Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекші: _________________

Студент:
_________________

.

Семей 20_

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1. АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... 12
1.1 Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму
сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік
және отандық ғалымдардың
пікірлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
1.2 Алғашқы әскери дайындық сабақтарында инновациялық
технологияларды қолдануда танымдық процестерді қалыптастырудың мәні 25
және мазмұны, ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..
1.3 Алғащқы әскери дайындық сабақтарында инновациялық 43
технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін
қалыптастыру моделі, өлшемдері мен деңгейлері

2. СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ 51
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.1 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
танымдық процестерін қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Жаңаша оқыту жағдайында студенттердің танымдық процестерін
қаыптастыру 76
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
2.3 Студенттердің танымдық процестерін қалыптастыруда ақпараттық 115
технологияларды қолданудың эксперименттік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 129
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 132
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Өмірімізде болып жатқан
түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай
бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық
ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде
жүруіне жол ашу ерекше орын алады[1].
Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас,
жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.Тиімді оқыту жолдарын бүкіл
әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен
психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды
ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп
қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс
ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді,
шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа
бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман, -
деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат
болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді
пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Студент қабілеті дегеніміз
оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта
оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең
негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу[2].
Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат
құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Тұлғаның шығармашылық бағдарын, ізденімпаздығын, өзіндік іс-әрекетін
жетілдіруде оқытудың жаңаша әдістері мен инновациялық процестерді дамыту
мәселелері бойынша еліміздің дидакт-ғалымдары: А.Е.Әбілқасымова,
Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, А.А.Бейсенбаева, И.Н.Нұғыманов,
т.б. арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп студенттердің болашақтағы кәсіби
өсуіндегі акмеологиялық бағдарын қалыптастыруды негіздейді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби
даярлаудағы маңызды мәселелер ғалым-педагогтарымыздың ғылыми зерттеулерінде
талданған (Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Саипов, А.А.Жолдасбеков, Б.А.Оспанова,
К.М.Беркінбаев, Қ.Ералин, М.Ә.құдайқұлов т.б.). Ал жеке тұлғаның дамуындағы
ақыл-ой әрекеті, зерттеушілік мәдениетін сауықтыру шаралары арқылы дене
мәдениетін қалыптастыруды сабақтастықта зерделеу Ж.К.Оналбек,
Б.Ә.Нұрлыбекова, Б.А.Тойлыбаев, А.Қарақов т.б. еңбектерінде және зерттеу
мәселесінің тарихи дамуын сараптауда маңызы бар.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.
Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді[3].
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Инновациялық технологияларға
жалпы сипаттама беру, студенттердің алғашқы әскери дайындық сабақтарында
танымдық процестерін қалыптастыру және оны оқу үрдісінде оқытудың
инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- инновациялық технологиялары жөніндегі отандық, шетелдік, Ресейлік
теориялық-әдістемелік материалдарға талдау жасау;
- инновациялық технологиялардың мәні мен мазмұнын негіздей отырып,
студенттердің танымдық процестерін қалыптастырудың моделін жасау.
- студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру әдістемесінің
тиімділігін эксперимент жағдайында дәйектеу және әдістемелік
ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі. жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды
кәсіби даярлау үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды
қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы. егер, инновациялық технологияларды оқыту
дерісінде тиімді және орынды қолданған жағдайда студенттердің жан-жақты әрі
үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және студенттердің танымдық
процестерін қалыптастыруға деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э.
Брансуиктің теориясы, Б.Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі,
В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің
білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж, Қараевтің деңгейлеп оқыту
технологиясы, С.Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту
технологиясы, В.Т. Кабуштың тәрбиені ізгілендіру технологиясы, П.И.
Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің
Ақыл-ой Одиссеясы технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы,
көркемөнер туындыларын көру арқылы студенттің жеке басын дамыту
технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу
технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер
табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың
мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін технология
ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары,
студентердің танымдық процестері, инновациялық технологиялар түрлеріне
талдау қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.
Технология ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, студенттердің
танымдық процестеріне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді.
Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан
сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының базасы. Түркістан гумнаитарлық-техникалық колледж.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар,
кестелер, диаграммалар көрсетілген.
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі
болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде Алғашқы әскери дайындық пәнін
оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
Әскери доктринасы,Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы
туралы және Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан
Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы
әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа
да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк
жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н.Ә.Назарбаев
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі
болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде Алғашқы әскери дайындық пәнін
оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
Әскери доктринасы,Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы
туралы және Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан
Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы
әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа
да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк
жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі
мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім
беретін
мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-
техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және
әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні
болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз
ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше
жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне
ықпал ете алуы қажет. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету
туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін
қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын
қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім
беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп,
әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет
тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін
қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына
сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.Оқытудың жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр –
ақпараттық технология ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндеттер ауыр деген болатын. Ұстаздар қауымының алдында сабақта
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру;
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты,
терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу;
Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу маңызды.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай
білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда
ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру
мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118
Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада Е-
learning электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару
тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен
оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол
жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі –
оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде
жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен
күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру,
білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және
одан әрі жетілдірілуде.
Алғашқы әскери дайындық пәні сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық -
коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп
ойлаймын.
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл
күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып,
әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа
сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына,
өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік
туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің
әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 – бабының 9 тармағында
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне
тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеттелген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін
қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және
оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз
қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Оқушы
тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің
негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру
жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары
арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-
әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-
зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды
қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын
игерудің мүмкіншілігін ашу. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп,
оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі
күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез
келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және
ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-
лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының
шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар
бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар
орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау
бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс
жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер,
видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса,
жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша
оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда
жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді
тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.
Сөзімді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
• орта білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық
құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық
кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен
қамтамасыз ету;
• орта білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану
бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық
технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына
қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап,
ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті
мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің
функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-
коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: 
а) электронды оқулықтар; 
ә) телекоммуникациялық технологиялар; 
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; 
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу
орнында отырып қол жеткізуге болады.
2. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу
сапасын арттырады. 
3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге
мүмкіндік алады. 
4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау
мүмкіндіктері артады. 
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі
мәселелерді шешуге тура келеді:
• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны
талдау);
• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың
нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз
өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру
білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің
білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге
мүмкіндік береді.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді
өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады.
Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде
жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – біз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа,
жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай
дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін
ұмытпауымыз керек.

1. АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму
сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және
отандық ғалымдардың пікірлері

ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту
негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің
инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды[4].
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда.
Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы
бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда
ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл
үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық
әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің
маңызы зор[5].
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал
білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр.
Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса
оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе
жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі.
Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық
меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары
анық[6].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар
даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық
технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді[7].
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз
ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді
талап етіп отыр[8].
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушылардың оқу-
танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал
бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін
жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі
еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы
оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен
әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты
болады[9].
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан
орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет
етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа
технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда
шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді.
В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” –
деген тұжырымдама берді [10].
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны
өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен
оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде
анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну
кілті бола алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру[11].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін
емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты
өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту
әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін
сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын
тигізуде.
“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың
зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне
енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған[12].
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс:
“Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге
асуын, шешімдерін күтеміз” дейді[13].
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген
термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп
көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
Инновация - in-noves деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда
жаңалық, жаңарту, өзгерту деген мағына береді.
Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:
1. бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар
2. бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар
3. бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

1-сызба. Педагогикалық жаңалық (Э. Брансуик бойынша)

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:
І. Ұйымдастырудағы жаңалық
ІІ. Технологиялардағы жаңалық
ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық

2-сызба. Білім беру саласындағы жаңалықтар

Осы жаңалықтарға сәйкес технология, оқыту технологиясы, білім
беру технологиясы, педагогикалық технология, жаңа педагогикалық
технология, оқытудың инновациялық технологиялары терминдері
қолданылуда[14].
Мысалы, Оқыту технологиясы термині ең алғаш рет АҚШта қолданылды.
Педагогикалық технология 1960 жылдан бастап қолданыла бастады.
Технология, Оқыту технологиясы, Педагогикалық технология терминдеріне
әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:
Скиннер: Оқыту технологиясы – психология жетістіктерін педагогикалық
практикада қолдану.

В. Беспалько: Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
В.М. Монахов: Педагогикалық технология – оқыту процесін жобалау,
ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз –
жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық
енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны,
оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз”
делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен
энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп
түсіндіріледі[15].
Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді:
“Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша
“инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып
табылады [16].
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
” Масырова Р., Линчевская Т – “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп
түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде
кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың
көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар
едік.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік.
Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан
таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде
әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең
тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін
емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау
мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа
беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда
“Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз [17].
Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-
XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин
кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен,
бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және
Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес,
сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен
өзгеріс” деп түсінеді[18].
Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір
идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не
бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді[19].
Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың
еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз –
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта
жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-
бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [20] .
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника
салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру,
жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа,
жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің
негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту
материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға
шығады.
Техника терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:
1. өндіріс құралдарының жиынтығы
2. бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы
Технология - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде
бағалайды, әрбір оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп,
ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне оқушының іс-
әрекетін бақылау жатады[21].
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
1. Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала –субъект”, “бала-объект” тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы
мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
2. Ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
3. Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
4. Деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері
шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық
қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
5. Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады[22]

Жаңа инновациялық технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп
дайындауды оқу процесі жөніндегі әртүрлі ойлар жүйесінің принциптері
негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн.
В.И.Андреевтің “Педагогикалық технология” туралы анықтамасында:
“Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – бұл жобалау,
оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық заңдылықтары, мақсаты, принциптері,
мазмұны, формасы, әдісі мен құралдарын тәжірибеде қолдану, оның
тиімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беретін, соның ішінде келешекте оны
шығаруға, басылымға беруге ықпал ететін жүйе”.

В.И.Андреев бойынша педагогикалық жаңа технологияны төмендегі
көрсеткіштер анықтайды: [23].
1. Мақсаттылық (анықтылық, нақтылық мақсатты дидактикалық жүйеге
ауыстырылуы).
2. Тұжырымдылық (терең мазмұнды теорияға негіздеу).
3. Жүйелілік (оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі жағдайын
жобалау және бүтіндей жүйеде қолдану).
4. Диагностикалық (оқушының оқу іс-әрекеті нәтижесінің алғашқы аралық
және қорытынды бағасын сандық түрде емес, терең сапалы диагностикалық
мінездемесі).
5. Оқыту сапасының кепілдігі (оқу материалын қабылдау коэффициенті 0,7-
ден төмен болмау керек).
6. Жаңалығы (педагогика, психология, дидактиканың жетістіктерін,
қазіргі заманның идеяларын, бейне құралдарды, компьютерлік техниканы
қолдану).
В.П.Беспалько педагогикалық технологияның келесі элементтерін атап
көрсетті:
1. Оқыту мен тәрбиелеудің анық, бірізді педагогикалық, дидактикалық
мақсатын жасау.
2. Меңгеруге тиісті ақпараттың мазмұнын құрылымдау, кеңейту, тәртіпке
келтіру.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық функциясын мүмкіндігінше
күшейту.
4. Дидактикалық технологиялық, соның ішінде оқыту мен бақылаудың
компьютерлік құралдарын кешенді пайдалану.
5. Оқыту сапасының жоғары деңгейінің кепілдігі[24].
Осыған байланысты педаогикалық технологияларды қолдану, жаңа білім
мазмұнын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу
бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы болып отыр

Педагогикалық технологияны П.К. Селевко 6- ға бөледі:
1. Қолдану деңгейіне қарай
2. Философиялық негізіне қарай
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай
4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай
5. Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай
Ал жалпы инновацияны үш түрге 6 бөлуге болады:
1. Модификациялық инновация
2. Комбинаторлық инновация
3. Радикалдық инновация
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады[25].


Педагогикалық технология

Қолдану деңгейіне Философиялық негізіне қарай
қарай








Мотивациялық-дербесТанымдық - дербес өзіндік бағдармен
тік компонент процетерді іс-әрекетке шығармашылық сипат
қалыптастыруға беруге қажетсінуі;
ұмтылуы мен - танымдық процестерге
өзіндік өмірдегі қызығушылықпен ұмтылуы;
ұстанымын - ойлау еркіндігіне қол
айқындауға, жеткізуі;
кәсіптік білікті - танымдық ынтасына сәйкес
маман болуға студенттердің танымдық
талаптануы мен процестерін шығармашылық
білім алуға іс-әрекетпен орындауды
қажетсінуін қажетсінуі;
қамтиды. - жаңаны жасауға қажетсінуі мен
талаптануы жатады.
Когнитивтік-интеллеИнтеллектуалды қ - танымдық процестерін дамытуға,
ктуалдық компонент ой-өрісі мен шығармашылық іс-әрекет
танымдық дербестігінің болуы;
деңгейінің кеңдігі- жаңаны табуда танымдық
ғылыми білімді белсенділігінің қалыптасуы;
игеруі және - құбылыстың мәнін білуге
оқу-танымдық ұмтылысы мен ғылыми білімді
қызмет игеруге ынтасының тұрақтылығы;
тәсілдерінің - оқу –танымдық қызмет
жүйесін саналы тәсілдерінің жүйесін саналы
меңгеруі. меңгеруі;
- жаңа білімдер мен әрекет
тәсілдерін өзбетінше игеру
бліктерінің болуы;
- танымдық процестерді
қалыптастыру және ұйымдастырудың
жолдарын меңгеруі.
Креативті-рефлексияСтуденттің - өзін-өзі жетілдіру мен дамыту;
лық компоненті өзін-өзі жетілдіру- жаңаны ойлап табу мен жаңа
мен дамыту, нәтижеге жету, ой тереңдігі мен
өзін-өзі реттеу шығармашылық шабыттың болуы;
жүйесін меңгеруі - шығармашылық іс-әрекетке,
мен іс-жүзінде ізденімпаздық жұмыстарға талдау
қолдануы, өзіндік жасай білуі;
бағалауға - мәселені түсінушілік, шешім
рефлексиялық табудағы шапшаңдылық пен
тұрғыдан келуін мәселені шешудегі икемділіктің
қамтиды. болуы;
- іс-әрекетті обьективті
бағалау, жеке тұлғалық
құндылықтарды саналы түсіну;
-өзін-өзі дамытуда рефлексиялық
бағытты таңдау.

Жеткілікті (рефлексивті) деңгей: жоспарлау, ұйымдастыру танымдық
біліктері қалыптасқан, шығармашылық жұмыстың тиімді тәсілдерінн таңдай
алады, мәселенің шешімін өз бетінше шығара алады, ақпараттар легімен жұмыс
жасайды, танымдық процестерін дамытуда шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра
алады.

орташа (репродуктивті) деңгей, төмен (бейімделу) деңгей.
Өзін-өзі дамытуда рефлексиялық бағыт таңдалынып алынғанымен, іс-
әрекетінде шығармашылық, жаңашылдық толымсыз сипатта.
Орташа деңгей (репродуктивті): оқу-танымдық материал мазмұнын,
танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе іс-әрекетіне
педагогикалық басшылық жасау негізінде жүргізіледі. Ұжымдық шығармашылық
жұмыстарға қатысқанымен, оқу-танымдық жұмыстарда дербестік танытпайды.
Төмен деңгей (бейімделу)- белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда,
оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана орындайды, танымдық
әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Оқытушының шығармашылық көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша
орындайды. Өздігінен шығармашылық жұмыс істеуді қажетсінбейді, шығармашылық
белсенділік танытпайды, деңгейлік тапсырмаларды орындауға ынтасы төмен.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, ғылыми зерттеу жұмыстарына
жасалған талдаулар нәтижесінде болашақ мамандардың танымдық процестерінің
қалыптасуы олардың бойындағы шығармашылық қасиеттерінің дамуына,
интеллектуладық деңгейінің артуына, танымдық белсенділіктерін ұштауға,
білім сапасы көтеріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығының
қалыптасуына жетелейді деген тұжырым жасауға болады.

2 БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ

2.1 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
танымдық процестерін қалыптастыру ерекшеліктері

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге
оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің
бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің
нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді.
XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе
жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі.
Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық
меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз
ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді
талап етіп отыр.
Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып
табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз
сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде
қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге
асырылады:
1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4
кезең – дамыту.
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттердің оқу-
танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал
бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін
жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру
жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы
оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен
әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты
болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан
орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет
етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа
технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал
білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр.
Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса
оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы
тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі
туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны
пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік
деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен
шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық
технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан
кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4)
ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның
шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған
кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде
бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше
игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім
алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала -субъект”, “бала-объект”
тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның
тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік
нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік ойындар технологиясы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру жайлы
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Пәндер