Коммуникативтік дағдылар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
Бекітемін
Ғылыми-әдістемелік
бөлімнің меңгерушісі,
ӘК төрайымыКуанова И. А.
«__»20 __ж
ДӘРІС КЕШЕНІ
Э 02 Электив-«Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі»
Мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302043-«Жалпы практика мейіргері»
Курс: 2
Семестр: ІV
Барлық сағат / кредит көлемі KZ -40/20
Атырау, 2021 ж.
Пәннің /дәріс кешенін құрастырған: Э-02 «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі» пәнінің оқытушысы Зулхарнаева А. Е.
0302000-«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары
негізінде құрастырылды.
№4 «Арнайы пәндер» ЦӘК мәжілісінде қарастырылды және ұсынылды бастап
"10" қаңтар 2021 ж., хаттама № 5
ЦӘК төрайымы Успанова Н Ж
4. 1 Тақырыбы: Коммуникативтік дағдылар туралы түсінік.
4. 2 Мақсаты: Білім алушылар әртүрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыру және дамыту, медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.
4. 3 Дәріс тезистері
Жоспар:
- Коммуникативтік дағдылар
- Коммуникативтік үрдіс
- Медициналық қызметкердің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттері.
Коммуникация - басқа адамдармен байланысу, Бір - бірімен тілдесу - бұл адамдар арасындағы әлеуметтік - психологиялық процесс. Тілдесу немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құбылыс, соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр. Коммуникацияның негізіне - бірге қиналыс білдіру, сыйлау мен шынпейілділік, өзара түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейіргер үшін бұл процесстің мақсаты науқастың бойында қалған құпияны зерттеп - білу болып табылады. Осындай оқып - зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай - ақ өзі жайында да хабардар бола алады.
1. Коммуникативтік дағдылар - медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т. б. ) тиісті дәрежеде қарым - қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субектілер (адамдар) сөз, мимка және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация - қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу) . Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым -қатынасқа түскен алдамдар сұхбаттаса келе, бірін - бірі түсініп, танысады. Өзара қарым - қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субъектерінде саналады.
Қатынасу арқылы адамдар бір - бірімен коммуникативтік тұрғыдан әсер ететуі мүмкін. Адамдардың бір - бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалық комумуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір - бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін - бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Коммуникатор, коммуникант
Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі - олардың іс - әрекетіне тікелей байланысты болады.
2. Коммуникативтік үрдіс
Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты - арақатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін - бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынасының негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.
Медициналық қызметкердің де өз міндетін атқару барысында басқа адамдармен түрлі қарым - қатынас, байланыс жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейіргерлермен, кіші мейіргерлермен, мекеме әкімшілігімен және т. б. ) Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қарым - қатынасының жоғары дәрежеде болуы маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
3. Коммуникативтік құзіреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін - бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Медициналық қызметкер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.
Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
- Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл - күйін аудару.
- Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
- Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
- Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым - қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.
Дәрігер науқастың ішкі жан - дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Осыған орай медициналық қызметкердің кәсіби қасиеті ретінде коммуникативтік толеранттылық - яғни сабырлық, аяушылық және т. б. айта кетуге болады. Медицина қызметкерінің коммуникативтік толеранттылығы науқастың жеке ерекшеліктерін, оның ішінде жағымсыз қасиеттерін, оғаш қылықтарын обьективті түрде қабылдауы тиіс. Коммуникативтілік құзіреттілігінің қалыптасуының негізі ретінде қандай да бір әлеуметтік топқа, басқа да адамдармен қарым - қатынас орнатуға мұқтаждықта болу (қажетсіну) . Медицина қызметкерінің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.
4. Аффилиация (лат. affiliate -қосу, қосылу) - адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация - өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.
Басқа адамды түсіну және сезіну мейіргердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, мейіргер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіруі қажет. Егер науқаста дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда дәрігердің алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.
5. Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.
6 . Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы - жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшейтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.
Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.
Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.
4. 4 Иллюстрациялық материал
1. Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер, мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта
4. 5 Әдебиет
1. Жарықбаев Қ. Б. «Психология негіздері». Алматы. 2005. - 415 бет
2. Коммуникация негіздері -Л. Т. Кулимова -Қарағанды 2019 жыл
3. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы М. Ш. Нурманова, Ж. Т. Матакова, Э. Т. Бейскулова, Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 жыл
4. C. А Мухина . И. И. Тарновская « Мейірбикелік істің теориялық негіздері» 2014 жыл
5. С. Ж Төлебаев. К. Ш. Сыздықов «Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс» Алматы 2015 жыл
6. М. Ш. Нурманова Ж. Т. Матакова «Мейірбике ісі негіздері» стандарттар жинағы Қарағанды 2019 жыл
4. 6 Бақылау сұрақтары
- Коммуникация ұғымына түсініктеме
- Коммуникативтік дағдылар
- Коммуникатор, коммуникант
- Коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз не?
- Аффилиацияға анықтама беріңіз.
- Эмпатияға анықтама беріңіз?
- Эмоционалды тұрақтылыққа анықтама беріңіз?
- Рефлексияға анықтама беріңіз?
- Сезімталдыққа анықтама беріңіз?

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ҚР СМЖ 9001-2016
4 беттің 1 беті
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Коммуникативтік дағдылар туралы түсінік.
Модуль /пән атауы: Э 02 Электив-«Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі»
Дайындаған педагог: Зулхарнаева А. Е.
202 жылғы « »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ҚР СМЖ 9001-2016
4 беттің 2 беті
1. Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 2 курс Мейіргер ісі 20 жыл
Сабақ типі: аралас сабақ
2. Мақсаты : Білім алушылардың әртүрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыру және дамыту, медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.
Білімділік - Білім алушылардың аудиториялық білімдерін меңгеру, коммуникация, коммуникативтік дағды, коммуникатор, коммуникант, коммуникативтік құзіреттілік бойынша білімдерін бекіту.
Тәрбиелік - Білім алушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа тиянақтылыққа тәрбиелеу, науқастармен қарым-қатынас жасаған кездегі комуникативті дағдыларды игеруге
Дамытушылық - Білім алушыларды логикалық, клиникалық ойлау қабілетін дамыту өз мамандығына деген қызығушылықты арттыру, оқу іздену өзін-өзі дамыту бағалау қасиеттерін дамыту өз мамандығына жалпы медицинаға қызығушылықты арттыру.
Әртүрлі жағдайда науқастармен қатынаста болу. Жауапкершілікті көрсете білу
Міндетті: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру
Күтілетін нәтиже: Аудиториялық сабақты түсіндіру барысында коммуникация, коммуникативтік дағды, коммуникатор, коммуникант, коммуникативтік құзіреттілік мағыналарын түсіну, науқастармен қарым-қатынас жасаған кездегі комуникативті дағдыларды игеру
2. 1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
1. Коммуникация ұғымына түсініктеме
2. Коммуникативтік дағдылар
3. Коммуникатор, коммуникант
4. Коммуникативтік құзіреттілік
5. Аффилиация
6. Эмпатия
7. Эмоционалды тұрақтылық
8. Рефлексия
9. Сезімталдық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ҚР СМЖ 9001-2016
4 беттің 3 беті
3. Сабақты жабдықтау
Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер, мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта, Дәріс кешені, тест сұрақтары, ситуацилық есептер.
- Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
3. 1. 1 Дәріс кешені, тест сұрақтары, ситуацилық есептер
3. 1. 2 1. Коммуникация негіздері -Л. Т. Кулимова -Қарағанды 2019 жыл 2. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова - Астана, 2007 жыл
3. C. А Мухина . И. И. Тарновская « Мейірбикелік істің теориялық негіздері» 2014 жыл
4. С. Ж Төлебаев. К. Ш. Сыздықов «Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс» Алматы 2015 жыл
3. 2 Техникалық құралдар, материалдар
Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер, мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта, Дәріс кешені, тест сұрақтары, ситуацилық есептер.
- Сабақтың барысы
4. 1. Ұйымдастыру уақыты
Білім алушылардың топтың сабаққа дайындығын, сыртқы келбетін тексеру, сабақта жоқ оқушыларды белгілеп журналды толтыру. Білім алушылармен амандасу. Сабақтың жоспары мен мақсатымен таныстыру. Тақырыптың болашақ мамандығы үшін маңыздылығын түсіндірy.
4. 2. Студенттердің теориялық білімдерін тексеру мақсатында
Сұрақтар:
1. Коммуникация
2. Коммуникативтік дағдылар
3. Коммуникатор, коммуникант
4. Коммуникативтік құзіреттілік
5. Аффилиация
6. Эмпатия
7. Эмоционалды тұрақтылық
8. Рефлексия
9. Сезімталдық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ҚР СМЖ 9001-2016
4 беттің 4 беті
5. Сабақ бойынша рефлексия
Бүгінгі тақырып бойынша тест сұрақтарын беру
5. Үй тапсырмасы
Коммуникативтік дағдылар туралы түсінік. - Коммуникация негіздері -Л. Т. Кулимова -Қарағанды 2019 жыл
Тапсырма 1
Анықтаманы сәйкестігіне қарай орналастырыныз
Медицина қызметкерлерінің жұмыс барысында басқа субектілермен «адмдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандармен, дәргерлермен, әріптестермен т. б» тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Медициналық қызметкерлердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, дәргермен, әріптестері т, б) вербаьды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті
Бұл туралы сипатама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді-медициналық қызметкердің мүмкіндігі
Медициналық қызметкердің басқа адамдармен (науқас және жақындары, туысқандары, дәрігер, әріптермен) қарым-қатынас жасасуы арқылы олардың ойларымен, көңіл-күйімен және мүдделерімен танысу, хабардар болуы нәтижесінде әрекеттесуі
Коммуникативтік потенциал
Коммуникативтік дағдылар
Коммуникативтік біліктілік
Коммуникативтік үрдіс
Тапсырма 2
Берілген сөйлемдердің мазмұнына қарай «иә» немесе «жоқ» белгісін
белгілеңіз:
Тапсырма 3
Берілген түсініктемелердің анықтамасын сызық арқылы сәйкестендіріңіз
рефлексия
Үнемі адамдармен
арасында болуға тырысу
аффилиация
Медициналық қызметкердің
салмақтылығы, біркелкі күйде болуы
Науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы
сенситивтілік
эмоциональды тұрақ
«науқас мені қандай
түрде сезініп таниды,
түсінеді», деген ой тууы
эмпатия
Қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті
Тест сұрақтары
Тест сұрақтары
1. Коомуникативтік дағдылар түсінігі -
- қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру
- даму, ақпарат алмасуы
- тілден басқа белгілерді пайдалану
- басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату
- адамдардың жанасу негізінде ақпаратпен алмасу, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесу
2. Коомуникатор бұл-
- ақпаратты қабылдаушы адам
- адамдармен байланысу
- ақпаратты жіберуші адам
- науқас адам
- медициналық қыметкер
3. Коммуникация арнасы бұл-
- науқаспен медицина қызметкерінің арасындағы қатыныс
- адамдардың жанасуы
- коммуникативтік үрдіс
- ақпаратты қабылдаушы адам
- жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы
4. Коммуникативтік білгерлік бұл-
- басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату
- қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді пайдалану
- тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану
- вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білу
- адамдардың өзара қатынасқа түсуі
5. Императивті қатынаста -
- ұстамдылық көрсетілім, тепе-тендік жағдайы туады
- авториторлық және директивтік әрекет жасау
- алдау арқылы қатынас жасау
- партнерды түсініп қатынас жасау
- түсініп білу, тәрбилеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнату
6. Диологтық қатынаста-
- ұстамдылық көрсетіп, тепе-теңдік жағдайы туады
- авторитарлық және директивтік әрекет жасалады
- алдау арқылы қатынас жасау
- партнерды түсініп қатынас жасау
- бұйрық және әмір түрінде қатынас жасау
7. Имеративті қатынас медицина қызметкері мен науқас ара қатынасында-
- барлық кезде өте тиімді қатынас түрі
- кей жағдайларда тиімді қатынас түрі
- эстикаға сәйкес болады
- осы қатынас арқылы науқаста медицина қызметкеріне деген жақсы көзқарас қалыптасады
- бұл тәсіл қолдану көбіне орынсыз ж\е этикаға сәйкес емес болады
8. Коммуникант бұл-
- науқас адам
- адамдармен байланысу
- ақпаратты жіберуші адам
- ақпаратты қабылдаушы адам
- медициналық қызметкер
9. Медицина қызметкерге тәжірибелік қызметіндегі тұлға психологиясы жөніндегі білгерлігі мүмкіндік береді-
- падцент жағдайын дұрыс бағалау
- падцентпен дұрыс контакт жасауға
- анамнез жинауға
- диагноз қоюға
- психикалық бұзылыстарды анықтауға
10. Ауыр жөнінде ятрогенді көзқарас негізінде не жатыр-
- медициналық қызметкерің ауру жөнініндегі ойы
- дәрігер мен науқастың ауру жөніндегі көзқарасы
- науқас тұлғасының ерекшеліктері
- науқастың ауру жөніндегі көзқарасы
- ауру сипаты
11. Медициналық негізгі бағыты болып табылады-
- науқастарды емдеу
- ауру пайда болуын ғылыми зерттеу
- прафилактика
- жаңа дәрілік заттарды жасап шығару
- науқас психологиясын зерттеу
12. Оң эмоционалды қатынас түрі-
- эмпатия
- сезім
- симпатия
- достық
- сенім
13. Науқастық жан дүниесін көру білу қабілеті, оның дерін жеткізе білу-
- симпатия
- сенім
- сезімдер
- эмпатия
- гипнотизм
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz