Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқаруды жетілдіру бағыттары («BI Almaty Projects» ЖШС мәліметтері негізінде)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
КІРІСПЕ: 1
6: КӘСІПОРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
КІРІСПЕ: 1. 1
6: Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызметтің түсінігі
8
КІРІСПЕ: 1. 2
6: Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері
13
КІРІСПЕ: 1. 3
6: Кәсіпорынның инвестициялық стратегияларын қалыптастыру шарттары мен қағидалары
20
КІРІСПЕ:
6:
КІРІСПЕ: 2
6: «BI ALMATY PROJECTS» ЖШС-НІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
25
КІРІСПЕ: 2. 1
6: «BI Almaty Projects» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
25
КІРІСПЕ: 2. 2
6: Кәсіпорынның қаржылық-инвестициялық қызметін талдау
32
КІРІСПЕ:
6:
КІРІСПЕ: 3
6: КӘСІПОРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ
49
КІРІСПЕ: 3. 1
6: Инвестициялық қызметті дамытуға арналған шаралар жүйесі
49
КІРІСПЕ: 3. 2
6: Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру бағыттары
57
КІРІСПЕ:
6:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
6: 67
КІРІСПЕ:
6:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
6: 69

КІРІСПЕ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылғандай «Біз ішкі инвестициялық ресурстарды белсенді түрде дамытуымыз қажет, мұнда мемлекеттік холдингтер, даму институттар және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялары үлкен рөл атқаруы керек. Нарықтық экономиканың талаптары инвестициялық қызметті дамыта отырып, еліміздегі шығын және орта кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қызметін дамуға бағытталады.

Дамыған елдердің тәжiрибелері көрсеткендей, инвестиция тарту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы ретінде қарас­тыры­лады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан-2030” Жол­дау­ында отандық экономикаға инвестициялық қаржы тарту арқылы маңызды стра­тегиялық мәселелерді шешуге болатындығын атап өткен.

Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты тиімді қабылдау бағыттарын анықтайды. Себебі мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, экономикалық көрсеткіштердің қазіргі деңгейі инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен оны іске асыруға қажетті қолайлы орта қалыптастырады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және шетелдік шағын және орта кәсіпкерлерге тиімді экономикалық ортаның ұсынылып отырғандығын айта кетуге болады.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты экономикадағы тепе-теңдік қалыпты сақтау үшін халық шаруашылығындағы негізгі салаларға тікелей инвестицияларды улкен көлемде тартуға ықпал етуге бағытталған. Мысалы, сол кезде басты салалар болып: ауыл шаруашылығы, өңдеу саласы, өндірістік инфрақұрылым, білім және әлеуметтік, мәдениет және туризм салаларының объектілері және Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс нысандары қамтылды. Солардың ішінде шетелдік кәсіпорындар үшін неғұрлым тартымды секторлар өңдеу кәсіпорындары, олардың үлесі 64, 3% және өндірістік инфрақұрылым, үлесі 26, 6% болып табылды.

Шетел инвестицияларын отандық экономикаға тартудың негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде келесі басты бағыттарды көрсетуге болады:

  1. экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету және динамикалық дамуға қажетті қосымша инвестициялық көздермен қамтамасыз ету;
  2. отандық экономикаға шетел инвесторлардың сенімділігін арттыру;
  3. әлемдік экономикалық жүйеге отандық экономиканың интеграциялану үрдісін нығайту және халықаралық еңбек бөлінісіне тұрақты түрде катысып отыруы.

Шетел инвестицияларын ұлттық экономика тарту мен қолданудың бағыттары келесідей негізгі мәселелерді шешу жолдарын қамтамасыз ететін басты инвесторлар қызметіне байланысты:

- ұлттық экономиканың экспорттық қуатты тиімділігін көтеру және дамыту, оның шикізатқа тәуелділігін жеңу, елдің экспорттық экспансиясын нығайту, оның сыртқы нарықтағы басты принциптерін тұрақтандыру және ортақ жүйеге келтіру;

- импортқа тәуелділікті төмендету үшін отандық өндірісті кеңейту;

- жаңа өнім түрлері, инновациялық өндірістік әдістер негізінде өндірістің ғылыми-техникалық потенциалын күшейту;

- өндірістік және өндірістік емес қолдануға сұранысқа ия өнім шығарумен толық және аяқталған технологиялық кезеңдерді қалыптастыру;

- бюджетке салық түсімдерінің үлесін жоғарлату;

- даму деңгейі төмен және экологиялық климаты нашар аймақтарды дамытуға қолдау көрсету;

- жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру.

Аталған мақсаттарды жүзеге асытру арқылы инвестициялық жобалардың басты бағыты мен аймақтар арасында бөлінуін, көлемі мен оны жүзеге асыру кезеңдерін қалыптастыруды қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындарының инвестициялық басқару механизмін жетілдіру бағыттарын теориялық тұрғыдан және жекелеген кәсіпорын мысалында талдау.

Инвестиция тарту жолдарын анықтау, сала қызметін дамыту бағыттарын ұсыну жұмыстың міндеті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы көлік кешеніндегі кәсіпорындардың инвестициялық стратегияларын қалыптастырудың бағыттарын айқындау мен оны жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар енгізу.

Жұмыстың тәжірибелік мағыналығы инвестициялық механизмді жетілдіру бағыттары және олар бойынша келтірілген ұсыныстар көлік кәсіпорындарының қызметіне жаңа дамуы бағыттарын қалыптастыруға негіз болады.

Еліміздің құрылыс саласы кешенінің қарқынды дамуы, жаңа құрылыстарға деен өспелі сұраныс ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, инвестициялық іскерліктердің төмен деңгейі, қозғалыс және ұшулардың қауіпсіздігіне жауап беретін, заманға сай құралдардың тапшылығы, жоғарғы тарифтер нәтижесінде шетел компанияларының инвестициялық аударылымдарын тікелей қажет етіп отыр.

Жұмыс барысында зерттеу объектісі ретінде «BI Almaty Projects» ЖШС ЖШС кәсіпорыны алынды.

Құрылыс саласының экономикалық тиімділігін арттыруда сала қызметінің көрсеткіштерін жақсартумен қатар, елдегі экономикалық саясаттың негізгі бағыттары құрылыс саласын дамытуға қатысты мәселелерге арналуы тиіс. Құрылыс саласы қызметінің қазіргі талаптарға сай болуы елдегі сала қызметіне қатысты қалыптастырылған бағдарламаларға негізінде жүзеге асады. Сала қызметінің дамуы тиімді инвестициялық стратегияны қалыптастырумен тікелей байланысты.

1 КӨЛІК КЕШЕНІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Инвестиция мәні, мазмұны және инвестициялық қызметтің түсінгі

«Инвестиция» ұғымы өндірісті дамытуға қаржы көлемін бөлу деген әлеуметтік-экономикалық маңызды үрдісті қалыптастырады. Инвестициялық қызметке қатысты маңызды 3 негізгі мәселе туындайды: кім инвестор ретінде қалыптасады, инвестор канша көлемде қаржы салады, инвестициялық салымды жүзеге асырғанда қандай масатты көздейді және өндірістің қай саласын таңдайды деген маңызды сұрақтарға жауап іздейді. [1]

Инвестиция - бұл белгілі көлемде табыс алу үшін кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлеріне, нақты объектілерге, өнідіріс салаларына, маңызды сұранысқа ия өндірістік салаларға қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты маңызды қызмет турлері.

Инвестиция туралы ұғым банк ісі саласының негізгі құрамдас бөілігі болып саналады. Қазіргі уақытта инвестициялық қызметті қаржыландыру арқылы нарықтық механизмді белгілі жүйеге келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты негізі болып сналады.

Тиімді инвестициялық жүйені қалыптастыру арқылы өндіруші өндірісті қалпына келтіруге және сапалық белгіні қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Экономикалық тұрғыданы жақсы дамыған жекелей сигмент ретінде банктік жүйе арнайы қарастырылады.

Инвестордың өндіріске капиталды салу барысындағы маңызды сұрағы - тәуекелділіктің аз болуы және күрделі қаржыны тиімді ұлғайту мүмкіндіктерінің арта түсу. Ал кәсіпкер белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы тұлға. Саудагер - алдын-ала анықталған тәуекелділікке баруға дайын тұлға.

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай-ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады. [2]

Шаруашылық қызметте оған қатынасушылар күрделі қаржыны игеру бағыты бойынша ұйымдарды кеңейту және техникалық жаңару мен қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыс нысандарына жұмсалатын шығындарды және күрделі салымдарды жүзеге асыруға бағытталған шаралар тізбегін жүзеге асырады.

Инвестиция қаржының негізгі көзi жинақ капиал, қосымша қаражылық ресурстар болып табылады. Жинақтар бiр шаруашылық құрылымымен iске асырылады және тиімді инвестициялауды шаруашылық субъектiлерi арқылы iске асыра алады. Инвестицияның экономикалық мәніне ғана емес, оның өндіріс салаларына мақсатты бағытталуына да көңiл аудару қажет.

Орыс В. Бочаров инвестиция ұғымын тұтынуға қолданылмайтын табыстың жекелеген бөлiгi ретінде қарастырады. Инвестициялық қорлардағы капиал инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне болашық табыс көлемін қамтамасыз ету үшін салынады. Мұнда капитал құнның өсiмi арнайы табыс түрiнде және әлеуметтiк тиімді нәтиже түрiнде көрініс табады.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс алу және оны өндірісті кеейтуге жұмсау. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне ғана емес, барлық субъектілер қызметіне жұмсау арқылы алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық-коммерциялық іс-әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуға ғана бағытталуы мүкін. Мұндай әрекетпен субъект бәсекелестерінен артта қалып қояды, бұл нарықтық даму жағдайында кәсіпорын үшін табыс көлемінің қысқаруына алып келуі мүмкін.

Инвестициялаудың негізгі анықтамасы қаржы салымын бизнестің материалдық бөлігіне жұмсау арқылы үстеме табысқа қол жеткізу: жабдықтарды сатып алу, оларды орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрылысына қаржылық салымдарды жүзеге асыру.

Инвестициялық қызмет құрылымында негізгі капитал салымшылары кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және жеке тұлғалар болып табылады.

Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капитал көлемін өндіріске салу арқылы, тәуекелділіктің аз болуын бағалай отырып, күрделі қаржы арқылы қаржыландыруды жүзеге асырушы делдал.

Кәсіпкер - өз қаржысымен тәуекелділікке бара отырып, өз капиталын ұлғайтуды көздейтін капитал салушы нарықтық субъект болып саналады.

Инвестициялаудың негізгі мақсаты - табыс, пайда, кіріс көлеміне қол жеткізу және өнідіріс көлемін кеңейту арқылы үстеме табыс алу.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы арқылы отандық экономиканы дамыту және тұрақтандыру үшін шетелдік несие көздерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Республикаға сыртқы несиелердің келуін қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері құрылады және бұл құрылым ұлттық валютаның да тұрақтылығы мен қуіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Несиелерді қамтамасыз етудің негізгі нысаны экспорттық тауарлардың қорларына негізделеді.

Шетелдік инвестициялық қаржыларды отандық экономикаға тарту үшін келесі жағдайлар мен шарттар жасалынуы тиіс:

1) шетелдік инвесторлардың қызметімен қатысты мемлекеттік-әкімшілік шаралар мен тіркеу үрдісін ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге шектеусіз рұқсаттар беру болып табылады;

2) елдегі инвесторларға деген қолайлы жағдайларды қалыптастыру үшін қызмет түрлеріндегі басымдық салықтық жеңілдіктерді және басқа жеңілдіктер түрлерін беру жеңілдетілген пайыздық қойылымдар, инвестицияларға және несиелерге салықтық шегерілімдер, жеңілдетілген баждар түрлері мен жеделдетілген амортизация;

3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға және қайта даярлауға арналған субсидиялар беру;

4) пайда түсіміне үкімет кепілдік түрлерін және оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген және жеделдетілген шарттарын беру.

Инвестиция объектісі:

1. Мүліктік инвестициясы немесе матриалдық инвестиция. Материалды формадағы инвестиция - өндіріс процесіне тікелей қатысушы жақтар арасындағы факторлардың ықпалымен қалыптасатын және әрбір қатысушы өз салымына қарай пайда мөлшерін алуды көздейтін инвестицияны айтамыз. Бұған мысал ретінде құрал жабдықтарға, материалдарға, құрлысқа арналған инвестициялар түрлерін жатқызуға болады.

2. Қаржы инвестициясы - қаржылық операцияларды жүргізуге арналған және компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу және сату операцияларын орындаумен байланысты.

3. Материалы емес инвестиция - материалды емес формадағы құндылықтарға инвестициялар көлемін салумен байланысты. Мысал ретінде кадрлар дайындау, жарнама тағы басқа қызметтер түрлеріне арналған инвестициялық салымдарды айта аламыз.

Объектінің қызметіне қатысты инвестицияны екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельдік және тікелей.

Портфельдік - құнды қағаздарға салымдадың салынуы, валюта бағамдарының өзгеруімен байланысты дивидендтер алу, шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық беретін шаралар тізбегімен байланысты іс-әрекет түрлерін қамтиды.

Портфель - бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т. б. )

Тікелей инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске салуы. [3]

Тікелей инвестиция екі әр түрлі қол пакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға салу, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)

Екінші компонент - инвестицияны тауар - материалдық қорға салу, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар - материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

Инвестициялар бірнеше түрлерге бөлінеді:

- венчурлық;

- тікелей;

- портфельдік;

- аннуитеттік.

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы төтенше қалыптасатын қауіп-қатерлерден сақтана алады.

Тауар өндірісіне салынатын инвестициялар:

  • өндірісті кеңейтуге салынған инвестиция: тауардың номенклатурасының өзгеруіне байланысты, жаңа тауар түрлерін шығару және дайын тауарларды жаңа өткізу орындарын іздестіру мен табу;
- инвестициялық түсімдердің кәсіпорын қызметінде тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау, дайын түрлерін кеңейту, сапалық сипаттарға ерекше көңіл бөлу. Венчурлық капитал формасындағы инвестициялар өзара байланысты емес объектілер түрлеріне салынады. Қаржылық ресурсты бөлшектеп салудың мақсаты тәуекелдік деңгейін төмендетуге, сыртқа факторлардың өндіріске деген теріс ықпалын төмендетуге бағытталады. Аталған капитал салымдары өндіріс процесінен түскен табыстан акция түріндегі пайда алумен және оның мөлшерін өндіріс процесін кеңейту арқылы арттыруға бағытталады. Инвестиция түрлері мен тәуекелділік арасындағы өзара байланыс 1-ші суретте келтірілді:

1. 1-сурет Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс

Зейнетақы қорындағы қаржы өз салымшыларының зейнет жасына жеткендегі кепілді қаржы көлемін алуын қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

Тәуекелдік инвестициялық салымдар және венчурлық капитал инвестициялар қосымша акция шығарылымдармен байланысты табыстар алудағы, жаңа қызмет саласын кеңейтуден түсетін пайда мөлшерін арттырудағы тәуекел факторларымен байланысты [4] .

Инвестиция - табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Кең мағынада, инвестиция - пайда табу үшін кәсіпорын қызметінің объектілеріне салынған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Қорыта айтқанда, инвестиция - бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлерін сипаттайды.

Инвестицияны бағытталуына байланысты және объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты 2 топқа жіктелінеді.

1. Бағытталуына байланысты: нақты инвестициялар, материалдық емес активтерге салынатын инвестиция, интеллектуалдық инвестиция, қаржылық инвестиция болып жіктелінеді;

2. Объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты: тікелей инвестициялар, портфельді инвестициялар және басқа да инвестициялар түрлері болып жіктелінеді.

Тәжірибеде қарап отырсақ, инвестициялар типтеріне байланысты келесі түрге бөлінеді:

- салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай;

- жүзеге асырылу мерзіміне байланысты;

- қайта өндіру процесіне қатысу деңгейіне байланысты;

- тәуекелдік деңгейіне байланысты.

Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «инвестициялық қызмет», инвестициялау «субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.

Инвестициялық қызмет - бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет - инвестиция объектісін таңдаумен, оны инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.

Пайдадан түскен салықтар мен өтелімдер келесі мақсаттарға жұмсалады:

- міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;

- мемлекеттік зейнетақы шегерілімі қорына;

- аймақтық бюджетке;

- республикалық бюджетке;

Кез-келген фирма өз салымдары мөлшерінде жоғары тиімділікке қол жеткізгісі келсе, онда инвестициялық салымдарды есептегенде базалық келесі принциптерді ескеруге тиісті.

1. Инвестициялық салымдардың шектеулі тиімділігі, яғни қаржы салымдарын жүзеге асыру барысында өнідірістің деңгейіне қарай табыс мөлшері де өзгеріп отырады.

2. Әртараптандыру принципі - яғни өндіріске жұмсалынатын салымдар бір ғана салаға ғана емес, жекелеген секторларға бөлінгені тәукелділік деңгейін төмендетеді және кіріс мөлшерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

Қазақстанда инвестициялық қызмет нормативтік-құқықтық актілермен реттелінеді. ҚР инвестициялық қызметтің негізгі заңы - «Инвестициялар туралы» Заң (8. 01. 2003 ж. №373-II, 10. 12. 2008ж. №101-IV, 13. 01. 2009ж. №135-IV өзгертулерімен) болып табылады.

Аталған Заңға сәйкес, «инвестициялық қызмет - бұл коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді құру не кеңейту бойынша жеке, заңды тұлғалардың қызметі».

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен инвестициялық қызметі шектелетін немесе рұқсат етілмейтін қызмет түрлері және (немесе) территориясы анықталынады.

Отандық заңнамаға сәйкес инвестициялық аяда, әсіресе инвесторға қатысты шаруашылық қызметтің негізгі қағидалары бекітілген.

1. Инвесторлардың, сонымен қатар жұмсалынатын капиталдың (капиталдың пайда болуына қарамастан) толығымен тең құқығы;

2. Инвестор жұмсалатын қаражатты қайда және қандай мөлшерде қолданатынын өзі анықтайды.

3. Инвестициялық қызметтің барлық қатысушыларының өзара қатынастардың негізі келісім шарт немесе контракт болуы тиіс.

4. Мемлекеттік басқарудың органдары барлығымен бірге өздеріне алған міндеттемелерге жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі
Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
Шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі
Қазакстан Республикасының экономикасын көтеруде шетелдік инвесторлардың атқарар ролі
Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы
Инвестицияларды қаржыландыру көздері экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестиция туралы түсінік
ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау
Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz