Географияны оқыту әдістері


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі ғылым мен білім бірдей дамыған егеменді республикамыздағы география ілімінің білім беру технологиясының жаңа сындарын іздеу, ашып көрсету үшін, осы пәнге деген қызығушылықты оқушыларда ояту үшін қолданылатын өлкетану жұмыстардың тиімділігін ашып көрсету бұл тақырыптың өзектілігі болып табылады. Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру - өзекті мәселелердің бірі. Көтеріліп отырған өзекті мәселені қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды күшейту, талдау жасай отырып оларды орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асыру. Ол үшін мектептерде оқушыларды нақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыратын мақсатты, нәтижелі оқу жүйесі құрылуы керек.
Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны. Оқытудың негізгі мотиві - таным мотиві, өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.
«География» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі ретінде география ғылымдарының жетiстiктерi мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерiстердi ескере келе, мектепке берiлiп отырған әлеуметтiк тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетiн көтеру болып табылады.
Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, яғни олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте географиядан бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр сатысында географияны оқытудағы оқу-тәрбие беру мақсаты, бiлiм мазмұнын құрастыруды iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады.
Мектептегi бiлiм берудiң осындай басым бағыттарын ескере отырып, географиялық бiлiм берудiң келесi мақсаты мен мiндеттерiн бөлiп қарастыруға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың білім мен ғылымға деген, география іліміне деген қызығушылығын арттыра отырып, география сабағында оқушылардың шығармашылық, танымдық қызығушылықтарын арттыру, жаңашылдыққа баулу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Географияны оқытуда ынталандыру әдістерін қолданып, танымдық қызығушылығын дамыту.
2. Географиядан сыныптан тыс жұмыстар, өзіндік жұмыстар мен сарамандық жұмыстарды жүргізе отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың маңызын көрсету.
3. Оқушыларға географиядан экологиялық білім мен тәрбие бере отырып, олардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, 10 бөлімнен, қорытындыдан
Зерттеудің теориялық негізі: Зерттеу жұмысының брысында қолданылған материалдар Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: Жұмаділова Р. Оқытудың жаңа технологиялары. Душина И. В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. Даринский А. В. Методика преподавания географии. Паншечникова Л. М. Методика обучения географии в школе еңбегін және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалалар қолданылды.
- Географияны оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
1. 1 Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелінетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. [1]
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, теледидар, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. [1]
1 кесте
1 кестенің жалғасы
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. [2]
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
- Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
- Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;
- Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;
- Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес. [3]
Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар
Оқушының дайындық сапасы оқу пәндеріне, яғни оның мазмұны мен әдістемелік шеберлігіне, сабақта білім алуға жасалынған жағдайларға, яғни қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарға тығыз байланысты. Тұлғаны қалыптастырып дамыту және сапалы білім беру мақсатында төмендегідей талаптар ұсынылады:
1) Сабақта бағдарлама-әдістемелік талаптардың нақты және шығармашылықпен орындалуы; сауатты түрде сабақ түрлерін анықтау, оның бөлімдегі, курсаралық байланыстағы орны, әр сабақтың өткізілу ерекшеліктері.
2) Әр түрлі жастағы оқушылардың, сыныптың оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелері мен сынып ұжымына қалыптасу деңгейлерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қажеттіліктері мен сұраныстарын, білімдегі кемшіліктертерді жоюға талпыныстарын ескеру.
3) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл-ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.
4) Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.
5) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушы-лардың ықыласын, назарын аудару.
6) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайда-лануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңгеруге жол бермеу.
7) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.
8) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.
9) Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.
10) Барлық оқушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, оқушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.
11) Жоғары талаптардың үйлесімділігі негізінде оқушылардың жеке басына құрметпен қарым-қатынас, жұмыста сынып ұжымына тірек болуға, мұғалімнің жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалдарға жетуге ұмтылысы.
12) Кабинеттік оқыту жүйесін ғылымитехникалық прогрестің талаптарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т. б)
13) Сабақта жайлы жұмыстар үшін эстетикалық және гигиеналық шарттарды сақтау.
14) Оқушылардың уақыттарын ескере отырып, қиындықтар түсірмейтіндей етіп үй жұмыстарының көлемі мен мазмұнын анықтау, үй жұмысын орындауда мән-мағынасына және тиімді орындау әдістеріне түсінік беру; қай жерде қысқартуға болатын үй жұмысының көлемін емес, керісінше сабақта оқудың артықшылығын сезінуге талпындыру.
15) Оқыту жағдайы өзгертілгенде, сабақтың түпкі мақсатын анық тексеру және бірмезгілдік дайындықты ыңғайлап қайта құру, методикалық нұсқалардың қосымша қорын іске асыруға көшу.
16) Сабаққа қатысу барысында алынған өздікталдау арқылы білім нәтижесін, тәрбиені, оқушының дамуын анықтау, оларды алдыға қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін табу, келесі сабақты жоспарлағанда, өздікталдаудың нәтижесін, шешімін еске алып отыру. [4]
Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімнің басты назарында ұстайтын сабаққа қойылатын арнайы талаптар өзара психологиялық және дидактикалық талаптар деп бөлінеді. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптарға жататындар:
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
- Психологиялық ерекшеліктерді (есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген ықыластарын, көңілін, ерік-жігерін, темпераментін, елестетуі мен меңгеруін) ескеру;
- Сабаққа гигиеналық талаптар;
- Меңгерген білімдеріне, тәрбиесіне, іскерліктеріне өзіндік сыни көзқарастары. [4]
С. И. Высоцкийдің психологиялық зерттеулеріне қарағанда оқушының сабақта оқуға деген ықыласының бұзылу дағдарысы:
1. 14-18 минуттарда
2. 11-14 минуттан кейін
3. 9-11 минуттан кейін
4. 8-9 минуттан кейін деп берілсе, ал меңгеру уақыты:
1- 4 минуттарда 60 %
5- 23 минуттарда 80 %
23- 34 минуттарда 45-60 %
35- 45 минуттарда 6 %- ды көрсетеді. [5]
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.
- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.
- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.
- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау. Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.
- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.
- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т. б. [4]
Талаптарды сәтті жүзеге асуыруда пайдаланылатын сабақтардың негізгі түрлері:
1. Жаңа білім беру сабақтары - дәстүрлі (аралас) сабақ, дәріс, серуен, саяхат, іздендіру жұмысы, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты оқыту мен алғашқы білімді бекіту болып табылады.
2. Алған білімді бекіту сабақтары - тәжірибе, саяхат, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Мақсаты білімді қолдануда іскерлікті шыңдау болып табылады.
3. Білімді кешенді түрде қолдану сабақтары - тәжірибе, лабораториялық жұмыс, семинар т. б. Мақсаты жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану іскерлігін шыңдау болып табылады.
4. Білімді жүйелеу және кеңейту сабақтары - семинар, конференция, дөңгелек үстел т. б. Мақсаты білімді бірыңғай жүйеде кеңейту болып табылады.
5. Білімді бақылау, бағалау және талдау сабақтары - бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білімді тексеру т. б. Мақсаты білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру деңгейлерін анықтау болып табылады.
Сабақ түрлеріне сәйкес біртұтас үш мақсат:
Білімділік: Оқушыны білім, іскерлік, дағды жүйелерімен қаруландыру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойына ғылыми көзқарас, тұлғалық адамгершілік қасиеттер, пікірлер мен сенімдер қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқыту барысында оқушының танымдық
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттіліктерін, еркін-дігін, көңіл күйлерін, танымдық қабілет-тіліктерін, есте сақтауларын, назарын, түсініктерін, қабылдауларын дамыту. [6]
Қазіргі сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері (компоненттері) :
1. Ұйымдастырушылық - сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп пен тәрбие.
2. Мақсаттық - сабаққа және оның әрбір кезеңдеріне мақсат қойғандағыдай, оқушылардың алдарына да мақсаттар қою.
3. Қызығушылық - оқытылатын материалдың тақырыпта ғана емес, бүкіл бөлімдегі маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтік - мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндылық - оқытуға, бекітуге, қайталауға, өздік жұмыстарға материалдар іріктеу.
6. Технологиялық - өтілетін сабақ, тақырып, сынып үшін оқыту әдістерін, методтарын, түрлерін таңдау.
7. Бақылау-бағалау - бағаны оқушының сабаққа қатысу әрекетін, танымдық қызығушылығы мен белсен-ділігін арттыру үшін пайдалану .
8. Аналитикалық - сабақ қорытындысын шығару, сабақтағы оқушы-лар әрекеттеріне талдау жасау, сабақты ұйымдастырудағы жеке әрекетінің қоры-тындысын талдау. [7]
Жоғарыда көрсетілген қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар, сабақ түрлері, олардың мақсаттары, негізгі құрамдас бөліктері туралы сөз еттік. Енді сол сабақтарды қалай құруға немесе қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қысқаша тоқталып өтелік.
Сабақ оқушыларды тек біліммен, іскерлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның мазмұндылығы талқыға түспейтіндей, сабақта не іске асса да, оқушылардың шынайы қызығушылығын арттыратындай қалай ұйымдастыруға болады?
І. Біріншіден, сабаққа дайындықты неден бастау керек?
- өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;
- тақырыптағы сабақтың орнын, ал тақырыптың жылдық оқу бөліміндегі орнын анықтау;
- сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;
- сабақтың мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, сабақтың негізгі басшы міндетін ашып көрсету, мақсаттар мен міндеттердің оқушыларға түсінікті, оңай, қолайлы болуы үшін жоспарда оны жазып және олармен таныстырып отыру;
- сабақ бағытталып жүргізілетін негізгі түсініктерді анықтау немесе керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;
- оқушы сабақта нені түсініп, нені есте сақтауы керектігін анықтау, сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;
- оқушыға қандай оқу материалын, оған қатысты қандай қызықты деректерді, оларды дәлелдейтін басты идеяларды қанша көлемде, қалай хабарлау керектігін анықтау. Ол үшін төмендегі мына ерекшеліктерге назар аударуды қажет етеді:
1. Сынып оқушыларының ерекшеліктері:
- сынып деңгейі;
- пәнге көзқарасы, қатынасы;
- сыныптың жұмыс істеу қарқыны;
- білім, оқу, дағды іскерлігінің қалыптасуы;
- түрлі оқу әрекеттеріне қатынасы;
- оқыту жұмыстарының, соның ішінде дәстүрлі емес түрлеріне қарым-қатынасы;
- оқушылардың жалпы тәртіптері;
2. Жеке ерекшеліктерін ескеру:
- нерв жүйелерінің түрлері;
- коммуникативтік;
- көңіл-күй;
- оқушылардың жаңа материалды қабылдауын басқару;
- жаман көңіл-күйді жеңу іскерлігі;
- өзінің білімі мен іскерлігіне сенімділігі;
- суырып сөйлеу іскерлігі;
- түрлі оқыту құралдарын, соның ішінде техникалық және компьютерлік оқыту құралдарын пайдалана білу іскерлігі; [7]
ІІ. Өзің және жеке оқушы үшін сабақтың мақсатты құрылымын анықтау және құру, ол не үшін қажет? Осыған байланысты сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функцияларын белгілеу.
ІІІ. Сабақтың оқыту материалдарын жоспарлау және оған мұғалімнің дайындығы.
Ол үшін мыналар қажет:
1) Тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеп алу. Сабаққа қатысты үш түрлі кітап таңдап алу: ғылыми, ғылыми-танымал, методикалық. Оның жанында, егер жаңа теориялық материалдар туралы сөз болса, тізімге жоғарғы оқу орындарының оқулықтары, энциклопедиялық, монографиялар, ғылы-ми-танымал баспалардың кіргізі-лінуіне тырысуымыз керек. Осы берілген материалдардың ішінен тек алдыға қойылған міндеттердің қарапайым тәсіл-дермен шешуге қызмет ететінін таңдап алу.
2) Төмендегілер мақсат болып табылатын оқыту тапсырмаларын іріктеп алу:
- жаңа материалдарды білу;
- жаңғырту;
- таныс жағдайларда білімді қолдану;
- таныс емес жағдайларда білімді пайдалану;
- білімге шығармашылық қадам;
3) Оқыту тапсырмаларын «жеңілден ауырға» қағидасына сәйкес тәртіпке келтіру. Үш түрлі тапсырмалар жиынтығын құру:
- оқушының материалдарды жаңғыр-туына жетелейтін тапсырмалар;
- оқушының ойлануына мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;
- оқушының білімді бекітуіне мүм-кіндік туғызатын тапсырмалар;
ІІІ. Сабақтың «маржанын» ойлану.
Әр сабақта оқушыны таңдандыратындай, таңырқататындай, сабақта өтілген материалдарды ұмытып қалға-нымен, оны есте сақтайтын бір бөлігі болады. Ол қызықты дерек, күтпеген жаңалық, әдемі тәжірибе немесе таныс дүниеге жаңаша қадам болуы мүмкін.
ІV. Таңдап алынған оқу материалдарын топтастыру.
Бұл үшін таңдап алынған материалмен жұмыс ұйымдастырылуы қандай нәтижеде, оқушы әрекетінің түрлері қандай болатынын ойластыру.
Материалдарды топтастыруда ең бастысы - сабақты ұйымдастыру түрлерін табу іскерлігі, соның ішінде жаңаны селқос қабылдау емес, оқушының жаңаны үйренуге, түсінуге жоғары белсенділігін тудыратын іскерлік.
V. Сабақта оқушылардың іскерлігін бақылауды жоспарлау, не үшін қажет?
- нені бақылау?
- қалай бақылау?
- бақылау жұмысының қорытындысын қалай пайдалану?
Бұл үшін егер барлық оқушылардың жұмысы жиі бақыланса, үнемі жіберілетін қателерді көру оңай екенін ұмытпау керек, сонымен қатар оқушыға мұғалімнің олардың жұмысына шынайы қызығушылығын көрсету. [7]
VІ. Сабақ үшін құралдар дайындау:
Қажетті оқу- көрнекілік құрал-дарының, аспаптардың, техникалық оқу құралдарының тізімін жасау, олардың жұмыс істеуін тексеру. Өтілген барлық жаңа материалдар тақтада тірек конспектісі ретінде қалатындай сабақ тақтасының түрін ұйымдастыру.
VІІ. Үйге берілетін тапсырмаларды ойластыру: Олардың мазмұндық бөлігін, сонымен қатар оны орындауға кеңес.
V ІІІ. Мұндай бейнеде дайындалған сабақ конспектіге сүйенуі тиіс.
Конспект негізгі үш бөліктен тұруы керек:
- формальды;
- мазмұнды;
- аналитикалық;
Оқушыларға жекеленген проблемалар тудыру, тақырыпты оқып - үйрену шешу үшін проблемалық тәсіл жасау, нұсқаларын (варианттарын) құрастыру қажет. [7]
Әдістемелік ұсынымдар; мысалы «Көлдер» тақырыбын өткенде проблемалы оқыту және жоспарлауға қойылытын негізгі талаптары. Оқушылар негізгі үш жағдайға көңіл аударулары қажет:
- Оқушылар енді не біледі, не жасай алады;
- Жаңадан нені білулері қажет;
- Оқушылар жаңа білім және іскерлік-әрекеттерін қолдана отырып өз беттерінше қандай ұғымдарды түсіне-ұғына алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz