Өңеш аурулары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сиырларда өңештің бітелуін клиникалық рентгенологиялық зерттеу
Орындаған:Төлеман Елнұр
Тексерген: Сиябеков С. Т.
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Өңеш құрылысы, қызметі
2. Өңеш аурулары
3. Өңеш жарақаттарының жіктемесі
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе:
Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін ұзын түтікше етті-жарғақты мүше. Денедегі орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі, олар: мойындық, көкіректік және құрсақтық бөліктер.
Өңеш- құрылысы жағынан түтікше мүше. Сондықтан оның қабырғасы үш қабаттан тұрады. Кілегейлі қабығының ішкі бетін көп қабатты жалпақ эпителийй ұлпасы астарлайды.
Өңештің еттік қабығы көлденең жолақтық ұлпадан құралады. Өңештің сыртқы қабығы, оның мойын бөлігінде адвентициядан, ал көкірек және құрсақ қуыстары да сірілі қабықпен қапталған.
Микроскоптың кішкене ұлғайтқышы мен препараттан ит өңешінің мойын бөлімін шырышты қабығын, бұлшық ет қабығын және адвентициясын көру керек. Үлкен ұлғайтқышпен өңештің көлденең кесіндісінің суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-шырышты қабық: а-эпителий қабаты, б-өзіндік пластинкасы, в-бұлшық ет пластинкасы, г-шырыш астындағы негіз; 2- шырыш бездері, 3-бұлшық ет қабығы: д-циркулярлық қабат, е-бұлшық ет аралық қабат (ұзына бойына) ; 4- адвентиция.
Өңеш- бұл анатомиялық ағза, асқазанға құйылған тамақтар мен сұйықтықтарды өткізетін түтікше қызметін атқарады. Жұту кезінде бұлшық еттер жиырылып, өңеш бойында заттар асқазанға итеріледі. Өңештің шырышты қабатында орналасқан без, тамақты еркін жұту үшін сілекей бөліп, өңештің ішкі жағы мен жолдарын ылғалдандырып тұрады. Өңеш - жұтқыншақтың артында орналасқан. Оның ұзындығы ересек адамдарда 25 сантиметрге дейін болады.
1. Өңештің құрылысы қызметі
Өңештің қызметі мен дамуы.
1. Моторлық-эвакуаторлық.
2. Секреторлық - тамақ түйірінің өтуін жеңілдететін шырыш өндіру.
3. Тосқауылдық-қорғаныштық.
Дамуы. Өңештің эпителиі - алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан
прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан
түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда
өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады 4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайылаөскен эпителий жасушалары әрі қарай ыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы даашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте-бірте құрамында гликогені бар жазық жасушалар алмастырады. 6-шы айдан өңештің эпителиі көп қабатты жазық болады. Жаңа туған жаунуарларда эпителийде жыбырлағыш жасушалардың аралшықтары кездесуі ықтимал. Ересек малдарда бұл жасушалар сирек жағдайларда тек шырышты бездердің өзектерінде ғана сақталады. Эпителийдің бір түрінің екіншісіне алмасуының себептері әлі анықталған жоқ
. Өңештің құрылысыөңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықша мен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді. Өңештің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған. Шырышты қабықшаның эпителиі көп қабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденугеұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар.
Жануар өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер
ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін
деқұрайды. Меншікті табақшада өңештің кардиальды бездері орналасқан. Олар екітоп түрінде көрінеді.
Бездердің бірінші тобы - көмейдің сақиналы шеміршегі мен кеңірдектің 5-
ші шеңберінің деңгейінде, екіншісі - өңештің төменгі бөлігінде, асқазанға ұласар жерінде қоныс тебеді. Құрылысы жағынан бұл бездер асқазанның кардиальдық бездерін еске салады (осылай аталуы да сол себепті) . Бұлар - қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.
Өңештің шырышты қабықшасының бұлшық етті табақшасы эластикалық талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Бұлтабақша жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сақиналы басталып, одан әрі өңеш бойында бұл қабаттың қалыңдағы артадыда, асқазан маңында 200-400 мкм-ге жетеді. Шырышты қабықшаның бұлшық еттітабақшасы тамақтың өңеш арқылы өтуінде және оның ішкі қабатын қатты денелердің зақымдауынан сақтауда үлкен қызмет атқарады. Өңеш қабырғасыныңастың қатқыл түйірінен тітіркенуі бұлшық етті табақшаның тонусының төмендеуін тудырып, бұл шырышты қабықшаның сәйкес аймақтарының кеңеюінеәкеледі. Осылайшы, құрамында қатқыл түйірлері бар астың өтуі жеңілдейді. Өңештің шырыш асты негізі шырышты қабықшаның бұлшық ет қабықшасына қатысты
алғандағы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Шырышты қабықшамен бірге ол
тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Шырышасты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.
Бұлшық етті қабықша борпылдық талшықты дәнекер ұлпаның
қабатшасыменбөлінген ішкі айналмалы және сыртқы бойлай қабаттардан тұрады. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл қабаттар жұтқыншақтың бұлшық етті ұлпасыныңжалғасы болып табылатын көлденең жолақты бұлшық етті ұлпа түрінде болады. Өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінің бұлшық ет қабықшасында көлденең- жолақтыда, жазық бұлшық етті ұлпа да болады. Төменгі үштен бірінде екі қабатты да тек қана тегіс бұлшық етті ұлпа түзейді. Бұл жағдай гистологиялық кесіндіде өңеш деңгейін анықтауға бағдар бере алады.
Бұлшық ет қабаттары әрқашан дәлайналмалы немесе бөлек орналаса бермейді. Ішкі қабатта - спиральды (шиыршықталған) және қисық шоғырлар кездеседі, сыртқы қабаттағы жекелегеншоғырлардың орналасу да әрқилы болуы мүмкін. Бұлшық етті қабықшаның айналмалы ішкі қабатының сақиналы шеміршектің деңгейінде қалыңдауы өңештіңүстіңгі сфинкттерін, ал бұл қабаттың өңештің асқазанға ұласар тұсында қалыңтартуы - өңештің астыңғы сфинкттерін қалыптастырады. Өңештің бұлшық ет қабықшасының жиырылуытамақтың өңеш бойымен асқазанға қарай жылжуына жәрдемдеседі.
Адвентициальдық қабықша бір жағынан бұлшық етті қабықшада орналасқан дәнекер ұлпаның қабатшаларымен, екінші жағынан - өңешті қоршап жатқан кеудекөкірекшесінің дәнекер ұлпасымен байланысқан. Адвентициальдық қабықшасындабойлай орналасқан тамырлар мен нервтер көп. Өңештің құрсақтық бөлігі - мезотелиден және оның астында орналасқан дәнекер ұлпадан құралған - сіріқабықшамен жабылған.
2. Өңеш аурулары
Өңештің бітелуі - ірі қара малдың жиі кездесетін ауруларының бірі, басқа жануарлардың түрлеріне қарағанда. Себеп - кесілмеген тамырлы дақылдармен (қызылша, картоп, сәбіз, репа, жүгерінің құлағы) тамақтандыру. Белгілері Сілекей ұлғаяды, басы шайқалады, жылау, құйрық бұлшық еті, асқазанға соққы, конвульсиялық жөтел, шайнаудың бос орындары байқалады.
Өңештің бітелуі (Obstluctio, obturatio Oesophagi) жиі ірі қара малдарда, сирек
ұсақ малдарда байқалады. Бітелу толық немесе толық емес, біріншілік және
екіншілік болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жануарларда осындай бітелулер тамыр-түйнекті
жемістермен азықтану салдарынан, жылқыларда - құрғақ сабанды жарманы
жегенде, құрысу, өңештің шала салдануы мен тарылу салдарынан болады. Ірі қар
малдарда өңештің жоғарғы бөлігіне, ал жылқыларда кардиальді сфинктер
аумағына бөгде заттар жиі жналады. Бөгде заттармен өңештің толық бітелуі мес
қарын меторизмімен, өңештің кілегей қабығының ісінуі және некрозымен, жарылу немесе тесілумен сүйемелденеді.
Өңеш құрылымының стенозы, тарылуы (Stenosis oesophagi) оның
өткізгіштігінің қиындауын тудырады. Тыртықты дәнекер ұлпасының пайда. болуы салдарынан жиі туа біткен сипатқа ие болады.
Өңештің стенозы кезінде өңештің кеңеюуі диффузды болуы мүмкін. Әдетте
тарылудан жоғарғы бөлігі кеңейеді. Бұл кардиальді сфинктердің тарылуы,
өңештің рефлекторлық құрысуы кезінде болуады. Өңеш саңылауы
қабырғаларының қапшық тәрізді дүрдиюі түріндегі шектелген кеңеюі
дивертикула деп аталады. Пульсионды дивертикулалар өңеш қабырғасының
дүрдеиюінен пайда болады, ал тракциялық дивертикулалар қабырғаның. ұзаруы жолымен түзіледі. Пульсионды дивертикулалардың себебі жергілікті орында бұлшық ет ұлпасының туа біткен жетімсіздігі болып есептеледі. Тракциялық дивертикулалар өңеш маңында қабырғаны созатын тыртықты. ұлпаның дамуы салдарынан түзіледі. Дивертикулаларда қабыну үрдісін тудыратын азықтық массалардың тұрып қалуы мүмкін.
Өңештің қабынған кілегей қабықтары тітіркендіргіш азықтарды жұту
салдарынан немесе қандайда бір шіріткіш микрофлораның әсер етуі. нәтежиесінде пайда болады. Үрдістің өткірлігі мен қабыну өзгерістерінің. сипатына байланысты өңештен катаральді, эрозивті, геморрагиялық, фибринозды және некроздық эзофагиттер бөлінуі ммүкін. Өткір және ұзақ. өтетін созылмалы эзофагит салдарынан тыртықтықұрылыс пен өңеш қысқаруы дамуы мүмкін.
Өңештің кілегей қабығының жаралануы қатты күйдіргіш заттарды, әсіресе қышқылдар мен сілтілерді жұту кезінде пацда болады. Осыған. байланысты, олар барлық өңешке тарайды, бірақ олар ас қазанға кірер жерде орналасды. Өңештің төменгі бөлігінде жараның өзіне тән формасы кездеседі (өңештің пептикалық ойық - жарасы), олар асқазан жарасына өте ұқсас болады. Осындай ойықжаралар рефлюксэзофагит нәтежиесінде, яғни асқазан ішіндегісінің өңешке қарай атқылау және ол жердеқабыну үрдісінің дамуы салдарынан туындайды.
Өңештің тығындалуы
жиі ірі қара малдарда, сирек ұсақ күйістілерде
және ерекше шошқаларда, жылқыларда, иттер мен мысықтарда кездеседі. Ішек қабырғасының түйілмелі жиырылуы арқасында оқтын-оқтын мазасызданумен өтетін шаншудың ерекше бір түрі жылқыларда, ірі қара малда (бұзауларда, тайыншаларда), қойларда қырыққаннан кейін, сирек шошқалардакездеседі. Тығындану толық және толық емес, біріншідік және екіншілік болуы мүмкін.
Этиологиясы. Күйісті малдарда жиі өңештің тығындайтын денелер болып
табылады: картөп түйнектері, қызылша, шалқан, сәбіз және басқа да бөтен
денелермен, кейде дөрекі аспен, шүберекпен, фитобезоаармен, кекіру арқылы
өңешке түседі.
Симптомдары. Жануар аяқ астынан азық жеуді тоқтатады, қорқыныш
пайда болады және Өңештің ісінуі белгілері пайда болады. Мал жиі артқы
аяғымен қарнын тебеді, демі шырқатылады, қарын конфигурациясы өзгереді
яғни сол жақ аш жұңқырынан дүрдиіп туруынан. қобалжу, күйіс қайыруы мен
кекіруі тоқтайды. Аузынан көбікті сілекейі қатты азады.
Емі. Бөтен денелерді тез жою мақсатында ол үшін толған орынның
көлеміне байланысты уақытына және пішініне байланысты бірнеше
жағдайларды қолданады.
Мойын жақ толуында жұтқыншаққа қарай екі қолымен бөтен денелерді
итереді, шамалап өсімдік майын жібереді немесе вазелинді майын, ал өңеш
спазмасын алу түшін тері астына атрофинді сульфатты жібереді.
Бөтен денелерді, кеуде бөлігіндегі өіңешке тұрып калғанды зонд арқылы
жалбыршақ қарынға итереді.
Егер бөтен денелерді барлық қолданылатын қозғалыс арқылы шығарулар
немесе итерулер арқылы жақсы жетістікпен аяқталмаса, онда операцияға
жүгінеді.
Тимпания
- тыртықтың кебуі топырақта күшейген газдарда және
күнделікті толуы мүшелер қабырғасының созылуы кезінде пайда болады.
Этиология. Тыртықтың негізгі себебі көп мөлшерде тез қорытылатын
азықтармен азықтандыру кезінде. Оған балғын жасыл шөптер, беде, сиыр
жоңышқа, жоңышқа, дәнді, сүтті балауызды піскендер, алтынкөк күздік. астық тұқымдар, орамжапырақ, қызылшалар жатады. Жайылымдағы таңғы шық немесежаңбырдан кейін жануарларға лезде осындай азықтардан кейін су берген кезде болады.
2. Өңеш жарақаттарының жіктемесі
1. Зақымдалу деңгейі: өңештің мойын, кеуде, абдоминалды бөлімдерінің зақымданулары
2. Орналасуы: алдыңғы, артқы, сол және оң жақ қабырғаларының қарама-қарсы қабырғаларының зақымдалулары
3. Зақымдалу себебі: сыртқы жарақат( тесілген, кесілген, жұлынған, оқ жарақаттары, бөгде заттар, хир операциялар немесе инструменталды манипуляциялар), спонтанды жыртылулар.
4. Үйлескен зақымданулар - медиастеналды плевраның, трахеобронхиалды жолдардың, ірі қан тамырларының, көкірек аралыққа жалған ену жолы.
5. Асқазан ойық жара ауруы этиологиясы, патогенезі.
Ойық жара ауруының негізгі этиологиясы хеликобактер пилори. Жара ауруы полиэтиологиялы және полипатогенді ауруға жатады. Ульцерогенді негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар. Сонымен қатар алиментарлы факторлардың маңызы зор, нервті-психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі, алькоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық және т, б. Жара ауруының патогенезінің бірнеше теориялары бар:
1. Вирхов тамырлық теориясы - асқазан тамырларының зақымдану нәтижесінде асқазан қабырғасының қоректенуі бұзылады және жараланады.
2. Келлинг пен Габерьер химиялық теориясы - асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда асқазан кілегей қабатын қорыта бастап, ойық жараға әкеледі.
3. Ашоффтың механикалық теориясы - асқазанның кіліегей қабаты тамақ ішкенде механикалық, физикалық, хим-қ травмтизацияға ұшырайды
4. Бергманның нейрогенді теориясы - науқастың өмірінде вегетативті өзгерістер бар болса (тершеңдік, дермографизм, алмасу бұзылулары, тамыр талу сынық өзгерістері т. б ) жиі ойық жара кездеседі
5. Конечныйдың қабыну теориясы - жараның пайда болуын гастритпен байланыстырады.
6. Сперанский - асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты жара болу себебі нейрогенді дистрофия екенін айтты.
7. Анечков дистрофикалық асқазан сөлінің пептикалық әсерімен қосарлауы жараның дамуына алып келеді.
8. Инфекциялық теория - ең басты этиологиясы микробты инвазияның хеликобактер пилори деп аталады. Дуоденалды жарасы бар науқастардың 90-100 пайызда Н. пилори анықталған.
Өңеш- мес қарын кіреберісі мен жұмыршақтың шекарасында жалғасады, сондықтан мал жұтқан азық жентегі, жұмыршаққа да, қарын кіреберісіне түседі. Сақа малда ішкен судың 85-95 пайызы бірден мес қарынға, 15 пайызы жұмыршаққа, 1 проценті қатпаршаққа құйылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz