Допты боссаусақтармен соғу


Жоғары дәрежедегі волейболшылардың жаттығу процесіндегі инновациялық технологиялар
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Ғылыми жетекші:
Студент:
Семей 2021 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Тарау I. Волейбол ойынының Қазақстан Республикасында дамуының теориялық негіздері
- Волейбол ойынның сипаты . . . 6
- Волейболдың даму тарихы . . . 11
1. 3 Волейбол ойынның техникасы мен тактикасының
ерекшеліктері және әдіс тәсілдері . . . 13
Тарау II. Жоғары дәрежедегі волейболшылардың әдіс тәсілдерін жетілдірудегі инновациялық технологиялар.
2. 1Жоғары дәрежедегі волейболшылардың оқу жаттығу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру . . . 24
2. 2Жоғары дәрежедегі волейболшылардың дайындау жүйесіндегі іріктеу әдістері . . . 29
Тарау III. Қазақстан Республикасында волейбол ойынының даму алғышарттары
қабілеттілігін арттыру жолдары . . . 36
3. 2 Қазақстанда волейбол ойынының дамытуда спортышыларды
әзірлеу . . . 40
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Туымызды көкке көтеріп, алтыны мен күмісін, қоласын мойнына тағып, ел намысын қорғайтын спортшылар болса, оны қолдайтын - мемлекет. Қазіргі қазақ спортының дамуына волейбол сынды ойындар ықпал етті деп толықтай айтуға болады. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа ұсынған Жолдауында спорт пен денешынықтыру саласына аса көңіл бөліп, алдағы күндері спортта жүрген азаматтарымызға жаңа құралдар алып, спорт мектептерін ашып т. б. қолдау көрсететінің жариялады. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т. б. жаттығулардан тұрады. Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек, осы жайт дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Волейбол ойының он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т. б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болареді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты
Қазақстан Республикасының спорт жетістіктеріндегі-волейбол ойының алатын орның зерделеу және дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерде волейболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарының әдістемелерің әзіреу.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақсатнда волейбол ойының даму дәрежесін, спорттық машықтану деңгейің зерттеу;
- Волейболды оқыту әдістемесінде және волейбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;
- Спорт саласындағы волейбол ойының дамыту бағдарламаларды жасау және оны жүзеге асыру;
- Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;
-Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;
- Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.
- Волейбол ойынының жоғарғы көрсеткіштері және спорттағы резервтер жөнінде мемлекеттік саясат тұрғысында ұсыныстар жасау;
Зерттеу объектісі: Қазақстан республикасындағы волейбол ойының дамуы, волейбол командаларының спорттық жетістіктері, еліміздегі волейбол ойының әдістемесі, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды зерделеу. Жоғары дәрежедегі волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру.
Зерттеудің методологиялық негізі: еліміздің әлеуметтік-экономикалық және спорттық даму бағыттары, танымдық ілімімен, ілім мен тәжірибенің өзара байланыс заңдылығы болып табылады. Спортшылардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, А. Б. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, А. Қарақов, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев. . Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т. б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Зерттеу кезеңдері: Алға қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу әдістерінің қолданылып, таңдау барысында зерттеудің әрбір кезеңі ескерілді.
1-кезеңде - әдебиеттермен жұмыс жасалды;
2-кезеңде - мәселенің теориялық негізі анықталды;
3-кезеңде - анықталған нәтижелер талданды, қорытынды әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарау I. Волейбол ойынының Қазақстан Республикасында дамуының теориялық негіздері.
- Волейбол ойынның сипаты
Волейбол ( volley - «қалқып ұру», ball - «доп») - ойын спорты.
Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Спорт игілікті іс. Спортта мінез құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білем» деуі тарих сахнасының төрінен спорт қозғалысының өзіндік орны бар екендігін дәлелдейді.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған ойындар мен ойындық қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезде дене шынықтыру қарапайым болғанымен, тұлғаны қалыптастырудағы маңызы зор.
Дене шынықтыру адамның денсаулығын нығайтып, күш жігерін арттыруға, қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланылатын рухани, материалдық құндылықтырының жиынтығы. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «дене мәденеиетіне жеңіл қарауға болмайды, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі затта берік болмақ. Дене жанның құралы. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуі мен даму көрсеткіштерінің бірі дене мәдениетінің жүйесі, спорт. Мемлекетті немесе бір ұлтты күллі әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетістіктері, көрсеткіштері.
Сол спортшыларды тәрбиелеу, спорттың бір түрімен шұғылдануға қалыптастыру мектептен басталады. Бала өз қызығушылығымен бос уақытын тиімді пайдалануда, көптеген үйірмелерге қатысып соның ішінде спорттық үйірмелерді таңдауы, баланың салауатты өмір салтын қалыптастыруына негіз болады. Қазіргі таңда барлық мектептерде спорттық үйірмелердің жұмыс жасауы, дене шынықтыру сабағының бағдарламасына зор үлесін қосты. Әрине, үйірмелерді ұйымдастыру оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына байланысты.
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар:
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс - ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т. б. қозғалыстар орындаладыp .
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші - жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру - икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т. б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші - бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші - допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші - допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады .
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден - екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру - ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау - жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла - тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады .
Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері мынадай:
- Дене шынықтыру спорттық үйірмелер ерікті түрде ұйымдастырылады. Үйірме мазмұны мен түрлері оқушылардың қалауына және мектептің жағдайына байланысты құралып, оқушыларға үйірме түрлерінің мүмкіндігі беріледі.
- Спорттық үйірме әкімшіліктің дене тәрбиесі мұғалімі мен мектептің басқада педагогтардың тұрақты бақылауындағы ұжым кеңесімен, оқушылардың қоғамдық белсенділігіне орай құрылады.
- Спорттық үйірме жұмыс барысында педагогикалық басшылық әртүрлі мазмұндағы жұмыстарға оқушылардың қатысу ынтасын көтеретіндей әдістемелі және кеңес ұсыныс сипатындағы пайдалы шараға айналады.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Дене шынықтырудың психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-әрекет болуында. Бұл процесте әрекеттердің бәрі ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге бағытталған ерекшелігінде. Әдетте дене мәдениеті адамның қалыпты қажеттігі. Дене шынықтыру мен үйірме сабағы - оқушылардың өздерін іс-әрекетте көрсете білуі. Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, дене тәрбиесі сабағында оқушылардың барша қасиеттері икемділіктері мен қимыл-қозғалыстары, ептіліктері мен сапалары қатысып көрініс береді. Әртүрлі жаттығу жасағанда соған сай: қимылдардың қолданымын таба білу қажет және оқушылардың міндеті сол әдістерді қолдану тәсілдерін игеру.
Сонымен, жеке тұлғаның дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін арттырумен байланысты. Даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Дене тәрбиесі сабағында күрделі жаттығулар орындаудағы қиыншылық, кедергілердің шешімін табуды әр оқушы қажыр-қайратымен ерік-күшін жұмсап, өз әдіс, тәсілдерін табуы мүмкін. Осыдан жеке тұлғаны танып, білу үшін оқушының көзқарасын, өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін дұрыс бағытқа бұру қажет. Оқушылардың дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерге қызығушылығын негізгі үш компонент бойынша айтуымызға болады:
- Мотивациялық - еріктік: дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығы;
- мектеп оқушыларының денсаулық денгейін көтеру үшін дене шынықтыру құралдарын пайдалануды көздеу;
- дене шынықтыру құралдарын пайдаланудың маңыздылығына сенімділігі;
- заманауи дене шынықтыру құралдарын қолдануға қызығушылығы;
- дене шынықтыру және спорт арқылы өз денсаулығын нығайтуға сенімділігі;
- дене шынықтыру мен спорттық үйірмеге қызығушылығында белсенділіктің қалыптасуы.
- Мазмұндық - операциялық: оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері;
- оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтырын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негізі;
- дәрігерлік - биологиялық ілімдер;
- мектеп оқушыларының дене мәдениеті бойынша білімдері.
- Рефлекциялық - бағалау: дене шынықтыру мен спорттық үйірме түрлеріне қызығушылығын сараптау;
- өзіндік қызығушылық құндылықтарын талдау;
- дене шынықтыру және спорт түрлері бойынща ерекшеліктерінің сәйкестілігі;
- дене шынықтырудың және спорттық үйірменің іс - әрекеттерін ұйымдастырушылық тұрғыда сараптау;
Жалпы мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс - әрекеттер атқарылады:
- денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
- дене шынықтыру және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
- өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бөлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз.
Дене тәрибесі - мектептегі оқу-тәрибе ісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап айтқанда дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының көрсетілген міндеттерінің табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды.
Дене тәрбиесі арқылы жүргізілетін жұмыстар мектептік оқу жоспары арқылы алынатын білім, білік, дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстар, елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстары - еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады, онымен барлық жағынан өте тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесінің дамуы- спортты мойындау, яғни спорт - дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады.
- Волейболдың даму тарихы.
Волейбол ((, volley - «қалқып ұру», ball - «доп») ) - ойын спорты.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
• Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
• Алаң аумағы: 25х50 фут (7, 6х15, 1 м) .
• Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 м) .
• Биіктігі: 6, 5 фут (198 см) .
• Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz