Ақша қаражаттарының аудитін талдау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақша қаражаттары мен операциялардың есебі және аудиті.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Семей 2013
Кіріспе
Жұмысқа жалпы сипаттама. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жузеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде
Бірінші бөлімде Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебi. Нарық жағдайындағы ақша қаражаттарының мәні мен маңызы және жетілдіру мәселелері қарастырылған.
Екінші бөлімде Ақша қаражаттарының есебі кассадағы, банктегі арнайы шоттардығы ақша қаражаттарының есебінінің негізгі мәселелері қарастырылған оларды есептеу жолдары.
Үшінші бөлімде Ақша қаражаттарының аудиті мен қаржылық жағдайы, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, ішкі бақылау жүйесі қарастырылған.
Қорытындыда дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижелер берілген.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі турапы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шартгар жасалынады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарық жағдайындағы ақша қаражаттарының мәні мен маңызы және жетілдіру мәселелері қарастыру.
Бірнеше себептермен кассалақ операцияларының аудитінің әдістерін меңгеру негізгі болып келеді:
- Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің бірі болып келеді;
- Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып келеді;
- Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы жүргізіледі;
- Еңбек ақысын төлеу;
- Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін қаражаттарды беру;
- Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.
Дипломдық жұмыстың міндеті - келесі сұрақтарды зерттеп талдау:
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
- Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
- Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
Ғылыми жаңалықтар ақша қаражаттары есебін дұрыс ұйымдастыру оперативті жүйені талап етеді. Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Кассалық операциялардың аудиторлық тексерістері еңбекті көп қажет етеді. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті үш бағытта болады:
- Қолма-қол ақша қаражаттарының инвентаризациялауы;
- Кассаға келіп түсетін ақша қаражаттарын уақытысында тексеру;
- Шығынға ақшаны дұрыс жазуды зерттеу.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мақсаты кәсіпорынның ақша қаражаттары бойынша опреациялары жүйесін және тұрақты дамуын зерттеу, яғни тақырыптың маңызды болуында.
Дипломдық жұмыстың объектісі «ТОО GASTREID» жауапкершілігі шектелген серіктестік болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі кассадағы, банктегі арнайы шоттардығы ақша қаражаттарының есебінінің негізгі мәселелері қарастырылған оларды есептеу жолдары, мәнін анықтау.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті. «Ақша қаражаттары мен операциялардың есебі және аудиті. » Оқулықтар мен «ТОО GASTREID» Ашық Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі - Дипломдық жүмыста төмендегі авторлардың әдебиеттерін пайдаландым:Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, В. К. Родостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родостовец, О. И. Шмидт “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп”; Г. В. Савицкая “Анализ хозяйственной деятелности предприятия”, сонымен қатар «Бюллетень бухгалтера» және «Заочная школа бухгалтера» мерзімдік басылымдарын қолдандым Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нормативтік базаларға сәйкес жазылған.
1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде
- Нарық жағдайындағы ақша қаражаттарының мәні мен маңызы
Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектiлер бухгалтерлiк есепке ерекше мән бередi. “Бухгалтерлiк есеп”, “Бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да мiндеттемелер туралы” заңның негiзiнде бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттары мен субъектiлердiң шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспарының негiзiнде құрылады. Қазiргi кезде Республикамыздағы бухгалтерлiк есеп жүйесi Халықаралық бухгалтерлiк стандарттарға сай жүргiзiледi.
Нарықтық жағдайларда кәсіпорынның дамуының маңызды мәселелері әрбір материалдық ақшалық және қаржылық шығындар данасына өнімді өндіру көлемін біршама жоғарылатуға қол жеткізуден тұратын оның экономикалық тиімділігін жоғарылату табыс табу болып табылады.
Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процестерін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражатттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің №4 «Ақша қаржаттарының қозғалысы туралы есеп беру» стандартында атап көрсеткендей: ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банктегі шоттардағы нақты ақшалар.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақшалай қаражаттарға, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады.
Ақша қаражаттарының эквиаленті деп ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімлділігі жоғары алымдарды айтады.
Ақша легі деп - ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады.
Таза ақша легі (таза ақшалай қаражаттар) - есеп беру кезеңіндегі түсімдер мен төлемдердің айырмашылығы. Таза ақша легі оң және теріс мәнде болуы мүмкін. Таза ақша легінің оң мәні ақшалай қаражаттар өсімін немесе олардың құйылуын, ал теріс мәні олардың ағылуын растайды.
Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ басқа да қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъекті қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Берілген анықтамалар халықаралық тәжірибелерге, оның ішінде халықаралық стандарттарға негізделген.
Операциялық қызмет ақшалай қаражаттарынының легі ережеге сәйкес ұйымның таза табысын анықтауға ықпал жасайтын шарушылық операциялардың нәтижесі болып табылады. Оған келесілер жатады:
- өнімдерді, тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан және қызмет көрсетуден түскен, сондай-ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің аванс түріндегі түскен ақшалай түсімдері;
- жалға беруден түскен түсімдер;
- басқа да түсімдер (жабдықтаушылардан, бюджеттен, есеп беруші тұлғалардан қаражаттардың қайтарылуы, сақтандыру компанияларынан түскен түсімдер, комиссиялар, сот шешімдері бойынша түскен сомалар және басқалар) ;
-жабдықтаушылар мен басқа да контрагенттерге ақшалай төлемдер;
- қызметкерлердің ақшалай нысандағы еңбекақылары мен басқа да төлемдері;
-бюджеттік емес қорларға аударымдар;
-инвестициялық немесе қаржылық қызмет бойынша операцияларға жатпайтын салықтар мен алымдарды төлеуге тиісті бюджетпен есеп айырысу;
- қысқа мерзімді қаржы салымдары;
- қысқа мерзімді несиелер бойынша сыйақылар төлеу;
- басқа да төлемдер (сақтандыру компанияларына аударымдар, есеп беруші тұлғаларға ақшалай қаражаттар беру және т. б. ) .
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша қандай да бір операцияны операциялық қызметке қосуға мүмкіндік беретін шарттардың бірі оларды инвестициялық немесе қаржылық қызметке қосу мүмкін болмауы.
Бір кезеңдегі ақшалай қаражаттардың жалпы өзгерісі оңды болуы мүмкін, қанағаттанарлық өтімділік коэффициенттерін қабылдауы, бірақ сол сәтте операциялық қызмет бойынша таза ақша легінің шамасы теріс болуы мүмкін. Бұл кәсіпорын негізгі қызметінің нәтижесі ақшалай қаражаттардың ағыны екенін көрсетеді, ал ақшалай қаражаттардың өсімі негізінен қаржылық немесе инвестициялық қызмет арқылы қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. Егер мұндай жағдай қайталана беретін болса, келешекте кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін өтей алмайтын күні пайда болатынын түсіну қажет.
Инвестициялық қызметтің ақшалай қаражаттарының легі келесілер болып табылады:
-негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, басқа да айналымнан тыс активтерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар;
-басқа ұйымдардың үлестік және міндеттемелік бағалы қағаздарын сатудан түскен ақшалай түсімдер;
- бір жылдан жоғары берілген қарыздардың қайтарылуы;
-қарапайым серіктестіктің жасалған мәмілелерге сәйкес ақшалай қаражаттарының қайтарылуы, басқа да осы тектес түсімдер;
-басқа ұйымдардың капиталына қатысудан алынған дивидендтер түрінде түсетін ақшалай қаражаттар;
- айналымнан тыс активтерді (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құнының өсіміне салынған салымдарды қоса алғандағы) сатып алуға жұмсалған ақшалай қаражаттар;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдары.
Негізгі құралдарды эксплуатациялауға жұмсалатын қаражаттар құрамында есеп беру кезеңінде, сондай-ақ өткен кезеңдерде құрылыстар салуға жұмсалған шығындар қамтылуы мүмкін. Аталмыш шығындар өткен кезеңдерде жұмсалғандықтан таза ақша легін есептеуде инвестициялық қызмет бойынша ақша легінен шегерілуі тиіс.
Қаржылық қызметте қарастырылатын меншікті капиталдың өзгерістері акция эмиссияларынан ақша түсімдерімен, сондай-ақ алынған эмиссиялық табыстармен бйаланысты болады. Табыс алу немесе зиян шегу нәтижесіндегі меншікті капиталдағы өзгерістер есепке алынбайды, себебі олар қаржы нәтижесімен байланысты және операциялық қызметте көрініс табады.
Қаржылық қызметтің ақшалай легіне келесілер жатады:
- акцияларды және басқа да үлестік құралдарды шығарудан, сондай-ақ меншік иелерінің қосымша салымдарынан ақшалай түсімдер;
- облигациялар, займдар шығарудан, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерден түскен түсімдер;
- мақсатты қаржыландыру және түсімдер;
- алынған несиелер мен займдар бойынша қарыздардың негізгі сомасын өтеуге қаражаттарды аудару;
- меншікті акцияларын сатып алуға бағытталған қаражаттар.
Шаруашылық субъектілердің нақты ақшалай қаражаттары, әдетте, кассадағы нақты ақшаларынан, есеп айырысу, валюталық шоттардағы және банкте ашылған арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады. Аталмыш мәселе келесі кезекте қарастырылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойьшша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жузеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша каражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып белінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша каражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды келесі әдістермен жүзеге асырылады:
- қолма-қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды;
- чектерді беруді;
- вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
- төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
- төлем-талап тапсырмаларын ұсынуды;
- инкассалық жарлығын ұсынуды;
- республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- төлем тапсырма;
- чек;
- вексель;
- тапсырма-талап төлемдері;
- кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да кұжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол койылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе тендестірілген (вдентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бүл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын керсетеді;
- бенефициар - аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланган) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиал аралық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымыныц коды - ҚР ¥Б нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның непзінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтықбелгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясыныц (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің. түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер:
- жеке ездеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалакы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;
- жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.
Тапсырмаға каражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақшалай қаражаттары қажет болып тұрады. Сондықтан нақты ақшалай қаражаттарын кәсіпорын кассада сақтап, керекті бағыттарда жұмсап отырады.
- Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары мәні мен мақсаты
Кәсіпорындар сонымен қатар нақты ақшасыз да есеп айырысулар жүргізе алады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаржаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғаларды арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғаларды арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де мәміле сомасы лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақшалай қаражаттарды сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырыысу үшін Қазақстан Республикасының мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арсындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz