Бюджеттік қатынастарды басқару және реттеу


КІРІСПЕ
Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы экономикасын жеделдетіп жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қабілетті үкімет басқарушылары қажет екені өткір сезіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясында - Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгертуге бағытталған [1] .
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Қоғамда мемлекеттің экономикалық рөлі экономикалық функциялармен ғана экономика субъектілерінің қызметі мен олардың экономикалық мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын өзінің қызметінің нысандары мен әдістерінің жиынтығымен де қамтамасыз етіледі. Ол мемлекет пен экономика өзара ықпалдасатын негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш бағыттардың арасынан келесі бағыттар ерекше бөлінеді: біріншіден, мемлекет пен оның институттарының тікелей қатысуымен ұлттық экономиканың даму стратегиясының негізгі бағыттары әзірленіп, еліміздің экономикалық бағыты қалыптастырылады; екіншіден, мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты мен мазмұнын анықтаудың өзі - мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Экономикалық саясаттың нысаны мен мазмұнын анықтауда мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі тиіс ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасының маңызы артады; үшіншіден, экономиканың қызметін институционалдық қамтамасыз ету - еліміздің Конституциясында бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастырудан туындайтын мемлекеттің экономикалық қызметінің бағыты [2, 35 б. ] .
Берілген дипломдық жұмыстың өзектілігі, мемлекеттік бюджеттік реттеудің белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді, олар: экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру; басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру; шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту; экономикалық одаққа бірігетін елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т. б. ) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі. Қазақстанда экономикалық реформалаудың табыстылығы көп дәрежеде мемлекеттік бюджеттік-салықтық саясаттың қандай бағытта өзгеретініне, және де қаншалықты уақыттың талаптарына жауап беретініне тәуелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік бюджеттік реттеудің теориялық аспектілеріне негізделе отырып, оны жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну болып табылады.
Дипломдық жұмыстың берілген мақсатына жету үшін келесі міндеттері қойылды:
- Бюджет жүйесінің экономикалық негізін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы экономиканы бюджеттік реттеу жүйесіне талдау жасау;
- экономиканы мемлекеттік бюджеттік реттеудің жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыс объектісі Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын реттеудегі экономикалық құралдар жатқызылады. .
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі - нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік бюджет мәселелері қарастырылған, экономиканы тұрақтандырудағы бюджет роліне әр түрлі тәсілдерді және мемлекеттік бюджеттің дамуына үлес қосқан классиктер еңбектерінен, отандық және қазақстандық ғалымдар жұмыстарынан тұрады. Сонымен қатар, таңдалған тақырып бойынша ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің кодекстері, заңдары және қаулылары. Ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі, статистика агенттігі, ғылыми баспасөздер материалдары болып табылады.
1 Экономиканы реттеудегі бюджеттің ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бюджет жүйесінің экономикалық маңызы
«Мемлекеттік бюджет» түсінігі, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын құру және аталған жинақтарды мемлекеттік экономикалық реттеу мақсаттарына пайдалану кезінде қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құралатын, ақша қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Қаржылар категориясын тұтастай алғанда ең алдымен, ерекшелеп тұратын:
- бюджет қатынастарының бөлу сипатына ие болуы;
- бюджет қатынастарының әрқашан да ақшалай формада жүзеге асырылуы;
- бюджет қатынастарының нысаналы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қоса жүретіні, қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке тән болып саналады.
Сонымен бірге, қаржылармен ортақ белгілер шеңберінен шықпайтын белгілі бір өзіндік ерекшеліктер, бюджеттік қатынастарға тән болып саналады. Мемлекеттік бюджет құндық (ақшалай түрде) бөлудің өзіндік саласы ретінде төмендегі белгілермен сипатталады:
- мемлекеттің жалпы қоғамдық өнімі құнының бір бөлігінің жекеленуімен және оның қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануымен байланысты, бөлу қатынастарының ерекше экономикалық формасын білдіреді;
- құнды жасау және оны өнімді тұтыну процесін орталандыратын материалдық өндіріс қаржыларынан және құнды тұтынуға қызмет көрсететін, өндірістік емес сала қаржыларынан өзгешелігі, ұлттық экономика салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөлуге бағытталған;
- оның тауар формасындағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөлу сатысын білдіреді, сонымен бір мезгілде материалдық өндірісте және өндірістік емес салада қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады [2, 8 б. ] .
Осымен қатар мемлекеттік бюджеттің:
1. қаржы жүйесінің негізгі буыны, қайта бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіретіндігі;
2. мемлекеттік бюджет есебінен ұлттық табыс қайта бөлінетіні;
3. бюджеттік қайта бөлу процестері әртүрлі буындар арасында бөлу қатынастарының үлкен бөлігін алатыны;
4. бюджеттік бөлу саласының мемлекеттік қаржылар құрамында негізгі орын алатыны сияқты өзіндік ерекшеліктері бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің қолында шоғырландырылатын және оны мемлекет әлеуметтік-экономикалық, қорғаныс және өзге функцияларын орындау үшін пайдаланатын ақша қорларының жиынтығы болып саналатын мемлекеттік қаржылардың құрамды бөлігі.
Мемлекеттік бюджеттің мәні оның функциялары арқылы толықтай ашылады. Кез келген экономикалық категория және қаржы жүйесінің аса маңызды буыны сияқты, мемлекеттік бюджет 2 функцияны және 3 ішкі функцияны орындайды, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қаржылар үшін тұтастай алғанда, яғни қаржылар және мемлекет функцияларынан шығатын:
- бөлу;
- бақылау;
- қайта бөлу ішкі функциясы;
- ресурстарды орналастыру ішкі функциясы;
- экономиканы тұрақтандыру ішкі функциясы тән болып саналады.
Бізге белгілідей, ұлттық табысты қайта бөлу мемлекеттік бюджет (тікелей салық салу тетігі, мемлекет қарызы), баға белгілеумен, «бағалар қайшылығымен» (контрактылық жүйе арқылы, монополиялық бағалар) байланысты жанама салықтар тетігі, ақша-несие қатынастары (ең алдымен, несие) жүйесі, өнімсіз еңбек қызметі түрлерімен айналысатын еңбекке қабілетті халық бөлігінің көрсетілген қызметтерге ақы төлеуі, салықтар төлеуден жалтаруы (көлеңкелі экономика саласында) және т. с. с сияқты экономикалық құралы есебінен жүзеге асырылады [2, 11 б. ] .
Бюджеттің экономикалық мазмұны біржақты айқындалмайды, оның мәні бірінші кезекте, қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қорының қаражаттарын қалыптастыру, пайдалану процесінен көрінеді. Мемлекеттік бюджетті айқындауда, оның мәнін көрсететін бір ғана жағдайды бөліп көрсету, кеңейтілген ұдайы өндірістің осындай экономикалық категориясының маңызын төмендетеді. Өйткені кеңейтілген ұдайы өндіріс процесі, өндірістік процесті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын экономикалық қатынастардағы тепе-теңдіктің ұдайы бұзылуымен байланысты болатын аса маңызды объективті дауларды үздіксіз шешіп отыруды талап етеді.
Кеңейтілген ұдайы өндіріске, құн заңы қолданылатын өндірістік саланы дамытудан өзге, сондай-ақ осы заң өмірге келетін, әлеуметтік-мәдени және қорғаныс құқық саласы кіреді. Атап айтьқанда мемлекеттік бюджет субъективтік факторлардың қоғамның өмірлік қызметін объективті негіздеуге әсер ету тетігін жасайды.
Бюджет қаржы жүйесінде жетекші рөл атқарады. Бұл, оның жұмыс істеуі, ұдайы өндіріс процесінің, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық және сапалық параметрлерін, сондай-ақ шаруашылық жүргізу субъектілері қызметінің түпкі нәтижелерін анықтайтындығымен байланысты болады. Сонымен қатар бюджет қаржы жүйесінің барлық буындарымен тығыз байланысты. Мұндай жүйенің, кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану мақсатында ІЖӨ-нің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде өндірістік және өндірістік емес қызметтің әртүрлі салаларында туындайтын, бөлек, сонымен бірге бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастар буындарының жиынтығы екенін ескере отырып, бюджет біріншіден, қаражатты жұтып алатын, екіншіден, оларды субсидиялайтын резервуар болып табылады.
Нарық құрылымдарына кіру, әлеуметтік бағдарланған негіздерге ұмтылатын ел экономикасын тиімді дамытудың негізгі тұтқасы ретінде мемлекеттік бюджетті объективті нығайтуды талап етеді.
Бюджет, өз кезегінде өндірістің дамуына көмектесетін немесе тежейтін, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдар құруға және жетілдіруге белсенді әсерін тигізеді.
Нарықтық қатынастарды өрістету кезінде, экономика секторларының, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың, жекешелендіру процесінің қаржылық ресурстары мен оларды пайдалану құрылымдарын реттеу үшін, бюджет ерекше маңызға ие болады. Бюджет төлемдер жүйесі мен қаржыландыру әдістері арқылы шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық ішілік резервтерін жұмылдыруға және төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді [2, 15 б. ] .
Егер жекелеген шаруашылық құрылымдарының сметалары, бизнес жоспарлары кеңейтілген негізде өндірістік қорлардың жеке айналымына қызмет көрсетсе, онда бюджет барлық қоғамдық қорлардың айналымын орталандырады. Жалпы мемлекеттік ауқымда қаражаттарды қайта бөлу - құрылымдық ұдайы өндірістің қарқыны мен тиісті пропорциаларына жетуге көмектесетін қорлардың айналымын қамтамасыз етудің қажетті жағдайы Ұдай өндіріс процесінің қажеттіліктерінен объективті түрде жалпы мемлекеттік қаржылардың қажеттілігі және орталықтандырылған таза табысты мемлекеттік бюджет арқылы пайдалану қабілеттілігі туындайды. Бюджет сол арқылы экономикалық базаның мазмұнын көрсетеді, бірақта мемлекеттің өмір сүру негіздерінен туындамайды.
Бюджет жүйесі саяси экономикалық аспектіде олардың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыстары мен жалақыларының бір бөлігін сіңіру, осы қаражатты әртүрлі билік органдары арасында қайта бөлу және оларды мемлекеттің өз функцияларын орындауына жұмсау себептері бойынша әртүрлі мемлекеттік билік органдары арасындағы экономикалық меншік қатынастарын білдіреді [3, 51 б. ] .
Бюджет жүйесі экономикалық категория ретінде төмендегі үш функцияны орындайды:
1) фискалдық - салықтар алу арқылы үкімет қызметі үшін, яғни әскери, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауға арналған шығыстарды жабу, сондай-ақ басқару аппаратының өмір сүруі үшін қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді;
2) экономикалық реттеу - салықтар мен шығыстар шаруашылық қызметін басқару және экономикалық саясаттың белгілі бір мақсаттарын (экономиканы тұрақтандыру, оның өсуін ынталандыру, құрылымдық алға жылжулар және т. б. ) жүзеге асыру тұтқалары ретінде пайдаланылады;
3) табыстарды теңестіру - яғни салық салудың прогрессивтік жүйесі мен аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз азаматтарға, мүгедектерге, балаларға, артта қалған өңірлерге және т. б. трансферттік төлемдер жүйесінің арқасында табыстарды қайта бөлу [3, 55 б. ] .
Бюджет құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
- кірістер:салық түсімдері; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансфертттер түсімдері;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік несие беру:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді өтеу;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
- қаржы активтерін сатып алу ;
- мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер;
- бюджет тапшылығы (профициті) ;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бюджеттерді бекіту және әртүрлі басқару деңгейіндегі бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау жоғарыда келтірген форма бойынша жүргізіледі.
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымдарының ішкі мазмұнын қарастырып көреміз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3-тарауының 11-18-баптарымен бюджет құрылымының жекелеген элементтерінің маңызы айқындалады.
1-бөлімде - Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.
2-бөлім - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындарын білдіреді.
3-бөлім - Операциялық сальдо - бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма болып табылады.
Сонымен бірге, мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатында көрсетілетін, теріс операциялық сальдо мөлшерінің шектері міндетті тәртіпте айқындалады.
4-бөлім - таза бюджеттік несие беру бюджеттік несиелердің және бюджеттік несиелерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады:
ТБн = Бн - Бнө (1)
мұнда, ТБн - таза бюджеттік несие беру;
Бн - бюджеттік несиелер;
Бнө - бюджеттік несиелерді өтеу
Таза бюджеттік несие беру мазмұнын неғұрлым толық ашу мақсатында бюджеттің осы бөлімінің негізгі түсініктеріне назар аударып көреміз.
Осылай, таза бюджеттік несие беру, мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларға қаражат беру процесінде алынған бюджет кірістерінің яки шығыстарының көлемін айқындайды және бюджеттің операциялық сальдосын ұлғайтуға яки азайтуға әсер ететін болады.
5-бөлім - Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады:
Қасос = Қаса - Мқаст (2)
мұнда, Қасос - қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша
сальдо;
Қаса - қаржы активтерін сатып алу;
Мқаст - мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша теріс (Қаса > Мқаст) немесе оң (Қаса < Мқаст) сальдо, тиісінше бюджет тапшылығының ұлғаюына немесе кемуіне әсер ететін болады.
6-бөлім - Бюджет тапшылығы (профицит) бюджеттің үш қорытынды бөлімінің айырмасы ретінде айқындалады:
Б(п) т = ОС - ТБн - Қажос (3)
мұнда, Б(п) т - бюджет тапшылығы (профициті) ;
ОС - операциялық сальдо;
ТБн - таза бюджеттік несие беру;
Қажос - қаржы операцияларымен жасалатын операциялар
бойынша сальдо.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті - бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
7-бөлім - Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану), ең алдымен мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту және бөлуге қатысты қаржылық шешімдер қабылдауға негізделеді. 1) тапшылық болған жағдайда - ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту; 2) профицит кезінде - жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану [4, 42 б. ] .
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық номаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылысымен айқындалады. Осыған сәйкес бюджет жүйесінің екі түрі бөліп көрсетіледі: федеративтік және унитарлық, оның біріншісі үш басқару буынына ие, ал екіншісінің екі басқару буыны бар (1-сурет ұсынылған) .
Басқарудың 3 буыны
Басқарудың 2 буыны
1-сурет. Бюджет жүйесінің түрлері
Бюджет жүйесінің федеративтік басқару нысаны жағдайында орталық бюджет одақ федералдық немесе республикалық бюджет, ал федерация мүшелерінің бюджеттері - республикалар, штаттар, жерлер және т. б. бюджеттері болып таныстырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да бюджеттер дербестігі мен жекеленуінің әртүрлі дәрежесі болуы мүмкін, сонымен бірге, негізінен, орталық бюджет, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың орталықтандырылуы деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеушілік рөлін сақтайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы - презитенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп жазылғандай, Қазақстанда, екі басқару буыны - республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің болуын болжайтын біртұтас бюджет жүйесі қолданылады, жергілікті бюджет мемлекеттік биліктің төмен тұрған деңгейлерінің бюджеттерінен тұрады (2-сурет) [5, 12 б. ] .
2-сурет. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
Осылармен бірге ҚР Бюджет Кодексінің 11-тарауының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның бюджет жүйесіне қабылданған бюджеттердің түрлерімен қатар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепшотында шоғырландырылатын қаржы активтері түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, басқа мүлік түріндегі мемлекет активтерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін және материалдық емес басқа мүліктерді жинақтауға, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың әсерін азайтуға арналған. Ұлттық Қор өзінің жинақ және тұрақтандыру функцияларының арқасында мемлекеттің қаржы активтері мен басқа мүліктерді жинақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ республикалық бюджеттің шикізат ресурстарына әлемдік баға коньюнктураларынан тәуелділігін азайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану әлемдік және ішкі тауар және қаржы нарықтарының коньюнктураларын, мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық ахуалдарды, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының негізгі мақсаттары мен міндеттерін сақтаумен, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының сенімгерлік басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады [6, 120 б. ] .
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы басқарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады. Ол нарықтық қатынастардың құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың құралы болып табылады. Бюджетті жоспарлау, басқару теорияларын қарастырмас бұрын, осы ұғымға, оның мәнін ашатын түсініктерге тоқтала кету керек.
Бюджет мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті қаржыларды шоғырландырып қана қоймай тұрақтылықты сақтау үшін аймақтар арасында табыстарды қайта бөлуде де қызмет етеді. Сонымен қатар, елдегі және шет елдегі экономикалық коньюнктураға ықпал ету; ағымдық әлеуметтік міндеттерді шешу; қоғамдық өндіріс пен бюджетаралық қатынастардың салааралық құрылымын реттеу; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және т. б. қызметтерді де атқарады. Басқарудың барлық деңгейлерінің өз бюджеттері бар және өздерінің өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді [7, 112 б. ] .
Әртүрлі басқару деңгейлері бюджеттерінің нақты қалыптасқан нормалар негізінде дербес қызмет етуі бюджетаралық қатынастардың негізін құрайды.
Жалпы алғанда басқару - бұл нақты экономикалық жүйе щеңберінде белгілі бір нәтежеге жету үшін обьектіге мақсатты ықпал етудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz