сырдария деп атала бастаған.
Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр, осы суармалы аймақ - Сырдария аймағы.
Ғылыми археологиялық деректер бойынша Сыр бойында, бiздiң жыл санағымыздан бұрын VII-V ғасырларда суармалы егiншiлiкпен айналаса бастаған. Содан берi Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған.
Орта Азия тарихына көз жүгіртсек, жергілікті тұрғын ұлттардың мәдени қалыптасуына Сыр бойындағы қалалар мен шаруашылық көздері көп ықпал еткені анық. Ал Сырдарияның су арналары мен ежелгі каналдарының сулануы мен пайда болу мерзімдерінін нақтылап, кезеңдерге бөліп, кейінге ақпарат қалдыру - мен үшін өзекті тақырып, басты нысан.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1848-1849 жылдардың қысы А. И. Бутаковтың экспедициясы Сырдария өзенінің жоғары сағасында өткізді, ал 1849 жылдың көктем туысымен жұмыстарына қайта кірісті. Осының нәтижесінде Арал теңізінің тұңғыш дәлме -дәл картасы жасалып, 1850 жылы басылып шықты.
Өз зерттеулерінің нәтижесін Л. С. Берг «Аральское море» («Арал теңізі») монографиясында (1908 ж. ) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғылыми қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Арнаулы геоморфологиялық зерттеу жүмыстарының ішінде Л. С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
1899-1902 жылдар аралығында Л. С. Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатынан шығыста Балқаш көліне дейінгі аралықта созылып жатқан біртұтас Арал-Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды.
Соңғы ғасырдағы ең ауқымды зерттеу деп айтуға болатын 1946-1990 жылдар аралығында ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізген Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысының нәтижелері Сырдың төменгі ағысында неолит дәуірінен орта ғасырдың аяғына дейін халықтың тығыз орналасқандығын көрсетті. Экспедиция өзінің зерттеулері барысында қола, темір, ортағасырлық кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.
Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттері:
- Сырдария су алабының зерттеу тарихына шолу және бүгінгі күнге дейінгі ғалымдар зерттеулерін түйіндеу;
- Сырдарияның ежелгі сағаларының сулану кезеңдерін археологиялық дереккөздерге сүйене отырып сараптау және нақтылау;
- Орта Азияның ең географиялық ауқымды мемлекеттерін басып өтетін өзеннің ежелден бері жергілікті халықтар мәдениетін қалыптастыруға тигізген әсерін зерделеу.
Жұмыстың зерттелу әдістері:
1. Тақырыпқа байланысты ғылыми - теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау;
2. Библиография түзу;
3. Салыстырмалы-географиялық, статистикалық және археологиялық экспертиза әдіcтерін қолдану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ғылыми жұмыста Сырдарияның ежелгі арналарына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) талдау жасалып, олардың физикалық-географиялық сипаттамасы, зерттелу мәселелері мен табиғи ландшафттарының пайда болуы ғылыми тұрғыдан көрсетілген.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу мәліметтерін Сырдария өзені бойындағы жерлердің суармалы-егіншілік аймағын тиімді пайдалануға, геоэкологиялық мәселелерін шешуге, тарихи тұрғыдан кейбір бірнеше маңызды оқиғалардың географиялық ерекше тұстарын нақтылануға пайдалануға болады.
Географиялық аумағы: Қызылорда облысы.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы: Ортағасырлар-ХХ ғасыр, қазіргі уақыт.
Жоба құрылымы. Жоба кұрылымы кіріспе бөлімі мен екі тараудан, корытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде берілген тематикаға алғысөз беріліп, өзектілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып және оның тәжірибелік маңыздылығы көрсетілген.
Кіріспе
Сырдарияның жалпы ұзындығының 1000 км- ден астамы Қазақстан территориясы арқылы өтеді. Сырдария орталық Тянь - Шаньда екі ірі өзен: Нарын мен қарадарияның қосылуынан құралады. Нарынмен есептегенде оның ұзындығы 2900 км-дей, бассейннің жалпы ауданы 462000 кв км, оның 219 000 кв км-і таулы аймаққа жатады. Нарынның құйлысынан төменде Сырдария Ферғана аңғары арқылы оңтүстік - батыс бағытта ағады Ферғана аңғарынан шыққанан кейін өзен солтүстік - батысқа қарай бұрылады. Сырдарияға жоғарғы ағысындағы көптеген салалар қосылады. Ол Қазақстан жеріне суы мол Шыршық өзені қосылғаннан кейін енеді. Одан әрі өзенге тағы да бірнеше салалар құяды ең қосылатын сала Арыс.
Ағынның 70%-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы суқорларының 21-23% құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі 9-7 %.
Сырдарияның төменгі аңғары - Тұран ойпатының үлкен бөлігі. Ол батыста Арал теңізіне, шығыста Орталық Қазақстанға, оңтүстікте Қызылқұм мен Қарақұмға дейінгі жерлерді қамтиды. Солтүстік жағынан арнаның шекарасы Қызылорда қаласын жағалай өзеннің қазіргі арнасы бойымен өтеді. Қазіргі арнадан шығысқа қарай ауданда Жосалы және Қызылорда қалалары арасында бұрын Сырдария бассейнімен Сарысу және Шу өзендері қосылған көлдер мен ағындар жүйесі сақталған.
1946-1990 жылдар аралығында ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізген Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысының нәтижелері Сырдың төменгі ағысында неолит дәуірінен орта ғасырдың аяғына дейін халықтың тығыз орналасқандығын көрсетті. Экспедиция өзінің зерттеулері барысында қола, темір, ортағасырлық кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.
Археологиялық ескерткіштердің топографиясын талдау нәтижесінде ежелгі өзен арнасының тарихын кем дегенде жалпы түрде қалпына келтіруге мүмкіндік аламыз.
Біздің дәуірімізге дейінгі III-II мыңжылдықта, неолит және қола дәуірінде Сырдария атырауының негізгі арнасы байырғы құмдардың солтүстік шетімен ендік бағытта ағып жатқан Інкәрдария болды. Бұл атыраудың ескі арналарының ішіндегі ең маңыздысы, ол бірнеше рет Жаңадарияның кейінгі арнасымен қиылысады. Іңкәрдарияның жоғарғы ағысында негізінен Жаңадариядан оңтүстікке қарай ағады, содан кейін Жаңадария осы арнаны қиып өтетін солтүстік бөлігіндегі бірнеше меандрлардан кейін Іңкәрдария ескі өзені төменгі бөлігінде негізінен Жаңадариядан солтүстікке қарай орналасқан. Төменгі ағысында Іңкәрдария арнасы, кейінірек Жаңадария сияқты, Әмударияның шығысқа қарай орналасқан ежелгі арнасын - Ақшадарияны құрайды.
Географтардың мәліметтері бойынша адам қоныстанғанға дейін өзеннің атырауы көлдер мен батпақтарға толы болды, олардың арасында су басқан каналдар пайда болды.
Ауданның еңістігі Шығыс Арал өңірінің құмды жоталары арасында солтүстік-батысқа және солтүстікке ағысты анықтады. Мұның жаңғырығы сонымен қатар қазіргі ландшафттар болып табылады, онда шөлді жазықтар төмен шөпті-бұталы өсімдіктермен жабылған шағын учаскелермен қиылысады. Қазіргі суландыру аймағындағы арна бойындағы біліктерде сордың, теректің және бұталардың тоғайлы ормандары кездеседі.
Тұщы судың көптігі, жылы және құрғақ климат Арал теңізінің шығыс жағалауына жақын орналасқан бұл үлкен жазықты адамдар үшін ұзақ уақыт бойы тартымды етті. Тұтастай алғанда, Шығыс-Арал өңірі ежелден Ұлы Еуразия Дала белдеуінің малшылары мен Орта Азияның көне оазистерінің диқандары арасындағы тұрақты мәдени және этникалық байланыстардың маңызды аймақтарының бірі болып келді. Мұнда мал шаруашылығы мен жартылай мал шаруашылығы тайпаларының дәстүрлі қыстайтын орындары болды.
Ежелгі Сырдария атырауының солтүстік бөлігі халықтардың тарихи қозғалыс жолдарының, маңызды көші-қон, сондай-ақ сауда жолдарының өзіндік қиылысы болды. [1]
І-ТАРАУ. Сырдарияның ежелгі сағаларының сулану тарихы жайлы археологиялық зерттеулер
Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шыгыс Халифат елдері) атты кітабы Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. Сырдарияның Шаш деп аталғандығын жазған. Жергілікті халық TTTanr өзені десе әл-Мустауфа 14 ғасырда Моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді дейді. Арабтар Сейхун деп атаған. Ал түріктер Сырдария немесе Сырсу деп атаған. Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. Абу әл- Ғазида осылай атаған. Ибн Хауқал Сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. Ибн Хауқалдың айтуынша таудан аққан бүл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун Жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде үзақ уақытқа өзеннің бетінде мүз қатады. Осы себепті өзеннің үстінен арбалар жүре беретін.
1740-1741 жылдары Д. В. Гладышев пен И. Муравиннің экспедициясы қазақ жерлерінің географиясын зерттеуге елеулі үлес қосқан. Экспедиция Россияның қол астына кірген Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Сырдария өзенінің сағасынан орыс қаласын салу жөніндегі өтініші бойынша ұйымдастырылған. Ал патша - ертеректе қала салып беру жөнінде уәде еткен. Сол өтінішті орындауға шешім қабылдаған үкімет Сырдария өзенінің сағасын зерттеу үшін әлгі экспедицияны жасақтаған. Оның құрамына басшылары Д. Б. Гладышев және И. Муравинмен бірге инженер Назимов, аудармашы У. Арасланов және бірнеше қазақ кірген. Экспедиция материалдары кезінде П. И. Рычков зерттеп, пайдаланған. Бірақ ол деректерді тек 1850-1851 жылдары ғанаЯ. В. Ханыков жарыққа шығарды.
1740-1741 жылдардағы экспедицияның «Мәлімдемесінде» Орск қамалынан бастап Сырдария өзенінің сағасы арқылы Хиуа қаласына дейінгі және кейін қайтқан жол суреттелген. Орск қаласынан шыққан соң Сырдария өзенінің сағасына дейінгі жолда авторлар жер бедерінің мынадай түрлерін байқаған: таулар, қүм төбелер, адырлар, құмайтты қыраттар, үлкен сырт, кішкене сырт, құмайт сырт, ойпаң жерлер, тегіс жерлер. Сондай - ақ топырақ түрлері тастақты, саздауыт, құмдақ және ойпаң жерлердегі қара топырақ болып жіктелген. Өсімдіктерден көктерек, қайың, қараған, сексеуіл, ырғай, тобылғы, тал, жүзген, жусан және қамыс аталған.
П. И. Рычков дәуірінен бері уақыт ішінде кейбір су көздерінің қалай өзгергендігін мысалға келтіруге болады. Мәселен, Сырдарияның салалары жөнінде кітапта «Қуандария - Сырдария өзенінің сол қапталындағы айрықша саласы елдің айтуынша ағу қашықтығы үш жүз шақырымдай. Сол уақыттан бері Қуандария бірнеше рет өзгерді суы біресе молайды, біресе - тартылды, ал осы күні суы кеуіп кеткен ескі арна. Сарысу өзенінің осы күні де құмға сіңіп, Сырдарияға дейін жетпейтіні бізге мәлім. Қазақстанның аса ірі су көздерін жүйелі түрде зерттеу ісі қолға алынды.
1848-1849 жылдары Арал теңізі жан-жақты зерттелді. 1848 жылдың көктемінде Орынбор қаласында лейтенант А. И. Бутаковтың (1816-1869) бақылауымен «Константин» шхунасы жасалды. Шағын кеме Сырдария өзенінің жоғары сағасынан 64 км жердегі Райым бекінісіне жеткізіліп, осы арада суға жіберілді. Экипаждың құрамында экспедиция бастығы А. И. Бутаков, кейін Орта Азияның белгілі зерттеушісі А. И. Макшеев, топограф А. Акишев, суретші ретінде шақырылған ұлы украин ақыны Tapac Шевченко және басқалары болды.
1848-1849 жылдардың қысы А. И. Бутаковтың экспедициясы Сырдария өзенінің жоғары сағасында өткізді, ал 1849 жылдың көктем туысымен жұмыстарына қайта кірісті. Осының нәтижесінде Арал теңізінің тұңғыш дәлме -дәл картасы жасалып, 1850 жылы басылып шықты.
А. И. Бутаков кейінгі жылдар да Қазақстанды зерттеу жұмыстарын жалғастырды. 1853 жылы тарихта тұңғыш рет Сырдария өзені бойынша «Петровский» кемесімен саяхат жасады. Ол Н. А. Ивашенцев, Рыбин және К. Пасиеловпен қосылып өзендерде кеме жүзу жағдайын әрі олардың су жүйесін анықтады, өлшеу жұмыстарын жүргізіп, ағыс жылдамдығын, судың тереңдігін тексерді. А. И. Бутаков Сырдария өзенінің негізгі арнасының 1832 жылы солтүстікке қарай ауыса бастағанын айқындайды. Сөйтіп, өзен солтүстікке қарай ауытқып, «өзен жаңа, бүрынғыдан тереңірек арна салып алды». Экспедиция жариялаған еңбектерде сол өңірдің климаты, Сырдария өзеніндегі байлықтар мен қүстар туралы деректер келтірілген.
1848 жылы А. И. Бутаковтың экспедициясының құрамында жұмыс істеген А. И. Макшеев Арал теңізі жайындағы мағлүматтарға елеулі толықтырулар енгізді. А. И. Макшеев таратылған Райым бекінісінің орнына Сырдария өзенінің төменгі сағасынан жаңа қамал салуға қолайлы жер іздеу ісімен шұғылданады. Ол Қазалы қонысын таңдап алып, онда бір сыпыра бақылау жүмыстарын жүргізді. А. И. Макшеев Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы алқапты алғаш рет суреттеп жазып, онда өзен ағысының сыйатын, оның физикалық - географиялық жағдайын қарастырған. Зерттеуші өзеннің жоғарғы ағысына қарағанда төменгі тұсында суы тапшылау болып келетінін атап көрсетіп, оның себебі төменгі ағысында оған құятын сай - сала тармақтардың аздығына және судың көбі жер суландыруға пайдаланатындығында әрі буға айналып ұшып кетуінде деп дәлелдеді.
Өз зерттеулерінің нәтижесін Л. С. Берг «Аральское море» («Арал теңізі») монографиясында (1908 ж. ) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғылыми қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Арнаулы геоморфологиялық зерттеу жүмыстарының ішінде Л. С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
1899-1902 жылдар аралығында Л. С. Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатынан шығыста Балқаш көліне дейінгі аралықта созылып жатқан біртұтас Арал-Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды.
Соңғы ғасырдағы ең ауқымды зерттеу деп айтуға болатын 1946-1990 жылдар аралығында ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізген Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысының нәтижелері Сырдың төменгі ағысында неолит дәуірінен орта ғасырдың аяғына дейін халықтың тығыз орналасқандығын көрсетті. Экспедиция өзінің зерттеулері барысында қола, темір, ортағасырлық кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.
1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (ХАЭЭ) үлкен жұмыс циклі Хорезм аумағындағы жұмыстармен қатар Шығыс Арал өңірінің - кең, тармақталған ежелгі Сырдария атырауын зерттеумен байланысты болды.
Бұған дейінгі уақыт ішінде экспедиция қызметкерлері осы өңірде неолит дәуірінен бастап (мысалы, Қосмола, Талас, Жалпақ және т. б. тұрақтары) және қола дәуірінен бастап (Қосмола 7, Егіскөк, Тас 1-3, Көк-Сеңгір тұрақтары және т. б. ) XVII-XVIII ғғ. қоныстар мен мазарларға дейінгі (Оралбай-қала, Қатын-қала қоныстары, Шатпай мазары) 660-тан астам археологиялық ескерткіштерді ашып, зерттеді.
Арал теңізіне шығыстан жақын орналасқан аллювиалды жазық, үлкен ежелгі Сырдария атырауының ескі өзендерімен толығымен кесілген (оның ауданы Амудария атырауынан бір жарым есе көп) жоспарда үлкен үшбұрыш болып табылады. Бұл кең шөлді жазықтың бәрі ежелгі Сырдария атырауының көптеген арналарының қызметіне байланысты. Арналардың көшуі салдарынан мұнда атыраудың жекелеген бөліктерінің мерзімді құрғауы орын алды [2] .
Жазықтың кең аумағында ежелгі Сырдария арналарының төрт жүйесі ерекшеленеді: Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария және Ескідариялық, олар негізінен ендік бағытқа ие. Олар Сырдария арнасынан Қызылорда қаласының оңтүстігін бойлай тарайды. Кешенді зерттеулердің нәтижелеріОңтүстік Інкәрдария каналы жүйесі, сондай-ақ Ескідариялық арнасы неолит және қола дәуірінде аққанын анықтауға мүмкіндік берді.
Төменгі Сырдарияның қазіргі арнасы пайда болғанға дейін оның сулары бір уақытта аталған жазықтан кем дегенде екі негізгі канал арқылы ағып жатты. Болжам бойынша, б. з. д. III мыңжылдықтағы Інкәрдария жүйесімен бір уақытта Ескәдариялық арнасы аға бастады.
Шығыс Арал өңірінің облыстарын тарихи-географиялық зерттеу ХІХ ғасырдың 60-70-ші жылдарының соңында басталды және ежелгі және ортағасырлық географтар мен саяхатшылардың (мысалы, ал-Бируни, Ибн Хаукал, Идриси) деректеріне де, осы аудандар арқылы Хиуа мен Бұхараға барар жолда өткен XVIII ғасыр зерттеушілерінің жол жазбаларында да кездеседі (мысалы, 1740 жылы Гладышев пен Муравин, кейінірек с. Ремезов, П. Рычков, А. и. Левшин, М. Мейер. А. и. Макшеев және т. б. [3] археологиялық зерттеу 1867 жылы П. И. Лерхтың осы облыстарға баруынан басталды.
1946 жылдан бастап С. П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Сырдарияның төрт негізгі ежелгі арналарының бассейндерін ғана емес, сонымен бірге оларды байланыстыратын меридиандық арналарды зерттеп, Шығыс Арал өңірін археологиялық зерттеуді бастады. Бұл зерттеулер үзіліспен болса да 1992 жылға дейін жалғасты [4] .
Авиабарлау мен бірлескен археологтардың, геоморфологтардың, топырақтанушылардың, топографтардың және т. б. зерттеулерін біріктірген жоспарлы көп шақырымдық жер үсті бағыттары Арал өңірінің алып аумағын қамтыды. Бұл барлау 1946ж, 1948ж, 1951ж, 1957-1962ж, 1966ж, 1968ж. 1971-1973ж, 1976ж, 1986 ж. қазба жұмыстарымен жалғасып жатты. 1948ж жылдан бастап маршруттық жұмыстармен қатар елді мекендер мен қорымдарда: 1948ж, 1951ж, 1973ж, 1976ж, 1978-1981ж, 1983-1984ж, 1986-1991ж. Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде; 1957-1965 жж. Сырдарияның оңтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштеріне кең ауқымды қазба жұмыстары жүргізілді
Жоғарыда айтылғандай, экспедиция кезінде осы аймақта ашылған және зерттелген 668 археологиялық ескерткіштердің ішінде неолит дәуірінен XVII-XVIII ғасырларға дейінгі кезеңдегі тұрақтар, қоныстар және жерлеу құрылыстары болған.
Қазіргі уақытта тек неолит дәуіріне жататын елді мекендер мен тұрақтардың өзі 40тан асады. Олардың ішінде Қосмола 1-6, Талас 1, Жалпақ 1, 2, 4, 6 және т. б. тұрақтарды атап өтуге болады. Зерттелген тұрақтардың көп бөлігі қазіргі Сырдария сағасының жанында және ежелгі солтүстік Сырдария арналарының бассейнінде шоғырланған. Б. з. д. X-VIII ғғ. бірнеше ірі жерлеу құрылыстары (4, 5, 6, 7 мавзолейлер) және б. з. д. I мың ж. екінші жартысындағы екі кірпіш мавзолейлер қазылған Солтүстік Түгіскеннің кейінгі қола дәуірінің бірегей кешенін атап өту қажет [5] . Кейінгі қола дәуірінің жерлеу құрылыстарынан Орталық Қазақстанның далалық қола (Андронов, содан кейін Беғазы-Дәндібай мәдениеті) дәстүрлерін үйлестіретін қызықты мәдени кешен және М. А. Итина ежелгі бактриялық деп санайтын Оңтүстік өркениетімен сөзсіз байланысты компонент орын алады [ 6 ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz