Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
6В06102 – Ақпараттық жүйелер,
6В06103- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған
кәсіптік сарамандар бағдарламасы
Орал - 2021
Кәсіптік сарамандар бағдарламасын ҚР ЖММББС 5.04.019 – 2011 Жоғары білім.
Бакалавриат. Негізгі ережелер және Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидалары негізінде құрастырған информатика кафедрасының аға оқытушысы
Хамзина А.А.
Қаралды:
информатика кафедрасының отырысында
Протокол № ____ __ _________20__ж.
Кафедра меңгерушісі Абулкасова Д.Б.
Физика-математика факультетінің ОӘК отырысында
Протокол № _______ __________20__ ж.
Төраға _____________ Маннапова Т.М.
Келісілді: Кусмурзиева Э.М. _________ __________ 20___ж.
Должность: директор КГУ Областной центр информатизации образования
Управления образования Акимата ЗКО.
Согласовано: Жиенгалиев А.А._______________ __________ 20___г.
Должность: Директор ТОО Batys IT
Мазмұны
Сараманның жалпы мақсаттары мен міндеттері
1 Өңдірістік сараманының бағдарламасы
1.1Өңдірістік сараманының мақсаттары мен міндеттері
1.2Өңдірістік сараманын ұйымдастыру
1.3Өңдірістік сараманының мазмұны
1.4Өңдірістік сараманының тапсырмалары
2 Дипломалды сараманының бағдарламасы
2.1Дипломалды сараманының мақсаттары мен міндеттері
2.2Дипломалды сараманын ұйымдастыру
2.3Дипломалды сараманының мазмұны
3 Сараманды қорытындылау
3.1Сараман бойынша есеп құру
3.2Сараман бойынша есепті қорғау тәртібі
3.3Сараман қорытындысы бойынша аттестаттау
3.4Сараман қорытындысы бойынша студенттерді бағалау
критерийлері
Қосымшалар
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Кәсіптік сараман жоғары білім беру оқу бағдарламасының міндетті
компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және
дипломалды болып бөлінеді. Сараманның барлық түрлері жоғары оқу орнында оқу
процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен
құзыреттерді игеруге бағытталған.
Өндірістік сараманның мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыретін
бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып
табылады.
Тәжірибенің барлық түрлерінің мақсаты - студенттің университетте оқу
үдерісінде алған білімі негізінде кәсіби практикалық дағдыларды игеруі;
кәсіби білімді бекіту, кеңейту және жетілдіру; кәсіби және ұйымдастырушылық
жұмыс тәжірибесін алу болып табылады. Қазіргі уақытта 6В06103-"Есептеу
техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", 6В06102 – "Информатика",
5В070300 – "Ақпараттық жүйелер" мамандықтары бойынша типтік оқу
жоспарларында кәсіби сараманның үш түрі: оқу, өндірістік және дипломалды
жоспарланған.
Өндірістік сараман барлық мамандықтардағы (педагогикалық мен
тілдік мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім
алушылардың оқуды аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады
Диплом алды практика жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты
(жобаны) немесе есепті орындалатын барлық мамандықтардың түлектері үшін
бітіруші курста өткізіледі.
Диплом алды практиканың ұзақтылығы жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны)
жазуға берілген кредиттер санымен айқындалады.
1 Өңдірістік тәжірибе бағдарламасы
Кәсіптік практика техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары
бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерінен білім алушылардың жан-жақты
дамуы, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы, сондай-ақ білім
алушылардың білім беру бағдарламалары бойынша қажетті дағдылар мен
практикалық тәжірибе алмасуы, тәуелсіз ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын
дамытуға бағытталған.
Өндірістік сараман кезеңінде студент тиісті практика базасының кәсіби
қызметі бойынша нақты материалдарды, дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы
бойынша практикалық материалдарды жинауды жүзеге асырады.
Бітіру курсында бұл тәжірибе теориялық оқытуды толық аяқтағаннан кейін
ұйымдастырылады. Оның мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін
материалдар жинау болып табылады. Сараман нәтижелері дипломдық жобаны
(жұмысты) жазу үшін пайдаланылады және тиісінше рәсімделеді.
Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу үшін база
ретінде кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті кадрлары мен
материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады. Кәсіптік практиканың
базасы ретінде айқындалған ұйыммен университетте білім алушылардың кәсіптік
сараманын өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған
кәсіптік практика түрі көрсетілген, оны өткізу туралы келісім-шарт
жасалады.
Кәсіптік практиканың базалармен келісім-шарттары сараман
басталардың алдында бір айдан кеш емес мерзімде жасалады.
Шартта университеттің, кәсіптік сараман базасы болып табылатын
кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен
жауапкершілігі айқындалады.
Практика базаларын таңдауға қойылатын жалпы талаптар:
- тәжірибенің заманауи материалдық-техникалық базасының болуы;
- кәсіпорында еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бөлімдерінің болуы;
- практикаға басшылық жасау және бақылау жүргізу үшін қажетті білікті
мамандардың болуы;
- тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі;
- кәсіпорынның (ұйымның) қазіргі заманғы компьютерлік жабдықтармен
қамтамасыз етілуі;
- базалық кәсіпорындардың жақын, мүмкіндігінше аумақтық орналасуы.
1.1 Өңдірістік сараманның мақсаты мен міндеттері
Өндірістік сарманның мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыретін

табылады
Өндірістік сараманның негізгі міндеттері:
1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен
міндеттерін оқып зерттеу;
2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды,
дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерін
меңгеру;
4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің
дағдыларын игеру;
6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды
орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін
қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады
Өндірістік практикадан өту нәтижесінде студент:
біледі: іске қосу-реттеу жұмыстарын, профилактикалық, жөндеу іс-
шараларын жүргізу тәсілдерін; бағдарламаларды қайта орнатуды; жүйелік,
желілік әкімшінің жұмысын; бағдарламаларды сүйемелдеуді
істей алады: кез келген операциялық жүйе ортасында кәсіби жұмыс істеу,
профилактика жүргізу, есептеу техникасы құралдарына қызмет көрсету бойынша
негізгі жөндеу жұмыстары, ДК жаңғырту
дағдыланады: кез келген операциялық ортада, өндірістік процестерді
автоматтандыру бойынша бағдарламалық өнімдермен, ақпараттық – іздестіру
жүйелерімен, деректер базасын басқару жүйелерімен жұмыс істеу
1.2 Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Кәсіптік практиканың түрлері бойынша білім алушыларға университеттен
және практика базасынан – кәсіпорыннан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер
тағайындалады.
Практика жетекшілерінің қызметтерін, міндеттері мен жауапкершілігін
университет және практика базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім-шарт
бойынша дербес айқындайды.
Мекемелерде өндірістік қажеттілік болған жағдайда білім алушы-
практиканттар белгілі бір лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып,
уақытша жұмысқа қабылдана алады.
Кәсіптік практиканың базасы болып табылатын ұйым кәсіптік практиканың
бағдарламасына сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді және білім
алушылардың жұмыс орнында қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Практика базасы - ұйым білім алушылармен кәсіптік практиканы өту
кезінде болатын қайғылы оқиғаларға Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне сәйкес толық жауапты болады.
Кәсіптік практика бағдарламасын білім беру бағдарламасының саласы мен
түріне сәйкес практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындармен
(мекемелермен, ұйымдармен) келісе отырып білім беру бағдарламасына жауапты,
кадрларды даярлаушы кафедрадан кәсіптік практика жетекшісі әзірлейді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша білім беру
бағдарламасының бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби
стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, құзыреттерін,
оқыту нәтижелерін және практика нысанының сипатын көрсетеді.
Әрбір білім алушы кәсіптік практикаға арналған бағдарлама, жолдама
мен жұмыс жоспары және күнделікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
1.3 Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар
1. Кәсіптік практикаға теориялық және базалық пәндерді толығымен
меңгерген білім алушылар жіберіледі.
2. Білім алушыны кәсіптік практикаға жіберу туралы ұсынысты практика
жетекшісі және кафедра меңгерушісі келісім-шарттар мен білім
алушылардың практикадан өтуге рұқсат етілген мекемелер бойынша
анықтайды.
3. Білім алушылар практикадан өту барысында университетте таңдаған білім
беру бағдарламасының саласына байланысты нақты кәсіпорынның, ғылыми-
зерттеу мекемелерінің, ұйымдардың нақты жағдайымен танысады:
• өндіріс технологиясы;
• өндірісті ұйымдастыру мен басқару, оның экономикасы, өнім сапасын
бақылау және стандарттау, еңбек өнімділігі мен тиімділігін көтеру
резервтерін айқындау шаралары;
• жабдықтар, аппаратуралар, есептеу техникасы, бақылау-өлшеу аспаптары
мен құрал- саймандары, өндірістік үдерістерді автоматтандыру;
• мектептердің, прокуратураның, мәдениет мекемелерінің және т.б. жұмысы;
• инженерлердің, мұғалімдердің, заңгерлердің, экономистердің және т.б.
озат тәжірибелері;
• еңбек қорғау мен гигиена, физиология, психология, экология салаларында
жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері;
• ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастыру, тиімді ұсыныс жасау және
өнертапқыштық жұмыстарды ұйымдастыру;
• еңбек қауіпсіздігі мен еңбек мәдениеті жағдайларын жасау және
қамтамасыз ету.
4. Практикаға оқу-әдістемелік жетекшілік жоспарларын, бағдарламасын
дайындауды және оны жоғары сапада ұйымдастыруды, өткізуді тиісті
кадрларды даярлаушы кафедралар жүзеге асырады.
Университет:
1) практика базасы болып бекітілген кәсіпорындармен, мекемелермен,
ұйымдармен, мектептермен алдағы күнтізбелік немесе оқу жылға
(жылдарға) келісім-шарт жасайды және кәсіптік практиканың
бағдарламасы мен жұмыс жоспар-кестесін дайындайды;
2) практика жетекшісі ретінде білім беру бағдарламасының ерекшелігін
және база қызметін жақсы білетін тәжірибелі профессорлар, доценттер,
оқытушылар тағайындалады;
3) жетекшілер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды,
сондай-ақ практикадан өтуші білім алушыларды бағдарламамен
қамтамасыз етеді;
4) білім алушылардың практикасын ұйымдастыру мен өткізу, оның мерзімі
мен мазмұнын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
5) практикаға жіберілетін білім алушылардың оқу жылындағы дәрігерлік
тексеру құжаты жарамды болып табылады.
Университеттен тағайындалған жетекші:
1) практика басталмас бұрын білім алушылардың қажетті дайындықтарын
ұйымдастырады;
2) білім алушыларға оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кеңестер
өткізеді;
3) кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың білім алушыларға еңбек
және тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуіне, оларға еңбекті қорғау мен
техника қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқау беруіне, ішкі еңбек
тәртіп ережелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады;
4) білім алушылардың кәсіптік практика есептерін тексеріп, қорғауға
дайындығын жетілдіруге байланысты ұсыныстар және ескертулер,
практиканың өтуі мен қорытындысы бойынша жазбаша есеп береді;
5) практика бойынша есеп қабылдау комиссиясының жұмысына және білім
алушылардың өндірістік кәсіптік практика бойынша ұйымдастыру, жабылу
мен қорытынды есеп беру конференцияларын ұйымдастырып, дайындауға
қатысады.
Кәсіптік практика базалары болып табылатын кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар және мектептер:
1) білім алушылардың практикасын келісім-шарт негізінде
ұйымдастырып өткізеді;
2) білім алушыларға бағдарламаға сәйкес практика өтетін орындар
бөледі;
3) білім алушылардың білім беру бағдарламаларына сәйкес практика
өту кезеңінде білім, құқық, технология, өндіріс экономикасы
және ұйымдастыру мен басқару, еңбекті ғылыми ұйымдастыру,
ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру және
басқа салалар бойынша білім алуға қажетті жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға қолда бар әдебиеттерді, техникалық және басқа
құжаттарды, сондай-ақ қажетті жағдайда көбейту техникасын
қолдану (егер бұл келісім шартта қарастырылса) мүмкіндігі
беріледі;
5) дипломдық жұмыстарға (жобаларға), магистрлік және докторлық
диссертацияларға материал іріктеуге көмектеседі;
6) еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігіне байланысты міндетті
нұсқаулар жүргізеді: кіріспе нұсқау және жұмыс орнында
белгіленген құжаттарды толтыру арқылы жүргізілетін нұсқау,
қажетті жағдайда жұмыстың қауіпсіздігіне байланысты оқу
жүргізеді;
7) білім алушылардың осы кәсіпорында, мекемеде, ұйымда,
белгіленген ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз
етеді;
8) өндірістік қажеттілікке байланысты неғұрлым дайындығы жақсы
білім алушы - практиканттарды цех, мектеп үшін анықталған
тариф бойынша ақы төлеп, уақытша жұмысқа алады.
Кәсіпорын тарапынан тағайындалған жетекші білім алушылардың
бекітілген жұмыс жоспар-кестелеріне сәйкес күнделіктерін жүргізуін
қадағалайды, тапсырмаларды орындағаны туралы қол қойып растайды, білім
алушылардың есебін дайындауын бақылайды, оларға жеке тапсырмалар мен
бағдарламаның орындалуы туралы күнделігіне деректері бар кәсіптік практика
қорытынды береді.
Кәсіптік практиканы ұйымдастырудың нәтижесі білім беру бағдарламасына
сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша бітіру жылы ішінде түлектердің
кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған,
төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда кәсіптік практиканың түрлері
бойынша қашықтықтан білім беру технологиясы негізінде онлайн режимінде
ұйымдастырылады.
1.4 Дипломалды практикасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Диплом алды практика дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім
алушылар үшін ұйымдастырылады.
Диплом алды практиканың мақсаты - дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың
аяқталуы болып табылады.
Бітіруші курс білім алушыларына білім беру бағдарламалары бойынша
дипломалды практика ұйымдастырылады, оның мазмұны дипломдық жұмыстың
(жобаның) тақырыбымен анықталады. Өндірістік практика кезінде білім алушы
кәсіпорынның өндірістік (мамандандырылған) қызметі туралы, ғылыми-зерттеу
институтының, мекеменің, ұйымның, мектептің қызметтері туралы нақты
материалдар жинайды және сол мәліметтерді диплом алды практика кезінде
диплом жұмысын (жобасын) жазуда пайдаланады.
Диплом алды практика бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық
жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. Диплом алды практиканың
мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен айқындалады.
Диплом жұмысын жазудан босатылған білім алушы дипломалды практика
мерзімінде өндірістік практикасын жалғастырады және тапсыратын кешенді
емтихандардың материалдарымен танысып, кешенді емтиханға дайындалады.
Дипломалды практиканың есебіне өндірістік практикасын жалғастырған кездегі
жоспарға сәйкес орындаған тапсырмалары бойынша есептерін қорғайды және
бағаланады.
Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды
жинақтау, өңдеу және жалпылау;
2) дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен
практикалық материалдарды талдау;
3) дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша
қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
4) дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу
болып табылады.
Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра
ұйымдастыратын дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғауда
қорытындыланады.
Дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғау кафедра отырысында
өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.
2 Кәсіптік сараман барысын қорытындылауға қойылатын талаптар
1. Кәсіптік практиканы қорытынды бақылау түрі негізгі оқу жоспарда және
жұмыс оқу жоспарына сәйкес есеп-дифференциалдық сынақ түрінде
қабылданады. Кәсіптік сараманның есебінде білім алушылардың орындаған
нақты жұмыстары туралы мәліметтер және кәсіпорын (цехтар, бөлімдер,
зертханалар т.б.) мен ұйым туралы, оның қызметі, экономикасы, еңбек
қорғау мәселелері туралы баяндау, ұсыныстар мен қорытындылар жазылуы
керек. Есеп беру үшін білім алушыға сараман соңында уақыт беріледі
және бағдарламада көрсетіледі.
2. Кәсіптік сараманнан өткен білім алушылары кәсіптік практиканың әр
түрінің қорытындылары бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі
тексеретін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның
алдында қорғалатын есепті ұсынады. Комиссия құрамына практика
өткізілетін курсты жүргізетін оқытушы, университет тарапынан
практикаға жауапты тұлға, факультет кафедраларынан және мүмкіндігінше
кәсіпорын тарапынан тағайындалған практика жетекшілерінен құрылады.
3. Есепті қорғау нәтижелері университеттің Университет білім
алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және жоғары білім
беру бағдарламаларында қорытынды аттестаттау өткізудің ережесіне
сәйкес бағалаудың белгіленген балдық– рейтингілік әріптік жүйесі
бойынша сараланған (дифференциалды) сынақпен бағаланады.
4. Сараман бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-
таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетілген білімге ұсынылған
есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.
5. Сараман бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде практика базасынан
жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда практика
бағдарламасында көрсетілген мөлшерде, білім алушының практика есебін
қорғау нәтижелерінде ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.
6. Кәсіптік сараманның қорытындысы кафедрада талқыланады. Практиканың
жалпы қорытындысы мүмкіндігінше практика базасы өкілдерінің
қатысуымен факультет деңгейінде өткізіледі.
7. Кәсіптік сараман бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір
немесе есебін қорғағанда қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы
практикадан қайта өтеді. Қайта өту тәртібі университетте қабылданған
ереже бойынша жүзеге асады және практиканың есебі қорғау кезінде
алған бағалық, балдық, рейтингтік жүйемен қайта бағаланады.
8. Университет шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімдер
жасайды, білім алушылар, оқытушылар мен зерттеушілер халықаралық
алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті мемлекеттік органмен келісім
бойынша білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға
(қауымдастықтарға) кіреді.
9. Білім алушылардың кәсіптік сараман бойынша дайындаған және қорғалған
есептерінен өте жақсы, жақсы бағаланған есептерінің үлгі үшін 2-5
данасы кафедрада 1 жыл сақталады, одан басқа кәсіптік практикалардың
есептері оқу жылының соңында акт түзу арқылы жойылады.
Білім алушылардың міндеттері мен құқықтары
Білім алушылардың міндеттері:
1) кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды
толығымен орындау, практика күнделігін жүргізу;
2) кәсіпорында, ғылыми-зерттеу ұйымында, мекемеде, ұйымда, мектепте
қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
3) тиімді ұсыныс жасау, өнертапқыштық, операция жасау жұмыстарына
тиісті кафедралардың тапсырмаларымен қатысу;
4) барлық тапсырмалардың орындалғаны жайында кәсіпорын жағынан
тағайындалған жетекшісі қол қойған күнделігін және жазбаша есебін
университет тарапынан тағайындалған жетекшісіне ұсыну.
Білім алушының құқығы:
1) кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға
қатыспауға;
2) бос жұмыс орны болған жағдайда білім беру бағдарламасы
саласына сай ақы төленетін жұмысқа қабылдануға құқығы бар.
Жауапкершілік
1. Кәсіптік практиканы өткізу мен ұйымдастыруға келісім-шарттарда
көрсетілген тараптар жауап береді.
2. Кәсіптік практикадан өтіп жатқан білім алушылар жазымға ұшыраған
жағдайда келісім-шартта көрсетілген тараптар жауап береді.
3. Кәсіптік практикадан өтпеген немесе бағдарламаны орындамаған
білім алушы үшін жалған ақпарат берген практика жетекшісі мен
кафедра меңгерушісі жауапты болып табылады.
3 Өндірістік практиканың мазмұны
Тәжірибенің кіріспе бөлімінде өндірістің сипаты мен кәсіпорынды
басқару құрылымы, кәсіпорындағы ақпаратты өңдеудің шешілетін міндеттері
туралы жалпы идеялар беріледі. Тәжірибе басталар алдында барлық студенттер
міндетті түрде кәсіпорында қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік
санитария бойынша нұсқамадан, өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы нұсқамадан,
сондай-ақ ішкі тәртіп ережелері және осы кәсіпорындағы жұмыс режимінің
жекелеген ерекшеліктері бойынша нұсқамадан өтуі тиіс.
Практика орындарына бөлу және барлық практиканы басқару кәсіпорынның
нақты бөлімдері мен қызметтерінде жүзеге асырылады.
Тәжірибенің бірінші бөлімі студенттерді кәсіпорынмен, оның өндірістік
және ұйымдастырушылық құрылымымен, ақпараттың сипаты мен мазмұнымен жалпы
таныстыруды қарастырады.
Екінші бөлім белгілі бір жұмыс орнында қойылған міндеттерге сәйкес
жұмыстарды орындауға, кәсіби дағдыларды игеруге, сондай-ақ зерттеу
материалдарын өңдеу және есеп жасау дағдыларына арналған. Төменде
студенттердің өндірістік практикадан өту және практика туралы есеп беру
кезінде оқитын, пысықтайтын міндетті типтік мәселелердің тізімі
келтірілген:
• кәсіпорынмен, оның өндірістік, ұйымдық – функционалдық құрылымымен,
кәсіпорын қызметінің экономикалық сипаттамалары мен көрсеткіштерімен
танысу;
• кәсіпорында қолданылатын ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялық
құралдарды зерттеу;
• кәсіпорындағы (ұйымдағы) ақпараттық жүйелер бойынша негізгі жобалық
шешімдерді зерттеу;
• ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және пайдалану әдіснамасымен
танысу;
• осы кәсіпорында ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеу технологиясын
зерттеу;
• кәсіпорында ақпараттық жүйелерді енгізудегі кемшіліктерді анықтау,
оларды бағалау және оларды белгілеу бойынша нақты ұсыныстар;
• қолданыстағы экономикалық ақпараттық жүйені жетілдіру, сондай-ақ
жаңа жүйелерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• нақты жұмыс орындарында практикалық дағдыларды игеру;
• ақпараттық технологияларды құру кезінде информатика саласындағы
жобалау әдістерін қолдану;
• ақпараттық жүйелерді жобалау тәжірибесінде жүйелер теориясының
әдістерін қолдану;
• ақпараттық жүйелер мен олардың ішкі жүйелерін жобалау кезінде
бағдарламалау тілдерін, заманауи қолданбалы бағдарламалық пакеттерді
қолдану;
Өндірістік практика кезінде студенттер еңбекті және қоршаған ортаны
қорғау мәселелеріне назар аударып, ақпараттық жүйелер мен есептеу
техникасын пайдалану, баптау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын,
сондай-ақ эргономика және пайдаланушының жұмыс орнын ұйымдастыру
мәселелерін зерделеуі тиіс.
Өндірістік практикаға тапсырмалар
Өндірістік практика бойынша тапсырмалар мынадай міндеттерді шешуді
қамтиды:
• кәсіпорынның нақты практикалық жұмысымен танысу;
• ұйымның жұмыс тәжірибесін, оның өндірістік-шаруашылық қызметін,
өндірісті және ұжымды басқаруды зерттеу және талдау;
• практиканың мақсаты мен практика өткізілетін нақты кәсіпорынның
қызметіне байланысты теориялық мәселелердің бірін пысықтау;
• осы кәсіпорынды немесе құрылымдық бөлімшені басқаруды жүзеге асыру
үшін қызмет ететін кәсіпорынның ақпараттық ағындарын анықтау және
қарау;
• ақпараттық жүйелердің жеке міндеттері мен кіші жүйелерін жобалау,
енгізу және пайдалану әдістемесін игеру,
• ақпараттық жүйелерді жүзеге асыратын автоматтандырылған құралдар мен
жүйелерді зерттеу, оларды зерттеу және жобалау дағдыларын игеру;
• белгілі бір кәсіпорынның мысалында ақпараттық технологияларды енгізу
кезінде туындайтын мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын
зерттеу;
• кәсіпорынның ақпараттық ресурстарын басқару бойынша міндеттерді өз
бетінше шешу дағдыларын дамыту;
• кәсіпорында практикалық жұмысты орындау;
• бітіру біліктілік жұмысын орындау үшін қажетті материалдарды
дайындау және жүйелеу;
• тәжірибе туралы есеп дайындау және оны тиісті түрде рәсімдеу.
• ұйымның механикалық және технологиялық қызметі;
• нарықтық экономика жағдайында өндіріс жұмысын ұйымдастыру және
жоспарлау;
• ұйымның бизнес-жоспары;
• ұйымның міндеттерін шешу үшін есептеу техникасын қолданумен танысу.
Жергілікті есептеу желілерінің болуы және олар орындайтын міндеттер.
Ғаламдық желілермен байланыс (INTERNET).
4 Дипломалды сараманның мазмұны
Дипломалды практиканың басты мақсаттарының бірі дипломдық жобаны
(жұмысты) орындау үшін қажетті бастапқы материалдарды жинау болып табылады.
Диплом алдындағы практика қорытындысы алдын ала дипломдық жобаны қорғау
кезінде шығарылады, жоғары оқу орны өзі ұйымдастыру тәртібін айқындайды
Дипломалды практикадан өту нәтижесінде студенттер келесі жұмыстарды
орындаулары тиіс:
- кафедрада бекітілген техникалық тапсырмаға сәйкес дипломдық жоба тақырыбы
бойынша материалды жинау және өңдеу бойынша міндеттерді қою
- орындалатын дипломдық жұмыстың мақсатын, өзектілігін, міндеттерін
негіздеу
- дипломдық жобаның жобалау – түсіндірме бөлігінің және жобалау – есептеу
бөлігінің құрылымын анықтау
- дипломдық жоба тақырыбы бойынша ақпаратты талдау, жинау және өңдеу
- пайдаланылатын жабдықтың адам өмірінің қауіпсіздігіне зиянды әсерін жою
бойынша қолданыстағы тәсілдерді талдау және зиянды әсерлерді жою бойынша
шараларды анықтау
- дипломдық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша материалдар
жинау
Дипломалды практикадан өту кезеңінде студент өзінің дипломдық жұмысы үшін
келесі сұрақтар бойынша материал жинауы керек:
1. Кәсіпорынның немесе мекеменің қысқаша сипаттамасы
2. Негізгі бөлігі
3. Зерттеу бөлімі
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар
5. Қоршаған ортаны қорғау
5 практика нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
5.1 Сараман бойынша есеп дайындау
Практика аяқталғаннан кейін студент тәжірибе нәтижелері бойынша
жазбаша есеп жасайды. Практика өту туралы есепте білім алушылардың
өздеріне, практика жетекшілеріне, сондай-ақ Университетке диплом жұмысының
(жобасының) тақырыбын көкейкестілігі болашақ кезеңдердің, білім алушылардың
жүргізген зерттеулерінің, компаниялары үшін – практика базасының
пайдалылығы тұрғысынан тиімді болуы тиіс.
Есепте орындалған жұмыстар, практика базасының қысқаша сипаттамасы
(бір беттен аспайтын) мәліметтер қамтылуы тиіс: қызметтің негізгі түрлері
және жұмыс әдістері (негізгі өнімдер немесе қызметтер, клиенттердің негізгі
топтары, сату көлемі, корпоративтік этика және т. б.); компания персоналын
таңдау, іріктеу және жалдау рәсімін сипаттау және т.б.
Білім алушылардың сарманнан өту кезінде жүзеге асырылған іс-
әрекетінің негізгі бағыттарының тізімі (бестен көп емес), 1-кестеде
көрсетілген нысанға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz