Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш
сынып -психологиялық сипаты . . . 9 1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту . . . 10
1. 3 Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде. . 11
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
МЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ . . . 45
2. 1 Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі . . . 45
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы.
2. 3 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар . . . 58
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті -баланың рухани
және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық
әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған мақсаттардың бірі-білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, әсіресе бастауыш сыныптарын
дамытуға байланысты білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Еліміздің болашағы -ұрпақ тәрбиесінде. Ғылым адам баласы ойсанасының дүниетанымының өсуіне байланысты дамып, қалыптасуда. Оқушыларды өмірге дайындау, өздігінен жұмыс жасау мақсатында оқу-тәрбие ісінде өзгерістердің қыры мен сырын терең білу міндеттерін айқындау, сонын ішінде ортада кейін білім беруде тәжірибесіне сүйену - бүгінгі көкейкесті мәселе. Бұл жерде негізгі мәселе - оқытудың теориялық негіздерін есепке ала отырып, ортадан кейінгі білім берудегі мектептердің өзіндік жұмысын дамыту, жолға қою болып отыр. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастардың қалыптасуы оқушының өзіндік жұмысы мен айналасуына мүмкіндіктер туғызуда. Кейінгі кезде өзіндік жұмысты дамыту, алға қою, оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. Қазақстан Республикасы Білім туралы заң қабылдануы оның негізінде Білім мемлекеттік бағдарламасы Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданып, еліміздің өркендеуі әлемдік жетістіктерге көтерілуі, оқушыларының өмірге, білімге көзқарасын қалыптасуы, оның педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кезде объективті қажеттілік оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру - өз бетінше жұмыс жасауды жетілдіру - ұйымдастырудың негізі болып табылады. Сондықтан бұл мәселе оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары, өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтауды қажет етеді. [1] Бұл мәселенің маңыздылығы оның қажеттілігін Р. Г. Лемберг, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Т. Сабыров, Ж. Қоянбаев т. б. ерекше мән береді.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптардағы оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетің қалыптастыру үрдісі.
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты.
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың жолдарын
анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш сынып-психологиялық сипатын анықтау.
- Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктерін нақтылау.
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру-дың жолдарын
қалыптастыру.
- Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс тәсілдерін қолдану.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, бастауыш сынып, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқушылардың оқудағы өзіндік жұмыс және сабақтан тыс іс -әрекет нәтижелерін бақылау.
Зерттеу болжамы:
мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап - тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп, арта түседі. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды, басқалардан гөрі, оқуда
артта қала береді.
Зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы «Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сыныптар.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2-бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш сынып-психологиялық сипаты
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек.
Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әркеті деп түсіндіріледі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. [5] Шығармашылық қабілоеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С. Л. Рубинштейн, Б. М. Кедров, А. В. Брушинский, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б. М. Теплов, Н. С. Лейтес, А. Крутецкий зерттеу жұмыстарын жүргізді. [1]
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде
келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға,
өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан
интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың
шығармашылық қызметіне көмектесу қодан келерлік іс. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл - ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері (С. Л. Рубинштейн, Я. А. Пономарев, Б. М. Кедров, О. К. Тихомиров, А. Н. Брушинский және т. б. ) шығармашылыққа бейім оқушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып шығармашылық қабілеттілікті дамыту қажет. [2]
Білім негізі - бастауышта деп тегін айтылмаған. Қазіргі талап бойынша, баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс істеуде ізденісті талап ету, орынды және заңды. Өйткені, бастауыш білім
беру сатысы - оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты
жүретін кезеңі. Бала дамуының басты көзі - олардың шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру. Олай болса, оқу әрекетіне қойылып отырған бүгінгі
талаптар, ғылыми - әдістемелік ұстанымдар: өзін-өзі тану, шығармашылық,
өзін-өзі дамыту т. б. барлығы да оқушының өздік жұмыстарында олардың шешім жасауына, ой қорытындылауына бағытталған әдістемелік жүйені қажет етеді.
Қазіргі мектептің негізгі міндеті - біршама күрделі, ойы ұшқыр,
шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икесді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу.
Ұстаздар осынау ұлы мақсат жолында аянбай еңбек ете бермек. Сабақ
біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдесін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады.
Балаларды оқыту қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс. Оның міндеттері мен
мақсаттары және мазмұны қоғам өмірінің дамуына байланысты өзгеріп отырады.
Оқыту барысында жастарға берілетін білімнің мазмұны мен әдістерін
белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе -жеке баланың мүддесі емес қоғамдық мүдделер мен қажеттер. Балалрды оқыту-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жас
өспірімдерге біліммен қатар белгілі бағытта тәрбие беріледі.
Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себеп болатын негізгі
қозғаушы күш - ол түрлі қайшылықтар (қиындықтар, кедергілер) . Бала
білмеуден білуге қарай көшуде әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға
кездеседі және оларды шешу үшін оқу міндеттерін жүзеге асырады. Оқыту
процесіндегі ең негізгі қайшылық - ол педагогикалық міндет-талаптар мен
оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі
дәрежесі) арасындағы қайшылық.
Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы -олардың тек жасына ғана емес,
шұғылданатын іс-әрекеті мен олардың түрлі қарым-қатынас жасау
ерекшеліктеріне де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы оқыту әдістемесі мен мазмұнына байланысты қалыптасады. Қазіргі бастауыш мектеп теретін жаңа күрделі білім оқушылардың теориялық ойлауының негізін қалыптастырады. Оқытудың міндеті-балаларда әлі жоқ жаңа психикалық қасиеттерді де қалыптастыру. Бұл міндетті іске асырудың тиімді жолдарын психологтар мен озат педагогтар зерттеп ұсынуда. (
Т. Сабиров. балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері Алматы, 1977. -5-12бет. )
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың боршы. Бүгінгі
мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға
халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін
қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек.
Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені
ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы
талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру -мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай
жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілет іүлкен роль
атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім - еліктейтін, үлгі ететін
абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу
мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі
мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар
ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп
бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еншізу мүмкін емес.
Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың
өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы және
өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат
тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым
негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен
іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл - өскелең өмір талабы.
Жалпы білім беретін мектептеоде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім
мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан республикаасы Білім министрлігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясы жасаған тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында (1998ж) былай деп жазылған:
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын
белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа
түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш
жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы білім-
тәрбие мазмұныны анықтап құруға көмектесетін қазіргі оқыту идеясы алынады.
Бастауыш саты - оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы - оқу
әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу
тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын
тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз
етеді.
Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ
тәсілдерін, өз әрекетін бақылап - бағалауы, нәтижесін эталонмен салыстыруды
меңгереді.
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті,
жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және мектеп, жоғары оқу орындары дайындайды.
Жаңартылған білім мазмұны оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға, іскерлігін, өздігінен іздену бірліктерін қалыптастырып жетілдіруге, қажетті әрекет түрлерін (оқу, еңбек, қарым-қатынас, т. б. ) меңгеруіне мүмкіндік
беретіндей компонентті құрамда құрылған.
Жалпы білім беретін мектептерде көкейтесті мәселелердің бірі - оқыту
үрдісінде оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып
отыр. Осы әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері қандай, оқушыларды біліммен
қаруландырудағы атқаратын ролі оқушылардың өзіндік жұмысында білік пен
дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытуға қалай жетекшілік ету керек деген өй пікірлер көптеген мұғалімдерді
қызықтырады. Әрине, бұл мәселелер теориялық және практикалық шешімдерді
талап етеді. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамырын тереңге жіберіп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атапкөрсеткенді. Оқытудың күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық ізденімпаздылығы туралы пікір Ян Амос Каменскийдің еңбектерінде, сонан соң
И. Г. Песталоцций мен А. Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі.
Н. Г. Чернышевский еңбектерінде оқу үрдісіне оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер
айтылады. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -
деп жазды ол, - өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс
(Чернышевский, 1940) . Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп -қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан-саналы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш
саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формулалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға
дейін оны назардан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беруі қажет.
Ия. Бастауыш мектеп ең алдымен оқуға үйретуі тиіс екенін тәжірибе көз
жеткізе дәлелдеп берді. Бұл туралы аса көрнекті педагогтар - Ян Амос
Каменский, К. Д. Ушинский, Ф. А. Дистерверг жазған болатын.
Бастауыш мектептің аса маңызды міндеті-оқушыларға берік білім мен дағдылардың белгілі бір дәрежесін беру.
Бастауыш сыныптарда оқу жылдары - адамгершілік, интеллектуалдық,
эмоциялық, дене, эстетикалық дамудың тұтас кезеңі; Бұл кезең бала меңгеруге
тек ертең әзірленбей, бүгін бай рухани өмір сүрген кезде ғана жай бос сөз
болып қалмай, нақты іске айналатын болады.
Еліміздің мектептерінде бастауыш сыныптардың талай сан мыңдаған тамаша мұғалімдері бар. Олардың әрқайсысы бала үшін тек білім шұғыласы ғана емес, сонымен бірге осы ұғымның нағыз мағынасындағы өмір ұстазы, мұғалімі.
Бастауыш мектеп оқушыға білімнің көлемін берік беруге тиіс. Бұл
мәселедегі қандай да болсын айқын болмаушылық пен белгісіздік тек бастауыш
мектепті ғана емес, сонымен бірге оқудың бұдан кейінгі буындарын да
әлсіретеді. Балаға берілуі тиіс білімнің, дағдылардың, практикалық
әдеттердің шеңберін нақпа-нақ анықтамайынша мектеп жоқ деген сөз.
Бастауыш мектеп алдында тұрған бүкіл міндеттің маңыздылығына
қарамастан, мұғалімнің нерв жүйесінің қауырт қалыптасу кезеңін бастан
кешіріп отырған адаммен істес болатынын естен шығаруға болмайды.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. Бұлақ көрсең, көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.
Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге
үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемеларды өздігінен шешуге тырысады.
Шығармашылықтың түрлері өте көп. Кез-келген шығармашылық істе орындаудың негізгі үш деңгейі бөлініп көрсетілуі керек: идеяны игеру және негіздеу, тапсырманы техникалық өңдеу және практикалық жұмыс, объектіні жұмыста жасап көру және шығармашылық шешім қорытындысын бағалау.
Балалар төрт жыл бойы бастауыш мектептің оқушылары болады, төрт жыл
бойы мен оларды оқытып, тәрбиелейтін боламын. Осы күннің қарсаңында мені: Бастауыш мектеп деген не деген ой мазалады. Бастауыш мектептің үлкен шешуші ролі туралы көп айтылып жүр.
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді, әлемнің
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н. Ә. Назарбаев Республика білім
және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін
реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, отанды сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты - оқушыны жан - жақты танымдық
ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген
білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді
жатқызуға болады :
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz