Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы сенсорлық тәрбие
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Алматы облысының білім басқармасы ММ
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіМКҚК
Курстық жұмыс
Мамандығы: 0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 0101013 - Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы сенсорлық тәрбие
Орындаған: 416 - топ студенті
Жамбылқызы Ж.
Жетекшісі: Сырғабаева А Қ
Есік , 2021 жыл.
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Сенсорлық тәрбие туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
1.2 М.Монтессори әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11
1.3 Ф.Фребель әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-14
II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ
2.1 Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...15-17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы ... ... ... ... ... ... .17-20
2.3 Балабақшадағы дидактикалық жүйедегі сенсорлық даму ... ... ... ... ... .20-22
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23- 25
ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-3 8
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Сенсорлық даму,бір жағынан баланың дамуының іргетасын құрайды,бір жағынан өзіндік мәні бар өйткені,толыққанды қабылдау баланы балабақшада мектепке оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады.Танудың басқа түрлері-есте сақтау,ойлау,елестету-қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Балабақшада бала сурет салуға, жапсыруға,құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды.Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндерді танудан,көлем бойынша заттарды салыстырудан басталады. Баланың дамуы баланың ойын бөлмесінің қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты. Ана мен әкенің міндеті кішкентай адам өзін қауіпсіз сезінетін үйде ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз орынды қамтамасыз ету болып табылады. Кішкентай балалардың ашық алаңдарда және демалу үшін толық жабдықталған бөлмесінде өз бұрышы болуы керек.
Сенсорлық білім - бұл әр түрлі параметрлерде, мысалы, конфигурация мен мөлшерде, пәннің түстерін сіңіру үшін, ингралды объект қалыптастыру үшін тәжірибе алу мүмкідігі. Мұның бәрі біртіндеп игеріледі. Осы мақсатқа қол жеткізудегі ең үлкен кедергі- ерте жаста. Сенсорлық тәрбие жоспарланып, негізгі біліммен үйлесімді болуы керек, сондықтан бұл жұмыс қосымша жұмсқа айналмайды. Яғни, баланың дамуының белгілі бір физикалық деңгейі болған жағдайда ғана объектінің шамасы, нысаны мен түсі туралы білімді белсенді түрде біріктіру мүмкін болады. Сенсорлыықты дамыту кезінде, буып-түю объектілеріне арналған іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қолдың мобильділігі маңызды рөл атқарады.
Баланың мектепте оқуға дайындығы осы сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңістік психологтарымен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,бастапқы оқу барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігі жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала дене шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жетілетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсоралық тәрбиелеудің басты бағыты - баланың сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Психологтар баланың сенсорлақ қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау - дұрыс ұғынуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ.Жарықбаев былай деген: Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұтата алу. Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады.
Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мен қурыстық жұмыс тақырыбын мектепке дейінгі баланың дамуындағы сенсорлық тәрбие деп таңдадым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың дамуындағы сенсорлық тәрбиенің рөлі мен маңызын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді зерделеу арқылы сенсорлық тәрбиенің теориялық аспектілерін қарастыру;
Мектепке дейінгі кезеңдегі сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдіс-тәсілдері анықтау;
Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беруге бағытталған ойын- жаттығуларды іріктеу;
Мектепке дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу.
І Сенсорлық тәрбие
1.1 Сенсорлық тәрбие туралы түсінік
Сенсорлық тәрбие мазмұнына мыналар жатады: түсті ажырату, атауға үйрету, екі түсті бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастыру, заттарды түсіне қарай салыстыруға үйрету, суреттегі бейненің түс арқылы көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамыту.
Балалар алға-артқа, жоғары-төмен, алыс-жақын, оңнан-солға, ұзын-қысқа, үлкен-кіші, кең-тар, биік-аласа т.б. кеңістікке қатысты түсініктерді игереді, заттардың формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.
Сенсорлық тәрбие мазмұнына уақыт ұғымдары да кіреді: уақытты бағдарлау, уақытты игеру, уақыттың реттілігі, уақыт ұзақтығы, т.б. Балаға кеше, бүгін, ертең ұғымдарын, уақыттың ұзақтығын түсіндіру оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Есту сезімін дамыту, дыбыстарды тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту және музыкалық есіту қабілетін дамыту да сенсорлық тәрбие мазмұнына енеді.
Сенсорлық тәрбие мазмұнына заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білу, олардың тегісі, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б. анықтайтын тактильді сезім кіреді. Иіс пен дәм түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиенің мазмұнына енеді.
Ойындарда және сабақтарда сенсорлық тәрбие тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл - ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің алтын кезеңі деп атап көрсеткен.
Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.
Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.
Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып ала алмайсың, Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегінің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету, - деп анықтаған.
1.2 М.Монтессори әдістемесі.
Балалардың ерте жастан жылдам дамуы қазіргі кезде бәріне танымал. Осындай ерте дамудың жолдарын зерттегендердің біреуі Мария Монтессори. Бұл әдіс Мария Монтессоридің атымен аталады. Алғашқы рет бұл әдістер 1906 жылы бала бақшаларда қолданыла бастаған, содан кейін де жылдар өткен сайын біртіндеп бүкіл әлемнің мектептері мен бала бақшаларына енгізіліп, бүгінгі күнде кең қолданыста жүр.
М. Монтессоридің әдістерінің принциптері. М.Монтессоридің әдістері әр баланың өмірдегі бірінші күнінен бастап дамуына негізделген.
М.Монтессоридің әдістерінің негізгі мақсаты арнайы дайындалған дидактикалық материалдардың көмегімен баланы жетелеу. Бұған әдіс-тәсілдердің мынандай негізгі принциптері негізілген:
- Оқытудың индивидтік бағдарламасы;
- Баланың ең жоғарғы еркіндігі;
- Баланың іс-әрекетке біртіндеп қатыстырылуы
М.Монтессоридің әдістерін тарату үшін оны қолдану кеңістігін бала өз еркімен үйренуді бастауын ұйымдастыру қажет.
Монтессоридің материалдары:
М.Монтессоридің оқыту ортасын жасау үшін балалармен жұмыс процесінде үнемі арнайы оқыту материалдарын балалардың қызығушылықтарына байланысты іріктеп, тестен өтілген. Монтессори материалдарының маңыздылығы зор, бала онымен байқалмастан шұғылдана отырып ойнайды, әрі оңай үйренеді. Монтессори материалының көмегімен бала әлемді таниды, логикалық және кеңістіктегі ойлауын, қозғалыс бағыттарын дамытады, өзін-өзі қамтудың практикалық әдеттерін алады. Бұдан басқа, материалды игеру процесі кезінде бала:
-алдына мақсат қойып, соған жетуге үйренеді;
- әр түрлі тапсырмалардың шешімін практикалық түрде шешуге талпынады;
- байқап көру және қателесу жолдары арқылы бала өз қателіктерін жөндеуге жол табуға тырысады.
Монтессори - тәрбиеші. Мұны мен өзімнің жасауыма көмектес
М.Монтессоридің ұйғаруынша, әр балаға жекелей дамыту бағдарламасының қажет екенін айтады. Бұл принципті баланың жоғары деңгейде еркін дамуын және қызығушылығын қолдайтын Монтессори-тәрбиешілері де дамытуда.
Әр бала өзі немен шұғылданатынын шешеді: оқу, сурет салу, георафия немесе ермексазбен шұғылдануды өзіндік темппен игереді. Бұл кезде тәрбиеші бақылаушы ретінде ғана және балаларға оқу кезеніне жағдай жасаушы ретінде рөл атқарады. Монтессори-тәрбиеші бала өзіне не қажет екенін таңдай алмағанда немесе онымен не істеу керектігін білмегенде ғана араласады және ол балаға ештеңе жасап бермейді, тек қана түсіндіреді және аз ғана түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Монтессори-сыныбы.
Монтессори-сыныбы - ол тақырыптық аймақтарға бөлінген және әртүрлі дидактикалық материалдармен толықтырылған бөлме. Дұрыс ұйымдастырылған Монтессори-сыныбы баланың дұрыс дамуына көмектеседі.
Монтессори-сыныбын тақырыптық аймақтарға бөлу- дидактикалық материалдарды дұрыс тануына, алып отырған ақпаратты жүйелеуіне, сондай-ақ тәртіпті түрде жүйелеуіне көмектеседі.
Бастапқыда М.Монтессори сынып кеңістігін 5 тақырыптық аймаққа бөлуді ұсынды:
Шынайы практикалық өмірдің аймағы
Сенсорлық даму аймағы
Математика аймағы
Тілдік аймақ
Ғарыштық аймақ
Бірақ тақырыптық аймақтар саны көп және әртүрлі болуы мүмкін (музыкалық, көркемөнер, спорттық және т.б). Енді біз Монтессори - сыныбының сынптағы әр аймағы туралы айтамыз:
1. Шынайы практикалық өмірдің аймағы
Бұл зонада баланың өзіндік дағдыларын дамытудың материалдары жинақталған. Бала кір жууды, үтіктеуді, жемістерді және көкөністерді тазалап, турауды, қалақ пен сыбыртқыны ұстауды, аяқ киімін тазалауды және бауын байлап, шешуді үйренеді. Және бұлардың барлығын өзі жасайды.
2. Сенсорлық даму аймағы
Бұл аймақта балаға заттардың әртүрлілігін: өлшемі, түсі, пішіні, салмағын айыруды көмектеседі. Сондай-ақ, баланың көру, есту, есте сақтау сияқты қабілеттерін дамытын материалдар жинақталады.
3. Математика аймағы
Бұл аймақта санды және санауды түсінуін игеруіне арналған материалдар табылады. Бұдан басқа, математикамен шұғылдана отырып, бала логикалық ойлауын, есте сақтауын дамытады.
4. Тілдік аймақ
Бұл аймақтағы материалдар балаға әліпбиді, дыбыстарды үйренуді, оқып-жазуды меңгеруін қамтамасыз етеді
5. Ғарыштық аймақ
Бұл аймақ балаларды қоршаған әлеммен, құбылыстар мен процестер және басқа халықтың салт-дәстүтүрлерімен таныстырады.
М.Монтессори методикасы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін танымал болып, үлкен жетістіктерге жеткен. Берілген методика- Монтессори сыныбындағы тақырыптық аймақтар баланың жан-жақты дамуы үшін үнемі материалдармен толықтырылып отырады.
Мысалы, қозғалыстық, музыкалық, өнер және басқа да аймақтар.Сондай-ақ сіз өз үйіңізде балаңыздың қызығушылығына байланысты қажетті аймақтарды құра аласыз. Баланың ұстазына Бұны менің өзім жасауыма көмектесіңіз деген қаратпа сөзі М.Монтессоридің педагогикасының символына айналған, бұдан адамның дамуына еркіндік беру дегенге шақыратының көреміз.Ол балалармен жас күнінен бастап үздіксіз жұмыс істеген. Ол педагогтарды бақылаушы ретінде қарастырған. Егер ғылыми педагогикада жеке тұлғаны оқып-үйренсек, онда бұл оқып-үйрену еркін балаларды бақылау деп айтар едім, -деп жазады М.Монтессори.
1.3 Ф.Фребель әдістемесі
Баланың ерте дамуы және оқыту. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу методикасындағы негізгі принциптерді қарастырайық.
Ф. Фребелдің негізгі принциптері - Балалар үшін өмір. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу мектебіне 250 жыл болса да оны бүкіл әлемде құрмет тұтып, есте сақтайды. Немістің ұлы педагогы қоғамдық жүйеде мектепке дейінгі балаларды оқытуда (Kindergarten) балабақша ашқан. Бүгінгі күні біз қолданып жүрген ұғымды осы кісі енгізген.
Өз заманының алғашқы тәрбиешісі Фребель- балалардың ойын кезінде толық дамуына мүмкіндік бар екендігін түсінді. Өзінің бала-бақшасын ойындар мен ойыншықтардың барлық түрлерімен жабдықтай отырып ол кубик, доп сияқты ойыншықтарды балаларға тарту ретінде беріп отырды. Одан басқа, балалар тәрбиешілердің айтқан әңгімелерін тыңдап, ойындар ойнаған.
Педагог қағаздарды бүктеу арқылы геометрияның қарапайым түрлерін түсіндіре бастады. Ол ең бірінші геометрия негіздерін ұстау арқылы сезініп, содан кейін түсіну керектігін ескертеді. Фребель сондай-ақ кубиктік қораптан құралған басқатырғының (головоломка) авторы Осындай ағаштан құралған конструктор балаға геометриялық денелерді таныстыру және бұны ойын кезінде құрастыру арқылы ойын дамытатындығын айтады.
Балабақшада тәрбиелеу методикасы. Фребель жазғандай, балаларды бақшада ұжымдық іс-әрекеттерге белсенді түрде тарту қажет, олардың денесін дамыту, сезіну арқылы жаттығу жасату, адамдар және табиғатпен таныстыру; ойын және көтеріңкі көңіл күймен оларды мектепке дайындау қажет.
Фребельді балабақша ашу идеясын көптеген жылдар бойы толғандырған. Бірдей жастағы балалардың ойнай отырып, оқуды үйрену қарым-қатынатары кішкентай адамдардың рухани өмірлеріне үлкен әсерін тигізеді.
Фребельдің ойынша балабақша төрт мекемеден тұруы керек:
➣ ерте жастағы тәрбиеленушілерге арналған мекеме;
➣ балалардың бақшалық оқуы және дайындығына арналған мекеме;
➣пайдалы балалрдың ойындарын тарататын мекеме
➣ата-ана мен тәрбиешілер, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді байланыстыратын мерзімдік баспалар.
Тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде Фребель тіл деп санайды. Оның айтуынша, ойын әңгіме немесе ән қатыстырылуы арқылы жүргізілуі керек.
Фребельдің кезінде оның балабақшалары бағаланбаса да, XIX ғасырдың аяғында көптеген мемлекеттерде мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде олар маңызды рөл атқара бастады. Бұны қарапайым түрде түсіндіруге болады: балалардың бірге ойнауы қызықты екендігін барлығы көріп, бірақ мән бермеген кезде, Фребель олардан бұрын байқаған. Ешкім жалғыз ойнағысы келмейді, сондықтан әрқайсысы ортақ ережеге бағынуы қажет.
XIX ғасырдың бас кезінде мектепке дейінгі тәрбие деген ұғым жоқ болса да, мектептер болды ғой. Ал мектептерде топтарға жинақталған балалар болды. Ал бұл балаларға да ұстаздарға қиындық тудырды. Яғни, педагогтардың басқаруымен оларды топтарға бөліп мектепке дайындау керек болды. Фребель балабақшадағы тәрбиенің басты принциптерін анықтады: балаға кедергі келтірмеу керек, керісінше оған табиғат не берді соны дамуына көмектесу керек. Бүгінгі күні бұндай ойлар бізге керемет болса, XIX ғасырдың басында оларды революция ретінде қабылдады. Сонымен Фребель тәрбиені екіжақты процес ретінде қарастырады, яғни оқушы және оқытушы жағынан. Нағыз педагог әрдайым шәкіртіне бірдей кезеңде білім беріп, қабылдап және біріктіріп, бөле білу қажет, шыдамдылық танытып, қатал да бола отырып, жұмсақ та болу керек,- дейді.
Фребельдің алты сыйы
Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты сый ұсынды. Бірінші сыйы ол - доп. Доптар онша үлкен емес, жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған - қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі көріністер -жоғары-төмен, оңға-солға, алдыға-артқа деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және тығып қою арқылы доп бар- доп жоқ деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.
Екінші сыйы кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик - тыныштық пен көп бейнеліліктің бірлігі. Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: ол - тұрақты, егер оны бір нәрсеге қадап қойса, сондай-ақ ол - қозғалмалы, егер оны жатқызып қойса.
Үшінші сыйы - куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы - төрт бөліктен тұрады. Фребельдің айтуынша, осы сыйлардың арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып миын дамытады.
Төртінші сыйы - сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал қалыңдығы - осы беттің төрттен біріне тең болады.
Бесінші сыйы - жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге бөлінген.
Алтыншы сыйы - ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады - құрылыс материалдары, қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу, металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.
IІ.Теориялық бөлім
2.1 Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі
Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Сенсор сөзі латынныңSensus - сезім, түйсік, қабылдау, түйсіну қабілеті деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Педагогикалық сөздікте сенсор ұғымына
1) жеке рецептор;
2) рецеторлы мүше деп атап көрсетілген.
Сенсорлық бейімделу - организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Сенсорлық бөлік - орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мысалы: көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т.б.
Сенсорлық ес - сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі.
Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл - ой күштері.
Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл - ой тәрбиесінің маңызды міндеті - ақыл - ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .
Сенсорлық даму - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .
Сенсорлық тәрбие - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Сенсорлық тәрбие - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау - сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт - бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан - жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Сенсорлық тәрбие - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін, тағы да басқаларды дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады. Балалардың кеңістік бағыттарын, заттардың өзара орналасуын, оқыиғалардың кезегі мен оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz