Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық түсіндіру.



Мазмұны

Кіріспе

I.Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық түсіндіру.
1.1. Ақпарат.
1.2. Ақпараттың қасиеттері.
1.3. Ақпаратты кодтау.
1.4. Ақпарат өлшем бiрлiктерi.

II. Мектеп информатика курсындағы «Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері» оқыту әдістемесі.
2.1. Ақпаратты кодтау.
2.2. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым – қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11- сыныптар үшін) стандарт әзірленді, оған сәйкес «Информатика» пәні 7 –сыныптан бастап оқытылады.
Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттармен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың бәрі бірдей болады. Сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттар компьтерде кодталу арқылы жазылады, компьтерде олар қалай кодталатының біз білуіміз қажет. Сонымен қатар информатика пәнінде қандай өлшем бірліктер қолданылатының білуіміз керек. Сол себепті мен осы тақырыпты таңлауыма себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу. Компьтердегі барлық ақпарат код арқылы жазылатының түсіндіру. Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері туралы түсініктерді кеңейту; оқушыларға кодтау ұғымын және кодтауды қолдану ауқымының кеңдігін көрсету; оқушыларды ақпаратты кодтауды арнайы кодтық кестелері және мысалдар арқылы таныстыру; ақпараттың өлшем бірліктерін мысалдар арқылы таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
– ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;
– ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
– ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырып мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс.
Курстық жұмыстың объектісі: 7-сынып мектеп курсында оқыту.
Пайдаланған әдебиеттер

1. А..Г.Гейн, А.И.Сенокосов, Қ.В.Тұрмағанбетова, Н.И.Аманжолова, Н.С.Уәлиев. «Информатика 7-9» Алматы,2004 жыл.
2.

Мазмұны

Кіріспе

I.Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық
түсіндіру.
1.1. Ақпарат.
1.2. Ақпараттың қасиеттері.
1.3. Ақпаратты кодтау.
1.4. Ақпарат өлшем бiрлiктерi.

II. Мектеп информатика курсындағы Ақпаратты кодтау және ақпараттың
өлшем бірліктері оқыту әдістемесі.
2.1. Ақпаратты кодтау.
2.2. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму
стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру
жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің,
ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және
жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып
табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз
етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың
ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның
тиімді өзара қарым – қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің
мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі
құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастырумен анықталады.
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін
информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11- сыныптар үшін) стандарт
әзірленді, оған сәйкес Информатика пәні 7 –сыныптан бастап оқытылады.
Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік
ақпараттармен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың
бәрі бірдей болады. Сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік
ақпараттар компьтерде кодталу арқылы жазылады, компьтерде олар қалай
кодталатының біз білуіміз қажет. Сонымен қатар информатика пәнінде қандай
өлшем бірліктер қолданылатының білуіміз керек. Сол себепті мен осы
тақырыпты таңлауыма себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау,
сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы
түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі
кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің
мәнін ашу. Компьтердегі барлық ақпарат код арқылы жазылатының түсіндіру.
Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері туралы түсініктерді
кеңейту; оқушыларға кодтау ұғымын және кодтауды қолдану ауқымының кеңдігін
көрсету; оқушыларды ақпаратты кодтауды арнайы кодтық кестелері және
мысалдар арқылы таныстыру; ақпараттың өлшем бірліктерін мысалдар арқылы
таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
– ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша
негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;
– ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша
біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
– ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және
құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырып мазмұны
оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне
бағытталуы тиіс.
Курстық жұмыстың объектісі: 7-сынып мектеп курсында оқыту.

I.Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық
түсіндіру.

1.1.Ақпарат.

 "Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау,  түсінік деген
ұғымды береді. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі
салаларына  кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия,  экономика, физика,
математика, информатика және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда.
Бірақ ақпарат ұғымы әр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Ақпарат тек сыртқы әсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған
деректерін өңдеуден де алынады. Мысалы, "Біздің футбол командамыз үш peт
жеңді" деген хабардан біздің команда жақсы команда қатарында екен деген
ақпарат алынады. Олай болса, ақпаратты өз бетіңізше ойлау арқылы да алуға
болады екен.
Сондықтан да ақпарат ұғымына бір мәнді анықтама беруге болмайды. Бірақта
күнделікті өмірден алынатынына және пайдаланылатындығына сүйене отырып,
мынандай жуық анықтама беруге болады:
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен
объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы
жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы
таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның
фундаментальды негізі болып табылады.
2.Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру.  Процессордың архитектуралық
ұйымдастырылуы
Біріншіден, адам ақпараттарды caқтaй алады. Біз кітап, газет, журналдар
оқығанда, өзіміздің миымызға мәлімет жинаймыз. Сіз радиодан бұрын естіген
деректерді бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтуыңыз мүмкін. Демек, адам
миы ақпараттарды тек қабылдап ғана қоймай, оны сақтай да алады. Адам миына
әсер ететін ақпарат көлемі өте үлкен, сондықтан оларды дәлме-дәл сақтау
мүмкін емес, яғни қабылданған ақпаратты біреуге қайта айтқаныңызда, ол
дәлме-дәл болмайды. Сондықтан да ақпараттарды сақтап тұру үшін сыртқы
ақпарат сақтаушылар пайдаланылады. Олардың қатарына қағаз, папирус,
пергамент, фотопленка, таспалар, дискілер және т.б. енеді.
Екіншіден, адам ақпараттарды қайта тарата алады.
Адам өз миында сақталған ақпараттарды біреуге айтып бере алады.    Әңгіме
кезінде бір адам айтушы (ақпарат жолдаушы), ал екінші адам тыңдаушы
(ақпарат қабылдаушы) болады. Кітап оқыған кезде сіз қабылдаушы  боласыз да,
aл автор жолдаушы болып табылады. Ал, оқыған кітабыңыздың мазмұнын біреуге
айтсаңыз, сіз ақпарат жолдаушы боласыз да, ал екінші адам қабылдаушы
болады.
Ақпарат алмасу - екі жақты процесс, ол үшін жолдаушы және қабылдаушы болуы
керек. Хабар беруге пайдаланылатын құралды ақпарат беру арнасы деп атайды.
Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және т.б.
жатады.  
Үшіншіден, адам ақпараттарды өңдей алады.
Ақпараттарды өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.
Ақпараттар өнделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның
мағынасы өзгермейді.
Мысалы, есепті шешу үшін сіз мыналарды орындайсыз:
1.Есептің берілуін оқулықтан оқисыз - ақпарат аласыз.
2. Есепті шешесіз, яғни ақпараттарды өңдейсіз.
3. Нәтижені оқытушыға көрсетіп, оған ақпарат бересіз.
Таңба түріндегі ақпараттарға  сөз, жазу және тағы басқа ақпараттар жатады.
Жазба мәтін әртүрлі белгілерден (а, в, ".", "-" ...) тұрады. Сөздер
дыбыстық белгілерден  - фонемалардан тұрады. Фонемадан сөз және сөйлемдер
құрастырылады. Сөз және жазу бір-біріне ұқсайды.    Олар әріптердің сөз
буындарының комбинацияларынан құрастырылады.
Таңба түрінде қатысуды қатынасу mілі дейді. Қатынасу тілдері табиғи және
жасанды болып бөлінеді.
Табиғи тілге кәдімгі ұлттардың жазба және сөйлесу тілдері жатады. Мысал
ретінде, қазақ, орыс, ағылшын және де басқа тілдерді атауға болады.
Жасанды тілдерге формальды, математика, физика, музыка, компьютер тілдері
жатады.
Әр тілдің өзіне сәйкес алфавиттері, сөз құрастыратын белгілері (символдары)
болады. Мысалы, қазақ тілінің 42 символы, орыс тілінің 33 символы, ағылшын
тілінің 28 символы бар, ал морзе тілі екі-ақ белгіден: ".", "-" тұрады.
Сандарды құрастыратын алфавиттер көп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық және
оналтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді.
Мысалы, екілік жүйеге тек екі символ: 0 және 1 енеді.
Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпараттарды өз бейнесінде (образды) және
таңба түрінде қабылдайды.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз.
Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде,
мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі
ақпараталамыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен
сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың,
мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге
жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса
алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала
ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек
ауызба – ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу
арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу –
адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек
мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап
шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке
жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару,
көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп,
мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез
келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік
береді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып – ақ, дүниеде не болып жатқанын
біліп, кино, спектакльдер көріп, оқып – үйрену бағдарламаларын толық жүзеге
асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде
олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді
магниттік таспаға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар
екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жвсву ісінде, мәтіндерді теріп
түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және
де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастады.
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан
туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша
немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген
керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаң ақпаратты оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны
қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып
үйренуге керекті ақпаратты компьютерден де алуға болады, мәселен ол
суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы
программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажет ақпартты оқулық пен кітаптардан, газет – журналдардан,
теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге
конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі ақпарат жиыны сызулар мен
мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.
Осындай ақпараттарды ЭЕМ арқылы алуға да болады.
Информацияны кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматар береді. Ол
біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқанын туралы деректер бере
алады, мысалы, кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде
қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап
бере алады. Бірақ ақпарт әрқашан белгілі бір түрде – әңгіме, сурет, мақала
және т.б.түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар
мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де ақпаратты жеткізу
түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді
қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрініс болады. Жалпы тұрғыдан
алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың
бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніз - бізді қоршаған құбылыстар
мен нысандардың өзара байланыстары, құрлымы немесе олардың бір – біріне
қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, ақпарт – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы
таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпарттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен
толықтығын, бағалылығымен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға
көмекткседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл балғаны.
Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келшуге
кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше
алатынымызға байланысты болады. Өзекті ақпарт жұмыс шарттары өзгерген
жағдайда өте керек болады.
Егер бағалы, әрі өзекті ақпарт түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға
аспайтыны өзінен – ақ белгілі. Егер ақпартты пайдаланушылар тілімен жазса,
ол түсінікті болады.
Ақпараттың түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік
жазба және т.б.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар:
қимылдар мен мимика тілі, сызу – сурет тілдері, музыка тілдерімен сөйлесу
тілдері, және т.б.
Көптеген тілдердің негізі алфавит болып саналады. Алфавит – белгілі бір
тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының жиынтығы.
Алфавит мысалдары:
1. Латын алфавиті: A, B, C, D, E, F, G, I, J, K, L, M, N, O, P, Q, R, S,
T, U, V, W, X, Y, Z.
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, Й, І, К, Қ, Л, М, Н,
Ң, О, П, Р, С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Э, Ю, Я.
3. Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы, оны есептеу техникасында кең
қолдануға мүмкіндік берді. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерге магниттелген –
магниттелмеген, заряды бар – заряды жоқ, іске қосылған – іске
қосылмаған деген сияқты және тағы да басқа физикалық қалыптармен
көрсетіледі. Екілік сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары
кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл кез келген тілде жазылған мәлімет
екілік кодтар түрінде бейнеленеді деген сөз.
Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптерімен цифрлары 0 мен 1
тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:

Әріп Код Әріп Код Сан Код

А 10000000 A 01000001 0 00110000
Ә 11110000 B 01000010 1 00110001

Б 10000001 C 01000011 2 00110010
В 10000010 D 01000100 3 00110011
Г 10000011 E 01000101 4 00110100

Ғ 11110001 F 01000110 5 00110101
Ана деген сөз 24-разърядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:
Ана – 10000000 10001011 10000000
Компьтердің жадында сақталатын ақпарттың барлық түрлері – сөздер, сандар,
суреттер, компьтер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар
тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден
тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит –
ағылшын тіліндегі bit (binary digit – екілік таңба) деген қысқарған сөз.
ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разърядты екілік
санды байт (ағылшынның byte деген сөзінен шыққан) деп атау келісілген.
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен
тұрады, мысалы,
Е - 10000101, е – 10100101, - 00101111, 8 – 00111000 т.с.с.
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және
екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен
символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған
номеріне сәйкес екілік кодқа ие болады.

Ақпарат: құрлымы, түрлері, қасиеттері.
Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар. Олар аналогтық
машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс
атқаратындықтан көқпшілік қолданушыларға кең таныс емес.
Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:
1. Таңбалы-мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б );
2. Графикалық (суреттер, бейнелер көмегімен т.б)
3. Дыбыстық.
Жалпы алған кез келген мәтін, сурет, дыбыс, музыка, сызба, мәлімет,
электр сигналдары, магниттік жазба барлығы да ақпарат болып табылады.
1.2.Ақпараттың қасиеттері.
Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін
анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен
әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін
маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы көз қарасынан анықтайтын
қасиеттер.
• Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көз қарастар
мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет.
• Толық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу
қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім
қабылдауға жеткіліктілігін анықтайды.
• Өзектілік қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік
дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтылығымен
бірге отырып оның құндылығын анықтайды.
• Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті.
Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде ақпараттық шуыл
болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы
жоғарылайды.
• Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі
дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқат және қолданушы
мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
• Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен
көлемінің ыңғайлық дәрежесін көрсететін қасиет.
Информатика – ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау және жеткізу жайлы ғылым
екені естеріңде болар.
Ақпарат...Онсыз сусызда шөлдеп жүргендей боласың. Ертедегі грек
марафоншысының жеңісі туралы.екі ауыз сөзді ғана жеткізу үшін жан тәсілім
еткені тегін емес. Енді осынау өмірді де пида еткізген – информацияны
жеткізу ісіне біршама көңіл бөлейік.
Көптеген африка тайпалары осы күнге дейін дыбыс жылдамдығымен хабар
алмасуда арнайы барабандарды –тамтамдарды пайдаланып келеді. Орманды таулы
жерлерде, дыбыс алысқа таралмайтын орталарда жедел хабар жеткізу мақсатында
адамдар от жағып түтіндету әдісін қолданған. Осы күнге дейін теңіз флотында
семафорлық әліп би қолданылады, онда әрбір сигнал берушінің жалауша ұстаған
қолдарының белгілі бір орналасуы сәйкес келеді.
Адам өмірде өзара қарым-қатынаста әр түрлі көптеген тілдерді пайдаланады.
Бәрінен бұрын ол ана тілінің ауызша және жазбаша түрлері. Сонымен қатар
адам пайдалана алатын шет тілдері. Сол сияқты әр түрлі көрстекіштер,
нұсқамалар.
Сонымен қатар, адам кәсіби бағыттағы тілдерді пайдаланады. Оларға
математикалық және химиялық формулалар тілдері, электрониканың белгілері
және т.с.с. жатады.

А) ( б) NaOH+HCl=NaCl+H

Бірақ барабан даңғылы да, будақтаған түтін де, көтерілген қол да, жол жүру
белгілеріде- адам сөзінің дыбыстарынан немесе бірінші сыныптан өздерің
үйренген әріптерден бөлне нәрсе. Дегенмен, ойлап қарасақ, олардың көптеген
ортақ қасиеттері бар. Шын мәнісінде бізге, информация әкелетін әрбір
осындай хабар сигналдар тізбегінен тұратын жайлы сөз болып отыр. Берілген
хабар тек көрнекі тұрде қабылданып қана қоймай, ол әрбір адамға түсінікті
болуы үшін алдын ала келісуі керек, мысалы, будақтап шыққан екі түтін
немесе барабанды үш рет соғу екі жаққа көтерілген қолдар немесе белгідегі
суреттер нені білдіретіні туралы.
Сөйтіп, хабардың өзінен және оны жеткізудің физикалық тәсілінен басқа, тағы
бір компанент –кодталу пайда болды.
Адамның ой-өрісі кеңеюіне, өркениеттің дамуына байланысты хабарларды
жеткізудің жаңа мүмкіндіктері, олай болса, кодтаудың жаңа тәсілдері пайда
болды. Солардың біріне тоқталып өтейік.
Майкл Фарадей -1831 жылы біздің өмірімізді шұғыл жаңа арнаға бұратын
жаңалық ашты: ол электр тогын алу жолын ойлап тапты. Осы элект тогы бірден
дерлік хабарларды жеткізу үшін пайдаланылды. Американдық өнертапқыш Сэмюэл
Морзе телеграф аппаратын және соған керекті байланыс арналарын жасап
шығарып, бұл жаңалық өмірде кеңінен тарала бастады. Бір жағынан Морзе
африкалық барабанның хабар беру проблемасына ұқсас проблеманы шешуге тура
келеді. Электр тогының да, барабанның да хабарды өрнектеу мүмкіндіктері өте
шектеулі болатын. Барабанды соғуға немесе соқпауға болады. Электр тогы не
жүреді (бар), не жүрмейді (жоқ). Сол себепті Морзе ұсынған кодтау тәсілі
тек үш мүмкіндікті, яғни үш әріпті ғана пайдаланады: ұзын сигнал (тире),
қысқа сигнал (нүкте) және әріптерді бөліп тұру үшін сигналдың болмауы
(пауза, кідіріс) қолданылады. Солай, әйгілі SOS(Save Our Souls – бізідің
жанымызды құтқарыңыздар) сигналды былай кодталады:

●●● пауза  ─ ─ ─ пауза  ●●●
S О S

Морзе кодты, міне біржарым ғасыр бойы адамзатқа қызмет етіп келеді. Оны
радиостанцияларда әлі де кеңінен пайдаланады, өйткені, оның сигналдары кез
келген жеке сөздерді өткізбейтін атмосфералық орталарда өтетін жол
табылады.
Уақыт өткен сайын телеграф хабарларды жеткізудің кез келген адам қолдана
алатындай көпшіліккке ортақ құралға айналады. Алайда ол жеткілікті түрде
қымбат. Электр тізбегін дер кезінде қосып-үзіп тұратын, өз ісінжетік
білетін оператор керек болады. Сонда да оның жылдамдығы машинисткалардың
перне-тақта арқылы мәлімет теру жылдамдығынан біраз төмен болады. Себебі,
бір әріпті (айталық О әрпін) телеграфта жөнелту үшін кілтті үш рет басу
керек, ал машинистка бір-ақ пернені басса болғаны.
Осындай пернетақтасы бар баспа машинкасын телеграф аппаратымен біріктірсе
ғой! Бірақ, ол үшін информацияныы кодтау-декодтау процесін автоматтандыру
керек. Автоматтандыру дегеніміз – белгілі бір жұмысты адамның қатысуынсыз
атқара алатын құрылғы жасау деген сөз. Бұл жағдайда адам алфавитінің
әріптерін сызықшалар мен нүктелер тізбегіне айналдыра алатын құрылғы туралы
сөз болып отыр. ИНФОРМАТИКА сөзінің өзі ИНФОРмация және автоМАТИКА
сөздерінің бірігуінен шыққан. Өкінішке орай, Морзе әліппесін түсінетін
машина жасау тәжірибелері ешқандай нәтиже бермеді. Ұсынылға нұсқалардың
бәрі қымбат, көлемдері өте үлкен және сенімсіз жұмыс істейтін болып шықты.

Әрине, өткен ғасыр басындағы техника қазіргідей жетілген жоқ боатын.
Дегенмен, Морзе коды оны автоматтар ажыратуы үшін, өте күрделі екені де өз
рөлін ойнады. Одан гөрі ыңғайлырақ кодтау тәсілін неміс өнертапқышы Бодо
ұсынды. Бұл тәсілде, біріншіден, екі чигнал ғана қолданылды (нүкте мен
сызықша, кіңдіріс жоқ).Екіншіден, бір-бірінен бөліп отырмас үшін әріптердің
бәрі сигналдардың ұзындықтары бірдей тізбектерімен кодталады. Бодо
аппараттарын жасау оңай і ске асып, сенімді жұмыс атқаратын болды.
Осылардың көмегімен телеграф іс жүзінде жедел хабар жүрпгізудің жалпыға
арналған құралына айналды.
Ал, енді Бодоның орнына өзімізді қойып, барлық әріптерді кодтау үшін неги
сигнал керек болатыны ойластырайық. Ыңғайлы етіп жазу үшін сигналдың бір
түрін нөлмен (0), ал екінші түрін бірмен (1) белгілейік.
Әрине, сигналдарды басқаша да, мысал, ↑ мен ↓ арқылы беғлгілеуге болар
еді, бірақ мұндай тәсілдің онша қолайлы емес екеніне қолайлы емес екеніне
кейінірек көз жеткізесіндер.
Сөйтіп, бір сигнал тізбегі арқылы небәрі екі әріпті белгілей аламыз:

0 А
1 Ә

Егер біздің тіліміз осы екі дыбыстан ғана құралса, бізге бұл жеткілікті
болар еді . Бірақ бізде әріптер бұдан әлдеқайда көп. Сондықтан ойымызды да
әрі қарай жалғастырайық.
Енді екі сигнал тізбегін алатын болсақ, онда олардың көмегімен төрт әріпті
кодтауға болады:

0 0 А
0 1 Ә
1 0 Б
1 1 В

Бұл бұрынғыдан көбірек, дегенмен төрт әріптің де мүмкіндігі шамалаы. Үш
сигнал тізбегімен, енді сегіз әріпті кодтауға болады:

0 0 0 А
0 0 1 Ә
0 1 0 Б
0 1 1 В
1 0 0 Г
1 0 1 Ғ
1 1 0 Д
1 1 1 Е

Бұл енді бұрынғыдан да жақсы. Мысалы, БЕДЕ, БАҒА деген сөздерді жаза
аламыз. Бірақ мүмкіндіктің бұдан гөрі молырақ болғаны дұрыс емес пе? Төрт
сигнал тізбегі он алты әріпті, ал бес сигнал тізбегі арқылы отыз екі әріпті
алатынымызды байқаған шығарсыз.
Телеграмма тек бас әріптермен жазылып, нүкте мен үтір орнына НКТ және ҮТР
(орысшалары – ТЧК мен ЗПТ) деп жазылатыны байқаған шығарсыңдар. Сол себепті
бес сигналды тізбектің көмегімен біраз сөздерді жазуға болатынымен, біз
оларды әлі де тоолықтыра түсейік.
Алты сигнал тізбегі арқылы 64 символды кодтауға болады. Ал егер бас және
кіші әріптерді, оған қоса цифрлар мен тыныс белгілерін алатын болсақ, оның
да жеткіліксіз екенін байқаймыз.
Жеті санына тоқталайық. Бұлар қазақ немесе орыс тіліндегі барлық сөздерді
таңбалауға мүмкіндік береді. Компьютердегі КОИ-7 коды осындай, ол орыс
әріптерін толық кодтай алады. Орыс тілінің қысқартылған КОИ сөзі
информация алмасу коды деген сөздердің алғашқы әріптерінен құралған.
Әрқайсысы нөл мен бірден тұратын пәлен таңбалар тізбегі деген шұбалаңқы
сөз тіркесін жиі қайталамас үшін, осындай тізбектің бір таңбасын бит
(ағылшын тілінің Binary digit –екілік цифр сөзінен)деп атау қабылданған.
Енді нөлдер мен бірлерден құрастырылған алты таңбалық тізбекті-алтыбиттік
тізбек, ал КОИ-7- жетібиттік тізбек деп айта береміз. Енді келесі тұжырым,
бәлкім мүлдем тосын болып көріне қоймас:
Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік
информациямен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың
бәрі бірдей болады. Сол себепті, компьютерде сақталатын информациялардың
барлық түрлері үшін деректер деген сөз қолданылады.
Алғашқы компьютерлердің көбінде жетібиттік код пайдаланылды. Бірақ
техниканың дамуына қарай бұл қолайсыз бола бастады. Кейінгі жаңа код
сегізбитті болып жасалады және оның негізінде информация алмасудың
американдық стандартты код (ASCII-American Standard Code for Information
Interchange) алынды.Осы сегізбиттік кодтау тәсілі арқасында біз латын,
қазақ алфавиттерінің бас және кіші әріптерін, тыныс белгілерін, цифрларды,
№, %, $ тәрізді арнаулы символдар мен жиі қажет болатын босорынды
пайдаланып жүрміз. Босорын өте маңызды символ-бос орынсыз текстті оқу тіпті
мүмкін емес.

1.3.Ақпаратты кодтау.

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан
екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті,
96710,17078,1111000112 сияқты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де
ондық,сегіздік, он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда
оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі
ғана әр түрлі.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың
ұсынылуы (кодтау) түріне байланысты болады.
Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталуы
(декодталуы - декодирование) процесімен тікелей байланысты.
Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау
құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе
әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді
қолданудың маңызы зор.
Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған ескілік телеграфтың көмегімен ақпарат
жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын.
Жалғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда), қабылдаушының қағазында ұзындығы
түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын, сонда сәйкес
нүктелер мен сызықшалар шығатын. Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе
әліппесі пайдаланылған.

A .- F ..-. L .-.. Q --.- V ...-
B -... G --. M -- R .-. W .--
C -.-. H ... N -. S ... X -..-
D -.. I .. O --- T - Y -.--
E . J .---- P .--. U ..- Z --..
K -.- 0 ----- 1 .---- 2 ..-- 3 --
4 ... - 5 ... . 6 - ... 7 --... 8 ---..
9 ----

Екілік алфатит және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар
деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен
қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0 немесе
1) бит деп атаймыз.
Ақпаратты осы екілік таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу
құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік сандар
алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеуіш техникасында кең тарауына себеп
болды. Ақпаратты екілік кодпен көрсету үшін, құрылғы екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«КІРІСПЕ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЙТЫН БӨЛІМДЕРІ.ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ»
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Деректерді жинаудың басқа әдістерінің арасындағы бақылау орны
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
«Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына» сай «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша электрондық оқулық
Информатиканың философиялық негіздері
Ақпараттың жалпы құрлысы
Сандық информацияны кодтау
Цифрлық техникада кедергісіз ақпаратты тарату
Пәндер