Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Жоспары
I. Кіріспе
Құлмат Өміралиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі

II. Негізгі бөлім
а) Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
ә) Махамбет шығармаларындағы эпитеттер
б) Махамбет шығармаларындағы теңеулер
в) Махамбет шығармаларындағы метафоралар

III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Ұлт поэзиясы тарихында өзіндік үні, стилі, ерекшелігі, орны бар Махамбет Өтемісұлының əдеби мұрасы аз зерттелген жоқ. Оған ақын поэзиясының тақырыбы, жанры, идеясы, стилі, тілі, лексикасы, көркемдік əлемі хақында əдебиетші-тілші ғалымдар тарапынан жазылған үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар, зерттеу-монографиялар дəлел. Тұңғыш рет өлендер жинағын топтастырып, тасқа бастырған Х.Досмұхамедұлының игі бастамасы М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, 3. Қабдолов, Сүйіншəлиев, Қ. Өмірəлиев, Р.Сыздықова, Ж. Тілепов, Қ. Сыдиықов, Қ. Мəдібай, тағы басқа ғалымдар еңбектерінде жалғасын тауып, ақын мұрасы ғылыми тұрғыдан жан-жақты бажайланды.
Халел ақын шығармашылығы туралы, Исатай-Махамбет көтерілісінің себептері, барысы, ондағы тарихи тұлғалар хақында тереңнен қозғап, алғаш рет жан-жақты қарастырған. Махамбеттің жыраулығы, оның ел арасында тараған сөздері, əсіресе Баймағамбет сұлтанға айтқан сөздері туралы жазады. Ақындық алымының өзгеше екеніне тоқталады.
Мұхтар Əуезов Əдебиет тарихы еңбегінде ақын мұрасы туралы, оның зар заман ақындарымен үндестігін сөз етіп, қимыл мен күрестің өзгеше жыры ретінде зерделесе, ал Сəбит Мұқанов бостандық рухындағы ақын деп бағалады.
Қажым Жұмалиев ақынның өмірі, шығармашылық ғұмырнамасы, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі, тілі, поэзиясының тарихи мəні хақында таратып айтады. Ақын қолданатын сөз образдарының мағыналық дəлдігіне, өлең жолдарының ішкі логикалық беріктігіне, біртұтас жүйесіне ерекше назар аударады.
Қазақ халқының тіл байлығын сергек көңілмен, сезімтал оймен қажетіне керегінше жарата білгенін тілге тиек ете келе, тілінің байлығы жағынан жəне оны шебер қолдана білуі жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, əр алуан поэтика тілдердің элементтерін (эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланысты түрде де өте шеберлікпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дəл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде, -- деп атап көрсетеді.
Ақын өлеңдері тек жауынгерлік өнерге, ерлік тақырыбына ғана арналған сөздерден тұрмайтыны, халықтың өмірін, тыныс-тіршілігін, əр алуан қарым-қатынастарын, заман көріністерін суреттеу барысында халықтық тілді де мейлінше еркін, мол, сəтті қолданғанын білеміз. Сөздің сыртқы сұлулығымен қатар, ішкі иірімі, логикалық құрылымы, тыңдаушының жан дүниесіне, сезіміне əсер ете аларлық қуаты да ақын өлеңдерінің көркемдігін арттыратыны анық.
Құлмат Өміралиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі
Белгілі зерттеуші-ғалым Құлмат Өмірəлиевтің XV - XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, Қазақ поэзиясының жанры мен стилі атты енбектері қазақ əдебиетінің ірі өкілдері Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тілін, жанрын, стилін жан-жақты зерттеп, ғылыми негізде талдап көрсетуге арналған. Əсіресе XV - XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі атты еңбегінде зерттеуші-ғалым Махамбет поэзиясының тілін арнайы зерттеу нысаны ретінде алып, кеңірек тоқталған.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясына сипаттама тарауында ХІХ ғасырдың 30 - 40 жылдарынан кейінгі қазақ поэзиясының өлең түрлері, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ауызша поэзия жəне оның жанры мен стильдік сипаты, қазақ поэзиясындағы ақын жасаған туындылардың жанры мен стилі туралы кеңінен қамтып, толыққанды, толымды пікірлер айтады.
Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы дейтін бөлімінде ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің, көне түркі поэзиясының, жыраулық дəстүрдің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетеді. Ақын туындыларында жыраулар жасаған əдебиеттің дəстүрлі үлгілері, сөз қолданыстары, өлең өлшемі аз кездеспейді. Жыраулар шығармашылығына тəн жорық жырлары, елдік мүдде мен ерлік рух астасқан өлең жолдары, халық даналығын байқататын сөз үлгілері, қанатты сөзге айналған сөз тіркестері Махамбетті айналып өтпейді. Көне түркі кезеңінен келе жатқан көркемдік дəстүрдің жалғасын тауып, бүгінгі өмірмен сабақтастық тауып жатуында ақын өлеңінің өзіндік орны бар. Əрине, өзіне дейінгі əдебиет өкілдерінен үйренумен ғана шектеліп қойған жоқ, қайта оны мазмұндық, тілдік, стильдік, көркемдік жағынан байытты. Яғни, Махамбет -- өзіне дейінгі халық өдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, əдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.
Мұны автор нақты мысалдармен дəлелдеп, көне ерлік эпостары, қазақтың батырлық жырлары мен ақын шығармаларының арасындағы көркемдік дəстүр жалғастығының астарын ашуға ұмтылады. Əсіресе, ақынның Соғыс, Мінкен ер өлендерінің эпостық жыр үлгісіне өте жақын келетініне назар аудара келе, Махамбет поэзиясында Соғыс сияқты эпостық жыр сипаттас өлеңдер ғана кездесіп қоймайды, эпостық жырдың, біз көрсеткендей, ерекшелігіне ие өзге үлгідегі де өлеңдер кездеседі. Айталық, ақынның дидактикалық өлеңдерінде ауыз əдебиетіне тəн тілге тиек аралық дəнекер жолдар мол кездесіп отырады.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.

Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы, -- деп ақынның өлең жолдарынан нақты мысалдар келтіреді.
Өзіне дейінгі Қазтуған, Бұқар, тағы басқа жыраулардың дəстүрімен философиялық- дидактикалық үлгідегі толғау жырлар айтқанын, оған Тайманның ұлы Исатай, Орай да, борай қар жауса, Жалған дүние, Жалғыздық т.б. өлеңдер дəлел бола алатынын тілге тиек етеді.
Зерттеуші ақын поэзиясының өзіне дейінгі ақын-жыраулардан айырмашылығын, даралығын айта келіп, Махамбет поэзиясы тілі -- күрестің, халықтық мүдде күресінің тілі. Ал бұл тілдің лексикасы күрес идеясын жеткізу құралы ретінде жұмсалысқа түскен лексика. Сондықтан да бұл лексика саяси мəн реңкін бойына алған лексика. Демек, қазақпоэзиясында өлең тілінің халықтық мүдде тұрғысынан идеялық құрал қызметінде жұмсалуы, саяси бояу алуы Махамбеттен басталады, -- деп, ақын өлеңдерінің мəн-мазмұнын аша түседі.
Автор ақын өлендерінде жиі кездесетін жер-су атауларының, əсіресе Еділ мен Жайықтың тек географиялық ұғым ретінде ғана емес, ел қонысы, халық мекені, болашақ тіршілік кепілі ретінде алынғанын айтады.
Зерттеуші Махамбет жырларының тақырыптық сипатын белгілеуде оның тіліндегі халық, ел, жұрт, алаш, қарындас, ер, батыр, хан, сұлтан сөздерінің, қару-жарақ, аттарының, туыстық атауларының келу реті мен жиілік саны елеулі қызмет атқаратынына назар аударады.
Ел сөзінің халық сөзінен көп қолданылуы бұл екі сөздің дара мағыналарындағы ерекшеліктен гөрі, қандай сөздерімен тіркесуіне байланысты. Олай болса, мұның өзі ел сөзінің тіркестік қатарының молдығын көрсетеді.
1. Елдің қамын жеді ғой; ел қорғаған мен едім; ел кұтқарар мен едім; мен де айрылдым елімнен.
2. Халықтың кегін қусайшы; халықтың көрген корлығын.
3. Астана жұртын айналған.
Міне, бұл жолдар Махамбет жырының тақырыбы мен идеясын танытатын жолдар. Біз Махамбетке дейінгі поэзиядан халық, ел, жұрт сөздерінің осы əлпетте мол қолданысын кездестірмейміз.
Мұнан əрі күрескер ақынның өлеңдерінде жиі кездесетін ата, ана, қарындас, аға-іні, қатын, бала, жар т.б. туыстық атаулардың келу жəне өзіндік қолдану ерекшелігіне нақты мысалдар келтіре отырып, тоқталады.
Махамбет поэзиясында кездесетін араб, парсы сөздеріне қатысты өз ойын Махамбет бұл сөздерді араб-парсы тілін меңгеру арқылы тапқан жоқ. Бұл сөздер Махамбет лексикасына сөйлеу тілінен ауысқан. Яғни, ақын тіліне бұл сөздер оның өзі əңгіме еткен тақырыбына, осы тақырыпқа орай қалыптасқан халықтық түсінік тұрғысынан сөйлеуіне байланысты, осы тақырыптарға орай қалыптасқан салттағы сөздерге баруы негізінде оралған, -- деп түйіндейді.
Араб, парсы, түркі сөздерінен енген, бірақ қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тіліне барынша кірігіп, сіңісіп кеткен арман, мақсат, үміт, дүние, заман, фəни, пида, байтақ, астана, құса, қапы, қайғы, жиһан т.б. сөздеріне тоқталып, олардың ауыз екі тілде барынша актив қатынас тапқанын айтып өтеді. Жалпы, ақын өлеңдерінде кездесетін кірме сөздер хақында автор келелі мəселе қозғаған. Кейінгі деректерде Махамбеттің бірнеше тілді, соның ішінде араб тілін тəуір меңгергендігі туралы айтылып жүр. Бұл арнайы зерттеуді қажет ететін мəселе. Махамбет поэзиясындағы кездесетін сөз тіркестері мен фразеология, халықтың дəстүрлі сөз оралымдары мен тұрақты сөйлемдер, афоризмдер үшінші бөлімінде қарастырылған. Махамбетте кездесетін фразеологиялар жайлы сөз еткенде, зерттеуші ақын фразеологизмдерінде жауынгерлік стиль бояуы анық байқалып тұратынын, бірінші кезекте пайдалануға бейімділік аңғарылатынын ескертеді. Одан əрі ақын өлеңдеріндегі фразеологиялы сөйлемдерді ұйытқы тұрақты тіркестердің іштей тіркесу тəсіліне жəне осы тіркескен қатынасқа түскен сөздердің байланысу формасына қарай бірнеше топқа бөліп, талдап көрсеткен. Атап айтқанда:
а) атау тұлғалы тұрақты тіркестердің септікті сөзді меңгеруі (аламанға жел бердік);
ə) септік формалы тұрақты тіркестерге атау тұлғалы сөздің қабыса байланысуы (əділ жаннан түнілтіп) т.с.с.

Негізгі бөлім
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік- мағыналық қолданысы
Азаматтық поэзиямызда сөздердің мағыналық аясын кеңейтіп, көркемдік мақсатта қолдану өрісін ашуда Махамбет өзіндік стильдік ерекшклікке ие. Әрине, бұл ерекшелік Махамбеттің осы салада жасаған үлкен бір жаңашылдығынан көрінбейді, өзіне дейінгі халық поэзиясы (фольклор) мен азаматтық поэзияда бар тәсілдерді қалай қолдануының сипатынан әрі қандай сөздерді көркемдік маңқсатқа пайдалануынан көрінеді. Өйткені Махамбет те сөздерді көркемдік мақсатта қызметке жетуде өзіне дейінгі поэзия дәстүрін мол пайдаланады.
Сөз жоқ, бұл дәстүрлі байланыстың өзінде де белгілі дәрежеде ара-жік бар. Олай дейтініміз: көркемдік тәсіл эпитет, теңеу, метофора Махамбетке дейінгі тұрмыстық-салттық жырларда да эпостық- батырлық жыр-дастандарда да, махаббат жыр-өлеңдерінде де, азаматтық поэзия үлгілерінде де мол жасалған. Және осы сөз үлгілерінің жанрлық қабаттары қалыптасқан. Өйткені бұл көркемдік тәсілдер өзінің негізгі жаңынан белгілі бір жанрдың лексикасына тән, ал лексика болса сол жанрдың стильдік-тілдік сипатын белгілеуге актив қатынасатын құрал. Міне, белгілі бір жанрдың стильдік-тілдік сипатына белгілеуге актив қатынасатын бұл лексиканың эпитет, теңеу метафора жасауда олардың жанрлық қабаттарын жасауда негізгі ұйытқы қызметі ерекше.
Айталық, тұрмыстық-салттық жыр үшін арыстан, найза сияқты сөздер негізгі лексика емес, тіпті нар,жампоз сөздері де оған тән емес, мұның орнына қоян, қарқара, інген,бота сөздері жиі қолданылады. Ал осы негіз лексикаға сәйкестеніп оның өзіндік эпитет, теңеу, метафоралар жасалады: яғни тұрмыстық-салттық жырға тән қоян,қарқара, інген, бота сөздері өзінің лексикалық мәніне жақын сөздерден эпитет, теңеу метафораларды табады. Мысалы: қалқатай сен ақ қоян секеңдеген; саулы інгендей ыңыранып; ботадай боздап табысты.
Әрине, белгілі бір жанрдың тууы мен былайғы даму бір қалыпта болмайды және таза күйіндегі жанр тағы да жоқ, бір шығармада бірнеше жанр элементтері жүреді. Өйткені мұның өзі көркемдік талаптарға, көркемдік дәстүрге байланысты. Айтарлық Ер Тарғын жырында ал эпостық батырлық жыр бола тұрса да азаматтық поэзия үлгілері де, проза да, тұрмыстық-салттық жыр үлгісі де бар. Осы себепті Ер Тарғын жырында осы төрт түрлі жанрға тән лексика және соларға тән эпитет, теңеу, метафоралар бар. Жырда Ақша ханның қызы Ақжүніс аруды:
Шашаын дынданмен тараған,
(1) Бектер мінген бедеудей
Бауырынан жараған
(2) Бет-ажарын карасаң
Жазғы түскен сағымдай,
(3) Ет ажарын қарасаң
Терісінен айырған
Арпа-бидай ақ ұндай.
(4) Қасы сары жадай керілген.
(5) Кірпігі оқтай тігілген.
(6) Бұралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген,
(7) Қолаң шашты, қой көзді.
Аялдағы бір сөзді
Ақжүніс атты ару еді,-
деп суреттеуі тұрмыстық-салттық жыр жанрына тән стиль. Ал жырда Ер Тарғынды суреттеу бұдан мүлде басқаша.
Сарыала туы салбырап
Сауытының шашағы
Тұс-тұсына саудырап,
Қабағынан қар жауып
Кірпгіне мұз тоңып,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Атарына қолы ұзын,-дегенде эпиттер нағыз эпостық-батырлық жырға тән үлгіде жасалған .

Махамбет шығармаларындағы эпитеттер
Махамбет эпитет жасауда өзіне дейінгі жыраулардан ұзап кетпеген. Тіпті сөз бедерінің бұл түрін жасауға ақын көп еңбектене де бермеген. Оның өлеңдеріде келетін эпитеттердің көбі халық жыр-өнерлерінде кездесіп отыратын эпитеттер.
Ақында бар: біздің қайсар батырдың (8), мынау жалған сұм дүние (22), аруна жисаң жарасар, ұлы күнде сапарға (40), ұлы төре сенің де (57), адыра қалған қу Нарын (69), ақ көңіл, аңқау жүрекпен (68), ақ жүрегін тербетіп (70), бұлттан шыққан шұбар күн (13) т.б. бірді-екілі тіркестердегі эпитеттер сол дәуір поэзиясы үшін жаға дүниелер еді. Әрине, сұм дүние тіркесіндегі эпиетет Бұхарда да бар, тіпті Махамбет Бұхар өлеңіндегі осы жолдарда қайталағандай да болады:
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз.
(Бұхар)
Мынау жалған сұм дүние
Кімдерден кейін қалмаған?
(Махамбет)
Сол сияқты ұлы күнгі сапарға дегендегі келіс те сөйлеу тіліне тән: ұлыстың ұлы күні деп айтылатын дәстүрлі сөз бар. Бірақ жүрек сөзіне қатысты эпитеттер Махамбет өлеңдерінде алғаш қолданылған. Сөйлеу тілінде көңіл сөзі мен ақ сөзі тіркесіп келе береді, ал аңқау жүрек, ақ жүрек түріндегі келісім жаңа үлгі.
Әрине, мұндай сөздер өте аз. Керісінше, Махамбет те тұрақты эпитеттері көбірек кездеседі: Айналайын Ақ Жайық (31) Алты құлаш ақ найза(531) ақ алмасын суырды-ай (73) толғамалы ақ мылтық (31) болат найза ақ семсер (94) аспанға ұшқан ақ сұңқар (23) ақ киікті орғытып (21) ақ селеу отқа зар болар(23) ағыны күшті ақ дария (81) еңсесі биік ақ Орда (58) қарқыны күшті көк семсер(81) қарақұс қонбас көк сеңгір (18) көк шабығын қанды ауыздайжалатқан (12) күшіген жүнді сұр жебе (28) садағына сары жебен салдырған(11) сары алтынға малдырған (1) садағына сары шіркей ұялап(22) қатарланған қара нар (13) т.б
Бұлардың дені қару- жараққа тән эпитеттер, бірақ бұлардың да бір сыпырасы Махамбетттен бұрынғы эпостық батырлық жырларда келіп отырады:
Алты қырлы ақ мылтық
Ата алмасам маған серт
Төрт қырлаған көк сүңгі
Толғамасам маған серт...
Алты аршы ақ болат
Шаба алмасам маған серт...
(Ер Тарғын)

Көк чыбық үну тарс етті,
Көз ачырбай оқ жетті.
(Манас)
Махамбетті дәстүрлы эпитетті тіркестерді бұзу кездеседі: бірде болат найза, ақ семсер десе, бірде қарқыны күшті көк семсер дейді. Ал бір өлеңінде сұр жебе, әрі сары жебе түрінде қатар қолданылады. Әрине, бұлар - поэзияға тән дыбыстық ұқсату, дыбыстық үйлесім анафора заңынан келіп шыққан бұзулар. Қараңыз: садағына сары жебені салдырған; қарқна күшті көк семсер; садағына сары шіркей ұялап; Арқада жатқан ақ киік; алты құлаш ақ найза; арпа жемес арғымақ, ақ селеу отқа зар болар т.б.
Махамбет қолдаған эпитеттердің ішінен ақ және қара эпитеттерінің жиілігін бөліп атауға болар еді. Ақ сөзінің эпитет ретінде жиі келуінің бір реті дыбыстық қайталау, дыбыстықәуездік үндестікке байланысты. Бұл - таза поэтикалық тәсіл. Айталық, Махамбетке дейінгі әдебиетте көбіне балдағы алтын құраш болат түріндегі дәстүрлі атау Махамбетте бірде осы қалпында қайталанса. ( Балдағы алтын құрыш болат, балдағынан қанға боямай - 18) , бірде:
Балдағы алтын ақ болат
Салайын десем қында жоқ. (45)

Балдағы алтын ақ болат
Асынбас еді біздің батырлар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Пәндер