Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін треннингтер мен іскерлік ойындарды жүргізу жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … . . . 3
ІІ ТАРАУ.
2. 1. Тренинг туралы жалпы түсінік пен мақсат-міндеттерін көрсету
2. 2. Бастауыш сыныптарында іскерлік ойын, оның түрлері
2. 3. Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін трингтер мен іскерлік ойындары
III Тәжірибелік бөлім.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі
«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек » деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала - білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.
Ұстаздың жүгін адал орындау - біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі - өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.
Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс.
Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Курстық жұмыстың мақсаты
әдебиеттік оқу пәнінен ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемесімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері
- Тренинг туралы жалпы түсіңік пен мақсат-міңдеттерін көрсету
-Бастауыш сыныптарында іскерлік ойын оның түрлері
-Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін трингтер мен іскерлік ойындары
Курстық жұмыстың нысаны обьектісі
бастауыш сынып оқушылары
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
әдебиеттік оқу пәні
Курстық зерттеу әдістері
ғылыми әдебиеттерге, ғалымдардың пікірлеріне шолу жасау, практикалық әдістерді қолдану.
Курстық жұмыстың болжамы
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Ойынның әр түрлі әдістерін сабақта тиімді қолдана білсе, тілді меңгертуге пайдасы тиеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылықты арттады.
Курстық жұмыстың құрылымы
кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
2. 1 Тренинг туралы жалпы түсінік пен мақсат-міндеттерін көрсету
Тренинг термині ағылшын тілінің training (тура мағынасында - «жаттығу») сөзінен алынған. Бұл күнде «тренинг» - интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, яғни оқытушы мен оқушының (дұрысын айтқанда - үйренуші мен бағыттаушының) бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасын білдіреді.
Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг - бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі. Тренинг - адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі - бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі.
Семинар-тренинг - бұл тренинг әдісін пайдалану арқылы адамға жаңа ақпаратты, жаңа білімді немесе біліктілікті игертудің тиімді түрі. Семинар-тренингтің өзге оқыту түрлерінен артықшылығы да осында. Яғни ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.
Семинар-тренинг барысында оқытушы мен оқушы жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды («семинар») әрі практикалық жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады («тренинг») .
Семинар-тренингті жүргізуші адам - ол тек оқытушы ғана емес, ол нағыз «жаттықтырушы», өйткені ол оқушыға білім беріп қана қоймайды, сол білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Бұл тұрғыдан тренер - әрі оқытушы әрі бапкер.
Тренер болу үшін оқытатын тақырыпты жетік білу аздық етеді. Мұндай адам аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы тиіс. Тренер, бір қырынан, психолог болуы керек. Өйткені ол семинарға қатысушы әрбір адамның талап-тілегі мен қажеттіліктерін дөп басып танып отыруы тиіс.
Тренер - интерактивті оқыту әдістерін меңгерген адам. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі. Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау.
Кез келген семинар-тренинг бірнеше бөлімде жүргізіледі. Бірінші бөлім - дәстүрлі кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысу, тренинг ережелерін бекіту және қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау шаралары жүзеге асырылады.
- Қатысушылармен танысу.
Семинар-тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асыруға болады. Мысалы , қатысушыларға шағын доп немесе алма беріледі. Допты бірінші болып алған қатысушы өзі туралы айтып береді, содан кейін қолындағы допты (алманы) келесі қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған келесі қатысушы дәл алдындағы әріптесі сияқты өзі туралы айтып береді, сөйтіп, танысу шарасы ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.
- Ережелерді бекіту.
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі. Тренингтің бастапқы кезеңінде бекітілген ережелер қатысушылардың жұмыс күні бойындағы тәртібін айқындайтын басты құжат. Мысалы, ең қарапайым ережелердің бірі - «қалта телефондарының даусын сөндіріп қою» ережесі.
Ережелерді жазу шарасын «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әрбір қатысушы қабылдайтын ережелерге қатысты өз пікірін білдіреді.
- Күтілетін нәтижелерді айқындау.
Семинар-тренингке қатысушылардың тренингтен күтетін нәтижелерін айқындап жазып қоюдың маңызы өте зор. Бұл жұмыс күнінің қорытындысын шығару үшін және қатысушылармен кері байланыс орнату үшін ең қажетті құрал.
Күтілетін нәтижелерді жазу шарасын да «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр қатысушы өзінің семинар-тренингтен не күтетіні туралы айтады.
- Семинар-тренингтің оқыту кезеңі
Семинар-тренингтің оқыту бөлімінде тікелей тақырыпты пысықтау жұмысы жүргізіледі. Тақырыпты тиімді меңгерту үшін тренер оқыту бөлімін бірнеше сессияға, ал семинар тақырыбын құрылымдық бөлімдерге, яғни тақырыпшаларға бөліп алғаны дұрыс.
Мысалы: «Команданы жасақтау» семинар-тренингі.
1-сессия. Командалық жұмыстың негіздерін үйрету.
- Шағын топтан командаға қадам.
- Командалық жұмыстың негізгі үш талабы.
- Команданың тиімді құрылымы.
- Команда басшысына қойылатын талаптар.
- Тиімді жұмыс істейтін команда.
- Команда жұмысына кедергі болатын жайттар.
2-сессия. Команда мүшелерін жұмылдыру мен жұмысқа жігерлендіру әдістерін үйрету.
- Пәрменді жұмылдыру.
- Ақшалай жігерлендіру
- Моральді жігерлендіру
- Натуралды түрде жігерлендіру
- Патернализм
- Ұйымдастыру әдісімен жігерлендіру.
- Басқару ісіне тарту арқылы жігерлендіру.
3-сессия. Команданың өмірлік циклімен таныстыру
Өсу кезеңі. Кері кету кезеңі.
- Балалық шақ - Тоқмейілсу.
- Ұлғаю - Тоқырау.
- Көркею - Тоқтау.
Кез келген семинар-тренингте жұмыс күнін қорытындылау бөлімі болады. Қорытындылар жасау әдетте семинар тақырыбына сәйкес барлық сессиялар өтіп болғаннан кейін, жұмыс күнінің соңында жүргізіледі. Қорытынды бөлімде семинар-тренингке қатысушылардың жұмыс күнінің нәтижелері туралы және өздерінің семинардан күткен нәтижелерінің, үміттерінің қаншалықты ақталғаны туралы пікірлері тыңдалады. Қатысушылардың пікірін «рефлексия» (еркін әңгімелесу) әдісі бойынша немесе кері байланыс анкеталары арқылы білуге болады. Рефлексияның өзін әр түрлі формада ұйымдастыруға болады. Көбіне қатысушыларды шеңбер жасап отырғызып, әркімнің пікірін тыңдау әдісі қолданылады. Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - рефлексия кезінде әрбір қатысушы семинар-тренинг туралы өз пікірін бұқпасыз айтуы керек, яғни тренер қатысушылардан мейлінше шынайы сөйлеуді сұрайды.
Кері байланыс анкеталарына келер болсақ, әдетте мұндай анкеталарда семинар-тренингке қатысушылардың жалпы тренингке, сондай-ақ тренерлердің жұмысына баға беруін сұрайтын сауалдар жазылады. Анкетаға жауап беретін қатысушылар тренингтің өту барысы туралы, тренерлердің жұмысы туралы, қатысушыларға жасалған жағдай жайында, т. б. мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Кез келген семинар-тренингтің ажырамас бөлігі - бұл интерактивті оқыту тәсілдері. Семинар-тренингті өзге оқыту формаларынан ажырататын бірден-бір көрсеткіш те - осы интерактивті оқыту тәсілдері.
Интерактивті оқыту тәсілдері тренер мен тыңдаушы арасында өзара байланыс орнатуға және тренингке қатысушылар арасында бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қызмет етеді.
Негізгі интерактивті оқыту тәсілдерінің түрлері:
- «Ой ашар» («Мозговой штурм»)
Тренингке қатысушылардан мейлінше көп идеялар мен пікірлер алу үшін қолданылады.
Артықшылықтары:
- «Ой ашарды» пайдалана отырып, қатысушылардың барлығын бірдей тақырыпты талқылауға қатыстыруға болады. Бұл ретте өзіне-өзі сенімсіз қатысушылар мен «үндеместер» де жұмысқа араласады.
- Көп уақытты алмайды.
- Аудиторияны жинақыландырады.
«Ой ашар» барысында айтылған ойлар мен пікірлер тренер тарапынан талқыланбайды, барлық идеялар қағаз бетіне түсіріледі (флипчартқа немесе плакатқа) . Тек барлық ойлар жазылып болған соң ғана, таңдау еркін қатысушылардың өздеріне беру арқылы, маңызды деген бірнеше пікірді іріктеп алуға болады.
Пікір алмасу.
Пікір алмасу әдісі семинар-тренингтің барлық кезеңдерінде бірдей орын алады. Әрбір тақырыпты талқылау барысында тренер қатысушылардың ой-пікірлерін сұрап отыруы тиіс, әйтпесе оқыту үрдісі тек біржақты ғана болады, бұл, өз кезегінде, ешқандай да нәтижеге әкелмейді. Сол себепті пікір алмасу әдісін жиірек қолданғанның еш сөкеттігі жоқ. Дегенмен кез келген пікір алмасу тренер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Өйткені «далаға қашқан» пікірлер талқы барысын теріс жаққа бұрып жіберуі мүмкін.
Тренер қатысушыларға қоятын сұрақтарын алдын ала жоспарлап алуы тиіс. Әрі әрбір сұрағының мақсатын білуі керек. Сұрақтар, алдымен барлық топқа, тек содан соң ғана жеке-жеке адамдарға қойылады. Не «ия», не «жоқ» деп қана жауап беретін сұрақтарды қоймаған жөн. Мұндай жабық сұрақтар дискуссияны тығырыққа тіреуі мүмкін. Сұрақ қойған кезде, оған жауап беріп жатқан адамды бөліп тастауға немесе оған қарсы жауап беруге болмайды. Жауап қайтарған адамдарға міндетті түрде алғыс білдіру керек. Қате, дұрыс емес жауаптар болған жағдайда, бірден олардың қате екендігін айтуға болмайды, мұндай жағдайда қосымша сұрақтар қойып, адамды пікір алмасуға шақыру керек.
Қатысушылар тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарды алдын ала ойластырып, оларға жауаптар дайындап қою қажет.
- Шағын топтардағы жұмыс.
Қатысушыларды шағын топтарға бөлу практикалық тапсырмаларды жүзеге асыруға ең қолайлы әдіс.
Артықшылықтары:
- Қатысушыларға өз ойларын шағын топтарда айтуға мүмкіндік береді.
- Қатысушылардың өзара бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.
- Шағын топтарға бөлінген қатысушылар өз жауапкершіліктерін жақсы сезінеді.
- Командалық жұмысты жолға қояды.
- Қатысушылар өз беттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
- Өзара тәжірибе алмасудың бірден-бір жолы.
Шағын топтағы адамдар саны 3-5 адамнан құралуы тиіс. Шағын топтарға берілген тапсырмалар нақты және түсінікті болуы тиіс. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт нақты көрсетілуі тиіс.
Қатысушыларды шағын топтарға бөлген жағдайда, топ мүшелеріне өз араларынан уақытты белгілейтін, қағазға жазатын, жұмыс қорытындыларын жариялайтын адамдарды бірден белгілеп алуға кеңес беруге болады.
Шағын топтар өз жұмыс қорытындыларын жариялаған кезде өзге топтар тарпынан сын пікірлердің айтылмауын қадағалау қажет, тек сұрақтар мен толықтыруларға ғана жол беріледі. Барлық топтар өз жұмыс қорытындыларын жариялап болған соң, ортақ қорытынды - нәтиже жасалады.
2. 2 Бастауыш сыныптарында іскерлік ойын оның түрлері
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер» және т. с. с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
- тәрбиелік мақсаты;
- қолданылатын көрнекіліктер;
- уақытты үнемдеу;
- ойын қызықты бола ма?;
- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойын түрлерінің жіктелуі:
- грамматикалық;
- психологиялық;
- тірек-сызбалар;
- логикалық;
- техникалық;
- дене-еңбек.
Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар - көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой-пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына: 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ - жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог) .
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам алған кезім» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар - бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскездеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
- ойықжазбалар;
- суретті жұмбақтар;
- сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
- суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар - оқушылардың ой-өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ-тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ-тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Техникалық құралдармен ойналатын ойындар - қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Дэнди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.
Дене-еңбек ойындары - бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т. б.
Әр ұстаздың мақсаты - сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz