Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы


«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Онтология»
Ғылымның тарихы және философияся
МН-М-20-1 «Менеджмент»
Советова Д. А.
Алиев У. Ж.
НҰР-СҰЛТАН- 2021
Жоспар.
Кіріспе бөлім . . . 3
Ашылуы . . . 4
Ғалымдар анықтамасы . . . 5
Онтология . . . 6
а) Табиғат болмысы . . . 9
б) Әлеуметтік болмыс . . . 9
в) Рухани болмыс . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе бөлім.
Онтология (гр. ontos - болмыс, logos - ілім) - философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.
Ашылуы.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р. Гоклениус пен Х. Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т. б. ) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Ғалымдар анықтамасы.
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология - “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г. Якобиде, әсіресе, Н. Гартманда Онтология - болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М. Хайдеггер мен К. Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.
Онтология.
Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т. б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз-Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген) . Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс - бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс - материя. Болмыс - эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты-материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше - азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т. б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол - абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя-барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш - форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,
в) мақсаттылық - бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың «не үшiн», өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде - бұл құдайлық бастама, ол «өз-өзiн ойлайтын Ақыл» ең жетiлген философ. Ақыл - «барлық форманың формасы» болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, «алғашқы қозғаушы күш» ретiнде - бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде-жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.
Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.
Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.
1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері) .
2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы) .
3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.
ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.
Табиғат болмысы.
... жалғасыҚазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап, айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ, тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық. . Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс.
Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.
Бірінші тенденция . Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екінші тенденция . Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшінші тенденция . Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі, әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін мен үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс.
Дербес субъективтiжәне объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегі мен санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.
Рухани болмыстың объективтендірілуі : Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.
Тіл - дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл - қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл - ой тірегі.
Болмыс - жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.
Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз) . Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz