Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

1 БИЛЕТ

1. Балалардың тілін дамыту практикумының пәні, мақсаты, теориялық негізі

Тіл дамыту әдістемесі пәні және курстың міндеттері. Әдістеменің қолданбалы ғылым ретіндегі сипаттамасы. Тіл дамыту әдістемесі курсын оқытудың негізгі міндеттері. «Сөйлеуді қалыптастыру», «тіл дамыту», «коммуникативтік дағдылар» ұғымдарының мазмұны. Сөйлеудің функциялары. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Тіл дамыту әдістемесінің әдіснамалық негізі.

Тіл - ойлау мен танымның құралы ретінде. Тіл мен сөйлеу - қоғамдық-тарихи дамудың өнімдері ретінде. Тіл - тұлғаны дамыту және адамзаттың қарым-қатынас құралы ретінде. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл дамытудың зерттеу әдістері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері. Балаларды тәрбиелеудегі ана тілінің мәні. Балабақшада тіл дамытудың міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздемесі: байланыстырып сөйлеуді және сөздікті дамыту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу, көркем сөзге деген қызығушылықты және сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістері мен тәсілдері. Әдістердің жіктелуі. Көрнекілік әдістерінің сипаттамасы. Сөздік әдістер және олардың сипаттамасы. Балалардың тілін дамытудың, тілдік біліктері мен дағдыларын бекітетін практикалық әдістер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы. Ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілуіне қойылатын талаптар

2. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

Ғылым атауы әдетте екі топқа бөлінеді: оның бірі - жаратылыс тану, екіншісі - қоғамдық ғылымдар. Жаратылыстануға /физика, химия, биология, математика/, қоғамдық ғылымға /тарих, философия, саяси экономика/ жатады.

Тіл - қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым - тіл білімі де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Қазіргі заманда бір жағынан ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып ғылымды диференция процесі жүріп жатса, екінші жағынан, 2 немесе бірнеше жағынан өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәрәне бірдей қатысты проблемаларды зерттейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.

Ғылым атаулының бәрі даму барысында тіл білімде басқа көптеген ғылымдармен байланысты. Ол ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Себебі тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуы мен бірге дамитын қоғадық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін пайдаланады. Содай -ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланысты. Себебі тіл - талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет - ғұрыпын зерттейді. Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.

Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым - логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым - психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.

Тіл білімі қоғамдықғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы /сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы/ жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.

Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын - жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін зертеуді де қамтиды, өйткені «тіл - әдебиеттің бірінші элементі» /Горкий/. Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып табылады. Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.

Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.

Біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан, екіншіден, зерттелетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатнасы және т. б проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принціпін белгілейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл мәселе таяныш етілетін негізгі философиялық позиция тұрғысынан шешілуі тиіс: диалектикалық материализм материя алғашқыда, сана екінші туынды деп есептейді.

Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Логика - ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады. Адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті бола алды. Логикада ойлаудың заңдары, формасы, құрылысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құбылысы, формалары мен құрылымдық элементтері зерттеледі.

Тілдік единицалар /сөз, сөйлем/ ойлау категориялары - ұғым және байымдаумен байланысты болады. Осыдан, сөзді ұғыммен, сөйлемді байымдаумен байланыснда зерттеу міндеті келіп туады.

Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психикалық құбылыстарды зерттейді. Ал, түйсік пен қабылдау, елес пен ойдың, сөйлеу поцесінде және оны қабылдап түсіну процесінде тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, біреудің сөзін қабылдау, оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.

Сөздің семантикалық жақтарына, сөз мағынасының ауысуына қатысты құбылыстар да психикалық құбылыстармен астарласып жатады. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы сөз мағынасының ауысуы ассоциация деп аталатын психикалық құбылысқа негізделеді. Тіл ойды білдірудің құралы ретінде емес, сонымен бірге сезмді де білдірудің құралы ретінде қызмет тқара алады. Эмоцияны білдіру тілдегі сөздерге де, сөйлемге де тән. Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесуі мүмкін.

Тіл білімі физиология ғылымдарымен де байланысты. «Адам баласының сөйлеуі неліктен?» деген мәселе социологиялық проблема ғана емес, физиологиялық проблема ретінде де қаралады.

№2 Билет

  1. Сөз тіркесімен жұмыстану жолдары (құрылымы, мағынасы)

Тіл білімінің грамматика саласының бірі - синтаксис (грекше "syntaxis") . Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис - сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т. б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар

Кеше хабарласты

Саны он үш

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес
Синтаксистік күрделі тіркес
Синтаксистік жай тіркес: Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.
Синтаксистік күрделі тіркес: Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т. б.

Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т. б

  1. Бақылау жұмыстарын жүргізу және оларды бағалау

Оқыту өнімділігінің санмен, сапамен, толықтылығымен, дерексізділігімен, тереңділігімен, әділ бақылаумен тығыз байланыстылығы әдістемелік процестің ең жоғарғы заңдылығы ретінде қарастырылады. Оның іс-әрекетке айналып кетуі үшін бақылаудың тиімділігін негіздеп, әсер етуші факторларды ажыратып, түсінікті нақтылау қажет. Қазіргі теорияда әлі “баға”, “бақылау”, “тексеру”, “есеп” және осылармен байланыстыларды ажырататын үйлесімділік жоқ. Оларды бір мағынада жиі алмастырып та, қолданып та жүр.

“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру - бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т. б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады.

Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал сапалық - “жақсы”, “қанағаттанарлық” т. б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы, “өте жақсыға” - 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру керек

Баға қызметі, бізге белгілі болғандай оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға - педагогтың жеке тұлғаның оқуын реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында оны жан-жақты аша алатындығында

  1. Көп мағыналы сөздер бойынша сөздік құрастыру

Көп мағыналы сөз

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

1. Адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі.

2. Тарақтың тісі, адамның тісі.

3. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

4. Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы

5. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

6. . Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

7. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.

3-билет

А. Байтұрсынұлының қазақ балаларына арнап ана тілінде сауат ашу мақсатымен жазылған «Оқу құралы» атты еңбегінде сөздер мынадай тақырыптарға жіктелген: туысқан-туған іліктес, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар т. с. с. [12] . Тіл дамыту жұмыстарына тірек болатын лексикалық бірліктерді сұрыптау барысында әдіскер ғалым оларды тақырыптық топтарға жіктеп берген. Бұл орайда әр тақырыптық топқа енетін зат атауларын балаларға жинақтап ұсынуды мақсат еткен сияқты. Ғалымның әліпби оқулығын оқытуда балалардың тіл дамыту, тіл ұстартуға арналған тапсырмаларын да тақырыптық топтарға жіктегенін көреміз. Сол арқылы бір жағы, лексикалық бірліктердің қандай тақырыптық топтарға жататынын көрсетуді мақсат етсе, екінші жағынан баланың қажетті лексикалық бірлікті сол тақырыптық топтың ішінен таңдап алып, сөйлем немесе сөз тіркесін құруда, ойын жеткізуде пайдалану үшін қолдануына мүмкіндік берген. Сонымен қатар, мұнда қазақ ұғымына тән, қазақ тұрмысында жиі қолданылатын, көп кездесетін зат атаулары берілген. Сөздікпен жұмыс - орыс бөлімдеріндегі тыңдаушыларға мәтін арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті жолдың бірі. Сөздік жұмыстарын жүргізу арқылы тыңдаушылардың айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым әрекеттерін қалыптастырып, қазақша қарым-қатынас жасауға үйретудің алғашқы баспалдақтары қаланды.

Мәтіннің соңында берілген сөздік сол мәтін бойынша жасалған «актив сөздік» деп саналады. Ал барлық мәтіндер жүйесінің соңында берілген сөздік - мәтіндер бойынша және тыңдаушының күнделікті қолдануына қажетті деп саналған белсенді сөздік қор жасауға керек сөздерден құралады.

Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі тыңдаушылардың:

- жеке сөздің мағынасын танып-білуін;

- сөздің қандай құрамнан тұратынын талдап тануын;

- сөздің қай табына жататынын айырып тануын;

- сөздің келесі сөзбен тіркесу мүмкіндігін танып-білуін;

- сөздің сөйлем мүшесі, абзац мүшесі, мәтін мүшесі болу синтаксистік қызметін түсінуін мүмкін ететін әдістерден тұрады.

Сөздікпен жұмыс жасау барысында оқытушы бірнеше әдістемелік алгоритмдерді басшылыққа ұстайды:

1) мәтін соңындағы қысқа сөздіктегі сөздердің әрқайсысының мағынасы бойынша комментарий беріп өтеді;

2) сөздіктегі сөздердің түсіндірме сөздіктегі мағыналық әртүрлі реңктерін көрсетеді;

3) тыңдаушы танысқан сөз мәтіннің ішінде бірден тани алуы үшін оның құрамы мен мазмұнына ерекше назар салатын бір әдіс қолданады.

4) Сөздерді таныстырып болған соң оны оқуға және тыңдауға көбірек жаттықтырған дұрыс. Сол арқылы студенттің санасында сөздің дыбыстық және жазбалық бейнесі сақталады.

Тыңдаушының сөздік қорының қалыптасуы фонетикалық, грамматикалық қоры қалыптасуына өзгеше болып келеді. Әр сабақ сайын толықтырылып отырылатын сөздік қор - қазақша ұғымдарды білдіріп, тыңдаушының ойлауы қалыптасуына, соның негізінде сөйлемді дұрыс құруына негіз болады. Тыңдаушылардың сөздік қорын байытудың негізі - оның тілдік санасына таңдалған лексикалық элементтерді енгізу болып табылады. Орфографиялық сөздік - оқушылардың дұрыс жазуына көмектесетін құрал. Оны 4-сыныптан бастап, оқушы күнделікті оқу жұмысында пайдалануға тиіс. Ол үшін арнайы оқушылар үшін жасалған сөздіктер де бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Балабақша балаларының дене дайындығы
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz