Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл жоғары
медициналық колледжі ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

№1 Жалпы кәсіптік пәндер цикдық әдістемелік комиссиясы

Тобы: 213 ЕФ-1119
М Мамандығы: Емдеу ісі
Жалпы патология

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану - ас қорыту жолдары ауруының профилактикасы негізінде

Жұмысты орындаған:
Дүйсенова Гүлім Дәулетқызы,
Бегманоа Жанел Бақытжанқызы
(аты-жөні)
19 11.2020 ж.
________________
(қолы)

Жетекші: Жалпы патология пәні оқытушысы
(пәннің аты.)
Бердіш Нұрзада Беріктемірқызы
(аты-жөні.)

Тараз 2020 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 БӨЛІМ: Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 БӨЛІМ: ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1. Зерттеу объектісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Мәліметтер мен қолданылған әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3 БӨЛІМ: ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .33
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізі
2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен Қазақстан РеспубликасыҮкіметімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты- тұрғындарға сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ете отырып, халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; медициналық көмектің сапасын арттыру; денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту.Осы аталған мақсатқа жету .үшін салауатты өмір салтын шынайы маңызды әрі көпке үлгі етіп көрсету тапсырмасы тұр. Аталған құжаттағы қарастырылған іс-шаралар көбісі аурудың салдарымен күресетіндей емес керісінше, аурудың алдын алуға бағытталатындай отандық денсаулық сақтау жүйесін реформалауға негізделуі тиіс.

Тақырыптың өзектілігі
Берілген тақырыптың өзектілігі дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын сақтанудың студенттер өмірінде ғана емес сонымен қатар қарапайым халықтың арасында көптеген аурулардың таралуының алдын алуда маңызды биологиялық және әлеуметтік мәселе екендігін мәлімдейді. Дәл осы дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану- халық денсаулығын сақтаудың, соның ішінде өсіп келе жатқан жеткіншектердің денсаулығын сақтауға септігін тигізетіндігіне сеніміміз мол. Алайда, қоғамдық профилактикалық режимді сақтаумен ғана тұрғындардың денсаулығын сақтау немесе жақсарту мүмкін емес. Профилактикалық іс-әрекеттердің нәтижелігі 80% студенттер мен жасөспірімдердің өз денсаулығын сақтауға деген жауапты қарым-қатынасына және денсаулықты қалыпта сақтау мен нығайтуға деген тиімді іс-әрекеттеріне тікелей байланысты.
Ал студенттер арасында асқазан-ішек жолдары ауруларының жиі кездесетіні баршамызға мәлім. Оған негіз - студенттердің ұйымдастырылмаған күн тәртібі мен жылдам сіңірілетін көмірсуы тым көп тағамдар, құнарсыз, жартылай шикізаттарды тұтыну. Қазіргі таңда Қазақстанда адамның өмір сүру ұзақтығы өзге елдермен салыстырғанда үлкен емес екенін ескерсек, қарапайым халыққа денсаулық ұғымын өмірдің ең мағызды аспектісі ретінде қарастыру аса қажет болып тұр.
Елімізде 15% ғана жаңа туылған нәресте дені сау болып өмірге келеді екен, ал 60% студенттер әртүрлі созылмалы аурулардан зардап шегетіндігі мәлім. Осы студенттер арасындағы денсаулыққа қатысты мәселелердің негізгі факторы болып келесілер табылады:
- өз денсулығына және салауатты өмір салтын сақтауға деген шынайы жауапкершіліктің жоқтығы, денсаулық мәдениетінің төмендігі;
- денсаулықты қорғау мен дұрыс тамақтануда қажетті білімнің жоқтығы;
Нәтижесінде студенттерде жиі асқазан-ішек жолдары ауруларымен қатар, әртүрлі деңгейдегі созылмалы аурулар көрініс беруде.
Студенттер арасында ас қорытылу бұзылыстарына мына себепкер ықпалдар мен септік жағдайлар әкеледі:
● қоректенудің бұзылыстары. Қоректенудің белгілі тәртібі бұзылуы, ұзақ уақыт аш қарынға жүру, сапасыз қоректену, құрғақ тамақ немесе тым ашты тамақ қабылдау т.б.;
● ас қорыту жолдарында жұқпалардың (іш сүзегінің, сатқақтың (дизентерияның), тырысқақтың, тағамдық уытты жұқпалардың т.б.) болуы. Асқазанның созылмалы қабынуларын, қарын қақпашысынын шырышты қабықтарындағы эпителий жасушаларында өсіп-өнетін, Не-licobacter руlогі туындататыны бүгінгі күні белгілі;
● химиялық заттардың (ауыр металлдардың, салицилаттардың, ішімдіктің, никотиннің т.б.), өсімдік уларының (саңырауқүлақ т.б.) ас қорыту жолдарына түсуі;
● иондағыш сәулелердің әсерлері (сәулесоқ ауру);
● стрестік жағдайлар, ауыр жан күйзелістері, жағымсыз көңіл-күй т.б.;
● жас балаларда аллергиялық серпілістер мен ас қорыту жолдарының даму ақаулары.
Ас қорыту жолдарының аурулары жиі тәбеттің бұзылыстарына әкеледі.

Зерттеу мәселесі: Студенттердің ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алу және тамақтану режимін сақтау туралы терең білімнің жоқтығы. Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттері арасында салауатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтану режимін насихаттау.

Жұмыс мақсаты:
- студенттердің салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану туралы жалпы білімді интеграциялау;
- ауру туралы толық біліп, оның алдын алу- ауру салдарымен күресуге қарағанда оңай екендігі туралы көзқарасты қалыптастыру;
- өз бетінше асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алып, дұрыс тамақтануға насихаттау

Міндеттері:
Ас қорыту жүйесі ауруларының жиі кездесетін себептері және түрлері туралы мәліметтермен толық танысу;
Ас қорыту жүйесі аурулары, соның ішінде, гастриттің алдын алуға бағытталған профилактикалық жүйе құрастыру, студенттер арасында оқу - ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру;
Студенттердің арасында ас қорыту жүйесі ауруларының белгілері бар білімгерлердің статистикасын шығарып, оған әсер еткен факторлар мен өмір сүру салтын анықтау;
Алынған нәтижелерді жүйелеу;
Студенттерді ас қорыту ауруларының этиологиясы, патогенезі және клиникасымен таныстыратын ақпарат көзін құрастыру. Аурудың алдын алу мақсатында дұрыс тамақтану моделін ұсыну.

Жұмыс гипотезасы
Ас қорыту ауруларының студенттер арасында таралуын насихаттайтын профилактикалық ағарту іс-шараларына бағытталған отырыстар ұйымдастыру жоспарлаунуда, зиянды әдеттері бар студенттер саны азаюына септігін тигізеді, білімгерлер зиян тамақтардың түрлерімен танысып, оларды тұтынуды азайтады, өз денсаулықтарын сақтауды және ауруды болдырмауды үйренеді. Аталған ауруға байланысты сабақтан қалулары азаяды.

Зерттеу объектісі:
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері

Зерттелетін мәселе - жалпы патология пәнінде теория және тәжірибе сабағында алған Ас қорыту жүйесі патологиясы тақырыбы негізінде қарастырылған ас қорыту ауруларын іс-жүзінде анықтау және алдын алу. Белгіленген салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану ұғымын Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері арасында терең насихаттап, студенттер арасында салауатты өмір сатлы ұғымын қалыптастыру, асқазан-ішек жолдары аурулары туралы білімді нығайту.

Зерттеу әдістері:
- Сұрау (асауалнама, әңгіме жүргізу)
- Ақпараттармен жұмыс жасау
- Алынған мәліметтерге талдау және интерпретация жүргізу
- Ұсыныс тізімін құрастыру (брошурка)

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: жұмысты жалпы патология пәнін оқытуда студенттерге көмекші құрал ретінде пайдалануға, сонымен қатар Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттерінің салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған арнайы жүйе немесе бағдарлама құрастыруда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижесі - Жалпы патология пәнін оқытуда оқу процесін нәтижелі ету үшін әрі студенттер толық түсіну үшін тәжірибелік маңызы зор:
:: Дұрыс тамақтанып - асқазан ішек жолдары ауруларының алдын ал! девизімен ашық тәрбие сағатында пайдалануға,
:: Жалпы патология пәнін игеру кезінде студенттер өзі білім алып жатқан шаңырақта студенттер денсаулығын бағалауына жаңа мүмкіндік;
:: Пәнді оқыту барысында алынған мәліметтерді негізге ала отырып, студенттерге арналған дұрыс тамақтану режимін құрастыруда пайдалануға болады.

Кіріспе
Ас қорыту жүйесі - адам ағзасының асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді -- ауыз-жұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді -- ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы,денеге сіңуі аса күрделі үдірістер. Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі тіндердің жанарын жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып,жасушалардың,тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Ас қорыту алдымен физикалық жолмен өңделеді,соңынан химиялық реакцияға түсіп,қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
1.Сөл шығару қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері,ұйқы безі,бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады.
2. Қимыл қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.
3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі,ішек-қарын түтігінде болады. Жалпы алғанда қоректік заттар негізінен ащы ішекте сіңеді.
4. Тңршілікке қажетсіз щаттардв сыртқа шығаоу қызметі. Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен щаттар, өт құрамындағы щаттар нәжіске іслесіп сыртқа шығады.
5. Эндокриндік қызмет. Ішек- қарынның кілегеілі қабығында, әсіресе пилорусы мен он екі елі ішекте көптеген гормондар түзіледі.

Асқазанның шырышты қабығындаа тамақпен бірге түсетин әртүрлі улардан, микробтардан, антигендерден қорғайтын механизмдер бар. Осы механизмдер асқазан кілегей қабатында өте күрделі, бір-бірімен тығыз байланысқан қорғаныс жүйесін құрады, демек асқазан ауруларының пайда болу осы жүйелердің бұзылуымен немесе оның тұқым қуалаушы әлсіздігімен байланысты.
Асқазан аурулары -- өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады. Асқазанның шырышты қабатының зақымдалуының жиі кездесетін түрі гастрит ауруын қарастыруға болады.
Гастрит деп асқазанның қабынуын атайды. Ол жіті немесе созылмалы түрде өтеді. Жіті гастрите этиологиясына қарап сырткы және эндогенді деп екі топка беледі.
Сыртқы әсерден дамитын гастриттер көптеген химиялык, физикалык, механикалык, биологиялык факторлардын, дәpi-дәрмектердін асқазанның шырышты қабығына тікелей әсері натижесінде дамиды. Мысалы тамактан уланғанда, асқазанға улы инфекциялар түскенде, өте ыссы немесе өте салкын тамақты жегенде, кышкылдар, cілтілер әсерінде дамитын гастрит жіті қабыну түрін алады.
Ішкі себептерден туындайтын гастриттерге әртүрлі инфекцияларда (iш сузеrі, дизентерия, туберкулез, дифтерия жене т.б.), уремияда, аллергияда немесе қан айналымынын бұзылуына байланысты дамитын түрлері жатады.

Патологиялық анатомиясы. Морфологиясы бойынша жіті rастриттер: 1) катаральды, 2) геморрагиялык, 3) фибринді, 4) ipiнді, (флегмоналы), 5) некрозды (коррозиялы) гастриттер деп бөлінеді.
Катаральды гастрит асқазанның шырышты қабатьнын icініп, калындауымен сол жерді шырышты заттардан тұратын перденін жауып тұруымен сипатталады. Геморрагиялык гастрит обада, шешекте, күйдіргіде жане дизентерияда кездеседі. Бұл кезде асқазанда көптеген майда бір- бiріне қосылып жатқан қан кұйылу ошақтары көрінеді. Асқазан iшіндегі заттар эритроциттердін гемолизіне байланысты кофе түстес болады.
Фибринді гастрит шырышты қабаттын үстінде негізінен фибриннен және оларға араласқан эритроцит, лейкоциттерден, некрозга ұшыраған эпителийден тұратын экссудаттың пайда болуымен сипатталады.
Іріңді немесе флегмоналы гастритте асқазанның қабырғасы қалыңдап, оның шырышты қабығы қып-қызыл болып көрінеді. Шырышты қабыктың қатпарлары ісiніп, оны қолмен басқанда ірінді экссудат бөлініп тұрады, кейде сол жерге қан кұйылады.
Некрозды дамуы тікелей күйіп байланысты. Ол жерлер түсте (корро- зиялы гастрит). Микроскопта некроз , эрозиялар немесе жіті жаралар табылады, кейде тесіліп кетеді.

Этиология:
1. алиментарлы факторлар. (дұрыс тағайындалмаған тағам, бұзылған тағамдарды қолдану)
2. дәрі-дәрмектерді жиі қолдану
3. инфекциялық аурулар (грипп, пневмония)
4. интоксикалық заттармен улану.

Патогенезі:
Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийініңрегенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процесі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процестері туындайды.
​ Гастриттің ерекше түрлері: Радиациялық гастрит - сәлелік емнен асқазан қабырғасында коагуляциялық некроздардың, екіншілік қабыну инфильтрациясының дамуынан болады.
Инфекциялық гастрит- асқазанның HP тыс, өзге бактериялармен немесе вирустармен зақымдануынан дамитн түрлері.
Гранцляциялық гастрит - бұл топқа асқазан қабырғасында гранулемалық процестің қалыптасуымен дамитын түрі.
​ Эозинофильдік гастрит - кілегі қабақтың эпителийлік қабатының лимфоциттік инфильтрациясы және меншікті пластинада лимфоциттік жне плазмалық жасушалардың аздығы.
​ Эндоскопиялық көрінісінде - беті тесіліп жараланған түйіндер , эрозиялар , қатпарлардың қалыңдауы анықталады.
Созылмалы гастрит - асқазан сіре қабының қабынуы және секреция бөлу қызыметінің бұзылуы. Асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең таралған аурулардың бірі.

1 БӨЛІМ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі-тамағымыз болу керек (Гиппократ)
Мектеп және орта оқу орындарында оқитын білімгерлер арасында ас қорыту жүйесі ауруларының таралу мәселесіне арналған ғылыми еңбектерді талдау барысында байқағанымыз - соңғы жылдарда осы мәселе студенттер арасында, ғылыми конференцияларды жиі көрініп, аса қарқынмен талқылануда.
Студенттер арасында асқазан-ішек жолдары ауруының таралуының негізгі себептеріне жаhандық экономиканың дамып, экологияның нашарлауы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсызыдығы, аз қимыл қозғалыстық өмір салты, оқу үрдісінің технологиялануы, демалыс және еңбек режимінің дұрыс ұйымдастырылмауы, өз денсаулығы туралы толық ақпараттың болмауы және салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау мен дұрыс тамақтанбау.
Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және салауатты өмір салтын сақтау арқылы ас қорыту жүйесі ауруаларының алдын алу мақсатында жүргізілген келесі еңбектерді атап өтуге болады:
1. Психолого-педагогическое, утверждающее ведущую роль мотивационно-целостного отношения, сознания, поведения и целостно-ориентированной деятельности личности для создания своей социокультурной макро- и микросреды (Абаскалова Н.П., 2003);
2. Қазақстан жаһандық тамақтану мәселелері аясында (Т. Шарманов, Алматы, 2000 ж);
3. Қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері (Т. Ш. Шарманов, Ә. Қ. Жанғабылов, Алматы, 1991 ж);
4. Оқушыларда гастрит ауруының мәселесі және оның профилактикасы (М.Н. Қашанова, 2020)

1.1. Студенттер арасында ас қорыту мүшелері ауруларының таралу сипаты (ҚР бойынша статистикалық мәліметтері)
Клиникалық гастроэнтерологияның қазіргі таңдағы жағдайы өте маңызды болып отыр, себебі ас қорыту мүшелерінің ауруы біздің елімізде таралуы бойынша жүрек-қантамыр және онкологиялық аурулардан кейінгі орынды иеленеді екен. Қазіргі таңда ас қорыту мүшелері аурулары өте көп ұшырасады, әсіресе жастар мен еңбекке қабілетті адамдардың арасында жиі кездеседі. Бұл дегеніміз тек медицинаға ғана тиесілі проблема емес, сондай-ақ әлеуметік маңызы зор мәселе болып табылады. Қазақстан аумағыда ас қорыту мүшелерінің ауруына шалдыққандардың саны бойынша көш басында Қызылорда облысы тұрса, Алматы облысы төртінші орынды иеленеді. Статистика мәліметтері бойынша Республикада ас қорыту мүшелері ауруына шалдыққандардың жалпы саны 100 000 мың адамға шаққанда 2010 жылы 3626,2011 жылы 3632,2012 жылы 3548,6-ны құраған, яғни айтарлықтай төмендеу байқалмайды. Ал аталған аурулармен 2012 жылы алғаш рет тіркелгендердің абсолюттік саны 595852-құрайды екен. Ас қорыту органдары ауруларының медициналық-әлеуметтік маңызының негізгі дәлелі - бұл патологиямен халықтың барлық жас топтарының (еңбекке жарамды жастағы тұлғалар, егде жастағылар мен қарт кісілер, балалар мен жасөспірімдер) зардап шегетіндігі болып табылады. Жастар, әсіресе халықтың қорғалмаған анағұрлым осал тобы саналатын жоғары оқу орындары студенттері мен орта арнайы оқу орындарының оқушыларының денсаулығындағы жағымсыз беталыс ерекше алаңдаушылық тудырады. Студенттер мен оқушылардың өзіндік өмір жағдайы (шамадан тыс жүйкелік-психикалық салмақ, тұрақсыз және үйлесімсіз тамақтану, материалдық проблемалар, зиянды әдеттер, сессия кезіндегі стрестік жағдай т.б.) асқазан-ішек жолдары мен гепатобилиарлық жүйе ауруларының өршуіне себепші болып отыр. Қазіргі таңда гастроэнтеролог пен терапевт пациенттерінің қатарын балалар, жасөспірімдер және жастар құрайды.

1.2. Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Денсаулық - зор байлық. Ауру-астан, дау- қарындастан (халық даналығы).
Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай -- ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді. Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. Екінші, тәулігіне бір -- екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш - немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт.
Бұл ретте дәрігер -- диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл -- күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Тәбет дегеніміз - аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.
ЖОО студенттерінің 46 пайызы күніне тамаққа 500-1000 теңге жұмсайтынын мәлімдесе, колледж студенттерінің 42 пайызы осы шамада азықтанады. 1000-2000 теңге аралығында ЖОО-ларда 38 пайызы, колледжде 41 пайызы тамақ іше алады. Университеттерде күніне 2 мың теңгеден жоғары сомаға ас ішетіндер - 16, колледжерде - 17 пайыз. Және сауалдамаға қатысқан студенттер ата-аналарымен тұра ма, әлде жатақханада тұра ма, бұл да ескерілген.
Енді осы сандардан-ақ студенттердің жартысына жуығы ашқұрсақ жүретінін аңғару қиын емес. Табыс тауып отырған ересектер қауымы күніне 500-1000 теңгеге шамамен не сатып алуға болатынын болжай алады. Тек түскі астың өзіне күніне орта есеппен 1200 теңге кетеді. Өсіп келе жатқан жас ағза уақтылы, кемінде үш мезгіл тамақтануға тиісті болса, онда денсаулықты сақтау межесі алыстай түсетіні аян.
Сондықтан да ЖОО студенттерінің 37 пайызында, колледждегілердің 29 пайызында асқазан-ішек жолдарында кінәрат табылып қана қоймай, емделіп, ауруханаға жатып шыққан. Тіпті ЖОО студенттерінің 54 пайызы, колледж студенттерінің 66 пайызы тамақтан уланған.
Аурудың аз дегенде 60 пайызы астан болатынын қарапайым тілмен түсіндіріп шыққан Қазақ тамақтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың мынадай тұжырымы бар:
- Ұлт денсаулығын сақтауда жастардың дұрыс тамақтана білуін жастайынан қалыптастыру, насихаттау ұсақ-түйек емес. Бұл мемлекеттік деңгейде ұдайы зерттеліп, бағамдалып отыратын іс болуы қажет. Біз жиі ауырамыз. Себебі денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз. Әлемде бәрі тез өзгеріп, өмір арнасы біздерді де өзгертуде. Сондықтан дені сау, табысты болып, ұзақ әрі белсенді өмір сүру үшін өз өміріңді жақсы арнаға бұру керек. Ал біздің міндетіміз - жастарды дұрыс тамақтануға дағдыландыру

2 БӨЛІМ: ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
2.1. Зерттеу әдісінің сипаттамасы.
Зерттеу жұмысы Жамбыл жоғарғы Медициналық колледжі базасында өтті. Экспериментке I және II курс студенттері, 15-18 жас аралығындағы студенттер және олардың мұғалімдері қатысты. Барлығы 160 адам. Топ жасын таңдау 15-18 жас аралығын қамтыды, себебі дәл осы уақыт аралығында жасөспірімдерде физикалық және рухани қасиеттер қалыптасады, сәйкесінше, жаман әдеттерге деген қызығушылық та осы жаста оянады.
Зерттеу объектісі - оқытудың құрамдық бөлігі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дұрыс тамақтану арқылы студенттердегі ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алу.
Зерттеу III кезең бойынша жүргізілді:
I кезең - Теориялық іздеу. Бұл кезеңде әдебиеттер зерттелді, проблемалық жағдайлар мен аурудың сипаты талданды. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құжаттарда көрсетілген ұғымдар талданды, ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы және қызметі, асқазан-ішек жолдары аурулары этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану ұғымдарының құрылымы мен мазмұны ашылып, оның өлшемдері құрылды; зерттеудің мақсаттары, міндеттері мен гипотезалары анықталды; студенттердің тамақтану режиміне, олардың аурудың алдын алу бағытында атқаратын іс-шараларымен танысып, зерттеу жүргізуге көмектесетін ерікті студенттер таңдалды. Студенттер ауруы деген қосымша атқа ие болған гастриттің пайда болу себептері мен аурудың өту белгілерімен танысып, гастроэнтеролог мамандармен сұхбат жүргізілді. Аурудың статистикасына мән беріліп, мамандарден кеңес алында. Аурудың салдарымен ғана емес, ауру этиологиясымен де күресу мақсатында студенттерге ағарту жұмыстары жүргізілді, денсаулықты сақтайтын мінез-құлық көзқарасын қалыптастырудағы Жалпы патология пәнінің рөлі зерттелді.
II кезең. Зерттеуге 160 адам қатысты. Олар Жамбыл Жоғарғы медициналық колледжінің 1 және 2 курс студенттері. Зерттеу 2020 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың қарашасына дейінгі кезеңді қамтыды.
Сондай-ақ, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушылары, педиатрлар, терапевтер, хирургтар мен жалпы білім беретін және жалпы кәсіптік пәндер оқытушылары арасында салауатты өмір салтының рөлін білу үшін сауалнама жүргізілді.
III кезең - аналитикалық - зерттеу деректерін жүйелеу мен жалпылауға, тұжырымдарды нақтылауға, зерттеу нәтижелерін тіркеуге, кесте құруғаарналған.
IV кезең - жалпы патология пәнінің теориялық және практикалық бөлімдерінің мазмұнымен байланысты болған ас қорыту жүйесінің патологиясы ұғымына толық анықтама беріліп, дәірігерлердің нақты кеңесі бойынша аурудың алдын алуға бағытталған кесте құрылды. Ол кесте бойынша дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың аурудың алдын алудағы рөлі зерттелді.

2.2. Материалдар мен зерттеу әдістері
Бүгінгі таңда студенттер арасында аурудың таралу деңгейін анықтауға және оның алдын алуға бағытталған көрсеткіштерін динамикалық бағалаудың әртүрлі әдістері бар, мысалы:
1. Сұрау әдісі (сауалнама, әңгіме)
2. Дайын мәліметтермен немесе ақпаратпен жұмыс.
3. Алынған мәліметтерді талдау және түсіндіру әдісі.
4. Ұсыныстар әзірлеу
Біздің жұмысымызда алынған нәтижелерді талдау әдісі студенттердің өз денсаулығын сақтау туралы хабардар болу деңгейінің жеткіліксіздігін және олардың өмір сүру салтындағы жағымсыз тенденцияларды анықтауға мүмкіндік берді.
Студенттердің қаншалықты дұрыс тамақтану деңгейін анықтау және асқазан-ішек жолдары ауруларының белгілері бар немесе жоқтығын білу мақсатында студенттерден сауалнамаға жауап беру сұралды (1 қосымша)
Сондай-ақ мұғалімдер арасында сауалнама жүргізілді. Алынған мәліметтерді талдау кезінде оқытушылардың пікірлері есепке алына отырып, қойылған сұрақтар мен алынған жауаптарға қорытынды жүргізіліп, тұжырымдама жасалды (2қосымша).
Мамандар студенттердің денсаулығын қалыптастыру үшін білім беру жүйесіндегі білім беру, тәрбиелеу және денсаулық сақтау мәселелерін кешенді шешуге негізделген салауатты өмір салты дағдылары мен қабілеттерін дамытудың кең педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану қажет деген пікірде. Соңғы жылдары инновациялық қызметтің осы бағыты шеңберінде білім беру мен тәрбиелеу жағдайында студенттердің өз денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша айтарлықтай теориялық материалдар және практикалық педагогикалық тәжірибелер жинақталды.
Сонымен бірге жаңа мыңжылдықтың басында денсаулық сақтауға бағытталған педагогикалық жұмыстың формалары мен әдістерінің тиімділігін төмендететін бір қатар мәселелер пайда болды. Денсаулық сақтау білімінің қазіргі жағдайының басты проблемасы - жүйелі кешенді жұмыстың болмауы. Себебі сабақ барысында студенттер аурудың себептерімен толық танысқанымен, ақпаратты толық алғанымен іс жүзінде жүзеге асыруға аса мән беріп жатқан жоқ.
Сонымен қатар, халықтың денсаулық деңгейінің тұрақты төмендеуіне, оның құнсыздануына байланысты студенттердің денсаулығын сақтау міндеті біртіндеп өзінің басымдылығын жоғалта бастады. Олай деуге негіз - ол студенттердің алынған мәліметтерге өз бетінше қорытынды жүргізе алмауы. Мысалы, асқазан-ішек жолдары ауруларының этиологиясының бірі салауатты өмір салтын сақтанбау, оның ішінде тиімсіз тамақтану. Сәйкесінше, оның профилактикасы ретінде теңгерімді тамақтануды қарастырамыз. Алайда, жылдам дайындалатын тағамдарды, тым майлы асты пайдалану, трансизомерлері бар азықты тұтыну - асқазанның шырышты қабатының зақымдалуына апарар жол екендігін студент түсінгенімен, іс жүзінде жүзеге асырып, зиян әректтерден шектеліп жатқан жоқ. Осы әлеуметтік жағдайда денсаулық пен оған деген жауапкершілік қатынасын қалыптастыру міндеті барған сайын өзекті бола түсуде. Асқазан-ішек жолдары аруларының таралу проблемаларын шешу үшін білім беру жүйесіне тиімді тамақтануды насихаттайтын нақты әдістер мен мемлекеттік білім беру саясатының талаптарына толық жауап беретін пәндерді практикаға енгізу керек. Сондықтан денсаулықты сақтаудан денсаулық қалыптастырушы білімге көшу қазіргі кезеңдегі елдің білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық векторы ретінде қарастырылады.
Аурудың алдын алып, дене салмағын бір қалыпта ұстап тұру мақсатында пайдаланылатын физиология пәні негізіндегі дене массасының индексі ұғымын студент өз бетінше анықтай алуы қажет.
Дене массасының индексі, ДМИ (ағылш. body mass index (BMI)) -- адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.
Студенттердің дұрыс тамақтану режимі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Университет гигиенасының міндеттері
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
Студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Бірқалыпты дұрыс тамақтану -денсаулықтың басты кепілі
Пәндер