Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
Мазмұны
Кіріспе

Қазақ ресми іс-қағаздарының тарихы Негізгі бөлім
1. Іс қағаздар туралы жалпы ақпарат 2.Қазақ іс қағаздарының тарихы 3.Іс қағаздарының даму тарихы Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Іс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор. Мемлекет, Республика, қала, аудан, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар;

1. Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан "Тез арада орындаңыз", "Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз" "Қысқа мерзімде жауап беріңіз" деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін "Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын" деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе "Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын" деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.
3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез - келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.
4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, не қызметкердің өтінішін немесе тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе, хатты бірден "Ол мәселенің орындалуы не қабылдануы мүмкін емес" деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің немесе істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.

5. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.
6. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.
7. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.
8. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да, көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.
9. Іс қағазадарын жазарда, орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.
10. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.
11. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.
12. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.
13. Сөйлемнің баяндауышы ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) немесе бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)
Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:
Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:
Ақпанның 20 - сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.
Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.
... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.
... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.
Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.
... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...
... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...
... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...
... алдын - ала қол жеткізген келісімге сәйкес.
Сіздің талабыңызға орай...
... қарамастан әлі де орын алып отыр.
... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...
Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:
Менің мекен - жайыма жолдауыңызды сұраймын.
Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.
Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.
... анықтауыңызды сұраймыз.
... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар:
... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.
... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...
... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.
Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:
Іске қосылсын.
Жарамсыз деп табылсын.
Жауапты адам тағайындалсын.
Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты - жөні) - оқытушыға жүктелсін.
Мәселені қарау (аты - жөні) - оқытушыға тапсырылсын.
Шара қолданылсын.
Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.
... жолға қойылсын.
Бақылауға алынсын.
Өзгерістер енгізілсін.
Жол берілмесін.
Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:
Қатысты мәлімет қолма - қол жіберіледі.
Құжаттар сіздің мекен - жайыңызға жіберіледі.
Шара қолданылуда.
Мәліметтер құпия сақталады.
Орын алған кемшіліктер жойылды.
... қосымша қаржы бөлінді.
... байланысты іс - шаралар өткізу жоспарланып отыр.
қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
қысқа мерзімде ұйымдастырылады.
Күнделікті қатаң бақылау қойылады.
Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:
... туралы сізді хабардар етеміз.
... ұйым хабарлайды.
... сізге хабарлаймын.
... туралы сізге мәлімет жеткіземін.
... туралы баяндаймын.

... туралы мәлімдеймін.
Қалыптасқан құрылымдар:
көмек көрсету.
тексеріс жүргізу.
тез арада хабарлаңыз.
қажетті жағдай жасаңыз.
ұсыныс қабылданды.
жөнелтуге дайындаңыз.
шешім қабылдаңыз
ақпарат беріңіз.
қоғамдық пікір.
Іс қағаздарының түрлері
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары
өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит-кард
өтініш
арыз
Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары * Заң
үкім
өкім
Жарғы, жарлық
Ереже
хабарлама бұйрық
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары
мінездеме
нұсқау
кепілдеме
ресми хаттар
кеден мағлұмдамасы
жеделхатжарнама
қолхат
Хабарландыру
сенімхат
кепілхат
өтініш
тапсырыс
келісімшарт

еңбек шарты
шарт
Еңбек келісімі
Іс-қағаздарының қызметтері:
жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда); - әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда); - ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде); - құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); - тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда). - ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:
құжаттарды дайындау; - құжаттарды жолдау, тіркеу; - сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; - құжаттарды қолдануға дайындау; - құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; - құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының,батырларының,тархандарын ың,старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады.Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына,қазақ-орыс қатынастарына,қазақ хандарының тарихы,сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б жинақтарда жарияланды.Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының
саяси,әлеуметтік,экономикалық жағын бейнелеумен қатар,бізге XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғаны да көрсете алады.Олар:
1.Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі.1716 жылғы 13қыркүйек .
2Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император IПетрге жазған хаты 1718 жыл 10 желтоқсан .
3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзініің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты 1730 жыл 8 қыркүйек
4. Хандар Әбілхайыр мен Сәмекенің Нұралы сұлтанның Бопай ханшаның қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бопандығын алғаны туралы императрица Аннаға хаты 1731 жыл 2 қаңтар

5Орынбор комиссиясының бас командирі ИИНеплюевтің Әбілхайыр ханмен және қонтайшысы Галден -Цереннің елшілері Кашкамен Бурунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама 1742 жылғы 27 қыркүйек
6Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты 1773 жылғы 19 қыркүйек 7.Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты 1773 жылғы 31 қыркүйек 8.Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты 1773 жылғы 9 қараша
9.Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты 1773 жылғы 18 желтоқсан 10.Нүралы ханның ЕИПугачевқа хаты 1773 жылғы 18 желтоқсан
11.Досалы сұлтанның ЕИПугачевқа хаты 1773 жылғы 18 желтоқсан 13.Нұралы ханның барон ОАИгельстромға хабары 1785 жыл 21 шілде
14. Кіші орда старшындарының барон ОАИгелстромға хабары 1786 жылғы 14 тамыз
15. Орынбор шекара істері экспедициясының Сырым батырды байұлы ұрпағының Бас старшыны етіп бекіту туралы жарлығы.1787 жылғы 23 қазан
16. Әбдікерім Оразбаевтың Кавказ наместнигінің билеушісі САБрянчаниковқа хаты 1790 жыл 4 ақпан
17. Сырым батырдың Императрица IIЕкатеринаға хабары 1790 жылғы 11 қыркүйек
18. Сырымбатыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместігінің генерал - губернаторы ААПеулинге хаты 1792 жыл 11 қыркүйек
19. Жетісудың бас старшинасы Тіленшінің Шерғазы сұлтанға жазған ағләм намасы 1793 жыл
20. Қазақ сұлтандары мен старшиналарының Екатерина IIге жазған ғарыз намасы

Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихы тек қана ХVІІІ ғасырмен байланысты ғана шектелмейді. ХІХ ға де қазақ іс қағаздар тарихында елеулі өзгешеліктер алып келді. Бұл көтерілістің тек көркемдік әдебиет пен тарихта ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ісін қалдырғандығын Махамбет Өтемісұлының Ладыщинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына жазған хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
Ал, ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды.
Иә, жасыратыны жоқ қазақ іс қағаздар тілінің тарихы тек қазіргі кезде ғана қолға алынып отырған жоқ. Жоғарыда аталған кезеңдерден соң, аумалы-төкпелі 1921 жылы қазақ тілінде іс жүргізу міндеттеліп, небір пәрменді шаралар белгіленіп, бұл салада әжептеуір ілгері шаруалар тындырылып келіп, ақыры аяқсыз қалғандығы жөнінде зерттеушілеріміз атап өтеді. Сөз жоқ, бұған да себептер болған. Жаппай елдегі

ашаршылық, тәркілеу, қуғын - сүргін, қала берді Ұлы Отан соғысы, бертінде тың игеру жылдары бұған әсер етпей қалған жоқ.
Бертінде, дәлірек айтқанда, 1957 жылы Республика Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да шешім қабы лдаған екен. Бұл істе әуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бәсең тартып, жетпісінші, сексенінші жылдары мүлде саябырсып кетеді. Алайда, бүгінгі күні бұл іс қайта жанданып, бұрынғыдан да кең көлемде, кең құлашпен жүріп жатқаны айқын аңғарылады.
Енді, осы салада жарық көрген еңбектер тарихына тоқтала кетсек. Бастапқыда, дәлірек айтсақ, 1936 жылы жазылған Ағыбаев деген автордың іс жүргізуге арналған сөздігі жарық көрген кейіннен, елуінші жылдардың соңынан ала, жетпісінші жылдардың басына дейін 12 кітап болып, кәдімгідей нөмірленіп, салалық, терминологиялық сөздіктер жарық көреді. 1961 жылы Ғ. Мұсабаев пен Б.Сүлейменованың Орысша - қазақша терминологиялық сөздігі кітабы жарыққа шығады..
Қазіргі таңдағы іс қағаздарымен шұғылданып жүрген зерттеушілерімізді де қол қусырып қарап отыр деуге болмайды. Іс қағаздар жөніндегі сөздік - анықтамалықтар, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары т.б. туындылар қазіргі таңдағы, осы салада еңбек етіп жүрген М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов т.б. зерттеушілерді атап өтуге болады.
Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
1. Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
4. Мемлекеттік тіліміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім көздерімен қаруландырып, қазақ тілінің дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігін тигізуін қамтамасыз ету.
5. Іс қағаздарының түрлері. Оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен т аныстыру. Ақпараттарды құжатта сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық қызмет және кез-келген басқарушылық шешім міндетті т үрде құжаттық нысанада тіркеледі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу-пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:

Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен т аныстыру. Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға балады. Бірі- сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс. Бұрында қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп келгені мәлім. Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса қалмайтыны белгілі. Осыған байланысты мәселелер де жетерлік. Оның бірі-мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде еркін сөйлеп, жаза алмайтыны. Ал орыс тілді кез-келген маман орыс тіліндегі ресми құжатты еркін жазып шығады. Бұның себебі, біріншіден, тілді жетік меңгергендігі болса, екіншіден орыс тілінде іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен өтіп әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған. Оларда бұл дәстүрлі мектеп. Біз қазақ тіліндегі іс қағаздарын да осындай дәрежеде көтеруіміз керек. Екінше мәселе-қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс қағаздарының үлгілері өте аз, жоққа тән десе де болады. Үшінші мәселе-жоғары оқу орындарында да, арнаулы оқу орындарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына еңгізілмеген, сондықтан оқу орнын аяқтаған маман өндіріске я мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша жүргізуге еш дайындықсыз келеді. Осыған орай жоғары және арнаулы оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекте іс қағаздарын қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер
Іс қағаздарының стилі
Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы жайында
Мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізу
Оқу функциясы
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
Қазақ тіліндегі құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі
Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері және үш тілге аударылуы
Басқару құжаттарын құрастыру және ресімдеу талаптары
Алгоритмдер теориясы. Анықтамасы. Қасиеттері. Түрлері. Алгоритмді жазу әдістері. Алгоритм модельдері
Пәндер