Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бекітемін
МТҚеБ командир
подполковник А.Б.Абдуллин
__________2021 жыл.

МҚР жеке құрамымен құқықтық ақпараттандырудан жүргізілетін
жоспар конспектісі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері
туралы Заңы

Күні: 29.05.2021 жыл

Уақыты: 08.20-08.50

Орны: Саптық алаң.

Қолданылған әдебиттер: Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісінен.

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;
3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) аумақтық əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету - төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;
6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;
7) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;
8) əскери атташе аппараты - шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;
9) əскери басқару органдары - стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;
10) əскери бөлім - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;
11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі - бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;
12) əскери мүлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;
13) əскери техника - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;
14) əскерлер түрі - өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;
15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;
16) жабдықтау нормалары - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
17) жауынгерлік əзірлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;
18) жауынгерлік қабілеттілік - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;
19) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары - Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;
23) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;
24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар - жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;
25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары - Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;
26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі - тыйым салынған аймақ) - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан аумақ;
27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі - тыйым салынған аудан) - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;
28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры - жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;
29) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
30) қорғаныс - əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
31) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
32) қорғаныстық зерттеулер - мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
36) мемлекеттің əскери ұйымы - бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;
41) пайдаланылмайтын əскери мүлік - қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық мүлік;
42) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
43) соғыс қатері - орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;
44) соғыс қаупі - саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;
45) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
46) соғыс уақыты - соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
47) тыл - Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды тыл жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын əскери бөлімдер;
48) ұрыс қимылдары - тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері
Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi:
1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;
2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;
3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;
5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;
6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.
4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;
2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;
3) құқықтық реттеуді;
4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;
5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;
6) бiрыңғай әскери-техникалық саясатты әзiрлеуді және iске асыруды;
7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргізiлетін жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенін;
8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;
9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;
10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;
11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;
13) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді;
14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;
15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерін орындау үшін Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады.
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі
1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін және Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін бекітеді;
3) Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қолдану жоспарын, қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;
4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
7) жоғары әскери атақтар береді;
8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;
12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізедi;
2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
4) әскери атақтарды белгілейдi;
5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;
6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының Үкiметі:
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
6) әскери оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
13) қорғаныс мақсатында республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
14) әскери-көлiктік мiндеттілік туралы қағидаларды бекiтедi;
14-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша əскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;
16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
17) мемлекеттің азаматтық жəне аумақтық қорғанысын жоспарлауды жəне оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
24) меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;
4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:
1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;
3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Қарулы Күштері
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Жалпы қауіпсіздік концепциясы
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Жергілікті атқарушы билік органдары туралы
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Пәндер