Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғау
мазмұны
Кіріспе
1.Архитектуралық құрылыс бөлімі
1.1 Жалпы мәліметтер
1.2 Құрылыс ауданының сипаттамалары
1.2.1 Бас жобаның шешімдері
1.3 Көлемдік- жоспарлау шешімі
1.4 Конструктивтік шешімдер
1.5 Қоршаушы конструкциялардың жылу-техникалық есебі
1.6 Ғимаратты инженерлік жабдықтау
1.7 Сейсмикаға қарсы шаралар
2 Есептік-конструктивтік бөлім
2.1 Есептік берілгендері
2.2 Жүктемелерді жинақтау
2.3 Көлденең раманың статикалық есебі
2.4 Ұстынды есептеу
3 Құрылыс технологиясы және оны ұйымдастыру бөлімі
3.1 Жұмыс көлемінің ведомосы
3.2 Еңбек шығынының және қажетті машина тізімі
3.3 Өндіріс жұмыстарының негізгі тәсілдері
3.4 Негізгі құрылыс монтаж жұмыстарының өндірісі
3.5 Көрсеткіштер бойынша монтаждық кран есебі
.6 Құрылыстық бас жоспар
3.6.1 Жалпы мәліметтер
3.6.2 Административтік және санитарлы тұрмыстық уақытша ғимараттарының
аудандарын анықтау.
3.6.3 Уақытша сумен қамтамасыз ету.
3.6.4 Құрылыс алаңын уақытша электр жарығымен қамтамасыз ету.
3.6.5 Қойма шаруашылығының ауданын анықтау және түрін таңдау
3.6.6 Прожектордың қажетті санын есептеу
4 Технико - экономикалық негіздеу бөлімі
4.1 Қазақстан құрылысындағы инвестиция
4.2 Құрылыстағы сметалар
5 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология
5.1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары
5.2 Өндірістік санитария
5.3 Қауіпсіздік техникасы
5.4 Өрт қауіпсіздігі
5.5 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
5.6 Өнеркәсіптік экология
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Соңғы уақытта ауылшаруашылық техникасы жаңаруда, ескілерінің орнына
жаңа техника келуде, комбайндар ғарыш кемелеріне, ал тракторлар жарыс
болидтарына ұқсайды. Тек сыртқы түрі ғана өзгерген жоқ.
Заманауи ауылшаруашылық техникаларында қолданылатын бөлшектердің
сенімділігі жоғары және тозып біткенше жұмыс істеуге есептелген. Өйткені
техниканың алқапта жұмыс істеу уақыты барынша қысқа, бұл техникалар
сөткесіне 24 сағат және жұмасына 7 күн жұмыс жасауы тиіс. Осындай
режимдегі басқа техникалар сияқты қозғалтқыш бөлшектері тез тозады да олар
жиі жөндеуді талап етеді.
Соңғы кездері АӨК-де Еуро-3 стандарттары бойынша заманауи техникалар
саны көбейді. Осы техникалардың бәрі бұрынғыға қарағанда сапалы жөндеуді
талап етеді. Сондықтан да фермерлер, бағасы қымбат заманауи техника иелері
өз машиналарын жөндеу үшін күрделі заманауи ауылшаруашылық техникаларын
жөндей алатын сервистік орталықтарды таңдайды.
Орман шаруашылықтарында да техникалық және маусымдық қызмет көрсету
жұмыстары мен мамандандырылған жабдықтарды талап етпейтін ағымдағы жеңіл
жұмыстарды, ал мамандандырылған жабдықтары мен білікті кадрлары бар жөндеу
кәсіпорындары еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды жүргізулері тиіс.
Қазір бірде бір өндіріс техникасыз тұра алмайды. Тракторлар –
ауылшаруашылық, құрылыс өндірісінің, орман шаруашылыңғы мен халық
шаруашылығының басқа да салаларының қажымайтын жұмыс көздері.
Техниканы пайдалану - көп жұмысты қажет етеді. Шаруашылық жүргізушілер
техниканың жиі жөнделетінін және бөлшектерінің жиі ауыстырылатынын жақсы
біледі. Автомобииль және трактор техникасына көп күш түседі. Тракторларды
пайдалану үнемі сауықтыруды, жөндеу мен бөлшектерін ауыстыруды қамтиды.
Ауылшаруашылық техникаларының әлемдік нарығы қазіргі уақытта тұтыну
нарығы болып табылады. Жетекші фирмалар - тракторлар мен ауылшаруашылық
машиналарын шығарушылар өз техникасын тұтынуы үшін бәсекелестік күрес
жүргізеді. Осы жағдайларда техниканың сапасы және басқа да тұтыну
қабілеттерімен қатар оны іске асыруда сервистің маңызы зор. Ауылшаруашылық
машиналары нарығында ұсыныс әлі қалыптаспаған деп айтуға болады. Оның
секторлары да анықталған жоқ: жаңа техника жеткізу; бұрын пайдаланылған
техника қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдары, кепілді және кепілден
кейінгі қызмет; күрделі жөндеу және базалық тораптар мен агрегаттарды
қалпына келтіру.
Ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын техника жеткізумен қатар
кепілді және сервистік қызмет көрсетуді және оқытуды жүзеге асырады.
Көптеген делдалдармен салыстырғанда кәсіпорынның басымдығы мен бәсекеге
қабілеттілігі:
- жоғары білікті құрамның болуы есебінен қызмет көрсету сапасы мен
сенімділігі;
- тұтыну сұранысына жауаптың жеделдігі;
- икемді баға саясаты болып табылады.
Ауылшаруашылық техникасы сервисі отандық нарығының болашағы ҚР барлық
аумағында кеңінен тараған филиалдары бар, фирмалық орталықтарда немесе
арнайы кешенді оқу орындарында оқудан өткен жоғары білікті менеджерлер
мен механиктер штаты бар мамандандырылған компаниялардың қолында. Міне,
агротехмаркеттері бар осындай ұйымдар жаңа және бірнеше жыл жұмыс істейтін
машиналар паркінің тиімді жұмысын арт тыруға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсетудің
шетелдік тәжірибесі оларға қызмет көрсету жүйесінің қағидаттары,
фирмалардың өздері шығаратын техникаларының барлық пайдалану мерзімінде
және машинаның барлық режимінде жұмыс істеуіне жауапкершіліктері Қазақстан
Республикасы экономикасының аграрлық секторында техникалық сервисті
дамытудың маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан өнеркәсібін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар
даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен
келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық
экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр. Айтқым келгені, осы жобаланып
отырған Павлодар қаласындағы мини – трактор құрастыру зауытының өндірістік
корпусы заман талаптарына сәйкес және сол аймақтың тұрғындарын жұмыспен
қамтамасыз ететін маңызды нысана болып табылады. Ауыл шаруашылық
инфрақұрылымды агроөнеркәсіп секторынан тыс қарастыруға мүмкін емес. Бұл
сектор ескі өндірістік қарым-қатынастың ыдырап, жаңаның қалыптасуына
байланысты дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Алайда, соңғы жылдары
тұрақтанып, қазіргі уақытта жаңа кезеңге аяқ басты. Яғни, бұл кезең әлемдік
өндіріс және ауыл шаруашылық өнімдерін сату жүйесіндегі ашық экономикада
саланың тиімді дамуын қамтамасыз етпек. Ауыл шаруашылықтың халық
шаруашылығының маңызды саласы екені белгілі. Елімізде өндірілген ауыл
шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігі болу үшін аграрлық
саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ауылшаруашылығының тұрақты
дамуы саланың өзіне тікелей экономикалық әсер етеді; агроөнеркәсіп кешеніне
– жанама, ал АОК – мен байланысты салаларға мультипликативті әсер береді.
Президент Н.Ә. Назарбаев қазақстан халқына Жолдауныда аталмыш мәселеге
ерекше көңіл бөлген болатын. Ахуалды көтерудің негізгі факторларының бірі
агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық дамуы.
Ауданда жобаланып отырған өнеркәсіптік ғимараттың конструктивтік
элементтері мен технологиялық процестері заман талаптарына сәйкес және
толықтай экономикалық есептеулер арқылы таңдалған. Яғни жобаланып отырған
ғимарат экномикалық жағынан өзін-өзі толықтай ақтайды. Қазіргі заманның
талаптарына сәйкес ғимаратта орналастырылған өндіріс және технологиялық
құрал жабдықтар, қолмен істелетін жұмыс көлемін 25% қысқартады, ал өнім
өндіру көлемін 30% ұлғайтады.
Ғимаратты тұрғызуға арналған конструктивтік элементтер үшін
мүмкіндігінше арзан және тиымды материалдар таңдалған. Дәлірек айтқанда,
металл шығынын шамамен 14-16 %, цемент шығыны 10-12 %, ал ағаш
конструкциялардың шығыны 12-14 % мөлшерінде қысқартылды. Мұндай
экономикалық шараларды қолдану- құрылыстың сметалық құнын едәуір
азайтады. Сонымен қатар, құрылысқа қажетті материалдарды өндіретін
заводтар мен цехтардың құрылыс орнынан алыс орналаспағаны да
ескерілген. Осы завод пен цехтардың әкімшіліктерімен алдын-ала
келісімшарт жүргізілген. Яғни, құрылысқа қажетті материалдар мен дайын
өнімдер тікелей және уақытысымен толықтай қамтамасыз етіліп тұрады.
Осы жобалап отырған Павлодар қаласындағы мини – трактор құрастыру
зауытының өндірістік корпусы дипломдық жобаны әрі қарай ғылыми
ізденістермен толықтырып, конструктивтік элементтерін дұрыс таңдап,
құрылыстытың сметалық құнын мүмкіндігінше арзандатуға тырысамын.
1. Архитектуралық құрылыс бөлімі
1.1 Жалпы мәліметтер
Құрылыс орынының табиғи климаттық жағдайы
Дипломдық жоба тақырыбы Павлодар қаласындағы мини – трактор құрастыру
зауытының өндірістік корпусы. Қолданылатын аймағы Павлодар қаласы. Өңір
климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта,
мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Сыртқы ауаның есептік температурасы.
- ең суық бес күндік tH 5 -380
- ең суық тәуліктегі tH c - 39 (С
Қар салмағы немесе қар жауу қалыңдығы 70 кгсм2, [1] таблица –2
-жердің тоңу деңгейі 190 см
-желдің жылдамдығы мен қайталануы –38 кгсм2
Қысы қауырт құрлықтық суық, жазы қоңыржай ыстық. Құрылыс-климаттық
аудандауға сәйкес Павлодар қаласы ІВ қосалқы ауданына жатады. Ең ыстық
шілде айы ауасының орташа айлық температурасы 21,7 о , абсолюттік
температура максимумі + 42 о . Қаңтардың күндізгі температурасының орташа
айлық белгісі -17,6 о , -23 о құрайды, ал абсолюттік минимумі -47 о .
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық
және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ
және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері
күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48ӘС-
қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке
қарай 19 ӘС-тан 22,2ӘС-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41ӘС-қа дейін
барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай
292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық
мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-
батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 мс. Көктем мен
күзде жылдамд. 15 мс-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып
тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және
желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының
соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында
алғашқы қар түседі.
Ғимараттардың типтік талаптарын анықтайтын табиғи-климаттық
факторларды ескеру қажет. Жазда ғимаратты жылу өтуден, ал қыста жылуды
сақтау шаралары жасалынады.
1.2 Құрылыс ауданының сипаттамалары
Мини – тракторлар құрастыру зауытының өндірістік корпусы Павлодар
қаласының оңтүстік бөлігінде 2000 метр қашықтықта орналасқан. Оның қамтып
отырған алаңы төрт бұрыш түрінде келген. Жалпы алып отырған ауданы 33800
м2. Оңтүстік- батысқа қарай ылдыйлы.
Жері негізінен тегіс және өсімдік қабаты жоқ. Жобаланып отырған
ғимарат қаламен салыстырғанда жел бағытының төменгі жағында орналасқан.
Шығарылған дайын өнімді негізінен жалпы шаруашылық қоймасында
сақтайды.
1.2.1 Бас жобаның шешімдері
Жобаланып отырған өндірістік ғимарат бұйымдар мен бөлшектер
комплектілерінен мини – ауылшаруашылық техника құрастыратын және шығарын
өнеркәсіптік мекеменің бөлігі болып табылады. Бұл ғимаратты Семей
қаласында салуды көздеп отырмын.
Өнеркәсіптік мекеменің ауласында әкімшіліктық блок, котельня және
оған жанамаланып тұрған жанар жағар қоймасы, бұйымдар мен бөлшектер
комплектілерін сақтау қоймасы, дайын өнім қоймасы, ацетилен баллон сақтау
қоймасы, автотұрақ және трасформатор подстансасы орналасқан.
Құрылыс ауданындағы топырақ – қатты супес, табиғи негіз болып
табылады. Жердің қату тереңдігі – 2,0 м, топырақ астындағы су деңгейі 4 м.
R0=0,25 МПа.
Алаңша бетіндегі жобалау ылдыйлығы 0,3-0,7% аралығында болады.
Жауын-шашын суларынын көкалға кететіндей арықты жолақтар
қарастырылған.
Өнеркәсіптік ғимарат териториясында шикізатты, жанармай мен дайын
өнімді тасымалдап тиеп-түсіруге арналған алаңша ескерілген.
Алаңды көкалдандыру үшін көп жылдық шөп отырғызылған және алаңның
периметрі бойынша түрлі ағаштар отырғызылған.
Жалпы територия аймағын биіктігі екі метр болатын темір-бетон
плиталар мен қоршаған.
Құрылыс басталмай жатып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде,
ондағы топырақ қабатының биіктігі 15см-лік құнарлы қабаты кесіліп алынады.
Кесіліп алынған топырақ қабатының үштен бір бөлігін алаңды көріктендіру
жұмыстарына қалдырылады, ал қалғаны сыртқа шығарылып тасталады.
Жер бетінің еңісі атмосфералық жауын-шашын суларының арыққа ағып
кетуін қамтамасыз етеді.
Жолдар мен тротуарлар және алаңдар жабыны асфальтты төсемнен және
темір-бетонды плиталардан жасалады.
Бас жобадағы құрылыстың орналасуы ҚМжЕ II-90-89 бойынша
есептеліп жел бағыттары есре отырып қабылданған. Жұмысшылардың
демалуына қолайлы жағдай жасау үшін және жұмыс орнын көркемдету үшін
санитарлы-гигиеналық жағдайларды ескере отырып бос қалған жерлер
көкалдандырылған. Көкалдандыру- көп жылдық шөптер мен бұталы өсімдіктер
және әр - түрлі қылқанды жапырақтармен орындалады. Өнеркәсіптік
ғимарат келесі технологиялық аймақтардан тұрады:
– механикалық-құрастыру аймағы;
– дәнекерлеп - пісіру аймағы;
– токарлы-слесарлы аймағы;
– бояу аймағы
Автокөлік пен адамдардың барлық жағынан кіруіне ыңғайлылық тудыру
мақсатында жобаланып отырған ғимарат өнерқәсіптік мекеменің ортасында
орналасқан, (бұл ғимарат негізгі өлшемдері 60х108 м. ).
Бас жобаның ТЭК
Кесте 1
№ Аталуы Өлшем Ауданы
бірлігі
1 Өнеркәсіптік мекеменің жалпы 33800
ауданы м²
2 Пайдаланылатын ауданы 24900
м²
3 Құрылыс ауданы 17900
м²
4 Көкалдандыру ауданы 8880
м²
5 Асфальтты жол ауданы 7020
м²
6 Көкалдандыру коэффициенті - 0,26
7 Территорияны пайдалану - 0,74
коэффициенті
1.3 Көлемдік- жоспарлау шешімі
Цехтың жобадағы өлшемі- 60000х108000 мм және өндірістік бөліміннің
биіктігі еденнен стропилалық конструкцияға дейін 12,3 м. Бұл өлшем цехта
орындалатын технологиялық процестерге байланысты қабылданған.
– Осы салынатын ғимарат екі аралықтан (әр қайсысы 30м - ден) тұрады,
бойлық бағытында ұстын қадамы 12м, биіктігі фонарь үстімен 18,8 м құрап
отыр; әкімшілік – тұрмыстық блок қосарланып соғылған. Өнеркәсіптік
мекемесінде орындалатын технологиялық процесс аралықтардың бойымен, әр
аралығында көтеру мүмкіндігі 10 т құрайтын екі көпірлі кранмен
жүргізіледі. Бұл жоба МемСТ және ҚНжЕ талаптарына сай орындалды.
Қабырғаларының сыртқы өндеуі: құрамалы дайын темірбетонды
панелдерінің тек жіктерін ғана сылақпен толықтырады.
Ғимараттың ішкі қабырғаларының өндеу жұмыстары келесі шарттарды
қанағаттандыра отырып жүргізіледі:
1. Эстетика
2. Санитарлы-гигиеналық талаптар
3. Өрт қауіпсіздігі
4. Архитектуралық әсемдік
Ғимаратың тағайындалуына байланысты оны ғұмырлық және өртке
төзімділік деңгейімен мінездейді. Жобаланып отырылған ғимарат ұзақ
мерзімді қызмет атқаруға есептеп салынады, және оны салуға төзімділігі
жоғары және ұзақ конструктивтік элементтер мен материалдар таңдалуы
тиіс. Ғимарат мінездемесі:
– ғұмырлығы I ( 100 жылдан кем емес);
– өртке төзімділігі I;
– ғимарат класы II.
Көлемдік- жоспарлау шешімідері бойынша
технико-экономикалық көрсеткіштер
Құрылыстың пайдалы ауданы Ап =
6530 м2
- Жұмысшы ауданы
Аж = 6393 м2
- Құрылыс көлемі
Vқұр = 111018 м3
- Конструктивтік аудан Ак= 137 м2
- Көлемдік жоспарлау шешімді сипаттайтын коэффициент
k1= VқұрАп = 17
- Көлемдік жоспарлау шешімінің тиімділігі коэффициенті
К2
= АжАп = 0,97
- ықшамдылық коэффициенті (компактности здания) К3 = 0,02
- пішінінің тиімгілік коэффициенті К4 = ПоVстр =
0,016
Технологиялық процесті сипаттау
Бұйымдарды құрастыру өндіріс бағдарламасы осы құрастыру цехының
технологиялық процессін жобалау негізі болып табылады. Осы жобаланатын
мини-тракторлар құрастырушы цехқа комплект бұйымдарды шығарушы заводтармен
бірігіп жұмыс жасайтынын көзделіп отыр, яғни сол заводтардан келесідей
агрегаттар, түйіндер алынады:
- қозғалтқыш;
- электрқондырғылар;
- трансмиссияның түйіндері мен бөлшектері;
- жүру бөлігінің түйіндері мен бөлшектері;
- қаңқаның, қарының, кабинаның бұйымдары және т.б.
Тұрмыстық бөлмелер құрамына гардероб (сол жерде тамақтану бөлмесі
жобаланады), жуыну, душ, сантүйіндер.
Қызмет кабинеттері құрамына әкімшілік-техникалық персоналдың қызмет
бөлмелері кіреді ( цех бастығы, мастерлер, технологтар, ОТК контролерлары).
Цехта орнатылатын қосымша қызмет бөлмелері (немесе
аймақтары),келесідей өндіріс технологияларына қажет:
– техникалық бақылау аймақтарына;
– түйіндер мен бөлшектердің аралық қоймалары;
– қосалқы материалдар қоймалары;
– құрал - саймандар қоймасы;
– цехтің механигінің шеберханасы.
Цехта бұйым жылжымалы ағымды әдіспен құрастырылады (бұйым бір жұмыс
орнынанан екінші жұмыс орнына жылжиды).
Өндіріс аймақтары – бұл негізгі мини тракторларды құрастыру
технологиялық процессі жүргізілетін цех аймақтары.
Негізгі өндіріс аймақтары келесідей ретпен орналасқан:
– токарлы-слесарлы аймақ;
– пісіріп - дәнекерлеу аймағы;
– бояу аймағы;
– механикалық-құрастыру аймағы.
Токарлы-слесарлы аймақ
Бұл аймақта қажетті металкескіш және слесарлы қондырғылар бар.
Бұл аймақта жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
– зауыттардан келмейтін бұйымдарды жасау;
– штамповкаларды, құймалы, кузнечных жартылай – дайындамаларды өңдеу;
– осы аймақта дайындалған бұйымдарды термиялық және гальваникалық өңдеу;
– бұйымдарды бақылап қабылдау.
Пісіріп - дәнекерлеу аймағы
Бұл аймақта пісіріп – дәнекерлеу жұмыстарын (рама, кабина және басқа
да түйіндерді, сол сияқты пісіріп – дәнекерлеу жұмыстарын бақылап қабылдау)
жасауға қажетті қондырғылар орнатылған.
Бояу аймағы
Бұйымдар мен түйіндер боялу үшін токарлы-слесарлы және пісіріп -
дәнекерлеу аймақтарынан әкелінеді.
Бұл аймақта бояудан бұрын дайындау жұмыстарын жүргізу бөлімі
қарастырылған, яғни бұйымдар мен түйіндерді тазалау және жуу. Бояу
бөлімшелері бұйымдар мен түйіндерді кептіру үшін жедетіледетілетін
қондырғылармен қамтылған.
Механикалық-құрастыру аймағы
Өндірістік процестің ең соңғы жұмысы болып, құрастыру болып табылады.
Пісіріп - дәнекерлеу жұмыстарының сапасы машинаның эксплуатациялық
сапасына, оның ғұмырлығы мен беріктігіне әсері мол. Құрастыру жұмыстары
көлемі бұйымдар мен түйіндерді даярлау жұмыстарының жалпы еңбек
сыйымдылығының орта есеппен 20-30% құрайды, кейбір кезде 50% - ға жетеді.
Механикалық-құрастыру аймағында келесі бөлімдер бар:
– дайын бұйымдарды шығару бағдарламасына сәйкес бұйымдар мен түйіндерді
сақтау қоймалары;
– құрастыру конвейері.
Осы өндірістік процесстің қорытынды операциясы ретінде, құрастыру
конвейерінің стендінде мини тракторларды алдын ала стационарлық айдап
сынау болып табылады.
Ғимарат жобаланғанда күндізгі табиғи жарықпен қамтамасыз етілу
шаралары ескерілген. Оған арнайы терезелер орнатылған.
Киім ауыстыратын бөлменің (сырт киімге арналған - онда ДД-333
ағаш шкафтары орналасқан, жұмыс киімге арналған - ДД-322 ағаш
шкафтары) ауданы 16,38м.
Жуынатын бөлмесінің ауданы 4,86 м.
Ғимараттың ішінде сонымен қатар санитарлы-гигиеналық талаптарға
сәйкес салынған бөлмелер: дәретхана, киім шешетін бөлме, жууынатын бөлме,
тамақ ішетін бөлме. Бұл бөлмелердің ҚМжЕ талаптарына сәйкес өлшшемдері
қабылданған. Сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздік шараларын ескере
отырып, эвакуациялық жағдайлар кезіндегі есіктердің ашылу бағыты мен
өлшемдерін ҚМжЕ талаптарына сәйкес қабылданған. Негізгі бөлмелер
мен көмекші бөлмелер арнайы бөлме аралық қабырғалармен бөлінген.
Кесте 2
Бөлмелер экспликациясы
Өлшем Жалпы
№ Бөлменің аталуы бірлігіауданы
1 Токарлы слесарлы аймақ 1458,40
м
2 Пісіріп дәнекерлеу аймағы 1458,40
м
3 Бояу аймағы 1759,86
м
4 Механикалық құрастыру аймағы 1821,63
м
5 Сантүйін 17,77
м
6 Гардероб 18,0
м
7 Қосалқы материалдар қоймасы 18,0
м
8 Құрал саймандарды тарату, сақтау 18,0
қоймасы м
- Құрылыс ауданы
По = 1134 м2
- Қабырғалар ауданы
С = 1539 м2
- Құрылыс көлемі
Vстр = 10773 м3
- Көлемдік коэффициент К2
= VстрПо = 9,5
- ықшамдылық коэффициенті (компактности здания) К3 = VстрС = 7

0,105
1.4 Конструктивтік шешімдер
Жобаланған ғимарат төрбұрышты пішінді, өлшемі 60х108 м. Өндірістік
бөлімі қаңқалы, екі аралықтн тұрады, өлшемі 30 м, цех биіктігі еденнен
стропилалық конструкцияға дейін 12,3 м, ал кран бөлігіне дейін белгі 7,950
м. Қаңқалы ғимарат ұстындар мен стропилалық конструкциялардың байланысынан
тұрады, және оның қатаңдығын сол қаңқа қамтамасыз етеді, ілмелі
темірбетон панелдерден жиналған. Ұстын және іргетас байлыныстары қатаң.
Контрукция элементтерін таңдау
Іргетас – стакан типті құймалы, сол құрылыс орнында жасалады. Бетон
класы В 12,5. Іргетасты отырғызу тереңдігі - 2,25 м, жердің тоңу деңгейіне
байланысты..
Шеткі қатар ұстындары – біртармақты тік төрт бұрышты пішінді
(өлшемдері 800х500 – кран асты бөлігі, 600х500 – кран үсті бөлігі)
консольді, кран асты арқалықтарды сүендіру үшін.Іргетасқа кіру тереңдігі -
1200 мм;
Ортанғы қатар ұстындары – екітармақты, тармақ ені 250мм, тік төрт
бұрышты пішінді (өлшемдері 1600х500 – кран асты бөлігі, 900х500 – кран үсті
бөлігі) кран асты арқалықтарды сүендіру үшін консольді етіп жобаланған.
Іргетасқа кіру тереңдігі - 1200 мм;
Фахверк ұстындары – 12 м аралықта орнатылады, 400х400 өлшемді аспалы
қабырға панельдерін монтаждау үшін қолданылады. Іргетасқа кіру тереңдігі -
650 мм;
Ұстынның іргетасқа кіру орындары – 3 қабат қара қағазбен оралып битум
мастикасымен жағылады.
Тік байланыстар – орнықтылықты және қатаңдықты қамтамасыз етеді.
Ғимарат екі температуралық блокқа бөлінген, 54 м ортасында порталды
байланыстар (вертикал) орнықтылықты және қатаңдықты қамтиды. Байланыстар
бұрышшалар өлшемі 63х63х8 жасалады, ұстынның салмалы бұйымдарына пісіріліп
бекітіледі;
Кран асты арқалықтар - болаттан, биіктігі 1,25 м. Ұстынға пісіріп
және анкер болттарымен консоль бөлігіне бекітіледі;Жабынның көтергіш
конструкциясы – сегментті фермалар, аралық ұзындығы 30 м;
Жабынның конструкциясы – қырлы плиталар өлшемі 3х12, биіктігі
450 мм, алдын ала кернеуленген. Фермаға салмалы бұйымдар арқылы бекітіліп,
цементті құм ерітіндісімен бекітіледі. Шатыры – рулонды, бір қабат қиыршық
тас битум мастикасына ерітілген, 3 қабат рубероид битум мастикасына
ерітілген, цементті құм ерітіндісі, жылытқышы көбікті бетон, бу оқшаулау
қабаты бір қабат рубероид;
Жабын суағары - ішке ағады, канализация құбырына ағызылады;
Светоаэрациялық фонарьлары – тік төртбұрышты пішінді, әр аралықтың
ортанғы бөлігінде орнатылған. Фонарь конструкциясы темірбетон рама, ені 12
м.
Қабырғалары – 1,2 х 6х 0,3 м және 1,8 х 6х 0,3 м құрамалы керамзитті
темірбетон панелдер.
Едені – мозайкалы ленолиум, астынан бетон құйылған және асфальтты
бетонды.
Аралық қабырғалары панельді, қаңқалы щитті конструкциялы, метал
немесе фибролитті қаңқалы, биіктігі 3м.
Қақпалар саны 6, өлшемі 3,6х4,2 м, екі есікті.

Қоршаушы конструкцияның Rжылу беру кедергісі қажетті жылу беру
кедергісінен Rкем болуы керек.
Сыртқы қабырғаның қажетті жылу өткізгіштіккедергісі мына формуламен
анықталады.
R
(1.1)
мұндағы - конструкция бетінің сыртқы бетіне сәйкес
коэфицент.
- ішкі ауаның есептік температурасы(С). Бойынша
мамандандырылған өсімдік майын өндіретін цехтың ішкі температурасы
= 16С.
- ішкі температурамен конструкцияның ішкі бетінің
темпнратурасының арасындағы айырмашылық. = 6С.
- конструкцияның ішкі бетінің жылу беру коэфиценті.
=8,7 вт мС.
Ал конструкциялардың жылу беру кедергісі мына формула арқылы
анықталады.
R=1+ R+1
(1.2)
мұндағы - конструкцияның сыртқы бетінің жыллу беру
коэфиценті. = 23 вт мС.
R- конструкцияның термиялық кедергісі.
R= R+ R+ ... + R
мұндағы R R... R- конструкцияның жекеленген
қабаттарының термиялық кедергісі.
Сыртқы қабырға қалыңдығын анықтау
Сыртқы қабырғалар ірі панельді темірбетон плитадан құрылған.
Материалдың тығыздығы бойынша жеңіл бетонға жатқызылады. =1800
кгм.
Құрылыс аймағы ылғалдылығы бойынша – құрғақ.
Қабырғаның есептік схемасы мен материалдың жылу-техникалық
мінездемесі төмендегідей:
Қаңқалы блогында қабырға:
- керамзиттібетон λ1,3 = 0,92 Вт( оС ·м2), γ = 1800 кгм3;
Жылыту периодында :
Мұнда tint = 18 оС – ішкі ауаның есептік температурасы;
tht және Zht – + 8 оС тан төмен болатын периоддың температурасы және
мерзімі.
Қабырғаны жылу өткізгіштіке қарсыласуын анықтаймыз:
-
4000 -
1,8
6000 -
2,2
есептік жылу өткізгіштіке қарсыласуы оС ·м2Вт.
Мөлшерлі жылу өткізгіштіке қарсыласуы :
оС ·м2Вт,
мұндағы a және b коэффициенттері ҚНжЕ 23-03-2003, 4-кестеден алынады. .

= теңестіріп, қабырға панелінің қалыңдығын анықтаймыз:
, м.
Қабырға панелінің қалыңдығы 300 мм етіп қабылдаймыз.
Ғимараттың қаңқалы бөлігіндегі жабын конструкциясының жылытқыш қалындығын
анықтау
Жабын конструкциясы:
- Битум мастикасына ерітілген қиыршық тас қорғаушы қабаты;
- Су оқшаулау қабаты 3-қабатты линокром λ1 = 0,17 Вт( оС ·м2), δ 1 = 12
мм, γ = 4 кгм2;
- Құмды-цементті ерітінді λ2 = 0,93 Вт( оС ·м2), δ 2 = 15 мм,
γ = 1800 кгм3;
- Жылытқыш – пенобетон λ 3= 0,05 Вт( оС ·м2), γ = 40 кгм3;
- Буоқшаулау қабаты – 1 сқабат полиэтилен пленкасы;
- Цементті құм сылағы λ4 = 0,93 Вт( оС ·м2), δ 4 = 20 мм,
γ = 1800 кгм3;
- ТБ құрастырмалы жабын плитасы 6х12 м сөре қалыңдығы δ 5 = 30 мм,
λ5 = 2,04 Вт( оС ·м2).
Сурет 1. Жабын қимасының сұлбасы
Мөлшерлі жылу өткізгіштіке қарсыласуы:
-
4000 -
1,8
6000 -
2,2
болғанда, жылу берудің есептік қарсыласуы оС ·м2Вт.
Мөлшерлік жылу беру кедергісінің мәні :

,
мұндағы - қоршаушы конструкциясының ішкі бетінің жылу өткізу
коэффициенті, кесте. 4, ҚНжЕ II-3-79*;
- қабат қалыңдығы;
- есептік жылу өткізу коэффициент;
- сыртқы конструкциясының жылу беру коэффициенті, кесте. 6 ҚНжЕ II-
3-79*.
Екеуін теңестіріп = жылытқыш қалыңдығын анықтаймыз:
, м.
Жылытқыш материалы пенополистирол, қалыңдығын - 120 мм етіп қабылдаймыз.

Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғау ҚР ҚНжЕ бойынша
жүргізіледі.
Құрылыс ауа ылғалдылығы 60 % аспағанда және газ агресивтілігі
жүргізіледі. Темірбетон конструкцияларына газ ортасы әсер етпейді.
Ғимараттың металл конструкциялары мен болат байланыстырғыштары
бөліктері қоррозияға қарсы майлы сырмен сырланған. Және
конструкциялардың қажетті шамада желдетілуі қамтамасыз етілген.
Өртке қарсы шаралар
Өртке қарсы шаралар әдебиет бойынша жүргізілген. Ғимарат өртке
төзімділігі бойынша 2-классқа жатқызылады.
Шұғыл жағдайларда ғимаратқа өрт сөндіру машиналары тосқауылсыз
жақындай алатындай айналасынан жол салынған. Өрт сөндіруге арналған
су крандары сыртта қолдануға оңай жерде орналастырылған.
Ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктерін өндеу жұмыстары үшін
жанбайтын материалдар қолданылған.
Эвакуация кезін ескере отырып есіктер іштен сыртқа қарай
ашылатындай қойылған.
Тоқпен қамтамасыз ету
Өсімдік майын өндіретін цехтің тұтынушылары мен ішіндегі
жабдықтарын 380\220 В кернеулікті электр энергиямен қамтамасыз ету
үшін, алаңның бұрышынан қойылған РУ-0,4 кВ шағын трансформатор
станциясы іске асырылған.
Апаттық тәртіпті және жұмыс жағдайын ескере отырып 0,4 кВ
күшімен есептелген кестеде келтірілген ТЖ 0,4 кВ дөңгелектегі
орташа түсу салмағы бойынша қуаты 250 кВ әр күшті трансформаторлар
қабылдайды.
Сумен қамтамасыз ету
Жоба бойынша өндіру және шаруашылық, тұрмысқа қажетті судың
мөлшері:
1.Өндіріске қажетті – 162 мтәулік.
2.Шаруашылық тұрмысқа қажетті – 6,8 мтәулік.
Цехті сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті су жүйесіне d=100м
құбыр жалғанған. Яғни, шойын және болат цинктелген су құбырымен
ГОСТ 3262-73 қамтамасыз етіледі. Су құбырларының антикоррозиялық және
аяз кезінде қатып қалмау шаралары қамтамасыз етілген.
Ғимарат сапасын қамтамасыз ету
Тұрғызызып жатқан ғимаратымыздың қосып алғандағы сапасы
шегендеп бекіту, арматуралау және бетондау жұмыстарының сапасына
байланысты болады. Конструкциялар технологиялық күш түскепде берік
болуы керек, формаларының дұрыстығы мен мөлшерлерінің дәлдігін
қамтамасыз етілген.
Құрылыс аланына жеткізілетін дайын элементтер байқаудан және
аспаптық тексерістен өткізіледі.
Арматуралар мен арматуралық бүйымдардың сапасына арнайы
құжат-сертификатпен кепілдік беріледі. Онда дайындаушы зауыттың аты,
партиясының нөмірі, шығарылған мерзімі, болаттын класы мен танбасы, оның
химиялық құрамы, диаметрі мен механикалық қасиеттері көрсетіледі.
Тұтас құймалы бетон түзілістерінің сапасы көп жағдайда дайындалған
бетон қоспасының ерекшеліктеріне және оның қатыру процесіндегі күтімге
байланысты. Құйылғаннан кейін бетон қоспасының сапасын мына талаптамен
қадағаланған: температуралык-ылғалды қолайлы режимді ұстап тұрып,
қатқылданған бетонды соққыдан, жарылудан және басқа да механикалық
әсерлерден, температураның күрт өзгеруінен және тез кеуіп, қүрғауынан
сақтау. Бетонды жауып, суару бетондағаннан кейін 10—12 сағаттан
кешіктірілмей, ал ыстық және желді күндері 2—3 сағаттан кейін басталады.
Егер сыртқы температура 15°С және одан жоғары болса, алғашқы үш күні күндіз
кемінде 3 сағат сайын және түнде бір рет суарады, ал одан кейінгі күндері
бетон 70 проценттік жобалық беріктігіне әдетте 7—15 кун жеткенше тәуліғіне
үш рет суарылады. 5°С және одан төмен температурада бетонды суармайды. Оғаң
күтім жасау шаралары, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімі, орындалуына
бақылау жасау өндірістік жұмыстардың жобасында қарастырылады.
. Өндірістік жұмыс орындарында дайындалған қосымша үлгілерді бақылауға
алынған түзілістердегі бетондар тәрізді қатқылдану жағдайына сай сақталады.
Бүған қоса түзілістердегі бетонның сапасы беріктігін, аязға төзімділігін
және бұрғыланған керндерде су өткізіштігін сынау жолымен анықталады.
1.7 Сейсмикаға қарсы шаралар
Сейсмикаға қарсы шаралар ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 бойынша орындалған.
Ғимарат 7 балдық сейсмикалық ауданда орналасқан. Цех ғимараты
қаңқалы жабыны арқылы қатаң бекітілген. Өзін-өзі көтергіш қабырғалары
қаңқамен топсалы байланысқан. Ғимараттың көтергіш контрукциялары
көлденең және тік жүктемелерді қабылдап кеңістікте орнықты жұмыс
істейтіндей есептеп қабылданған. Және олардың сейсмикалық шұғыл
жағдайларда да ғимараттың орнылықтылығын қамтамасыз етуге арналған
қоры бар.
2 Есептік-конструктивтік бөлім
2.1 Есептік берілгендері
Цехтың ғимараты осьтегі өлшемі 60х108 м тік төртбұрышты пішінді.
Еденнен стропилалық арқалықтарының төменгі деңгейіне дейінгі биіктік
12,3м. Ғимараттың қабылданған элементтері мыналар:
• Жабын плиталар 3х12м
• Сегментті ферма
• Ұстындар екітармақты және біртамақты
• 1,2 х 6х 0,3 м және 1,8 х 6х 0,3 м өлшемді жиналмалы көтермелі
қоршаушы қабырғалар
• Іргетас – тұтас құймалы темірбетон 12,5.
• Құрылыс орны – Павлодар қаласы
• Топырақ – саздақ
• Есепті қар жүгі Р0=70 кгсм2
• Жел арыны q0=38 кгсм2
2.2 Жүктемелерді жинақтау
• Жабын плитасы 3х12
• Алдын – ала кернеленген арматура АТ–V
• Кәдімгі арматура А–ІІ
• Арматуралық сым ВР–ІІ
• Бетон класы В40
Кесте 4
1 м2 жүктерді жинақтау
№ Жүктер түрлері qH Hм2 λ qР Hм2
1 2 3 4 5
А – тұрақты
1 Битум мастикасына ірілген тас қиыршығы 100 1,2 120
2 Битум сіңірілген 3 қабатты рубероид 150 1,2 180
3 Цементті қабаттан қалыңдығы δ=15 мм 400 1,3 520
4 Жылытқыштан (керамзит тас қиыршықтан) δ=100600 1,2 720
мм, λ=600 кгм2 (0,1х6)
5 Будан қорғайтын қабат 50 1,1 55
6 Келтірілген қалыңдығы 53 см қырлы 1350 1,1 1485
панельдерден
Барлығы 2650 3080
Б.Уақытша қардан Р=1000 нм
7 Ұзақ мерзімді 30% 150 1,4 210
8 Қысқа мерзімді 70% 350 1,4 490
Барлығы РН=1000 Р=1400
Барлығы (qH+ qР) 3150 3780
Сурет 1 – Көлденең раманың конструктивтік сұлбасы
Сурет 3 – Көлденең раманың есептік сұлбасы
2.3 Көлденең раманың статикалық есебі
Арқалықтың ұстынмен-топсалы, ұстынмен іргетастың қатаң бекітілген
байланысын қабылдаймыз.
Бір аралықты көлденең раманы есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер
Кесте 5
№ Бастапқы мәндер Белгіленуі, Мәні
өлшемі
1. Фамилиясы және вариант номері – 01166
2. Шеткі ұстынның кран үсті бөлігінің hBK, (м) 0,4
қимасының биіктігі
3. Шеткі ұстынның кран асты бөлігінің hHK, (м) 0,4
биіктігі
4. Шеткі ұстынның кран үсті бөлігінің HBK, (м) 7,2
қимасының биіктігі
5. Шеткі ұстынның кран асты бөлігінің HHK, (м) 0,000001
биіктігі
Шеткі ұстынның қимасының ені bK, (м) 0,4
Ұстын бетонының серпімділік модулі Eb, (МПа) 27000
Жабын және шатырдан түсетін есептік q, (кНм2) 3
жүк
Арқалық салмағы GP, (кг) 12100
Қар салмағы S0, (кгм2) 500
Жел жылдамдығы q0, (кгм2) 48
Кран жүккөтергіштігі Q, (т) 32
Кран дөңгелегінің максималды қысымы Fn, max, (кН) 235
Кран дөңгелегінің минималды қысымы Fn, min, (кН) 108,5
Ұстын қадамы а, (м) 6
Ғимарат аралығы l, (м) 18
Сыртқы қоршағыш қабырғаның биіктігі Hl, (м) 9,0
Краны бар ғимарат бөлігінің ( hОС, (м) 3,6
әйнектелген биіктігінің қосындысы
Краны бар ғимарат бөлігінің ( hСТ, (м) 5,4
қабырғаларының биіктігінің қосындысы
Бір аралықты раманың статикалық есебінің нәтижесінде шеткі ұстынның 1-
1 және 2-2 қималарында біз келесідей мәндеріне ие болдық
Кесте 6
№ КС Шеткі ұстынның қималарында пайда болатын ішкі күштер
1 – 1 2 – 2
M N M N Q
1 1 1 -8,6 215,9 4,3 245,4 1,8
2 2 1 -6,8 169,1 3,4 169,1 1,4
3 0,9 -6,1 152,2 3 152,2 1,3
3 14 1 0 0 47,7 0 11,7
15 0,9 0 0 42,5 0 10,6
4 16 1 0 0 43,8 0 9,3
17 0,9 0 0 39,4 0 -8,4
где 1 – тұрақты; 2 – қар; 3 – жел-сол жағынан;
4 – жел оң жағынан.
кесте 7
Үйлесімділік Ішкі күш үйлесімі Қима
коэф.
1–1 2–2
0,9 жүктелуі 1 1+3+15
Mmax 49,2
Nсоот 397,6
Qсоот 13,7
жүктелуі 1+3 1+17
Mmin -35,1
Nсоот 245,4
Qсоот -6,6
жүктелуі 1+3 1+3
Nmax 397,6
Mmax 7,3
Qсоот 3,1
1 жүктелуі 1 1+2+14
Mmax 55
Nсоот 414,5
Qсоот 14,9
жүктелуі 1+2 1+16
Mmin -15,4 -39,5
Nсоот 385 245,4
Qсоот 3,1 11,1
жүктелуі 1+2 1+2
Nmax 385 414,5
Mmax -15,4 7,9
Qсоот 3,1 3,1
2.4 Ұстынды есептеу
Жобалауға қажетті мәлімет
Шеткі ұстынның шифрі – К8
Ұстын қимасының геометриялың өлшемі
- ұстын қимасының биіктігі – h = 0,4 м;
- ұстын қимасының ені – b = 0,4 м;
- ұстын биіктігі Н = 8,1 м.
Ұстын бетонының класы – В25
Арматура класы АIII.
Ең үлкен ию моментінің мәніне байланысты жұмысшы арматураның қажетті
ауданын анықтаймыз.
Шеткі ұстынның ішкі күштері:
М = 55 кН(м; N = 414,5 кН; Q = 14,9 кН.
Ұстын қимасы b x h = 400 х 400 мм.
Ұстынның ұзындығы:
Нр = 7,2 + 0,15 = 7,35 м;
Ұстынның есептік ұзындығы: l0= μ ( Нр = 1,5 ( 7,35 = 11,025 м;
Ұстынның көлденең қимасының минималды жұмысшы биіктігі:
h0 = h – a = 400 – 50 = 350 мм.
Инерция радиусы: мм
, сондықтан:
Есептік эксцентриситет: ; м
; кН(м
; кН
Моменттер мәндері:
; кН(м
; кН(м
Ұстының ұзақ мерзімді жүктер әсерінен иілгіштігін ескеретін
коэффициент:
; ауыр бетон үшін
Ұстынның қимасында иілу моментінің әсерін ескеретін коэффициент:
; ;
;
қабылдаймыз ;
Орнықтылықты жоғалқанда ұстынның шектік күші:
,
где ; ; ; м4
; м4
кН
N = 414,5 кН Ncr = 2009,3 кН.
Ұстынның иілуін ескеретін коэффициент:
;
Центрден тыс сығылған ұстынның арматурасының қажетті ауданын
анықтаймыз:
- м
; ; (
-сығылған аймақтың салыстырмалы биіктігі:
; , мұнда арматура класы А- III үшін МПа.
; м
-сығылу аймағының жағдайын анықтаймыз:
;
;
(
м2
μ = As ( 2 (b (ho) = 0,00011 ( 2 (0,4 ( 0,35) = 0,0016 м2
i = 0,289 ( h = 0,289 ( 0,4 = 0,116; l0 i = 11,0250,116 = 95;
μ = 0,004 деп қабылдаймыз;
мм2
As = 5602 = 280 мм2; μ = 0,0038 μmin = 0,004
2 ( 16 A–III c AS = AS’= 4,02 ( 10 –4 м2 арматурасын қабылдаймыз
μ = As ( 2 (b (ho) = 0,000402 ( 2 (0,4 ( 0,35) = 0,0057 м2
Беріктікке тексерудің қажеті жоқ, себебі арматура M және N ішкі
күштерінің ең үлкен мәндеріне сәйкес қабылданды.
Сурет 3 – Ұстын қимасын компоновкалау
а – шеткі ұстын; б- ортанғы ұстын
2.4.1 Ортанғы ұстынын конструкциялау
Ұстынды ұзына бойымен КР1 қаңқасымен арматуралаймыз.
Көлденең арматура димаетрін пісіру шартына байланысты анықтаймыз:
( қабылдаймыз dw = 5 мм;
Конструктивтік талаптарына сай көлденең арматуралар қадамы:
S1 ( 20 ( ds = 20 ( 16 = 320 мм, қабылдаймыз S = 300 мм
КР1 жазық қаңқа ұзындығы :
l=Lк – 30 = 8100 – 30 = 8070 мм –ге тең.
Қаңқадан көлденең арматураға дейін арақашықтық төмендегі шарттарға
байланысты қабылданады:
b ( 230+S1; b ( 230 + 300 = 530 мм, қабылдаймыз b = 480 мм.
Ұстынның басы С1 торымен (саны 4) арматураланады С1.
2.5 Іргетасты есептеу
Ұстын астындағы іргетасты қарастырамыз. Ұстын қимасы 60х50см.
Іргетастың қойылу тереңдңігі h=1,95м. Іргетас табанының астында құмды
дайындық қарастырған. Бетон маркасы В-15. Топырақтың есептік қарсылығы
, ,
Есептік күшті сенімділік кэффициенттің орташаланған мәніне γ4=1,15
болу арқылы күштің нормативтік мәнін табамыз.
Стакан типтес іргетас табанының геометриялық өлшемдерін анықтаймыз.
Барлық өлшемдерін 0,3-ке бөлінетін етіп қабылдаймыз.
;
Алдын ала алынған іргетас аудандары мына формуламен анықталады.
Мұнда: R0- топырақтың есептік қарсылығы
γ- топырақпен іргетастың көлемдің салмағы
h- іргетастың алдын ала алынған биіктігі.
1,05- моментті ескеретін коэффициент.
Қабылдаймыз:
а=1.3 м ; в=1.3 м
Іргетас табанының нақты ауданы:
Іргетас конструкцияларын есептеу.
Топырақ қарсылағын табамыз:
Іргетастың жұмысшы биіктігін оны беріктікке есептегеннен анықтаймыз.
см
см
см
Алдын ала қабылданған биіктігін табылған биіктікпен салыстырып үлкенін
қабылдаймыз
а=1.3 м ; в=1.3 м
а=1.05 м ; в=1.05 м
Іргетастың арматурасын таңдау
Майысуға есептеу жүргізіп іргетас арматураларын таңдаймыз. Топырақ
реакцияларын анықтаймыз:
Мұнда
кН
=123,48 кН
Арматураның қажетті ауданын анықтаймыз:
м; м;
см²
см²
Осы аудандар арқылы арматура диаметрлелі мен санын анықтаймыз. Қиманың
кіші жағына паралель жатқан арматураны есептейміз:
=64,68 кН·м
кН
Есептік ию моментін анықтаймыз
=
=150,65 кН
=454,98 кН·м
=118,95 кН·м
=
Сур. 5 Іргетасты есептеуге
см²
Іргетастың табанының барлық ұзындығына жұмысшы 13Ǿ12 АII арматурасын
таңдаймыз, А=65,82 адымы 100мм, ал ені бойынша 13Ǿ12 АII, =65,64
Қабылдаймыз 12(18 А-II c ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz