Токсикологиялық талдаудың негізін тексеру әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Ветеринария оқу кафедрасы

Курстық жұмыс

Пəн: Фармакалогия, токсикология және токсикологиялық сараптау (II)
Тақырыбы: Мал азығын, суды және патологиялық материалды химиялық –
токсикологиялық тексеру әдістері

Орындаған: Ерғалиев Е.
Тексерген: Билялов Е.Е
Топтың студенті: ВМ-801

Қолы:
Қолы: .
Тапсырған күні:
Бағасы: .
Күні:
.

Семей қаласы, 2021 жыл
Мазмұны

І. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
II. Негізгі бөлім
2.1. Токсикологиялық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7
2.2. Токсикологиялық талдаудың негізін тексеру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.3. Химико – токсикологиялық талдаудың мазмұны мен
міндеттері ... ... ... .14
2.4. Токсикалық
гепатиттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17
III. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

I. Кіріспе бөлім
Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында
қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары
Қазақстан Ғылым академиясының Өлкелік паталогия институты (қазіргі Гигиена
және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби
патологиялық сектор ашылғаннан кейін басталды. Токсикология – −улар туралы
ғылым. Ветеринарлық токсикология −улы заттардың жануар организміне әсер
етуін зерттейді, осымен қатар олардың жануар организміндегі айналымын,
ұлпалар мен ағзаларға жиналуын, жануар өнімдерімен организмнен шығуын
қарастырады.
Ветеринарлық токсикологияның мақсаты − дауалау әдістерін, алдын алу
және емдеу шараларын жетілдіру, мал азығының, жануар текті өнімдердің
құрамынан улы қоспаларды белгілеп, оларға ветеринарлықө санитарлық бағалау
жүргізу.
Ғылым саласы ретінде токсикология химиялық уландырғыш заттардың
организмнің тірі субстанциясы мен құрылыстық және функционалдық дәрежедегі
қарым - қатынасын зерттейді.
Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында химиялық
заттардың кең пайдалануына орай, сыртқы қоршау жағдайын жақсартуға
байланысты және азық тағамдарының экологиялық тазалығын жабдықтау
шараларына байланысты ветеринарлық токсикологияның қызметтері кеңейді. Улы
қоспалардың түрлеріне байланысты токсикологияның бірнеше тарауларын
жіктеуге болады: азық токсикоздары, фитотоксикоздары, микотоксикоздары,
минералдық токсикоздар, зоотоксинология, химиялық және әскери қару жарық
заттардың токсикоздары, полихлорирденген және пластикалық материалдармен
улану және т.б.
Ветеринарлық токсикология басқа да пәндермен тығыз байланысқан −
фармакологиямен, биохимиямен, клиникалық диагностикамен, ветеринарлық−
санитарлық сараптау пәнімен, патологиялық анатомия және терапиямен.
Қазіргі күнде ветеринарлық токсикология аналитикалық химия әдістерімен де
кең пайдаланылып отыр, себебі бұл әдістер көмегімен улану жағдайына диагноз
қойылады, удың организмдегі козғалысы байқалады, жануар текті өнімдердің
сапасы белгіленеді. Осы әдістердің ішінде бүгін токсикологияда ең жиі
қолданылатыны − физикалық−химиялық әдісі, жұқа қабатты және газ сұйықтық
хроматография, ультракүлгін және атом адсорбциялық спектрометрия, ионды
селективтік потенциометрия әдістері.
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В.
Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық
анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: У дегеніміз - тірі
ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық
құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.
Мысалы, ас түзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы,
ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Ветеринарлық токсикологияның терең тарихы ежелден басталады.
Токсикологияның дамуына елеулі үлестерін қосқан белгілі ежелгі ғалымдар мен
зерттеушілер қатарына − Гиппократ, Диоскорид, Плиний, Авиценна, Гален, Клод
Бернар т.б. жатқызуға болады. Дербес пәнретінде ветеринарлық токсикология
Ш.Корневен деген француз ғалымының жұмыстары жарыққа шыққаннан кейін бөліне
бастады.
Ресейде ветеринарлық токсикологияның дамуына көп үлесін қосқан
Ф.Т.Попов деген профессор болды. Ол Харьковтағы ветеринарлық институтының
құрамында алғашқы ветеринарлық токсикология кафедрасын ашты және
токсикологиялық мұражайын құрды. Н.А.Сошественский ветеринарлық
токсикологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуының негізін салған ғалым. Ол
бірінші әлем соғысы кезінде пайдаланған әскери уландырғыш заттардың
фосген, иприт жануар организміне ықпалын зерттеп, анықтамалық кітап
шығарды. Жануарлардың улы өсімдіктермен улануын анықтауға көптеген
жұмыстарын арнаған профессор И.А.Гусынин.
1.1. Әдебиетке шолу
Б.Атшабаро, О.С.Глозман, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина,
Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Е.А.Біртанов Қазақстанда токсикология ғылымының
қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Баженов С.В. айтуы бойынша улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен,
оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір
мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын
білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы немесе
өлімге душар болуы мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар
қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер
арқылы анықталынады.
Э.Л.Бейсебаеваның зерттеулеріндегі токсикологиялық талдау негіздерінде
шалқан құрамында гликозидтердің ыдырауы нәтижесінде түзілетін аллильды қыша
майы болатындығы көрсетілген. Егістік қышасынан улануға қарағанда, жабайы
шалқаннан ауылшаруашылық малдарының улану жағдайлары аз кездеседі.
Медведя Л.И пікірі бойынша қазіргі кезде токсикологияда уытты
заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың
токсиметриялық өлшем бірліктері) -LIМ ас, ЛМо (ЛDO), ЛМ50 (LD50) және ЛМ[00
(LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы
заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг
мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг кг). Егер заттың улылығы 1-2
мгкг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері ЮООмгкг
(Ігркг) болса, улылығы аз чат болып есептелінеді.
Гладков А.Д айтуы бойынша кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның
физикалық күй-жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да
тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты,
сұйық ,газ) әсер ете береді.
Дмитриев С., Джуров А., Антонов С осы ғалымдардың пікірі бойынша улы
заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет
атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғүрлым жылдам болған сайын, оның
сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да,әсер етуі тез арада пайда болады.
Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни,
олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдеріпің де
көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза
сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ещбір
токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының
токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (НgС12)- ерігіштігі өте
жоғары улы зат, ал каломель болса (НgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде
қолданылатын зат.
Жуленко В.Н.,Смирнова Л.А. пікірлері бойынша әсер ету уақыты қатты
күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ
дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың
улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың
бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы
заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның
тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосы-
лыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (ОН,
NН2,СН3.,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы
радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше
жоғарылайды.Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол
фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метилрадикалы (СН3)
енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі
болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап
реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық
реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.)түсу
ерекшеліктеріне де байланысты.
Жуленко В.Н., Рабинович М.И., Таланов Г.А.пікірлері бойынша барлық шөп
қоректі жануарларлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес.
Мысалы: ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарында малдар үшін, у
сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда В витаминінің
жетіспеушілігі басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды.
Себебі, олардың мес қарынында В витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер
көрсете алмайды.
Кузнецов А. Ф. пікірі бойынша улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей
қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз коньюктивасы, жыныс
мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал
дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері
арқылы да енуі мүмкін.
Мозгов И.Е. айтуы бойынша улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді.
Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа
түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға
таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері
пайда болады.

II. Негізгі бөлім
2.1. Токсикологиялық талдау
Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың
қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын
өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы.
Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар мен
өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін
салыстырмалы токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік
аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен
патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс,
әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік
улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды.
Токсикологияның ең маңызды саласы – медициналық токсикология. Ол жалпы,
клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы:
➢ токсикологияның міндеті – химиялық заттардың токсикология
әсерінің жалпы механизмін;
➢ клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика қойып,
оларды емдеу әдісін;
➢ профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын ала
сақтандыру шараларын зерттейді.
Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид,
Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды.
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-
токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі.
Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты
заттар, су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі
мүше кесінділері (бауыр, бүйрек,өкпе және жүрек), улы химикат үлгілері
(қабырға және еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін.
Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік
зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық
медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады, Бұл
ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды.
Оған:
1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты - жөні, тұрғылықты жері
және нақты керекті нәтижеге сұраныс.
2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою
хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Химиялық-токсикологиялық талдау
жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын
анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық
көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық-токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және
зертханаға жіберу.
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған
дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек.
Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын
сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.
Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін
қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса,
зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты
спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы,
хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.
Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады.
Мысалы, ұсақ жануарларды (қоян, құстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас
күйінде жіберуге болады. Ал үлкен малдардың мүшелерінің (бауыр, көк бауыр,
өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама
алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ал ми
мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы
басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы
затқа деген күдік болса, әрқайсысынан 1кг сынама алып, тексеруге жібереді.
Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг немесе г), түсі,
иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер
жазылуы тиіс.
Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді: 1-бөлік тексеруге
қолданылады. 2-бөлік қосымша ретінде. 3-бөлік мөрленіп, сақтауға
жіберіледі.
Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеру
қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

2.2. Токсикологиялық талдаудың негізін тексеру әдістері
1. Биологиялық әдіс. Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың
шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың (ақ
тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына азықтан
алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын ету арқылы, удың
әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.
Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді
қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған
экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне
зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп,
оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Ол
түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану.
2.Биохимиялық әдіс. Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолин
эстераза және натрий, калий ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен
карбаадаттардың бар жоғын анықтағанда, сынаманың судағы экстрактысымен
эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген
ферменттердің белсенділігін анықтайды. Фермент белсенділігінің 30-дық
әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін
дәлелдейді.
3. Химиялық әдіс. Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу
реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия - улы заттардың әртүрлі
рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кешендер түзілуіне негізделген. Боялу
дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын
анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал)
арналған құрама жемнен МаСІ анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал
алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже
береді. Су құрамындағы алколойдтар: танин, сынап хлориді, фосфор. Вольфрам,
фосфор-молибден немесе пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін
шөгінді түзеді.
4. Физикалық-химиялық әдіс. Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте
тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа
қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір
нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына
негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін
үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография
әдісі - хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда
кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-
химиялық әдісі.
Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары
немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп
қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы
кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде
байқалады.
Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір
қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары
(күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1) хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст)
гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде
жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық
қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2) Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон,
фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар
топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3 )Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері
(севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар
мен адамдарға зияны жоқ.
4) Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында
өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5)Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл
инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы,
түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа
өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен
ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы
адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен
зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне
нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын,
картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында
піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып
түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.
Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін
энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың
бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл
(шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио,
теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон
бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).
Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының
жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей
төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне
(габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан
арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.
5. Ботаникалық әдіс. Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін
азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым,
кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық
құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің
токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымей
жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты -жайылымнан немесе
азық қүрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай
өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты
бөлімдерін анықтау.
Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігі - азық және азық қоспаларын
әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге
жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін
қатердің болмауы. Азық - жануарларды азықтандыру үшін қолданылатын, жұғымды
пішіндегі қоректік заттары бар және жануарлардың саулығына зиянды әсер
етпейтін өсімдіктерден, жануарлардан алынатын, минералды, микробиологиялық,
химиялық өнімдер болып табылады.
Азық қоспасы - жануарлардың рационында жетпейтін қоректік және
минералды заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органикалық,
минералды және (немесе) синтетикалық заттар.
Азықтық құндылық - олар болған кезде жануарлардың қажетті заттар мен
энергияға физиологиялық қажеттілігі қанағаттандырылатын азық қасиеттерінің
жиынтығы;
Құрама жем - белгілі бір түрі, типі және өнімділігі бойынша
жануарларды толық азықтандыруды қамтамасыз ететін түрлі азық және азық
қоспаларының қажетті мөлшеріне дейін қоспалардан тазартылған және
ұсақталған қоспа;
Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен
адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және жою жүргізілетін
жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен
құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан)
алынған шикізаттарды пайдалануға тыйым салынады.
Азық және азық қоспаларын жануарлардан алынған тіндерден өндіруге
(дайындауға) тыйым салынады.
Азық және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға) арналған шикізаттарды
дайындау, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының
ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сүрленген азық (кептірілген азық, пішендеме, сүрлем) табиғи немесе
өңделген түрде азық ретінде және азық пен азық қоспаларының толық рационды
құрамында шикізат ретінде қолданылады.
Кептірілген азық стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік
құжаттарда белгіленген сапа көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Көгеру, улы
өсімдіктердің бөтен иіс белгілері болмауы тиіс.
Ірі азық (пішен, сабан) таза түрде және түйіршіктелген азық өндіруге
арналған азық қоспасының құрамында шикізат ретінде қолданылады. Ірі азық
құрамында көтерген бөліктер, улы өсімдіктер (жатаған кекіре, қоянбеде),
бөтен иістер (борсыған, зең, шіріген), патогендік саңырауқұлақтар мен
иеркөк болмауы тиіс.
Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық
сиыржоңышқа, ноқат, азықтық бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя,
бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін астық (бидай, арпа,
сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале)
құрамында қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс.
Шикізат ретінде қолданылатын астық тиісті Техникалық регламентте
белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
Шикізат - тамыртүйнекжеміс және бақша (азық) дақылдарында көгеру
белгілері болмауы және құрамындағы қауіпті және улы заттар белгіленген
нормадан аспауы тиіс.
Улы өсімдіктермен улану сәйкесінше балаларда кезеседі, өйткені олардың
көңілі жабайы өсіп тұрған әр түрлі жидектерге ауады. Улану туғызатын 100-
ден –аса жабайы және дақылды өсімдіктер белгілі. Олардың ішінде көп
тарағаны қара белена, дурман, улы вех, дақты белиголов, ит петрушкасы,
акконит, қасқыр боровигі, олеандр, беладонна (красавка), хлопчатник және
тағы басқалар.
Балалар мекемелерінің жер учаскелері және тұрақты серуендеу орындары
улы өсімдіктерден тазалау керек. Бұл үшін жерді қайта-қайта қазу, улы
өсімдіктерді жою үшін оларды тазалау және жұлу керек.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге
көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:
1) Өсімдіктің түрімен танысу;
2) Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы
өсімдікті жеу - жемеуі;
3) Улану сәтін және күнін анықтау.
Мұндай деректерді есепке алу, синил қышқылының түзілуінен,
Өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға
мүмкіндік береді.
4) Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал
күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтижесінде
патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану
себебін білуге болады.
Белгілі жағдайларда ғана улы болып келетін азық-түліктермен тамақтық
улану.
Белгілі жағдайларда ғана болып келетін азық-түліктермен тамақтық улану
өте сирек кездеседі. Бұл топтарға өсімдік текті (шикі фасоль фазині,
сүйекті жемістер ұрығындағы амигдалин, бук жаңғақтарының фагині, картоп
соланині) және жануар текті (балық, миндин тіндері, ара балы) азық-
түліктермен уланулар жатады.
Амигдалин. Шабдалы және өрік сүйектерінің ұрықтары жоғары амигдалинді
құрамымен сипатталады. Амигдалин гидролиз кезінде синиль қышқылын
ыдыратпайды.
Улану бас ауру және жүрек айнумен жүреді. Ауыр жағдайларда көгеру,
тартылулар, естен тану байқалады. Амигдалинмен улану шабдалы және өрік
майларының өндірісі процесінде қалған жмыхтарды қолданудан болады. Сүйекті
жемістерден жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы жайлы
Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Жануарлардың азықтардан улануы
Удың ағзаға ену жолдары
Токсикология мен токсикологиялық талдаудың мазмұны мен міндеттері
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Улы заттардың жіктелуі
Пәндер