Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы


КІРІСПЕ
Тaқырыптың өзeктiлігі. Дипломдық жұмыста әлемдік қонақ үй шаруашылығы мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.
XX ғасырда туризм мәні, жоғары денгейдегі әлеуметтік құбылысқа айналады. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың туризм қызметіне жұмсайтын шығындағы күнделікті азық - түлік пен тұрғын үйге жұмсалатын шығындардан кейін үшінші орында тұр.
Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын алады. “Қазақстанда туризмді дамыту“ бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу.
Бағдарды іске асырудың негізі: нормативті - құқықтық базаларды жасау, қазіргі жағдайға сай отандық туризм нарығын құру, туристік мекемелердің қызметкерлерін мамандандырып нарыққа бейімдеу, ішкі және сыртқы туризм түрлерінің дамуына жағдай жасау, туризм саласында халықаралық қатынастарды дамыту, сол сияқты әр сала бойынша мамандарды дайындау туралы кешенді сұрақтарды шешумен қатар, тағы сол сияқты мәселелерді қамтиды.
Ғылыми жаңалығы. Бұл жумыста әлемдік қонақ үй шаруашылығы туризмнің белсенді бір саласы ретінде және осы саладағы әлемдік саяхатшылардың сұранысын қанағаттандыру үшін туризмнің инфрақұрылымының дамуына, қонақ үй шаруашылығы саласына аса бір үлкен сипатта бағдар жасау. ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй сервисі туризмдегі қызмет көрсететін әлемдік бизнесі жүйесімен бәсекелес. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Қонақ үй қызметін көрсету аясындағы туризмнің қызметі әлеуметтік мәдени қызметке жатады. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Сонымен қатар туристік қонақ үй сервис жүйесінде кадрлар дайындау мәселесін шешуді талап етеді. Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы - қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс - салт мәселелерінен бастау алады. Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары негізінен, сервисті әр - түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр-түрлі денгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр - түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы - қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды. Қонақ күту индустриясының жүйелігіне: ұжымдық түрде немесе жеке адамдарды қабылдайтын отельдер, қонақ үй типтес мотелдер, жастар тұратын жатақханалар, апартаменттер, туристік жатын орындар, сол сияқты туристерді орналастыруға қатысатын жеке секторлар болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Әлемдік қонақ үй шаруашылығы туризмнің белсенді бір саласы ретінде және осы саладағы әлемдік саяхатшылардың сұранысын қанағаттандыру үшін туризмнің инфрақұрылымының дамуына, қонақ үй шаруашылығы саласына аса бір үлкен сипатта бағдар жасау. Ұстанған бағдар мақсатына жету үшін мына міндеттерді айқындау:
А) Туризм инфрақұрлымына қатысты қонақ үй шарашылығын дамыту
Б) Қонақ үй шаруашылығынның пайда болу кезеңдерін сипаттау
С) Қонақ үйлердегі қызмет түрімен классификациялық жүйелігіне қарай
саяхатшылардың сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстанда сервистік қызметті дамыту бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстардың жасалуында байқалады. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жасалған қорытындылар мен ұсыныстар сервистік қызметті дамыту саясатын жүргізуде қолданылуы мүмкін. Туризмді дамыту проблемаларына теориялық негіздеме жасау; - Қазақстандағы ішкі туризмінің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру; Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік - экономиканың алғы шарттарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қонақжайлылықта қонақ үй бизнесі аясындағы сапаны талдау мәселесі болып табылады. Экономикалық ғылыммен ұсынылған теориялық жағдайлар, кеңестік кезеңіндегі экономистер мен қазіргі заманғы отандық экономистердің еңбектері, алдынғы қатарлы шетел әдебиеттері, экономикалық және әлеуметтік реформалар төңірегіндегі Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері құрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында логикалық және экономикалы-статистикалық әдістер, салыстырмалы талдау әдістері, ғылыми абстракция әдістері, экономикалық үлгілеу пайдаланылды.
Дипломдық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Туризм XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында толығы халықаралық және интернационалды болды, бұған бір-бірімен байланысқан екі фактор мүмкіндік туғызды: бір жағынан, үлкен пайда әкелу үшін, туристік кәсіпорынның кірісін көбейту үшін фирмалар дүние жүзіне саяхат жасау географиясын кеңейтеді, екінші жағынан, рентабельді болу үшін, туристік бизнес халықаралық деңгейде қаржыландырылуы керек. /1/
Бұл екі фактордың бір-бірімен байланыстылығының көрнекі үлгісі ретінде круиздік бизнесті алуға болады. Круиздер теңіздер мен мұхиттарда іске асады, яғни елдердің арасында жасалатын халықаралық саяхат болып табылады. Круиздік турлар жиі кеңейіп отырады (Аляска, Филиппин аралдары, Малайзия, Тынық мұхит аудандары және т. б. ) .
Солай бола тұра, бизнестің бұл түрінде жетістіктерге жету үшін, компания туристтік нарықтың халықаралық алаңында нық тұрып, әртүрлі елдер мен аймақтарда дамыған материалдық негізі болуы керек.
Зерттеу жұмысының практикалық базасы. Зерттеу жұмысының зерттеу базасы аймақтық туризм бірқалыпты дамымайды, және бәріненде жиірек келесі туристік аймақтар ерекшеленеді: Европа, Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы, Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия. Әлемнің аймақтарға бөлінуіндегі пропорцияналды еместігі жөнінде нақты жауап беруге болмайды; Мысалы, "P&О" және «Роял Кариббеан» ірі круиздік туроператорлары дәл сондай компания болып табылады ( «Роял Кариббеан» Кариб теңізіндегі аралдардың бірін иеленеді. Бұл аралды круиздік аялдама ретінде пайдаланады)
Дәл осындай мысалдарды қонақүйлік корпорация аумағында және агенттік-операторлық бизнес аумағында келтіруге болады: «Холидей Инн», «Нур-туристик» және т. б.
Әлемнің әртүрлі бөліктерінің дамуы және ресурстарының жақсаруы әр регионның қай аймақта орналасқанына байланысты. Қазақстан территориясында және әлемдік туризм саласын бүгінгі таңдағы көрінісін зерттеп, талдау.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Біздің уақытта туризм ролі мен мәні мемлекеттердің экономикасының өркендеуі үшін, жеке тұлғалардың мұқтаждығын қанағаттандыру, елдердің арасындағы әлеуметтік байланыстарды сапаландыруды қайта бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көпшілік елде манызды орын алады.
Туризм XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында толығы халықаралық және интернационалды болды, бұған бір-бірімен байланысқан екі фактор мүмкіндік туғызды: бір жағынан, үлкен пайда әкелу үшін, туристік кәсіпорынның кірісін көбейту үшін фирмалар дүние жүзіне саяхат жасау географиясын кеңейтеді, екінші жағынан, рентабельді болу үшін, туристік бизнес халықаралық деңгейде қаржыландырылуы керек. /1/
Бұл екі фактордың бір-бірімен байланыстылығының көрнекі үлгісі ретінде круиздік бизнесті алуға болады. Круиздер теңіздер мен мұхиттарда іске асады, яғни елдердің арасында жасалатын халықаралық саяхат болып табылады. Круиздік турлар жиі кеңейіп отырады (Аляска, Филиппин аралдары, Малайзия, Тынық мұхит аудандары және т. б. ) .
Солай бола тұра, бизнестің бұл түрінде жетістіктерге жету үшін, компания туристтік нарықтың халықаралық алаңында нық тұрып, әртүрлі елдер мен аймақтарда дамыған материалдық негізі болуы керек. Мысалы, "P& О" және «Роял Кариббеан» ірі круиздік туроператорлары дәл сондай компания болып табылады ( «Роял Кариббеан» Кариб теңізіндегі аралдардың бірін иеленеді. Бұл аралды круиздік аялдама ретінде пайдаланады) Дәл осындай мысалдарды қонақүйлік корпорация аумағында және агенттік-операторлық бизнес аумағында келтіруге болады: «Холидей Инн», «Нур-туристик» және т. б.
Аймақтық туризм бірқалыпты дамымайды, және бәріненде жиірек келесі туристік аймақтар ерекшеленеді: Европа, Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы, Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия. Әлемнің аймақтарға бөлінуіндегі пропорцияналды еместігі жөнінде нақты жауап беруге болмайды; Әлемнің әртүрлі бөліктерінің дамуы және ресурстарының жақсаруы әр регионның қай аймақта орналасқанына байланысты. Мысалға алатын болсақ соңғы он жылдың ішінде туристік кірістер мен туримнің өсуі бойынша үлкен жетістікпен көзге түскен региондар қатарына Таяу Шығыс пен оңтүстік Азияны айтуға болады. Өзара салыстыруларға байланысты орташа региондарда туристік қызмет көрсетулер, қызықты статистикалар уристік қызметкерлер, маркетинг пен кәсіпорындар көлемі жаңадан ғана даму үстінде.
Тарихқа аздап көз жүгіртіп өтер болсақ, туризм индустриясы Европа елінде туып, осы елде дамып, басқада дүние жүзі елдеріне танылуда. Бұндай жағдайға Европа мемлекеттерінің тарихы емес әлеуметтік- экономикалық дамуы тікелей себеп болып отыр. Қандай жағдай болсада мемлекетте туризмнің массалық дамуына сол елдің әлеуметтік экономикасының деңгейі, техникасы мен технологиясының дамуы, халықтарының өсу деңгейі тікелей және жанама әсер етеді.
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) Б. Э. Д 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі конақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т. б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.
Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, құлдары мен қызметшілері келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген. Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихы мен тұспа тұс келеді.
Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империалардың құлауы. Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келсе.
XVII-ХІХ өндірістік револяюция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму әтаптарының негізгі сипаты төмендегідей. Б. э. дейінгі II-I мыңжылдық аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі Б. э. дейінгі I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қальптасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемлекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын белмелері бар таверналар (тамақ ілетін орындар) .
Б. э. дейінгі VІ-ғасырдағы - б. эрамыздың І-ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Олар пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемлекеттік шенеуіктер, саудагерлер, кезбелер, т. б. болып Рим империасындағы пошта байланысының қальштасуына байланысты, мемлекеттік заңга байланысты 70 - 100 шакырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі заманында жоғарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады. Орта ғасыр (V-VIII ғ. ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайы қонақ жайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердін бірінші қабатында ас ішетін орын және ат қора, шаруашылық, қызметшілерге арналган бөлмелермен жабдықталса, ол жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған. Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік құрылының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалардың соңының көбеюіне септігін тигізді. Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалық және саяси байланысының дамуы барысында қонақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. XVII-XVIII ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити-Отель» Нью-Йорк қаласында 1794 ж. салынған. XVIII-XIX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналған орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон қаласында ірге тасын көтерген. XIX ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Нәтижесінде теңіз жағалауында, теміржол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй қызметі ұсынады.
XX ғасырдың бас кезінде қонақ үй құрылысы, шаруашылығында жаңа идеялар, тұжырымдамалар, қонақ үй синдикаттары (Лондонда) қонақ үй иелерінің одағы (Париж) 1906 ж. құрылған қонақ үй иелерінің халықаралық қонақ үй одағы, дүние жүзінің 1700 қонақ үйлерінің басын біріктірген. Осы мезгілде Европа қонақ үйлерінде керуендер, конференциялар, ойын сауық кештері ұйымдастырылған казино, ресторандар пайда болған XX ғ. 20 жылдарында қонақ үй бизнесіндегі Конрад Хилтон үлесіне тоқталып өткен орынды. 1930 жылдардағы қонақ үй шаруашылығының «ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс ықпал өз алдында. 1950 - 1960 жылдары көлік тасымалдау түрлерінің өркендеуі, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы әлеуметтік экономикалық жағдайдың ретке келуі дүние жүзінде қонақ үй шаруашьшығының қайта жандануына ыкпалын тигізді. Қонақ үйлердің жаңа типтерінің мотель, отель, кемпинг т. б. пайда болуы, курортты қалаларда қонақ үйлер салына бастады.
Әуежай, жолбойы қонақ үйлері олардың кұрамында тамақтану, көңіл көтеру орындары қалыптасты. Адамдардың бос уақытта пайдалану мүмкіншіліктерінің артуына байланысты емдік сауықтыру курортты аймактарда пайда болды. ДТУ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон», «Мариотт», «Рамада», «Редиссон» қонақ үй класстарына орай «Апартамент», «Кондоминниум» түрлері пайда болды. XX ғасырдың 90 - шы жылдарында экономикалық күйзелістерге байланысты қонақ үй шаруашылық дамуының тежелгендігі көрінеді. Отелдердің мамандарландыруы, супер және экзотикалық түрлерінің шыққанын байқаймыз. Қонақ шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамалары зор ізденіс бағыта жүргізілді. Шығыс Азия және Тынық Мұхит секторында қонақ үй шаруашылық құрылысын жаңа технологиямен пайдаланды. Қонақ үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай. Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде ерте кезден болған. Әсіресе сауда жол бойындағы базарлы қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен жолға шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора - жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан мол төлем алып тұрды. Сонымен қонақ үй шаруашылығы ертеден пайда болғанына күмәніміз жоқ.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болады, Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамы үшін, Қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің саласы-бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасында ы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонқтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақы ы тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй- ақыль өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көілде бол, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық түрлерін сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта-қайта келутілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты- туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көрсете алады.
Қазіргі уақытта қонақ үй шаруашылығын дамыту жөніндегі республикалық бағдарламасы жасалған. Бағдарламаның басты мақсаты- Республикада қазіргі заманға сай жоғарғы нәтижелі бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сондыкан қонақ үй және туристік бизнес бұл мәселелерді қарастыруда өзекті мәселенің бірі болып табылады.
1. 2 Қонақ үй шаруашылығының негізгі ұйымдастырушылар және оларға қойылатын талаптар
Туристерді орналастыратын орын ретінде аздаған таңдауы бар кез - келген орын есептеледі (түнеу үшін) қосымша керек нәрселер ретінде мыналар ескеріледі а) жалпы орын санының белгілі - бір минимумы болуы керек; б) басқармасы болады және ол коммерциялық негізде басқарылады.
Дүние жүзілік туристік ұйымның ескертпе ұсыныстары бойынша барлық орналастыру орындары коллективтік және жеке адамдық болып бөлінеді. Қонақ үйлерде міндетті түрде нөмірлер болуы тиіс. Қонақ үйлер қонақ үй тізбектерін құрауы мүмкін (Анкор - Франция, Холидей Инн - АҚШ т. б. ) қонақ үйлерде нөмірлерді жинау, төсек жабдықтарын ауыстыру және қосымша қызметтер сияқты міндетті қызмет көрсетулер болуы тиіс.
Көрсетілген қызмет түрлері мен жабдықталуына байланысты қонақ үйлер кең профильді, пәтер сияқты, мотельдер, курорттық және жол бойғы т. б. болып бөлінеді.
Сауықтыру орындарындағы қонақ үйлер (санатория т. б. ) туристің орын беруден басқа да қызметтер көрсетеді, яғни орын беру басты нәрсе емес, одан басқа адамдарды емдеу, демалысын қамтамасыз ету жүргізіледі. Қалған қонақ үйлер көбіне орын беру үшін жұмыс жасайды. Ирландияда, мысалы, тоғызға дейін болатын қонақ үй корпустары тұтас бір комплекс құрап, оның біреуі кеңсе болуы да қалғандары адамдардың демалысы, орналасуы, ұйықтауы үшін жабдықталады. Оларда ванна, әжетхана т. б. бөлме топтары болады. Әрбір корпус жеке тұтынушы үшін қайтадан жиналып, даярланады.
Қазіргі заманғы қонақ үйлер туристерге комфортабельді түрде түнейтін жер беретіндей және қосымша қызметтермен қамтамасыз ететіндей болуы тиіс сондай - ақ олардың корпустары көп функциялық құрылыс түрінде болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz