Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаева өзінің Қазақстан
халқыны Жолдауларында елімздегі кәсіпкерлік қызметті дамыту халықтың
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтерудің басты кепілі ретінде атап көрсетті.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімді жүзеге асуы ең алдымен нарықтағы
кәсіпорындардың рентабельділік деңгейін жоғарылатумен тікелей байланысты
болып табылады [1].
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және
өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып
табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік
барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған
қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің
шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды
қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен, ол кәсіпорынның
мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын
кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық
мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам
өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және
қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен рөл атқарады.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар
мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген
шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған
көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік
қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан
өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.Экономканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі
бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін
беруде.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің рентабельділік
(табыстылық) деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық
жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен
салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін
бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын
кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң
түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық
басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген
ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе
инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған
кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық
сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Табыс және рентабельділік кәсіпорынның өндірістік және қаржылық
қызметін бағалау үшін аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның
іскерлік белсенділігінің және қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайды.
Алайда, қажетті шығындарды шығармай, бәріміз білеміз, мақсат еткен
нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, кәсіпорынның
дамуын және әлеуметтік мәселелерді шешуді жүзеге асыру мүмкін емес.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардың рентабельділігін талдаудың
және бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, осы
көрсеткішті арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол
жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді
көздейді:
кәсіпорын табысы мен рентабельділігінің экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын өнімінің және өндірістік құралдарының рентабельділігін талдау
әдістемелерін игеру;
кәсіпорындардың рентабельділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Тараулардың тақырыптары мен мазмұны жұмыстың
мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бірінші тарауда кәсіпорынның
нарықтық экономика жағдайларындағы қызметінің мәні мен мақсаттары, оның
табысы мен рентабельділігін басқару негіздері қарастырылады. Екінші тарау
барысында кәсіпорын өнімі мен активтерінің рентабельділік көрсеткіштері
талдауға алынады. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табысына
әсер етуші негізгі факторлар мен кәсіпорынның рентабельділігін арттыру
жолдары қарастырылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорын қызметінің рентабельділік деңгейін
жоғарылатуыдғы теориялық негіздемелер тұжырымдалды және кәсіпорын
қызметінің табыстылығын арттыру жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мағынылығы жұмыста жасылынған
тұжырымдар мен ұсыныстар нарықтағы кәсіпорындар қызметінде қолданылып,
табыстылық деңгейін көтеру көрсеткіштерінің өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтен
алатын табысы мен оның өнімі мен активтерінің рентабельділігі
қарастырылады. Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының кондитерлік
өнімдер өндіру саласында қызмет етіп жатқан Ка-Биско кәсіпорнының
материалдары негізінде жүргізілген.
Жұмысты орындау барысында кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық жағдайын
талдау, кәсіпорын қаржысы, қаржы менеджменті жөніндегі отандық және шет
елдік экономист ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмыстары аталған
еңбектерде келтірілген талдаудың теориялық және әдістемелік негіздерінде
жүргізілген.
Зерттеу жұмыстары қаржылық, экономикалық математикалық, статистикалық
және логикалық талдау әдістемелері арқылы жүргізілген. Талдау жұмыстары
кестелер мен сызбалар келтіру арқылы өрнектеледі.
І КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты

Нарықтық экономикаға көшу және нарықтық қатынастардың дамуы елімізде
кәсіпкерліктің белсенді қарқынмен дамуына алып келді. Елімізде жүргізілген
жекешелендіру жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорындардың алуан түрлі ұйымдық-
құқықтық нысандары қалыптасып, өздеріне тән қызметтер көрсетуде.
Кәсіпорындардың нысандары мен саны артқан сайын бәсекелестік күрес бел алып
барады. Аталған құбылыстар еліміздің экономикасының дамуына, халықтың
игілік жағдайларының артуына өзінің оң әсерін тигізіп отыр. Осыдан шығатын
қорытынды – кәсіпкерлік қызмет нарықтық экономиканың негізгі элементі,
ажырамас атрибуты болып табылады. Кәсіпкерлік дамымайынша ұлттық
экономиканың дамуы әсте мүмкін емес [2].
Кәсіпорын – бұл белгілі бір өнім өндіретін немесе қоғамға қызмет
көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорын экономикасы – бұл оның өндірістік және
өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы болып табылады: айналым қорлары,
дайын өнім, кәсіпорынның банктердегі есеп-шоттары, ақша қаражаттары, құнды
қағаздары, меншіктің материалдық емес активтері (патенттер, лицензиялар,
тауар белгілері, авторлық құқықтар, ноу-хау және т.б.), өнімді өткізуден
алған табыстар. Олардың құндық бағасы – кәсіпорынның экономикалық даму
деңгейі мен көлеміне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері - өнімді шығару мен
көрсетілген қызметтерден түскен табыстан ғана емес, сонымен қатар
өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым
қаражаттары), басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан, жиналған
қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.
Кәсіпорындардың өндірістік активтерінің (негізгі және айналым
құралдары) құны бірнеше себептерге байланысты қалыптасады, атап айтқанда:
өндірісті негізгі және айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуде ең оңтайлы
үйлесімділікті табу;
өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
өндірілген өнімнің сатылым көлемі;
өнімді сатудан түскен кіріс пен табыс [3].
Осы факторлар негізінде қол жеткізілген тиімділіктің деңгейі мен
сипатын кәсіпорынның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлар
айқындайды. Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
өндірістік қорлармен қамтамасыз ету, яғни жер бөлігімен, өндірістік
ғимараттармен, құрылыстармен, құрал-жабдықтармен, аспаптармен, шикізат
көздерімен және материалдармен, отын-энергия ресурстарымен, жұмыс күшімен,
сондай-ақ қажетті ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
кәсіпорынның техникалық-экономикалық және әлеуметтік дамуының қажетті
деңгейін қамтамасыз ету, яғни ғылыми-техникалық процеске, өндіріс пен еңбек
ресурстарын тиімді ұйымдастыруға, қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге
және инновациялық және инвестициялық қызметтердің тиімділігіне қол жеткізу;
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық саласын
қалыптастыру факторлары, яғни кәсіпорынның коммерциялық және өндірісті
жабдықтау қызметтерінің тиімділігіне қол жеткізу.
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
Жер – бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи
байлық, күнделікті пайдаланылады.
Еңбек күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және
интелектуалдық құрамы. Еңбек ресурстары кәсіпорын қызметінің тиімділігін
анықтайтын шешуші фактор болып табылады. Басқарушы құрылымдардың
біліктілігі мен жауапкершілігі, нарықтық өзгерістерге икемділігі, қажетті
қаржылық шешімдер қабылдай білуі кәсіпорын экономикасының дамуындағы ең
басты фактор болып табылады.
Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы
өнім өндіріледі, қызметтер көрсетіледі, жұмыстар орындалады, яғни
кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асады. Олардың өндіріс барысында қолданылу
деңгейі кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын тікелей анықтайтын фактор болып
табылады.
Капитал - өндірістік тұтыну қажеттіліктеріне сай қалыптасатын ақша
қаражаттары. Кәсіпорын өзінің өндірістік айналымында капиталдың алуан
түрлерін қолданады – негізгі құралдар, айналым қаражаттары, материалдық
емес активтер, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық және тікелей
инвестициялар және т.с.с. Капитал көздерінің оңтайлы құрылымын
қалыптастыру, оларды өндірістік процеске тиімді орналастыру, осы процесс
барысындағы қозғалысын қадағалау, талдау, жоспарлау, қаржылық есепке алу
секілді шаралар кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын тағы бір шешуші
фактор болып табылады.
Кәсіпорындардың қазіргі нарық жағдайларындағы маңызы мен олардың
дамуының негізгі факторларына көз жеткіздік. Ал енді осы кәсіпкерлік
қызметтің мәні неде, оның негізгі көздеген мақсаты қандай деген сұрақ
туындайды [4].
Баршаға мәлім, кәсіпорындар бірінші кезекте қоғам мүдделерін емес, өз
мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді. Олардың қоғамға қызмет етуінің себебі
де осы мүдделерден туындайды. Кәсіпорын мүдделері мен қоғам мүдделері
арасындағы өзара байланысты Адам Смит көрінбейтін қол принципімен
түсіндіріп кеткен болатын. Кәсіпорындар өз өнімдерінің нарықта үлкен
сұраныстарға ие болуын қамтамасыз ету үшін тұтынушылар үшін мейлінше жоғары
сапалы, төмен бағалы тауарларды ұсынады. Нәтижесінде, кәсіпорындар өз
өнімінің үлкен көлемде сатылуын көздей отырып, сонымен қатар қоғам,
мүдделері үшін де қызмет етеді.
Қалыптасқан тәжірибеге және Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне сәйкес, кәсіпорындағы барлық қаржы жөніндегі жұмыстар бойынша осы
кәсіпорынның директоры (немесе президенті), ал материалдық шығындар үшін –
кәсіпорынның иесі жауап береді. Қаржыны басқару жөніндегі сұрақтар бойынша
қаржы директоры (менеджері) немесе бас бухгалтер жауап береді.
Ірі кәсіпорындарда арнайы бөлімшелері құрылады: оперативтік, ағымды
және стратегиялық қаржы мәселелері бойынша арнайы мамандармен қамтамасыз
етілген қызмет орталықтары [5].
Қаржы қызметінің міндеттері мынадай:
қаржы ресурстарын басқару жөнінде қабылданған шешімдерді бақылау;
өткен уақыттың тәжірибелерін ескеру және талдау, сондай-ақ оларды кәсіпорын
келешегі үшін қолдану;
шаруашылықтың сыртқы ортасындағы өзгерістердегі мүмкін болатын бағыттарды
және даму тенденцияларын ескеру;
стратегиялық мақсаттарды және перспективаларды есепке алу;
қабылданатын шешімдердің және жүргізілетін өзгерістердің төтенше сипатына
икемделу;
кейбір сыртқы факторлардың ықпалының анықталмағандығын негіздеу және
мойындау.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті: кәсіпорындағы ақша ағындарын
басқару және материалдық-техникалық және ақша ресурстарын басқарудың
теңгерімділігін қамтамасыз ету және сол арқылы кәсіпорынның түпкі мақсатына
қол жеткізуді қамтамасыз ету. Аталған міндетті орындау үшін қаржы
менеджменті кәсіпорындағы қаржыны ұйымдастырудың мынадай принциптерін
жетекшілікке алады.
Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу принципі – белгілі бір кездегі
жағдайларды және қолда бар қаржы ресурстарын ескере отырып кәсіпорынның
даму бағыттары туралы мәселелерді шешу бойынша кәсіпорынға толық
дербестілік берудің алғы шарттарын анықтайды.
Өзін-өзі өтеу принципі – дамудың қандай да бір бағытына салынған
қаражаттар табыстың есебінен немесе кәсіпорынның басқа да меншікті капиталы
есебінен өтелуін қарастырады.
Өзін-өзі қаржыландыру принципі – кәсіпорынның тек рентабельді жұмысын
ғана емес, сонымен қатар қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндірісті
қамтамасыз етуге жеткілікті ақша қорларының құрылымын қалыптастыруды
қарастырады [6].
Кәсіпорын тек меншікті қорларды емес, сонымен қатар бюджеттен тыс
қорларды қалыптастыруға құқығы бар.
Өзін-өзі қаржыландырудың негізгі көздеріне мыналар жатады:
қаржылық және қызмет нәтижесінде алынған табыс;
өндірістік активтерді жөндеу қорындағы қаражаттар;
ішкі қаржы резервтері;
құрылтайшылардың үлестік жарнамалары (салымдары);
бағалы қағаздар шығару және т.с.с.
Қаражаттарды меншікті және қарыз деп бөлу техникалық процеспен
анықталады, ал ол өз кезегінде өнімді өндірумен және таза табыстың
қалыптасуымен байланысты.
Қаржы резервтерін қалыптастыру принципі – кәсіпорынның дербестілігінің
белгісі болып табылады. Бұл резервтер таза табыстың есебінен қалыптасады
және мыналарды қамтиды: кепілдік резервтер және негізгі құралдарды
толықтыруға арналған резервтер [7].
Кез-келген кәсіпорынды басқарудың басты мақсаты – “ақша жасау” немесе
кәсіпорын құнын арттыру болып табылады. Бұл мақсат нақты түсінікті болмауы
мүмкін, сол себепті тура анықтама алу үшін оны түсіндірудің түрлі жолдарын
қарастыру керек.
Егер де мүмкін болатын қаржылық міндеттерді қарастыратын болсақ, онда
қаржы менеджерінің пікірлері мынадай болуы мүмкін:
нарықтық экономиканың атрибуты болып табылатын бәсекелестік ортада
өміршеңдік көрсету;
қаржылық және шаруашылық қызмет барысында қаржылық қиындықтарды және
банкроттылықты болдырмау;
бәскелестермен күресте жеңіске жету;
нарық секторын және ондағы сатылым көлемі мен үлесін барынша арттыру;
ақшалай түсімдердің тұрақты түрде ұлғайып отыруын қолдау және жағдай жасау;
өндірістік шығындарды барынша азайту арқылы табысты арттыру.
Бұл кәсіпорындардың алға қойған мақсаттарының бірнешесі ғана, оларды
одан әрі қарай тізбектей беруге де болады. Демек осы мүмкіндіктердің
әрқайсысы қаржы менеджерінің міндеті болып табылатын мәселелерді
туындатады.
Мысалға, нарық секторын немесе сатылым көлемін арттыру оңай –
бағаларды төмендетсе немесе несиелік жағдайларды жеңілдетсе жетіп жатыр.
Осындай жолмен, зерттеулер мен жаңалықтар іздеу секілді жұмыстардан бас
тартып, шығындарды да қысқартуға болады. Ақша қаражаттарын қарызға алмай
немесе ешқашан тәуекелге де бармай банкроттылықтан да қашып құтылуға
болады. Мұндай әрекеттерді де әрі қарай тізбектей беруге болады. Алайда,
аталған әрекеттердің қайсысы акционерлердің мүдделеріне сәйкес келетіні
түсініксіз.
Табысты арттыру, сөз жоқ, алға қойған міндеттердің ең кеңінен
қолданылатыны болып табылады, алайда, бұл да өте дұрыс анықтама бола
бермейді. Біз тек осы жылдың табысы туралы ғана айтып отырмыз ба? Егер
солай болса, онда техникалық қызмет көрсетудің болашағына қаражаттар
қалдыру, біртіндеп тауарлық-материалдық запастарды қысқартуға араласпау
секілді шаралар және шығындарды қысқарту бойынша қысқа мерзімді шаралар
қазіргі кездегі табыстың артуына алып келеді.
Табысты арттыру мақсаты “түпкі” табысты қарастыруы да мүмкін, алайда
әлі де болса бұл нені білдіретіні белгісіз. Біріншіден, бұл жерде алынатын
таза табыс туралы ма, әлде акцияға келетін табыс туралы сөз болып отыр ма?
Бұлар, әрине, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына түрліше әсер
етеді. Екіншіден, “түпкі” деген сөздің астарында не жатыр? Бұл мақсат
ағымды және болашақ табыстардың арасындағы компромисті білдірмейді.
Жоғарыда аталған мақсаттар түрлі, алайда екі класқа жату тенденциясына
ие. Біріншісі табыстылыққа жатады. Бұл мақсат сатылым көлемін, нарық
секторын және шығындарды бақылауды қамтиды, демек, табыс табудың немесе
оның арттырудың жолдарын қарастырады. Екінші топ банкроттылықты
болдырмауды, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтиды және тәуекелді бақылауға
бағытталады. Мақсаттардың бұл екі типі бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Табыс табуға деген ұмтылыс әдетте қандай да бір тәуекелмен байланысты
болады, сол себепті табыстылықты да, қауіпсіздікті де бір уақытта арттыру
мүмкін емес. Сол себепті екі факторды да қамтитын мақсатты алға қою керек
[6].
Кәсіпорын мүддесі, сонымен, өндіріс көлемін ұлғайту нәтижесінде үлкен
табысқа қол жеткізуді көздейді. Табыс кәсіпорынның дамуының алғы шарты
болып табылады. Осы жерде кәсіпорын табысының ынталандырушы қызметі орын
алады. Табыс кәсіпорынды өндірісті ұлғайтуға, қоғамға қажетті нарықта жоқ
жаңа тауарларды іздестіруге, оларды нарыққа енгізуге, осылайша және
табыстарға ұмтылуға итермелейді. Демек, табыс кәсіпорынның шаруашылық-
қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының
объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын өнім
(орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық
көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің
нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден
түскен табыс мөлшерінде , кәсіпорыннң шығынында айқындалады.
Бөліністің классикалық сызбасында түсім – ақша – бұл өнім өткізуден,
атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші субъектінің
шотына түскен ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жұмсалынған
қаражаттарды өтеудің (орнын толтырудың), орталықтандырылған және
орталығтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырудың негізгі көзі болып
табылады және өзіндік құнды , табысты, акциздерді, қосылған құнға салынған
салықты қамтиды. Оның дер кезінде түсіп тұруы қаражаттардың ауыспалы
айналымының толассыздығын, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз
етеді. Ал табыстың уақтылы түспеуі, өндірістегі бос тұрып қалушылыққа,
табыстың төмендеуіне, шарттық міндеттемелердің бұзылуына , қаржы
санкцияларына ұрындырады.
Түсім – ақшаны одан әрі болу негізгі капиталдр мен материалдық емес
активтерді ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымдарды
қалыптастырумен байланысты. Табыстың қалған бөлігі жалпы табыс немесе
жасалынған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және шаруашылық
жүргізуші субъектінің таза табысын қалыптастыруға бағытталады. Таза
табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнында салықтар мен алымдар,
әлеуметтік қажеттерге аударылаын аударымдар және басқалары түрінде есепке
алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табысы болып табылады. Оған негізгі
капитал мен кәсіпорынның басқа мүлкін өткізуден түскен табыстар, сондай –
ақ өткізу операцияларынан тыс кірістер қосылады.
Түсім –ақшаның ауқымы кәсіпорынның, фирманың өнім өндіру мен оны
өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне
байланысты болады.
Кәсіпорын табысының түрлері:
1) өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
2) үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын
активтерді, олардың құнын инфлияцияға орай түзетуді ескере
отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
3) сату операцияларынан тыс табыстар, оның ішінде:
• пайыздар бойынша табыстар;
• дивидендтер;
• тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
• мүлікті жалға беруден түскен табыс;
• роялти;
• мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда,
заңды тұлғалар алған жәрдемақылар;
• кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға
келісім бергені үшін алынған табыстар;
• банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының
мөлшерін азайтудан түскен табыстар;
• қарызды жабудан түскен табыстар;
• негізгі құрал-жабдықтарды сатудан түскен табыстар;
• амортизациялық аударымдар және негізгі құрал-жабдықтар
бойынша шегерістер жасау.
Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс
Егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде
мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше
көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген
тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны
тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс:
• тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
• мәміле шарттары өзгергенде;
• өткізілген тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар,
өтемдер өзгерген кезінде;
• теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет
көрсету) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы
бойынша жүргізіледі.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс.
Құн өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер
үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа
да активтерді өткізу кезінде құрылады.
Амортизациялауға жатпайтын активтерге:
• жер учаскелері;
• құрылысы аяқталмаған обьектілер;
• орнатылмаған жабдық;
• салық төлеуші тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда,
қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен
материалдық емес активтер;
• бағалы қағаздар;
• кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға,
консорциумдарға қатысу үлесі;
• Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін
қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын толық құны шегерімге
жатқызылған негізгі құралдар;
• инвестициялық салық преференциялары бойынша құны шегерімге
жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген
тіркелген активтер жатады.
Өсім аталған активтерді сату құны мен олардың баланстық құнының
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста
көрсетілген құны олардың баланстық құны деп аталады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды,
құрылыстарды өткізу кезінде құн өсімі өткізу құны мен салық есебінде
айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі мыналар:
• борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша
- өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы оң айырма;
• борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт
амортизациясы және сыйлықақы ескертілген, өткізу құны мен
иемденіп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.

Дивидендтер – акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңды
тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза
табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ
құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып
қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға
салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін
табыстар.
Сыйақы – кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік үшін; депозиттер бойынша;
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар
бойынша төлемдер - дисконт не купон.
Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып
кетуі
Бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар
бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық
валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен
осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.
Роялти – мынадай құқықтар үшiн төленеді:
• біріншіден, пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды
қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
• екіншіден, авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз
етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар
белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн
пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп,
сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны
немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны
үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе
өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану
құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-
чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе
кемелері өнеркәсіптік жабдыққа жатады
Қатысу үлесі - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп құрайтын
ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды қоспағанда,
мүлкімен қатысу үлесі. Ортақ үлестік меншіктен табыстарды мүшелердің
арасында тең үлеспен бөлінеді.
Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын шегерімге жатқызылған
провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін
табыстар деп аталады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар
мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-ақ цессия шартын
жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға
қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын
шегерімге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен
қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған
провизиялардың азайтылған сомасы да табыстар деп танылады.

1.2 Кәсіпорынның табысы және рентабельділігі

Табыс нарықтық экономиканың аса маңызды категорияларының бірі болып
табылады. Табысты ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Мысалға, К.Маркс табысты
қосылған құнның модификацияланған, көрінбейтін мәні ретінде қарастырады.
Капитал еңбегінің авторы қосылған құнның көзі ретінде қолданылған, бірақ
төленбеген жалдамалы жұмысшылардың еңбек күшін қарастырады. Қазіргі таңдағы
экономикалық тұжырымдар табысты, яғни еңбекті, жерді және капиталды
қолданудан түскен табыс ретінде қарастырады.
Табысты қолданылған және төленбеген жалдамалы еңбек күшінің нәтижесі
деген көзқарастан бас тарта отырып, оған мынадай анықтамалар беруге болады.
Біріншіден, табыс – бұл экономикалық жаңалықтар үшін, фирманы басқара білу
дарыны үшін төлем. Екіншіден – кәсіпкерлік қызмет үшін төлем болып
табылады. Үшіншіден – тәуекел үшін, кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерінің
анықталмағандығы үшін төлем болып табылады. Тәуекел қандай-да бір
басқарушылық, ғылыми-техникалық немесе әлеуметтік шешімдерді таңдаумен,
табиғи-климаттық жағдайлардың қандай да бір нұсқаларымен байланысты болуы
мүмкін. Тәуекел адам көріп білмейтін оқиғалармен – табиғи апаттармен,
ұлтаралық және мемлекетаралық қақтығыстармен және басқалармен байланысты
болуы мүмкін.
Микроэкономикада табыс өндірілген өнімді өткізуден түскен қаражаттар
мен жалпы шығындардың айырмасы, табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде
анықталады. [7].
Табыс қолайлы, бухгалтерлік, экономикалық (таза) болуы мүмкін. Қолайлы
табыс (нольдік экономикалық табыс) – кәсіпкерлік қабілетті қолданудың
альтернативті құны болып табылады. Фирма тек қана қолайлы табыс алған
жағдайда, оның барлық кірістері кәсіпорынның барлық шығындарын жабуға ғана
жұмсалатын болады. Бухгалтерлік табыс кәсіпорынның сыртқы шығындарын
шегеріп тастағандағы табысы болып табылады. Экономикалық табыс – бұл барлық
шығындарды шегеріп тастағанда қалатын таза табыс болып табылады.
Маңызды категория және кез-келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты
бола отырып, табыс материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты
көрсетеді және бірқатар функцияларды орындайды.
Біріншіден, табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған
экономикалық әсерді сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде табыс табу
кәсіпорынның барлық кірістері оның қызметімен байланысты барлық шығындардан
жоғары болады дегенді білдіреді.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функцияны атқарады. Бұл табыстың тек
қаржылық нәтиже ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы ресурстарының
негізгі элементі болып табылатынымен байланысты. Сол себепті кәсіпорын
әрқашан да барынша жоғары табыс алуға ынталанады, өйткені ол өндірістік
қызметті кеңейтудің, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және әлеуметтік
дамуының негізі болып табылады.
Үшіншіден, табыс түрлі деңгейдегі бюджеттердің кірістерін
қалыптастырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорында табыс өндірілген өнімді өткізудің нәтижесінде қалыптасады.
Оның мөлшері өндірілген өнімді сатудан түскен табыс пен оны өндіруге және
өткізуге кеткен барлық шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Алынатын
табыстың жалпы массасы, біріншіден, сатылым көлемінен және өнімнің
бағаларының деңгейінен, екіншіден - өндірістік шығындардың қоғамдық қажетті
шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне байланысты тәуелді болып келеді [8].
Кәсіпорынның табыстылығына әсер ететін негізгі факторлары 1 суретте
ұсынылды.

Сурет 1. Кәсіпорынның табыстылығына әсер ететін негізгі факторлары

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір
күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас
бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы
болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл
кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының
айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен
басым болатын жағдайын білдіреді.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит
бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай
дейді: Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы болып табылады [9].
Рентабельділік көрсеткіштері:
1. Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың
жекелеген түрлерімен есептелінеді.
• Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату
шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі:
өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда
қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық
пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай,
таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім
рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі
және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
• Екінші жағдайда, рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша
анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға
өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық
пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай
қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткішпен таза пайданы есептеуге
болады.
3. Кәсіпорындагы салымдар рентабельділігі – оның өнімділігіне қатысты
мүлік қүны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда
көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша
анықталады.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтық абсолюттік көрсеткіші – бұл пайдалар немесе табыстың
көрсеткіші.
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі акционерлер салымдарының есебінен
өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Олар : өнімді, қызметті өткізуден
алынаын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі
қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын
қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Нарық жағдайында табыстық рөлі айтарлықтай артты. Нарықтық
экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне
айналды.
Сонымен табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін
бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Табыс кәсіпорынның кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық қызметінің
нәтижесі болып табылады. Табыс – өндіріс тиімділігін, өндірілген өнімнің
көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігінің жағдайын, өзіндік құнның деңгейін,
өндірістік активтердің тиімді қолданылуын нақты сипаттайтын маңызды
көрсеткіш. Сонымен қатар, табыс өндірісті дамытуға және ресурстарды тиімді
қолдануға ынталандырушы қызмет атқарады.
Табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалаудың және жоспарлаудың ең
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Табыс арқылы кәсіпорынның
ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму шаралары
қаржыландырылады, еңбекақы қорлары ұлғайтылады. Табыс тек кәсіпорындардың
ішкі мұқтаждықтарын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік
бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражат
көзі болып табылады.
Дегенмен де, кәсіпкерлік қызметтің қаржылық көрсеткіші ретінде
табыстың жетекші ролі табыстың бірегейлігін және әмбебаптығын білдірмейді.
Табыстың ынталандырушы қызметін зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді:
жекелеген кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбекке ынтасын арттыру үшін,
еңбекақы қорын ұлғайту мақсатында табыс алу кәсіпорынның өндірістік және
ұжымдық-әлеуметтік дамуына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, таза
кәсіпкерлік жолмен алынбаған табыстардың алыну деректері де кездеседі,
яғни кәсіпорындар шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы емес,
мысалға, өндірілген өнімнің құрылымын өзгерту арқылы, табыс табуға құқық
білдіреді. Нарықта үлкен сұранысқа ие болып тұрған, алайда рентабельділігі
төмен өнімдерді шығарудың орнына кәсіпорындар өздеріне барынша тиімді және
барынша рентабельді өндіріп сатуға ұмтылады. Көптеген жағдайларда табыс
өнімнің шектен тыс жоғары бағасын орнату арқылы алынады.
Кез-келген жолмен үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылудың нәтижесінде
экономикада тауарлық ресурстармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының
артуына алып келеді. Осының салдарынан бағалар әрі қарай өсе береді,
инфляция етек алады, сәйкесінше, қосымша ақша эмиссиясы орын алады.
Табысты арттырудың негізгі жолы - өнімнің бағасын арттыру. Осылайша,
табыстың абсолюттік шамасының өсуі барлық кезде өндіріс тиімділігінің
артуының куәсі бола бермейді.
Экономикалық әдебиеттерде табыс ұғымымен кәсіпорынның табыстылық
(рентабельділік) ұғымы қосарлана қарастырылады. Кәсіпорынның табыстылығы
мен рентабельділігі кейбір ғалымдармен бөлек қарастырылады, яғни олар
табыстылық пен рентабельділіктің арасында бірқатар айырмашылықтарды атап
көрсетеді. Атап айтсақ, кәсіпорынның табыстылығы тек оның өнімді өндіруден
және сатудан алынған қаржылық нәтижесімен сипатталса, рентабельділік
көрсеткіштері оның барлық салықтарды және басқа да бірінші кезектегі
төлемдерін атқарғаннан кейін қолында қалатын таза табысының деңгейімен
сипатталады. Дәлірек айтар болсақ, табыстылық – бұл кәсіпорын
табыстылығының абсолютті көрсеткіштерімен, ал рентабельділік –
табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталалы [10].
Осылайша, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін ұғымдары
ғалымдардың осы экономикалық категорияларға деген көзқарастарының
субъективтілігінен туындайды. Дегенмен де, түптеп келгенде, аталған
көрсеткіштерді бір арнаға түйістіруге тура келеді, өйткені аталған
көрсеткіштердің екеуі де шаруашылық етуші субъектінің өндірістік
активтерінің, қаржы ресурстарының, еңбек ресурстарының, шығындар
құрылымының көрсеткіштерінің көмегімен есептеледі.
Рентабельділік өндіріс тиімділігін және корпорацияның табыстылығын
анықтайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сондықтан кез келген
корпороцияның есепті кезеңі аяқталғанда шаруашылық нәтижесі бағаланады.
Осыған байланысты корпорацияның шаруашылық қызметіне жан-жақты баға беру
мақсатында, есеп жүргізу мен есеп беру мәліметтері негізінде әр түрлі
сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі анықталады.
Ең алдымен рентабельділіктің түсінігіне тоқталайық.
Оның бір анықтамасы мынадай: рентабельділік (rentabl неміс тілінен
“табысты”, “пайдалы” деген ұғымды білдіреді) – кәсіпорындардың өндірістегі
экономикалық тиімділік көрсеткіші. Жалпы алғанда материалды еңбек және
ақша ресурстарының қолданылуын көрсетеді. Рентабельді болып тек пайда
әкелетін кәсіпорын саналады.
Кәсіпорынның табыстылығы (рентабельділігі) дегеніміз – бұл
кәсіпорынның барлық өндірістік шығындарды жұмсағаннан кейін және барлық
салықтар мен міндеттемелерді өтегеннен кейін оның қолында қалатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілгендігі болып табылады. Рентабельділік
кәсіпорынның өндіріске салынған жалпы капиталының әрбір теңгесінен қанша
табыс алатынын көрсетеді. Рентабельділікті бағалау мақсаттарына қарай
өндірістік негізгі қорлардың, айналым капиталының, еңбек ресурстарының және
басқа да көрсеткіштердің рентабельділік деңгейін анықтауға болады [11].
Рентабельділіктің тағы бір түсінігін келтіруге болады: рентабельділік
пайданың өндіріс шығындарының сомасына, коммерциялық операцияларды
ұйымдастыру үшін ақшалай салымдарға немесе өзінің қызметін ұйымдастыруда
қолданылатын кәсіпорынның мүлкінің сомасына қатынасын білдіретін көрсеткіш.
Пайданың абсолютті шамасы кәсіпорынның тиімділігін көрсете алмайды.
Кәсіпорын табысты болса да ол тиімді қызмет етпеуі мүмкін. Бұл жағдай
табыстылық деңгейінің жоғарылауына экстенсивті факторлар әсер етсе, яғни
сандық факторлар: мысалы, жұмысшылыр санының, құрал-жабдықтар паркінің
артуы кезінде байқалады. Жұмысшылар саны артып, ал олардың өнімділік
деңгейі сол қалпында қалса немесе төмендесе, онда кәсіпорын тиімді қызмет
етті деп санауға болмайды. Кез келген кәсіпорын өндірістік және шаруашылық
қызметін өздігінен табыстылық және өзін-өзі өтеу қағидалары негізінде
ұйымдастырады.жақсы қызмет ететін кәсіпорындарда өзін-өзі қаржыландыру
кезеңі келеді. Кәсіпорынның өнімді өндіру және оны өткізу процесінде
белгілі бір шығындарға ұшырайды. Бұл шығындар аталған кәсіпорынның өндіру
шығындары немесе жеке шығындары деп танылады. Бірақ кәсіпорындар бойынша әр
өнімнің шығындары өнімнің бағасын білдіретін қоғамдық қажетті шығыстар
болып саналатын сала бойынша есептелген орташа шығындардан ауытқуы мүмкін.
Осы себептен табыстың және оның қатысты өлшемі рентабельділіктің
деңгейлерін анықтайды. Кәсіпорын рентабелділігінің және табыстылығының
деңгейіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.сыртқы факторларға ұжымның
жұмысына тәуелсіз яғни шикізатқа, өнімге бағаның өзгеруі, тасымалдау
тарифтерінің амотизация нормаларының өзгеруі және тағы басқалары жатады.
Бұл факторлар кең ауқымды болғандықтан олар кәсіпорынның шаруашылық
қызметіне өз ықпалын тигізеді. Құрылымдық өзгрістер, мысалы, өнім
ассортиментінің өзгеруі өнімді өткізу мөлшерін өзгертіп, өндірістің
өзіндік құнына және рентабельділігіне елеулі әсер етеді.
Кәсіпорынның жалпы рентабельділігі баланстық табыстың негізгі
өндірістік қорлардың және нормаланған айналым қорлардың жалпы орташа құнына
қатынасы бойынша анықталады. Ол мына формуламен анықталады: [26].

(1)

мұндағы, Р – рентабельділік %;
Т – табыс;
Қнақ – негізгі өндірістік және нормаланған айналым
құралдарының орташа жылдық құны.
Рентабельділік деңгейі кәсіпорынынң тек табыстылығына ғана емес,
сонымен қатар өндірістің қор сиымдылығына да байланысты болады. Негізінен
қор сиымдылығы жоғары ауыр өнеркәсіпте өндірістік қорларға байланысты
рентабельділік деңгейі жеңіл, әсіресе тамақ өндірісіндегі кәсіпорындармен
салыстырғанда төмен болып келеді. Себебі табыстың артуымен және негізгі
өндірістік қорлардың және нормаланған айналым құралдарының құнының
төмендеуімен байланысты рентабельділік деңгейі арта түседі [12].
Есепті рентабельділік өндірістік қорларға төлемдерді, тұрақты
төлемдерді, банктік несие үшін пайыздарды, мақсатты табысты, сонымен қатар
кәсіпорын қызметінен тәуелсіз алынған табысты шегергендегі баланстық
табысты негізгі өндірістік қорлар және нормаланған айналым құралдарының
орташа жылдық құнына қатынасы бойынша анықталады.корпорацияның қызметіне
баға беру процесінде өнім рентабельділігі өте маңызды көрсеткіш болып
табылады. Оны анықтау үшін табыстың сомасының өнімнің толық өзіндік
құнына қатынасын табамыз. Кәсіпорының өнімінің жеке түрлерінің
рентабельділігі келесі формула бойынша есептелінеді:

(2)

мұндағы Р – рентабельділік, %;
Бк – кәсіпорын өнімінің көтерме бағасы;
Қө - өнімнің өзіндік құны.
Өнім бойынша есептелген рентабельділік көрсеткіші өнімді өндіруге
кеткен еңбек және заттай шығындардың тиімділігін көрсетеді.
Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің тиімділігін және
қаржылық нәтижесін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер кәсіпорын табыстылығын әр
түрлі ұстанымнан өлшейді және экономикалық үдеріс пен нарықтық айырбас
қатысушыларының мүдделеріне сәйкес топтастырылады.
Рендтабелділік көрсеткіштері кәсіпорын табысын құрудың факторлық
ортасын сипаттайды. Сондықтан олар кәсіпорынның салыстырмалы талдауын және
қаржылық жағдайын бағалауын жүргізуде міндетті болып табылады. Өндірісті
талдауда рентабельділік көрсеткіштері инвестициялаудың және бағаны құрудың
маңызды құралдары ретінде қолданылады [7].
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез – келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық
қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық
өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай
кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша
айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын
білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.Кез келген
кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана орнын
толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек –қосымша өнім немесе құн
жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады.
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер
белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның
сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігіарып,
өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын
өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.
Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі
қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау
тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей
әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі
сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы
болып табылады.
Пайда, белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық
тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның мазмұны, ол бір
жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі
элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға
ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін
шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың
негізгі жиынтық элементтері болатындар:
• өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
• негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін
сатудан түсетін пайда;
• өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны
өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың
өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы
заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе
сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Пайда :
• өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
• ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің
оңтайлығын сипаттайды;
• инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:
• Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
• Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық
шығындары
• Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
• Таза экономикалық пайда= бухгалтерлік пайда - өндірістің анық
шығындары
• Таза пайда =жалпы пайда – салықтар,міндетті төлемдер
• Қалыпты пайда= капиталға нормативті қайтарым –кәсіпкерлік табыстың
мөлшері
• Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
• Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстылықты қамтамасыз
ету мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру
және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда кәсіпорынның
табысын бағалау, жоспарлау, бақылау, яғни кәсіпорынның табыстылығын басқару
қаржы менеджментінің маңызды міндеті болып табылады.

1.3 Кәсіпорынның рентабельділігін басқару және реттеу

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында
кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды
мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік
жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі
мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс
табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін
қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын
қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі
болып табылады.
Өз ісін ашар кезде кәсіпкер өзінің қызмет формасына қарамастан негізгі
үші сұраққа жауап іздеуі қажет:
қандай ұзақ мерзімді инвестициялар қажет болады? Яғни, қандай салада жұмыс
жасау керек және ғимараттардың, өндірістік құралдар мен құрылғылардың
қандай түрлері қажет болады?
инвестицияларды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қандай
көздерден тарту қажет. Ол үшін әріптестер іздеу қажет пе әлде қарыз
қаражаттар тартқан дұрыс па?
күнделікті орын алатын қаржылық операцияларды қалай басқару қажет, мысалға,
клиенттерден қаражаттарды қалай алу керек және жеткізіп берушілердің
қызметін қалай төлеу керек?
Әрине, бұл сұрақтардан басқа көптеген сұрақтарға жауап табу керек,
алйда осылар қаржылық басқаруда аса маңызды болып табылады. Кең мағынада
айтатын болсақ, қаржыны басқару – бұл аталған мәселелерді шешудің жолдарын
іздеу болып табылады [14].
Қаржылық басқару функциясы әдетте жоғарғы буындағы жетекшілердің
мойнына жүктеледі, мысалға, қаржы жөніндегі вице-президенттің немесе
қаржылық директордың міндетіне. Жоғарыда аталған сұрақтар дәл осы қаржы
бойынша басшылардың қызметінің негізі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша
бір жүйеге келтіруге болады:
жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды,
түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
баға саясатын анықтауға және өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
Кәсіпорын табыстылығын талдау
Қаржылық менеджменттің маңызы
Кірістер мен шығыстар есебі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және шығындары
Мемлекеттік кәсіпорындар
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Есеп берудің мәліметтері
Пәндер